Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі


«Қазақ мемуарлық романдарының көркемдік әлемі



жүктеу 0.6 Mb.
бет7/8
Дата10.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#23680
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7   8
Baitenova Aigerim
resume , Дип.-Р.-Бердібай-фольклор-зерттеуші
«Қазақ мемуарлық романдарының көркемдік әлемі» атты екінші тарауда үш жазушының шығармашылық зертханасына кеңінен тоқталып, даралық пен ортақ ұқсастықтарын ашуға тырыстым. Суреткерлер ғұмырындағы шығармашылық процестің мән-маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталдым. Шығармашылық зертханасының қыр-сырының көркемдік сипатын одан ары дамыта, жан-жақты көрсету үшін, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов ғұмырнамаларында деректердің көркемдік шешім табуындағы мәселелерді осы шығармалардан мысал келтіре отырып, теориялық таңдаулар, саралаулар жасалынды.
Жалпы, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің ғұмыр намаларының композицияларда айтарлықтай айырмашылықтар барын көреміз. Ә. Нұршайықов әр жылдары түртіп отырған қойын дәптеріне сүйене отырып, өткенді еске алады.Автор-кейіпкер қоғаммен адамның арасындағы рухани, тарихи шындықтың, өткеннің болашаққа қажет деген тұстарын алады. Бұл турасында Ә. Нұршайықов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов, және т.б. сынды тарихи тұлғалар араларындағы қарым-қатынастың тарихы мен ғылымы үшін керекті естеліктердің деректі негізгі баяндауы басым келеді. Автор-кейіпкер қолданған бұл әдіс ғұмырнама жанрына үйлесімді. Негізінен, автор-кейіпкердің айғақ ретінде сүйенері өзі жазған күнделіктер мен өлеңдері, ғылыми мақалалары болып келеді. Автор оларды кейде тұтас, кейде бөліп алып қолданады. Сондай-ақ, кейбір оқиғаларға ретроспективалық тәсілдерді қолдану арқылы өткенді көз алдынан өткізе отырып, кешегі шындықты бүгінгі күн тұрғысынан бейнелеу де кездеседі.
Халық жазушысы М. Мағауин «Мен» ғұмырнамасында өмірде болған оқиғаларды түгел тізбейді, керісінше автор-кейіпкер романның ең алғашқы беттерінен өзін таныстырудан бастайды да, келе-келе өз өміріндегі сүрлеу-соқпақ, қиян жолдарға ойысып отырады. Бейнеленген оқиғалардың бәріне жазушы өткен күн дерегі ретінде «Алтын дәптер» күнделік тізбесіне оралып отырады. Жазушы мақсатының өзінен басқа екі автордан ерекшелігі, ол негізінен ғұмырнамадағы өз жеке басындағы өмірді емес, ғаламдық өмірдің шындығын баяндаумен ерекшеленеді. Сол мақсатта суреткер өзі мен әдеби-ғылыми ортасы ғана білетін деректі көркем дүниеге айналдырады. Автор-кейіпкер құрған сюжетте күнделікті тіршіліктің баяндалуы шығарманы деректік жағынан ғана емес, оқырман үшін әдеби мәнін де аша түскен. Қырық жылға жуық шығармашылыққа өмірін арнаған М. Мағауиннің қоғамдық болмысы мен шығармашылық өнер туралы пәлсафалар мен терең тұжырымды ғылыми маңызы жоғары түйінді пікірлер, болжамдар айтуы ғұмырнамалық шығарманың танымдық қасиетін арттыра түскен. Ғұмырнамалық әдебиетте алуан жанр қоспасы бола беретінін жоғарыда айттық. Мемуар да солай. Қаламгер түрлі дерек-документті түрлі ыңғайда пайдалана береді. Ол шығармаға белгілі дәрежеде көркемдік форма сыйлайды. Мемуарлық шығарма негізінен автор өмірбаяны ізімен жазылатын дүние. Сөйте тұра, ол өзі өмір сүрген қоғам шындығын оқиға, образ арқылы бергенде жеке өмірден шығандап, шығып кетушілік те кездеседі. Діндар философ В.Н. Бердяев өзінің «Самопознание» аталатын философиялық мемуарында, «мемуар жанрын ұнатпайтынын», – жазады. Өйткені – дейді ол, автор өзі туралы айтып отырып, өзгелер туралы айтады. Өзі мақтанады, өзгелерге баға береді. Өзін осындай мінезден сақтандырған Бердяев философиялық мемуарында мемуар бола тұра, «өмірбаян ізімен жүріп отырушылық жоқ» – деген пікір айтушылық бар. Айталық В.Н.Бердяев: «Көбіне бірегей жанр-философиялық автобиографияның қисынымен бой түзеу «Өзін-өзі тануда» автобиографиялық (жалпы алғанда, мемуарлық) элементтің әлсіреуіне әкеледі» [43, 445], – деп жазады. Олай болса мемуарды-тек өмірбаян ізімен жүріп отыру деп қарамау керек. Кейіпкер (ол әрі автор) қатысатын орта, ол өмір сүретін қоғам, адамдар бәрі-бәрі әңгіме өзегіне енгенде мемуарлық шығарма кең тынысты дүниеге айналып кете барады. Уақытында Филипп де Коммин «Мемуары» аталатын шығармасын Сент-Бебі «Францияда саяси тарих осы жерден басталады», – деп өтеді [44, 436].
Н. Ақыштың «Қазақ мемуарлық романы» атты диссертациялық зерттеу жұмысында «Мемуарлық романның өмірбаяндық сипаты күшті болып келеді, бірақ кез келген өмірбаяндық шығарма, соның ішінде естеліктер де мемуарлық роман бола алмайды. Осы аталған еңбекті жазу барысында ұсынатын теориялық қорытындының бірі осындай болуға тиісті», – деп тұжырымдайды [45, 32].
Тап осылай тәжірибелік ой-пікірлермен бөлісу Қ. Жұмаділов шығармасының соңғы беттерінде бедерлі бейнеленді. Қ. Жұмаділов ғұмырнама жазуда алдыңғы екі жазушы сияқты нақты дерек ретінде күнделікті ізбен жүріп отырмайды. Негізінен, жазушы өзінің сан жылдарғы сарабдал санасына сүйенді. Шығармасының тарихилығы басым болып келетін жазушы өмірінің ең бір қилы кезеңдерін бейнелеуге күш салды. Бірыңғай хронологиялық жүйемен жүрмесе де, жазушы сәбилік, жастық, ағалық шақтарында бастан кешірген ғұмырды өз атынан дәлелді оқиғалар келтірумен сомдайды. Қытай жеріндегі қуғын-сүргін басталған өмір жолының қазақ жеріндегі жалғасын тұтас таныту үшін, қаламгер ғұмырнамасында көркемдікті игеру жағы басым түсіп жатады. Ол кейде Қытай еншісінде кеткен Шығыс Түркістан табиғатын әсем пейзажбен бейнелеп, баяндалар оқиғаға экспозиция ретінде ұсынса, адам бейнесін тура әлі көркем етіп жеткізу үшін портретті беру арқылы мінездік тұлғаларға ұластырып отырады. Бұлайша оқиғаны айғақты, деректі сомдау автор-кейіпкердің суреткерлік шеберлігін анық танытады. Қазақ қауымына аса таныс емес, Қытай жерінде өмір кешкен тарихи тұлғаның өмірін де осы Қ. Жұмаділов ғұмырнамасынан танып біледі. Барынша өмірлік материалдар негізінде жазылған шығармалар қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық жанрдың табиғаты мен болмыс бітімін таныту да озық үлгілердің қатарынан санауға келердей. Автор – кейіпкерлер өмірлік деректер негізінен жүріп отырғанымен, олар жалпы бұл деректерді сомдалар шақтың негізгі көзі ретінде пайдаланады. Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалар көбіне жеке тарихи тұлғаның өткен өмірін бейнелейтіндіктен, олардың, орыс ғалымы Г. Винокур айтқандай, «тарихи мәтіні» басым болып келуі кездесуі заңды да. Дегенмен, көркем-ғұмырнамада бейнеленетін тарихи оқиғаларда автор – кейіпкерлердің көркем әрі шынайы характерін ашатын тұстары ғана бөлініп алынады. Зерттеліп отырған прозаның тағы бір ерекшелігі кейіпкерлер нақты өмірде болған, тұлғалы жан болуы себепті бұл шығармалардың деректілік, құжаттық айғақтары негізді болып келеді. Автор – кейіпкер үшін ең басты мәселе, бұл тұрғыда, шығармашылық процестің материалдарын жинау, еске түсіру, сұрыптау. Онан ары да қаламгер жұмысы ауырлай түседі. Ендігі жерде шығарманың жүзеге асуы процесінде қажетті эстетикалық таным тұрады. Өмірде білу, көру, бастан өткеру, бұл ғұмырнаманың бір жағы болса, сол дайын айтылған, деректі дүниені көркемдік танымға айналдыру – ең күрделі тұсы. Ғұмырбаяндық шығармалар айғақтықты, дәлдікті, өмірлікті талап етеді, бұл шығарманың құжаттылығын жоққа шығармайды. Осы тұрғыдан келсек, ғұмырнамалар тек әдеби көркем туынды ғана емес, деректі көркем дүние де болып табылады. Олай болған күнде ғұмырнамалық көркем шығарманы деректі көркем шығармадан бөліп тұратын басты құрылым бұл екеуінің арасындағы танымдық және эстетикалық мүмкіндіктерге байланысты болса керек. Нақты өмірдің өзінен алынғандықтан, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов ғұмырнамалық шығармаларында көркем қиял жоғары мәнге ие емес. Жазушылардың кейбір өткен оқиғаларды бейнелеуде айтылар пікір, ойларына қарай көркем-шынайы болжамдардың ара-кідік кездесуі заңды да. Тарих және тарихи тұлғалар мен оқиғалардың автор-кейіпкерлер ғұмырларына қатысты тұстары ғана алынып отырғандықтан, қаламгерлер бұл мәселерге аса сақтық және ыждағаттылықпен қарайды. Көркем туындылар стилінде баяндаудың қызметі жоғары болып келеді. Себебі, оқиғаны бастан өткерген автор-кейіпкерлер бірінші жақта өз атынан баяндаса, кейде сол оқиғаның ортасында жүріп бейнелеуі де ұшырасады. Біз қарастырған ғұмырнамаларда өмірлік шындықтың көркемдік шешімін беруде авторлар психологиялық талдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы кездеседі. Өмірде болған тарихи тұлғалар бейнесінің көркемдік бейнесіне бару үшін, олар кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіне енуге ұмытылады. Өздері бастан кешірген оқиғаларға қатысты кейіпкердің портреттік сөйлеу, іс-әрекеттері арқылы бейнелеп, деректіктен арылып, көркемдікке үйлестіреді [45, 35].
Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтер ғұмырбаяндық шығарма жазуда қазақ ұлттық мемуары мен Еуропа, Ресей шығармагерлерінің дәстүрлі жолдарынан зор хабарлары бар екенін танытты, және өздері жазған шығармаларында осы игі дәстүрді онан әрі жалғастыра түсті. Әрқайсысы, мәселен, Ә. Нұршайықов «Мен және менің замандастарым» арқылы естелік айтудың ғұмырнама үшін көркемдік маңыздылығын көрсетсе, М. Мағауин өз ғұмырын арқау ете отырып, жазушылық таланттың көркемдік танымының пәлсафасы мен болмысының ерекшеліктерін өз тәжірибесімен танытса,
Қ. Жұмаділов ғұмырнама үшін тарихи танымның көркемдікпен игерілуіндегі қаламгерлік идея мен тақырыптың мән-маңызын ашты. Зерттей келе зерделегеніміз, ғұмырнамалық роман тәуелсіз ұлттық әдебиетіміздің көркем-эстетикалық әлемінің көкжиегін кеңейтіп, тарихи танымымызды тереңдетіп, әдеби көзқарасымыздың біліктілігін дамытуға зор үлес қосып, әдебиеттану ғылымындағы жанрлық өсуге мол мүмкіндік алып келеді [45, 38].

Қорытынды

Мемуарлық шығармалардың басты нысанасы ретінде тарихи тұлға ғұмыры алынып, өмірлік шындықтың көркем бейнесін сомдаудағы нақты деректердің игерілу тәсілдері қарастырылып, бұл еңбекте ғұмырнама жанрының қазақ әдебиетінде даму бағытына тоқталдық. Зерттеу объектісі ретінде алынған


Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым», М. Мағауиннің «Мен», Қ. Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романдарындағы өмірлік деректің жанр талабына сай сомдалудағы ерекшеліктерін саралап өту мақсатында, оны екі тарауға бөліп қарастырдық.
«Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық роман жанры» атты бірінші тарауда қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық формада жазылған шығармалардың түрлік, жанрлық ерекшелігінің пайда болу тарихы мен алғашқы осы жанрда жазылған шығармалардың әдеби негізіне тоқталдық.
Ұлттық әдебиетімізде ғұмырнамалық (мемуарлық) жанрға жол салған
С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу», С. Мұқановтың «Өмір мектебі»,
Ғ. Мұстафиннің «Көз көрген» романдары, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі қазақ мемуаристикасын қалыптастырған іргелі туындылар. Әдебиеттану ғылымында аталған шығармалардың жанрлық табиғаты, образдар жасау ерекшеліктері, стильдік сипаттары, психологизм проблемалары жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар пікіріне ден қойсақ, бұл шығармалар бір жағынан қазақ әдебиетіндегі мемуаристика жанрын қалыптастырса, екінші жағынан өзінің көркем болмысымен жалпы қазақ романының өсу, өркендеу, көркемдік шебін алуға да ерекше ықпал еткен туындылар. Әдебиетте жаңа жанр туды, қалыптасты. Енді ол дәстүр түзбекке керек. Аталған шығармалардың дәстүрін іздегенде Ә. Нұршайықовтың, М. Мағауиннің, Қ. Жұмаділовтің ғұмырнамалық, яғни автобиографиялық романдарына ден қоямыз. Сол тұрғыда қазіргі қазақ әдебиетінде осы жанрдың бүгінгі жаңаша қалпын ғылыми-әдеби, теориялық тұрғыдан сараптау үшін, Ә. Нұршайықов, М. Мағуин, Қ. Жұмаділовтердің мемуарлық романдарын алдындағы мемуарлық шығармалармен салыстыра отырып талдау жасадық.
Мемуарлық шығарма автор өмір сүріп отырған қоғамда іргелі өзгеріс, тіпті саяси төңкеріс болып өткен соң, соның соңын ала туындайды екен. Айталық
С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С. Мұқановтың «Өмір мектебі»,
Ғ. Мұстафиннің «Көз көрген» мемуарлық шығармаларының тууына ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-саяси жағдай – 1917 жылғы Қазан төңкерісі, төңкерістен кейінгі қоғамдық өзгерістер, ел өміріндегі әлеуметтік жағдайдың басқа арнада дамуы ықпал еткен. «Тар жол, тайғақ кешу» – саяси күрес-көтерілістер ізі суымай тұрып, іле-шала жазылса, «Өмір мектебі», «Көз көрген» араға біраз уақыт салып барып жазылған. Ал, Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым», М. Мағауиннің «Мен», Қ. Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» аталатын ғұмырнамалық романдарының тууына 1986 жылғы жағдай, қазақ елінің тәуелсіздігін алуы, жаңа қоғамның «өтпелі кезеңнен» сараланып өтуі ықпал еткен-деп білеміз. Әрбір жазушы бір қоғамдық формациядан екінші қоғамдық формацияға елімен бірге өткенде екі дүниені өзара салыстырып ойланады, толғанады, көргендері мен көңілге түйгендерін елеп-екшеп, көркемдік жинақтауға түсіріп шығармада бейнелеуді ойлайды. Өзге көркем туындылар секілді мемуар да солай өмірге келеді.
Зерттеу объектіміздегі үш романның да ғұмырнамалық бағдары айқын. Автор-кейіпкерлері өз аузынан баяндалатын оқиғалар тізбесінен, өз өмірі мен өзі өмір сүрген қоғам шындығын өзара сабақтастырып, өзара байланыстырып суреттейді. Алайда, романда бейнеленген өмірлік материалдарының бастау арналары, даму, өрістеу, шарықтау, түюілуі әр түрлі болып келеді. Мәселен,
Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» шығармасын өзінің баянсыз балалық шағынан басталмайды, көз көрген ұлы жазушылармен болған қарым-қатынасы туралы жазады. М. Мағауиннің бұл тұрғыдағы ұстанымы тіптен басқаша. Жазушы өз өмірінен гөрі, қоғам ғылым, шығармашылық мәселелерінің тек жеке басына қатысты тұстарын атап, өмірдің өзінен алып бейнелейді. Суреткер Қ. Жұмаділовтің өміріндегі алып екі империяның тұсындағы аламан өмірдің шындығын көркемдікпен игеруге дәйекті, деректі бұрын-соңды әдебиетте аз көрінген сюжетті қызықты баяндаумен ерекшеленеді.
Ғұмырнамалық жанрдың үрдіс алып дамуын зерттеудегі маңызды факторларды анықтаған соң, мемуарлық шығармалардағы кейіпкер танымы мен тағдыры арақатынасын біз осылай анықтадық.
Жалпы, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтердің ғұмыр намаларының композицияларда айтарлықтай айырмашылықтар барын көреміз. Ә. Нұршайықов әр жылдары түртіп отырған қойын дәптеріне сүйене отырып, өткенді еске алады. Автор-кейіпкер қоғаммен адамның арасындағы рухани, тарихи шындықтың, өткеннің болашаққа қажет деген тұстарын алады. Бұл турасында Ә. Нұршайықов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов, және т.б. сынды тарихи тұлғалар араларындағы қарым-қатынастың тарихы мен ғылымы үшін керекті естеліктердің деректі негізгі баяндауы басым келеді. Автор-кейіпкер қолданған бұл әдіс ғұмырнама жанрына үйлесімді. Негізінен, автор-кейіпкердің айғақ ретінде сүйенері-өзі жазған күнделіктер мен өлеңдері, ғылыми мақалалары болып келеді. Автор оларды кейде тұтас, кейде бөліп алып қолданады. Сондай-ақ, кейбір оқиғаларға ретроспективалық тәсілдерді қолдану арқылы өткенді көз алдынан өткізе отырып, кешегі шындықты бүгінгі күн тұрғысынан бейнелеу де кездеседі.
Тап осылай тәжірибелік ой-пікірлермен бөлісу Қ. Жұмаділов шығармасының соңғы беттерінде бедерлі бейнеленді. Қ. Жұмаділов ғұмырнама жазуда алдыңғы екі жазушы сияқты нақты дерек ретінде күнделікті ізбен жүріп отырмайды. Негізінен, жазушы өзінің сан жылдарғы сарабдал санасына сүйенді. Шығармасының тарихылығы басым болып келетін жазушы өмірінің ең бір қилы кезеңдерін бейнелеуге күш салды. Бірыңғай хронологиялық жүйемен жүрмесе де, жазушы сәбилік, жастық, ағалық шақтарында бастан кешірген ғұмырды өз атынан дәлелді оқиғалар келтірумен сомдайды. Қытай жеріндегі қуғын-сүргін басталған өмір жолының қазақ жеріндегі жалғасын тұтас таныту үшін, қаламгер ғұмырнамасында көркемдікті игеру жағы басым түсіп жатады. Ол кейде Қытай еншісінде кеткен Шығыс Түркістан табиғатын әсем пейзажбен бейнелеп, баяндалар оқиғаға экспозиция ретінде ұсынса, адам бейнесін тура әлі көркем етіп жеткізу үшін портретті беру арқылы мінездік тұлғаларға ұластырып отырады. Бұлайша оқиғаны айғақты, деректі сомдау автор-кейіпкердің суреткерлік шеберлігін анық танытады. Қазақ қауымына аса таныс емес, Қытай жерінде өмір кешкен тарихи тұлғаның өмірін де осы
Қ. Жұмаділов ғұмырнамасынан танып біледі. Барынша өмірлік материалдар негізінде жазылған шығармалар қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық жанрдың табиғаты мен болмыс бітімін таныту да озық үлгілердің қатарынан санауға келердей. Автор-кейіпкерлер өмірлік деректер негізінен жүріп отырғанымен, олар жалпы бұл деректерді сомдалар шақтың негізгі көзі ретінде пайдаланады. Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалар көбіне жеке тарихи тұлғаның өткен өмірін бейнелейтіндіктен, олардың, орыс ғалымы Г. Винокур айтқандай, «тарихи мәтіні» басым болып келуі кездесуі заңды да. Дегенмен, көркем-ғұмырнамада бейнеленетін тарихи оқиғаларда автор-кейіпкерлердің көркем әрі шынайы характерін ашатын тұстары ғана бөлініп алынады. Зерттеліп отырған прозаның тағы бір ерекшелігі кейіпкерлер нақты өмірде болған, тұлғалы жан болуы себепті бұл шығармалардың деректілік, құжаттық айғақтары негізді болып келеді. Автор-кейіпкер үшін ең басты мәселе, бұл тұрғыда, шығармашылық процестің материалдарын жинау, еске түсіру, сұрыптау. Онан ары да қаламгер жұмысы ауырлай түседі. Ендігі жерде шығарманың жүзеге асуы процесінде қажетті эстетикалық таным тұрады. Өмірде білу, көру, бастан өткеру бұл ғұмырнаманың бір жағы болса, сол дайын айтылған, деректі дүниені көркемдік танымға айналдыру-ең күрделі тұсы. Ғұмырбаяндық шығармалар айғақтықты, дәлдікті, өмірлікті талап етеді, бұл шығарманың құжаттылығын жоққа шығармайды. Осы тұрғыдан келсек, ғұмырнамалар тек әдеби көркем туынды ғана емес, деректі көркем дүние де болып табылады. Олай болған күнде ғұмырнамалық көркем шығарманы деректі көркем шығармадан бөліп тұратын басты құрылым бұл екеуінің арасындағы танымдық және эстетикалық мүмкіндіктерге байланысты болса керек. Нақты өмірдің өзінен алынғандықтан, Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов шығармаларында көркем қиял жоғары мәнге ие емес. Жазушылардың кейбір өткен оқиғаларды бейнелеуде айтылар пікір, ойларына қарай көркем-шынайы болжамдардың ара-кідік кездесуі заңды да. Тарих және тарихи тұлғалар мен оқиғалардың автор-кейіпкерлер ғұмырларына қатысты тұстары ғана алынып отырғандықтан, қаламгерлер бұл мәселерге аса сақтық және ыждағаттылықпен қарайды. Көркем туындылар стилінде баяндаудың қызметі жоғары болып келеді. Себебі оқиғаны бастан өткерген автор-кейіпкерлер бірінші жақта өз атынан баяндаса, кейде сол оқиғаның ортасында жүріп бейнелеуі де ұшырасады. Біз қарастырған ғұмырнамаларда өмірлік шындықтың көркемдік шешімін беруде авторлар психологиялық талдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы кездеседі. Өмірде болған тарихи тұлғалар бейнесінің көркемдік бейнесіне бару үшін, олар кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіне енуге ұмытылады. Өздері бастан кешірген оқиғаларға қатысты кейіпкердің портреттік сөйлеу, іс-әрекеттері арқылы бейнелеп, деректіктен арылып, көркемдікке үйлестіреді.
Қолданылатын тәсілдер көркем ғұмырнамада авторға жекелей жүк артады, автордың стилі, шығармашылық ұстанымы, таланты да тікелей соған қатысты.
Алғы тарауларда нысандағы үш ғұмырнамалық шығарманы жанрына, табиғатына қарай талдай келе:
– ғұмырнамалық шығармалар қоғам өмірінде белгілі бір дүмпулер болып өткен соң, сол қоғамдық өзгерістерді талдау ниетімен жазылады.
– өмір шындығы ғұмырнамалық шығармада жанр табиғатына орай көбінекей шыншыл қалпында беріледі. Бірақ, оған қарап ғұмырнамалық шығармада автор көркемдік жинақтауға бармайды деген ұғым тумасқа керек.
– ғұмырнамалық шығармада кейіпкер мен автор өмірінің параллелі бар. Алайда, мемуарист автор өз туындысында өз өмірінің басынан түсіп аяғына дейін өзгеріссіз сипаттай береді деген ұғым тумауы керек. Ғұмырнамалық шығарма әдебиетте жасалатын образ да алып-қосуларды қажетсінеді. «Ойдан шығарусыз – образ жоқ» (З. Қабдол.);
– ғұмырнамалық шығарма автор өмірі шындығына бейімделгенімен онда қоғамдық құбылыстар, әлеуметтік-саяси құйылыстар көрініс табады;
– ғұмырнамалық туындыда автор-кейіпкер паралелді жүретіндіктен, ғұмырнамалық шығарма жазушының (автордың) шығармашылық шеберханасы ретінде де көрінеді. Ғұмырнама-жазушының шығармашылық құпиясының кілті;
Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділовтер ғұмырбаяндық шығарма жазуда қазақ ұлттық мемуары мен Еуропа, Ресей шығармагерлерінің дәстүрлі жолдарынан зор хабарлары бар екенін танытты және өздері жазған шығармаларында осы игі дәстүрді онан әрі жалғастыра түсті. Әрқайсысы, мәселен, Ә. Нұршайықов «Мен және менің замандастарым» арқылы естелік айтудың ғұмырнама үшін көркемдік маңыздылығын көрсетсе, М. Мағауин өз ғұмырын арқау ете отырып, жазушылық таланттың көркемдік танымының пәлсафасы мен болмысының ерекшеліктерін өз тәжірибесімен танытса,
Қ. Жұмаділов ғұмырнама үшін тарихи танымның көркемдікпен игерілуіндегі қаламгерлік идея мен тақырыптың мән-маңызын ашты. Зерттей келе зерделегеніміз, ғұмырнамалық роман тәуелсіз ұлттық әдебиетіміздің көркем-эстетикалық әлемінің көкжиегін кеңейтіп, тарихи танымымызды тереңдетіп, әдеби көзқарасымыздың біліктілігін дамытуға зор үлес қосып, әдебиеттану ғылымындағы жанрлық өсуге мол мүмкіндік беретінін көреміз.

жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет