«кітапханашы» МӘртебелі мамандық



жүктеу 44.99 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі44.99 Kb.

«КІТАПХАНАШЫ» - МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ 

Асанова Нұрғамила Төлеужанқызы, 

Қарағанды облыстық әмбебап 

ғылыми кітапханасы, өлкетану 

бөлімінің кітапханашысы 

«Жақсы кітап - жан азығы». Кітапхана -

ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуенін 

сүріндірмей әкеле жатқан, шырағы биік 

парасаттылық пен білімділіктің, байлық пен 

біліктіліктің киелі ордасы. Менің бір арманым 

орындалды дей аламын. Олай дейтінім, бүгінде 

мен кітапханашы мамандығын меңгеріп, өзіме 

ұнаған қызметті атқарып жүрмін. «Кітапхана» атты 

жұмақтың ішінде жүрген бақытты жанның бірімін! 

Міржақып Дулатов атамыз айтқандай, «Оян 

қазақ!» деген өмірлік ұраныммен, кітап арқылы

мейірман жүрегім арқылы қалың қазақтың 

көкірегін ашып, көңілін оятқым келеді де тұрады. 

Кітапқа деген алғаш махаббатым бала 

кезімнен оянды. Оқуға деген сүйіспеншілік сезімін 

тудырған - өзімнің әкетайым. Әлі есімде сол кісінің 

ең алғаш оқып берген ертегілері. Қазірдің өзінде 

ертегі кітаптарды оқуды ұнатамын. Бала кезімнен 

сүйіп оқыған Бердібек Соқпақбаевтың «Менің 

атым Қожа» повесін, Сайын Мұратбековтің 

«Жусан иісі» әңгімелерін қайталай оқи отырып, 

өзімді бақытты балалық шаққа қайта оралғандай 

сезінемін. Кітаптың құдіреттілігі міне - осында. 

Кітапты оқу жай уақыт өткізу деп білмейік ағайын

кітаптың рухани нәрінен сусындайық! 

Кітапхана - дүниеде ештеңеге теңестіріл-

мейтін білім бұлағының кәусар көзі. Заманымыздың 

әр кезеңінде кітапханашы мамандығы туралы ұғым 

жоғары болуы тиіс. Кітапханашы кітапханада 

кітапты қолға береді деген тар ұғым орнына, 

қоғамда кітапханашы мамандығының қажеттілігін 

мойындататын оң пікірлер мен көзқарастар 

қалыптастыру керек деп ойлаймын. Кітапханашы 

болу ол әркімнің қолынан келе бермейді, кітаптың 

құдіреттілігін терең түсіне білген жан ғана осы 

рухани ордада қызмет атқара алады. 

Жастарды кітап оқу мәдениетіне тәрбие-

леуге, олардың поэзияға деген қызығушылығын 

арттыруға, талғамына, таңдауына сай әдебиеттерді 

іріктеуге көмек көрсету, оқуға деген ынта-

ықыласын көтеру, оқуға деген көзқарасын өзгерту 

осындай жұмыстарды атқару менің борышым деп 

білемін, солай жасаймын да. 

Кітапханадағы көпшілік жұмыстардан маған 

ұнайтыны, жастардың қарым-қатынасын қалып-

тастыратын, олардың пікір алмасу арқылы ойла-

рын өрістететін ортаның - әдеби клубтардың 

жұмысы. Жастардың бетін кітапқа бұрып, ықыла-

сын кітапханаға аударатын клуб жұмыстарының 

жастарға берері мол. 

Қарағанды облыстық Н. В. Гоголь атындағы 

облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 

еліміздің ертеңі - жастармен жұмыс жақсы бастама 

алған. 

Жыр сүйер жастардың шығармашылығын 



шыңдауға, жас қаламгерлердің талабын қолдауға 

арналған жалпы саны 50-ден астам клуб 

мүшелерінен тұратын «Жыр - Жауһар» поэзия 

клубы 2006 жылдан бері жұмыс істеуде. 

Клубтың мақсаты - қазақ ақын-жазушылары-

ның шығармашылығын насихаттау, қазақ 

поэзиясына деген сүйіспеншілікті, кітап берілімін 

арттыру, әлеуметтік функциясы - қарым-қатынас 

жасайтын орта құру, жоғары өнегелі байланыс 

ұйымдастыру болып табылады. 

Поэзияны пір тұтатын дарынды жастардың 

басын қосқан бұл клуб ашылғаннан бері 

оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп келеді. 

Өлең сүйер оқырмандар клубта өздерін 

толғандыратын тақырыптарда пікір бөлісіп, 

жүректерін жарып шыққан жыр туындыларын 

талқыға салады. 

«Жыр-Жауһар» поэзия клубының тоғыз 

отырысы болып өтті. Клуб мүшелері бірнеше 

әдеби кештер дайындап өткізді. Солардың 

қатарында: «Өлеңім көшіп барады болашаққа» 

(М.Мақатаевтың 75 жылдығы); «Қыран қанатты 

ақын» (Қ.Аманжолов - 95 жылдығы); «АҚЫН 

ЖӘНЕ АЗАМАТ. ПОЭТ И ГРАЖДАНИН», 

(О.Сүлейменовтің - 75 жылдығы), «Жыр жүре 

гіндегі жазулар» ( Т.Айбергеновтің 70 жыл-

дығы), «Мен жүрекпін тірлік үшін соғатын» 

(Д.Әбілевтің 100 жылдығы) т.б.. Бұл әдеби жиын-

дарға жалпы саны - 400-ден астам адам қатысты. 

Солардың ең ауқымдыларына тоқталып өтейін: 

Клубтың тұсаукесер рәсімі қазақ поэзия-

сының Хан Тәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың 

75 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Өлеңім 

көшіп барады болашаққа" атты поэзия кешімен 

орайластырылды. 

Бұл кешке өлең өлкесінде өзіндік бағытпен 

қалам сермеп келе жатқан Қазақстан Жазушылар 


Одағы Қарағанды облыстық филиалының 

директоры, ақын, мәдениет қайраткері Серік 

Ақсұңқарұлы арнайы келіп, поэзия клубының 

тұсауын кесіп, Кеңес дәуірінің ұлы перзенті 

Мұқағали туралы, оның поэзиясының ұлылығы 

жайлы өз ойын бөлісті. 

Мұқағалидың ақындық ізін жалғастырып 

келе жатқан облысымыздағы жас ақындар: Қайрат 

Асқар, Руслан Нұрбай, Жұлдыз Райымбекқызы 

Мұқағали туралы кеңінен толғанып, оның 

өлеңдерін терең тебіреніспен оқыды. 

Онымен қоса Мұқағалидың өлеңдеріне 

жазылған әндер шырқалды. «Дұшпаның бар ма?», 

«Аягөз ару» секілді әндерді халықаралық және 

республикалық конкурстардың лауреаты Ерлан 

Құжиманов нақышына келтіріп орындады. 

Мұқағалидай мұзбалақ ақынның туған күні 

қарсаңында өткізілген поэзия кеші көптің 

көңілінен шықты. 

Осы кешке көрермен ретінде келген 

Қарағанды Мемлекеттік университетінің, маңызды 

білім беретін «Болашақ» институтының студенттер 

қауымы «Жыр-Жауһар» атты поэзия клубына 

мүшелікке өтетіндіктерін білдірді. 

Алдағы уақытта поэзия клубы өз 

отырыстарында келешегінен көп үміт күттіріп 

жүрген жас ақындар тәлімгер ақын ағаларынан 

поэзияның қыры мен сырын үйреніп және 

еліміздегі қаламы әбден ұшталған дарынды 

ақындардың мерейтойларын өткіземіз деп 

жоспарлап отыр. 

Қарағанды облысының 70 жылдық торқалы 

тойын клуб мүшелері дауылпаз ақын жерлесіміз 

Қасым Аманжоловтың 95 жылдығына арналған 

«Қыран қанатты ақын» атты әдеби-сазды кешпен 

атап өтті. Осы кеште жас таланттар дүлдүл 

ақынның шұрайлы шығармаларын тебіренте 

оқумен шектелмей, ақынға арналған өз өлеңдерін 

де шарықтатты. 

Кешке қатысқан қадірлі қонақтар Қасымның 

мұра етіп қалдырған бай қазынасына айналған 

сыршыл да талантты поэзиясын сағына еске алып, 

Қасым поэзиясы - шындықтың айнасы, дәуірдің 

буырқанған тынысы мен дыбысы екеніне тоқталып 

өтті. «Жыр-жауһар» поэзия клубының мүшелері -

Мырзахметов Алмаз, Медеубаев Қуаныш, 

Манкенова Гүлзада, Патталова Гүлжанат, 

Балабаева Айнагүл, Найманбаева Меруерт, 

Әбішева Әсем, Асанова Нұрғамила, Әлиева 

Назерке Қасым өлеңдерін нақышына келтіріп 

оқып, «Құпия қыз» поэмасынан үзінді көрсетсе, 

Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенттері 

Қасым Аманжоловтың әндерін орындады. Сонымен 

қатар кешке ҚарМУ-дың, «Болашақ» институты-

ның, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің, Қара-

ғанды гуманитарлық колледжінің, Талап колледжі-

нің студенттері және орта мектептердің жоғары 

сынып оқушылары қатынасып белсенділік танытты. 

«Жыр - Жауһар» поэзия клубында белгілі 

қоғам қайраткері, халықаралық антиядролық 

«Невада - Семей» қозғалысының басшысы, 

заманымыздың арғымақ ақыны Олжас Омарұлы 

Сүлейменовтің «АҚЫН ЖӘНЕ АЗАМАТ. ПОЭТ 

И ГРАЖДАНИН» атты поэзия кешін өткізді. 

Мәдени шарада өршіл ақынның ерен еңбегі, өр 

туындылары, ажал сепкен, «аждаһа» атанған 

Семей полигонының жабылуына қосқан үлесі 

айтылып, ақын шығармашылығы көпшілікке 

ұсынылды. Оқырмандардың назарына ақын 

шығармашылығын ашатын «Тауды аласартпай, 

даланы асқақтатайық» көрмесінде О.Сүлейменов-

тің «АЗиЯ», «Арғымақтар» бастаған мол туынды-

лары қойылды. 

Клубымызда «Тұма жыр», «Тұма жыр 2» 

атты жас ақындарды қабылдау рәсімдері болып 

өтті. Бұл клубтың жыл сайын өткізетін дәстүріне 

айналған.Мұндай мәдени шара дара тұлғалы, 

заманымыздың ақиық ақындарының жолын басып 

келе жатқан ізбасар, қауырсындары қатаймаған 

жас ақындарымыздың қатарын көбейте түседі. 

Клуб мүшелері ақын-жазушылардың шығар-

машылығымен шектелмей, өздері де шығарма-

шылықтарын жандандыруда. Клуб жұмысының 

жетекшілері кітапханашылар: Бұланбекова Рахат, 

Сағитова Алмагүл, Мейрамова Шынар, Асанова 

Нұрғамила, Мұсатаева Айым жастардың тартым-

ды тырнақалды туындыларын жергілікті, респуб-

ликалық баспасөз басылымдарында ұдайы жария-

лануына ерекше ықпал етуде. Мәселен, клубы-

мыздың белсенді мүшелері: Қуаныш Медеу-

баевтың «Анашым», «Сағынамын» өлеңдері, Жа-

нат Баекеновтың шығармалары, Алмаз Мырзахме-

товтың «Алайма заман, алайма», «Махамбет 

ізімен» өлеңдері баспасөз беттерінде жарық көрді. 

Үстіміздегі жылы «Жас қаламгер» атты 

республикалық альманахта дарынды жастардың 

тырнақалды туындыларының үздіксіз жариялануы, 

клуб жұмысының жемісінің айғағы дей аламыз. 

Мұнда 16 клуб мүшесінің 100 өлеңі жарық көрген. 

Бұл - біз үшін қуанарлық жайт. 

Жастар шығармаларының дэстүрлі түрдегі 

баспасөз беттерінде ғана жарияланбай, заман 

ағымына сай әлемдік ақпарат айдынында өзіндік 

орынға иеленуіне де ат салысудамыз. Мысалы 

облыстық кітапханада «Қарағанды облысының 

әдеби өмірі» www.adebiet.freenet.kz атты қазақ 

тіліндегі веб сайтында облыс жастарының өлең 

жырлары айдай әлемге жарияланып келеді. 



Енді толығырақ осы аталмыш сайттағы 

«Жыр-Жауһар» поэзия клубының бөлімін атап 

айтқанымыз жөн болар. «Клуб жайлы», «Клуб 

жоспары», «Алғашқы толқын», «Жас толқын», 

«Шығармалар», «Мерзімді баспасөз беттерінде» 

деген бөлімдерден сіздер Қарағанды облыстық 

Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми 

кітапханасында құрылған «Жыр-Жауһар» поэзия 

клубының бағыт-бағдары, алға қойған мақсаттары, 

келешегі кемел жас ақындарымыздың жалын-

датқан жастық шақтың әуеніне толы жырларымен, 

таныса аласыздар. 

Жастар кітап оқымайды десек те, поэзияға 

құштар жастардың қызығушылығының арта түсуі, 

өлең өнердің, қасиетті қазына - кітаптың бағалы 

мұра екендігінің айғағы. 

Сайып келгенде, айтатыным жастықтың 

өзіне тән талғамы, талдауы, толғанысы мен 

көзқарасы болады. Олардың және бір қасиеті 

сезімге көп беріле бермейді, өмірден өз орындарын 

өздерінше іздейді. Махаббат пен достықтың 

сиқырлы сезім сандығын да бүгінгі жастар өзінше 

өз көзқарастарымен ақтарады. Оны осы «Жыр-

Жауһар» поэзия клубы жастарының атқарып 

жатқан ісінен байқауға болады. 

«Жыр-Жауһар» поэзия клубы қауымдастығы 

- жас ақын-жазушыларымыздың болашақта жарық 

көрер үлкен шығармаларының ақжолтайы, 

жолашары. Бұл поэзия клубы қауымдастығына 

енген жастардың бәрі - әдебиеттің ертеңгі өшпес 

үміті. Сондықтан, Жас қаламгерлерге сәт-сапар 

тілейміз!!! 

Сөз соңын клубымыздың белсенді 

мүшелерінің бірі Жанат Баекеновтың өлең 

жолдарымен түйіндегім келіп тұр: 

Жалындатқан елімнің ертеңі мен, 

Отан үшін арымды төгемін мен. 

Беттеген барыс бейне болашаққа, 

Мен дағы үлесімді қоссам деп ем. 

Тер төгем, аянбаймын елім үшін, 

Жазира байтақ мына жерім үшін. 

Шақырамын жастарды ынтымаққа, 



Еліміздің болашағы ертеңі үшін... 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал