Кәсіби стандарт «Әлеуметтік қызметтер»



жүктеу 63.1 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі63.1 Kb.

 

 



ЖОБА 

 

 

Кәсіби стандарт «Әлеуметтік қызметтер» 

 

 

1. Жалпы ережелер 

 

 1.«Әлеуметтік 



қызметтер» 

кәсіби 


стандарты 

білім 


беру 

бағдарламаларын  қалыптастыру  үшін,  оның  ішінде  кәсіпорындардағы 

персоналды  оқыту  үшін,  білім  беру  мекемелеріндегі  қызметкерлер  мен 

түлектерді  сертификаттау  үшін,  персоналды  басқару  саласындағы  кең 

ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.  

2.Осы  кәсіби  стандартта  келесі  терминдер  мен  анықтамалар 

қолданылады: 

біліктілік  –  қызметкердің  нақты  еңбек  функцияларын  сапалы 

орындауға дайын болу дәрежесі

біліктілік  деңгейі  –  еңбек  іс-қимылдарының  күрделілігі,  стандартты 

еместігі,  жауапкершілігі  мен  дербестілігі  өлшемдеріне  қарай  сараланатын 

қызметкердің  даярлығы  мен  құзыретінің  деңгейіне  қойылатын  талаптар 

жиынтығы; 

еңбек  функциясы  –  еңбек  үдерісінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін 

шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 

кәсіп  –  арнайы  дайындық  нәтижесінде  игерілетін  және  білім  туралы 

тиісті  құжаттармен  расталатын  белгілі  бір  білімді,  білікті  және  тәжірибелік 

дағдыларды  талап  ететін  адамның  еңбек  қызметіндегі  кәсіптерінің  негізгі 

түрі; 

кәсіби  стандарт  (КС)  –  кәсіби  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік 



деңгейіне,  құзыреттеріне,  еңбек  мазмұнына,  сапасына  және  жағдайларына 

қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 

кәсіби  топ  –  жалпы  интеграциялық  негізі  (ұқсас  немесе  жақын 

тағайындау,  объектілер,  технологиялар,  оның  ішінде  еңбек  құралдары)  бар 

және  оларды  орындау  үшін  еңбек  функцияларының  және  құзыреттерінің 

ұқсас жиынтығын талап ететін кәсіби кіші топтың жиынтығы; 

ұлттық  біліктілік  шеңбері  (ҰБШ)  –  еңбек  нарығында  танылатын 

біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 

3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар қолданылады: 

БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының 

біліктілік анықтамалығы; 

СБШ – салалық біліктілік шеңбері. 

 

 

 



 

 

 



2. Кәсіби стандарттың төлқұжаты 

 

3. Кәсіби стандарттың атауы: Әлеуметтік қызметтер. 



4. Кәсіби стандартты әзірлеудің мақсаты: Қызметкерлердің білімдеріне, 

шеберліктеріне, дағдылары мен жеке құзыреттеріне тиісті талаптарды, еңбек 

функцияларын  жүйелік  және  құрылымдық  жағынан  сипаттамасын  кәсіп 

бойынша көрсету. 

5.Кәсіби 

стандарттың  қысқаша  сипаттамасы:  Әлеуметі  төмен 

тұрғындарға әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени қызметтер көрсету. 

6. Негізгі топ: денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер

Кәсіптер  сыныптауышы  бойынша  кәсіби  топ:  арнайы  әлеуметтік 

қызметтер көрсету 



 

3. Кәсіп карточкасы 

 

7. Кәсіп тізбесі: 



әлеуметтік қызметкер, СБШ бойынша 4 - біліктілік деңгейі. 

Кәсіп тізбесі осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

«Әлеуметтік жұмыс»  

кәсіптік стандартына қосымша 

 


 



 



КӘСІПТІҢ КАРТОЧКАСЫ «Әлеуметтік қызметкер»  

Кәсіптің коды 

 

Кәсіптің атауы 



Әлеуметтік қызметкер 

БСШ бойынша біліктілік 

деңгейі 

4  


БА бойынша біліктілік 

деңгейі 


 

Кәсіптік білім деңгейі 

Техникалық  және  кәсіптік  (арнайы  орта,  орта  кәсіптік 

білім) 


Еңбек функциялары 

1)  Әлеуметі  төмен  тұрғындарға  әлеуметтік-тұрмыстық 

және мәдени қызметтер көрсету 

2) Әлеуметі төмен тұрғындарға әлеуметтік – 

медициналық және психологиялық қызметтер көрсету 

3)  Әлеуметі  төмен  тұрғындарға  әлеуметтік  –  құқықтық 

және экономикалық қызметтер көрсету 

4) Әлеуметі төмен тұрғындарға әлеуметтік – 

педагогикалық және еңбек қызметін көрсету 

5)  Денсаулық сақтау және әлеуметтік – оңалту шаралар 

өткізуге бағытталған кешенді қажетті арнайы әлеуметтік 

қызметтер көрсету арқылы көпжақты көмек көрсету  

1 еңбек функциясы 

 

Әлеуметі  төмен  тұрғындарға 



әлеуметтік-тұрмыстық  және 

мәдени қызметтер көрсету

 

Икемділік пен дағдылар: 

1.Үй  ішіндегі  жұмысты  өздігінен  жоспарлай  білу 

икемділігі. 

2.  Заманауи  тұрмыстық  техника  және  электрлік 

құрылғыларды пайдалана білу. 

3. Жуғыш және тазартатын құрлдарды дұрыс пайдалану 

қабілеттілігі.  

4. Киім, аяқ киім, жиһаз, интерьер заттарын күту 

бойынша заманауи құралдарды игеру. 

5.  Киімнің  тігісінде  тігілген,  затбелгісінде  көрсетілген 

негізгі белгілерді білу; түс пен құрамы бойынша қолмен 

жуатын және кір машинасымен жуатын киімдерді дұрыс 

іріктей білу; сапалы үтіктеу; заттарды дұрыс сақтау.    

6. Азық-түлік түрлері, құрамы және сипаттамасы. 

7.  Аспаздық істің негіздері. 

8.  Мерекелер  және  бос  уақыт  кезінде  шаралар  өткізуде 

көріністерді құрастыра білу. 

9.  Қатынасу қабілеттілігін игере білу.  

10.  Клубтық  және  үйірме  жұмыстарды  әзірлеу  және 

ұйымдастырудың 

әдістерін 

меңгеру;


 

11.Тақырыптық  ойын  бағдарламаларын  құрастырудың 

әдістерін игеру. 

 

12.Экскурсияда нысаналарды көрсете білу шеберлігі.  



13.Экскурсиялық әңгіме жүргізу шеберлігі.  

14.Экскурсия жүргізуде техника шеберлігі. 

15.Сөйлеу этикетінің шеберлігі. 

16.Кітаппен, мұражайда, көрмеде жұмыс істеу шеберлігі. 

17.Экскурсия  өткізуге  және  экскурсияның  жарнамасын 

дайындаудағы шеберлік. 



Мағлұмат:  

1. Үй шаруашылығын жүргізудің негізін білу. 



 

2. Үй жағдайында қарттарға және мүгедек адамдарды 



күту бойынша санитарлық – гигиеналық талаптардың 

негізі.  

3.  Тұрғын  жайда  қауіпсіздік  және  гигиена  ережелерін 

білу.  


4. Тұрғындарға әлеуметтік қызмет көрсету саласында 

нормативтік құқықтық актілердің негізгі ережелері, 

оның ішінде әкімшілік регламенттер, тұрғындарға 

қызмет көрсетудің ұлттық және мемлекеттік 

стандарттары.   

5. Азық-түлік сипаттамасын білу. 

6.  Рецептура, дайындау технология білімдері , сапаға 

қойылатын талаптаржиынтықтылау ережесі, тамақты 

сақтау мерзімі және сақтау шарттары. 

7.  Экскурсиялық  теорияны,  экскурсияны  жүргізу  әдісін, 

психология  мен  педагогиканы,  шешендік  өнердің 

негіздерін, логика мен этиканы білу. 

2 еңбек функциясы 

 

Әлеуметі төмен тұрғындарға 



әлеуметтік – медициналық 

және психологиялық 

қызметтер көрсету  

 

Икемділік пен дағдылар: 

1.  Жиі  кездесетін жарақаттар, жара,  зақым алудың және 

т.б. жалпы жіктелуі.  

2.  Дәрігерге  дейін  көмек  көрсетудегі  тәжірибелік  және 

ұйымдастырушылық  қабілеті,  сонымен  қатар  дәрігердің 

нұсқауы  бойынша  медициналық  рәсімдерді  орындай 

білу. 


3. Кеңес беру және коммуникация қабілеттілігі, соның 

ішінде әңгіме жүргізе білу.

 

4. Патологиялық психикалық жағдайдың сыртқы 



көрінісін, депрессия, жүйке бұзылуы, эмоционалдық, 

когнитивтік, мінез-құлықтық және перцептивтік 

симптомдарды  көре білу қабілеттілігі

5.Шиеленістерді, 



дағдарыстық 

жағдайларды, 

конфронтацияны талдай және шеше білу.  

6. Арнайы бағытталған санитарлық – гигиеналық 

заттарды пайдалану. 

Мағлұмат: 

1. Медициналық – әлеуметтік сараптаманы өткізуді 

реттейтін нормативтік – құқықтық актілердің негізгі 

ережелері, оңалтатын техникалық құралдармен және 

оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету.   

2.Үй  жағдайларында  қарттар  мен  мүгедектерді  күту 

ережесі.  

3.Дәрігерге дейінгі көмекті көрсету ережесі. 

4.Дәрігердің нұсқауы бойынша медициналық  рәсімдерді 

орындау ережесі.  

5. Ересек адамдардың және мүгедектердің 

психологиясын білу. 

6. Әлеуметтік жұмыстағы этиканың негізі.  

7.Жасы жоғары тұлғалардың писхология негіздері.  

8.  Дәрігердің  көмегіне  дейін  көмектің  негізгі  тәсілдері 

мен әдістері.  

9. Адам анатомиясы мен физиологиясы туралы негізі;  

10.Еңбекті  қорғау,  қауіпсіздік  техникасы,  өртке  қарсы 



 

қорғаныс ережелері мен нормалар.  



3 еңбек функциясы 

 

Әлеуметі  төмен  тұрғындарға 



әлеуметтік  –  құқықтық  және 

экономикалық 

қызметтер 

көрсету 


Икемділік пен дағдылар: 

1.Шағым, арыз, құжаттарды рәсімдей білу. 

2.Клиент  мүдделерін  қорғау  үшін  заңнаманы  қолдана 

білу. 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету азаматтарына тапсыру 

үшін интернет-ресурстарды пайдалану, оның ішінде 

арыздың нысанасын толтыру, әлеуметтік қорғау 

органдарында құжаттарды жинауға көмектесу

стационарлық ем үшін медициналық құжаттарды жинау, 

коммуналдық қызметтерді төлеу.  



Мағлұмат: 

1.  Азаматтарға  әлеуметтік  көмек  көрсетуді  реттейтін 

негізгі  заңнамалар,  зейнетақыны  қамтамасыз  ету, 

жәрдемақылар

 

және  басқа  да  әлеуметтік  төлемдерді 



қамтамасыз ету.  

2. Азаматтардың мемлекеттік органдарға және жергілікті 

атқарушы  органдарға  жолдауын  реттейтін  негізгі 

заңнамалар.  

3.  Өмірлік  іс  әрекет  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін 

негізгі ережелер.  

4.  Білім  туралы  заңнама  негіздері,  білім  алуға 

бағытталған,  соның  ішінде  мүгедектерге  білім  алуын 

реттейтін  нормативтік  құқықтық  актілердің  негізгі 

ережелері.  

5.  Тұрғындарды  жұмыспен  қамтамасыз  етудің  негізгі 

заңнамасы, тұрғындарды жұмысқа тартуға, соның ішінде 

мүгедектерге 

жұмыспен 

көмектесуді 

реттейтін 

нормативтік – құқықтық актілердің ережесі.  

4 еңбек функциясы  

 

Әлеуметі төмен тұрғындарға 



әлеуметтік – педагогикалық 

және еңбек қызметтерін 

көрсету 

Икемділік пен дағдылар:  

1.  Оқу  –  әдістемелік  жиынтықты  тандай  білу,  оқу 

мекемелерінің  түрлерін,  санаттың/топтың  және  жеке 

оқытушылардың  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып  оқу 

стандартына  сәйкес  оқу  –  әдістемелік  материалдарды 

әзірлей білу (жұмыс бағдарламалары, оқу – тақырыптық 

жоспарлар). 

2.Мақсат 

қоя 

білу, 


оқытушылардың 

қызметін 

көтермелей  білу,  білім  үдерісінің  сапасы  үшін  өзіне 

жауаптылық  алып  олардың  жұмыстарын  ұйымдастыру 

және бақылау.  

3.Оқыту әдістемесін меңгере білу. 

4.Өз еңбегін және басқа адамдардың еңбегіне қадірлеуге 

тәрбиелей білу. 

5.Еңбектегі қабілеттілікті қалыптастыра білу және  өз- 

өзі қызмет көрсету бойынша қабілеттілік. 

6.Еңбек  қабілетін  дамыта  білу,  өз  жұмысын  жоспарлап, 

ұйымдастыра білу. 

7.Еңбек 

сүйгіштікті  қалыптастыра  білу,  еңбекке 

шығармашылық  көзқарасты,  жауакершілік,  адалдық, 

шыншылдық сезімін тәрбиелей білу.   



 



Мағлұмат: 

1.  Оқудың белсенді түрлерін ұйымдастыру: пікірталас, 

іскерлік ойындар, тренингтер. 

2. Педагогикалық әдістерді пайдалану. 

3. Педагогика, физиология, психология және кәсіптік 

білім беру әдістемесі.  

4. Оқытудың қазіргі нысаналары мен әдістері және 

оқушыларды тәрбиелеу.  

5. Еңбек заңнамасының негіздері.

 

 5 еңбек функциясы 



 

Денсаулық сақтау және 

әлеуметтік – оңалту шаралар 

өткізуге бағытталған қажетті 

кешенді арнайы әлеуметтік 

қызметтер көрсету арқылы 

көпжақты көмек көрсету  

 

Икемділік пен дағдылар:   

1.Шиеленістік жағдайларды талқылай және бағалай білу, 

әлеуметтік  мәселелерді  тиімді  жолмен  шешуде  нақты 

жолдар мен тәсілдерді анықтай білу.  

2. Жұмыстарды басқара және ұйымдастыра білу қабілеті, 

экстремалдық  және  шиеленістік  жағдайларда  әртүрлі 

топтағы  тұрғындарға  және  азаматтардың  жағдайы  мен 

тәртібіне кешенді ықпал ету.  

3.  Әлеуметтік  –  писхологиялық  және  жағдайларды 

талдау  саласындағы  дағдылар,    тұрғындардың  түрлі 

топтағы  өмірлік  іс  әрекет  жағдайларын    әлеуметтік  – 

ұйымдастырушылық диагностика жасау дағдылары.   

Мағлұмат: 

1.Әлеуметтік  басқарудың  теориялық  және  әдістемелік 

негіздері,  тұрғындардың  түрлі  санатымен  әлеуметтік 

жұмысты ұйымдастыру ерекшелігі.  

2.

 

Психология  мен  педагогиканың  арнайы  бөлімдері, 



әлеуметтік жұмыста әлеуметтік статистиканың әдістері.  

Жеке тұлға құзыреттілігіне 

қойылатын талаптар   

Мәселені тиімді шешу. 

Ашық мінезді.  

Жанашырлық.  

Ықыластық. 

БСШ шеңберінде басқа 

кәсіптермен байланыс 

3460 


Психолог, экономист, медициналық 

қызметкер, мұғалім   

 

3. Кәсіптік стандарттың техникалық мәліметтері  

Әзірленді 

Смағұлов Е.Е. дербес кәсіпкер 

Нұсқаның нөмірі мен 

басылым жылы 

1 нұсқа, 2014 жыл 

Болжамды қайта қарау жылы 

2019 жыл 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал