Кла пан “Название газеты” ст р c m



жүктеу 406.91 Kb.

бет1/2
Дата10.09.2017
өлшемі406.91 Kb.
  1   2

КЛА

ПАН  “Название газеты”       ст

р 

 

C

M

Y

K

 

 №41 

9 қыркүйек  2016 жыл

8

E-mail: redakciayternew@mail.ru





Аудандық қоғамдық-саяси газет





Газет 1935 жылдың маусым айынан шыға бастады

№41  (10596)

9 қыркүйек 2016 жыл

*

Көкейкесті

«Горькийдің» ащы үнін 

тыңдар құлақ бар ма?



                                          

Жайдары жаздың артын ала бере қоңыр күз мезгілі 

                              де  келіп қалды. Бұл мезгіл өзінің толассыз жаңбырымен, 

                          аяғыңа жабысып алар балшықтарымен аудан халқының 

                       ығырын шығарары сөзсіз. Жол мәселесі өткір боп тұрған 

           теректіліктер үшін осы жайтты айтудың өзі артық. Дегенмен,  мәселе 

    бар. Үндемей қалуға тағы болмайды. Аудан орталығы саналатын Федоров 

ауылының қазіргі хал-ахуалын әдемі сөзбен суреттеп, көшелерінің бойында 

асыр  салып  жүргің  келеді-ақ.  Өкініштісі,    олай  болар  емес.  Орталықта 

басты көше боп есептелетін Абай мен Бейбітшіліктің (Ленин) жағдайы біз 

айтпасақ  та  түсінікті.  Аудан  басшысы  жуық  арада  аталмыш  көшелердің 

жолы  жөнделіп,  жаңа  кейіпке  енеді  деп  сендіріп  келеді.  Бірақ  әңгіменің 

ауаны басқада.

О

сы  көшелерден  жылдамдығын  арттырып, 

жүйткіген  көліктердің  саны  соңғы  уақытта 

едәуір  төмендеді.  Темір  тұлпарлардың 

басты  көшесі  болып  қазір  Горький  көшесі  саналады 

екен.  «Жүрсе  жүре  берсін,  онда  нең  бар»  деп    маған 

қарсы  шығуларыңыз  бек  мүмкін.  Әрине,  көліктерді 

бақылайтын  мекемеге  айналғанымыз  жоқ.  Тек,  осы 

көшені  бір  айналып  өтіп  көрдіңіз  бе  деген  сауалды 

ортаға  тастағым  келеді.  Біріншіден,  бұл  көшеде  көлік 

жылдамдығын арттыруы тиіс немесе түсіруі тиіс, одан 

қалса, жаяу жүргінші өтуі қажет дейтұғын белгілердің 

бірі  де  жоқ.  Бақандай  3  жылдың  (менің  көріп  келе 

жатқаныма)  ішінде  сол  олқылықты  жөндейікші  деп 

белсенетін  басшылықты  көрмедік  тегі.  Сол  көшеде 

ойнайтын яки мектепке баратын балаларға тоқталайық. 

Олардың өмірі үшін кім жауап береді? Егер оқыс оқиға 

орын  алса  көлік  жүргізушісі  жауапқа  тартыла  ма? 

Ешқандай белгі жоқ, жүргізуші қандай жылдамдықпен 

жүрсе  де  өз  еркі  болып  табылады    ғой?  Сауалдар 

өте-мөте  көп.  Кеш  болса  Горький  көшесінде  у-шу 

болған  балалар.  Ойын  баласы  қызыққа  еніп  кеткесін 

қандай  жағдайларға  душар  болары  белгісіз.  Барлық 

жұмыстарын  тастап  бауыр  еті  -  балаларын  күзеткен 

ата-аналардың санында есеп жоқ. «Әй, жолға жүгіріп 

шықпа! Машина қағып кетеді!» деген айқайдан құлақ 

тұнады.  Бұл  ащы  үн,  бірақ,  басшылықтың  құлағына 

жетер емес.

Одан соң қарапайым халықтың жағдайы. Таң атса 

жұмысқа  асыққан  адамдар.  Жаз  мезгілінде  шаңның 

астында қалып, енді жуып-шайған киімін қайта ауыстыру 

керек болады. Күз мезгілінде жүйткіген «тұлпарларға» 

жол ұсынамын деп балшықпен алысқаның. Көктемде 

де дәл осы көрініс. Қыста тайғанап құлап, әйтеуір, бір 

көліктің  астында  қалмадым  ғой  деп  шүкір  дескенің. 

Жылдың  төрт  мезгілінде  осы  көшенің,  қиылысқан 

көшелердің  тұрғындарының    көргені  осы.  Оның  бәрі 

жаяу  жүргінші  жолының  жоқтығынан.  Ұзындығы  1  км 

500 метр-ді құрайтын Горький көшесіне тротуар салу 

мәселесі  өзектілігімен  жанды  өртеп  тұр.    Бұл  көшені 

бақандай  7  көше  қиып  өтеді.  Олар  Набережная, 

Тәуелсіздік, 

Бейбітшілік, 

Пионерии, 

Зрелов, 

Юбилейная,  Центральная,  Целинная  көшелері.  Осы 

көшелерді қоспағанда, Горькийде  55 үй бар екен. Аула 

санын есептемегенде! Әр үйдегі адамның өмірі сонда 

не болмақ?!

Бүгінгі таңда 3 км-ге созылып жатырған Бейбітшілік 

көшесінің  жолдарына  күрделі  жөндеу  жасалуда. 

Халықтың қалауы орындалып, уақытша қиындықтарға 

төземіз  деп  отыр.  Осы  орайда  аудандық  әкімдік  

мердігер компаниямен келісімге келіп, тозығы жеткен, 

шұңқыры  мен  «белесі»  көп,  шаң-тозаңмен  ғана 

«гүлденген» Горький көшесіне жай жөндеу жасаса, тым 

болмағанда, белгілерді көшенің о шеті мен бұ шетіне 

орналастырса, жұртшылықтың көңілі орнына түсер ме 

еді?!  Сөзіміз  құрғақ  болмауды  әркез  ойда  ұстаймыз. 

Сол  себепті  «орталыққа»  айналып,    өкініп  отырған 

көшенің тұрғындарының пікірлеріне кезек берсек.

Жұмазия Адишева:

- Қонаққа немерелерім келеді. Бала болғасын ойынды 

ойлап тұрады. Бірақ мен көшеге шығармауға тырысамын. 

Күніне  біздің  көшемен  өтетін  көліктердің  санында  есеп 

жоқ. Жолда бала жүр ме, адам жүр ме -  оларға бәрібір. 

Жүйткіген  көліктер  бір  жаққа  асығады  әйтеуір.  Жолдын 

жанында кім бар, қарағысы жоқ. Жаяу жүргіншілер жолын 

да  біздер  қолдан  жасап  алдық.  Жол  жиегімен  жүреміз, 

көлік келе жатырса тік тұрып жол береміз. Сосын олардың 

соңынан  қалған  шаң  мен  түтінге  көміліп,  өз  жөнімізге 

кетеміз.Орталық  көшеге  айналған  екенбіз,  соған  сай 

жағдайлар да болуы тиіс қой!



      

Қуан Сәбитұлы, еңбек ардагері

-   Мен  Зрелов көшесінде тұрамын. Мына Горький    

көшесімен  қиылысып  жатыр.   Қай уақытта  далаға  

шықсам да көңілім алаңдап тұрады.  Кеш  түсіп,  

таза    ауамен  тыныстайын    десем  -  ол  да  мүмкін 

емес.  Шаңға  көміліп  отырғаның.  Бұл  жайында 

аудан әкімімен кездескенде айтқанмын. Кішкентай 

бүлдіршіндердің қыршын өміріне алаңдаймын. 

Не 

болар екен осы мәселе?!



      

Дәметкен апай (тегін айтуды жөн 

көрмеді):

Мен Горький көшесіне 1990 жылы көшіп келдім. 



Содан  бері  арнайы  белгілерді  көзім  шалмапты.  Бұрын 

көшенің  басында  бір  белгі  болды.  Оған  бір  көлік  келіп 

соқтығысты, содан екіншісі, сосын оны да алып тастады. 

Жасағасын  дұрыстап  жасау  керек  қой.  Жүргіншіге  де, 

көлікке  де  бөгет  болмауы  қажет.  Көшемізде  кішкентай 

балалар көп. Ата-аналары соңдарынан айқайлап жүреді. 

Соларға  бірнәрсе  болса,  кім  жауапты  оған? 

Соны  бір 

сәт ойлау қажет секілді, айналайындар!

МӘНІСІ ЗОР МАРАФОН



Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің  25 

жылдығына орай және салауатты өмір салтын 

насихаттау,  бұқаралық  спортты  жандандыру 

мақсатында 

елімізде 

жалпыхалықтық 

марафон өткізілуде.

А

удан  басшысының  орынбасарлары  бастап, 

мекеме-бөлім  басшылары  мен  қызметкерлер, 

жастар  мен  мектеп  оқушылары  жиналған 

аудандық  Мәдениет  үйінің  алаңқайында  Әнұранымызды 

бірлесе шырқап, көк Туымызға құрмет көрсетті. Одан соң 

аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов сөз алып, мәні 

мен  пайдасы  зор  марафонға  атсалысқан  барлық  аудан 

тұрғындарына  алғысын  білдірді.  Ұйымдастырушылар 

атынан  сөз  тізгінін  алған  аудандық  мәдениет,  тілдерді 

дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы 

Қ.Өтеғалиев  қашықтығы  3  км  марафонның  бағытымен 

жиналғандарды таныстырды.

Мәдениет  үйінен  бастап  Достық  үйіне  дейін  жүгіріп 

өткен  қарт-жасы  аралас  100-ден  аса  марафоншының  

көңіл-күйі  көтеріңкі  болды.  Марафон  мәресіне  жеткен 

қатысушылардың  бірқатары  «Ардагер  спортшы», 

«Жүйрік  спортшы»,  «Ең  жас  спортшы»  аталымдары 

бойынша  марапатталды.  Олардың    ішінде    А.Әжіғалиев, 

А.Төлегенова, М.Өтешев, спортты жанына серік еткен тағы 

басқа жандар бар.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ

***


Тап осындай марафон Аңқаты селолық округінде 

де өтті. 

Ә

кімдік 


ғимараты 

алдына 


жиналған 

аңқатылықтарға  округ  әкімі  сәттілік  тілеп,  3 

шақырымды  құрайтын  аталмыш  марафон 

3  тамыз  күні  Аңқаты  ауылында  да  өтті.  Селолық  округ 

әкімдігінің  алдына  жиналған  аңқатылықтарға  округ  әкімі 

Болат  Кадыралиев  сәттілік  тілеп,  жергілікті  мектептің 

дене  шынықтыру  пәнінің  мұғалімі  Максим  Жұмағалиев 

марафонның өтілу барысымен таныстырды. 

Салауатты өмір салтын ұстанған марафоншылар 3 км. 

қашықтықта жүгіріп отырып, мәре сызығына да жетті.  Осы 

жерде алдына жан салмай келген  Аңқаты орта мектебінің   

мұғалімі  Дархан  Бақытов,  ізін  ала  келген    №39  ӨСБ 

қызметкері  Айбек  Кеңес,  селолық  округі  әкімдігінің  бас 

маманы  Асылбек  Боранбаев  грамотамен  марапатталды. 

Марафон жүгірісіне белсенді қатысқан Айжан Аралбаева, 

Альфия  Сәлімгереева,  Күнсұлу  Мұхатоваға  сыйлықтар 

табыс етілді. 

Анаргүл МАМБеТАлиеВА,

Аңқаты ауылдық округі әкімдігінің

жастармен жұмыс жөніндегі маманы

ҚҰРБАН ШАЛУ ТӘРТІБІ



Теректі ауданы бойынша Құрбан айт намазы 12 қыркүйек күні, таңғы  сағат 7.50-де оқылады. 

Құрметті теректіліктер!



Барша мұсылманның ұлық мерекесі – Құрбан айт 

мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

      Құрбан айт мерекесінің орны бөлек. Бұл мереке 

         қоғамда бауырмалдық, бір-біріне жәрдемдесу, қол 

          ұшын беру, рухани тұтастықты  күшейтудің жолы. 

           Бұл – елдің береке-бірлігін бекемдейтін, қанағат пен  

              қайырымдылықты арттыратын мейрам. Құрбан 

                  шалу кісіні шүкіршілік пен тәубаға, аманатқа 

                    адалдық пен сертке  беріктікке шақырады.

                          

   Қадірменді ағайын! Жарқын да мейірімді мереке 

                            құтты болсын дей отырып, сіздерге ынтымақ-бірлік,  

                              шаттық пен береке,  еліміздің тәуелсіздігі баянды 

                                     болуын және әр шаңыраққа көңіл жарасымы  

                                       мен бақыт тілеймін!

                                              Айт күнгі ізгі ниеттеріңізді Алла тағала 

                                                  қабыл етсін.  Құрбан айт мүбәрак 

                                                          болсын!

                                                                  

                                                                         Аудан әкімі Мұрат МҰҚАЕВ

1. Құрбан шалу шариғатымызда Әбу Ханифа 

мазһабы бойынша шамасы жететін тұрғылықты 

мұсылмандар үшін жылына бір мәрте уәжіп іс.

2. Құрбандыққа ұсақ малдан, қой мен ешкіден 

жасы бір жасқа толғаны немесе бір жасқа 

толғанымен бірдей, ірі  марқа қойлар шалынады, 

ал ірі қара малдан  түйеден бес жасқа толғаны

ал сиырдан екі жасқа жеткені шалынады. 

Пайғамбар с.а.с. қара ала қошқарды шалған.

3.  Бір қой бір адамның, бір жанұяның атынан 

сойылады, ал бір ірі қараны, түйе, сиырды  жеті 

кісі  ортақтасып шалса болады.

4. Құрбандыққа шалынатын мал түрлі айып, 

кемшіліктерден адал болуы шарт, ауру, қотыр, 

соқыр,ақсақ, өте арық мал сойылмайды.

5. Құрбандыққа шалынатын малды алдын ала 

белгілеп не сатып алып, бағып, баптау мүстахаб.

6. Алдын ала дайындалған құрбандық 

малының жүнін қырқу, міну, сүтін сауу мәкрүһ.

7. Құрбандықты ханафи мазхабы бойынша 

айттың бірінші, екінші және үшінші күндері күндіз 

және түнде шалуға болады, алайда түнде 

шалу мәкруһ. Бұл күндер зул-хижжа айының 

оныншы  және он бірінші  күндері, Ең дұрысы 

Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетіне амал етіп, айт 

намазынан  кейін шалу. Ал айт намазынан бұрын 

шалынған мал құрбандыққа жатпайды.

8. Мұсылман адамның өз құрбандығын 

өзі шалуы, өз қолы мен бауыздауы мүстахаб 

болмаса сенімді мұсылман кісіге тапсырса 

болады.


9. Құрбандықты бауыздаушы мұсылман 

болғаны дұрыс, христианның союы мәкруһ іс.

10. Құрбандық шалынған малдың етін үшке 

бөліп, бір  бөлігін өздері алып, үштен бірін 

мұқтаждарға  садақаға таратып, ал тағы үштен 

бірін туыстарына, дос-жарандарына, көрші-

қолаңдарына таратады, Қасиетті аятта былай  

делінген 



«ҚҰРБАННЫҢ етінен өздерің  жеңдер, 

әрі пақыр-міскіндерді тамақтандырыңдар». 

(ХАЖ, 28)

11. Құрбандықты шалғанда малдың басын 

құбылаға қаратып, «Бисмиллаһ! Аллаһу әкбар! 

Я, АЛЛА! Өзіңнің разылығың үшін құрбандық 

шалдым, құрбандығымызды Ибраһим мен 

Мұхаммед пайғамбардан с.а.с.  қабыл 

алғаныңдай қабыл ала гөр !», - деп айту керек.

12. Құрбандық малды қинамай, алдын ала 

дайындалған өткір пышақпен, жеңіл түрде сою 

керек.


13. АЙТ  күні таңертен тамақ ішпей, сойылған 

кұрбандықтың етімен ауыз ашу Пайғамбардың 

(с.а.с.) сүннеті. 

14. Құрбандықты сойған қасапшының ақысы 

сойылған малдың етінен, терісінен берілмейді, 

ақшамен, тағы басқа жолмен беріледі.



Түсініктеме берген: аудандық мешіт имамы 

Халықбек Сыдықов

Құттықтаймыз!

Подстепный  ауылының  тұрғыны,  ұзақ  жыл 

ұстаздық  қызмет  атқарып,  қаншама  шәкіртті 

қанаттандырып,  білім  нәрімен  сусындатып, 

өмірдің  сан  салалы  талаптарына  жол  сілтеген 

және Тәуелсіздіктің төл құрдастарына алғаш рет 

«Әліппе» оқулығын  ұстатқан  құрбымыз 



Гүлзада 

Тыныштыбайқызы  ЖУНУСОВАНЫ  50  жас 

мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз.



игі тілекпен: құрбы-достары Талшынай Жунусова

Светлана ибрагимова

Өміріңе қуат, көңіліңе шуақ, деніңе саулық тілейміз. 



Қызық-шаттық жақсылықты көре бер, 

Жұртшылықтың алғысын тек тере бер. 

Беделің де артсын ылғи ортада, 

Еңбегіңмен алда өсіп-өне бер. 

Міне,  осылайша    ашынып    айтқандар  да  бар,  батырып  айтқандар  да  бар.    Газет  -  халық  пен 

биліктің  дәнекершісі. Осы жайтты құрдан-құр сөз етпедік. Қарапайым тұрғындардың өмірі мен 

пікірлері «жоғарыдағыларға» маңызды шығар деп есептейміз. Бәрін уақытқа ысырамыз. Күтеміз. 

                                                        

 Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Меншік иесі:

“Жайық Пресс” ЖШС

Бас директор Жантас Сафуллин

«Жайық Пресс» ЖШС Теректі филиалы 

«Теректі жаңалығы-Теректинская новь» 

Теректі аудандық қоғамдық-саяси газетінің

Директор-редактор  

Сисенбаева Нурзия Уалиулловна 



Газет жарияланымдарындағы автор 

пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы 

болып есептелмейді. Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді, оны қайтармайды. 

Деректердің дәлдігі үшін автор жауапты.

Газет ҚР  Байланыс және ақпарат министрлігі 

берген куәлік 19.01.2012 жылы тіркелген.  

Тіркеу нөмірі №12268-Г

Мекен жайымыз:  091100  

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы

 Федоров ауылы, Юбилейный көшесі, 18-үй,  

аудандық әкімдік ғимараты

Телефондар: 



Редактор: (871132) 21-2-37

Жауапты хатшы (факс):



 (871132) 23-3-96

Біздің электронды поштамыз: E-mail: 



redakciayternew @mail.ru

Ж   белгісімен жарияланған 

      материалдар ақылы болып есептеледі

.

Газет  Теректі  аудандық  «Теректі 



жаңалығы-Теректинская новь» газеті 

редакциясында компьютерлік әдіспен 

теріліп, беттелді. 

«Полиграфсервис» ЖШС 

баспаханасында басылды. 

Орал қаласы, Мұхит көшесі: 57/1

Газет аптасына 1 рет шығады

Көлемі: 2 баспа табақ.

Тапсырыс: 41.

Таралымы: 1951 дана.



№41

9 қыркүйек 2016 жыл

  7

 №41 

9 қыркүйек  2016 жыл

2

*

Мемлекет  басшысы  нұрсұлтан  назар-



баев  ұсынған  «100  нақты  қадам»  -  бұл 

жаңа  тарихи  жағдайларда  еліміздің 

дамыған  мемлекеттерінің  отыздығына 

кіру  жөніндегі  жоспары.  Оны  қадам-

қадаммен орындау мемлекетімізді одан 

әрі дамытуда оң нәтижелерге қол жеткі-

зуге мүмкіндік береді.

Б

ес  институционалдық  рефор-

маны  жүзеге  асырудың  “100 

нақты  қадамы”  -  Ұлт  жоспа-

рын  жүзеге  асыруға  бағытталған  мем-

лекеттік  бағдарламаны  сот  жүйесінде 

орындаудың  нақты  шаралары  аз 

уақыттың  ішінде  нақты  іске  айналып 

үлгерді.  Сот  жүйесіндегі  реформалық 

өзгерістерді  2016  жылдың  қаңтарынан 

бастап жүзеге асырылу кезеңі басталды. 

Бүгінгі таңда  еліміздің сот саласы жаңа 

жүйе бойынша жұмыс істеп жатыр. 

Ұлт жоспары аясында сот жүйесіндегі 

реформалар ретінде қарастырылған үш 

буынды  сот  жүйесінің  негізгі  мақсаты  - 

сот сатыларын мейлінше азайту арқылы 

азаматтарды  әуре-сараңға  салмай,  сот 

әділдігіне  қолжетілімділікті  арттыру  бо-

лып табылады. 

Ағымдағы  жылдан  бастап  еліміз 

бес  сатылы  сот  жүйесінен  үш  деңгейлі 

жүйеге  көшті.  Бірінші  сатыдағы  барлық 

істер аудандық соттарда, апелляциялық 

істер  -  облыстық  соттарда,  ал 

кассациялық  тәртіптегі  істер  Жоғарғы 

Сотта қаралатын болды. Бұл өз кезегін-

де  сот  шешімдерінің  жедел  әрі  сапалы 

қабылдануына  және  орындалуына  мол 

мүмкіндіктер тудыратыны анық.

Әрине, 

бүгінгі 


таңда 

соңғы 


реформаларға  байланысты  үш  сатылы 

сот жүйесінен басқа да үлкен өзгерістер 

енгізілді. Солардың бірі - судья лауазы-

мына  кандидаттарды  іріктеу  тетіктерін 

айқындау  және  біліктілік  талаптарын 

күшейту болып табылады.

Қазір  судьялыққа  іріктеу  талаптарын 

қатайту  мақсатында  бірқатар  жұмыстар 

атқарылды.  Мысалы,  жоғары  заңгерлік 

білімі  бар,  моральдық-адамгершілік 

ұстанымы  берік,  кемінде  бес  жыл  сот 

отырысының хатшысы болған, судьяның 

консультанты  (көмекшісі),  прокурор,  ад-

вокат  ретінде  кемінде  бес  жыл  жұмыс 

өтілі  немесе  заңгерлік  мамандығы 

бойынша кемінде он жыл жұмыс өтілі бар 

үміткерлер судьялық қызметке таңдалып 

алынады. 

Осы 

кезге 


дейін, 

алты 


рет 

судьялардың  съезді  өтті.  Енді,  жетін-

ші  басқосудың  алдында  тұрып,  өткенге 

көз жүгіртсек, өткен съездердің барлығы 

отандық соттың бүгінгідей биікке жетуіне 

бастау болғанын байқауға болады. Бұған 

дейін өткен алты съезде де судьялыққа 

кандидаттарды іріктеу, олардың жас ере-

кшелігіне, тәжірибиесіне қатысты талап-

тарды күшейту, жас судьяларға тәлімгер 

тағайындау,  олардың  үнемі  білімін 

жетілдіріп  отыру  үшін  арнайы  семинар, 

тренингтер  өткізу  мәселелері  қазылар 

тарапынан  жиі  көтеріліп,  ұсыныстар 

айтылғаны  есімізде.    Алқалы  жиында 

берілген мұндай тапсырмалардың орын-

далмай қалғаны жоқ. Соның нәтижесінде 

қазір  сот  құрылымында  білімді,  талап-

шыл,  кәсіби  мамандардан  тұратын 

мықты  команда  жасақталып  шықты. 

Жыл  сайын  қазақстандық  сот  жұмысын 

қорытындылағанда шығарылған шешім, 

үкімдердің  толықтай  дерлік  өзгеріссіз 

қалдырылуы  судьялардың  өз  ісін  жетік 

меңгергенін, істі әділ де сапалы таразы-

лайтынын көрсетсе керек.

Заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету-

де  басымдылық  берілген  «100  нақты 

қадамның» 

21-қадамына 

сәйкес, 

алқабилер  соты  қолданылатын  са-

лалар  кеңейтілді.  Ең    маңыздысы, 

алқабилер    соты      міндетті      түрде  

қатысатын    қылмыстық    істердің  санат-

тары  анықталды.  Елбасы  қол  қойған 

жаңа  заңға  сай,  алқабилер  қатысатын 

соттардың  қарауындағы  істердің  аясы 

ұлғайып,  қосымша  төрт  құраммен 

толықтырылды.  

Мемлекет басшысы Ұлт жоспарының 

19-қадамында  судьялардың  есеп  беру 

тәртібін  күшейтіп,  судьялардың  жаңа 

этикалық кодексін жасақтау мәселелерін 

міндеттеген 

еді. 


Осыған 

орай 


Судьялардың жаңа Әдеп кодексінің жо-

басы әзірленіп отыр. Судья сот төрелігін 

атқару  барысында  үнемі  шиеленістер 

мен  қайшылықтар  алаңында  тұрады. 

Бұл олардың мейлінше ұстамды, сабыр-

лы, салихалы, іскер де, тапқыр, әрқашан 

тез  де  заңды  шешім  қабылдай  алатын 

жан болуын талап етеді. 

Әлемнің  дамыған  30  мемлекетінің 

қатарына қосылуды мұрат тұтқан еліміздің 

халықаралық  қауымдастықтан  лайықты 

орын  алуы  үшін  заңдарымыздың  ізгі, 

сот билігінің дүниежүзілік стандарттарға 

сай  болуының  барша  мүмкіндіктері 

қарастырылып  отыр.  Жаңа  жүйе  біз-

ге  жаңа  жетістіктерге,  ойлаған  ісімізге, 

аңсаған мұрат-мақсатымызға жетелейтін 

өз жақсылықтары мен жаңалықтарын ала 

келді.  Бұл орайда, сот саласы қызмет-

керлерінің  Мемлекет басшысының «100 

нақты  қадам»  Ұлт  Жоспарында  белгі-

ленген  міндеттерді  орындауы    халыққа 

-  жақсылық,  судьяларға  -  абырой 

әкелмек.


Заңның  үстемдігін  қамтамасыз  ету 

шеңберінде  әзірленген  іс-шараларды 

іске  асыру  сот  төрелігін  жүзеге  асы-

ру  сапасын  жақсартуға,  азаматтардың 

сотқа деген сенімін арттыруға, Еліміздің 

сот  жүйесі  қызметін  құқық  үстемдігінің 

әлемдік  рейтингінде  жаңа  деңгейге 

көтеруге  мүмкіндік  тудыратыны  анық. 

Осы  бағытта  Елбасымыздың  кезек-

ті  Жолдауында:  «Біріміз-бәріміз  үшін, 

бәріміз-біріміз  үшін  еңбек  етуге  тиіспіз» 

-  деген  қағидасы  сот  жүйесінің  алдағы 

бағдарламасы екенін толық қолдаймыз.

 



  1   2


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал