Кәсіпорынның Қаржылық ТҰРАҚтылығын талдаудың теориялық негіздері



жүктеу 304.62 Kb.
бет1/11
Дата12.11.2022
өлшемі304.62 Kb.
#23764
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
dip -kasiporynnyn-qarzhylyq-turaqtylygy-maseleleri-zhane-qamtamasyz-etu-zholdary-kazgu-2014-85

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мәселелері және қамтамасыз ету жолдары


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ....................................................................................................................


1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы экономикалық мәні мен негізгі түрлері ......................................................................................................................
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар.................
1.3 Қаржылық тұрақтылықты бағалаудың негізгі әдістері мен критерийлері....
2. «БАТЫСТРАНЗИТ» ЖШС-НІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ МЕН БАҒАЛАУ
2.1 «БАТЫСТРАНЗИТ” ЖШС-нің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау.................................................................................................................
2.2 «БАТЫСТРАНЗИТ» ЖШС активтер құрамы мен құрылымын және қалыптасу көздерін талдау.........................
2.3 Серіктестіктің активтерінің өтімділігі мен төлемқабілеттілігін талдау......................................................................................................................

3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жетілдіру жолдары...................
3.2 Кәсіпорнының қаржылық жағдайын бақылауды жақсарту жолдары..................................................................................................................


ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................


КІРІСПЕ


Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз үдерісін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Кәсіпорын қаржылық жағдайының тұрақтылығын талдау экономикалық ахуал болған кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау, ұзақ мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау мен көбейту, экономикалық әлеуетінің тиімді қолданылуын жоғарлату болып табылатыны белгілі.
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық тұрақтылық мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Диплом жұмысының мақсаты – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін талдау және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қарастырылды:

  • қаржылық тұрақтылық ұғымын нақтылау;

  • кәсіпорының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілетіндігін сипаттайтын көрсеткіштерді жүйелеу;

  • кәсіпорынның тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін талдау;

  • жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Диплом жұмысының объектісі ретінде «БАТЫСТРАНЗИТ» ЖШС қаржылық қызметі алынды.
Диплом жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Диплом жұмысын жазу барысында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттігін зерттеуге бағытталған шетелдік және отандық ғалымдардың соның ішінде: К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиева, В.В.Ковалев, А.Д. Шеремет, Г.В.Савицкая, Ю.С. Масленченков, Н.Е. Егорова, И.Т. Балабанов, И.А. Бланк, Е.С. Стоянова, В К.А. Сағадиев, М.Кенжегузин, Н.Қ Мамыров, және т.б. еңбектері пайдаланады.
Диплом жұмысын орындау барысында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, ҚР Статстика Агенттігінің, «БАТЫСТРАНЗИТ» ЖШС мәліметтері пайдаланылды.
Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік мағыздылығы. Кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етілуін негіздеу және оны талдау мен бағалау бойынша қорғауға шығарылған нәтижелер келесілер:

  • нарық жағдайына сай «қаржылық тұрақтылық» ұғымы нақтыланды;

  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына ықпал етуші факторлар айқындалды;

  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау әдістері жүйеленіп, көрсеткіштер көмегімен «БАТЫСТРАНЗИТ» кәсіпорынының қаржылық жағдайына талдау жасалды;

  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жолдары ұсынылды.

Диплом жұмысының құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспе, үш бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылған.
Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне қаржылық тұрақтылықтың қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды қамтиды.
Жұмыстың негізгі тәжірибелік бөлігі «БАТЫСТРАНЗИТ» қаржылық тұрақтылығын талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.

жүктеу 304.62 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет