Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары. Оқушылардың даму физиологиясы



жүктеу 184.5 Kb.
бет13/18
Дата03.11.2022
өлшемі184.5 Kb.
#23228
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Кіріспе. Онтогенез за дылы тары. О ушыларды даму физиологиясы
6 Апта Абдимажитова Шахниза ЖМА-012, 10 апта Абдимажитова Шахниза, 22-28, аглшн сессия, Махаметов срс 7 неделя, 4672270, Антикор 1, Дип.-Қазақ-татар-ауыз-әдебиеті
Ащы ішектегі ас қорыту. Ащы ішектің ұзындығы ересек адамда шамамен 3 м, асты қорытатын ферменттер ащы және мықын ішектердің кілегейлі қабатының либеркюн бездерінде де өндіріледі. Ішек сөлінде энтерокиназа, аминопептизада, дипептидаза, белсенділігі аз протеолит тобына жататын липаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза тобына жататын мальтаза, амилаза, лактаза және инвертаза ферменттері бар. Бұлар ащы ішектің қабырғасында ғана әсер етеді де ішек қуысына құйылмайды.
Ішек бүрлерінде астың қорытылуы. Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында биіктігі 1-2 мкм цилиндр іспетті ішек эпителінің микробүрлері болады. Олардың саны өте көп – 1мм2 ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлері болады. Ас қорытудың осы ерекшілігін мембрандық ас қорыту дейді. Асты қорыту тоқ ішекте аяқталады. Тоқ ішек кілегей шырыш өндіреді. Тоқ ішекте бактериялардың әсерінен көмірсу мен белоктар шіриді. Белоктардың шіруінен бірнеше улы заттар – индол, скатол, фенол т.б. пайда болады да, қанға сіңеді. Ішектен шыққан қан тамырлары алдымен бауырға барады да, онда улы заттар усыздандырылады, яғни бауыр кедергілік қызмет атқарады. Ұнда улы заттардан организмге қажетті усыз заттар түзіледі.
Сіңу. Белоктар пепидтер, амин қышқылдары, нуклозидтер мен нуклеотидтер түрінде қанға сіңеді. Сіңген заттар қан арқылы клеткалар мен ұлпаларға тасылады. Май аз мөлшерде түйіршіктері мейлінше ұсақ эмульсия ретінде лимфа тамырына сіңеді. Май тамшыларының үлкендігі 0,5 мкм-ден аспауы тиіс. Ал майдың көбі липаза ферментімен ыдыратылғаннан кейін глицерин мен май қышқылдары ретінде сіңеді.
Майдың сіңуінде бауырдың өтінің маңызы үлкен. Ол майды ұсақ май тамыршаларына айналдырады да, ішек қабырғасына өтуіне мүмкіндік жасайды.
Көмірсуларының ақырғы өнімі моносахаридтер – глюкоза, фруктоза мен галактоза қанттары тікелей қанға сіңеді де бауырға бауырға келеді. Мұнда көмірсу зат алмасуына қатысады.
Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың ауыз қуысы мен тістеріне ерекше көңіл аударуы қажет. Балаларда, әсіресе тіс кариесі жиі байқалады. Мұның себебі қышқылдар тістің эмал қабығының және тіс ұлпасы дентиннің минерал тұздарын ерітеді. Әсіресе көмірсуының ашылғанынан пайда болатын сүт қышқылы тіске көп зиян келтіреді. Одан әрі эмалі бүлінген тіске микробтар әсер ете бастайды. Сөйтіп тістің органикалық заттары ыдырайды. Балаларға тым ыстық немесе тым суық тамақ беруге болмайды. Әсіресе жылы тамақтан кейін өте суық тағамдарды жеу өте зиянды. Жаңғақ іспетті қатты жемістерді тіспен жруға балаларға рұқсат етпеу керек.

№ 13 дәріс



жүктеу 184.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет