Kit ап хан асы ғарифолла Есім



жүктеу 0.54 Mb.

бет1/4
Дата27.01.2017
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4

**

**



i

кітапханасы

ҒАРИФОЛЛА  ЕСІМ


5"  & ](ь У

/  


m \

KIT АП ХАН АСЫ

Ғарифолла  Есім

АБАИ


туралы философиялық 

трактат


* С. fOP&.ftybiPOa^ 

ы 

Нг.мяғ.г,стт;к ySW



P.EPOVSf £Т\ •

С.  5ЕЙС£ЭДБА£2  АТЬІНЛАГЫ  ГЫЛЫМИ  КІТАПХАНА

С :З Қ   О.ҚУ  ГіАЛЫ

Ч М ^Д Л Ь Н Ы Й   З А Л   я п с  

НАУЧНАЯ  Б И Б Л И О Т Е К А   И М .  С .  6Е Й С Е М Б А Е В А

• ПАВЛОДАРСКИЙ 

государственный

 

гнхверсйто



 UM

.C ТОРАЙГЬРОВА

А лм аты  

« Қ азақ  ун иверситеті» 

2004


С.Торайғыроа 

а т ы н д а ғ ы   П М У -д ің  



j 

а  к а д  е м и  к  С . Б е  й с е м  б а е  ; 

атындағы  ғылыми

КІТАПХАНАСЫ

Есім Ғарифолла 

Е78 


АБАЙ  туралы   ф и л о с о ф и я л ы қ   трактат. 

Ачматы:  Қазақ университеті,  2004.  -  83  б.

ISBN  9965-12-688-7

К ітап   ж огаргы   с ы н ы п   м ек т еп   окуш ы лары на, 

әдебиет,  тарих,  адам  ж әне  коғам  п э н ін ің   мүғалім- 

дер іи е,  студен тгсрге,  а с п и р ан тт ар га,  ф илософ ия, 

м ә д е н и е т т а н у ,  д ін т а н у   м а м а н д а р ы н а ,  жаліты 

халқы м ы зды ң  дүн и стан ы м ы н   таны п-б ілгісі  келген 

ниеттегі  окы рм ан  қауымға  арналган.

0301020000-031 

460(05)-04

Б Б К   87.3я7

ISBN 9965-12-688-7

©  Есім  Ғ ариф олла,  2004.



A /vfbi  с е з

Қазақ халқының  мәдениеті  тарихында  ақын, 

хакім  Абайдың  орны  ерекше.  Ол  озіне  дейінгі 

мәдени  мүраны  бойыиа  с-іңдіре  отырьш,  мәдс- 

ниетке  ты ң  арн а  салды .  А бай д ы ц   осы н дай  

реформаторлық  табиғаты н  ерте  таны ған  адам 

жазушы, профессор, Мүхтар Омарханүлы Әуезов.

Мүхтар  Әуезов  үлт  мәдениетін  өркениеттік 

жолға  бастаған  түлга  болатын.  Ол  қазак  халкы 

өркениетке  бағыт  алғанда  түсетін  жолы  -   Абай 



жолы деген қорытындыға келген.  Мүхтар Өуезов 

осы  идеяны  іске  асыру  м ақсаты на  өзін ің   бар 

ғүмырын  арнады.  Бүл  істі  орындап  шыгу  оңай 

болмады,  бүл  жолда  ол  азап  шекті,  бірақ  алған 

бағытынан  қайтпады,  сөйтіп  Абай  жолы  үлтты 

өркениетке  бастай ты н   ж ол  ек ен ін   дәлелд еп - 

шықты. Ол реформатор ақынның көркем бейнесін 

“Абай жолы” деп аталатын торт кітаіттан түратын 

романда  бейнелеп  берді.  М үхтар  Ә уезов  тек 

жазушы  ғана.  ем ес,  ғалы м,  үстаз  (проф ессор) 

болатын.  Ол  Абай  Қ үнанбаев  туралы  ғылыми 

монография  ж азды ,  абай тан уд ан   эл -Ф ар аб и  

аты ндағы   Қ а з а қ   ү л тты к   у н и в ер с и те тін д с 

студ ен ттерге  д әр іс  оқы д ы .  М үхтар  Ә уезов 

Абайдың  өмірбаянын  толық  өз  қолымен  жазып 

қалдырды,  бүл  біздер  үшін  баға  жетпес  мәдени 

мүра. Алайда осындай жүмыстардың бәрі Кеңестік 

тоталитарлық қоғам кезінде жүргізілді, сондықтан

- § •   3


А бай ды ң   о й ш ы лд ы қ  таб и ғаты   өз  мәнінде 

аш ылмады ,  зерттелм еді.  Ол  зам андағы   Абай 

туралы  еңбектерде,  Абай  Қүнанбаев  -   ағартушы 

деген  мәдени-идеологиялык  түсінік  қалыптасты, 

оның  философиялық  ой-толғамдарға  қүрылған 

қара сөздерін “ нақыл сөздер” деп түсіндірілді. Бүл 

заманның сол кездегі  ойлау деңгейінің көрссткіші 

болатын.  Абайдың  хакім  екендігін  айту,  еркін 

ойлау  дәуірінен,  еліміздід  егемендік  апган  1991 

жылынан  бастау  алды.  Халық  өз  мүрасын,  оныд 

қүндылыктарын  өзі  анықтай  алатын  деңгейге 

жетті. Үлттык мүддені  мүрат еткен ғалымдар өсіи 

шыкты,  қоғамды қ  санада  еркін  ойлау  дәгтүрі 

қалыптаса бастады. Бүл достүр XX гасыр басында 

басталған болатып, бірақ оны большевиктер үзген, 

енді  сол  дәстүрдің  егем ендік  жағдайда  қайта 

жаңғыруына  мүмкіндік  туды.  Айталық.  Ахмет 

Байтүрсынов Абайды “Қазақтың бас  акыны”- деп 

б ағал аса,  М ағж ан  Ж үм абаев  “ А лты н  хакім 

А б ай ға”  -   деп  өл ең   ж азған .  О сы   д әстүр  өз 

ж алғасы н,  қолдауш ы лары н   таба  бастағанда, 

к о м м у н и с т   режим  оған  тоқтау  салып,  Абайға 

аіартушы деген ған а“дөреже” қалдырды, оиыд өзі 

Мүхтар  Әуезовтың  қайтпас,  кажырлы  еңбегінің 

нәгижесінде  болган.

Абай Қүианбаевтың омірбаяны туралы. Абай 

(Ибраһим)  Қүнанбаев  қазіргі  Шыгыс  Қазақстан 

облысы Абай ауданында Қунанбай Өскенбаевтың 

отбасылда  10 тамызда  1845 жылы дүниеге келген.



Әкесі  Қүнанбай  дәулетгі  бай,  аға  сүлтан  болып, 

емірінің  соңында  Меккеге  барып  қажы  атанган. 

Шешесі  Үлжан  сабырлы,  парасатты  адам  болған. 

Абай  білімді  10  жасқа  дейін  ауыл  молласынан, 

одан  әрі  С ем ей  қ а л а сы н д ағы   А х м е г  Р иза 

медресееінде  оқып,  оның  үшінші  жылында  осы 

қаладағы  “Приходская  школаға”  қосымша  түсіп, 

орысша  сауатын  ашады.  Он  үш  жасқа  келгенде 

Абайды  әкесі  Қүнанбай  оқудан  шыгарып  алып, 

оны  ел  билігіне  баули  бастайды.  Табиғатынан 

зерек  Абай  білімін  өз  бетінш е  ж алғасты руы н 

токтатпай,  сол  кездегі  Семей  қаласындағы  кі- 

тапханаға түсетін әдеби  басылымдармен  түракты 

түрде танысып  отырды.

Абай  1876-1878  жылдары  Қоңыр  -   Көкше 

еліке  болыс  болып  сайланады.  Семей  қаласы  ол 

заманда  саяси  қуғы нға  түскендердің  мекеніне 

айналған  еді,  1870  жылдары  мүнда  жер  айдалып 

келген,  патш а  ү к ім е т ін е   саяси   күд іктіл ер   -  

Е.Михаэлис,  И.Долгополов,  А.Леонтьев  т.б  ақын- 

дармен танысып, араласып  кетеді. Абай үшіы олар 

Европа  елдері  мен  Россиядан  ақпараттар  алудың 

козі  болды.  Абайдың орыс таныстары, достары  -  

халықшылдар  болғанымен,  акын  халықшылдық 

идеясын қабыл алмаған, ол білім мен дүниетаным 

мәселелерін  бір-бірінен  ажыратып  отырған.

Абай өлеңжазуды он жасынан бастаган, бірақ 

аға  сүлтан  баласына  өлең  жазу,  ақын  болу  деген 

қогамдық пікірде дүрыс қабылданбағандықтан, ол

S *  

5


өз өлендерін біреулердің атынан шығарып жүрген. 

Абай  1886 жылы қырьгқ бір жасында “Жаз” деген 

өлеңін түңгыш  рет өз  атымен  жария  еткен,  содан 

беріде  ол  ақындық,  ойшылдык  жолга  біржола 

гүсті. Абай Шығыс поэзиясынәрі хакімдігін жетік 

білген,  әсіресе  Фирдоуси,  Низами, Сағди,  Хафиз, 

Науаи,  Физули,  т.б.  шығармаларын  араб,  парсы, 

шағатай  тілдеріңде  оқьп ан.  сонымен  бірге  орыс 

тілін де  жетік  білген,  ол  Александр  Пушкин  мен 

Михаил  Лермонтовтың  көптеген  шығармаларын 

қазақ тіліне  аударған.

Абайдың үш ойелі  (Ділдә, Эйгерім, Еркежан) 

болған, олардан (Еркежаннан бала болмаған) жеті 

үл, үш қыз өсіп-өнген. Абай өзі ерекше үміт еткен 

үш  баласынан  ерте  айрылды.  Петербургте  оқып 

ж үргенде  окпе  д ер тін е  ш алды ққан   Әбіш 

(Ә бдірахман)  1895  жылы,  өзіне  тартып  ақын 

болған  балалары  М ағауия  мен  Акылбай  1904 

жылы  б ірін ен   кейін  бірі  қайты с  болады. 

Балаларыиың  қайғысы,  калың  ел  қазақтың  ауыр 

халы  ойшыл  Абайды  меңдетіп,  ол  1904  жылы 

дүниеден озды. Ақынның өмірбаянын орыс тілінде 

жазып, жүртқа Абай қазасын естіргу мақсатында, 

“ Семипалатинский  листок5'  атты  газетке  1905 

жылы  Әлихан  Бөкейханов  некролог  жариялады. 

Абайдың  түңғыш  өлеңдер  жинағын  Петербургте 

Броганекий  баспасынан  жарық  көруге  қолқабыс 

жасаған  да Әлихан  Бокейханов.



АБАЙ  философия'  деген  терминді  қолдан- 

баған.  ссбебі  оны  христиандық  дүниетаны.м  дегі 

түсінген.  Ол  “ ф и л о со ф и ял ы қ   б ү л а қ т ы ң ” 

бастауынан  нәр  алган.  Абай  мойындаған  фило- 

софтар -  Сократ, Платон, Аристотель -  бүлардың 

заманында  христиандық  та,  ислам  да  діни  жүйе 

ретінде анықталмаған. Дін туралы түсінік басқаша 

болатын,  дін  агартушылық  және  идеологиялық 

кызметтеріне әлі енбеген. Дін ол кездерде білімнің 

тек  синонимі  ем ес,  он ы ң   өзі  б олаты н .  Дін 

танымның  әм бебап   ф ор м асы   болы п  тү рған  

заманда  өмір'  сүрген  грек  ойшылдары  Абайды 

кы зы қты рған. 

Баты с 


ф и л о со ф и ясы н ы ң , 

м әдениетінің  х р и с ти а н д ы к   ір гетасы ,  орине 

мүсылмандық  көзкарастармен  үйлесе  бермейді. 

Бүгінде  басы  ашық  мэселені  кеңестік  идеология 

орі  м аркстік-лени н дік  б агы тқа  лай ы кталған  

философия, Батыс  мәдениетін діни достүрден ада

*  А б айтуралы   осы  м акалад а,  мен  негізінен.  онын. хакім лігіне 

токталы п  оты р м ы н,  ж о га р ы д а   а й г г ы к ,  ө м ір б ая н ы   мен  коркем 

бейнесі  туралы  М үхтар  Ә уезов ар най ы   ш ы ғарм алар  жазған


деп  түсіндірді.  Ш ындық  өзгеш е  болатын.  Осы 

мәселеге  катысты  М.К.Мамардашвюшдің  мына 

п ікірлерін  келтірейін :  “ На  русской  истории, 

повторяю, лежит печать невероятной инертности, 

и эта инертность была отмечена в начале XIX века 

еди нственн ы м  

о б л ад ател ем  

автономного 

философского мышления в России- Чаадаевым. Он 

к он стати р ов ал ,  что  П росвещ ен и е  в  России 

потерпело  пораж ение,  и  из  этой  констанции 

род и лась  его  ф и лософ ск ая  м ы сль,  мысль 

автономная  и  метаф изическая,”-   дейді  де  әрі 

қарай:  “Потому'  что  в  европейской  культуре  это 

вещь  фундаментальная.  Классическую  европей­

скую  культуру, т.е. ту,  что  складывается  к началу 

XVII  века  на  гребне  возрожденческого  подъема, 

можно  определить  как  культуру  христианскую’'. 

(‘‘Вопросы философии”. №  5,  1992. С.111).

Баты с  Е вропа  м ә д е н и еті  XVII  ғасырда 

басталган  христиандык.  достүрінен  XIX  ғасырға 

дейін негізінеи арылған жоқ,  керісінше діни жаңа 

арналар тауып жатты. Сондықтан Абай европалық 

білім ді  ған а  алы п,  он ы ң   дүниетаны мы н 

қабылдамады.  Ол  өзінің  мәдени-дүниетанымдық 

дәстүрлі  кеңістігінен  шықпады,  сейтіп  үлттық 

ойлаудьщоз арнасын тапты. Абай өз заманындағы 

жаңашылдық болып саналатын агартушылықкада 

ден  қоймады.  Қ азақ  даласы нда  ағартушылык 

дінмен бірге жүріп жатты.  Абай ол жагында болған 

жоқ,  ол  үлттың  ойшылдык  дөстүрін  жаңа  сапаға



шығарды. Абай да Чаадаев сияқты жеке дара ойшыл 

болды.  Ол  да  фююсофияны  метафизика  мөнінде 

қабылдады.  Оның  дәлелі  Абайдың  хакім дікке 

берген  мазмүндамасы нан  айқын  көрінеді.  Ол 

хакімдікті  әр  істің  себебін  анықтаумен,  ашумен 

түсіндіреді.  Абай  дүниетаны мьш да  себептілік 

басты  үғым.  Ол  әр  істің  себебі  бар  дейді,  сол 

себептілікті  ашушы  -   хакім.  Әрине,  себептілікті 

ашу ғылымның да ici. Сондықтан Абай ғалым мен 

хакімнің бір-бірімен бірлігі  мен өздеріне ғана тән 

мазмүндарын  тараты п  берген.  Отыз  сегізініиі 

қарасөзінде әрбір хакім ғалым, әрбір ғалым хакім 

емес деп нақтылы айтқан. Сонда хакім бір жағынан 

ғалым,  екінші  жағынан  ғалымнан  жоғары.  Олай 

болса хакім деген  кім?  Абайда бүл  сүраққа жауап 

жоқ.  Ол  тек  өр  істің  себебін  іздеушіні  хакім  де 

дейді. Бүл толық жауап емес, ғалымдар да әр  істің 

себебін  іздеп қана  қоймай,  оның детерминанттық 

табиғатына  үңіліп,  заңдылы қтар  ашады.  Абай 

хакімдіктің бағыттықжағын ғана айтқан, ал, әрбір 

хакімнің  ғалымнан  биік  болуынын  мәнісі  неде 

деген сүрак ашық, бірақ ол кімдердің хакім екенін 

атап  еткен.  олар:  Сократ,  Платон,  Аристотель. 

Бүлардын  хакімдігіне  Абайдың  еш  таласы  жоқ. 

Осы  түста  ойға  ой  қосы лады .  А ристотельдің 

“метафизика”  деген  еңбегі  көпшілікке  белгілі. 

Онда "Метафизика'’ туралы мынандай түсініктеме 

бар.  “С остави тел ь  к о р п ус а   ар и стотелевски х 

сочинений  (Андроник  Родосский  или,  возможно,


более ранний перипатетик) поместшт данный труд 

после  произведений,  посвященных  исследованию 

природы, что и определило его название -  ta meta ta 

physica  (то,  что  после  “Физики)”.  (Аристотель.  Т.  1. 

М.,  1976. С. 451-452).

Бул жерде  бізге  қажетті  мәселе,  метафизика- 

ның  физикадан  кейінгі  білім саласы екенін  анық- 

тап  алу.  Метафизиканы  физикадан  кейін  зерттеу 

ici  перипатетиктер дәстүрі  болған деген де мағлү- 

мат бар (қараңыз, ол да сонда, 451 -б.).  Физикасыз 

бірде-бір  жаратьшыстану  білім  саласы  езімен-өзі 

бола  ал м ақ  ем ес.  Ө зге  ғы лы м дарды   былай 

қойганда.  маган  биологияның  өзі  физиканың  бір 

арнасы  сияқты  көрінеді.  Сондықтан  Аристотель 

физика туралы  айта  келе,  енді  одан  кейін  келетін 

білім  саласы  бар,  ол  метафизика  (қазіргі  тілге 

салсақ  философия)  деген.  Шындық.  Физиканың 

шенберінен  тыс  жатқан  білім  -   ол  философия, 

бірақ ол міндетті түрде физикадан (ғылымнан деп 

түсініңіз,  F.E)  кейін  болмақ.  Демек,  физиктердің 

бөрі хакім  емес, бірақ хакімдікке жеткен физиктер 

болады,  мен  соны ң  ец  керн ектілерін е  Исаак 

Ньютон  мен  А льберт  Эйнштейн  сияқтыларын 

жатқызар едім.  Абайдың орбір хакім ғалым, әрбір 

галым  хакім  емес  деген  сөзінің  мәнісі  осында. 

Әрине,  қазіргі  заманда  әрбір  гылымның  ішінде 

диференциация қауь[ртж\^ріп жатқанына қараліас- 

тан,  гы лымның  философ иямен  (хакімдікпен) 

интеграциясы  ешкашан  гоқталмақ  емес,  ойлай- 

мын  бүл  процесс  болашақта  мықтап  күшіне  енуі



ықтимал.  Кеңес  заманында  осы  зандылықты  біз 

(әсіресе  м аркстік  б ағы ттағы   ф и л о со ф тар ) 

и деологияланды ры п  алы п,  қ а т е л е с т ік .  Біз 

жаратылыстану өкілдеріне ақыл айтып, оларга жөн 

көрсете  бастадық,  онымыз  теріс  методология 

болатын. Бүл дәстүр Лениннің “Материализм жэне 

эмпириокритцизм” еңбегін талқылаіі, түсіндіруден 

кең өріс алды. Философтар физиктерге “ақыл” айта 

бастады,  бүл  теріс  бағыт  болаты н.  Ғы лы мнан 

хакімдікке  (яғни  философияға)  өгуі  табиғи  және 

болмай қоймайтын іс. Философияға ғылымның өзі 

бастап  әк ел ед і,  б ір а қ   бүл  ж ерде  ер те р ек те 

ескерілмеген  бір  айтулы  мәселе  бар.  ол  -   дін. 

Философияны  таза  дінсіз  қалпы нда  түсіну  әрі 

түсіндіруден  соншама  мәкді  нәтиже  шықпады. 

Дінсіз философия - ол материализм. Ғылым сөзсіз 

материализмге  арқа  сүйейді,  онсыз  болмақ  емес, 

бүл  заң ды лы қ.  А лай да  бүл  ғы лы м н ы н   өз 

шеңберінен шықггай іүрған кезіндегі халы. Ғылым 

хакімдікті  іздей  немесе  аңсай  бастаган да,  ол 

м атериализм   ш ең б ер ін ен   ш ы қп асы н а  ам ал 

қалмайды. Сол кезде фшіософия (хакімдік) дінмен 

тоғыса  бастайды ,  себебі,  д үни ен ің   басталуы , 

алғашқы  себеп, уақьзт мөселелері  философияньщ 

да діннің де объектілері. Реті келген соң, осы түста 

айта кететін, философияның өзі де ғылым  ретінде, 

сол  шеңбер  кеңістігінде  болады.  Философия  -  

ғылым,  бүл  оның  қажетті  сатысы.  Одан  әріде  ол 

да  ғылымнан  озінің  табиғи  болмысы  хакімдікке 

үласады.  Абай  хакімдікті  осылай  түсінген.

- S * i i  * 8 -



Орыс мәдениеті тарихындағы Чаадаев сияқты 

Абай  казақ  рухани  әлеміндегі  агартушы  емес, 

м етаф изик  м ән ін дегі  ойш ы л  болған.  Абай 

ағартуш ы лы қ  б ағы ты н д а  болған  ем ес.  Оны 

ағартушы деи жүргеніміз бір жагынан ойшылдың 

табиғи  болмысын  білм естіктен  болса,  екінші 

жағынан  ол  Абай  мүрасын  зерттеудегі  кеңестік 

замандағы  идеологиялық  қажеттіліктен  туған 

саяси  тәсіл.

Абай  өз  заманындағы  Аристотель  сияқты 

дүниеніц  басталуыны ң  бас  себебін  зерттеуші 

ойш ы л.  Д үн и ен ің   м ү м к ін д іктен   ш ындыққа 

айналуының бас  себебін Абай  “махаббат ” үғымы 

арқылы  түсіндірген.  М ахаббат  жаратушының 

қүдыреті,  нүры, дүниені  мүмкіндіктен  шындыққа 

айналдыруының  басты  себебі.  Қазіргі  гылымның 

қисынды  тіліне  салсақ,  махаббат  бар  болмыстын, 

заңды лы ғы   жоне  де  ол  ад ам затқ а  тәуелсіз 



онт ология  заң д ы лы ғы   н ем есе  дүн и ен ің   бар 

болуы н ы ң   м ү м к ін д ігі.  Осы  монде  махаббат 

ад ам зат  тари хы ны ң   басталуы .  М ахаббаттың 

а д ам затқ а  дей ін  

бар 

м үм кіндік-ш ы нды қ



S *   12^*

болғанымен,  ол  ерекш еленіп  айқы ндалм аған. 

Адамзат та  мүмкіндік  ретінде  аңғарылған,  себебі 



адам  деген  адамзатқа  дейінгі  идея.  Адам  идея 

шындығы,  ал  адамзат  идеяның  расқа,  шындыққа 

айналған ақиқаты. Адамзат ақиқат, себебі ол идея 

мен  шындықтың  синтез!,  сондықтан  да,  оның 

періштеден де, шайтаннан да биік болуы.  Леріште 

мен  ш айтанны ң  ш ы н ды қ  р етін д е  көм ескі 

болатыны,  олар  толы қ  ақиқат  емес,  олар  идея 

шындығы ретінде ғана аңғарылады, себебі  оларға 

махаббатгың  қатысы  жоқ.  Махаббат  адамды  тек 

идея  шындығы  ретінде  қалдырмай,  оған  заттық 

негіз берген, бүл адамның ақиқат екендігінің басты 

д әлелі.  Д үни е  б ітім і  ж аратуш ы   ад ам затты  

махаббатпен  жараткан  соң  айқындала  бастады. 

Әлемге  айқындық  енді.  Бүл  “айна”  деген  үғым 

әкелді.  Адам  -   заттың  айнасы,  онын  адам ды к 

киялының  шындығы  болатын.  Айна  деген  идея 

шындығы  арқы л ы   т ү с ін д ір іл е т ін   ф ен ом ен . 

Адамзат  махаббатпен  ж араты лған   соң,  оның 



айнага  қарау дәуірі  басталды.  Айна  деген  бүкіл 

элем, жаратушы қүдыреті, сол элемнен адам  өзін- 

өзі  көретін,  танитын  болды,  тіптен  келе-келе  оз 

бейне,  түлғасы н,  өз  кем істігін  ем ес,  соларды 

айкындап  көрсетіп  түраты н  айнаны  өзгертуді 

мақсат етіп  әлектенді,  бүл  жаратушы  қүдыретіне 

күдік  келтіруші -  шайтандық еді.

Күдік  -   таным  басы,  күдік  ойш ылдыктың 

басты  принципі.  Сөйтіп  махаббатпен  жаратылған

13*0г-


адамзаттың  табиғатына  кудік  енді.  Адамзат  өз 

кем істігін   ж ар ату ш ы н ы ң   қүд ы р етін ен   көре 

бастады.  Алайда  мәселе  өзгеше  еді.  Жаратушы 

адамзатқа  өз  қүдыретін  қүпия  етіп  берген  бола­

тын,  бірак ол  айнадан  керіне  бермейтін  адамның 

о зін ің   болм ы сы н а  ү ң ілуд і  қаж ет  ететін. 

Ж аратқан н ы ц   қ ү д ы р етін ің   көрін у  формасы 

адам ны ң  еркінде.  Ерікті  адам  жаратушының 

керемет  ш еберлігі,  б ірақ  И ассауи  айтқандай 

Алланың  пендесіне  өзі  беріен  еркі  адамга  қауіп 

болатын.  Адам  өз Еркін  меңгере алмаса,  ол бүкіл 

ад ам затты   ж ойы п  ж іб ер етін   ж ойқы н  күшке 

айналуы   ы қти м ал,  сол  себеп ті  Абай  өзін 

махаббатпен  жаратқан  жаратушысын  (Алласын) 

сүю, оны мойындау, соның қүдыретіне сай қызмет 

етуді  әрбір адамның парызы деп санаган.



П ары з  ф и лософ иясы н   қ а зақ ты ң   .рухани 

әлемінде  осылайша  қойған  Абай,  оны  әрі  карай 

былайша  толықтыра  түседі.  Адамзаттың  махаб­

батпен  жаратылғанын  анықтап  алган  соц,  хакім 

Абай  “адамзатптың боріи суй бауырым деп, ”(1 т. 

U  2-6. )  -  дейді. Адамзатқа күн ортақ, ай ортақ, жер 

ортақ,  оның  үстіне  оны  жаратушы  махаббатпен 

жаратқан,  демек  махаббат  та  ортақ.  Адамзатты 

б ө л іп -б ө л ш ек теп  

түраты н  

географшитық 

мекендері,  соған  сай  қалы птасқан  омір  сүру, 

өн діру  тәс іл д ер і,  д агд ы -д әстү р л ер і,  тілдері. 

діндері.,  кы сқ аш а  ай тқ ан д а,  тарихн-табиги 

қалыптасқан  дүниетанымдары.  Осы  өзгешелік*



терге қарамай  Абай  адамзатты түр-түсіне,  дініне, 

саясатына  бөлмей,  тегіс  бауырым  деп  сүй  дейді. 

Бүл Абайдың Ренессанстық түлғасын  анықтаушы 

тезис.  Осы  биік  ойды ,  ягни  ад ам затқа  ортақ 

мүддені  насихат  ететін  идеяны,  ғүлама,  даналар- 

дың  бәрі  ай тқан.  С он д ы қтан   бүл  А бай ды ң  

жаңаш ылдығы  н ем есе  ой ға,  и деяға  оны ң 

авторлығы емес, ол онын Ренессанстық (Жаңгыру) 

ойлау  кеңістігіне  көтерілуі.  Сондықтанда  Абай 

сияқты  түлғалар  тек  үлттың  ойлау  кеңістігінде 

ғана қалып  қоятын  ойшыл  емес,  ол  Ренессанстық 

түлға.  Ренессанстық  дегенде  мен  адамзатқа  тән 

биік  ой,  идеяларды  тот  бастырмай  әр  заманда 

жаңартып,  жаңғыртып  отыратын  олемдік  кеңіс- 

тікке  шыға  алатын  даналардың  данышпандығын 

айтып  отырмын.  Ренессансты қ  деген  биік  ой, 

идеяларға  тыныс,  тіршілік  беріп  түратын,  заман 

немесе  сол  зам ан н ы ң   д ан ал ар ы н а  к аты сты  

аитылатын  түсінік.  Абайды  біз  осы  мәнде  Ренес- 

санстық  түлға  дейміз.  Ренессанс  деген  олемдік 

ойдың жадғыру  өрісі.

Абай  адамзаттың  бәрін  сүю 



бауырым 

деп  - 

деген  идеяны, одан орі  нақтьшай түседі.  Былайша 

айтқанда  адам зап ы ң   борін  сүй  деу  абстракция. 

Бәрін қалай сүймексің, олардың кыл ык

-11

 иғылдар ы 



әр  түрлі.  Ор  елдің  саясаты,  идеологиясы  белек- 

белек.  Адамзат  адам  кауымы  атанғаннан  бері 

адамдар  нендей  істерге  барм ады .  қы рқы сты , 

жүлысты,  жауықты,  қырылды,  бір-біріне  деген

15


дүшпандық сезімдерін коздырып, бірін-бірі көрсе 

қару ала жүгіретін болды. Адамдар тағы жыртқыш 

аңдардан  емес,  адам дардан  қорқатын  болды. 

Осындай  халде  қайдағы  бауырмаластык.  Абай 

мүндай  тығырықтан  шығудың  жолын  көрсеткен, 

ол  ха қ   ж олы  -   ә д іле т т ілік   (1  т.,  112-6.). 

Эділеттілікті  хақ  жолы  деп  сүйсең,  онда  сенің 

б ауы рм алды ц  ф ило соф иясы н  түсінгендігің. 

әділеттілік  жолға  түскендігің.  Демек,  мәселе 

оділеттілік  ф илософ иясы нда,  бірақ  біз  мына 

м әсел ен і  естен   ш ы ғарм ауы м ы з  керек,  ол 

әд іл еттілік  хақ  жолы  деп  түр.  Х ақ  дегеніміз 

Ж аратуш ы ,  А лла.  Ә д ілетті  болу  үшін  Алла 

жолында  болуымыз  керек.  Міне  проблема  осы 

жерде  басталмақ.  Абай  әділеттілікті  исламдык 

негізде  карасты ры п  отыр,  озге  діндегілер  оз 

түрғысынан  түсіндірулері  түсінікті.  Алайда,  бір 

мәселенің  басы  ашық,  ол  оділеттіліктің  Жарату- 

шының  жолы  екендігі,  бүл  жолға  да  бастайтын 

ж олдарды ң  (д ін д ерд ің )  көп  екендігі.  Жалпы 

алган да  ж аратуш ы   и деясы н сы з,  әділеттілік 

жолына  тү^су  мумкін  бе?  Абай  осы  проблеманы 

көтерген, оган өзінің концепциясын үсынған. Мүны 

оділеттілік туралы  айтылған  Абай  үсынысы делік.

Мен ойлаймын, Абай оділеттілік дегенде нені 

түсінді  екен  деп,  біздің  мысалға  келтіріп  отыр- 

ғанымыз, оның  "Алланың өзі де рас,  сөзі де рас" - 

деген  өлеңі.  Абай  әд іл еттіл ік  туралы  поэзия 

тілімен  айтып  отыр.  Поэзия  тілі  дәлелді тіл  емес,



ол  идея  білдіруші  тіл.  Дәлелдер  ғылыми  тәсіл- 

дермен  жасалады.  Ә ділеттілік  туралы   сөз  де, 

теория  да,  утопия  д а  көп.  А д ам зат  б ал асы  

әділетгілік туралы айта-айта жалыққан да сияқты. 

Қандай қоғамдық, әлеуметтік қозғалыс болмасын 

айтатындары әділеттілік туралы үран. Кешегі күні 

өткен содиализмді жер бетіндегі еңәділетті  қоғам 

деп даурықтық. Онымызбен не іс бітті, қарапайым 

тілге  салсақ,  босқа  арам  тер  болдық,  алдандық, 

алдадық,  адам  айтқысыз  жапа  шектік.  Неге  және 

неліктен?  Мүның  да  дәлелдері  жоне  қисындары 

көп,  ол жөнінде бүііңде  алуан түрлі  көзқарастар  да 

бар.  Социализм  ж ағдайы нда  әд іл еттіл ік   неге 

мүмкін  болмады  дегенге  келсек,  менің  айтарым, 

біз әділеттілікті Абай дәстүрінде түсінген жоқпыз. 

Коммунистер  оділеттілікті  діннен  тыс  қарас- 

тырды.  Дін  әділетсіздікке  бастайды  дегі  түсін- 

дірілді.  Дінсіз  әділеттілік  бола  ма?  Абай  уғы- 

мында дінсіз әділеттілік жоқ, ол әділеттілікті  Хақ 

жолы деп нақты айтыи отыр. Біз осы идеяны қабыл 

аламыз ба, жоқ па? Жалпы әділеттіяік дегеинің өзі 

не?  Біздің,  яғни  оркайсы м ы зды ц  бүл  дүниеге 

келуіміз әділеттілік  нышаны  ма?  Бүл  дүниеге  біз 

зорлықпен  немесе  әлде  кімнің  қалауымен  ғана 

ендік  пе?  Біздің  еркім ізге  салсақ  не  б олм ақ? 

Шәкәрімнің  “мақсатсыз  біткеп  жан  бар  ма? ”

деген сауалына ден койсақ, жан біткеннін мақсаты____

болғаны ма, қалай? Әрқайсымыздың дүниеге келу 

еркіндігіміз  өзімізге  қатысты  болдьь  ма?  Бүл  і

I  а к а д е м и к   С .Б е й с е м б а е іІ  

- ^ » 1 7  

а т ы н д а ғ ы   ғ ы л ы м и




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал