Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі


«Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық роман жанры»



жүктеу 0.6 Mb.
бет4/8
Дата10.11.2022
өлшемі0.6 Mb.
#23680
түріБиография
1   2   3   4   5   6   7   8
Baitenova Aigerim
resume , Дип.-Р.-Бердібай-фольклор-зерттеуші
«Қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық роман жанры» атты бірінші тарауда қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық формада жазылған шығармалардың түрлік, жанрлық ерекшелігінің пайда болу тарихы мен алғашқы осы жанрда жазылған шығармалардың әдеби негізіне тоқталдық. Ұлттық әдебиетімізде ғұмырнамалық (мемуарлық) жанрға жол салған С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу», С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ. Мұстафиннің «Көз көрген» романдары, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесті қазақ мемуаристикасын қалыптастырған іргелі туындылар. Әдебиеттану ғылымында аталған шығармалардың жанрлық табиғаты, образдар жасау ерекшеліктері, стильдік сипаттары, психологизм проблемалары жан-жақты қарастырылған. Ғалымдар пікіріне ден қойсақ, бұл шығармалар бір жағынан қазақ әдебиетіндегі мемуаристика жанрын қалыптастырса, екінші жағынан өзінің көркем болмысымен жалпы қазақ романының өсу, өркендеу, көркемдік шебін алуға да ерекше ықпал еткен туындылар. Әдебиетте жаңа жанр туды, қалыптасты. Енді ол дәстүр түзбекке керек. Аталған шығармалардың дәстүрін іздегенде
Ә. Нұршайықовтың, М. Мағауиннің, Қ. Жұмаділовтің ғұмырнамалық, яғни автобиографиялық романдарына ден қоямыз. Сол тұрғыда қазіргі қазақ әдебиетінде осы жанрдың бүгінгі жаңаша қалпын ғылыми-әдеби, теориялық тұрғыдан сараптау үшін, Ә. Нұршайықов, М. Мағуин, Қ. Жұмаділовтердің мемуарлық романдарын алдындағы мемуарлық шығармалармен салыстыра отырып талдау жасадық.
Зерттеу объектіміздегі үш романның да ғұмырнамалық бағдары айқын. Автор-кейіпкерлері өз аузынан баяндалатын оқиғалар тізбесінен өз өмірі мен өзі өмір сүрген қоғам шындығын өзара сабақтастырып, өзара байланыстырып суреттейді. Алайда, романда бейнеленген өмірлік материалдарының бастау арналары, даму, өрістеу, шарықтау, түйілуі әр түрлі болып келеді. Мәселен,
Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» шығармасын өзінің баянсыз балалық шағынан басталмайды, көз көрген ұлы жазушылармен болған қарым-қатынасы туралы жазады. М. Мағауиннің бұл тұрғыдағы ұстанымы тіптен басқаша. Жазушы өз өмірінен гөрі, қоғам ғылым, шығармашылық мәселелерінің тек жеке басына қатысты тұстарын атап, өмірдің өзінен алып бейнелейді. Суреткер Қ. Жұмаділовтің өміріндегі алып екі империяның тұсындағы аламан өмірдің шындығын көркемдікпен игеруге дәйекті, деректі бұрын-соңды әдебиетте аз көрінген сюжетті қызықты баяндаумен ерекшеленеді
Ғұмырнамалық жанрдың үрдіс алып дамуын зерттеудегі маңызды факторларды анықтаған соң, мемуарлық шығармалардағы кейіпкер танымы мен тағдыры арақатынасын біз осылай анықтадық.
Мемуар – ғұмырнамалық әдебиеттің ішкі бір жанры. Мемуарлық туындыда да көркем әдебиеттегідей өмірлік материал көркемдік жинақтауға түседі. Кейіпкерге түп-тұлға болған адамдар мінезі белгілі бір адам (кейіпкер) бойына жинақталуы, жинақталып ірі образға айналуы мүмкін. Көркем әдебиет пен мемуарлық әдебиет арасындағы айырмашылық – бірінде автордың араласуы белсендірек те, екіншісінде әлсіздеу болмақ. Бірінде кейіпкерге еркіндік аз беріледі, де екіншісінде еркіндік молдау беріледі. Мемуарист автор «Менің мақсатым азғындық жолға түскен жүргінші әйелді бейнелеу еді, Анна Каренина менің еркімнен шығып кетті...» – деп айта алмайды. Мемуарда қамтылатын өмір шындығы, көбіне, ойдан шығарылмайды. Өмірдің өзінен алынған шындық мемуарда көркемдік шындық райында қабылданады. Мемуарлық шығармадағы өмір шындығы – автордың өмірбаян беттері. Жоғарыда айтқанымыздай, ұлы жазушы Л.Н. Толстойдың өмірбаяндық трилогияны жалғап жаза түсіп, өз өмірі өз атынан баяндалатындықтан, ыңғайсызданып үшінші кітаптан кейін тоқтауы осыны аңғартады[33, 503]. Бірақ, оған қарап мемуарлық шығармада автор өмірлік материалды ірілендірмейді, екшемейді, болған қалпы сипаттай береді деген ұғым тумауы керек. Мемуар көркемдік жинақтаудан тым тысқары тұрмайды. Көркем әдебиеттегідей тым еркін жинақтау болмағанымен, өзіне лайық көркемдік жинақтауды мемуарлық шығарма да бастан кешеді.
«Ғұмырнамалық роман жанрында әдебиетте кенже қалған шығармада болған нәрсені бүкпей айту – басты шарт» десек, оған кеңестік дәуірде екінің бірі тәуекел ете алған жоқ [24, 623-624]. Бұл жерде жазушы үшін қажетті құрал – күнделік, хат, құжаттар т.б. және ең бастысы суреткердің зейін-зердесі. Адам жанынан асқан сүзгі жоқ. Қажеттісі есте қалады, қажетсізі, ұсақ-түйегі ұмтылады. Демек, бұл шығарманы естен кетпес сәттердің жиынтығы десе де болады.



2 Қазақ мемуарлық романдарының көркемдік әлемі



жүктеу 0.6 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет