Книга СССР. Изд. 2-е, перераб и допол. М.: Наука, 1984



жүктеу 39.75 Kb.

Дата15.09.2017
өлшемі39.75 Kb.

 

184


6.  Красная книга СССР. Изд. 2-е, перераб. и допол. М.: Наука, 1984, ч. 2 

7.  Н.А. Колодченко  «Редкие растения в биогеоценозе СКО, подлежащие к охране» - материалы 

Республиканского  совещания  по  охране  и  вопсроизводству  исчезающих    и  редких  растений 

13-14/1978. 76-78 стр. 

8.  Энциклопедия Северо-Казахстанской области. Алматы, 2004. 

 

 



 

УДК 612. 17 

 

СТУДЕНТТЕР АҒЗАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРНЫНА БЕЙІМДЕЛУІНІҢ 



КЕЙБІР АСПЕКТІЛЕРІ   

 

Топышева Б., Қыдыбек Е., Базарбаева С.М. 

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ) 

 

 

 

Студенттік  шақ  сондай-ақ  бұл  кезеңдегі  интеллектуалдық  жəне  физикалық  күш 

дамуының оптимумының көпшілігіне қол жеткізілуімен де ерекше-ленеді. Бірақ та, осы 

мүмкіндіктерімен  олардың  жүзеге  асырылуының  арасында  қайшылықтар  кезедсіп 

жататыны да рас.  

Егер студентті жеке адам деп зерттесек, онда 18-20 жас – бұл адамгершілік жəне 

эстетикалық  сезім-дердің  белсенді  дамуының,  мінездің  қалыптасып  жəне 

тұрақтануының,  əсіресе,  ересек  адамның  əлеуметтік  рөлдерінің  толық  жиынын: 

азаматтық,  кəсіби-еңбектік  жəне  т.б.  меңгерудің  кезеңі.  Бұл  кезеңмен  «экономикалық 

белсенділігінің»  басталуы  тығыз  байланысты.  Демографтардың  пайымдауынша 

экономикалық  белсенділік  –  ол  адамның  өз  бетінше  өндірістік  іске  араласуы,  еңбек 

жолын  бастауы  жəне  өз  жанұясын  құруы.  Бір  жағынан  мотивациялардың,  барлық 

құндылықтар-дың жүйесінің қайта жасалуы, екінші жағынан кəсібиленуге байланысты 

арнайы  қабілеттерінің  қалыптасуының  шапшаң-дығы  осы  жас  кезеңін  мінез  бен 

интеллект дамуының орталық шағы ретінде бөліп қарастырады. Студент жеке басына 

арналған  зерттеулер  ішкі  əлемінің  қарама-қайшылығы,  өзінің  өзбеттілігін  табуымен 

жəне  ашық  байқалатын,  жоғары  мəдениетті  индивидуалдылығының  қалыптасуын 

көрсетеді. 

Бейімделу»  дегеніміз  –  бұл  тірі  ағзаның  қозғалмалы  жүйесінің  арқасында, 

жағдайдың өзгеруіне қарамастан өзінің өмір сүруіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға 

қажетті тұрақтылықты ұстайтын қозғалмалы процесс. Адамның психикалық бейімделуі 

күрделі  икемделу  процесі  болып  табылады.  Жағымсыз  жағдайлардың  əсерінде  осы 

бейімделудің түрі ең бірінші өзгеріске ұшырайды жəне басқа бейімделу денгейлерінің 

бұзылысына  əкеледі.  Психикалық  жағдай  жəне  оны  мен  байланысты  психикалық 

бейімделу жағымсыз əсерлердің бас миына бағытталуына байланысты бұзылуы мүмкін 

жəне ортаның психогенді əсерлерімен дə байланысты. 

Бейімделусіз  түрлі  климаттық  жағдайға,  үнемі  өзгермелі  ауа  –  райына  ағзаның 

қалыпты өмірлік əрекеттерін ұстап тұру мүмкін емес еді. Бейімделу – барлық тірі жəне 

адам  ағзасы  үшін  үлкен  өмірлік  маңызы  бар.  Осы  тұрғыда  А.В.  Петровский 

əлеуметтену  процесінде  тұлға  дамуының  үш  кезеңін  бөліп  көрсетеді:  бейімделу, 

даралану, интеграция. 

Бейімделу  денгейі  –  негізінен  балалық  кезеңге  сəикес  келеді,  адам  қоғамдық 

қарым–қатынас  обьектісі  ретінде  қарастырылады.  Бұл  денгейде  адам  тұлға  болуға 

бағытталады  жəне  ереже,  талаптарды,  белгілер  жүйесін  менгеру  болады.  Егер  бала 



 

185


бейімделу денгейінен өтпесе жəне əлеуметтік өмірдің негізін менгермесе, ол одан ары 

икемделе, бейімделе алуы күрделене түседі [3]. 

Зерттеушілер бірінші курс студенттерінің оқу орнының жағдайына бейімделуінің 

үш түрін көрсетеді: 

1)  формальды  бейімделу,  студенттердің  жаңа  ортаға,  жоғарғы  мектеп 

құрылымына, ондағы оқыту мазмұнына жəне оның талаптарына қатысты; 

2) қоғамдық бейімделу, яғни, бірінші курс студенттерінің топтық ішкі бірігуі жəне 

жалпы алғанда топтардың басқа студенттермен қосылу үрдісі; 

3)  Дидактикалық  бейімделу,  жоғарғы  мектепте  студенттердің  оқыту 

жұмыстарының түрлері мен əдістеріне байланысты бейімделу. 

Студенттердің  үлгерімді  оқуы  көптеген  факторларға  тəуелді.  Олардың  ішінде  ең  бір 

маңыздысы  болып  табылатын  –  ақыл-ой  əрекетінің  көрсеткіші  ретіндегі 

интеллектуалдық дамуы мен таным процесстерін реттеуші қызмет атқаратын – зейін. 

Көпшілік  бірінші  курс  студенттері  алғашқы  кездері  өзіндік  оқу  жұмысындағы 

дағдылардың  болмауынан  үлкен  қиындықтарды  басынан  кешеді,  олар  дəрісті 

конспектілей  алмайды,  оқулықтармен  жұмысты,  алғашқы  бастаулардан  білімді  тауып 

жəне  іздестіре  алмайды,  үлкен  көлемді  ақпаратты  қорытындылай  алмайды,  өз  ойын 

нақты жəне анық айтып бере алмайды. 

Бірінші  курс  студенттерімен  негізгі  жұмыс  міндеттерінің  бірі  –  ол  өз  беттік 

жұмыстың  рационализациялау  мен  оптимизациялаумен  оларды  таныстыру  болып 

табылады. 

Студенттердің  өздік  жұмысын  семинар,  практикалық  жəне  зертханалық 

сабақтары  арқылы  бақылайтын  кейбір  студенттер  тарапынан  сəйкес  талаптарды 

орындаудан қашып жəне оған енжарлық танытулары да байқатады. 

Мамандарды  даярлаудың  сапасын  көтеру  үшін  үлкен  резервтері  студенттер 

білімін  бақылауды  жүзеге  асыруды  ашады.  Емтихандық  сессияларда  үлгерімдікті 

бақылау  жүйесі  студенттердің  тек  сол  кезде  ғана  дайындалып,  кейіннен  ұмытуға 

себепші  болатын  жағдай  ғана.  Студенттердің  кітаппен  жұмыс  жасау,  бүкіл  семестр 

бойына жүйелі түрде дайындалмауы кездейсоқ емес [2]. 

Уақыт бюджетін социологиялық зерттеуі студенттің жұмыс күні жеткілікті тығыз 

жəне аудиториялық сабақтармен қосылғанда 8-9 сағатқа көбейеді. Бірақ та будан оқуға 

деген түрлі қатынаспен анықталынатын жұмыс уақытында өте үлкен шашыраңқылығы 

жəне əртектілігі білінеді. Негізінен студенттер күнделікті профильдік сабақтарға 2 жəне 

3 тен артық сағатын жұмсайды, жəне 22,8% бұған 1 сағаттан аз уақыт бөледі. Жоғарғы 

оқу орнындағы оқыту жүйесі маңызды деңгейде саналылықтың дəрежесіне есептелген, 

студенттер  қызығушылығына  орай  құрылған,  əйтпегенде  онда  күнделікті  мектептегі 

сияқты  тексеру  жүйесі,  оқытушы  алдындағы  «қорқыныш»,  күнделікті  «сабақ» 

дайындау  қажеттілігі  түрде  болмайды.  Кейбір  студенттер  күрделі,  қиын  сайысқа 

қатысамыз деп, соңында оқуға жауапкершілікпен қарауға дайындықсыз болып қалады. 

«Қолға қалам алып» сабақ туралы мүлдем ұмытады. Студенттердің тек 9,6 % -ы əдетте 

семестр  бойы  дайындалып,  емтихан  кезінде  өткенді қайталай  салады,  ал  47,6%  -кітап 

жəне  конспект  бойынша  бүкіл  курс  материалдарын  қайталап  шығады,  жəне  42,8%-ы 

тек конспект бойынша даярланады. 

Студенттің  оқу  орнына  оптималды  бейімділігін  қамтамасыз  ететін  тактика  мен 

жоспарларды  жасау  үшін  бірінші  курс  дəрістенушісінің  өмірлік  жоспарлары  мен 

қызығушылықтарын,  басым  мотивтерінің  жүйесін,  тартымдылық  деңгейін,  өзін 

бағалауын, мінез-құлқын саналы реттеу қабілетін жəне т.б. білу маңызды. Осы мəселені 

сəтті шешу жоғарғы оқу орнының психологиялық қызметінің дамуымен байланысты. 

Көпшілік  бірінші  курс  студенттері  кеше  ғана  мектептегі  мұғалімдерінің  назары  мен 

қамқорлығын сезінген олар оқу орны жағдайында алғашында диском-фортты сезінеді. 



 

186


Оларды  жоғарғы  оқу  орнындағы  жаңа  іс-əрекеттері  –  ол  жауапкершілікті  тəуелді 

қатынастардың  сапалы  өзгеше  жүйесі.  Онда  ең  бірінші  орынға  өз  мінез-құлқын  өз 

бетімен реттеу қажеттілігін, өз ісі мен тұрмысының ұйымында бостандық дəрежесінің 

болуы қойылады. 

Əр  студенттің  бейімделу  үрдісі  əр  түрлі  жүреді.  Еңбек  стажы  бар  жас  адамдар 

студенттік  өмірмен  тұрмысқа  жеңіл  жəне  тез  бейімделеді,  ал  кешегі  оқушылар  – 

академиялық жұмысқа жақсы бейім. Студенттік топтың міндеті – жалпы оптималды іс-

əрекет үшін жағдай жасау.  

Əдетте,  барлық  оқу  орындарында  бірінші  курстықтарды  оқу  орны  жағдайына 

бейімдеуге  көмектесетін  арнайы  іс-шаралар  жүйесі  жоспарланады.  Маңыздырақ  іс-

шаралар қатарына «Студенттерге арнау», «Мамандыққа кіріспе»  тəрбие сағаттарының 

өткізілуі,  алдыңғы  қатарлы  мұғалімдер  мен  бірінші  курс  студенттерінің  сөз  сөйлеуі, 

бақылау, бағалау шаралары жатады». 

Қазіргі нарықтық жағдайда қоғамға дені сау  адамдар қажет. Олай болса, ертеңгі 

күнге  дені  сау  азаматтар  тəрбиелеп,  денсаулықты  сақтау  жəне  нығайту  жолдарын 

қарастырып, аурулардың алдын алу қажеттігі туады. 



 

 

 

Əдебиет 

1.  Агаджанян И.А. Физиологическе проблемы адаптации. – Тарту, 1984. – С. 3-13. 

2.  Ильин  А.Г.,  Агапова  Л.А.  Функциональные  возможности  организма  и  их  значение  в  оценке 

состояния здоровья подростков.//Гигиена и санитария №3, 2000, стр 43-45. 

3.  Назарбаев Н. Ə.Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауы.- 28.02.2007. 

4.  Умрюхин Е.А., Быкова Е.В., Климина Н.В. Энергообмен и вегетативные функции у студентов 

при учебной и экзаменационной нагрузках // Физиология человека. 1996. Т. 22. № 2. С. 108. 

 

 



 

УДК 543.3 

 

ИССЛЕДОВАНИЕ СОСТАВНЫХ КОМПОНЕНТОВ ЧАЯ 

 

Түктібаева Н.Қ. 

(Таразский государственный педагогический институт) 

 

За чаем не скучаем – по семь чашек выпиваем. 

Чай крепче, если он с добрым другом разделен. 

Чай не пить, так на свете не жить. 

Чай не пьешь – откуда силу возьмешь? 

Народные пословицы.

 

 

«Чай...  Это  короткое  созвучье  впитало  в  себя  смысл  легенд  и  научных  трудов, 



народной  молвы  и  государственных  документов.  Историческую  жизнь  чая... 

регламентировали  императоры  и  богословы,  врачи  и  гурманы,  поэты  и  купцы, 

философы и художники, ученые и политики, правительство и контрабандисты,...Разные 

виды  и  сорта  чая  могут  быть  совершенно  не  похожи  один  на  другой  и  даже 

прекраснейший чай можно по - разному готовить и по-разному воспринимать — и как 

вожделенный нектар, и как подкрашенный кипяток...». Так начинает свою книгу «Наш 

друг  чай»  талантливый  грузинский  публицист  и  большой  энтузиаст  чая  М.Д. 

Давиташвили.  






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал