Күн көріс үшін жүргенде жоқпын өмірде Жетпеді даусым жаратқан жалғыз



жүктеу 34.12 Kb.

Дата23.01.2017
өлшемі34.12 Kb.

Басына шыңның шығамын деп де ұмтылдым, 

Құладым қайта, құладым қайта мың тұрдым. 

Құдайдың құлы болмады маған жаны ашитын. 

Мен шындық үшін шыңғырдым. 



Күн көріс үшін жүргенде жоқпын өмірде 

Жетпеді даусым жаратқан жалғыз тәңірге. 

Осы даламның намысы үшін түледім 

Осы даланы көтеріп келем көңілде. 



Кәрім САУҒАБАЕВ. 

Биыл күзде ұлы да-

ламыздың төл пер-

зенті, ұлт 

жанашыры, бар өмі-

рін оның қасиетін 

дәріптеуге арнаған, 

туған жерінің тауы 

мен тасын, өзені мен 

көлін, тоғайы мен 

күміс бұлағын 

өлеңінің әр жолына әр қылған жазушы-журна-

лист, ақын Кәрім Жұмабекұлы Сауғабаевтың 

дүниеге келгеніне 70 жыл болады екен. 

К.Сауғабаев 1941 жылы қазан айының 20-да 

атауы тарих қойнауына кетіп бара 

жатқан ежелгі Едірей жерінде 

дүниеге келген. Бақытты дейтін ба-

лалық шағын сұм соғыстың ауырт-

палығы жалмаған ұрпақтың өкілі. 

Одан кейінгі өндірістер іске қосы-

лып, шаруашылықтар аяғынан тік 

тұрған, ел еңсесі өлшеусіз еңбектің 

арқасында түзелген жылдары жа-

стықтың жалауы өтіп орта мек-

тепте оқиды. Ақиық арманы 

басшы, көкті шарлаған қиялы 

қосшы болып, Қарағандыдағы мемлекеттік педа-

гогикалық институтының тарих-филология фа-

культетіне оқуға түседі. Студенттік алаңсыз 

жылдар ақын творчествосының басталуына 

үлкен әсер етті. Дарынды, талантты жастар жи-

налған жер белгілі ғой алғашқы шумақтар өлеңге 

айналып, мақалалар газеттерден жарық көріп 

жатты. Білімді ұстаздар, білсем, үйренсем деп 

желпінген құрбылар барлығы да көзі ашық көкі-

регі ояу азаматтың болашағына дайын бағдар-

каяты жарық көрді. 

Кәкеңді оқырман қауым балалар ақыны ретінде 

де жақси таниды. Оның туған жер мен табиғат 

сырларын сурттеген өлеңдері бүлдіршіндерге ар-

налған көптеген оқулықтар бетінен берік орын 

алған. 

Кәкең зерттеуші де. Өзі туып-өскен Едірейдің 



таулары жайында, оның тарихы мен бүгінгісі 

хақында жазғандары талай зерттеуші ғалымның 

еңбегіне анықтама болары хақ. 

Дала дүлділі, ақын-сазгер Мәди Бәпиұлы 

К.Сауғабаевтың творчествосының бір бөлігі. Одан 

бөлек Мәдидің досы, кезінде УФА-ның Ғалия ме-

дресінде оқып келіп, Едірейдің басынан мектеп 

ашқан, елдің кедей-кепшігін Се-

мейден азық-түлік алып келіп 

асыраған, қазақ халқының 

қалыптасып ел болуына үлкен 

еңбек сіңірген Мұстақым Мал-

дыбаев туралы жазған зерттеу-

лерінің өзі бір төбе. Ақын 

М.Малдыбаевтың Семейде, Ал-

матыда тұрған балаларымен 

кейінге дейін хат алысып тұрған. 

Қазақ жұртының басына үйі-

рілген ажал бұлты-ядролық по-

лигон жайында жазғандары қалың томдарды 

құрады. Сынақтан зардап шеккен ел тұрғындары-

ның мұң-зары, көптеген деректер, қазақ шежіре-

сінің шерлі тақырыбының мәңгілік өзегі болып 

қалмақ. 


1980 жылдардың басында өңірдің партия белсен-

ділері шұбартаулықтардың бастамасын қолдай-

мыз деген желеумен талай жастың өміріне балта 

шапты. Шұбартаулықтар жоғары оқу орнына 

түсе алмаған, басқа жерге барғысы келмеген жа-


лама ұсынған-ды. Кәрім ол болашақты басқаша 

көрді. Қазақ елінің көлеңкесіз аспанын торлаған 

сол заманның зілмауыр шовинистік бұлттары 

көңіл көкжиегін шырмай берді. Ол бұлттардың 

салмағын бір кезде алаштың арыстары сезінген 

еді. Енді, міне, XX ғасырдың ортасынан асып кел-

генде, өзінің ұлылығын сезінетін халықтың өзім 

дей алмай, тар құрсауды бұзып шығуға шамасы 

жетпей күн кешуі ұлтжанды қазақтың жігерін 

жанығандай болды. 

Сол жігер тілегі бір ойы ортақ группаластары-

ның, әсіресе, әдебиетке жаны құмар досы 

Мақсым Омарбековтың да көңілінен шығып екеуі 

қауіпті де қатерлі іске бас тігеді. Оның алғашқысы 

қазақ халқының бүгінгі халін айтып оның өз тізгі-

нін қолына алуына, озық ойлы мемлекет ретінде 

тілінің мәртебесі артып, ұлттық рухының өркен-

деуіне орай жұмыс жүргізіп, оның алғашқы қада-

мын жасау болатын. Қазақ жастарының басын 

біріктіріп оқыған зиялы қауымға ой тастайтын 

бұндай істің бірінші кезектегісі үндеу жазып, ли-

стовка, тарату еді. Олар осылай да етті. Олары 

ашық күні күн күркірегендей әсер етіп, ел шын 

абыржыды. Құптағандар да көп болды. Осыған 

масаттанған Кәрім мен Мақсым Қарағандыда 

құрылған студент жастардың "Жас қазақ" ұйы-

мының алғашқы қарлығаштары еді. Оның 

қарқыны мұзды бұзып сең жүргізді. Бірақ амал 

нешік, ол кездің заманы да, заңы да бөлек еді. 

КГБ-нің қызметкерлері аңдып жүріп екеуін қолға 

түсірді. Кеңес Үкіметінің саясатына қарсы жаулар 

деп айып тағып, жиналысқа салды. Комсомолдан 

шығарып оқудың соңғы курсынан қуды. Оған 

дұшпандары күліп, достары теріс айналып "жыл-

тыр" мінез көрсетті. Бір жыл қара жұмысқа жегі-

леді, ұзақ уақыт үндеместін аңдуында болды. 

Сондай кездегі кешкен күйі, көрген күні жайлы 

ақынның "Ең... соңғы аялдама" атты кітабында 

толық жазылған... 

Алдына қойған асыл арманы мен мақсатынан 

айнымаған Кәрім Жұмабекұлы Қарағандыдағы 

оқудан соң Алматыдағы С.М.Киров атындағы 

Қазақ мемлекеттік университетінің журнали-

стика факультетіне сырттай тәмамдап өзінің өмір 

жолына азық етті. Қатардағы тілшіден Егін-

дібұлақ аудандық "Ленин туы" газетінің редак-

торлығына жоғарылады. Кейін осы ауданның 

облыстық "Орталық Қазақстан" газетін тілшісі 

болды. Еңбек еткен жылдары "Мойындау" 1972 

жылы, "Көктем келді" (1975), "Күдеріңді үзбе" 

(1977), "Ақша қар" (1980), "Балқантаудың ба-

сында" (1982), "Үлкендерден үлгі аламыз" (1983), 

"Үшқара оттары" (1985), "Мәди" атты деректі хи-

стардың басын қосып мал шаруашылығының 

өркендеуіне үлес қосса, мүндағылар орта мек-

тепті бітірісімен қолдарына аттестат бермей, 

қорқытып-үркітіп, ата-аналарының жұмысы 

арқылы еріксіз ықпал жасап, шопандар бригада-

ларын құрғызды. Үлкен өмірге қадам басқан 

алып-ұшпа көңілдерді су сепкендей етіп малға 

салды. Оң-солын танып үлгермеген жасөспірім-

дердің қолынан мал бағу қайдан, қайта өлім-

жітім көбейіп, мал ығып, бала жоғалып 

шаруашылық зиян шегіп, талай отбасы аңырап 

қалды. Осыған шыдамаған Кәрім Жұмабекұлы 

жастардың басына түскен осынау ауыртпалықты 

газет бетіне проблема етіп көтерді. Оның оңы мен 

солын тереңнен зерттеп, ел алдына, мамандар на-

зарына ұсынды, Әрине ол нәтижесіз болған жоқ. 

Міне, бұл да ақынның ұрпақ алдына жаңа өмір 

ашудағы жасаған өзіндік қолтаңбасы болатын. 

Көзінің тірісінде көптеген халық қалаулылары-

мен оның ішінде ақын-жазушылармен әріптес, 

пікірлес дәмдес болған Кәкең оларға өзінің туған 

жері туралы көп мағлұмат берді. Сөйтіп, ұлылар 

елі ұлы мұраға өзек болды. Белгілі сазгер Ілия 

Жақанов Балқантауға арнап 4 ән жазды. Ол өлмес 

шығармалар Кәрім Сауғабаевтың өлеңдерінен 

құралды. Олардың өмірге келуіне де ақынның 

өскен елі мен жеріне деген шынайы махаббаты 

себепкер болғаны сөзсіз еді. 

Ақынның жазғанынан ойға алған арманы көп. 

Оның жолын қазақ "қамшының сабындай" дейтін 

қысқа ғұмыр кесті. Әрине, ақын өлсе де, оның ар-

тында "мәңгі өлмейтін" қаламынан туған жыр-

лары қалды, ұрпағы қалды... Ол жолдарды да 

еске түсіру парыз. 

Қаздауысты Қазыбек ұрпағымын, 

Бабам Мәди піртұтқан жыр қадырын 

Алшынбайдың ауылы менің, аулым, тал бесігім, 

Туған жер шырқар әнім. 

Құнанбаймен құдамын, Абай жездем, 

Қайынсақ боп даламды талай кезген. 

Тектілерден тұрады менің елім, 

Тілеп жүрем "Сақта" деп құдай көзден. 

Ұл туса ел мақтанар ата білер, 

Естілер есіне алып, бата тілер. 

Аруақтарға сыйынам қайда жүрсем, 

Ұрпақ келді, сөз тыңдап, сөз түсінер... 

Ахмедия Сүлейменов, 

тарихшы, ардагер-ұстаз. 

Дулат Жүнісбекұлы, 

меншікті тілші. 

Егіндібұлақ. 

Қарқаралы. - 2011. - 26 наурыз (№ 23/24). - 9 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал