Кодекстің бүкіл мәтіні бойынша «салауаттылығы», «салауаттылық»



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/16
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

   3-БӨЛІМ. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 
   10-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ТҮРЛЕРІ 
      36-бап. Медициналық қызметтің мазмұны
 
      Медициналық қызмет жоғары немесе орта кәсіптік медициналық білім алған жеке 
тұлғалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды 
тұлғалардың кәсіптік қызметін қамтиды.
 
      37-бап. Медициналық қызметтің түрлері
 
      Қазақстан Республикасында медициналық қызметтің мынадай түрлері:
 
      1) медициналық көмек;
 
      2) зертханалық диагностика;
 
      3) патологиялық-анатомиялық диагностика;
 
      4) қан мен оның компоненттерін дайындау саласындағы қызмет;
 
      5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызмет;
 
      6) қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы қызмет;
 
      7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметі мен ғылыми қызмет;
 
      8) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;
 
      9) осы Кодексте тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері жүзеге асырылады.
 
   11-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК 
      38-бап. Медициналық көмектің түрлері
 
      Медициналық көмектің негізгі түрлері:
 
      1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
 
      2) білікті медициналық көмек;
 
      3) мамандандырылған медициналық көмек;
 
      
4) жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызмет;
 
      5) медициналық-әлеуметтік көмек болып табылады.
 
      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015
 № 406-V 
(01.01.2016 бастап 
қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 

      39-бап. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек
 
      1. Дәрігерге дейінгі медициналық көмек - аурулардың профилактикасы мақсатында, 
сондай-ақ диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістерін дәрігердің қатысуымен 
пайдалануды талап етпейтін аурулар кезінде орта медициналық білімі бар медицина 
қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
 
      2. Шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі медициналық көмекті медициналық білімі жоқ, 
уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тиісті даярлықтан өткен адамдар (парамедиктер), 
сондай-ақ зардап шегушілердің өмірін құтқару мақсатында өзге де адамдар көрсетуі мүмкін.
 
      3. Дәрігерге дейінгі медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті 
орган белгілейді.
 
      40-бап. Білікті медициналық көмек
 
      1. Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін 
талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері 
көрсететін, оның ішінде телемедицина құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық 
көмек білікті медициналық көмек болып табылады.
 
      2. Білікті медициналық көмектің түрлері мен көлемін Қазақстан Республикасының 
Үкіметі белгілейді.
 
      Ескерту. 40-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
№ 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      41-бап. Мамандандырылған медициналық көмек
 
      1. Диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін 
талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін, оның ішінде телемедицина 
құралдарын пайдалана отырып көрсететін медициналық көмек мамандандырылған медициналық 
көмек болып табылады.
 
      2. Мамандандырылған медициналық көмекті денсаулық сақтаудың көпбейінді ұйымдары 
консультациялық-диагностикалық немесе стационарлық медициналық көмек 
нысанында көрсетеді.
 
      3. Мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемін уәкілетті орган және 
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды 
мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары белгілейді.
 
      
Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      42-бап. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін
 
               қызметтер
 
      
1. Жоғары технологиялы медициналық қызметтерді көрсететiн медициналық ұйымдардың 
қызметiн үйлестiрудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
 
      2. Жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің түрлері мен оларды 
ұсыну тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
 
      
Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.11.2015
 № 406-V 
Заңымен (01.01.2016 бастап 
қолданысқа енгізіледі).
 
      43-бап. Медициналық-әлеуметтік көмек
 
      1. Тiзбесiн уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтiк мәнi бар аурулармен 
науқастанған азаматтарға көрсетілетiн медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек 
медициналық-әлеуметтiк көмек болып табылады.
 
      2. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын 
медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
 
      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 
№ 239-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс 
енгізілді - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 

      44-бап. Медициналық көмекті ұсыну нысандары
 
      Медициналық көмек:
 
      1) амбулаториялық-емханалық көмек:
 
      алғашқы медициналық-санитариялық көмек;
 
      консультациялық-диагностикалық көмек;
 
      2) стационарлық көмек;
 
      3) стационарды алмастыратын көмек;
 
      4) жедел медициналық көмек;
 
      5) санитариялық авиация;
 
      6) төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;
 
      7) 
алып тасталды - ҚР 16.11.2015
 № 406-V 
Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа 
енгізіледі).
 
      8) 
алып тасталды - ҚР 16.11.2015
 № 406-V 
Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа 
енгізіледі).
 
      9) дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік) нысандарында ұсынылуы мүмкін.
 
      
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 16.11.2015
 № 406-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      45-бап. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек
 
      1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейінде 
көрсетілетін, қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін:
 
      1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және 
басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;
 
      2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы және 
санитариялық-профилактикалық iс-шараларды;
 
      3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкені және баланы қорғауды;
 
      4) халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оның кенеулі тамақтануы жөніндегі 
түсіндіру жұмыстарын қамтитын, тәулік бойы медициналық бақылауы болмайтын, дәрігерге 
дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
 
      2. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті учаскелік терапевтер, педиатрлар, 
жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер, денсаулық сақтау саласындағы 
әлеуметтік қызметкерлер және мейірбикелер көрсетеді.
 
      
3. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі 
азаматтарға медициналық ұйымды таңдау құқығы ескеріле отырып, олардың тұрғылықты және 
(немесе) бекітілген жері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету 
мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.
 
      4. Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің түрлерін, көлемін Қазақстан 
Республикасының Үкіметі белгілейді.
 
      4-1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ азаматтарды алғашқы 
медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
 
      5. Алғашқы медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыруды жергілікті мемлекеттік 
басқару органдары жүзеге асырады.
 
      Ескерту. 45-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
16.11.2015
 № 406-V 
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      46-бап. Консультациялық-диагностикалық көмек
 
      
1. Консультациялық-диагностикалық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау 
жасалмайтын, мамандандырылған медициналық көмек, оның ішінде жоғары технологиялы 
медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылатын көмек.
 

      2. Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету тәртібін уәкілетті 
орган белгілейді.
 
      Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.11.2015
 № 406-V 
(01.01.2016 
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      47-бап. Стационарлық көмек
 
      
1. Стационарлық көмек – тәулік бойы медициналық бақылау жасалатын, білікті, 
мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.
 
      2. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары азаматтарға тиісті 
күтім жасалуын және олардың тамақтануын қамтамасыз етеді.
 
      3. Стационарлық көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
 
      Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.11.2015
 № 406-V 
(01.01.2016 
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      48-бап. Стационарды алмастыратын көмек
 
      
1. Стационарды алмастыратын көмек – медициналық бақылау жасалатын, дәрігерге 
дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек ұсыну нысаны.
 
      2. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
 
      Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
16.11.2015 
№ 406-V
 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      49-бап. Жедел медициналық көмек
 
      1. Денсаулыққа келетін елеулі зиянды болдырмау және (немесе) өмірге төнген қатерді 
жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жай-күй туындаған кезде, 
сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тасымалдау қажет 
болған кезде медициналық көмек ұсыну нысаны жедел медициналық көмек болып табылады.
 
      2. Жедел медициналық көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау 
саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жедел медициналық көмек қызметі құрылады.
 
      Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      50-бап. Санитариялық авиация
 
      Пациенттің орналасқан жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың және 
(немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауына байланысты медициналық көмек 
көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны санитариялық 
авиация болып табылады. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әуе 
көлігімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу не науқасты, сондай-ақ кейіннен 
транспаланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөлігін) тиісті медициналық ұйымға тасымалдау 
жолымен жүзеге асырылады.
 
      Ескерту. 50-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      51-бап. Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек
 
      1.Төтенше жағдайлар кезіндегі медициналық көмек - әлеуметтік, табиғи және 
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде апаттар медицинасы қызметінің 
медициналық көмек көрсету нысаны.
 
      2. Төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек ұсыну тәртібін, оның түрлері мен 
көлемін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
 

       
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 
№ 121-V
 Конституциялық 
заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      52-бап. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту
 
      1. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту туа біткен және жүре келе пайда 
болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап 
шегетін азаматтарға көрсетіледі.
 
      2. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, 
сондай-ақ санаториялық-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.
 
      3. Азаматтарға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында 
және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен санаториялық-
курорттық емделуге жолдамалар беріледі.
 
      4. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық 
оңалту тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
 
      Ескерту. 52-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      53-бап. Паллиативтік көмек және мейірбике күтімі
 
      1. Паллиативтік көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға 
мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) 
немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.
 
      2. Мейірбике күтімі дәрігер бақылауы талап етілмейтін жағдайларда мамандандырылған 
құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) 
немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.
 
      3. Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету тәртібін уәкілетті 
орган белгілейді.
 
      Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      54-бап. Дәстүрлі медицина, халық медицинасы (емшілік)
 
      1. Дәстүрлі медицина әдістеріне гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық терапия, 
рефлекс-терапия, фитотерапия және табиғаттан алынатын құралдармен емдеу жатады.
 
      2. Медициналық білімі бар, тиісті лицензия алған адамдардың дәстүрлі медицина 
саласындағы қызметке құқығы бар.
 
      3. Халық медицинасы (емшілік) - халық жинақтаған емшілік құралдар туралы, сондай-
ақ емдеу және гигиена тәсілдері мен дағдылары және оларды денсаулықты сақтау, аурулардың 
алдын алу мен оларды емдеу үшін практикада қолдану туралы эмпирикалық мәліметтердің 
жиынтығы.
 
       4. 
Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 
N 36-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      5. Жаппай емшілік сеанстарын, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана 
отырып өткізуге тыйым салынады.
 
      
Ескерту. 54-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 
N 36-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      55-бап. Зертханалық диагностика
 
      1. Зертханалық диагностика - ауырудың (жай-күйдің) болу немесе болмау фактісін 
пациенттен алынған биоматериалдарды зертханалық зерттеу жолымен анықтауға бағытталған 
медициналық қызметтер көрсету кешені.
 
      2. Зертханалық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және 
(немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ережені, сондай-ақ олар 
жүргізетін зерттеулердің түрлерін уәкілетті орган белгілейді.
 

      Ескерту. 55-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      56-бап. Патологиялық-анатомиялық диагностика
 
      1. Патологиялық-анатомиялық диагностика патологиялық-анатомиялық ашып қарау 
барысында мәйіттің тіндері мен ағзаларындағы, сондай-ақ науқастың хирургиялық операция 
және (немесе) биопсия жолымен алынған ағзаларындағы (ағзаларының фрагменттеріндегі) және 
тіндеріндегі өзгерістердің жиынтығын талдау арқылы диагноз қою мақсатында жүргізіледі 
және ол тікелей қарап-тексерудің (макроскопиялық зерттеулердің), үлкейткіш аспаптарды 
(микроскопиялық зерттеулер), өзге де технологияларды пайдалану арқылы зерттеулердің 
нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық-анатомиялық салыстыруларға негізделеді.
 
      2. Патологиялық-анатомиялық ашып қарау өлімнің себептерін белгілеу және ауырудың 
диагнозын нақтылау мақсатында жүргізіледі.
 
      Ана және сәби өлімі, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болу жағдайларын 
қоспағанда, өлімнің күш қолданудан болғанына күдік болмаған және жұбайының (зайыбының), 
жақын туыстарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша өтініші не осы адамның тірі кезінде 
берген жазбаша ырық білдіруі болған кезде, мәйітті патологиялық-анатомиялық ашып қарау 
жүргізілместен, өлімнің болу фактісін куәландыратын уәкілетті орган бекіткен нысандағы 
құжатты бере отырып, беруге рұқсат етіледі.
 
      Қайтыс болған адамның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды 
өкілінің талап етуі бойынша патологиялық-анатомиялық ашып қарауды тәуелсіз сарапшы 
(сарапшылар) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізуі мүмкін.
 
      3. Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау 
ұйымдарының және (немесе) осы ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы 
ережені, сондай-ақ патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібін уәкілетті 
орган белгілейді.
 
      Ескерту. 56-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
   12-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ САРАПТАМА ТҮРЛЕРІ 
      57-бап. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама
 
      1. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама азаматтардың денсаулығын сақтауды 
қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады.
 
      2. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы сараптаманың мынадай 
түрлері:
 
      1) медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама;
 
      2) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама;
 
      3) әскери-дәрігерлік сараптама;
 
      4) сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар;
 
      5) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;
 
      6) дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техникаға сараптама;
 
      7) ғылыми-медициналық сараптама;
 
      8) аурудың қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауымен байланысына 
сараптама жүзеге асырылады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.03.2016 
№ 479-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      3. Мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу 
кезінде дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техникаға сараптаманы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы сараптаманы жүргізуді 

жеке және заңды тұлғалар тиісті лицензия және (немесе) аккредиттеу туралы тиісті куәлік 
негізінде жүзеге асырады.
 
      
Ескерту. 57-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      58-бап. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама
 
      1. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама - жеке және заңды тұлғалар 
ұсынатын медициналық қызметтер көрсету сапасының деңгейі жөнінде қорытынды жасау үшін 
медициналық қызметтер көрсетудің тиімділік, толымдылық және стандарттарға сәйкестік 
көрсеткіштерін бейнелейтін индикаторларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын 
ұйымдастырушылық, талдамалық және практикалық іс-шаралар жиынтығы.
 
      2. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сараптама ішкі және сыртқы сараптама 
болып бөлінеді.
 
      3. Ішкі сараптама жүргізу үшін медициналық ұйымда пациентке қолдау көрсету және 
ішкі бақылау (аудит) қызметі құрылады. Осы қызметтің құрылымы мен құрамын ұйым басшысы 
көрсетілетін медициналық қызметтердің көлеміне қарай бекітеді.
 
      Пациентке қолдау көрсету және ішкі бақылау (аудит) қызметі медициналық ұйымның 
медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруына, клиникалық қызметіне ағымдағы талдауды
медициналық көмек көрсету тәртібі мен стандарттарды бұзу фактілерін анықтауды, сондай-ақ 
емделуде жатқан пациенттердің өтініштерін күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде 
қарауды жүргізеді.
 
      Ішкі бақылау (аудит) қызметі жүргізілген аудит нәтижелері бойынша медициналық 
ұйымның басшысына көрсетілетін медициналық кызметтер сапасының төмендеуінің анықталған 
себептері мен жағдайларын жою жөнінде ұсыныстар енгізеді.
 
      Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі сараптама жүргізу үшін 
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомствосы өзінің ведомстволық 
бағынысты медициналық ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің сапасына ішкі 
сараптама қызметін құрады.
 
      Осы қызметтің құрылымы мен құрамын Қазақстан Республикасы Президенті Іс 
басқармасының басшысы бекітеді.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.03.2016 
№ 479-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      4. Медициналық қызметтер көрсету сапасына сыртқы сараптаманы уәкілетті орган және 
(немесе) тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.
 
      5. Медициналық көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды 
ұйымдастыру мен жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
 
      Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
      59-бап. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама
 
      1. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жеке тұлғаның еңбекке жарамсыздығын 
ресми тану және оны ауыру кезеңінде еңбек міндеттерін орындаудан уақытша босату 
мақсатында жүргізіледі.
 
      2. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша 
жарамсыздық парағын және анықтамасын беру тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
 
      Ескерту. 59-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 

      60-бап. Әскери-дәрігерлік сараптама
 
      1. Әскери-дәрiгерлiк сараптама денсаулық жағдайы бойынша Қазақстан Республикасының 
Қарулы Күштерiндегi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке 
немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтегі, iшкi iстер, қылмыстық-атқару жүйесi, 
өртке қарсы қызмет органдарындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі, прокуратура 
органдарындағы, мемлекеттік кіріс органдарының экономикалық тергеу қызметіндегі қызметке 
(бұдан әрi – әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, құқық қорғау 
органдарындағы қызмет) жарамдылықты анықтау үшiн, сондай-ақ азаматтардың әскери қызметтi 
немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметтi және 
әскери жиындарды өткерумен (мiндеттердi орындаумен) байланысты ауруының, мертiгуiнiң 
(жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) (бұдан әрi – мертiгу) және қайтыс 
болуының себептi байланыстарын айқындау үшiн жүргiзiледi.
 
      2. Әскери-дәрiгерлiк сараптама:
 
      1) мыналарды:
 
      шақыру учаскелерiне тiркелетiн, әскери қызметке немесе әскери жиындарға 
шақырылатын және әскери (арнайы) оқу орындарына, республикалық әскери мектеп-
интернаттарға (лицейлерге) түсетiн азаматтарды;
 
      әскери қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы 
қызметке, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызметке кiретiн азаматтарды;
 
      әскери қызметтi шақыру бойынша немесе келiсiмшарт бойынша өткеретiн әскери 
қызметшiлердi;
 
      арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін;
 
      әскери (арнайы) оқу орындарының, арнаулы мемлекеттік органдары оқу орындарының 
курсанттарын, кадеттер мен тәрбиеленушiлердi;
 
      радиоактивтiк заттармен, иондандырушы сәулелену көздерiмен, зымыран отыны 
компоненттерiмен, электр-магниттiк өрiс көздерiмен қызметке (жұмысқа) iрiктеп алынатын 
және қызмет өткерiп (жұмыс iстеп) жүрген әскери қызметшiлердi (Қарулы Күштер 
қызметшiлерiн), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерін (жұмыскерлерін);
 
      мемлекеттiк авиацияның авиация персоналын;
 
      әскери жиындарға, арнаулы мемлекеттік органдар жиындарына немесе әскери қызметке, 
арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметке шақырылған кезде немесе есепке алу 
мақсатында запастағы азаматтарды медициналық куәландыру кезiнде;
 
      2) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қызметке кiретiн азаматтарға 
психологиялық-физиологиялық iрiктеудi жүзеге асыру кезiнде;
 
      3) әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау 
органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткерген әскери қызметшiлердiң, арнаулы мемлекеттік 
органдар қызметкерлерінің немесе азаматтардың мертiгуiнiң, ауруының себептi 
байланыстарын айқындау кезiнде;
 
      4) азаматтар әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау 
органдарындағы қызметтен босатылған кезде олардың денсаулық жағдайы бойынша әскери 
қызметке немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметке жарамдылық 
санатын айқындау кезiнде;
 
      5) әскери қызметшiлердiң, әскери мiндеттiлердiң, қызметкерлердiң әскери қызмет 
(әскери жиындар) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметі 
кезеңiнде не әскери қызметтен (әскери жиындардан) немесе арнаулы мемлекеттік 
органдардағы, құқық қорғау органдарындағы әскери қызметтен (жиындардан) босатылғаннан 
кейiн әскери қызметтi (әскери жиындарды) немесе арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау 
органдарындағы қызметтi (жиындарды) өткеру кезеңiнде мертiгуі, ауруы салдарынан қаза 
табуының (қайтыс болуының) себептi байланыстарын айқындау кезiнде жүргiзiледi.
 

      3. Әскери-дәрiгерлiк сараптама органдары Қазақстан Республикасының Қарулы 
Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда 
және iшкi iстер органдарында әскери-дәрiгерлiк сараптама жүргiзедi.
 
      Арнаулы мемлекеттік органдар үшін әскери-дәрігерлік сараптаманы Қазақстан 
Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери-
дәрігерлік сараптама органдары жүргізеді.
 
      4. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери 
құралымдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, ішкі істер органдарындағы және 
мемлекеттік авиациядағы қызмет үшін денсаулық жағдайының сәйкес келуіне 
қойылатын талаптарды уәкілетті органмен келісу бойынша қорғаныс, ішкі істер саласындағы 
орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары және 
Мемлекеттік күзет қызметі бекітеді.
 
      
Ескерту. 60-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 
өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 
№ 248-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2015 
№ 275-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңдарымен.
 
      61-бап. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және
 
               сот-наркологиялық сараптамалар
 
      1. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамаларды 
тағайындау мен жүргізудің процесстік тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс 
жүргізу кодексінде, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде, Қазақстан 
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген.
 
      2. Көрсетілген сот сараптамасы түрлерін ұйымдастырудың және сот-сараптама 
зерттеулерін жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі 
туралы заңнамасында белгіленген.
 
      62-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама
 
      1. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – физикалық факторлардың ағзалық-
лептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, 
паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, токсикологиялық, радиологиялық, 
радиометриялық, дозиметриялық өлшеулерінің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені
сондай-ақ жобалардың, өнімдердің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге қызмет объектілерінің 
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық 
актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалар 
сараптамасы.
 
      2. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдары өз құзыреттері шегінде санитариялық-
эпидемиологиялық қызметтің, кеден органдарының лауазымды адамдарының қаулылары немесе 
нұсқамалары мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен 
жүргізеді.
 
      Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салу жобалары бойынша санитариялық-
эпидемиологиялық сараптама Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстводан тыс кешенді сараптама 
құрамында жүргізіледі.
 
      3. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жобалардың сараптамасы бөлігінде - 
мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары, санитариялық-
эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер бөлігінде мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қызмет ұйымдары жүргізеді.
 

      4. Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулер санитариялық-
эпидемиологиялық сараптаманың ағзалық-лептикалық, санитариялық-гигиеналық, 
токсикологиялық, санитариялық-химиялық, биохимиялық, микробиологиялық, эпидемиологиялық, 
бактериологиялық, вирусологиялық және паразитологиялық зертханалық зерттеулер, тамақ 
өнімдерінің энергетикалық және биологиялық құндылығына арналған зерттеулер, шуылға, 
дірілге, электр-магниттік өрістер мен физикалық факторларға өлшеу жүргізуге, радиометрия 
мен дозиметрияны қамтитын радиациялық зерттеулер жүргізуге байланысты бөлігі болып 
табылады.
 
      Санитариялық-эпидемиологиялық зертханалық зерттеулердің тізбесі мен көлемін 
(санын) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік 
орган белгілейді.
 
      5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық 
сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы 
табыс етеді.
 
      Эпидемиялық маңызы бар объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық 
негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың материалдарын қабылдау тәртібі, 
олардың толымдылығы, сондай-ақ объектілер салудың көрсетілген жобалары бойынша 
санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы қаржыландыру тәртібі Қазақстан Республикасының 
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен 
қамтамасыз етіледі.
 
      6. Жарамсыз тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізаты болған жағдайларда 
санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізілмейді.
 
      7. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама не ғылыми сараптама нәтижелері бойынша 
адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығы үшін әлеуетті қауіпті деп танылған химиялық 
және биологиялық заттарды Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынады. Қазақстан 
Республикасында қолдануға тыйым салынған әлеуетті қауіпті химиялық, биологиялық заттар 
тіркелімі мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға жатады.
 
      8. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары тексерулер және 
(немесе) бақылаудың өзге де нысандары және (немесе) санитариялық-эпидемиологиялық 
сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде:
 
      1) пайдаланылып отырған өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерге;
 
      2) эпидемиялық маңызы бар объектілерді орналастыруға, эпидемиялық маңызы бар жаңа 
объектілерді салуға немесе бұрыннан барын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық 
қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобалау-сметалық 
құжаттамаға, аумақтарды дамытудың және оларға құрылыс салудың қала құрылысын жоспарлау 
жобаларына;
 
      3) қоршаған ортаға, санитариялық қорғау аймақтарына және санитариялық-қорғаныш 
аймақтарға, шикізатқа және өнімге зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат 
етілетін шекті шығарындылары мен рұқсат етілетін шекті төгінділері жөніндегі нормативтік 
құжаттама жобаларына;
 
      4) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын өнімге, оның 
ішінде тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісуге;
 
      5) топыраққа, су қоймаларына және атмосфералық ауаға химиялық, биологиялық, 
токсикологиялық, радиологиялық жүктеме жөніндегі материалдарға санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды береді.
 
      9. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың негізінде санитариялық-
эпидемиологиялық қорытынды беріледі.
 
      Ведомстводан тыс кешенді сараптама барысында эпидемиялық маңызы бар объектілерді 
салу жобалары бойынша жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері 
бойынша салалық санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беріледі, оның түйіндері 

объектілерді салу жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының жиынтық 
қорытындысына енгізіледі.
 
       10. 
Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 
N 461-IV
 (2012.01.30 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен.
 
      
Ескерту. 62-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 
N 297-IV
 (2010.07.01 бастап 
қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 
N 378-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 
N 461-IV
 (2012.01.30 
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 
N 36-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 
№ 248-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 
16.05.2014 
№ 203-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа 
енгізіледі); 29.12.2014 
№ 269-V 
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 
№ 
299-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Заңдарымен.
 
      62-1-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит
 
      1. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті аудитор жүргізеді.
 
      2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық 
қадағалауға жататын объектілер иелерінің (бұдан әрі – өтініш беруші) өтініштері бойынша, 
өтініш беруші мен аудитордың арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне 
сәйкес жасалатын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шартта көзделген 
санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нақты міндеттері, мерзімдері мен көлемдері 
ескеріле отырып жүргізіледі.
 
      3. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері мемлекеттік санитариялық-
эпидемиологиялық қадағалауға жататын эпидемиялық маңызы бар объектілердің тәуекел 
дәрежесін айқындауға ықпал етеді.
 
      Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің оң нәтижелері эпидемиялық маңызы бар 
объектілерді ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерден босату үшін негіз болып 
табылады.
 
      4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар 
мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс:
 
      1) жеке тұлғалар үшін:
 
      санитариялық-гигиеналық бейіндегі жоғары медициналық білімінің болуы;
 
      тиісті мамандық бойынша немесе жалпы гигиена дәрігері мамандығы бойынша 
санитариялық-гигиеналық бейіндегі дәрігердің жоғары біліктілік санатының болуы;
 
      2) заңды тұлғалар үшін штатында осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген 
талаптарға сай келетін білікті персоналдың болуы.
 
      5. Жеке және заңды тұлғалар санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі 
қызмет басталғанға дейін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан 
Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды бұл жөнінде хабардар етуге міндетті.
 
      6. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит рәсімі бірнеше кезеңнен тұрады және 
мыналарды:
 
      1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу туралы өтінішті тіркеуді;
 
      2) өтініш беруші табыс еткен құжаттарды алдын ала талдауды;
 
      3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге шарт жасасуды;
 
      4) санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мақсаттарын белгілеуді;
 
      5) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарын жасауды;
 
      6) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуді (объектіні тексеру, материалдарды 
талдамалық өңдеу, салыстырмалы талдау және жоспарланып отырған не жүзеге асырылып жатқан 
қызметтің санитариялық-эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесіне, объектіні іске асыру 
негіздемелерінің жеткіліктілігі мен анықтығына бағалау жүргізу);
 

      7) аудиторлық есепті жасауды және оны өтініш берушіге табыс етуді қамтиды.
 
      7. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін өтініш беруші қаржыландыруды 
қамтамасыз етеді және осы баптың 8-тармағында белгіленген тәртіппен қажетті құжаттаманы 
табыс етеді.
 
      8. Объектіге санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін өтініш беруші 
аудиторға мынадай құжаттарды табыс етеді:
 
      1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш;
 
      2) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке жататын объектіге қатысты материалдар 
(мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының соңғы жылдағы зерттеп-
қарау актілері (олар болмаған кезде соңғылары), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы бекіткен, эпидемиялық маңызы бар 
объектінің тәуекел дәрежесін айқындау нысаны, объектінің санитариялық қағидалардың 
талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды);
 
      3) болған кезде, шаруашылық жүргізуші субъектінің менеджмент жүйесі жөніндегі 
құжаттама және санитариялық-эпидемиологиялық аудит бойынша алдыңғы қорытындылар;
 
      4) объектіні бағалау үшін қажетті өзге де материалдар.
 
      9. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізілген 
аудиторлар жыл сайын есепті жылдың он бесінші қазанына қарай халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға жүргізілген санитариялық-
эпидемиологиялық аудит туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық 
саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша табыс етуге міндетті.
 
      10. Жоспарға сәйкес жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері 
бойынша объектінің санитариялық қағидаларға сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы 
аудиторлық есеп санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібімен белгіленген нысан 
бойынша жасалады.
 
      11. Эпидемиялық маңызы бар объектілердің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері 
және санитариялық-эпидемиялық тәуекелдер критерийлерін есептеу санитариялық-
эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібімен айқындалады.
 
      Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.
 
      12. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері аудиторлық есепті дайындау 
кезінде мынадай жағдайларға жол берілген:
 
      1) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу рәсімдері бұзылған;
 
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының санитариялық қағидалар мен гигиеналық 
нормативтердің талаптары орындалмаған немесе бұрмаланған
 
      3) азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаға құқықтары, 
халықтың басқа да санитариялық-эпидемиологиялық құқықтары мен мүдделері, санитариялық-
эпидемиологиялық процеске қатысушылардың құқықтары бұзылған;
 
      4) санитариялық-эпидемиологиялық аудитке қатысатын тараптардың құқықтарын бұзатын 
өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылады.
 
      13. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын 
аудиторлар:
 
      1) аудитті кешенді, объективті, сапалы жүргізуді қамтамасыз етуге;
 
      2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы 
саласындағы заңнамасының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
 
      3) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық 
нормалау құжаттарының, нормативтік техникалық құжаттардың негізінде жүргізуге;
 
      4) санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізудің шарт талаптарында көзделгендей 
белгіленген мерзімдері мен тәртібін сақтауға міндетті.
 
      Ескерту. 12-тарау 62-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 
№ 269-V
 Заңымен 
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
 

      62-2-бап. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге
 
                 құқықты шектеу
 
      Орындаушылары:
 
      1) аудиттелетін субъектінің қатысушысы, кредиторы болып табылса;
 
      2) аудиттелетін субъектімен еңбек қатынастарында тұратын немесе оның лауазымды 
адамдарының, сондай-ақ аудиттелетін субъект акцияларының он және одан көп пайызын 
(жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иеленген акционердің (қатысушының) жақын туыстары 
немесе жекжаттары болып табылса;
 
      3) олардың аудиттелетін субъектіде жеке мүліктік мүдделері болса;
 
      4) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жөніндегі міндеттемелерді 
қоспағанда, олардың аудиттелетін субъект алдында ақшалай міндеттемелері немесе 
аудиттелетін субъектінің солар алдында осындай міндеттемелері болса, аудитордың 
санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуіне тыйым салынады.
 
      
Ескерту. 12-тарау 62-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.10.2015 
№ 376-V 
Заңымен 
(01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      63-бап. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар
 
               мен медициналық техникаға сараптама
 
      1. Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техникаға сараптама - дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техникаға физикалық-химиялық, биологиялық, клиникаға дейінгі (клиникалық емес) 
сынақтар, клиникалық зерттеулер жүргізу, олардың биоэквиваленттігін айқындау, сондай-ақ 
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен дәрілік затты, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен 
медициналық техниканы тіркеуге табыс етілген тіркеу дерекнамасының құжаттарын, 
стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды зерделеу арқылы олардың қауіпсіздігі, 
тиімділігі мен сапасы тұрғысынан зерттеу немесе сынау.
 
      2. Дәрiлiк заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға 
сараптама жүргізу мемлекеттік монополияға жатады және оны дәрiлiк заттар, медициналық 
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы мемлекеттік сараптама 
ұйымы болып табылатын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік 
кәсіпорын жүзеге асырады.
 
      Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың 
(жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу 
бойынша уәкілетті орган белгілейді.
 
      3. Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы 
бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама кезінде дәрілік субстанциялардың, дәрілік 
шикізаттың, дәрілік заттар балк-өнімдерінің, бірегей дәрілік заттардың, дәрілік 
препараттардың (қайта өндірілген (генериктер), биологиялық жолмен алынған, 
биотехнологиялық, иммундық-биологиялық, гомеопатиялық, биосимилярлар, авторы белгіленген 
генериктер), медициналық техниканың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық 
мақсаттағы бұйымдар балк-өнімдерінің қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына талаптар 
қойылады.
 
      4. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың 
қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына сараптаманың теріс қорытындысына:
 
      1) сараптама жүргізу процесінде өтініш берушіге ескертулер берілгеннен кейін 
уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленген мерзімдерде тіркеу дерекнамасының 
толық жинақталымының ұсынылмауы;
 
      2) өтініш берушінің анық емес мәліметтер ұсынуы;
 
      3) бұрын тіркелген аналогтарымен салыстырғанда қауіпсіздігі мен тиімділігінің 
неғұрлым төмен болуы;
 
      4) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы немесе Қазақстан 
Республикасының аумағында қолданылады деп танылған фармакопеялар регламенттеген немесе 

бұрын тіркелген аналогтарымен салыстырғанда сапасы мен қауіпсіздігінің неғұрлым төмен 
көрсеткіштері;
 
      5) дәрілік заттың құрамында Қазақстан Республикасында қолдануға  тыйым салынған 
заттар мен материалдардың болуы;
 
      6) сараптама сатыларының бірінде теріс нәтижелер алу;
 
      7) өндірістің нақты жағдайлары мен сапаны қамтамасыз ету жүйесінің өндірісті және 
сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау нәтижелері бойынша мәлімделген қауіпсіздікті, 
тиімділік пен сапаны қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келмеуі;
 
      8) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, өндіріс жағдайларын 
және сапаны қамтамасыз ету жүйесін бағалау мақсатында кәсіпорында (өндірістік алаңда) 
болуды ұйымдастырудан өтініш берушінің бас тартуы негіз болып табылады.
 
      
Ескерту. 63-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 
N 34-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 
N 239-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 
06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      63-1-бап. Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал