Кенжал балкенов, «Қазақмыс» корпорациясы» жшс қ. И. Сәтбаев атындағы тарихи



жүктеу 120.95 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі120.95 Kb.

Кенжал БАЛКЕНОВ, 

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС 

Қ

.И.Сәтбаев атындағы тарихи-

өндірістік мұражайының директоры, 

Халықаралық ақпараттандыру 

Академиясының корреспонденті, 

өлкетанушы. 

Ұ

лытау - Кішітау өңірлері тарихи оқиғаларға толы. Екі 



жыл көлеміндей осы өңірлерге баруға дайындалып, міне соған 

мамыр айында жол түсті. Шағын зерттеу тобын елімізге 

белгілі  құрметті ел ағалары: осы мақалаға арқау болып 

отырған Шұбартулы Жаулыбай батыр ұрпағы Тұрмұханбет 

Ысмағұлов, туған жердің жанашыры Яхия Асатов, Степан 

Евменьевич Белоус бастап жүрді. Бағытымыз Кішітау -

Обалы - Шығырлы өзені - Жаулыбай - Ұлытау. 

Жоңғар шапқыншылығы кездерінде ер жүрек 

батырлардың алдыңғы легінде «ереуіл атқа ер салып», 

«толарсақтан саз кешкен» Бағаналы Жаулыбай батырдың 

есімі аталады. Батыр бабамыз жайлы баспадан шыққан 

деректер көп. 

Шұбартулы Жаулыбай батырдың жетінші ұрпағы елімізге 

танымал ел ағасы Тұрмұханбет Ысмағұлов бабасы жайлы 

көптеген деректерді жинап «Шұбартулы Жаулыбай батыр» 

атты кітап шығарған.  Қазақстан Жазушылар одағының 

мүшесі болған марқұм  Қуаныш Ахметовтің «Мысты өңір» 

газетінде «Жаулыбай батыр» деген мақаласы кезінде жарық 

көрген. Белгілі ақын Батырбек Мырзабеков: 

Жаулыбай Шұбартулы, Шұбар атты, 

Атақты Өтегеннің жұрағаты. 

Ішінде Бағаналы Сарыатадаң 

Мойнында таққан тұмар мұрағаты, —деп. 

— Жаулыбай туралы жыр жазса, журналист ағамыз 

Ақылбек Шайқы «Шұбартулы Жаулыбай» атты мақалалар 

жинағын кезінде жарыққа шығарып еді. Атақты ғалым Шоқан 

Уәлихановтың «XVIII ғасырдағы батырлар жайлы тарихи 

аңыздар» атты еңбегінде есімдері ерекше ықыласпен 

аталатын  қазақтың ардагер  ұлдарының бірі - Сарғалдақ 

Жаулыбай батыр. Әйгілі Бұхар жырау өзінің шабытты 

жырында: 

Еңбек қылған ел үшін, 

Жауда кеткен кек үшін, 

Қ

азақтың абырой-арына, 



Сарп қылған бар күшін... 

деген сөзін Жаулыбай сынды батырларға арнағаны белгілі. 

Кішітауда «Жаулыбай» атты бұлақ, жазық бар дегенді 

естіп, сол жерлерді көру, деректер жинастыру, мақсатында 

осы жолға арнайы шығып едік. 

Туған жер—ел тарихы. Сол қазақ елі өз алдына шаңырақ 

көтеріп, егемендік алғаннан бастап төл тарихымызға деген 

көзқарасы өзгерді. Мұрағаттарда сақталып жатқан құжаттар 

қ

айтадан сарапталып, ғылыми зерттеулер жарық көріп жатыр. 



Біздің де негізгі мақсатымыз жер атауларын зерттеп, Кішітау 

өңірінің шежірешісі Сейтжан қажымен дидарласу болатын. 

Екі машинамен шыққан біз Кішітаудың Серегіне жеттік. 

Белгілі қоғам қайраткері, ақын жанды, үлкен жүректі Садық 

Қ

асымұлы Асатовтың: 



Сәлемде, Кішітаудың Серегіне, 

Жусаны, тобылғысы, терегіне. 

Төсіне басып жатқан қазынасын, 

Жаратар келер ұрпақ керегіне, 

деген өлең жолдары осы Кішітаудың Серегіне арналған. 

«Төсіне басып жатқан  қазынасы» жер байлығымен  қатар 

рухани, мәдени байлық екенін түсіне білуіміз керек. 

Серектің батыс жағы кең жазық. Сол жазықтың бойында 

көп обалар бар екен, соған бардық.  Қатар-қатар үйілген 

обалар. Бағаналы Найманның «бақан»,  Қыпшақтың «қос 

әліп», Арғынның «көз», Кіші жүз Таманың «көсеу» таңбалары 

басылған бұл обалар жойқын ұрыстың болғанынан хабар 

беріп тұрғандай. 

Тарихтан білетініміз Шұбартулы Жаулыбай батыр Шақшақ 

Жәнібекпен үзеңгілес болған. Бағаналы қолының шұбар туын 

көтеріп, жауға Наршұбарымен шапқан  қас батыры. Осы 

жерде Бағаналыдан шыққан Төлек, Тулақ, Оразымбет, 

Құ

ттымбет, Сағындық, Айбас батырларды айта кетуіміз 



керек. Жоңғарлармен жан берісіп, жан алысқан 92 баулы 

Қ

ыпшақтың  қолын басқарған Тілеулі батыр  қос тархан 



Шақшақ Жәнібек пен Тама Есет батырлардың жорықтас 

жолдасы болған.Сонда бұл жер — Шақшақұлы Жәнібектің 

жанына ерген Бағаналы Найман,  Қыпшақ, Арғын, Тама 

руларының бірігіп, жоңғарлармен кескілесіп, үлкен бір 

шайқаста қайтыс болған батырлардың жерленген қасиетті 

де киелі жері. «Әруақ сыйлаған азбайды» деп даналар бекер 

айтпаған.Ел болып осы киелі, батыр бабаларымыз жатқан 

жерге үлкен бір белгі қоятын кез келді, ағайын! Бұл ұрпақ 

үшін керек. 

Ата-бабамыздың арманы еді -

Тізгінін ұстап елдіктің, 

Тұтқасын тауып теңдіктің 

Тәуелсіз ел боп танылу! 

Темір құрсау қыспағынан арылу! 

Тарихтың керуен көшінде, 

Тайталасты тағдыры өткен төсінде 

Талай да ғасыр зарыққан 

Тарыққан кейде, торыққан. 

Тек қорықпаған дұшпаннан. 

Текті ұрпағы тепсініп, 

Туырлықтай жерін қорғар дейтін Ұлы Даланың! 

Орта жүздің билігі мен сөзін ұстаған төрт тірегі Қаздауысты 

Қ

азыбек, Шақшақұлы Жәнібек,  Қаракерей  Қабанбай, 



Қ

анжығалы Бөгенбай бастаған қазақ батырлары осы Кішітау 

бойын жаудан қорғаған жерінде тұрмыз. Мыңбасы Жаулыбай 

батырдың осы өңірде болғанын айғақтайтын тағы бір жер -

«Барақ» көрініптұр. 

Осы жерден көрініп тұрған «Барақ» атты жер кезінде 

Найманды билеген Барақ сұлтанның атымен байланысты 

ма? Басқасын қойғанда, қазақтың үлкен тарихында біз білетін 

«Барақ» аты көп қой. 

Біріншісі; Шүрекұлы Барақ- Найман руының Ергенекті -

Көкжарлы аталығынан «Көкжал Барақ» деген атпен Үш жүзге 

белгілі болған тарихи тұлға. 69 жасында Жайыл қырғынында 

қ

аза тапқан.Екіншісі; Жанызақұлы Барақ батыр,  Қостанай 



өңірінде үлкен кесенесі бар, сонда жерленген. Үшіншісі; Кіші 

жүздің Барақ батыры.Сам  құмындағы Тұрыштан 15 

шақырым жерде жерленген. Атақты Асау батырмен бірге. 

Төртіншісі; Барақ Солтыбайұлы — Әбілпейіз сұлтанның 

ұ

рпағы, Аягөз қаласы мен Үшбиік станциясының аралығында 



Ақшоқы тауының етегінде кесенесі бар. Кейде, 1750 жылы 

өлген Барақ сұлтан осында жерленген дейді. Оған негіз жоқ 

сияқты. Өйткені Барақ сұлтан кесенесі 19 ғасырдың екінші 

жартысында салынған. Барақ Солтыбайұлының  қайтқан 

жылы, 1865 жылмен тура келеді. Сөзге тиек болмағаны, 

алтыншы деп  қояйық, Ақ орданың әулетінен шыққан, 

Құ

йыршық ханның баласы, Орыс ханның немересі Барақ 



хан - қазақ хандарының түп атасы болып келеді. Ол 1428 

жылы Моголстан сұлтаны Махмуд Оғланға қарсы шайқаста 

қ

аза табады. Жетінші, сегізінші деп кете береді. Найманнан 



шыққан Барақ шешен,1748 жылы Есет батырға барып бата 

алған: 


Есетті іздеп шығып Барақ шешен, 

Жасжігіт жасөспірім сөзге шешен. 

Ай шапан сыйлық тартып Есет ерге, 

Бата бер деп тілеген ұлым десе. 

Жоңғар қонтайшысы Қалден Сереннің бір ұлының аты да 

Барақ болған екек 

Сонда  қайсы Барақ дегенде, Россия сыртқы саясат 

мұрағатының 122 қор, 1- ісінің 31-32 бетіндегі: 

«Құтлымбет би, Сейітқұл батыр, Тоқтамыс мырза 

мынадай хабар жеткізді: 

1 .Аға хан Әбілқайыр билеген, оған  қоса тағы екі хан -

Барақ пен Әбілмәмбет билеген қазақтардың жалпы саны 40 

мың түндік. Олар Ұлытау және Кішітау аталатын тауларды, 

Сыр, Сарысу және Торғай өзендерін,  Қарақұм далаларын 

және сол жақтағы басқа да жерлерді мекен етеді», —деген 

дерек, бізді мазалаған сұраққа жауап бергендей болды. Сол 

Барақ тауының басында үш бейіт бар. Бұл кімдердікі болды 

екен? Ал,1750 жылы Барақ сұлтан екі ұлымен бірге өлгені 

белгілі. 

1750 жылғы 9 мамырдағы И.Неплюев пен А.Тевкелевтің 

Сыртқы істер алқасына жазған мәлім хатынан:«...Бөкенбай 

батырдың жиені Досан айтып келіпті: Барақ сұлтан екі ұлымен 

бірге өліпті. Мұны Барақтың жаназасында болған бір қазақтан 

Бұқарбай анық естіпті». Кішітау баурайында ордасын тіккен 

Барақ сұлтан, қайтыс болғаннан кейін екі ұлымен сол жерге 

жерленген дейді. Сондықтан да осы жер «Барақ» атанған. 

Бұл мұқият зерттеуді  қажет етеді. Жоғарыда келтірілген 

мұрағат деректерін де ескеруіміз керек. 

Барақ сұлтан туралы деректі келтіріп отырған себебім, 

Шұбартулы Жаулыбай батырдың Барақ сұлтанның елшісі 

болғаны белгілі. 1747 жылы Барақ сұлтан патша сарайына, 

Санкг-Петербургке жіберген елшіліктің құрамында Жаулыбай 

Өтегенұлының болғаны туралы дерек Россияның сыртқы 

саясат мұрағаты, 122 қоры 1447-ісінің 15-бетінде сақталған. 

Сонда осы Кішітау өңірінде Барақ өзінің ордасын тіккенде, 

оның жанында Жаулыбай батыр да болған. 

Барақ сұлтанның орда тігіп, осы жерде болғаны туралы 

тағы бір деректің  ұшы осы жерде туындап еді. Оған осы 

жердегі «Әулие тас» тиек болды. Кішітау баурайында туып-

өскен, осы бір киелі жерлердің жанашыры, көкірегі ояу Яхия 

аға: 

— «Кіндік қаным тамған жерлер, қайран ата-мекен. Ана 



таудың етегінде біздің көң жатыр. 

Өртендірді сағыныш өзегімді, 

Сағынамын тауларын, өзеңін де 

Ұ

лы атамның тұрғандай құшағында, 



Өзі бақыт жүргеннің өз еліңде. 

Кіндік кескен Кішітау бұлағында, 

Сені ойламай, туған жер, тұрамын ба? 

Балалықтың майданы өткен күндер, 

Тасқа басқан таңбадай тұр алдымда, — 

бұл Садық ағамның елге деген тебіренісі ғой. Бабаларым 

Кәдір, Асат бейіттері де сонда», —деп бізді сонда алып келді. 

Көп шежіре айтылып, тарихи оқиғалар туралы сөз болды. 

Осы жерлерді аралап жүргенде Яхия ағай: 

— Ал, мына ғажапты көрдіңіздер ме? Бұл  қож ғой, 

орысшалап айтсақ кәдімгі шлак. Бұл дегеніңіз осы жерлерде 

бабаларымыз тас  қопарып, пеш салып, темір 

балқытқандығының дәлелі. Қаншама сарбаздарға қару-жарақ 

керек, қылыш, қанжар, сауыт-сайман,дулыға, жебе ұштары 

дегендей. Ад атқа керек әбзелдері ше? Міне, осы маңда көне 

ұ

стаханалар болу керек, —деп, біраз тебіреністе, көкжиекке, 



Масат, Сарытөс алқаптарына көз жүгірте қарады. 

Белгілі журналист Ақылбек Шайхының «Шұбартулы 

Жаулыбай батыр» атты мақаласында: «Ағайынды 

Жаулыбай мен Ізбасардың еншісі бөлінбеген тату екен.Бұлар 

ауылдастарымен бірге Құмкент деген кеніштегі шеберханада 

шойын  құюмен айналысқан» деп жазады. Бағаналының 

әскеріне керекті темір мен шойынды осы Кішітау баурайында 

да құйған деп толықтырсақ, қателеспейміз. Оған дәлел осы 

жерлердегі көне кеніштер орны. Бұл жерде темір, марганец 

өте көп, әрі сапалы. Бұл туралы академик Қ.И.Сәтбаев өз 

еңбектерінде жазып кеткен.Бұл келесі зерттеулеріміздің негізгі 

өзегі болмақ. 

Яхия аға тау етегінде ерекшеленіп тұрған бір тасты 

көрсетіп: 

— «Бұл жер,  қасиетті жер. Ап, ана тасты «Әулие тас» 

дейді. Кейде Қарасақал әулиенің тасы дейді. Бала кезімізде 

талай сол жерде ойнадық. Үлкендерден сұрағанымызда: осы 

елге алыстан Қарасақал деген әулие адам келген,ел жиналып 

сол кісіден ғибратты сөздер естіп, сыйлап өтсе керек. Бір 

үлкен алқалы жиында «әулиелігіңізді» көрсетсеңіз екен деген, 

ел өтінішін жерге тастамай, осы бір тасқа келіп, қолындағы 

асатаяғымен түртіп  қалады, сонда тас екіге бөлінген екен. 

Содан бұл «Әулие тас» атанса керек. Ал Қарасақалдың кім 

екенін,қайдан келгенін, үлкендер бізге айтқан емес. Батыр 

дейтің қол бастаған,алыс елден келгенін айтатын,ұлты бөлек 

болса да, «тілі мен қаны» бір деп отыратын, —деп үлкен бір 

әңгімені бастады. 

Кейінгі зерттеулеріміз Барақ пен Қарасақалдың арасында 

үлкен бір байланыс бар екенін көрсетті. «Барақ» деген тау 

«Қарасақал әулие тасы» екеуі де жер атауында, Кішітау 

баурайында жатса, тарихи деректер екі ұлы тұлғаның өмірде 

болғанын дәлелдеп бергендей. Шұбартулы Жаулыбай батыр, 

Барақ сұлтан, Шона батыр атанған Қарасақал әулие. Үшеуі 

де тарихи тұлға. Үшеуінің де аты Кішітаудың баурайында 

«Барақтау», «Жаулыбай бұлақ», «Қарасақал әулиетасы» 

деген атаулармен елге белгілі. Бұл тегіннен тегін емес. 

Сондықтан да өлкетанушыларға «топонимкаға», жер-су 

атауларына көп көңіл бөліңдер демекпін. Енді  Қарасақал 

әулиеге келейік. Бұл кісі туралы деректер өте көп сақталған 

екен. «Государственные деятели казахских ханств» (XVIII 

в) деген еңбегінде Жанұзақ Қасымбаев: 

«Обратим внимание на письмо хана от 4 марта 1742 г на 

имя императрицы Елизаветы Петровны: — Барак султан с 

находящимся Карасакалом (одним из предводателей 

башкирского восстания, нашедшего со своими стронниками 

приют в аулах Казбек бия), препятствуя всяким делам, стал 

на путь разбоя, возглавив его» — деп жазады. Хан деп 

отырғаны —Әбілқайыр хан.Осы кезде Қаздауысты Қазыбек 

би Арғанаты бойында тұрғаны белгілі. Сол тұрған жерін ел 

қ

астерлеп «Қазбек тауы» деп атайды. 1740 жылы 



башқұрттар жеңіліс тауып, көтеріліс басшысы  Қарасақал 

қ

азақ еліне, Барақ сұлтанға келеді. «Ұлты басқа, тілі мен қаны 



бір» башқұрт батыры -  Қарасақал әулие міне осы. 1743 

жылғы 22 қыркүйек Орта жүзге барып қайтқан Т.Балташевтің 

жазып хабарлағандарынан: «Қарасақапдың жанында болған 

адамнан Төкен естіпті, Қарасақалды тек Найман руы ғана 

қ

орғайды екен.Қарасақал Төкенді біледі, оның Ресей жағына 



барып-келіп жүргенін естіпті. Ресейдегі башқұрттардың 

жағдайы қандай екенін Қарасақал білгісі келеді екен». (Төл 

нұсқасы АВПР, ф 112.1743 ж, д.з, лл 124-125) 

Барақ пен  Қарасақал арасындағы байланыс, башқұрт 

батырын Найман руының қолдауы, оны әулиедей сыйлап -

«керемет» көрсеткен жерді әлі де ұмытпай «Қарасақал әулие 

тасы» деп атауы, екі ел - қазақ, башқұрт арасындағы достық 

қ

арым-қатынастың белгісіндей. 



Сонымен «Барақ» деп аталған жер Найман елінің 

басшысы Барақ сұлтанның атымен байланысты деп толық 

айтуға болады. 

Ата шежіресін тарқатсақ, Барақ сұлтан Шыңғысханның 

ұ

лы Жошыхан, оның атақты  ұрпағы Орысхан -



Құ

йыршықхан - Барақхан — Әз Жәнібек әулетінен. 

Әз Жәнібектің ұлдары Қасымхан, Қамбар, Сүйік, Жәдік, 

Тоқтакүшік, Жабай, Тұрсын. Әз Жәнібектің төртінші  ұлы 

Жәдіктен Шығай хан одан Тәуекел хан, Есімхан, Оннан 

сұлтан. Барақ сұлтанның атақты хандар әулетінен туғанын 

түсіне бастаған шығарсыздар. Оннан сұлтаннан 

Қ

айнаркүшік, одан  Құдайменде, одан Тұрсын. Тұрсыннан 



Күшік, Барақ туады. Сөз етіп отырғанымыз осы Барақ. Барақ 

ханның сегізінші  ұрпағы болып келетін Барақ сұлтан. 

Барақтың ағасы Күшік кезінде Орта жүздің ханы болған. Ал, 

Барақ сұлтан алдымен Орта жүздің Найман,  Қоңырат, 

Қ

аракесек руларын,кейін қоса, Ұлы жүздің Дулат тайпасының 



бір бөлігін билеген. 

Жаулыбай батыр мен Барақ сұлтанның кездесуі 1720 

жылы Жоңғар және Еділ қалмақтарына қарсы шайқас кезінде 

болса керек. Найман-Бағаналы қолын осы шайқасқа бастап 

келген Төлек батыр еді. 

Жаратқан жаратпайды тарынғанды, 

Жақсылар бірін-бірі сағынған-ды, 


Жау келсе Жәнібекпен біргеміз деп, 

Балалары Бағаналы дайындалды. 

Жіберіп біріне-бір шабарманды, 

Төрт жаққа, төрт босаға хабарланды. 

асы Бағаналы бірлігі мол 

Аямас елдік үшін табар малды. 

Шоқтығы бөлек топтан Төлек ердің 

Маңдайы кере қарыс кемеңгердің, 

Сағындық, Жаулыбай мен Құттымбеттей, 

Ерлердің қатарында төмендер кім? 

(Б.Мырзабеков, «Ұлытаудың ұлымын», Алматы, «Өлке» 

2001 ж, 78-бет). 

Сарбаздардың арасында бітімімен ерекшеленген, бес 

қ

аруын асынған 23 жасар Жаулыбай да бар. Шақшақ 



Жәнібектің тәрбиесінде жастайынан болып, оның ерлік 

мектебінен өткен,  қылыштасу, найзаласу өнерін жетік 

меңгерген Жаулыбай бірінші рет жекпе-жекке шығып, жеңіске 

жетсе керек. Барақ сұлтанның көзіне түсіп, батыр атанды. 

Осыдан бастап Барақ сұлтан мен батыр атанған 

Жаулыбайдың өмірлері бірге өтеді. 

«Барақтан» 30 шақырымдай жерде «Жаулыбай» атты 

бұлақ, жазық бар. Ал, Шығырлы өзеніне  құятын жер 

«Жаулыбайдың құйғаны» деп аталады. Ескі көне қыстаудың 

атауы да - Жаулыбай.  Қолымыздағы картада да солай 

көрсетілгек Жер, су, өзен аттары осылай сырды бойына бүгіп 

жатыр. Жаулыбай бұлағының жанындағы төбенің үстінде 

көптеген обалар бар екен, Сарытөстегі біз көрген обаларға 

ұқ

сайды. Бұл да батыр бабаларымыздың жерленген жері, 



бейіттері. Мүмкін сырын ішіне бүгіп жатқан осы бір жерде 

жоңғарлармен жан қиярлық күресте ел қорғаған, Бағаналы 

елінің туын  қолынан түсірмеген мыңбасы Шұбартулы 

Жаулыбай батырда жерленген шығар. 

«Жаулыбай» бұлағына қарай, жолбасшы болып, бізді осы 

киелі жерге алып келген Сейтжан қажы: 

— Тұреке, көптен бері бір ойыңда жүрген ата бұлақ, 

Жаулыбайға жол түсіп келіп тұрсың. Аунап-қунап суын ішіп, 

мауқыңды бас. Мен,міне сексен жастан да өтіп барамын, 

осы Шығырлы, Жаулыбай, Кішітау өңірінде тұрып келемін. 

Еңбек еттім, еліме  қызметімді аяған жоқпын,  құдайға 

шүкіршілік. Атамекен  Ұлытау, Кішітау тарихы мен ел 

шежіресін көкейіме түйіп жүрген жанмын.Осы бір киелі жер, 

бұлақ, одан бастау алатын өзен, анау жазық, бәрі 

«Жаулыбай» деп аталады. Бұл тегіннен емес. Жай адамға 

бұндай сый-құрмет келе бермейді. «Жаулыбай батыр 

есімімен» аталған ғой деп отыратын қариялар. «Сонда қай 

батыр?» деген сұрақ қоюларыңа болады. Осы өңірде Ақтаз 

атаның ұрпақтары тұрады. Соның ішінде батыр атанғандары 

көп, ал Жаулыбай деген ат кездеспейді. Білетінім бір ғана 

Жаулыбай батыр. Сары-Сарғалдақ Тәңірберлі руынан 

шыққан Бағаналы Жаулыбай батыр. Міне, Тұреке, түсініп 

отырған шығарсың өзіңнің бабаң — Шұбартулы Жаулыбай 

батыр қоныстанып, суын ішкен жер. Ал,мына төбенің басында 

көп бейіттер бар. Бергісі Құттымбет бабамыздың ұрпақтары 

жерленген.Оны бірден аңғарасыңдар. Ал,соның жанында 

еңселі көне оба тектес бейіттердің бірін батырдың бейіті 

дейтін қариялар, —деп көне бір тарихтың бір сырын ашып 

берді. Көңіл қобалжып кетті. 

Сейтжан қажы сөзінің жалғасындай, Тұрмұханбет ағай 

маған бір әңгіме айтқаны бар еді: «Жезқазған қаласында 

Әсембек атты жиеніміз тұрады. Әкесінің аты — Көжек. Атақты 

Бабыр бидің ұрпақтары болып келеді. Байсалбек атты әкелері 

болған. Бірде сол жиенім: «нағашы, мен сізге бір әңгіме 

айтайын, Жаулыбай батыр жайында» дегені бар. Құлағым 

елең етті. 

«Менің бала кезім, Байсалбек әкеміз Шығырлы бойында 

жылқы бағатын: 

— Әй, Әсембек жылқылар жоқ, біраз жерді шолып келдім, 

кетсе батыр бұлағына кеткен шығар, олар сол, сенің 

нағашыңның бұлағын төңіректеп жүр, шөбі шұрайлы, 

бұлағының суы балдай, жердің сұлтаны ғой, деп мені батыр 

бұлағына, жылқыларды  қарап келуге жұмсады. Барсам 

айтқандай-ақ, жылқылар бұлақтың төңірегінде жусап жатыр 

екен.Сол бұлақ «Жаулыбай» бұлағы. Кішітау- Сарытау деген 

жерде, соған барып көрмейсің бе, Тұреке», — деген сөзі 

көптен мазалап жүр еді. Реті келіп, сол «Жаулыбай» 

бұлағында тұрмыз. Сейтжан қажы, Көжекұлы Әсембек, Яхия 

ағалар айтқан деректер бір-бірімен астарласып жатқандай. 

Су іштік, бетімізді жудық. 

Көңіл толқып тұрғандаймыз. Атадан -  ұлға,  ұлдан -

ұ

рпаққа үзілмей жалғасып, сонау ықылым заманадан там-



тұмдап жеткен батыр бабаларымыздың есімі мен ерлік істері 

кең далаға тараса, ол «алтын сандық» — көңілі мен көкірегі 

ояу Сейтжандай көнекөз қариялар, Әсембек пен Яхиядай 

ағаларымыздың арқасында ма деп ойладым. 

Бүгінгі еліміздің қанат жайып, кең тарапқа танылуы, жерінің 

тұтас сақталуы Жаулыбай батыр сынды  қаһарман 

бабаларымыздың арқасы. Озық ойлы Мағжан ақын елі мен 

жері үшін қасық қанын аямаған батырлардың есімі халық 

жүрегінде өшпей сақталады дей келе: 

Ерлерді ұмытса да ел сел ұмытпас, 

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас. 

Ел үшін жанын кешіп, жауды қуған 

Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас. 

Ел жауын дерттеп, өрт боп тынбай жортқан, 

Ерлерді ұмытса да ел,бел ұмытпас 

Ел үшін төккен ерлер қанын жұтқан 

Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас 

Арқаның селі, желі, шөбі, белі 

Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас.. 

Қ

азақ деген ат тарихтан өшпесе,  ұлты жойылмаса, 



батырлардың есімі өлмейді. Батыр бейітін айғақтайтын тағы 

бір белгіні осы жерден — бейіт басынан көрдік. Тастан үйілген 

бейіттің аяқ жағында, бір қуыста адамның бас сүйегі жатыр 

екен. Жаугершілік заманда батырлар жекпе-жекке шығып, 

жеңіске жетсе, жауының басын кесіп алып, кейін сол батыр 

қ

айтқан бейітінің аяқ жағына  қоятын салт сақ, ғұн, түрік, 



қ

ыпшақ кездерінен келе жатқаны белгілі. Батыр бейітінің аяқ 

жақ  қуысына  қойылған адамның бас сүйегі соны меңзеп 

тұр. 


— Тұреке, әрқайсың еліміздің сыйлы ел ағасы, 

азаматсыңдар, Обалыдағы үйге түсіп, қонақ болыңыздар, 

— деп Сейтжан  қажы Обалыға  қарай жол бастады.  Қой 

сойылып, қонақасынан кейін, әңгіме үстінде: 

— Бағаналы елінің төрт босағасының бірі Шегір бидің 

кезінде қоныстанған жері осы - Обалы маңы. Бидің Сары 

қ

ордасы, Қызылшың, Шығырлы деген жерлер. Бағаналының 



төрт босағасы деп берідегі Сандыбай, Шегір, Бабыр, Кәдір 

билерді айтамыз да әріге бармаймыз. Төрт босаға 

Бағаналының төрт баласы - Шегелік, Шөрешек, Шәуешек, 

Шегелік бабаларымыздан басталатын сияқты. Арғын 

арасында Төртуыл атты ру бар, ел аузында «төрт  ұл», 

«төртауыл» деп аталынады. Найманда да Төртуыл деген ру 

бар. Ад Бағаналыда «төрт босаға». Төрт саны киелі сан -

төрт құбылаң тең болсын,төрт арыс ел малды да қастерлеп 

төрт түлік мал деп текке айтпаған ғой. 

Ап енді, өзіме келсем сол төрт босағаның бірі Шегір биден 

тараймыз. Арғы атамыз Ақтаз - Сейіт. Аталық бабамыз 

ханның ақылгөйі болған көрінеді. Аталықтан  Құтан, 

Құ

ттымбет, Тәттімбет, Сәттімбет, Мәмбет, Болатшы, 



Болатбек, Дөрмен тарайды.  Құтан,  Құттымбет  қазақ 

тарихында өзіндік орын алған тұлғалар. Аталық батыр 

жаугершілік заманда Құла айғырынан түспей, ел мен жерді 

қ

орғаған. «Құла айғыр» деген жер аты бар. Сол жер 



бабамыздың жүрген жерлері емес пе деп те кейде ойлаймын. 

«Ес құла» деген жер атауы арғынның Ес батырының құла 

аты өлген жері болғандықтан «Ес құла» деп аталған. Ал 

«Шұбар», «Шұбарлы», «Шұбар ат» деген жер атаулары 

қ

аншама. Бағаналы елінің  құт берекесі, ырысы - шұбар 



арғымақтары болғаны тарихтан белгілі. 

Тұреке, өзіңнің бабаң Шұбартулы Шұбаратты Жаулыбай 

батыр деп аталған. Шұбар арғымақтар - осыған не дейсің -

деген Сейтжан ақсақалдың сауалына: 

— Сөзіңіздің жаны бар, сұрағыңыздың жауабы тереңде 

жатыр, Секе. Жаулыбай батырдың аты Наршұбар деп 

атанған.Ат - ердің қанаты деп бекер айтылмаған. 

А т - қазақтың ауасы да даласы, 

Атсыз бір күн тұра алмайды баласы! 

Ат-биікке, шығаратын аспандай, 

Онсыз - оның ашылмайды аясы, 

Қ

айғысын да қуанышын бөліскен, 



Ат - көзінің бейне ағы мен қарасы, — 

деп поляк ақыны Густав Зелинский «Қазақ» атты 

дастанында әсерлі жырлаған. Өзіңіз жаңа айттыңыз, 

Бағаналы елінің байлығы - Шұбар арғымақтары деп. 

Тәңірберлі атамның ұлдары Өтеген мен Өтеп сыртқы жаумен 

соғысып өткен, балалары Ізбасар мен Жаулыбай да 

жастайынан сол әкелерінен батырлық рухын туған өлкеге 

деген сүйіспеншілікті бойына сіңіріп, қазақы салт-дәстүрге 

сай тәрбие алып өседі. Ізбасар мыңғырған мал айдаған бай 

болса, Жаулыбай батыр атанған. Ізбасар бабамның 

жылқыларының түсі кілең шұбар екен. 

Шұбартулы Шұбаратты Жаулыбай батыр Бағаналы елінің 

жасағындағы мың сарбазды басқарған мыңбасы болғанда, 

Ізбасар бай сол мың сарбазға бірдей етіп, шұбар ат мінгізген 

екен. Кейін Барақ сұлтан өліп, Абылай хан Бағаналы еліне 

бас болғанда, Бағаналы елі ханға тарту ретінде мың шұбар 

арғымақты сыйлаған көрінеді. Абылай заманынан келе жатқан 

«ханның қазынасы» деп аталған осы шұбар түсті арғымақ 

үйірлерінің бір салқыны Кенесары ханға жеткен (Солтонаев 

Б. Кенесарының қырғызбен соғысы жайында, Отан тарихы, 

№3, 2002). Кенесары ханның жақсы көретін атының түсі 

шұбар болған. 

«Хан Кене мен  қырғыздардың арасындағы соғыстың 

ұ

шқындауы шұбар түсті жылқылардан шыққанына 



зерттеулерде көңіл аударыла бермейді. Кенесары Жетісуға 

(Балқаш) ауып көшіп келгенде,  қырғыздың Тынай және 

Бөлекбай руларының барымташылары шұбар түсті арғымақ 

үйірлерінің бір бөлігін айдап әкетеді. Көздің қарашығындай 

сақтап, жауға бермеген сүйікті жылқылары барымтаға 

ұ

шырағанына қатты ызаланған Кенесары  қырғыздарды 



тәртіпке үйрететінін айтып, ант береді» (А.Тоқтабай, 

«Тұлпарлар театры». «Егемен Қазақстан», 27 тамыз 2003 

жыд №219-222(23521)), — деп, Тұрекең Жаулыбай батырдың 

Шұбар атымен жалпы шұбар арғымақ аттар жайында біраз 

әңгіме айтып берді. Тың деректер, біз де таңданыс үстіндеміз. 

— Кенесары қырғыздардың қолынан шейіт болатыны осы 

жолы емес пе еді? Ал.Шұбартулы Жаулыбай батырдың да 

қ

ырғыздарда тұтқында болып, олар да сонда Бағаналы 



сарбаздарының бірнеше шұбар атын қолға түсіргені туралы 

мақаланы «Жас алаш» газетінен оқығаным бар, сол жағын 

толығырақ айтып берсең, — деп Сейтжан аға Тұрекеңнен 

тағы бір тарихи оқиға туралы сұрады. 

— Бұл деректі бізге толығынан жеткізген атақты ғалым 

Шоқан Уәлиханов. Соны айтайын. Өзінің «XVIII ғасырдағы 

қ

азақ батырлары жайлы тарихи аңыздар» атты еңбегінде 



халқымыздың ел қорғаған батырлары: Бағаналы Жаулыбай, 

Бағаналы Оразымбет, Бағаналы Баянбай, Есет батыр, 

Елшібек, Томаша, Байғозы, Үсен, Алтай, Малайсары, Баян 

батырлардың ерліктері туралы жазады. Секе, Жаулыбай 

батырды қырғыздардың қолына түсті дегенің рас, оның баяны 

былай болған. 

1753 жылдары жоңғарлар жеңіліске  ұшырап, 

қ

алғандарымен қазақтар бітімге келгеннен кейін, енді жүгенсіз 



кеткен  қырғыздарға Орта жүз сарбаздары аттанады. 

Қ

азақтар бірмыңдық қолмен,тек барлау мақсатында қырғыз 



жеріне кіреді. Тың тыңдап, дайын отырған  қырғыз көп 

әскермен сан жағы алты мыңнан асса керек, қазақ жасағына 

қ

арсы тұрады. Көптің аты - көп, көп біріксе батырмай 



қ

оймайды.  Қазақ жасағының  қолбасшысы  Қанжығалы 

Томаша батыр сарбаздарымен ақылдаса келе «үркер жәрік» 

соғысу әдісін  қолданбақ болады. Мәнісі соғыста  қазақ 

сарбаздары 100-ден майдан даласына шығып, кескілескен 

ұ

рысқа кіріседі. Енді екінші, үшінші, оныншы жүздіктер жау 



легіне қарсы тұрып, тың күшпен жаудың рухын төмендетіп, 

сенімін азайтып, бөлшектеп зәресін алу. Жоспарланған әдіс, 

бірақ, нәтижесін бермеді. 

Қ

ырғыздың қолбасшысы Теміржан батыр мен Қанжығалы 



Томаша батыр жекпе жекке шығады.  Қанжығалы Томаша 

батыр қолындағы көк найзасын шауып келе жатқан Теміржан 

манаптың атының кеудесіне бар күшімен салса керек. Ат 

тегеурін күшке шыдамай, артқы аяғына отыра кетеді. Сонда 

Теміржан манап, екпінімен біраз жерге  ұшып кетеді. 

Жаулыбай батыр болса, аттан түсіп мылтығымен  қарсы 

келген жауды атып жатқан болатын.Теміржан манап екпінімен 

Жаулыбай батырдың жанына құласа керек. Есін тез жинап, 

Жаулыбай батырға тұра ұмтылады. Жорықтас жолдасына 

қ

ауіп төнгенін көрген Есет батыр  қолындағы найзасын 



Теміржан батырға қарай бар күшімен лақтырып, өлтіреді. 

Томаша батыр бойы кіші болса да, алып күш иесі еді, 

аттан түсе сала сұлап жатқан Теміржан манаптың қарынын 

қ

олындағы семсерімен жарып жібереді. 



Жас болса да Теміржан манап ештеңеден тайсалмаған 

батыр, елінің қадірлісі болатын. Теміржан батырдың өлімін 

көрген қырғыздар аз ғана жүздікті тез қоршап алып, қалған 

қ

азақ сарбаздарынан бөліп тастайды. Осы шайқаста 



Сарғалдақ Жаулыбай батыр, Томаша батыр, Үсен батыр, 

Алтай батыр, Байғозы батыр аздаған сарбаздарымен қолға 

түседі. 

«Сүйікті манабының кегін алу үшін қырғыздар қолға түскен 

қ

азақ батырларының бірін өлтірмек болады. Жеребе 



Байғозыға түседі. Одан манапты кім өлтіргенін сұрайды. 

Байғозы батыр қатқыл үнмен: «Мен ешкімге айғақ болғым 

келмейді» дейді («Жас алаш» газеті, 28.08.2001 ж). 

Байғозы батырды күн шығысқа қаратып, 40 қадам жерге 

барып қырғыз мылтығын асықпай оқтап, көздей бастайды. 

Бірақ оқиға басқаша өрбиді. «Тоқтат, атпа, менің ағам 

Теміржан батыр кескілескен ұрыста шейіт болды, маған енді 

қ

ан төгістің керегі жоқ. Ал батырлар, бітімге келейік, былтыр 



тұтқынға түскен інімді босатыңдар, ер  құнын төлеңдер. 

Хандарың Абылай баһадүрге соны жеткізіңдер, аманатқа 

Үсен батырды, қару-жарақтарыңды, Жаулыбайдың Шұбар 

атын алып қаламыз», —деп Байғозыны мылтық аузынан 

босаттырады. 

Кім астындағы атынан,қару-жарағынан,әрі майданда дос 

серігін жау қолына тастап жүре береді,  қазақ батырлары, 

қ

ырғыз ауылынан шыға өзара келісіп, түнде жау ауылын 



шабуылдап, шұбар атты,  қару-жарақты, аманатқа қалған 

Үсен батырды босатып алып, елге келсе керек. Міне, 

Шұбартулы Жаулыбай батыр елдің қорғаны, қалың жұрттың 

көшбасшысы, адасқан шақта жол табатын кемеңгері бола 

білді, —деп батыр ұрпағы Тұрмұханбет ақсақал әңгімесін 

бітірді. 

«... Елім деп еңіреп, туған ел туған жері үшін шыбын 

жанын шүберекке түйген сайыпқыран саңлақтардың алдыңғы 

легінде Шұбартулы Жаулыбай Өтегенұлының асқақ бейнесі 

алыстан көрінеді. Расын айтсақ, қазақ пен қалмақарасындағы 

Бұланты,  Қалмаққырылған,  Қарасиыр,  Қозымаңырақ, 

Аңырақай, Итішпес... шайқастарын басынан өткеріп, қолы 

қ

орамсақтаң аузы бұйрықтан босамаған даңқты қолбасшы 



Жаулыбайдай батырды әлі күнге дейін жалпақ жамиғатқа 

дұрыстап таныта алмай келеміз» деген атақты ғалым Ақселеу 

Сейдімбек ағамыздың пікіріне қосыла отырып, Жаулыбай 

бұлағының бойындағы бейіттердің басына үлкен бір белгі 

орнатса, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында бір-бір көшенің 

атын Жаулыбай батыр атымен атаса, орынды болар 

демекпін. 

Мұқтар Әуезов: «Ер - ел тарихының белі, ол тірісінде бір 

танылады, өзі кеткен соң кейінгі ұрпақ қадірін біліп, қасиетін 

таныған сайын тағы танылады. Бір кезде бел көрінсе, келер 

ұ

рпақ тарихына: өз тұсында көрсетіп кеткен көмегімен, 



орнатып кеткен туымен,тастап кеткен бетімен енді бел ғана 

емес, биіктұғыр боп, асқар тау болып көрінеді» деген аталы 

сөзін еске алсақ, Шұбартулы Жаулыбай батырдың еліне 

сіңірген ерен еңбегі мен аруақты тұлғасы биіктен көрініп 

тұрғаны айдан анық. 

Мысты өңір. - 2009. - 16 желт. (№ 50). - 6 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал