КөККе өрле, КөК байрағым!



жүктеу 1.29 Mb.

бет1/14
Дата09.09.2017
өлшемі1.29 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

КөККе өрле, 

КөК байрағым!

www.z-taraz.kz



 №22 (1362) 31 мамыр

 

2017 жыл, сәрсенбі



Тараздан «ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесіне баратын мүмкіндігі 

шектеулі балаларға барлық жағдай жасалады.



10 Күн қалды

КеңеС беріліП, 

қОлдау КөрСеТілді

Мейірімі мол жүрек 

пен теңдессіз тілектің 

жемісі – бала. ең қызық 

уақыт – сәбиіңмен 

өткізген сәулелі сәттер. 

Маңдайын күнге, 

табанын гүлге сүйдіріп, 

құшағыңда құндақтап 

өсірген періштеңнің қаз-

қаз басқан әр қадамы 

құтты, әр айтқан сөзі 

ұтымды, беделі асқар 

шыңдай биік болса 

дейсің. Сәби жүректің 

шуақты шағын толайым 

тілекке, ізгі ниет пен 

шексіз ықыласқа 

толтырып, ақ бесігіне ақ 

сезіміңді құйып өсіргің 

келеді.

«баланы бұзуға, 



түзеуге себеп болатын 

бір шарт – жас күнінде 

көрген өнеге» деген 

екен танымал жазушы 

Жүсіпбек аймауытов. 

Иә, бойыңа жиған ұят 

пен иман, абырой мен 

ақыл ұрпағыңа берілері 

хақ. Ұрпағым бақытты 

болсын десең, балаға 

жылылық сыйла, жақсы 

көр. бала – бақыттың 

көшірмесі!

КөлеңКелі КәСіПТің 

бәСі ҰзарМайды

 

„



Көз ұшынан көрінген көкжиек сондай тұнық, сондай нұрлы. Көгілдір аспанның астында көтерген көгілдір 

Туымыз айбарлы һәм асқақ. Гимн көкте шарықтай түссе, қыран құс та қалықтай береді. биіктей түс, көк 

байрағым!

 

4-бет

 

13-бет

 

11-бет



КөККе өрле, 

КөК байрағым!

Құрметті Қала тұрғындары және 

мекеме басшылары!

 

   Ағымдағы жылдың 3 маусымы сенбі күні, сағат 

9.00-де Экологтар күніне орай «Мамыр» саябағы, 

«Зербұлақ»  демалыс  орны,  Талас  өзенінің 

жағалауларында «Эко-сақшы» акциясы аясын-

да өтетін тазалық, көріктендіру жалпыхалықтық 

сенбілігіне атсалысуға шақырамыз.  

Ұйымдастырушылар:

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы,

облыстық экология департаменті

 

14-бет



қала-қарбалаС

2

//   «ЖАМбыл - ТАрАЗ»  //  №22 (1362), 31 МАМыр 2017 Жыл  //



 

„

«достық үйі» ғимаратында облыс әкімі, облыстық қазақстан халқы 



ассамблеясының төрағасы Кәрім Көкрекбаевтың қатысуымен «рухани 

жаңғыру – жалпыұлттық  ұстаным» тақырыбында облыстық қазақстан халқы 

ассамблеясының XX сессиясы өтті. 

Арайлым ШАбденовА

Әуелі  «Достық  үйі»  фойесінде  этномәдени  бірлестіктер  

жастарының «ЭКСПО–2017» көрмесіне қойылатын жұмыстары 

мен  өнері  және  ғылыми  жаңалықтары  көпшілік  назарына 

ұсынылды. Сессияда облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев сөз сөйлеп, 

жыл ішінде жүзеге асқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы 

мақсаттың ауқымды екендігін атап көрсетті. 

барлық істің басында ардагерлер

 

„

республикалық ардагерлер ұйымының 30 жылдығына арналған облыстық 



ардагерлер кеңесінің мерейтойлық пленумына облыс әкімінің орынбасары ерқанат 

манжуов қатысты.

діңгегі – достық, 

туы – татулық

Мерей


Шынболат СеЙдУАЛИев

Бүгінде өңірдегі 116 252 зейнеткердің 88686-

сын өз қатарына біріктіріп отырған облыстық 

ардагерлер  кеңесіне  қарасты  10  аудандық,  4 

қалалық, 325 ауылдық, 315 бастауыш, цехтық 

ұйымдары  бар.  Ақпараттық-насихаттық  топ 

құрамындағы  қариялар  облыс  қалалары  мен 

ауылдық елді мекендер тұрғындарымен, еңбек 

ұжымдарымен өткізген кездесулерінде, дөңгелек 

үстел басындағы кеңестерде және басқа да формат-

та өткізілген іс-шараларда Елбасы мақаласында 

қозғалған мәселелерді алдағы уақытта Үкімет 

және жергілікті атқарушы билік тарапынан қолға 

алынатын ауқымды істердің барысынан мысалдар 

келтіре отырып түсіндіріп келеді.

Облыс аумағындағы ардагерлер ұйымының 

құрылу, қалыптасып, даму тарихына тоқталсақ, 

1987 жылдың 11 наурызын облыстық ардагер-

лер ұйымының құрылған күні деуге негіз бар. 

Дәл осы күні облыстық ардагерлер ұйымының 

алғашқы  құрылтай  конференциясы  болып 

өтті. Форумды өткізуге бас болған облыстық 

партия комитетінің хатшысы Әлмұхан Исақов 

пен облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы 

Әнуарбек Жүнісәлиев конференцияға әзірлік 

жұмыстарын жоғары дәрежеде ұйымдастыруды  

қамтамасыз етіп, құрылтайды мәнді-мағыналы 

өткізді. Облыстық ардагерлер кеңесінің алғашқы 

төрағасы болып бұрын аудандарда бірінші бас-

шы болған Кәми Аханов сайланған. Төралқа 

құрамына есімдері облыс жұртшылығына кеңінен 

танымал соғыс және еңбек ардагерлері Арыстан 

Өтеулин, Рахман Медеулов, Исраил Керімбаев, 

Өтеулі Досыбиев, Жапар Түйебеков, Сейілхан 

Аққозиев, Тілеуқабыл Төребеков секілді атпал 

азаматтар кірген. Сол кездегі астанамыз Алма-

ты қаласында өткен республика ардагерлерінің 

алғашқы  съезіне  облысымыздан  сайланған 

делегацияны облыстық партия комитеті насихат 

және үгіт бөлімінің меңгерушісі Жандар Кәрібаев 

бастап барыпты. Осылайша, республикамыздағы 

ардагерлер ұйымдары өзінің құрылған алғашқы 

күнінен  бастап,  шын  мәнінде,  елдің  бірлігі 

мен  ынтымағына,  экономика  мен  әлеуметтік 

дамуының жеделдеуіне, жастардың адамгершілік 

және патриоттық рухта тәрбиеленуіне қызмет 

жасайтын біртұтас қозғалысқа айналды.

Жамбыл  облыстық  драма  театрын-

да  өткен  алқалы  жиында  облыстық  ар-

дагерлер  кеңесінің  төрағасы  Еркінбек                                                                                                             

Солтыбаев  хабарлама  жасап,  ардагерлер 

ұйымының кешегісі мен бүгініне кеңінен тоқталып, 

әр  жылдары  ұйымның  дамуына  айрықша 

еңбегі  сіңген  Айтбай  Назарбеков,  Нәмелбек                                                                                                                     

Кемелбеков, Химан Яшев, Тұрсынхан Мүсірәлиев, 

Әкім Садықбеков, Ералы Дадабаев, Берікшал                                                                                                                  

Имашев,  Жақсылықбай  Тәжібаев,  Әмірбек 

Дәуренов,  Сабыр  Оразалиев,  Анатолий                                    

Гусаров, Халил Бейсеев, Берден Байқошқаров, 

Нұрдәулет Әлібекұлы, Тұйғынбек Темірбеков, 

Тұтқабай  Әбдірахимов,  Уәтай  Әлімқожаев,                   

Совет Ғалиақпаров, Лидия Ахметова, Жәнібек 

Майханов  секілді  бірқатар  тұлғалардың 

есімін  ерекше  атап  өтті.  Сондай-ақ  артына 

үлкен  мұра  қалдырған  Арғынбай  Бекбосын, 

Бақтияр  Әбілдаев,  Әлмұқан 

Исақ,  Әлдихан  Қалдыбаев 

сияқты белгілі қаламгерлердің 

есімдерін ұмытпайтындықтарын 

жеткізді.  Бұдан  өзге,  аймақ 

журналистикасының  абы-

аССаМблея

–  Елорда  төрінде  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

төрағалығымен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  кезекті 

ХХV  сессиясы  өткені  баршаңызға  белгілі.  «Жаңғырудың 

негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өткен бұл 

сессия  елдің  саяси-экономикалық,  мәдени-рухани  өмірінде 

Ассамблеяның  алатын  орны  ауқымды  екенін  көрсетті. 

Оның  қызметін  жаңа  сапалық  деңгейге  көтерді.  Елбасы  өз 

сөзінде: «Бірінші. «Туған жер» жобасы Ассамблея үшін зор 

мүмкіндіктерге  жол  ашып  береді.  Екінші.  «Қазақстанның 

100 жаңа есімі» жобасына Ассамблея тікелей қатысып, басы-

қасында  жүруі  керек.  Біздің  қаншама  замандастарымыз, 

қаншама Ассамблея белсенділері ел игілігі үшін риясыз қызмет 

етіп жүр. Ұлтына, қай өңірден екеніне қарамастан, біз олардың 

барлығын елге таныта білуіміз  керек» – деп атап өтті. Ассам-

блея алдына үлкен міндеттер қойды. Бірнеше маңызды жобаны 

іске асыруды тапсырды. Сондықтан бүгінгі мақсат – жүктелген 

міндеттерді жүйелі түрде жүзеге асыру жолдарын айқындау. 

Еліміздегі қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімділікті 

сақтап, ұлттық патриотизм, прагматизмді насихаттай отырып, 

ұлттық сананы жаңғырту – баршамыздың алдымызда тұрған 

басты міндет, – деді Кәрім Нәсбекұлы.

Облыс басшысы жиын барысында Тараз қаласы мен аудан 

әкімдеріне тарихи және әлеуметтік маңызы бар нысандарға 

мониторинг жасап, инфрақұрылымды дамытуды, өз саласы 

бойынша елеулі нәтижеге қол жеткізген еңбек адамдарын на-

сихаттап, ұрпаққа үлгі етуді, ал облыстық ҚХА-ға «Ұлы Дала 

тарихы» тарихи-мәдени экспедициясын қолға алуды тапсырды. 

Сондай-ақ басқосуда  «Золотой караван» туристік орталығы» 

ЖШС-нің  директоры  Альбина  Веймер  «ЭКСПО–2017» 

халықаралық көрмесі аясында облыстың тарихи-мәдени орын-

дарын насихаттау шаралары туралы айтса, Меркі ауданындағы 

«Бахор» шаруа қожалығының мүшесі, аудандық мәслихаттың 

депутаты  Бабыр  Хасанбаев  Елбасының  «Жалпыға  Ортақ 

Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласына 

басымдық берді.

Ал  Талас  ауданынан  келген  27  жастағы  көп  балалы  ана 

Ульяна Ким отбасылық құндылықтар төңірегінде ой өрбітті. 

Ананың аялы алақанын сезінбей өскен ол жетімдер үйінен 

бес бала асырап алған. Бүгінде 11 баланы бағып-қағып отыр. 

Осы орайда көп балалы ана көпшілікті бала тәрбиесіне үлкен 

жауапкершілікпен қарауға шақырды. Келесі кезекте Қордай 

ауданындағы  «Береке»  гуманитарлық-техникалық  колледжі 

директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары  Камиля 

Дургалова мемлекеттік жастар саясаты, аудандық этномәдени 

орталықтың  жұмысы  жөнінде,  ал  Талас  ауданына  қарасты 

Қасқабұлақ  ауылдық  округінің  әкімі  Сулхадин  Мұстафаев 

«100 нақты қадам»  Ұлт жоспарының 4-ші бағытының орын-

далуы, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау бойынша 

атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз қозғады. 

Сессияда «Жамбыл облыстық өзбек этномәдени бірлестігі» 

ҚБ төрағасы Бахром Муминов облыстық ҚХА төрағасының 

қоғамдық орынбасары болып тағайындалды. 

зы  Баттал  Жаңабаев,  қоғам  қайраткерлері, 

Парламент  Сенатының  депутаты  болған                                                                                                    

Жандар Кәрібаев пен Александр Савченконың 

және  Тараз  қалалық  ардагерлер  ұйымына 

жетекшілік жасап отырған Қазақстан Парламенті 

Мәжілісінің  бұрынғы  депутаты  Алдиярбек 

Түсіповтің облыста ардагерлер қозғалысының 

дамуына қосып жүрген үлестерін тілге тиек етті. 

– Ұлттық құндылықтарымызды қайта түлетуде 

және оны қазіргі жаһандану үдерісінде әлемдік 

қауымдастыққа танытуда дәтке қуат боларлық 

азды-көпті  ілгері  басушылық  қадамдар  да 

бар.  Міне  осы  тұрғыда,  еліміздің  Мәдениет 

министрлігінің мәліметтерінде келтірілгендей, 

қазақтың ұлттық ойындары, домбыра, қобыз, 

киіз үй, сырмақ жасау ерекшеліктері, ұлттық 

спорт түрлері мен құсбегілік салты және өзге де 

ұлттық дәстүрлерін ЮНЕСКО-ның «Әлемдік 

мұра» тізіміне енгізу әрекеттерін айтуға бо-

лады. Рухани құндылықтарды ұлықтап, қайта 

жаңғыртудағы мұндай қадамдар бүгінде ауылдық 

деңгейдегі қоғамымыздың төменгі буындарын-

да да қолға алынуда. Мәселен, еңбек ардагері 

Жапар Сатылғанов халқымыздың ежелден біте 

қайнасып, бірге жасасып келе жатқан құсбегілік 

өнерінің облыс, республика деңгейінде қайта 

жаңғыртылуына ықпал етсе, ардагер Аяз Бетбаев 

еліміздегі айтыс, терме өнерін жаңғыртушылардың 

көш басында жүрді. Облыста бұдан өзге де ұлттық 

құндылықтарды ұлағаттаушы азаматтар жетіп 

артылады, – деген Еркінбек Бейсенбекұлы аймақ 

ардагерлерінің Елбасының «Болашаққа бағдар: 

рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында жұмыс 

жасап жатқандықтарын мәлім етті. 

Жиында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімінің 

орынбасары  Ерқанат  Манжуов  қоғамдағы 

қариялардың  рөлі  туралы  айтып,  ардагерлер 

ұйымының жұмысына риза екендігін білдірді. 

Осынау ұйымның 30 жылдығын ескерген ол 

жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен ұйым 

жұмысы  одан  әрі  алға  басу  үшін  30  смарт-

фон алып беруге уәде етті. Сондай-ақ аймақ 

басшысының құттықтауын жеткізіп, бірқатар 

ардагерлерге Кәрім Көкрекбаевтың Алғыс хатын 

табыс етті. Шараға қатысқан Жамбыл облыстық 

мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақов, 

«Нұр  Отан»  партиясы  облыстық  филиалы 

төрағасының  бірінші  орынбасары  Мұратхан 

Шүкеев және республикалық ардагерлер ұйымы 

орталық кеңесінің мүшесі Амангелді Момышев 

сөз тізгіндеп, ұйым жұмысы туралы пікірлерін 

білдірді. Сондай-ақ олар өздері басшылық ететін 

мекеме атынан белсенді ардагерлерге Алғыс хат-

тар мен төсбелгілер табыс етіп, құрмет көрсетті. 

достығымыз жарасқан.   

лайықты құрмет.   



//   «ЖАМбыл - ТАрАЗ»  // №22 (1362), 31 МАМыр  2017 Жыл  //

3

қала-қарбалаС



МереКе

сәт сапар, жас түлеК!

 

„

25 мамырда шаһардағы мектеп түлектерінің 



баршасы бала шақтан болашаққа жолдама алып

мектептерде соңғы қоңырау соғылды.

Шынболат СеЙдУАЛИев

Осындай шараның бірі Жамбыл атындағы 

№5 мектеп-гимназиясында өтті. 1934 жылы 79 

оқушы, 6 мұғаліммен ашылған шағын мектеп 

бүгінгі күні қаланың ғана емес, аймақтағы айтулы 

оқу ордасының бірі саналады. Қазіргі таңда 138 

мұғалім 2 мыңнан аса оқушыны білім нәрімен 

сусындатып отыр. Өзінің 82-ші соңғы қоңырауын 

сыңғырлатқан білім ошағын осы күнге дейін 

8 мыңға жуық түлек бітіріп шыққан. Олардың 

қатарында 70-тен аса ғылым докторлары мен 

кандидаттары, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лау-

реаттары бар. Мәселен, қара шаңыраққа айналған 

мектепте мемлекет және қоғам қайраткерлері 

Шерхан Мұртаза, Қаратай Тұрысов, Өмірбек 

Байгелді,  Мырзатай  Жолдасбеков,  Бектас                                                                                                         

Бекназаровтар  оқыған.  Осындай  атпал 

түлектерімен  мақтанатын  Жамбыл  мектебін 

биылғы жылы 86 түлек бітіріп отыр. Олардың 

үшеуі «Алтын белгі», төртеуі «Үздік аттестат» 

үміткерлері. 

аттандық сапарға, көңілде мол арман...

СОңғы қОңырау

аТаулы КҮН

әлеуеті артып отыр

 

„

қалалық мәдениет үйінде химия 



өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби 

мерекесі аталып өтіп, жемісті 

еңбек еткен сала мамандары 

марапатталды.  

Сейділдә ТӨРен

Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары 

Ғалымжан Абдраимов, қала әкімі Рүстем Дәулет, 

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық фили-

алы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан 

Шүкеев пен «Казфосфат» ЖШС-нің басшылары 

мен қызметкерлері қатысты. Шараның кіріспе сөзін 

сөйлеген аталған серіктестіктің басқарма төрағасы 

Мақсұтбек  Есенов  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 

сарабдал саясатының арқасында кәсіпорын жыл 

сайын өнім көлемін ұлғайтып келе жатқандығын 

тілге тиек етті. Мәселен, соңғы бір жыл ішінде 

70  млрд  теңгенің  өнімін  өндірген  болса,  оның 

15 млрд теңгесі инвестиция негізінде іске асқан 

екен.  Сондай-ақ  «Казфосфат»  ЖШС-нің  бас 

директоры  Мұқаш  Ескендіров  химия  саласы 

қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, алда 

көп жоспарлар бар екендігін және оларды бірлесіп 

іске асыратындығына сенім білдірді. Салтанатты 

шарада  облыс  әкімінің  орынбасары  Ғалымжан   

Абдраимов құттықтау сөз сөйлеп, химия саласының 

қызметкерлеріне  мемлекетіміздің  және  өңірдің 

саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуына қосып 

жатқан үлестері үшін ықыласын білдірді. 

– Бүгінде «Казфосфат» ЖШС өздерінің өндіріп 

жатқан өнімдерін 27 мемлекетке жөнелтуде. Олардың 

шығарып жатқан өнімдері облыс өндірісінің 22 пай-

ызын құраса, ол өнімдерінің 78 пайызы шетелге 

экспортталуда. Бұл – жақсы көрсеткіш. Қазіргі 

таңда серіктестік нитроаммафос, тамақ трифосфат 

натрий, фосфор қышқылы, әктас және сары фосфор 

шығарып отыр. Осы жұмыстардың арқасында жаңа 

инновациялық жобалар мен бәсекеге қабілетті өнім 

өндіріп, әлеуеті артып келеді, – деген Ғалымжан 

Райұлы кәсіпорын жұмысының өңір дамуына қосып 

жатқан үлесіне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ ол 

серіктестіктің бірқатар қызметкерлеріне Жамбыл 

облысының әкімі Кәрім Көкрекбаевтың Құрмет 

грамотасын табыс етті. 

Салтанатты шарада облыс орталығының басшысы 

Рүстем Дәулет те сөз тізгіндеп, химия өндірісінің 

қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, 

оларды Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар 

ҚР  Премьер-министрі  кеңсесі  меңгерушісінің 

өндірістік және инфрақұрылым салалары бойынша 

орынбасары Ғазиз Шыналиев, «Нұр Отан» партиясы 

Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші 

орынбасары Мұратхан Шүкеев,  «Жамбыл облыстық 

кәсіптік одақтары кеңесі» қоғамдық бірлестігінің 

төрайымы Бақыт Сапарбаева, облыс бойынша іскер 

әйелдер  қауымдастығының  төрайымы  Гүлдара 

Нұрымова  сала  қызметкерлеріне  жүрекжарды 

лебіздерін жеткізді. 

Химиктердің салтанатты жиынында бірқатар 

жұмысшылар  ҚР  Инвестициялар  және  даму 

министрлігінің шешімімен «Еңбек ардагері», «Химия 

өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгілеріне ие бо-

лып, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының, 

Тараз қалалық мәслихатының, Жамбыл облысы 

бойынша іскер әйелдер қауымдастығының және 

аймақтық кәсіптік одағы кеңесінің Құрмет грамо-

таларымен марапатталды.   



 

„

төле би атындағы №8 гимназияда 



«сыңғырла, соңғы қоңырау» атты мектеп 

бітірушілерідің салтанатты кеші өтіп, оған тараз 

қалалық мәслихатының хатшысы батырбек 

құлекеев қатысты. 

Толғанай АТАбАЙ

Биыл мектеп қабырғасынан 73 оқушы түлегелі отыр. Арман жолына 

бағыт алған кеште Мемлекеттік Гимн шырқалған соң, мектеп директоры 

Бибіхадиша Шымырова бітіруші түлектерге ізгі тілегін жеткізді. 

– Құрметті түлектер! Бүгін сендер үшін ерекше мейрам. Еліміздің 

түкпір-түкпірінде мыңдаған жастарымыз алтын ұя мектебімен қоштасып, 

үлкен жолға қадам басқалы тұр. Өмір мектебіне жолдама алғалы отырған 

жас  түлектердің  төртеуі  «Алтын  белгіге»,  екеуі  «Үздік  аттестатқа» 

үміткерлер. Гимназияның оқушылары біліммен қатар, барлық деңгейдегі 

бәсекелерге қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Әрине, 

мұнда ұстаздың да еңбегі бар. Алдағы үлкен сын – мемлекеттік қорытынды 

аттестаттау мен ҰБТ-ны абыроймен тапсырып, жоғары оқу орындарының 

грант иегерлері атанып, ел тізгінін ұстайтын азамат болыңдар, – деген 

мектеп басшысы Бибіхадиша Әзімқызы оқу жылында үздік шығып, түрлі 

деңгейдегі бәсекелерде топ жарған оқушылар мен  ұстаздар қауымын ма-

рапаттады. Сондай-ақ мерекелік жиында қалалық мәслихаттың хатшысы 

Батырбек Құлекеев түлектерге жүрекжарды лебізін білдірді.

қияға қанат қағып...    

Марапат төрінде.   

Аталған  мектептің  «Соңғы  қоңырау» 

жиынына  қала  әкімі  Рүстем  Дәулет,  қала 

әкімдігі білім бөлімінің басшысы Мүбәрак 

Жинақбаева, қалалық деңгейдегі қоғамдық 

кеңестің  төрағасы  Қаржаубай  Бекболатов, 

ардагер  ұстаздар  мен  ата-аналар  қатысты. 

Салтанатты шарада шаһар басшысы Рүстем 

Дәулет үлкен өмірге қадам басқалы тұрған 

түлектерге сәттілік тілеп, мемлекеттік емтихан 

мен ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсететіндеріне 

сенім білдірді.

– Білім – қазіргі қоғамымыздағы мемлекет 

дамуының басты күші. Ғылым мен білімсіз 

елдің болашағын елестету мүмкін емес. Осы 

орайда Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Білімді ұрпақ– 

ұлт болашағы» деп текке айтпаса керек-ті. 

Мемлекет  басшысы  осы  салаға  тиянақты 

көңіл бөлуінің арқасында қаламыздың өзінде 

бюджеттен 20 миллиардқа жуық қаражат білім 

саласына жұмсалып келеді. Сондай-ақ шаһарда 

мектептер  бой  көтеруде.  Биылдың  өзінде 

«Салтанат» мөлтек ауданында 1000 орындық, 

«Бәйтерек» мөлтек ауданында 1200 орындық, 

«Шөлдала» алқабында 900 орындық білім 

ошақтарының құрылысы қарқынды жүріп жа-

тыр. Сонымен қатар орын тапшылығы сезіліп 

жатқан №24 мектепке қосымша ғимарат салыну 

үстінде. Қымбатты түлектер! Сіздер осында 

11  жыл  ұстаздардан  сапалы  білім,  саналы 

тәрбие алып, өмірдің үлкен көшіне аяқ басқалы 

тұрсыздар.  Мектеп  қабырғасынан  алған 

білімдеріңіз бен таңдаған мамандықтарыңыз 

келешек өмірдің кілті іспеттес. Мамандықтың 

барлығы жақсы, бірақ білікті маман бола білу 

қажет. Биылғы жылы ҰБТ-ның өткізілу фор-

маты жылдағыдан өзгеше. Осынау сынақтан 

сүрінбей өтетіндіктеріңізге сенімдімін, – деді 

Рүстем Рысбайұлы. Сондай-ақ мектеп-гим-

назия директоры Салтанат Төлеу сөз алып, 

биылғы оқу жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 

мен білім берудің жаңартылған мазмұнына 

көшумен ерекшеленгендігін айтып, ең бірінші 

міндет бойында «Мәңгілік Ел» құндылықтары 

бар,  заманауи  білімді  игерген  жастарды 

тәрбиелеу екендігін жеткізді. 

Салтанатты шарада мектеп қабырғасынан 

қанат  қағып  ұшқалы  тұрған  11-сынып 

түлектеріне  1-сынып  оқушылары  ақжарма 

тілектерін арнады. Ал мектеп түлектері өздерінің 

іздерін басып келе жатқан іні-қарындастарын 

білімді болуға шақырып, Аманат хатын табыс 

етті. Сондай-ақ мектеп түлектерінің атынан 

Қасиет Карекина сапалы білім мен саналы 

тәрбие берген ұлағатты ұстаздарына шексіз 

алғысын жеткізіп, өздеріне артылып отырған 

сенімді ақтайтындарын жеткізді. Сонан соң 

дәстүрге  сай  әуезді  ән  ырғағына  түлектер 

тербетіле вальс биледі. Жүректі тебірентерлік 

сәт  олар  үшін  қоңырау  үні  «соңғы»  рет 

сыңғырлады. Осылайша, әсерлі өткен салта-

натты шара 11-сынып оқушыларының «соңғы 

сабақ» өтуімен қорытындыланды.    

–  Аталмыш  білім  ордасы  қаладағы  сапасы  жағынан  жоғары, 

беделі  биік  ошақ.  Сендер  елу  жылдық  тарихы  бар  дана  бидің 

атын еншілеген мектептен түлегелі тұрсыңдар. Өткен жылғы ҰБТ 

қорытындысы  бойынша  бұл  мектеп  облыс  бойынша  алтыншы 

орынға шықты. Бұл деген жақсы көрсеткіш. Тарыдай болып ен-

ген мектептеріңнен таудай болып, алдарыңда тұрған қияға қанат 

қағасыңдар.  Енді  санаулы  күндерден  соң,  11  жыл  бойы  жиған 

білімдеріңнің нәтижесін ұлттық тестілеу арқылы көрсетіп, мектептің 

абыройын одан ары арттыра түсіңдер, келер шақтарыңа тек сәттілік, 

– деді Батырбек Әбдірәсілұлы. Ал партия өкілі Айнұр Шайзханқызы 

Елбасының  бағдарламалық  мақаласында  ұлттық  кодты  сақтай 

отырып, барлық жағынан бәсекеге қабілетті болу керектігін айтып, 

«Нұр Арман» арнайы партиялық жобасының шет мемлекеттерге 

түскен мектеп бітіруші үшін тиімді тұстары барын ортаға салды. 

Әр оқушы үшін мектепке алғаш келген кезде қолынан жетектеген 

жанның ыстық екені даусыз. Шарада мектеп түлектерінің алғашқы 

ұстаздары атынан Айзада Іргебаева сөз алып, шәкірттеріне жылы 

лебізін жолдады. Сонымен қатар мектеп мақтаныштары  Төле би 

ескерткішіне гүл шоқтарын қойса, енді бірі ұстаз туралы жүрек 

түкпіріндегі әнін жолдады. Думанды  кештің басты символына 

айналған қоңырау соғу салтанаты мектеп түлегі Ақәділ Мақсатбек 

пен 1-сыныптың үздік оқушысы Элизат Ақылбековаға бұйырды. 

Бітірушілер ортаға шығып қоштасу вальсін билеп, арман-тілектер 

жазылған шарлар мен ақ көгершін құсын көкке ұшырды. Иә, арма-

ны мен қиялы тоғысқан бітірушілер үшін алда әлі талай сынақтар 

күтуде. Бұл күні болашаққа бағыт алған түлектерге жүрекжарды 

тілектердің тиегі ағытылды. 




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал