Көңілінде, халықтың жүрегінде



жүктеу 1.23 Mb.

бет2/12
Дата14.01.2017
өлшемі1.23 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

М.ƏЖМАХАНҰЛЫ.

БҮКІЛƏЛЕМДІК ПОШТА МЕРЕКЕСІ

Игі шара

Осыған орай 9 қазанға белгіленген «Дүниежүзілік 

пошта  қызметкерлерінің  күні» «Қазпошта»  АҚ 

облыстық  филиалының  ғимаратында  мерекеленді. 

Оған  республикалық  жəне  жергілікті  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  өкілдері  қатысып,  газет 

көрмесін өткізді. Алғаш болып сөз алған «Қазпошта» 

АҚ  облыстық  филиалы  директорының  міндетін 

атқарушы  Арысбек  Сүлейменов  газет-журналдың 

қоғам  өміріндегі  ерекшелігіне  тоқталды.  Сонымен 

қатар  облыстық  «Ақ  жол»  газеті  бас  редакторының 

бірінші  орынбасары  Ақылжан  Мамыт,  облыстық 

«Арай»  газетінің  мəдениет  жəне  өнер  бөлімінің 

меңгерушісі  Хамит  Есаман,  қалалық  «Жамбыл-

Тараз»  газетінің  директор-бас  редакторы  Эльмира 

Мырза-Ғали,  облыстық  «Ғұмыр-дария»  газетінің  бас 

редакторы Жаңабай Миллионов, облыстық «Қарахан» 

журналының  бас  редакторы  Сəмен  Құлбарақ  сөз 

алып,  пошта  қызметкерлерін  құттықтады.  Облыстық 

«Арай» жастар газетінің директор-бас редакторының 

Алғыс 

хаты 


пошта 

қызметкерлері 

Жамбыл 

Убедалиев 



пен 

Махаббат 

Мұхамбетжановаға 

тапсырылды.  Сондай-ақ,  олар  редакция  атынан 

бағалы  сыйлықтармен  марапатталды.  Мереке  соңы 

«Қазпошта» өнерпаздарының концертіне ұласты. 



А.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ.

Қазақ  ұлтының  тарихында  пошта  қызметінің 

алатын  орны  ерекше.  Қазақ  əдебиетіндегі 

пошташы  шалдың  бейнесі,  поштаның  хатын 

күтіп  сарғайған  бала  бейнесі  əлі  күнге  дейін 

оқырманның  есінде.  Алыстағы  ағайынмен 

қауыштырып, 

амандық-саулық 

сұрастыруда 

да  поштаның  орны  алабөтен.  Оқырманның 

қолына  газет-журналын  уақытында  тигізу  де 

пошташылардың  еңбегінің  нəтижесі.  Бір  сөзбен 

айтқанда,  пошта  қызметкерлерінің  еңбегі  атап 

өтуге тұрарлық дүние.

Келешекке кемел жол

Жолдауға қолдау

Елбасымыз 

Н.Назарбаевтың жариялаған 

«Қазақстан-2050» 

Стратегиясы – келешектің 

жаңа саяси бағыт, 

мақсатының түп-төркінін 

білдіретін бірден-бір 

құжат. Мемлекет басшысы 

«мықты мемлекет күнкөріс 

саясатымен емес, жоспарлау 

саясатымен, ұзақмерзімді 

дамумен жəне экономикалық 

өсумен айналысатындығын» 

нық сеніммен мəлімдеді. 

Бұл тарихи құжаттың жүзеге 

асырылу механизмдері де 

көрсетілді.

Жолдауда Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти 

отырып,  тəуелсіз  Қазақстанымызды  дамытуда,  əрбір  қазақстандықтың, 

əрбір отбасының, жастардың жəне келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың 

нақты  жолдарын  ұсынды.  Бұл  жолдағы  негізгі  бағдарымыз – «Қазақстан 

– 2050» Стратегиясын    орындаудың  жеті  бес  жылдық  кезеңді  қамтитын 

маңызды міндеттерін атап көрсетті. Əр кезең сайын экономиканың жаңа 

белестерін  бағындыру  əрбір  бес  жылдықтың  нақты  нəтижесі  болып 

табылады. Əсіресе, индустриялық-инновациялық даму, шағын жəне орта 

бизнесті  дамыту,  агроөнеркəсіптік  кешен,  білім-ғылым  салалары  осы 

Жолдаудың ең салмақты тұстары екені сөзсіз. Ал, ең бастысы, еліміздің 

рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы 

жарияланды. «Мəңгілік  Ел»  идеясы – елімізді  өз  мақсатына  талай  дəуір 

сынынан  сүріндірмей  өткізетін  тұғырлы  идея.  Осының  барлығы  əлем 

бойынша  дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. 

Мадина НҰРЖІГІТОВА, Тараз қалалық 

Əділет басқармасының бас маманы.

ДƏРМЕНСІЗДЕРГЕ ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫ ДЕМЕУ БОЛАДЫ

Қамқорлық

Облыстық  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  жəне 

əлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жамбыл 

облыстық  қиын  өмірлік  жағдайға  түскен  əйелдерге 

арналған 

дағдарыс 

орталығы 

коммуналдық 

мемлекеттік  мекемесі  ретінде  25 төсек  орынмен 

ашылды. Оның 20-сы ересектерге, ал 5-і балаларға 

арналған. 

Жаңа  нысанның  ашылуында  облыс  əкімінің 

орынбасары Ерқанат Манжуов:

–  Біз  əрдайым  ана  мен  баланы  сыйлап  өткен 

халықпыз.  Адамзат  баласы  үшін  əйелдің  орны 

биікте.  Дегенмен,  қоғам  болған  соң  осындай  асыл 

жандардың қиын жағдайларға тап болатын сəттері 

жиі  кездеседі.  Өкініштісі,  тұрмыстық  зорлық-

зомбылықтың құрбаны көп жағдайда ана мен бала 

болып  жатады.  Бір  ғана  Тараз  қаласы  бойынша 

үстіміздегі  жылдың 8 айында 818 азаматша 

отбасының осындай қиын жағдайына ұшыраған. Бұл 

өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 

119-ға  артық.  Осындай  жағдайға  душар  болатын 

аналарымызға  психологиялық,  құқықтық  көмек 

көрсететін  орталықты  бүгін  ашып  отырмыз. 

Бұл мемлекет тарапынан халыққа жасалған үлкен 

қамқорлық, – деп  жаңа  мекеменің  қызметкерлеріне 

сəттілік,  барлық  отбасыларға  татулық,  бақыт  тіледі. 

Өз  кезегінде  сөз  алған  облыстық  ардагер  əйелдер 

клубының төрайымы Хатира Аққұлиева:



– Өткенімізді оймен шолсақ, осыдан 15-20 жыл 

бұрын біздің жағдайымыз қандай болып еді? Басқаға 

көмектеспек  тұрмақ,  өз  бала-шағамызды  əзер 

бағатын  күнді  де  бастан  өткергенбіз.  Аналарға, 

нəзік  жандыларға  қиындыққа  кезіккенде  қолдау 

білдіретін  осындай  жақсы  пана  ашып  отырған 

Үкіметімізге,  Елбасына,  жергілікті  билікке  үлкен 

алғысымды  білдіре  отырып,  еліміздің  көші  осы 

ізгі  жолынан  танбай  өркениетке  өрлей  бергей 

деп  аналық  ақ  тілегімді  айтамын.  Бұл  орталыққа 

келген 

келіншектер 

уақытша 

қиындықты 

еңсеріп, 

осындағы 

мамандардың 

көмегімен 

өз  отбасына  қайта  оралсын!  Осындай  үйлер 

аудан  орталықтарынан  да  ашылса  екен  деген 

ұсынысымды да жеткізгім келеді, – деп орынды ой 

тастады. 

Расында, 

тұрмыстық 

зорлық-зомбылыққа 

көбіне  ауылдардағы  келіншектер  жиі  кезігеді.  Бірақ, 

олар  намысқа  тырысып,  балалардың  қамы  үшін  өз 

бақытын құрбан етуге барады. Ауыл ішінде араздық 

туғызбау  үшін  небір  қорлыққа  көндігеді.  Сондықтан 

мұндай  дағдарыс  орталықтары  аудандарға  да  аса 

қажет екені сөзсіз. 

Қ. РАХМЕТУЛЛИНА.

Қоғамның қынжылтар 

қалтарысты сəттері көп. 

Əсіресе, отбасындағы 

кикілжің тікелей қоғамға теріс 

əсерін тигізбей қалмайды. 

Жұбайлардың жанжалынан 

арадағы балалар көп зардап 

шегеді. Жəне жаны нəзік 

əйел адам күйеуінен көрген 

əлімжеттіктен күйзеліске 

ұшырап, төркініне қайтып 

баруға намыстанып, барар 

жер таппай дəрменсіз күйде, 

дағдарысқа ұшырайды. Міне, 

осындай дəрменсіздерге 

демеу болар дағдарыс 

орталығы біздің қоғамға 

қажеттігін айтқалы көп болып 

еді. Көптен күткен игі іс те 

жергілікті билік тарапынан 

қолдауға ие болып, оң 

шешімін тапты. 

ТҰҒЫРЫ БИІК ТҰЛҒА

Мерейтой

Жамбыл өңірінің дамуына, өркендеуіне үлес қосқан азаматтар 

аз емес. Əулиеата топырағына əр буынның маңдай тері сіңді, еңбегі 

өтті. Тарих қойнауынан сыр тартып, шежіре ақтарған шақта есімізге 

облыста  қызмет  етіп,  абырой  биігіне  көтерілген  елеулі  тұлғалар 

түседі. Ұлы даланың айтулы өлкесін гүлдендіруге, түрлентуге олар 

өмірінің сəулелі сəттерін арнады. Жастарға қамқор бола жүріп, үлгі 

өнегесін де көрсетті. Сондай жанның бірі көрнекті қоғам қайраткері 

Ғайникен Бибатырова. 

Облыстық  партия  комитетінің  идеология  жөніндегі  хатшысы 

қызметін  атқарған  Ғайникен  Бибатырова  биыл 80 жасқа  толды. 

Аймақтың рухани-мəдени тұрғыда дамуына айтарлықтай үлес қосқан 

қоғам қайраткері уақытында өзі қызмет етіп кеткен Тараз шаһарына 

арнайы келді. Осыдан ширек ғасырдан астам уақыт бұрын қызмет 

бабымен  Алматы  қаласына  кеткен  Ғайникен  Бибатырова  мерейлі 

сəтін жерлестерімен бөлісті. Ғайникен Айдарханқызына деген облыс 

басшылығының  құттықтауын  облыс  əкімінің  бірінші  орынбасары 

Бекболат  Орынбеков  жеткізді.  Бекболат  Серікбекұлы  өз  сөзінде 

Ғайникен Бибатырованы мерейлі мерекесімен құттықтай келе, оның 

халық үшін алдына игі мақсат қойып, абыройлы қызмет атқарғанын 

айтып  өтті.  Сөз  соңында  қазақы  салт  бойынша  мерейтой  иесіне 

қамзол кигізіп, ақ жаулық жауып, сый-сияпат жасады. 

Сонымен  қатар,  белгілі  ақын-жазушылар,  ақсақалдар 

алқасының мүшелері мен іскер əйелдер қауымдастығының өкілдері 

де қазақтың аяулы қызына деген ақ тілектерін білдірді. 

«Арай» - ақпарат.

ҚҰРМЕТТІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 

МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Ертең 24 қазан  күні  сағат 19.00-де  «Достық»  алаңында  облыстың 75 жылдығына 

орай  гала-концерт  өтеді.  Кеште  эстрада  жұлдыздары  Алтынбек  Қоразбаев,  Бағдат 

Сəмединова, Майра Нұркенова, Айгүл Қосанова, Саят Медеуов, Тахмина Əшімбекова, 

Динара  Қырықбаева,  Мұрат  Құсайынов,  Нартай  Алтай,  Сəуле  Желдібаева, «Аңсар» 

тобы, Құрмаш Махан жəне тағы басқалар өнерлерін көрсетеді. 



Келіңіздер, көріңіздер!

«БОЛАШАҚҚА» БАҒЫТ АЛ!



Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Болашақ»  стипендиясы 20 жылдан 

астам  уақыт  білімқұмар  жастардың  шет  елдерде  оқуына  мүмкіндік  беріп  келеді. 

Сондықтан,  жыл  сайын  шəкіртақы  иегері  атануға  үміттілердің  қарасы  қалың 

болады.  Биылғы  жылы  да  болашаққа  жол  ашатын  стипендия  тағайындалуына 

арналған конкурсқа қатысу үшін құжат тапсыру қызу жүріп жатыр.

Аталмыш 


мемлекеттік 

стандарт, 

яғни  құжат  қабылдау  қызметі  қазіргі 

уақытта 


Халыққа 

қызмет 


көрсету 

орталықтары  мен  электронды  үкіметтің 

веб-порталы  арқылы  жүргізілуде.  Айта 

кетері, бағдарламаның атқарушы органы 

болып  саналатын  Білім  жəне  ғылым 

министрлігінің 

қызметін 

Қазақстан 

Республикасының  кез  келген  азаматы 

алуға 


мүмкіндігі 

бар. 


Сондай-ақ, 

қызмет  тегін  əрі 2 жұмыс  күнінің  ішінде 

көрсетіледі.

Ал 


қызметті 

онлайн 


түрінде 

пайдалану үшін www.e-gov.kz порталына 

кіріп, үміткердің сауалнамасын толтыруы 

қажет.  Онда  таңдаған  мамандығыңның, 

зерттеу  тақырыбы  мен  оқуға  немесе 

тағылымдамадан өтуге баратын елдің қол 

қойылған  негіздемесі  көрсетілген  еркін 

нысандағы  өтініш  беру  керек.  Сонымен 

қатар,  денсаулық  жағдайы  туралы 082-у 

формасындағы  медициналық  анықтама 

мен  жоғары  білім  туралы  дипломы  мен 

оған  қосымшаның,  еңбек  кітапшасының 

нотариалды  расталған  көшірмесін  де 

өткізу  қажет  болады.  Одан  соң,  жеке 

кабинетіңізге  өтініміңізді  өңдеу  туралы 

хабарлама  мен  онда  көрсетілген  уақыт 

ішінде 

құжаттардың 



қабылданған-

қабылданбағаны туралы жауап келеді.

Игілігі  мол  бағдарламаның  тиімділігі 

əлдеқашан 

дəлелденіп 

қойған. 


«Болашақпен» 

білім 


алып 

келген 


жастардың  жерде  қалып  жатпағаны  да 

қуантады.  Сондықтан,  өз  мүмкіндігіңді 

жіберіп алма!

Ш. ƏЛМЕНБЕТОВА,

ХҚКО №1 бөлімінің инспекторы.

Тараз қаласы.


3

23 қазан,

№43 (471)

ЖАНАРТАУ

Хамит ЕСАМАН

– Абай, «Болашақ» бағдарламасы аясында  Лондонда 

біліміңді  шыңдауға  мүмкіндік  алдың.  Ел  арасында 

шетелде білім алатын жастардың дені бай-манаптардың  

балалары  деген    пікір  қалыптасқан.  Осы  қаншалықты 

шындыққа  жанасады?  Өзің  аталмыш    бағдарламаның 

қалай стипендиаты атандың?

–  «Болашақ»  стипендиясын  жеңіп  алу  оңай  болған  жоқ. 

Алғашқы  рет  тапсырған  кезде  соңғы  сынақтан  сүріндім. 

Екінші  рет  бағымды  сынап  көргенде  ғана  жолым  болды. 

Жалпы,  сынақ  төрт    кезеңнен  тұрады.  Əуелі  ағылшын  тілін 

білу  деңгейіңді    анықтайды.  Екінші  қазақ  тілін  қаншалықты 

меңгергеніңді  тексереді.  Одан  кейін  психологиялық  сынақ 

болады. Соңғы кезең – тəуелсіз комиссиялармен əңгімелесу. 

Көбіне,  жолдаманың    тағдыры  осында  шешіледі.  Алғашқы 

үшеуінен  іркілмей  өткенмен,  соңғы  турда  сүрінуің  мүмкін. 

Мұнда Ата заң  мен Қазақстан тарихынан жан-жақты хабардар 

болуға тиіссің. 

Рас, халық арасында «Болашақ» бағдарламасымен  бай-

манаптың балалары ғана оқи алады деген пікір қалыптасқан. 

Алайда,  мен  мұнымен  келіспеймін.  Өйткені,  Талас  ауданы, 

Аққұм  ауылында  туып-өскенмін.  Қарапайым  отбасынан 

шыққан  мен  секілді  жастар  мұнда  аз  емес.  Қазірдің  өзінде 

менің  бес  группаласым    «Болашақ»  бойынша  «Тұманды 

Альбионда» тəлім алып жүр. Əлбетте, бұл жақта оқып жатқан  

байлардың  балалары  баршылық.  Алайда,  олардың  басым 

бөлігі өз қаржыларына оқитындар. 



–  Қазіргі  оқып  жатқан  университетіңде  қазақ 

жастарының  үлес  салмағы  қандай?  Сенен  өзге  білім 

алып жатқан жерлестеріміз аз емес  болар?

–  Англия,  əсіресе  Лондон, «Болашақ»  бағдарламасы 

бойынша  қазақтар  ең  көп  баратын  жер.  Мен  оқып  жатқан 

«University College London» университетінде  жерлестеріміз 

жетерлік.  Тілдік  курстағы  менің  тобымда    бес  бірдей 

қандасымыз оқиды. Бірақ,  мұндағы қазақ жастары  ұйымшыл 

емес.  Басқа  қалалардағы  қандастарымыз  бір-бірін  жақсы 

таныса, мұнда араласуың өте қиын. Лондондағы қазақтардың 

осы жағын түсіне алмай қойдым.   

– Ұлыбританиядағы білім ордаларының оқыту жүйесі 

бізге қарағанда қаншалықты ерекше екен?

– Екі елдің білім жүйесі жер мен көктей.  Біздің елде оқыту 

жүйесі  жақсы  дамыған  санаулы  ЖОО  бар  ғой.  Англиядағы 

университеттердің  бəрі  білім  алуға  қолайлы.  Мəселен, 

кітапханадан  кітап  алу  жүйесі  автоматтандырылған.  Керек 

кітапты сөреден алып, арнайы бөлмедегі сканерге жақындата 

қоясың.  Сосын  кітапты  қашан  қайтарып  беру  керек  екені 

жазылған  қағаз  шығады.  Кітапхана,  университет  ғимараты 

күндіз-түні ашық тұрады. Сенбі-жексенбі күні ғана түнге қарай 

жабылады.  Қалаған  уақытта  сабақ  оқуға  ыңғайлы.  Тіпті, 

кітапханада тəулік бойы  отырсаң да  ешкім кедергі келтірмейді. 

Одан кейін студенттердің бəрі білім алуға құлшынып тұр. 

Тағы  бір  ерекшелігі    –  əр  университетте  намазхана 

бар.  Англияда  дінге  құрметпен  қарайды.  Жалпы,  мемлекет 

христиан дінін ұстанады ғой. Сөйте тұра, ислам дініндегілерге 

жағдай жасап қойған.  Ал, мұсылманы басым елдердің кейбір 

оқу  орындарында  намазхана  ашу  былай  тұрсын,  құлшылық 

жасауға болмайды. Парадокс, иə?!

Мұнда  мұғалімдер  өз  ісіне  үлкен  жауапкершілікпен 

қарайды  екен.  Оларға  сабақты  өту  емес,  студенттің 

тақырыпты  түсінуі  маңызды.  Кейде,  ұстаздар  студенттерден 

көп іздене ме деп ойлаймын. Оқушының жетесіне жеткізу үшін 

жан-жақты əрекеттер жасайды. Осы жағынан Англиядағы оқу 

ордалары ерекше. 



– «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  білім  алу 

үшін  шет  тілін  білу  міндетті.  Өзің  қанша  тілді  еркін 

меңгергенсің?  

– Əзірге  төрт  тілді еркін білемін. Болашақта испан тілін 

үйренсем  деп  жүрмін.  Бірнеше  рет  курстарға  барғанмын. 

Бірақ,  қазір  бүкіл  назарымды  ағылшын  тіліне  аудару  керек 

болып  тұр.  Өйткені,  магистратураға  арналған  ағылшын  біз 

білетін тілден ауырлау. Қазір бізде төрт күн ғана сабақ болады. 

Қалған уақытта университетке барып өзің ізденесің. Бастапқы 

кезде  қалған  үш  күнді  демалыс  екен  деп,  мұғалімнен  испан 

тілін  жалғастыруыма  қалай  қарайтынын  сұрағанмын. «Үш 

күн  демалыс  емес,  өзің  ізденетін  уақытың» – деп  ұстазым 

түсіндірді.  Енді  бар  зейінімді  ағылшын  тіліне  аударып 

отырмын. 



–  Шетелде  оқу  əрбір    жастың  арманы.  Əсіресе,  көне 

жəдігерлерге толы Лондон қаласын бір көрсем дейтіндер  

көп.  Ұлыбританияның  мəдениеті,  əдебиеті  жалпы 

халықтың тұрмыс-тіршілігі қандай екен?

– 

Ағылшындар 



тарихи 

мұраларға 

құрметпен 

қарайтынымен  ерекшеленеді.  Бұл  жақта  қалыптасқан  өмір 

стилі  бар.  Мұражай,  галлерея,  саябақтар  өте  көп.  Жалпы 

алғанда  қала  өте  ескі.  Бірнеше  ғасыр  бұрын  салынған 

ғимараттарды  бұзбай,  қызғыштай  қориды.  Егер  бір  ғимарат 

бұзыла қалса,  тура сондай етіп қайта қалпына келтіріп қояды. 

Қаланың  орталығында  ғана  заманауи  үйлерді  кездестіруге 

болады.  Тағы  бір  таңғаларлығы,  ағылшындар  үнемшілдікті 

жақсы меңгерген халық. Үйлері кішкентай һəм ыңғайлы. Көп 

қаржы жұмсамайды.  

Сондай-ақ,  Лондонда  қоғамдық  көлікпен  қатынау  өте 

қолайлы.  Метро  қаланың  барлық  бұрышына  барып  тұр. 

Автобус тəулік бойы тоқтамайды. Бəрі орталықтандырылған. 

Автобусқа да, метроға да «Oyster»  карта қолданылады. Оған 

қоса,  бір-ақ жолаушы болса да уақытпен жүреді.

Алайда,  əттеген-ай  дейтін  тұсы,  мейрамханалар  мен  

дəмханалардың  бəрінде  дерлік  шошқа  еті  негізгі  тағамға 

беріледі.  Халал  тамақ  табу  өте  қиын.  Біз  түріктер  мен 

арабтардың  асханасынан  тамақтанамыз.  Дегенмен,  қанша 

қызмет көрсету саласы дамығанымен  Қазақстанды Англияға 

айырбастамас  едім.  Өйткені,  мұндағы  тұрғындар  сырттай 

өте кішіпейіл көрінгенімен, жүрегінің түкпірінде жылылық жоқ 

секілді  көрінеді  маған.  Тіпті,  кей  ағылшындар  шетелдіктерді 

жақтырмай қарайтыны да бар.  



–  Абай,  өзің    газет  журналисті    ретінде  ғана  емес, 

блогер  одан  қалса    спорт  коментаторы  ретінде 

танылғансың.  Ендігі  кезекте,  футбол  ойынының  отаны 

саналатын  Англияның  ең  мықты  құрамаларының 

ойынын көріп үлгерген шығарсың. Ел спортына қарағанда 

ағылшындардың  қай  спорты  қарқынды  дамыған  екен? 

Əлсіз тұстары бар ма?

– Өкінішке қарай, əлі күнге дейін футбол матчтарына бара 

алмадым.  Ең  бірінші  себеп – билеттің  бағасы  өте  қымбат. 

Мысалы, үшінші сортты командалардың ойынына бару үшін 

кемінде 35 фунт төлеу керек. Теңгеге шаққанда 10 мың теңге. 

«Арсенал», «Челси» секілді алпауыттардың билеті тіпті көкті 

тіреп  тұр.  Сондықтан,  стадионға  бару  жоспарын  кейінге 

шегере тұруды жөн деп таптым. Ал,  байқағаным – мұндағы 

халықтың басым бөлігі футбол мен  гольфқа қатты қызығады 

екен. Бұл спорт түрлеріне арналған алаңдар да өте көп. Ал, 

əлсіз тұстарын əлі байқай қойған жоқпын. 

– «Болашақ»  бағдарламасымен  оқыған    жастардың 

дені  шетелде  қалып,  жұмыс  жасағанды  қалайтыны  

жасырын 

емес. 

Алайда, 

стипендиаттарға 

оқу 

тəмамдағаннан  кейін  белгіленген  міндет  бар.  Егер  де 

шетелде қалу мүмкіндігі болса сонда қалар ма едің?

–  Егер  Гардиан  секілді  алпауыт  басылым  жұмысқа 

шақырса неге қалмасқа?! Аталған газетте Қазақстанды əлемге 

таныту  үшін  қызмет  атқаруға  болады  ғой.  Алайда,  мен  елге 

міндетті  түрде  қайтып  ораламын.  Мұнда  жинаған  білімімді 

Қазақстанның дамуы жолында пайдалануым керек. Егер мен 

секілді жастар Отанымыздың болашағын қазірден ойламаса, 

шетелден  біреу  келіп  біз  үшін  барын  салмайды.  Түріктің 

«Көкжалдар  мекені»  сериалында  «Адам  анасыз  өмір  сүре 

алмайды. Біздің анамыз – Отанымыз!» – дейді ғой. Меніңше, 

əрбір жас дəл осылай ойлануы тиіс.

–  Елге  оралғаннан  кейін  өзіңді  қай  салада,  қай 

қырыңнан танытқың келеді?

–  Əрине,  «Болашақ»  бағдарламасымен  оқып  келіп, 

бірден  Нобель  сыйлығын  алмаспын.  Бірақ,  елге  оралғаннан 

кейін  қазақ  журналистикасын  дамытуға  бар  күш-жігерімді 

саламын.  Еліміздің  БАҚ  саласына  тың  бастамалар  енгізсем 

деген  ойдамын.  Бұйыртса,  еліміздің  медиа  магнаттарының 

біріне айналғым келеді.

– Сен оқып жатқан елде, білім ордасында қазақстандық 

жастардың қауіпсіздігіне қаншалықты мəн берілген? Оған 

нақты бақылау, қадағалау жүргізіп отырғандар  бар ма?

– «Əр  елдің  салты  басқа,  иттері  қара  қасқа»  демекші, 

оқуға  барған  елдің  жазылған  жəне  жазылмаған  заңдарын 

жетік  біліп  алу  керек  екен.  Өкініштісі,  бізге  шетелге    кетер 

кезде баратын ел туралы мүлде мағлұмат берілмеді. Сондай-

ақ, студенттерді қадағалау жағы  ұмыт қалған. Британиядағы 

Қазақстан елшілігі қандай қызмет атқарып жатқанын кім білсін, 

кімнің  қайда  жүргенінен  олар  бейхабар-ау,  шамасы.  Мүмкін, 

қай  студент  қай  жерде  оқитыны  жазылған  қағаздары  бар 

шығар.  Бірақ,  олар    қайда  тұрып  жатыр,  бос  уақытында  не 

істейді, кімдермен араласатынын ешкім назарға алып отырған 

жоқ. 


Рас,  оқу  кезінде    қазақ  жастарының  қауіпсіздігін 

университет қадағалайды. Ал басқа уақытта «əй дейтін əже, 

қой  дейтін  қожа»  көрмейсің.  Менің  ойымша    мемлекеттік 

бағдарламаның  кемшіл  тұсы  осы.  Стипендиатқа  шетелге 

кетер  алдында  баратын  елі  туралы  жан-жақты  ақпарат 

берілуі  тиіс.  Сосын  əр  елде  немесе  əр  қалада  студенттерге 

жауапты бір адам не мекеме болған жөн. Олар қазақстандық 

білімгерлерді    əуежайдан  күтіп  алу,  пəтерге  орналастыру, 

мəселелерін  шешу,  қадағалап  отыру  секілді  жұмыстарды 

атқарса,  нұр  үстіне  нұр  болар  еді.  Əйтпесе,  қазір  мұндағы 

жерлестеріміз    бір-бірін  күтіп  алып,  өздері  ептеп-септеп 

күн  көріп  жүр.  Бұл  əрине,  Лондондағы  Қазақстан  елшілігінің 

кемшілігі. 

Тағы  бір  айтарым,  мен  мұнда    келгелі  бір  айдан  асты. 

Алайда,  елшілік    əлі  бірде-бір  рет  маған  хабарласқан  жоқ. 

Тіркелу  үшін  сан    мəрте  елшілікке  барған  едім,  есіктері 

жабық  тұр.  Бір  қызығы,  елшілік  таңғы 9.00-12.00 арасында 

ғана жұмыс істейді екен. Ендеше, сабаққа барасың ба, əлде 

елшілікке тіркелесің бе? 

Сондықтан Үкімет елшіліктің жұмыс кестесін қайта қарап 

шыққаны дұрыс деп ойлаймын. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал