Киелі Маңғыстау өңірінің халқы ардақ тұтқан тұлғаларға бай өңір екеніне ешкім талас туды



жүктеу 217.26 Kb.

Дата07.09.2017
өлшемі217.26 Kb.

Киелі Маңғыстау өңірінің халқы 

ардақ тұтқан тұлғаларға бай 

өңір екеніне ешкім талас туды-

ра алмайды. Сондай бабаның бірі - 

Бөкен Ата! Жеті жұрт келіп, жеті 

жұрт кеткен қасиетті мекеннің 

қойнауы қай кезде де құт-берекеге, 

сән-салтанатқа  толы. Рамазан 

айының алғашқы күні біз осындай 

мерекенің куәсі болып қайттық.

Өңір  тарихының  бір  тармағы  Маңғыстау 

ауданындағы  Алатөбе  жерінде  мемле-

кет  қарауындағы  "Мың  кісі"  қорымында  ХҮІ 

ғасырдың  соңы  мен  ХҮІІ  ғасырдың  басында 

өмір  сүрген,  өз  заманында  атақты  сынықшы 

болған белгілі тұлға Бөкен ата құрметіне арнап 

ұрпақтары кесене тұрғызып, ас берді.

Бір  айта  кететіні,  Бөкен  руынан  халқы 

үшін  қызмет  еткен  ақын  да  шыққан,  ба-

тыр  да  шыққан!  Бөкеннен  тараған  ұрпақ  дін 

ғұламалар,  сынықшылар,  жыраулар,  палуан-

дар,  ел  мүддесін  көксейтін  саясаткерлерімен 

мақтана алады.

Талай  қилы  заманды  бастан  өткерген,  мың 

өліп,  мың  тірілген  қаймана  қазақтың  басынан 

не өтпеді десеңізші! Тіпті тарихымыздың тамы-

рына  балта  шауып,  баба  мен  ұрпақ  үндестігін 

көре  алмаған  Кеңес    үкіметі  осындай  игі 

шараларға  барынша  бөгет  болып,  қазақтың 

небір  марқасқа  азаматтарын  шеттеткісі  кел-

ді.  Алайда,  бабалар  аманатына  адал  өскелең 

ұрпақ әлі күнге дейін ақиқаттың асқақ үнін жет-

кізіп келеді.

Еліміздің егемендігі арқасында шырылдаған 

шындық  үстемдік  құрып,  есімі  ел  жадын-

да  сақталған  ата-бабаларымыз  қазіргі  сал-

танат  құрған  заманмен  бірге  өмірге  қайта 

келе  бастады.  Бұл  турасында  Елбасымыз 

Н.Назарбаевтың  "Кеңес  үкіметі  кезінде  біз-

ге  шығартқызбай,  көрсеткізбей  келген  тари-

хымызды  тәуелсіздігіміз  кезінде  елімізге  паш 

етіп,  өзіміздің  жастарымызды  патриоттыққа 

тәрбиелеуіміз  қажет"  деп  айтқанында    үлкен 

мән жатыр.

Расында  да,  Бөкен  ата  кесенесінің  ав-

торы,  осындай  өнегелі  шараның  негізгі 

ұйытқысы  бола  білген  Маңғыстау  облыстық 

мәслихатының депутаты және Бөкен қорының 

басшысы Қалым Дербісовке, ел ағалары Алым 

Дербісовке,  Кемелбек  Жаңбыршинге,  Бей-

неубек  Абиловқа,  Сырым  Маңғыстауовқа, 

Жарылқап,  Қондыбай  сынды  азаматтарға 

елдің  айтар алғысы шексіз.

Тарихта ізі қалатын ескерткіштің ашылу сал-

танатына  кісі  қарасы  үзілмей  көп  жиналды. 

Кесененің ашылу салтанатында алқызыл лен-

та  қиылды.  Бөкен  Атаның  ұрпақтары  атынан 

Берекет Төлепбергенов жиналған қауымға ар-

нап құттықтау сөз сөйледі.

Содан  соң  аудан  ардагерлері  атынан 

ауданның  құрметті  азаматы  Итемген  Орын-

баев,  ақын  Әбдіжәмит  Оспанов,  ел  азаматта-

ры    Базарбай  Мұқанов,  Ізтұрған  Қашағанов, 

Алпысбай  Мәстеков,  Сахиб  Акберовтер  сөз 

сөйледі. Ауыл имамы Қасым қажы ата-бабалар 

рухтарына арнап Құран бағыштады.

Асқа жиналған қалың жұрт Тай жарыс, Құнан 

жарыс,  Ошақ  бәйге,  Аламан  бәйгені  де  тама-

шалады.


Тай  жарыста  1  орынды  Қызан  селосынан 

Жасақов  Амантайдың  "Қаратайы",  2  орын-

ды Жынғылды селосынан Қамиев Жүсіпбектің 

"Ақжайнағы", 3 орынды Бекі елді-мекенінен Ра-

химов Қыдырдың "Жирентөбелі", Құнан жарыс-

та 1 орынды Қияқты елді-мекенінен  Бөлтеков 

Әлекенің  "Асылтасы",  2  орынды  Шебір  село-

сынан  Көбесов  Махамбеттің  "Қараторғайы", 

3  орынды  Ақтау  қаласынан  Абдулданов 

Алмастың  "Нұрторысы",  Ошақ  бәйгеден  1 

орынды  Жаңаөзен  қаласынан  Қалдаманов 

Сембайдың  "Императоры",  2  орынды  Таушық 

селосынан  Өсірбаев  Тілегеннің  "Көгершіні", 

3  орынды  Шетпе  селосынан  Нұрлыбайұлы 

Ынтымақтың  "Қосқанаты",  Аламан  бәйгеден 

1  орынды  Таушық  селосынан  Өрісбаев 

Тілегеннің  "Байсеңгірі",  2  орынды  Қызылөзен 

селосынан Шарипов Қабылбектің "Хантеңгесі", 

3  орынды  Бейнеу  селосынан  Айтмұханов 

Амандықтың "Эдепі"  иеленді.  

Аламан  бәйгенің  бас  жүлдесіне  жеңіл 

автокөлік 

кілті 

тапсырылды. 



Қалған 

жеңімпаздар  қаржылай  сыйлықтармен  мара-

патталды.

Сол  күні    "Мыңкісі"  қорымына    Маңғыстау 

облысының әкімі А.Айдарбаев аудан әкімі мен 

облыстық мекемелердің бір топ басшылары зи-

ярат  жасап  барды.  Бөкен  Ата  әруағына  арна-

лып Құран бағышталды.



ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ

№ 35 (598)   3 шілде, 2014 жыл

gazeta_karakia@mail.ru

Газет 2004 жылғы 27 ақпаннан 

шыға бастады

Бөкен ата кесенесі ашылды



ИГІ ТІЛЕК

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барлық 

мақтау әлемдердің Раббысы – Аллаға  лайық. Пайғамбарымыз Мұхам-

мед  (с.ғ.с)    Алланың  сәлемі  мен  игілігі  болсын. Баршамызға    Алланың 

сәлемі болсын. Рамазан он бір айдың құрметтісі деп аталады. Берекелі, 

құрметті айда істелген жақсы сауапты істер, сол сияқты күнәлі істер де 

еселеніп  жазылады.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с)    хадисінде  Ережеп  –  менің 

айым, Шағбан – Алланың айы, ал Рамазан – менің үмметімнің айы де-

лінген. Бұл ай – Құран түсірілген ай және осы айда отыз күн ораза парыз 

етілді. Бұл жайында «Құран-Кәрімде» Аллаһ Тағала кімде-кім Рамазан 

айының  туғанын  көрсе  бірден  ораза  ұстасын  дейді.  Жалпы  мұсылман 

қауымы осы Рамазан айының күндізін оразамен өткізу міндет. Тамақ ішу-

ге  тыйым  салынады.  Алла  баршамызға  Рамазан  айын  құтты,  мүбәрәк 

қылсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, әлемде бейбітшілік  болсын!          

            

Жеңіс  СИСЕМБАЕВ,   

Қарақия аудандық мешітінің бас имамы

U

U



U

U

U



U

U U


U

U

U



U

U

U U



U

U

U



U

U

U



Ораза айы мүбәрак болсын!

АСТАНАҒА - 16 ЖЫЛ

Тәуелсіз елдің бейбіт бесігі, Еуразияның 

жүрегі  Астана  бүгінгі  күні  байтақ  еліміздің 

бағдаршамына  айналды.  Күн  өткен  сай-

ын  өсіп,  өркендеп  келе  жатқан  жасам-

паз  қала  –  ұлттың  рухани  байлығы.  Ол 

-  мемлекетіміздің биік мәртебесі, һәм бақ-

берекесі. 

Есіл  өзенін    жағалай  орналасқан 

Ақмола  қаласы  санаулы    жылдардың  ішін-

де  зәулім  ғимараттарға  бай,  мәдени-

ғылыми  және  саяси-экономикалық  ірі 

орталыққа  айналды.  Астана  -  еліміздің  ал-

тын  тәжі,  рух  пен  иманның  күретамыры, 

жаңалық жаршысы, әлемдік маңызға ие ша-

ралар  өткізілетін  киелі  орда.  Алтын  күнге 

еркелегендей  сәулеті  мен  келбеті  келіс-

кен  халқымыздың  қара  шаңырағы  Астана 

-  жаны  жайсаң,  мінезі  дархан  елдің  бойы-

на біткен мәрттігін пайымдағандай. Бұл күн-

барымызды түгендеп, болашаққа жол сілтер 

темірқазығымыз  іспетті.  Аңыздан  ақиқатқа 

бет түзеген бас қаланың қарқынды дамуы-

на шүбәсіз сенеміз.                                                    



Асылбек БЕКҚАЙЫРОВ,                  

     аудан әкімінің  орынбасары

ЕЛОРДАҒА ОДА

Беу, Астана,

Нұр шаһары елімнің.

Байқап қара,

Жайсаңы ол жерімнің!

Бүр жарайын бұл байтаққа 

                                        қиыстырып,

Ақтауыма Ел Ордасын тірек қылып.

Ғажап болмас, осы өлең –

                                       кеше туған,

Түк жазбадым бұған дейін

                                   таңды атырып...

Бір-ақ рет көргенім бар Астананы,

Ел ұлықтаған әр мезет Бас қаланы.

Ақтауым, Астанадан кем демейін,

Екеуінің басталған жоқ дастаны әлі.

Ала жаздай бүгіндері есіп қалдың,

Айналаңа бар жақсының

                                      жиып барын.

Заңғар таумен таласқан Астанамен,

Жарқырасын маңдайың Ұлықтарым!

Беу, Астана,

Нұр шаһары елімнің.

Байқап қара,

Жайсаңы ол жерімнің!



                          Артур САЛПЫҚОВ

АЙБЫНЫ


 АСҚАҚ 

АСТАНА!


ҚАРАҚИЯ

3

№35 (598) 3 шілде 2014 ж.

gazeta_karakia@mail.ru

–  Жақында  Дін  істері  агенттігінің 

құрылғанына  үш  жыл  толды. 

Атқарылған 

істер 

көпшіліктің 

көз  алдында.  Десек  те,  ең  басты 

нәтижелер ретінде нені атар едіңіз?

–  Қазір  Қазақстандағы  діни  аху-

алды  тұрақты  деп  айтуға  толық  не-

гіз  бар.  Бұл  –  осы  салаға  жұмсалған 

орасан  зор  күш-жігердің  нәтижесі. 

Агенттік  тарапынан  мемлекеттің  дін 

саласындағы  стратегиялық  бағытын 

айқындаған  жаңа  заң  әзірленіп, 

қолданысқа  енгізілді.  Діни  бірлестік-

терді  қайта  тіркеу  жұмысы  жүргізіліп, 

Қазақстанның  конфессиялық  кеңістігі 

ретке  келтірілді.  Осыған  дейін  ре-

сми  тіркелгенімен,  жұмыс  істемеген 

көптеген  діни  бірлестіктер  мен  діни 

бірлестік  деңгейіне  жетпейтін  діни 

топтар  жұмысын  тоқтатты.  Нақты 

қызмет  атқаратындары  өз  қызметін 

жаңа заң талаптарына сәйкестендірді. 

Конфессияларға  да  талдау  жасалып, 

нақты саны айқындалды.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай 

бойынша  елімізде  46  конфессияны 

құрайтын 4551 діни бірлестік тіркелген 

болса,  қазіргі  көрсеткіштерге  сәйкес 

18  конфессияға  біріккен  3449  діни 

бірлестік  қызмет  атқаруда.  Олардың 

жартысынан  астамын,  яғни  2400-ге 

жуығын  Қазақстан  мұсылмандары 

діни басқармасына қатысты мешіттер 

құрайды.  Сонымен  қатар,  Орыс  пра-

вославие шіркеуіне қатысты 299, Рим-

католик  шіркеуіне  қатысты  84  діни 

бірлестік  қызмет  атқарады.  Қалған 

азшылық  өзге  діндерге,  негізінен, 

протестанттық ағымдарға тиесілі.

Діни  рәсімдер  мен  жораларды  тек 

заңмен  белгіленген  орындарда  ғана 

өткізуді  жүйеге  келтіру  мақсатында 

діни  ғимараттардың,  мінәжатханалар 

мен  намазханалардың  жұмысы  рет-

ке  келтірілді.  Қазір  Қазақстанда  3195 

ғибадат  үйі  жұмыс  істейді,  олардың 

2382-сі  –  мұсылман  мешіттері.  Рес-

публика  бойынша  492  исламдық, 

15  православиелік,  барлығы  507 

мінәжатхана 

қызмет 

атқаруда 



және  рәсімдеуден  өтуде.  Яғни,  діни 

рәсімдер мен жораларды бұрынғыдай 

әртүрлі  мекемелерде,  орталықтарда, 

оқу орындарында, т.б. жерлерде өткізе 

беруге  болмайды,  ол  тек  жоғарыда 

аталған заңмен белгіленген орындар-

да ғана жүзеге асуы тиіс.

Заң  аясында  ғибадат  ғимараттарын 

салу  тәртібі  де  белгіленіп,  талаптары 

айқындалды, оларды бұрынғыдай не-

гізсіз  сала  беруге  тосқауыл  қойылды. 

Ендігі  жерде  ғибадат  ғимараттарын 

салу  кез  келген  жеке  немесе  заңды 

тұлғаның қалауына байланысты емес, 

заңмен  белгіленген  тәртіпке  және 

нақты  қажеттілікке  сәйкес  жүзеге 

асырылады.  Бұл  үдеріс  те  мұқият 

бақылауға алынған.

Айта кететін тағы бір мәселе – жаңа 

заң нормалары бойынша діни бірлес-

тік ретінде тіркелмеген ешбір құрылым 

діни  қызметпен  айналыса  алмайды. 

Осы талапқа сәйкес қайта тіркеу кезін-

де қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлес-

тіктер,  оқу  орталықтары  ретінде  тір-

келіп,  діни  қызмет  атқарып  жүрген 

бірқатар  заңды  тұлғалар  қызметін 

тоқтатты.  Олардың  қазіргі  іс-әрекеті 

де ұдайы назарда ұсталуда.

– 

Осы 

арада 

діни 

оқу 

орындарының  қызметі  қанша­

лықты  реттелді?  –  деген  заңды 

сұрақ туындайды.

–  Діни  бірлестіктермен  қатар, 

ел  аумағындағы  барлық  діни  оқу 

орындарының  қызметі  жүйеге  кел-

тірілді.  2011  жылдың  1  қыркүйегіндегі 

есеп бойынша, елімізде діни бірлестік 

нысанындағы 29 діни білім беру меке-

месі тіркелген еді. Дербес мәліметтер 

базасы  жасақталмағандықтан,  олар-

дың  саны  туралы  көрсеткіштерде 

ауытқушылықтар  көп  кездесті.  Со-

нымен  қатар,  тіркеуден  өткенімен, 

нақты  қызмет  атқармайтын  діни  оқу 

орындарының  болғаны  да  жасырын 

емес.

Енді 


жаңа 

заң 


талаптарына 

сәйкес,  діни  білім  беру  ұйымдарын 

тек  республикалық  немесе  өңірлік 

діни  бірлестіктер  ғана  құра  алады. 

Сондықтан  2012  жылы  жүргізілген 

қайта  тіркеу  кезінде  бұған  дейін  діни 

бірлестік ретінде қызмет атқарып кел-

ген  діни  оқу  орындары  таратылды. 

Олардың  бір  бөлігі  республикалық 

діни  бірлестіктер  құрамындағы  оқу 

мекемелері  ретінде  қайта  құрылды. 

Қазір  елімізде  исламдық  бағыттағы 

–  13,  христиандық  бағыттағы  2  діни 

оқу  орны  қызмет  атқарады.  Олардың 

барлығы  дәстүрлі  діндерге  тиесілі. 

Жаңа діни қозғалыстардың оқу орын-

дары тіркелмеген.

Осы  орайда  діни  білім  алғысы  ке-

летіндер  үшін  айта  кететін  жайт  – 

мұндай  білімді  тек  діни  бірлестіктер 

жанынан  құрылған  арнайы  мекеме-

лерде  ғана  алуға  болады.  Жоғарыда 

айтылған  қоғамдық  бірлестіктер, 

оқу  орталықтары  немесе  тіл  үйрету 

курстары  секілді  мекемелер  діни 

білім  бере  алмайды.  Мұндай  заңсыз 

әрекетке  барғандар  заң  алдында  жа-

уап береді. Осыны халық білуі тиіс…



– Сөзіңіз аузыңызда, бұрнағы жыл­

дары «діни білім беретін жаздық ла­

герьлер ұйымдастырылады» деген 

хабарландыруларды көзіміз шалып 

қалушы еді.

–  Діни  білім  беретін  жаздық  ла-

герьлерге қазір шектеу қойылды. Діни 

бірлестіктердің  діни  білім  беретін  ла-

герь  де,  мектеп  те  ұйымдастыруға 

құқығы  жоқ.  Мектеп  жасындағы  ба-

лалар  діни  білім  алғысы  келсе,  ата-

анасының  келісімімен  діни  бірлес-

тік  жанындағы  сауат  ашу  курстарына 

бара алады.



Еліміздегі  білім  беру  жүйесі 

зайырлы  сипатқа  ие.  Сондықтан 

мектептерде  діни  рәсімдер  жа­

салмауы  және  діни  атрибутика 

қолданылмауы тиіс.

Тағы  бір  назар  аударатын  нәрсе  – 

жекелеген  мектеп  оқушылары  ата-

анасының  діни  көзқарасына  байла-

нысты  кейбір  пәндерге  қатыспауы 

сирек  те  болса  байқалып  қалып 

жүр.  Бұл,  біріншіден,  білім  тура-

лы  заңды  бұзу  деген  сөз.  Екіншіден, 

мектеп  бағдарламасына  қажетсіз, 

кездейсоқ  пәндер  кіргізілмейді  және 

баланың  қалыптасуы  мен  дамуы-

на  кері  әсер  ететін  бірде-бір  пән 

оқытылмайды.  Ата-ананың  осындай 

қарапайым  заңдылықты  түсінбей, 

қате  көзқарастардың  жетегінде  ке-

туін  заңсыз  әрі  зиянды  әрекет  деп 

қабылдау қажет.

– Осы орайда «халал балабақша» 

мәселесін  айқындай  кету  де 

сұранып тұрған сияқты.

–  Бұл  –  заң  түгілі,  ақылға  сыймай-

тын  нәрсе.  «Халал  балабақша»  де-

ген  стандарт  еш  жерде  жоқ,  бұған 

қатысты  ешбір  заңнамалық  тетік 

те  қарастырылмаған.  Сондықтан 

мұндай мекемелер ұйымдастырылған 

жағдайда, олар заңдық тұрғыдан тек-

серіледі.

–  Ата­аналардың  қате  көзқарасы 

демекші, қазір діни ұстанымдарына 

байланысты  баласына  екпе  жаса­

тудан  бас  тарту  оқиғалары  да  кез­

десіп  қалып  жүр.  Осы  мәселеге 

қатысты не айтуға болар еді?.

– Бұл енді шын мәнінде білімсіздіктің 

салдары.  Ешбір  дінде  денсаулықты 

сақтауға, күтуге, аурудың алдын алуға 

шектеу қойылмайды. Керісінше, әрбір 

өркениетті  дін  өз  сенушілерінің  тән 

саулығына  үлкен  жауапкершілікпен 

қарайды.  Ислам  ұстанымдарына  кел-

сек,  Мұхаммед  пайғамбардың:  «Ау-

рудан  емделіңдер.  Алла  тағала  әрбір 

аурудың  емін  қоса  жаратқан»  де-

ген  хадисі  бар.  Қаншама  аурулардың 

емін  Мұхаммед  пайғамбар  (с.ғ.с.)  өзі 

көрсеткен.

Барлық 

ислам 


мемлекеттерін-

де  аурудың  алдын  алу  құралы  ретін-

де  вакцинаның  көптеген  түрлері  қо-

лданылады. Басқаны былай қойғанда, 

Сауд  Арабиясы  Корольді гінің  өзінде 

белгілі  бір  аурулардың  алдын  ала-

тын екпе-вакцина қабылда мағандарға 

қажылық жасауға рұқсат берілмейді.

Біле  білсек,  небір  жұқпалы  және 

қатерлі  аурулардың  алдын  алып, 

азаматтардың өмірін сақтап қалу үшін 

мемлекетіміз  республикалық  бюджет-

тен  жылына  бірнеше  ондаған  милли-

ард теңге қаржы бөледі. Мұндай игілік-

ке қолы жетпей, азаматтары, әсіресе, 

жас  балалары  мың-мыңдап  жұқпалы 

аурулардың  құрбаны  болып  отырған 

экономикасы  нашар  қаншама  мемле-

кеттер бар.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын 

жол ізде» деген даналықты халқымыз 

бекер  айтқан  жоқ.  Ал  әрбір  саналы 

азамат өзінің денсаулығын сақтаумен 

қатар,  өзгенің  денсаулығына  қатер 

төндірмеуді  де  ойлауы  тиіс.  Заң 

тұрғысынан да, дін тұрғысынан да со-

лай.

–  Әлеуметтік­діни  тұрғыдағы 

мәселелерді  бір  қайырып  тастау 

үшін  енді  неке  мәселесінің  де 

басын  ашып  алсақ.  Әңгімені 

әркімнің  көкейінде  жүрген  сауал­

дан  бастағым  келеді.  Өзіңізге  бел­

гілі,  қазір  мешіттерде  некені  АХАЖ 

бөлімі  берген  заңды  неке  куәлігін 

көрсеткеннен  кейін  ғана  қию 

қалыптаса  бастады.  Мұның  сыры 

неде?

– 

Мешіттерде 



некені 

АХАЖ 


бөлімінде  ресми  тіркеліп,  заңды 

неке  куәлігін  алғаннан  кейін  қию 

мәселесі  азаматтардың  тағдыры 

мен  құ қықтарының  қорғалуына  де-

ген  алаңдаушылықтан  туындап  отыр. 

Өйткені,  қазіргі  кезде  өкінішке  қарай, 

неке жиі бұзылатын болды. Ресми тір-

келген некелердің жылына үштен бірі 

бұзылады екен. Ал, ресми тіркелмеген 

күйі  бұзылып  жатқандары  қаншама! 

Олардың  салдарын  жалғызбасты  ана 

мен жетім бала құқығын ешбір заңдық 

құжаты  болмағандықтан,  қорғау  да 

қиын.


Заңдастырылмаған 

некенің 


ең 

сорақысы  –  қазір  жекелеген  теріс 

діни  топтардың  арасында  белең 

алып  отырған  ата-анасының  келі-

сімінсіз  үйлену,  әйелін  жаратпай 

қалса, 


ешқандай 

жауапкершілік-

сіз  бір  ауыз  сөзбен  талақ  етіп  тастап 

кету,  көп  ұзамай  екінші  біреуге,  оп-

оңай  үйлене  салу,  көңілі  қаламай 

қалса,  тастап  жүре  беру  секілді  ой-

сыз  әрі  арсыз  құбылыстар.  Бұл  – 

нағыз  діни  надандық  пен  шек-

тен  шығушылықтың  көрінісі.  Ислам 

атын  жамылған  теріс  діни  ағымдар 

өкілдері  арасында  көптеп  кездесетін 

бұл  құбылыс  –  ислам  тұрғысынан 

қатаң  айыпталатын  іс-әрекет.  Ис-

ламда  отбасы  институтына  ерек-

ше  мән  берілетіні,  неке  бұзылған 

жағдайдағы ана мен бала күнкөрісінің 

әке тарапына толық жүктелетіні әрбір 

мұсылман азаматқа мәлім жайт. Әйел-

ана  тағдырын  тәлкекке  салып,  оны 

нәпсіқұмарлықтың нысанасы етуге ис-

лам түбегейлі қарсы.

Азаматтарының  құқығы  мен  бос-

тандығына 

нұқсан 


келтіретін 

мұндай  әрекеттерді  мемлекет  те 

қолдамайды.  Мемлекет  –  заңдық  ин-

ститут,  кез  келген  азаматты  қандай 

да  бір  жауапкершілікке  тарту  үшін  іс-

әрекеттердің  заңдастырылуы  қа-

жет.  Сол  себептен  мешіттерде  не-

кені  АХАЖ  бөлімінде  ресми  тіркеліп, 

заңды  неке  куәлігін  алғаннан  кейін 

қию қажеттілігі күн тәртібіне қойылып 

отыр. Бұған Қазақстан мұсылмандары 

діни  басқармасы  да  белсенді  қолдау 

білдіруде.  Некенің  АХАЖ  бөлімінде 

ресми  тіркеліп  барып,  мешіттерде 

шариғат  жолымен  қиылуы  –  зайыр-

лы  құқық  пен  діни  құқық  үйлесуінің 

көрінісі.

–  Орта  мектептерге  «Дінтану  не­

гіздері»  пәні  енгізілгелі  бері  бірша­

ма  уақыт  өтті.  Қандай  өзгерістер 

күтілуде?

–  Ел  азаматтарының  дін  тура-

лы  білімінің  дұрыс  қалыптасуы  мек-

теп  қабырғасынан  басталуы  тиіс. 

Сондықтан  қазір  осы  бағытқа  да  күш 

салынуда.

Орта  мектептердің  9-сыныбын-

да  оқытылатын  «Дінтану  негіздері» 

пәнінде әлемдік және дәстүрлі діндер, 

жаңа діни қозғалыстар, теріс пиғылды 

және  радикалды  діни  ағымдар 

жөнінде  негізгі  түсініктер  берілетіні 

белгілі.  Қазіргі  таңда  Дін  істері  агент-

тігі мен Білім және ғылым министрлігі 

тарапынан аталған пәнді заман тала-

бына  сай  жетілдіру  мақсатында  ке-

шенді  шаралар  атқарылуда.  Пәннің 

қоғамтанулық мазмұнын күшейте оты-

рып, білім алушыларға зайырлы мем-

лекет  қағидаттары  мен  қазақстандық 

қоғамның  дәстүрлі  құндылықтарын 

таныту  мақсатында  «Дінтану  негіз-

дері»  пәнінің  атын  «Зайырлылық 

және дінтану негіздері» деп өзгертуге 

шешім  қабылданды.  Пәннің  жаңа 

бағдарламасы  жасақталып,  мазмұ-

нына өзекті толықтырулар енгізілді.

Таяу  мерзімде  аталмыш  пәннің 

оқулық,  хрестоматия,  оқушы  дәптері 

және  мұғалімге  арналған  құралдан 

тұратын  оқу-әдістемелік  кешенін  жа-

сау  қолға  алынбақ.  «Зайырлылық 

және дінтану негіздері» пәнінен сабақ 

беретін  мұғалімдердің  біліктілігін  арт-

тыру  мақсатында  1  айлық  мерзімді 

қамтитын  білім  жетілдіру  курсының 

жүйелі,  толыққанды  бағдарламасын 

жасау  және  жүзеге  асыру  жоспарла-

нып отыр. Жалпыға бірдей білім бере-

тін орта мектептерді білікті маманмен 

толық  қамтамасыз  ету  мақсатында 

жоғары  оқу  орындарында  «Тарихшы, 

қосымша  мамандығы  бойынша  дін-

танушы»  педагог  кадрларын  даярлау 

мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.

–  Дінді  жалпы  халық  тұтынатын 

болғандықтан,  діни  әдебиеттер 

мәселесіне  де  кез  келген  аза­

мат  бейтарап  қарамасы  анық. 

Осы  орайда  бір  байқалатыны  – 

бұрынғыдай  көше  бойлап,  есік 

қағып, діни әдебиеттерді кез­келген 

жерде  кедергісіз  тарату  үдерістері 

саябырлаған сияқты көрінеді.

– Иә, бұл да жаңа заңның жағымды 

нәтижелерінің 

бірі. 


Діни 

әде-


биеттер  мәселесі  толығымен  дерлік 

жолға  қойылды  деуге  негіз  бар.  Ең 

маңыздысы  –  тиісті  заңнамалық  ак-

тілерге  сәйкес  дінтану  сараптама-

сы  мемлекеттік  деңгейде  жүргізілуде. 

Агенттік  қызмет  атқарған  3  жыл  ішін-

де  еліміздегі  діни  кітаптар  айналымы 

толық бақылаудан өтіп, 25 000-ға жуық 

әдебиетке  сараптама  жасалды.  300-

ге  жуық  әдебиетке  теріс  қорытынды 

беріліп,  олардың  ел  аумағында  тара-

тылуына тосқауыл қойылды.

Түзеу  мекемелеріндегі  діни  кітап-

тар  толық  сараптамадан  өткізілді. 

Мәдениет  және  білім  мекемелерінде-

гі, діни оқу орындарындағы кітаптар да 

тексеріліп, ретке келтірілді. Агенттіктің 

ұсынуымен  радикалды  және  теріс 

пиғылды  ағымдар  идеологиясының 

алдын-алуға  бағытталған  ағартушы-

лық  мазмұндағы  әдебиеттер  мүдделі 

мемлекеттік 

мекемелер 

арқылы 


көптеп шығарылуда.

Сараптама  жүргізумен  қатар,  діни 

әде биеттердің  таратылуына  да  ба-

қылау орнатылды. Қазір олар респуб-

лика  бойынша  арнайы  стационарлық 

үй-жайлар  ретінде  бекітілген  235  кі-

тап  дүкенінде  және  заңмен  белгілен-

ген орындарда таратылуда.

Дегенмен,  азаматтар  тарапынан 

заң  нормаларын  білмегендіктен  не-

месе  заңға  мойынұсынбаушылықтан 

туындаған заңсыз діни әдебиеттер та-

рату фактілері де жоқ емес. Мұндайда 

тиісті  органдар  тарапынан  нақты 

әкімшілік  шаралар  қолданылады. 

Өткен жылы осындай 78 факті анықта-

лып,  айыпты  тұлғалар  әкімшілік  жау-

апкершілікке тартылды.



–  Дін  тарату  дегенде  миссионер­

лік  туралы  сұрақ  ойға  орала  ке­

теді.  Байқауымызша,  елімізде  мис­

сионерлердің қарасы аз емес. Олар 

жайлы заңнама не дейді?

– Заңнама бойынша Қазақстан Рес-

публикасы  азаматтарының,  шетелдік-

тер мен азаматтығы жоқ адамдардың 

миссионерлiк  қызметпен  айналы-

суына  тыйым  салынбаған.  Мұндай 

тәжірибе  әлемдік  қоғамдастықтағы 

діни  сенім  бостандығын  қамтамасыз 

ететін мемлекеттердің барлығына де-

рлік тән.

Бірақ,  бұл  миссионерлік  қызметке 

шектеусіз  құқық  берілген  деген  сөз 

емес. 

Біріншіден, 



миссионерлік 

қызметті  жүзеге  асырушы  тұлға  мін-

детті түрде тіркелуге және жыл сайын 

қайта тiркеуден өтуге тиіс. Ол миссио-

нерлік қызметпен тиісті құжаты болған 

жағдайда  ғана  айналыса  алады. 

Екіншіден,  миссионерлік  қызметтің 

заң  аясындағы  өзіндік  талаптары 

бар,  ол  талаптарға  сәйкес  келме-

ген  тұлғаны  миссионер  ретінде  тірке-

уден  бас  тартылатыны  да  заңнамада 

көрсетілген. Үшіншіден, миссионердің 

ел  аумағындағы  қызметі  де  нақты 

өңірлермен шектеледі. Ол тек өзі тір-

келген  өңірде,  өз  діни  бірлестігіне 

мүше  азаматтар  арасында  ғана  діни 

қызмет атқара алады.

Осындай  бақылау  шараларының 

нәтижесінде  соңғы  жылдары  еліміз-

дегі  миссионерлер  саны  300-400 

аралығындағы  тұрақты  көрсеткіштен 

артып  отырған  жоқ.  Миссионерлердің 

басым бөлігі еліміздегі католиктік және 

православиелік  діни  бірлестіктердің 

өкілдері болып келеді. Заңсыз миссио-

нерлік қызметті жүзеге асыру әкімшілік 

құқық  бұзушылық  ретінде  заңмен 

қадағаланады.  Өткен  жылы  осындай 

ниеттегі 70 адамға айыппұл салынып, 

тиісті әкімшілік шара қолданылды.



–  Ғаламтор  кеңістігі  де  назардан 

тыс қалып отырмаған болар?

–  Иә,  діни-экстремистік  және 

лаңкестік  топтардың  ақпараттық 

кеңістігіне  шектеу  қою  бағытында  да 

нақты  жұмыстар  жүргізілуде.  Агент-

тік тарапынан 5000-ға жуық ғаламтор 

ресурсына  мониторинг  жүргізілді,  176 

материалға  дінтану  сараптамасының 

теріс қорытындысы берілді. Оның 45-

інің Қазақстан аумағында таратылуы-

на тосқауыл қою жөніндегі сот шешім-

дері шықты.

Мемлекет  басшысының  тапсырма-

сы  бойынша  ағартушылық  бағыттағы 

«E-islam»  порталы  жасақталып,  іске 

қосылды.  Сонымен  қатар,  танымал 

әлеуметтік  желілерде  Агенттіктің  ре-

сми  парақтары  ашылды.  Агенттіктің 

ресми сайты үздіксіз әрі сапалы түрде 

жұмыс  жүргізуде.  Дін  саласындағы 

басты  оқиғалар,  қабылданған  норма-

тивтік-құқықтық  актілер,  жаңа  құры-

лымдар  мен  халықаралық  шара-

лар  сайтта  жедел  көрініс  табады. 

Агенттік  сайтын  пайдаланушылар 

қатарында еліміздің ғана емес, Ресей 

мен  АҚШ-тың,  басқа  да  алыс-жақын 

шетелдердің  өкілдері  көптеп  сана-

лады.  Пайдаланушыларды  қызық-

тыратын  барлық  сауалдарға  жауап 

берілетін  арнайы  блогтар  да  сайтты 

тартымды ете түсуде.



– Агенттік құрылған кезеңнен бас­

тап  қолға  алған  шаралардың  бірі 

ақпараттық­насихат 

жұмыстары 

болғанынан  көзі  қарақты  оқырман 

хабардар.  Бұл  саладағы  жұмыстар 

да жалғасын тапқан болар?

– Әрине, жалғасуда. Орасан зор күш-

жігер  дін  саласындағы  ақпараттық-

ағартушылық  жұмыстарға  жұмсалып 

келеді.  Ақпараттық-насихат  топтары 

мен  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

арқылы  тұрғын  халыққа  үздіксіз 

түсіндіру  жұмыстары  жүргізілуде. 

Жасөспірімдер,  жастар  және  әйелдер 

аудиториясына арналған мақсатты жо-

балар жүзеге асырылуда. Осы бағытта 

жүргізілетін  жұмыстардың  елеулі 

бөлігі  радикалды  және  теріс  пиғылды 

діни  ағымдар  идеологиясының  ал-

дын  алу  шараларына  арналса,  ен-

дігі  бір  бөлігі  осындай  ағымдар 

ықпалына  түскен  тұлғаларға  тікелей 

бағытталған. Ақпараттық-насихат топ-

тарына  қажетті  жүздеген  ақпараттық-

әдістемелік  материалдар  дайында-

лып,  жарық  көрді,  тұрғын  халыққа 

және  мақсатты  аудиторияларға  тара-

тылды.

Айтылғандардан  басқа,  Агенттіктің 



үйлестіруімен 

Діни 


бірлестіктер-

мен  байланыстар  жөніндегі  кеңес, 

Үкіметтік  емес  ұйымдармен  жұмыс 

жөніндегі  кеңес,  Консультативтік-

сараптамалық  кеңес,  БАҚ-тарда  діни 

тақырыптарды  жариялау  жөніндегі 

әдістемелік кеңес секілді құрылымдар 

дін саласындағы саясатты сауатты да 

байсалды  түрде  жүргізу  мақсатына 

жұмылдырылуда.  Теріс  пиғылды  діни 

ағымдардан  зардап  шеккендерге 

көмек  көрсететін  25  ұйым  еліміздің 

барлық 

аймақтарында 



қызмет 

атқаруда.



–  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан 

Назарбаев  «Қазақстан­2050»  Стра­

тегиясы – қалыптасқан мемлекеттің 

жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қа­

зақстан  халқына  Жолдауында  қа­

зақстандықтардың  діни  санасын 

елдің  салт­дәстүрлері  мен  мәдени 

нормаларына сәйкес қалыптастыру 

міндетін  атап  көрсеткен  бола­

тын.  Бұл  бағытта  Агенттік  қандай 

жұмыстар жүргізуде?

–  Біздің  қазақстандық  қоғамның 

жағдайында  қазір  дін  және  дәстүрлі 

құндылықтар  үнқатысуы  маңызды 

орын  алады.  Теріс  пиғылды  діни 

ағымдар 


идеологиясының 

ең 


жағымсыз  ықпалы  дәстүрлі  руха-

ни-діни 


құндылықтарды 

ыдыра-


ту  арқылы  діни  сананы  өзгерту  үде-

рісі  болып  отыр.  Өйткені,  кез  келген 

жат  ағым  қоғамда  қалыптасқан 

құндылықтарды  күйрету  арқылы  өзін 

орнықтыруға  жол  ашады.  Ал  бұл  өз 

кезегінде  дәстүрлі  құндылықтармен 

бірге,  ішкі  тұрақтылықтың  әлсіреуіне 

алып  келеді.  Сондықтан  ұлтты 

қалыптастырған  құндылықтарды  қор-

ғау  елдің  ішкі  тұрақтылығы  мен  мем-

лекет іргесінің бүтіндігін қорғау болып 

табылатыны сөзсіз.



–  Дәстүрлі  құндылықтар  демек­

ші,  қазір  қазақтың  мұсылмандығына 

күмәнмен  әрі  сынмен  қарайтындар 

саны  көбейген  секілді.  Бір  байқа­

латыны, ондайлар қазақтың өз арасы­

нан шығып отыр… Сіз не дейсіз?

–  Қазақ  –  мың  жылдан  бері 

мұсылман  халық.  Оның  дәстүрі  мен 

дүниетанымы  исламмен  балтала-

са  бұзылмастай  болып  тамырласқан. 

Біз  кімнің  алдағанына  арбалып, 

өткенімізді  өнегесіз,  тарихымызды 

тұлдыр демекпіз?

Біздің  дініміз  –  біздің  рухымыз. 

Ол  –  біздің  өткеніміз,  бүгініміз, 

болашағымыз.  Оны  зерттеп-зерделе-

уге әркімнің құқығы бар. Бірақ тергеп-

тексеруге,  айыптап,  қаралауға,  күзеу 

мен бұзуға ешкімнің құқығы жоқ.

Қазақ  исламға  бүгін  келген  жоқ. 

Мың  жыл  бойы  Мұхаммед  пайғамбар 

(с.ғ.с.)  салған  жолмен  жүрген  ұлттың 

ұлы  ғұламалары  қалдырған  ата 

дініміз – ислам. Сондықтан бүгінгі дін 

атын  жамылып,  саясатқа  суарылған 

жатжұрттық  ілімдердің  мақсатын 

үйрету  емес,  күйрету  деп  бағалаған 

жөн…

–  Сөзіңіз  аузыңызда,  елімізде­

гі  мешіт  жамағаттарының  арасы­

нан жік шығып, екіге жарылу көрініс 

беруде.  Исламның  бөлінуді  емес, 

бірігуді 

насихаттайтындығына 

қарамастан,  оның  ішінде  ала­

уыз  ағымдар  пайда  болды.  Дін 

саласындағы  уәкілетті  органның 

бұл мәселедегі ұстанымы қандай?

–  Еліміздің  тарихымен,  мәде-

ниетімен,  рухани  құндылық тарымен 

қабыспайтын  жат  діни  көзқарастарды 

насихаттап  жүрген  кез  келген  ағым 

қазақстандық  қоғамның  дәстүрлі 

ұстанымдарына,  ішкі  тұрақтылығына 

нұқсан  келтіреді.  Мұндай  шетін 

құбылыстармен  күресу  –  Агенттіктің 

де,  басқа  мемлекеттік  органдар  мен 

тиісті  құрылымдардың  да  басты  мін-

деті.


Ислам  атымен  әрекет  етіп  жүрген 

жат  көзқарастағы  ағымдарға  келсек, 

ел  аумағында  өз  ұстанымдарын  на-

сихаттайтын  мұндай  топтардың  бар 

екені жасырын емес. Рухани тамыры-

нан,  дәстүрлі  құндылықтарынан  қол 

үзіп  қалған  бүгінгі  буынның  бірқатар 

өкілдері  осындай  шетін  идеологияға 

алданып,  өз  ұлтының  салт-сана-

сына,  дәстүрлі  құндылықтарына 

қарсы  шығуда.  Агенттік  жүргізетін 

ақпараттық-насихат  жұмыстарының 

пәрменді  бөлігі  осындай  адасқан 

азаматтарымызға  түсіндіру  және 

қайта бейімдеуге бағытталуда.

Осы  тұста  атап  өтуге  тиіс  бір  жайт 

бар.  Бас  мүфти  Ержан  Малғажыұлы 

бастаған имамдар тарапынан мешітке 

келетін халыққа бөлінбей, бір жамағат 

болып  бірігіп,  ынтымақ  құрып,  бір-

біріне  түсіністікпен  қарап,  туындаған 

мәселелерді  үнқатысу  және  түсіндіру 

арқылы  шешу  бағытында  жасалып 

жатқан  жұмыстар  зор.  Қолға  алынған 

игі  істердің  нәтижесінде  еліміздің 

мешіттерінде 

мұндай 

келеңсіз 



жағдайлар азайып келе жатыр.

–  Халықтың  санасын  сан  тарапқа 

тартқылап  жүрген  теріс  пиғылды 

секталардың  әрекетіне  қатысты  не 

айтар едіңіз?

–  Теріс  пиғылды  секталардың  іс-

әрекеті  де  Агенттік  назарынан  тыс 

қалып  отырған  жоқ.  Ресми  түрде  тір-

келген  діни  бірлестіктердің  нақты 

бақылауда  болатыны  белгілі.  Ал 

секталық  сипаттағы  діни  ұйым-

дар  көбіне  идеология  түрінде  қыз-

мет 

етеді. 


Сондықтан 

оларға 


қарсы  күрес  те  идеологиялық-

ағар ту шылық  сипатта  жүргізіледі. 

Жоғарыда 

санамаланған 

Агент-

тік  жұмыстарының  әрбірінде  дерлік 



секталық  сипаттағы  діни  ұйымдарға 

қатысты  іс-қимылдар  қамтылған. 

Ал  азаматтардың  денсаулығы  мен 

қауіпсіздігіне,  имандылығына  нұқсан 

келтіретін, отбасының бұзылуына, т.б. 

бүлдіргіш  әрекеттерге  себеп  болған 

нақты  жағдайлар  айқындалғанда 

бұған өз құзыреттері шегінде құқықтық 

органдар да араласып, тиісті шаралар 

қолданып келеді.

Осы  орайда  мен  Қазақстан  аза-

маттарын  қырағылық  пен  бел-

сенділік  танытуға  шақырар  едім. 

Секталық  сипаттағы  ағымдардың 

қоғамға тигізген зардабы туралы ауы-

зекі  әңгімеде  көп  айтылады,  ал  аза-

маттар  нақты  жағдайлар  бойынша 

құқықтық  органдарға  шағым  жасауға 

келгенде  енжарлық  танытады.  Же-

келеген  діни  ағымдардың  насихаты 

салдарынан  отбасынан  айырылған, 

зайырлы  білім  алудан,  ақы  төленетін 

еңбектен,  медициналық  көмектен 

бас  тартқан  және  соның  кесірінен  за-

рдап шеккен жандар туралы олардың 

ата-анасы,  ағайын-туыстары,  доста-

ры  дер  кезінде  тиісті  орындарға  ха-

барлап  отыруы  қажет.  Осы  орай-

да  дін  саласына  қатысты  барлық 

мәселелер  бойынша  азаматтардан 

ақпарат  қабылдауға,  теріс  пиғылды 

ағымдардан  зардап  шеккендерге 

кеңесшілік-психологиялық 

көмек 


көр сетуге  арналған  «Қауырт  желі  – 

114»  қызметін  пайдалану  қажеттігін 

көпшілік назарына салғым келеді.

Бір  ғана  мемлекеттік  органның 

мүмкіндігі бәріне бірдей жете бермей-

ді.  Көп  болып  көтерген  жүк  қашанда 

жеңіл  болады.  Оның  үстіне  адам 

тағдыры,  азамат  тағдыры  ешбіріміз-

ді  бейжай  қалдырмауы  тиіс.  Жеке 

адам  тағдырынан  мемлекет  тағдыры 

құралады.  Ал  мемлекет  тағдыры 

–  баршамыздың  және  әрбіріміздің 

тағдырымыз.  Біз  осыны  есте  сақ-

тауымыз қажет.



– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Самат МҰСА, 

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасы 

Дін істері агенттігінің Төрағасы 

Марат ӘЗІЛХАНОВ:

МЕМЛЕКЕТ ТАҒДЫРЫ

 – БАРШАМЫЗДЫҢ 

және ӘРҚАЙСЫМЫЗДЫҢ ТАҒДЫРЫМЫЗ

СПОРТТАН АЛДАМЫЗ!

2014 жылдың 10-14 маусым күндері аралығында Ақмола облысы,  Ат-

басар ауданы әкімінің жүлдесі үшін бокстан Халықаралық турнир өткізілді. 

Бұл турнирге 1999-2000, 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер ара-

сында  өткен  жарысқа  аудан  құрама  командасының  жас  боксшыларын 

Құрық спорт мектебінің бокстан жаттықтырушы Саламат Курегулов бастап 

барып,    тартысты  өткен  бәсекелерде  4  боксшы  жүлдегерлер  қатарынан 

көрінді.  Жолдасбаев Медет (34 кг) II-орын, Қуандық Асқар (34 кг) I-орын, 

Бекболұлы  Жасұлан  (48  кг)  I-орын,  Қылышбеков  Ерғали  (52  кг)  I-орынға 

ие  болды.  Турнир  қорытындысы  бойынша  Қуандық  Асқар  «Ең  жас  және 

болашағынан үміт күттіретін боксшы» номинациясы бойынша үздік деп та-

нылды.


                                              

Жақында  Ақтау  қаласында  ерлер  мен  әйелдер  арасында  каратэ-ке-

кушинкайдан  Қазақстан  Республикасының  кубогы  үшін  жарыс  өтті.  Бұл 

жарысқа Қарақия аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 

жаттықтырушысы Садиға Арманд абсолюттік салмақта сынға түсіп, ақтық 

бәсекеде қарсыласына жол беріп, II-орын иеленді.

 Қарақия аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің 7-сыныпта оқитын 

2000-2001 жылы туылған мамандандырылған футболдан сынып команда-

сы  (жаттықтырушы  А.Алабердов)  Ресейдің  Анапа  қаласында  өтетін  «Ку-

бок-Черноморья»  балалар  арасындағы  халықаралық  жарысқа  қатысуға 

шақырту  алған  болатын.  Жарысқа  Ресейдің  Анапа,  Ессентуки,  Дербент, 

Пятигорск, Владикавказ қалаларынан келген командалармен сынға түскен 

біздің  футболшыларымыз  4  кездесуде  2-ұтыс,  1-тең,  1-ұтылыс  өткізіп, 

қорытындысында  III-орынды  иемденді.  Жекелеген  номинация  бойын-

ша  Қуанышев  Ғасыр  «Үздік  қақпашы»  атанса,  Қармыс  Аманғали  «Үздік 

қорғаушы»  атанды.  Сонымен  бірге  Нұргелдиев  Балмұқан,  Наурызбаев 

Нұрбект ресейлік мамандар тарапынан жоғары бағаланды.

Нұрлан ЖҰМАБАЕВ,

Қарақия аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі 

директорының орынбасары

«Апат медицина орталығы»

  

төтенше жағдай министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік мекемесі

ЖҰМЫСҚА ШАҚЫРАДЫ!

Қарақия ауданы Мұнайшы ауылының маңында қазан айында ашылатын Күрежолдық медициналық 

құтқару  пунктіне  шілде  айынан  бастап  5  мамандық  бойынша  вахталық  кезекшілікпен  атқарылатын 

жұмысқа:


дәрігер – 2; фельдшер – 2; фельдшер-диспетчер –2; құтқарушы –2;  

жүргізуші-санитар –2 қабылданады.



ҚОЙЫЛАТЫН  ТАЛАПТАР:  Дәрігер,  фельдшер,  фельдшер-диспетчер,  3  жылдан  еңбек  өтілі  кем 

емес,  медициналық  білімі  бар  (диплом),  мамандық  сертификаты  болуы  шарт.  Жедел-жәрдем  сала-

сында тәжірибесі болғандарға басымдылық беріледі. Жүргізу-санитар жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем 

емес және 1 класс жүргізуші куәлігі болуы керек. Құтқарушының жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес, 

құтқарушы сертификаты болуы шарт. 

Хабарласу телефоны: 8 (7292) 44-10-14; Факс: 8 (7292) 44-05-57.



Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Меншік иесі:

Директор

Ғалымжан МЕЛДЕШОВ

Газет Ќазаќстан Республикасы Мәдениет және 

аќпарат министрлігінде 06.02.2013 есепке 

ќойылып, №13357-Г куєлігі берілген.

Газет жарияланымдарындаѓы автор пiкiрi 

редакцияныњ т‰пкiлiктi кµзќарасы болып 

есептелмейдi.

Жарияланѓан материалдарды  сiлтемесiз 

кµшiрiп басуѓа болмайды.

Жарнама,  хабарландырулар  мазм±нына 

редакция жауап бермейді.

Редакцияѓа  жолданѓан  материалдарѓа 

рецензия  жасалмайды  жєне  ќолжазба 

авторѓа ќайтарылмайды.

Тақырыптық суреттер ғаламтордан алы-

нады


Газет “Маңғыстау - Медиа” ЖШС 

Дизайн  орталыѓында беттелдi.

Мекенжайымыз:        

Аќтау ќаласы , 14 ш/а,       Облыстыќ єкімдік  ‰йі, 2-ќабат.          Қабылдау бөлмесі       8 (7292) 42 97 95          e-mail:mangistau-media@mail.ru



Таралымы:1147

Индекс: 65681.

газеттің бағасы келісімді.

 «CASPY PRINT» ЖШС  

баспаханасында  басылды.

130000,  Аќтау ќаласы, 22 ш/а. 

тел: 750999, 750666.

Тілшілер: Жалғас АЙТҚҰЛОВ, 

                 Артур САЛПЫҚОВ 

фото тілші: Эльмира ҚОШМАНОВА



Редактордың м.а: Анар ҚАЛЖАНОВА

Редакцияның мекенжайы:    

Маңғыстау облысы, Қарақия 

ауданы, Құрық селосы, 1 шағын 

аудан, 52а-үй.



ТЕЛ/факс:  8(72937) 2-17-39, 8 (72937) 2-12-34, 

e-mail: gazeta_karakia@mail.ru



ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ

АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫ

4 шілде 

түнде:  +23   күндіз:  +26

            

5 шілде бұлт

түнде:  +28    күндіз: +34

6 шілде 

түнде:  +28   күндіз +38

7 шілде, найзағай,бұлт 

түнде:  +26   күндіз   +35

Жетекшісі: Сағындық РЗАХМЕТОВ

Беттеуші дизайнер: Шынар АЯЗБАЕВА

4

№35 (598) 3 шілде 2014 ж.

ҚАРАҚИЯ


gazeta_karakia@mail.ru

Салық басқармасынан 02.02.2007 жылы 05915 сериялы 0026848 

нөмірлі жеке кәсіпкерлік куәлігін алған 

Ахметова Риза Сұлтановна 

қызметінің тоқтатылғандығын хабарлайды. 



***

Салық  басқармасынан  05.12.2003  жылы  43915  сериялы 

000822  нөмірлі жеке кәсіпкерлік куәлігін алған 

Кучербаев Нурадин 

Искендерович  қызметінің тоқтатылғандығын хабарлайды.

КӘСІПКЕРЛІГІ ТОҚТАТЫЛДЫ



АНА 

мен

 СӘБИ ДЕНСАУЛЫҒЫ 

-  

АНА  МЕН БАЛА

САҒЫНА КҮТКЕН 

АҚШАТЫР

ЖАЗ ЖАЙНАТЫП...

«Құрық 


орта 

мектеп-гимназия-

сы»  жанынан  ұйым дастырылған  «Кас-

пий»  балаларды  жазғы  сауықтыру 

ақшатырының  бірінші  легіне  аудан 

орталығындағы  мектептерден  жалпы 

саны 100 бала қабылданды. «Жасұлан», 

«Балдәурен»,  «Ақшағала»,  «Толқын»  

топ тарының  басшылары  өз  кезегінде 

ақшатырдың  дайындықтарын  баянда-

ды. 

Жиынға 


шақырылған 

құр метті 

қонақтар  арасында  мектеп  директоры 

Келдімұрат  Дәуірбаев,  ақшатыр  бас-

шысы  Жібек  Бабаева,  Құрық  селосы 

әкімінің  бас  маманы  Алмаш  Ізбасаро-

ва, №6 орта мектептің әлеуметтік педа-

гогы  Амангүл  Нұрбердиева  балаларға 

жылы  лебіздерін  арнап,  ақшатыр 

қабырғасында  жақсы  тынығып  демалу-

ларына тілектестік білдірді. 

- Мектеп жанынан құрылған «Каспий» 

ақшатыры үш жылдан бері жұмыс жасап 

келеді.  Өткен  жылы  ақшатыр  барлық 

көрсеткіштері бойынша ауданда бірінші 

орынды  иемденді. Маусымына екі ауы-

сыммен  жұмыс  жасайтын  ақшатырда 

200  бала  тынығып,  денсаулықтарын 

тү зейді. 

Балалар 


облысымыздың 

көрікті  жерлеріне  экскурсияға  шығып, 

өлке  тарихымен  танысады.  Балалар 

ынтымақшыл, тату болса олардың алар 

биіктері  де  мол  болмақ,  -  деді  мектеп 

директоры Келдімұрат Дәуірбаев.  

                      

Жалғас АЙТҚҰЛОВ,

«Қарақия»     

Өңірлік  штабтың  отырысында  сөз  алған  Жетібай  орталық 

ауруханасының бас дәрігері, аудандық мәслихат депутаты Ес-

болай Есенқосов: «2013 жылы Жетібайда 6 бала өлімі тіркел-

се, ағымдағы жылдың 5 айында 1 бала өліміне жол берілген. 

Бала  туу  көрсеткіші  өткен  жылмен  салыстырғанда  3 

пайызға артып, бала өлімі азайды. Халық денсаулығына  22 

жоғары  және  арнаулы  орта  білікті  маман  қызмет  көрсетсе, 

олардың барлығы дерлік Ақтөбе, Астана қалаларында болып, 

жылда  біліктілігін  арттыру  және  қайта  даярлау  курстарынан 

өтіп тұрады.

Қарақия  аудандық  орталық  аурухана  жанындағы  ту-

беркулез  диспансерлік  бөлімшесінің  меңгерушісі  Бибігүл  

Дүйсенованың  айтуынша  ауданымызда  өткен  жылы  20  адам 

әр  түрлі  санаттағы  туберкулез  ауруымен  ауырып,  биыл 

олардың саны 19-ға жетті. Бұдан шығатын қорытынды аудан-

да  туберкулезбен  ауыратын  науқас  санының  өсу  динамика-

сы  байқалатындығын  көреміз.  Дегенмен,  аталмыш  саладағы 

дәрігерлер  ауру  түрінің  асқынып  кетпей,  оның  алдын-алу 

мақсатында жұмыстануда.



Абдуали ӘЛИЕВ,

«Қарақия» 

ДӘРІГЕРЛЕР

БАҚЫЛАУЫНДА

Аудан әкімінің орынбасары 

А.Бекқайыровтың төрағалығымен «Ана мен 

                           бала өлімін азайту» өңірлік  

                       штабының кезекті отырысы 

өтті.

Салатова  Айгерім  Төреғалиқызының  атына  №6  орта  мек-

тепті  2009  жылы  бітіргендігі  жөнінде  берілген  ЖОБ  №  0199059 



аттестаттың жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

***

Салық  басқармасынан  05.12.2003  жылы 



Кучербаев  Нурадин 

Искендерович  атына берілген 43915 серилы, 000822 нөмірлі жеке 

кәсіпкерлік куәлігі жоғалуына байланысты жарамсыз деп табылсын.

ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛСЫН



СПОРТ ТЫНЫСЫ

СҮЙІНШІСІ ӘЗІР!

01.06.1956  жылы  туылған 



Латипов  Қонысбай  Мыңбайұлының 

жүргізуші куәлігі, жеке көлігінің техникалық құжаты және техникалық тек-

серуден  өткендігі  туралы  анықтама  қағазы,  көлік  сақтандыру  құжаты, 

көлік салығының төленгендігін растайтын түбіртегі бар 



қара әмиян және 

«Samsung»  ұялы    телефоны  жоғалды.  Сыйақысына  қайтаруыңызды 

сұраймын. 



Мекен-жайы: 2 шағын аудан, 101 үй, 22 пәтер

Байланыс телефоны: +7701 370  61 15, 5-20-90

2014  жылдың  күзінде 

Францияда  өтетін  әлем 

біріншілігіне 

Аманғали 

Бағдабаев  «Жас  қанат» 

атын  бәйгеге  қоспақ.  Ре-

сей,  Қазақстан  және 

облыстың  бірнеше    дүр-

кін  чемпионы  «Жас  қа-

нат»  аты  Адай  және 

Ақ алтеке  аттарының  бу-

данынан  шыққан  пырақ. 

Қоржынында  екі  жеңіл 

автокөлік,  қомақты  қар-

жыны  бөктерген  бұл  ат 

осы  әлем  чемпионаты-

на  жолдама  алды.  Бұл 

жолы  да  алғашында  80 

шақырым,  одан  кейін 

120,  осы  сапарында 

160  ша қырымды  бағындырған  «Жас  қанатқа» 

Қазақстанда тең келер ат табылмапты. Осы ха-

барды  естісімен  редакция  тілшісі  Мұнайшы  се-

лосында  болып,  атбегі  Аманғали  Бағдабаевпен 

сұхбаттасып,  дүниежүзілік  аламан  бәйгеге  жол-

дама  алған  «Жас  қанат»  құс  қанатты  жүйрігін 

көріп қайтты. 



-  Сіздің  жетістіктеріңізге  бұрыннан  қа-

нықпыз,  газетте  жазылып  та  жүр.  Енді  бұл 

әлемдік  жарыстың  орны  бөлек,  осы  додаға 

жолдаманы  қалай  жеңіп  алдыңыздар  және 

оған дайындық қалай өтті? 

 - Жалпы   қазақ атбегілері атты бәйгеге дайын-

дауды құпия сақтайды. Қазақта бақ шаба ма, бап 

шаба ма деген нақыл сөз бар. Негізінде бұл екі 

сөз  тіркестері  мен  тіл  көзден  сақтасын  деген 

ырым сөздер  ат бәйгесінде  жиі қолданылады. 

Бұлар  шынайы  өмірде  орын  алған,  сондықтан 

аламан  бәйгелерде  бақ  та  шабады,  бап  та  ша-

бады,  қатарынан  оза  шапқан  аттарға  көзде  ти-

еді.  Жалпы,  осы  кәсіппен  айналысқаныма  екі 

онжылдық болса да,  алдымыздағы өтетін әлем 

біріншілігіне  алғаш  қатысайын  деп  отырмын. 

Орталық  европа  саналатын  Францияның  ауа-

райы  мен  Маңғыстау  облысының  климаты  бір-

біріне кереғар, сондықтан атты баптау барысын-

да  ең  бірінші  кезекте  ауа-райы  ескерілуі  керек. 

Құпиялар  көп,  олардың  барлығын  жайып  салу 

артық болар деп ойлаймын.



- Әлем біріншілігі. Бұған жер бетіндегі небір 

дүлдүлдер келеді, жүрегіңіз дауаламай ма?

- «Жас қанатым» орын алар, алмас, бір  құдай 

біледі. Жұмыр жерде біз білетін, білмейтін аузы-

мен  құс тістеген, қанатты пырақтар болған, бола 

береді де. Атақты араб,  ағылшын жүйріктерімен 

иық  түйістіріп    жарысу,  менің  «Жас  қанатым» 

үшін  екінің    біріне  бұйыра  бермейтін  бақыт 

деп  білемін.  Кесіп,  пішіп  ештеңе  айта  алмай-

мын,  уақыт  көрсетер.  Облыс  әкімі  Алик  Айдар-

баев  жақында  жарыстарға  ат  таситын,  арнайы 

жарақтандырылған автокөлік сыйға тартты. Сол 

үшін  облыс  басшысына  үлкен  алғысымды  біл-

діремін.

  Жеңісті  күндерде  жолыққанша  дей  отырып 

атбегі  бапкері  Аманғали  Бағдабаевқа  сәттілік 



тілеп, кері қарай жолға шықтық.

Әли МАХАНОВ,

«Қарақия»     

ЖОЛДАМА АЛДЫ

ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНЕ

АТ СПОРТЫ

Мұнайшы 

кентінде 

тұратын 

әйгілі атбе-

гі Аманғали 

Бағдабаев 

жақында 

Ресейдің Рязань 

облысы, Спасск 

қаласында 

өткен 2014 

жылы 

Францияда 

өтетін 

аламан бәйгенің 

іріктеу 

жарысына 

қатысып, 

жолдама алып 

келді.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал