Кәсіпорынның Қаржылық ТҰРАҚтылығын талдаудың теориялық негіздері



жүктеу 304.62 Kb.
бет9/11
Дата12.11.2022
өлшемі304.62 Kb.
#23764
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
dip -kasiporynnyn-qarzhylyq-turaqtylygy-maseleleri-zhane-qamtamasyz-etu-zholdary-kazgu-2014-85
қоры



балансталған
есеп тұйық қаржылық
тұрақсыздық
Сурет 8. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету моделі
Алынған көзі. Демесинов Т.Ж. Қаржылық талдау [34, 129б.]

Баланстық көрсеткіштерден басқа да жұмыс нәтижелілігі тәуелді болғандықтан, егер кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер оңтайлы болса, онда ол жан-жақты нәтижелі және балансталған болып табылады. Ұсынылған модельдің сыртқы сақинасындағы байланыстар математикалық есептеумен көрсетіледі. Қаржылық тұрақтылықты ұстап тұратын математикалық есептеулер шығарылған. Олар келесілерге бағытталады:



  1. меншікті капиталдың заемдық капиталдан үлкен немесе тең болуы (МК≥ЗК);

  2. меншікті капитал қаржылық емес активтерден жоғары немесе тең болуы (МК≥ҚеА);

  3. қаржылық активтер қаржылық емес активтерден жоғары немесе тең болуы (ҚА≥ҚеА);

  4. айналым активтерінің айналымсыз активтерден жоғары болуы (АА≥АзА);

  5. қаржылық айналым активтерінің 0-ден жоғары болуы (ҚАА>0);

  6. қосалқы қорлар: дебиторлар: инвестиция және ақша қаражаттары ағымдағы активтерде тең үлесте болуы.

Алынған нәтижелер қорытындысы кәсіпорын баланс құрылымы бойынша тәжірибелік мәні, әрбір кәсіпорын үшін қаржылық тұрақтылық деңгейіне жетуге және оны жоспарлау үрдісін жеңілдетеді. Осы есептеулердің кейбір қайшылықтары болғандықтан, қосымша автономия коэффициентіне әсерін тигізетін кәсіпорынның пассивтер құрылымын зерттеу жұмыстарын жүргіздік.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үлгісі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету құралы болып табылады.
3.2 Кәсіпорнының қаржылық жағдайын бақылауды жақсарту жолдары

Кәсіпорындардың қаржы саласындағы сәттілігі сыртқы және ішкі факторлар әрекетімен қамтамасыз етіледі. Кәсіпкер үшін ерекше маңызды болып сыртқы жағдайлар табылады, ол оны өзгерте алмайды және соған бейімделуге мәжбүрлі болады. Фирманың ішкі мүмкіндіктері, сыртқы факторларды тиімді әрекеттендіретіндей болып қолданылуы керек.


Сыртқы ортаны талдау құрал ретінде қызмет атқарады, оның көмегімен менеджерлер, әлуеттік қатерлерді болжау және жаңадан ашылатын мүмкіндіктерді дер кезінде әрекеттендіру мақсатында, ұйымға қатысты факторларды бақылайды. Сыртқы ортаны зерттеу, кәсіпорынға өз уақытында нарықтық қатердің пайда болуын болжауға, күтпеген жағдайлардың пайда болуы кезінде ахуалды дайындауға мүмкіндік береді [22, 112б.].
Сыртқы орта - бұл фирма қызметіне ықпал ететін сыртқы факторлар және, өз кезегінде, өзіне оның әсерін сынайды. Оларға географиялық, халықаралық, ұлттық, саясаттық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және басқа факторлар жатады. Қазақстанда қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикаға, онда қызмет атқаратын кәсіпкерлік құрылымға белгілі бір ықпал көрсететін негізгі факторларды атайық: Қазақстанның табиғи ресурстары, Қазақстанның еңбек ресурстары (саны, демографиялық жағдайлар, білім деңгейі, кәсіп, мәдениет), елдің территориясы (мөлшерлері, регионалдық және ұлттық ерекшеліктер), ұлттық менталитет (тұрмыс салты, қызмет салты, психология, дәстүрлер, халықтың әдеті), халықаралық қатынастар (елдің халықаралық жағдайы, дүниежүзінің әртүрлі елдерінің Қазақстан ресурстары мен экономикасына мүдделілігі), Қазақстанның мемлекеттік – саясаттық құрылымы (мемлекеттік билік органдары мен басқармасының кәсіпкерлікке қатынасы), елдегі құқық тәртібінің жағдайы, меншіктену қатынасы (қорғаныстылық, кепілдік), экономиканы монополиялау дәрежесі, бәсекелестіктің даму жағдайы (ішкі және сыртқы), инфрақұрылымның дамуы (ақпараттар, көлік, байланыстар, банкілік жүйелер, тауармен қамтамасыздану, маркетинг, жарнамалар, сақтандыру ісі, аудит), елдің экономикалық даму деңгейі (өндірістің көлемі мен дина­микасы, еңбек өнімділігі), инфляция (деңгейі мен динамикасы), салық салу (деңгейі мен динамикасы), халықтың әлеуметтік сақтану жағдайының деңгейі (жұмыспен қамтылу жүйесі,мамандарды дайындау және қайта дайындау, минимал жалақы деңгейі, зейнетақы, жәрдемақы, стипендия), тенгенің айырбасталымдығы (ұлттық валютаның параллель жүруі), техникалық және технологиялық факторлар [23, 82б.].
Әртүрлі қауіптер сыртқы қоршаған ортаның әрбір саласында пайда болуы мүмкін. Осы салаларды зерттеу ұйымның сыртқы ортасының дамуының беталыстары туралы толық көріністі алыға мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сипатты экономикалық факторларды талдау кезінде инфляция қарқыны, салықтар, халықтың жұмыспен қамтамасыздандырылу сипаты мен деңгейі, кәсіпорын-серіктестердің төлеу қабілеттілігі, ақшалай есеп айырысу жағдайы және т.б. қарастырылады.
Саясаттық факторларды талдау кезінде заңның жағдайы мен динамикасын, жергілікті билік органдарының және орталық үкіметтің нормативті актілерін, экономиканы құқықтық реттеудің даму деңгейін, жекелеп айтсақ, антимонополиялық заңды, несиелік саясатты, несие алуға шек қоюды және жұмыс күшін жалдауды және т.б. қарастырады.
Нарықтық факторлар компания жұмысының тиімділігіне тікелей ықпал етеді. Оларды зерттеу фирма басшаларына стратегияны нақтылау мен оның нарықтағы жайғасымын беріктендіруге мүмкіндік береді. Бұл жерде демографиялық жағдайдың өзгерісін, саладағы бәсекелестік деңгейін, нарық үлесін, оның үкіметпен қорғалуын және басқаларды зерттейді.
Құрылыс кәсіпорындарының басшылары, ұйымның қызметі үшін қиындық туғыза алатын өзгерістердің пайда болу уақытын жіберіп алмау мақсатында, технологиялық сыртқы ортаны тұрақты түрде бақылап отыруға міндетті.
Бәсекелестіктің факторларын талдау фирма жетекшілері тарапынан бәсекелестер қызметінің тұрақты бақыланатынын болжайды. Бұл салада төрт диагностикалық аймақты бөлуге болады: бәсекелестердің келешек мақсаттарын талдау, олардың ағымдағы стратегиясын бағалау, бәсекелесьердің нақты мүмкіндіктерін бағалау, бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын зерттеу.
Сыртқы ортаның әлеуметтік факторларының есебі өзгермелі қоғамдық құндылықтармен, қатынастармен, күтулермен және мінездермен байланысты. Экологиялық тұрақсыздық жағдайларында, дәл сол әлеуметтік ортада, фирма үшін үлкен қатер төндіретін көптеген мәселелер пайда болады. Бұл мәселелерді тиімді жеңу үшін ол сыртқы ортаға икемделе отырып, әлеуметтік жүйе ретінде өзі өзгеруі керек.
Ақырында, халықаралық факторларды қарастыру, сыртқы саудаға мемлекеттік монополияны алып тастағаннан соң, отандық ұйымдар үшін ол ерекше маңызға ие болды. Көптеген ірі және орташа компаниялар халықаралық нарықта белсенді әрекет жасайды. Фирмалардың басшылары осы сегментте туындайтын жағдайларды бақылауға тиісті [24, 89б.].
Сыртқы ортаны талдау, жоғарыда қарастырылған оның салаларын зерттеу фирма басшыларына келесі сұрақтарға жауап дайындауға жеңілдік береді: Сыртқы ортанын қандай өзгерістері фирма стратегиясына ықпал етеді? Ұйымның ағымдағы стратегиясы үшін қандай факторлар ерекше қауіпті? Жалпы фирмалық мақсаттар үшін қандай мүмкіндіктер мүдделі бола алады?
Қазір сыртқы жағдайларының маңызды тұрғылар динамикасында жүйелі қарастырудан соң, оның меншікті әлуеттерін талдау, күшті және әлсіз жақтарын талдау қажет. Бұл жерде бағаланатын жағдайлар: пайда болатын мүмкіндіктерді тиімді пайдалану үшін фирманың ішкі күштерінің жететіндігі, оның әлсіз жақтары, қиындықтар сыртқы қауіптермен байланысты мәселелерді шешеді күрделендіріп жібере алады. Ішкі мәселелерге диагностика қою үшін қолданылатын әдіс басқару зерттеуі деп аталады. Ол ұйымның әртүрлі атқарымдық аймақтарын кешенді зерттеуге негізделген және қойылған міндеттерге тәуелді қарапайым және өте күрделі бола алады. Әншейінде, зерттеуге бес функционалдық аймақ кіреді: маркетинг, қаржы және есеп, өндіріс – қызметкер, сонымен қатар ұйымдастыру мәдениеті мен ұйымның бейнесі.
Құрылыс кәсіпорындарында маркетингілік жүйесін талдау кезінде, ережеге сай, зерттеудің жеті маңызды сегментін бөледі. Біріншісі – нарық үлесі мен бәсекелестік қабілеттілігі. Нарық үлесінің оның жалпы сыйымдылығындағы пайыздығы, ұйымның жұмысының деңгейін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады, өйткені фирма нарығы үлесі мен оның жұмысының тиімділігі арасында белгілі бір тәуелділік болады (пайдалылықпен).
Көп жағдайда ұйымның тұрақтылығын анықтайтын, сұрыпталымның әртүрлілігі мен сапасы ерекше маңызға ие болады. Бұл жерде әртүрлі тәсілдеме болуы мүмкін. Бір фирма, өзінің басты жеңісін өнімнің сапасын қамтамасыздандырумен бағалай отырып, шектелген сұрыпталымға бағдарланады. Басқа фирма жыл сайын ондаған және жүздеген жаңа бұйымдарды игереді.
Нарықтық демографияны қайта бағалау өте қиын. Нарықтағы және тапсырыскер құрылымындағы мұндай өзгерістерді зерттеу - фирма үшін өте қиын міндет. Оны қоғамның әлеуметтік жіктелуі, халықтың негізгі массасының табыс деңгейінің өзгеруі, қоғамдық құндылықтардың трансформациясы күрделендіреді [25, 225б.].
Нарықтық зерттеулер мен әзірлемелер өте маңызды. Тұрақты бәсекелестік қабілеттілікті ұстап тұру үшін фирмаға кең конъюнктуралық зерттеулер жүргізу, жаңа тауарлар мен қызметтерді әзірлеуі, жаңа нарықты іздеуі керек.
Тапсырыс берушіге сату алдында және сату соңында қызмет көрсету біртіндеп маңызды роль атқаруда. Тиімділікті және төзімділікті сатудан соңғы қызмет көрсету сату көлемінің артуына ықпал етеді, ол сатып алушылардың фирмаға ниетінің түзу болуын қалыптастырады және беріктендіреді, жоғары сату бағасын белгілеуге мүмкіндік береді.
Соңғы уақыттарда өткізу, жарнама, тауарларды жылжыту өте үлкен маңызға ие болуда. Бұл көрсеткіштер талдаудың орталық орындарының бірін алады. Фирма нарықта жеңіске жетеді, егер өзінің тауарлары мен қызметтеріне белсенді және құзыретті жеткізушілерді алса, агрессивті, шығармашылықты әзірленген жарнамалары, сатып алушыға тауарлар мен қызметтерді жылжытудың тұтас жүйесі болса.
Дегенмен, әрине, ең бастысы - бұл пайдалылықты талдау. Пайда - кез-келген коммерциялық ұйым қызметінің тиімділігінің қорытындылаушы көрсеткіші. Сондықтан қызметтің барлық бағытынан, әртүрлі тауарлар мен қызметтерден түсетін пайданы тұрақты бақылау басқарудың маңызды функциясы болып табылады.
Ұйымның қаржылық жағдайы, басшылардың нарықта қандай тактика мен стратегияны таңдауын анықтайды. Қаржылық жағдайды егжей-тегжейлі талдау, ұйымның осы саладағы қолдағы бар және әлуетті резервтерін айқындауға көмектеседі. Қаржы жағдайдын талдау қаржылық тексеру әдістерімен жүргізіледі.
Фирманың өндірістік әлуетінің талдау әдістемесі өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін бағалаудың кәдуілгі әдістемесінен едәуір айрықшаланады. Бұл бірінші кезекте, стратегиялық басқаруға бағыттылықпен, дамып келе жатқан нарықтық қатынастармен түсіндіріледі. Өндірісті тұрақты түрде зерттеу, фирманың ішкі құрылымының сыртқы ортадағы өзгерістерге қазіргі кезге бейімделуі үшін және оның нақты ортадағы өміршеңдігі үшін үлкен маңызы бар.
Егер менеджменттің бағыныштылар көмегімен қалай үлкен ақшалар жасауға болатынын талқылайтынын ескеретін болсақ, онда қазіргі кездің компанияларының көптеген мәселелердің шешілуі кәсіпкерлікті және қуатты мамандармен өндірістіңде, басқарудыңда қамтамасыз етілуімен үлкен дәрежеде байланысты. Нарықтағы балансталған команда, жақсы жетекшілік болған жағдайда, көп жақсы нәрселерге қабілетті.
Фирманың ұйымдастыру мәдениеті мен бейнесіне жеке тоқталып өту керек. Әлеуметтік орта келесі адамдардан тұрады: басшылар, бағынушылар. Ұйымдастыру мәдениеті ұйымдастыру ортасындағы адамдар тәртібінен тұрады. Жалпы, мәдениет алдын-ала берілген, анықталған болып табылмайды. Ол - қоғамдағы өзара әрекет нәтижесі, ең бастысы қатынас пен оқыту арқылы беріледі және ұсталады. Фирма шеңберіндегі мәдениет оның ұжымының тәртібі арқылы айқындалады.
Ұйымның ішкі де, сыртқы да бейнесі қызметкерлерінің, тапсырыскерлерінің және жалпы қоғамдық пікірлер көмегімен жасалатын әсермен анықталады. Қоғам алдында жақсы атты болу фирмаға ұзақ уақыттар бойы серіктестерін сақтауға, тапсырыскерлер ауқымын кеңейтуге көмектеседі. Фирманың қаржы нәтижелері көп жағдайларда оның ортасының жалпы мәдениетіне тәуелді болады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда кәсіпорындардың жағдайы өміршең болуы үшін, нарықтағы әрбір қадамды есепке алу қажет, кадрларды және кәсіпорынды басқаруда тұрақты түрде инновациялар енгізу керек. Тәуекелділікті ойлы жасау керек және ең күрделі жағдайдың оптималды шешімін таба білу қажет. Сондықтанда фирманың кәсіпкерлі менеджері мен оның барлық командасының жұмысы маңызды.
Команданың тиімді басқаруы және жоғары сапасы кәсіпорынды барлық уақытта дағдарыстан алып шығады. Фирманы басқарудың барлық механизмі ықшамды және сонымен қатар барлығын қамтитын болуы керек; оған кіретіндер: өнім сұрыпталымын басқару жүйесі, кәсіпорын шығындарын басқару жүйесі, қаржылық және салықтық жоспарлау жүйесі, марке­тингілік жүйе және көптеген басқалары. Қаншалықты кәсіпорын осындай басқарудың тиімді тұтқаларын қолданса, соншалықты ол қазіргі ауыр кезеңдерде өміршеңді және оның жеңіске жетуге көп мүмкіншілігі болады [26, 77б.].
Бірінші кезекте фирманың қаржылық жетістіктерінің технологиясына тоқталу керек. Оның әрбір қызметкерінің әлеуметтік және материалдық қорғанылуы, ол жұмыс істейтін компанияның қаржылық тұрақтылығына байланысты болады. Сондықтан фирманың қаржылық-экономикалық жағдайын ненің есебінен жақсартуға болады деген сұрақ тек қана басшылар мен акционерлерді толғантып қоймайды, барлық қызметкерлердіде ойлантады.
Қазақстандық кәсіпорындардың көбісі бүгінгі күні инвестициялық көз тартымды болып табылмайды (олардың 40 % жуығы – залалдылықты және соншасы қаржылық тұрақсыз жағдайда). Инвесторлардың ұсынатын шарттары көп жағдайда кәсіпорынға тиімсіз болып табылады. Осыған байланысты күйсіз кәсіпорындарды қаржылық қолдау жоқ деугеде болады. Мүмкін, таяу уақытта күйсіздік қарызгер-кәсіпорындардың сатылуының себебі болады. Сондықтан кәсіпорынның қызметін ішкі реформалау мен қайта құру мүмкіндіктерін ұжымдық іздеу қажетті, бұл меншікті әлуетті қолдану мен дамытудың белсендірілгенін көрсетеді жәнеде, бірінші кезекте - басқару жүйесін жетілдірумен. Кәсіпорынның қаржылық тиімділігін жоғарылатуда келесі бағыттарды бөлуге болады:
Рационалды басқару шешімдері есебінен жылдам жүзеге асырылатын резервтерді қолдану (бәрінен бұрын – «тәртіп енгізу» және нәтижелер бойынша басқару технологиясына өту). Осындай өзгерістер әдетте 2-4 айда жүзеге асады және тиімділіктің 20 % дейін өсуіне әсер етеді.
Ассортименттік саясатты түбегейлі жетілдіру есебінен жүретін құрылымдық өзгеріс (төменгі пайдалылықты өнімнің үлесін азайту) және техникалық саясат (тиімсіз техника мен технологияны қолданудың меншікті салмағын азайту). Бұл шаралар 5-8 айда жүзеге асырылады және тиімділікті 40 % дейін жоғарылата алады.
Жаңа тиімді қызметтер көрсетуді, өнімдерді, технологияларды (оның ішінде өзгерістерді стратегиялық басқару технологиялары мен жүйелері), экономикалық механизмдерді және т.б. жасау мен енгізуден қалыптасатын инновациялық процестер. Бұл өзгерістерді жүзеге асыруға жыл –жыл жарым талап етіледі. Бір жылдан соң олар жуық шамамен тиімділіктің 10-20 % өсуін, 2 жылдан соң - 60-70 % дейін өсуін береді. Ары қарай – 30 %дейін жыл сайын, 2-3 жыл ішінде.
Соңғысы, дамудың инновациялық жолы – ол біржолғы шара болып табылмайды, экономикалық нәтижелердің тұрақты өсуін қамтамасыздандыруға қабілетті және соған сәйкес фирманың бәсекелестік қабілетін қолдайды.
Кәсіпорынның реформалануында шаруашылық көрсеткіштерін жоғарылату мақсатына мүдделілер:

  • компаниялардың өздері, өйткені олардың қаржылық-экономикалық жағдайлары жақсарады;

  • мемлекеттік билік (бюджеттің табысты бөлігінің өсуінің қамтамасыздығы, халықтың тұрмыс жағдайының жоғарылауы);

  • дәрменсіздік пен банкроттық туралы істер бойынша мемлекеттік басқарманың территориалдық агенттігі;

  • банкілер, инвестициялық қорлар және басқа инвесторлар, өйткені несиені қайтару тәуекелдігі төмендейді.

Фирманың қаржы жетістіктері көп жағдайда басшының, бас бухгалтердің және заңгердің жұмысының үйлесіміне байланысты болады. Бух­галтерлік есеп деректері конструктивті басқару шешімдерін қабылдау үшін өте маңызды. Фирманың басшысының түйінді мәселелердің бірі, бүгінгі күнде - ол, қолдағы бухгаалтерлік ақпараттың негізінде оптималды басқару шешімін қабылдау мүмкіндігінің болмауы. Бухгалтерлік есеп әрекеттегі ережелер мен нұсқауларға, оның ішінде салықтық қызметпен белгіленгенде, сәйкес факті бойынша жүргізілген шығындардың реттеушісі ретінде болады. Осыдан қазақстандық бухгалтердің негізгі мақсаты - кәсіпорынды айыппұлдан қорғау немесе, ең болмағанда, оларды минимизациялау [27, 145б.].
Осы және басқада мәселелерді шешу үшін шығындарды басқару механизмі керек болды. Өнімнің өзіндік құны шығынының баламалы есебі қажет. Өзіндік құнның есептелуінің логикалық жүйесін жасау үшін, ең алдымен фирма шығаратын барлық сұрыпталымды ұқыпты саралау қажет. Бұл әсіресе кең сұрыпталымды кәсіпорын үшін өзекті, онда әр алуандықтың саны жүздеген немесе мыңдаған атауларға жетеді. Біліктілік мақсаты - сұрыпталымды басқару мүмкіндігін қамтамасыздандыру. Одан соң осыған ұқсас шығындардың «ағашын» құру қажет. Егер шығындар түрінің әртүрлілігі бір деңгейде ерекше көп болса және олар абсолюттік шамалары бойынша өзара ондаған ретке айрықшаланатын болса, онда шығыдар есебі тиімсіз болады. Сондықтан оларды менеджерге немесе фирманың қаржы директорына ыңғайлы етіп сыныптау қажет.
Неге бұл менеджер үшін соншалықты маңызды? Ол ұқсас тауарлар нарығындағы сыртқы жағдайды зерттеуге міндетті. Мұндай жағдайлар, сән сияқты, техникалық және ғылыми прогресс тауарлар мен қызметтер ұсынысының тұрақты жаңаруын талап етеді. Нарықтағы перспективаны, кәсіпорынның нені шығаратынын, тауарды өндіру кезінде фирманың қандай шығын шығаратынын дұрыс бағалай отырып, менеджер өндіріске жаңалықты енгізу қажеттігін немесе бұрынғы өнімді жаңғырту қажеттігін немесе дәрменсіздігі мен бәсекелестік қабілетсіздігіне қарай одан толығымен бас тарту керектігі туралы шешімді қабылдауға қабілетті.
Бәсекелестік күресте жеңіп шығу үшін, кәсіпорын шығын негізінде құрылатын, баға белгіле механизмін өзгертуге мәжбүрлі (баға үшін өзіндік құн қызмет атқарғанда). Баға маркетингілік ақпарат негізінде нарықпен анықталады. Өндіріс психологиясы өзгереді, босатылған баға мен сапа іштен емес, сырттан берілгенде [28, 67б.].
Шығындардың есебінің динамикалық әдісі кәсіпорынның бөлімшелері қызметін бағалаудың объективті әдістемесін береді, менеджерге кәсіпорынның экономикасы мен қаржысын, бақылауға емес, басқаруға мүмкіндік береді. Сондықтан кәсіпорында контроллинг қызметінің құрылуы өзін-өзі ақтайды, ол тек басқару есебін ғана жүргізбей, сонымен қатар тексеру қызметтерінде атқарады.
Толық бағалы экономикалық қызмет құру өте маңызды. Ол үшін тиімді:

  • өзіндік құнды есептеудің динамикалық әдісі мен басқару есебі жүйесін әзірлейтін және қолданатын арнайы бөлімшені қалыптастыру;

  • менеджер өзінің жұмысының негізі етіп алған негізқалаушы принциптарға сәйкес сұрыпталымдар мен шығындардың сыныптамасын қамтамасыз ету;

  • шығындардың қалыптасу құрылымы мен механизмін анықтау, жәнеде олардың тиімділігі мен негізділігін бағалау үшін барлық өндірістік бөлімшелердің инспекциялануын енгізу;

  • сұрыпталым бойынша өзіндік құнның құрылымы мен бөлімшелердің жұмысының тиімділігі туралы ай сайынғы ақпаратты кепілдеу, жоғарыда белгіленген қағидалар қолданылатындай есепті талдамалы деректер қорын құру.

Қазақстанда көп нәрсе басқа елдікіндей емес. Тіпті тауар өндіріліп, ал маркетингілік зерттеу оның сатылуына қолайлы болжау көрсетседе, тыныштыққа орын болмайды. Қазіргі қазақстан бизнесінің ең маңызды проблемасының бірі - төленбеген төлем болып табылады. Кәсіпорын тиелген тауар немесе көрсетілген қызмет үшін ақшасын ала алмайды. Онда келесі сұрақ туады: жұмыскерлердің жалақысы қайдан қаржыланады, қандай қаражаттардан бюджетке және бюджеттен тыс қорларға салықтар төленеді?
Төленбеген төлемдер – екі ұшты таяқ. Мемлекет бюджет жыртықтарын жамау үшін салықтарды жоғарылатады, бірақ салықтың жиналуы төмен, және мемлекет осындай әрекеттерімен оны төмендетуін жалғастырады. Дәл осы салықтық жүйе, өзінің қазіргі түрінде, экономикалық өрлеу жолында басты кедергі ролін атқаруда. Адал бизнесмен төлейтін салықтар, көбінесе жеткізушілермен және несиегерлермен есеп айырысуына, меншікті қаражаттың жетпеу себебі болып табылады. Мемлекет, өзінің бюджетіне салықты жинай алмай, сыртқы қарызды арттырады, сөйтіп өзі мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін халықтың, кәсіпорындардың алдындв «қасақана» төлемеуші болып қалады.
Қазіргі кезде Қазақстанда сынау мен қателесу әдістерімен осы мәселенің белгілі бір шешіміне келуде, оған баратын жолдың ұзақтығына қарамастан. Басқа елдердің салықтық жүйесі ондаған, тіпті ғасырлар бойында құрылған. Олар өздерінің мемлекеттерінің тарихи дамуына сәйкес келеді. Қазақстанда ресми қызметтер тоталитарлық мемлекет міндетін орындайды – қоғамды бақылайды, негізінде демократиялық елде қоғамның мемлекетті әрекетті бақылауы сипаты болады. Табыстарды жинау мәселелері бюджеттік жағдарыстың негізгі себебі болып қалды.
Қазір салықтар, артықшылығы жоқ және заңды екі етпейтін бизнесмен үшін, оның табысының негізгі бөлігін құрайды. Нақты жағдайда бюджеттердің барлық түрлеріне және барлық бюджеттен тыс қорларға біршама аз түседі. Айрықшылық - бұл салықты төлеу, мерзімді ұзарту мен жеке артықшылық, салықты төлеуден жариялы және құпиялы бас тарту бойынша заңды жеңілдіктер бағасы. Жоғары салықтық қалтарысты айналымның өсуінің қозғаушы күші болды. Дегенмен, бұл қалтарыс бизнес көп жағдайда кәдімгі шағын бизнес болады: шағын жайма сауда, тұрмыстық қызметтер, майдагерлік өндіріс [29, 156б.].
Мемлекет өзінің бюджетін салықтарды жинаудан қаншалықтыға жоғарылататынын айту қиын, бірақ бұл сөзсіз, өзінің табыстарын барынша жасыратын кәсіпорындардың санының көбеюіне әкеледі, бұл өз кезегінде бюджетке салықтардың түсуінің мөлшерін одан әрі төмендетеді.
Қазақстандық фирмалардың басшыларына осы мәселені шешудің жолдарын іздеуге тура келеді. Фирма қызметкерлері мен жұмыскерлерінің материалдық жағдайлары кәсіпорынның өміршеңдігі мен жемісті қызметінде маңызды рольдердің бірін атқарады. Егер менеджер табыстарының бір бөлігін жасыра алмаса, онда ол жұмыскерлерінен айырылуы мүмкін (бәрінен бұрын, ең жақсыларын, олар жалақылары қалтарыс қызметтен алынатын, басқа фирмаға қызметке кетеді). Яғни, мемлекеттік заңдар, жарлықтар, ережелер және нұсқаулар кәсіпорындарды оларды бұзуға және салықтардан тығылуға мәжбүрлі ететін болғаны. Банкротқа отырған немесе дағдарыс жағдайға түскен кәсіпорындардың санының күрт артуы ықтималды. Бірақ ең тәуірлері өмірге қайта оралып, ары қарай дамиды. Олардың проблемаларын менеджер және фирманың бүкіл ұжымы шешеді [30, 25б.].
3 бөлім бойынша мынадай қысқаша негізгі қорытындылар мен ұсыныстар жасауға болады:
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіші - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы меншікті құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді. Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың ең бір маңызды жолы - өзіндік құнды азайту болып табылады. Өнімнің меншікті құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.

жүктеу 304.62 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет