Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/26
Дата21.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

1
Қазақстан Республикасы 
Білім жəне ғылым министрлігі 
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 
Кəмелетке толмағандар арасындағы 
қадағалаусыздық пен панасыздық, 
құқық бұзушылық мəселелері бойынша 
ƏДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
 
Астана 2011

2
УДК 34.7.6. (075)
ББК 67.404.4 я 7
К 54
Қазақстан Республикасы 
Білім жəне ғылым министрлігі 
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 
тапсырысы бойынша дайындалған
К 54 
Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен 
панасыздық, құқық бұзушылық мəселелері бойынша əдістемелік 
құрал. – Астана: «Тау-Самал» ЖК, 2011 – 324 б.
Жоба жетекшісі: Əбішев А.Қ.
Рецензенттер:  педагогика  ғылымдарының  докторы,  доцент,  əл-
Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық  университеті  философия  жəне 
саясаттану  факультетінің  жалпы  жəне  этникалық  педагогика 
кафедрасының меңгерушісі Мыңбаева А.Қ.;
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Қасен Г.А.
Жауапты  редактор: «Балалық  шақтың  шегі  жоқ»  қоғамдық 
бірлестігінің бағдарламалар үйлестірушісі Копылова А.Е.
ISBN 978-601-7059-20-0
Əдістемелік құралда қазіргі таңда өзекті мəселеге айналып отырған 
кəмелетке  толмаған  балалар  арасындағы  қадағалаусыздық  пен 
панасыздық, құқық бұзушылық  проблемасы қарастырылған. 
Бұл  құрал  балалардың  құқықтарын  қорғау  мəселелерімен 
айналысатын  білім  беру  органдары  мен  ұйымдарының  мамандарына 
арналған.
УДК 34.7.6. (075)
ББК 67.404.4 я 7
© «Тау-Самал» ЖК, 2011
© Қазақстан Республикасы 
Білім жəне ғылым министрлігі 
Балалардың құқықтарын 
қорғау комитеті, 2011
ISBN 978-601-7059-20-0

3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ..............................................................................................5
1-тарау. 
Қазақстандағы 
балалардың 
қадағалаусыздығы, 
панасыздығы  жəне  кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылық жағдайының жай-күйі ................................................7
2-тарау.  Балалардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығы, 
кəмелетке  толмағандардың  арасында  құқық  бұзушылық  жəне 
балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы  ҚР  заңнамасына 
талдау ..............................................................................................17
3-тарау. Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықпен 
жəне панасыздықпен профилактикалық жұмыстың негізгі бағыт
тары..................................................................................................30
3.1. Кəмелетке толмағандардың істері жəне олардың құқықтарын 
қорғау жөніндегі комиссия..............................................................31
3.2. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары...............33
3.3. Қамқоршылық жəне қорғаншылық органдары........................38
4-тарау. 
Кəмелетке 
толмағандар 
арасындағы 
құқық 
бұзушылықтардың профилактикасы ...........................................43
5-тарау.  Профилактикалық  жұмысты  ұйымдастыру  бойынша 
аймақтың оң тəжірибесі ................................................................52
5.1.  Петропавл  қаласының  əкімдігі  жанындағы  Кəмелетке 
толмағандардың iстерi жəне олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi 
комиссияның жұмыс тəжірибесі...................................................52
5.2.  Павлодар  облысы  Кəмелетке  толмағандарды  бейімдеу 
орталығының «Мен жəне Əлем» атты кəмелетке толмағандарды 
əлеуметтік бейімдеу қызметінің моделі..........................................61
5.3. «Қауіп  тобындағы»  балалар  мен  жасөспірімдермен  жұмыс 
жасаудың  инновациялық  формалары  мен  əдістері («Балалық 
шақтың шегі жоқ» ҚБ-нің тəжірибесі негізіyде).........................69
6-тарау.  Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  қадағалаусыздық 
пен  панасыздықтың  профилактикасын  ұйымдастыру  бойынша 
ұсынымдар......................................................................................75
6.1. «Қауіп тобындағы» балалар мен отбасыларды анықтау бойынша 
профилактикалық жұмыстар.........................................................76
6.2.  Балалардың  қадағалаусыз  қалуының  профилактикасы 
бойынша  қауіп  тобындағы  отбасылармен  əлеуметтік  жұмыс-
тар....................................................................................................83
6.3.  Қауіп  тобындағы  балалармен  профилактикалық  жұмыс-

4
тар....................................................................................................84
6.4. Қадағалаусыз жəне панасыз қалған балаларды анықтау.....88
7-тарау. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 
əлеуметтік бейімделуді қажет ететін балалар мен 
жасөспірімдермен жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсыным-
дар....................................................................................................91
7.1. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 
жұмыстарын ұйымдастыру............................................................91
7.1.1. КТБО қызметкерлерінің кəмелетке толмағандарды 
қабылдау жұмысы бойынша бағдары (медициналық бақылау, 
тіркеу, балалардың КТБО-на қабылдануы жайлы ата-аналарын 
хабардар ету, т.б.) ...........................................................................91
7.1.2. Кəмелетке толмаған баланы Орталықта күтіп-ұстау 
(жағдайы, мерзімі)..........................................................................94
7.1.3.  Жасөспірімдерге  əлеуметтік  жəне  психологиялық  көмек 
көрсету  жөніндегі  профилактикалық  жұмыстарға  байланысты 
Орталықтың шарала.................................................................97 
7.2. Кəмелеттік жасқа толмаған балаларды оқу-ағарту 
орталықтарына орналастыру жəне өз отбасына жеткізу 
жұмыстары ...................................................................................100
7.2.1. Кəмелеттік жасқа толмаған балаларды оқу-ағарту 
орталықтарына орналастыру........................................................100
7.2. Əлеуметтік патронаж жəне жасөспірімнің отбасына көмек 
көрсету...........................................................................................102
7.2.3.  Отбасыларға қызмет көрсету шаралары, отбасыларға 
жəне жасөспірімдерге əлеуметтік-құқықтық қызмет ...............104
7.2.4. Жастар арасындағы қадағалаусыздық жəне панасыздық, 
сондай-ақ əлеуметтік жетімдікпен профилактикалық түрде 
айналысушы  ұйымдармен ынтымақтастық .............................106
7.2.5. Орталықтағы жасөспірімдердің құқықтары ...................108
8-тарау.  Кəмелетке  толмағандар  арасындағы  қадағалаусыздық 
пен  панасыздық,  құқық  бұзушылық  профилактиакасы  мен 
олардың  құқықтарын  қорғау  мəселелері  бойынша  нормативтік 
құқықтық база ..............................................................................126
Глоссарий .....................................................................................320
 

5
КІРІСПЕ
Кəмелетке  толмағандар  арасындағы жағымсыз құбылыстар-
дың  профилактикасы,  жасөспірімдерді  əлеуметтік  бейімдеу, 
балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін арттыру, 
отбасы жайсыздығының, əлеуметтік жетімдіктің, балаларға қатаң 
қараудың алдын алу мəселелері бүгінгі күні күрделі əлеуметтік 
проблемалардың біріне айналып отыр. 
Балалардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығы  проблема-
сының  əлемнің  көптеген  елдерінде  жалпыұлттық  қауіп 
туғызатын  фактор  ретінде  бағалануы  тектен  емес.  Аталған 
əлеуметaтік құбылыстардың етек алуы мемлекет дамуына қатер 
төндіреді,  себебі  қылмыстың,  нашақорлықтың  өсуіне  əкеледі, 
қоғамның  адамгершілік  қағидаларын  бұзады.  Балалардың 
қадағалаусыздығы мен панасыздығы Қазақстанның болашағына 
да  қауіпті,  өйткені  мемлекет  дамуының  келешегі  өскелең 
ұрпақтың денсаулығымен, адамгершілік тəрбиесі мен білімімен 
тікелей байланысты.
Балалардың  қадағалаусызды  мен  панасыздығын,  сондай-
ақ  кəмелетке  толмағандардың  арасында  құқық  бұзушылықты 
төмендету  жолдарын  іздеу  қоғам  алдында  тұрған  өзекті  əрі 
əлеуметтік  маңызы  бар  міндеттерінің  бірі.  Қазіргі  таңда 
осы  міндеттердің  бірі  балалардың  қадағалаусыздығы  мен 
панасыздығы  профилактикасының  тиімді  жүйесін  жəне 
кəмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың ал-
дын  алу  жəне  балалардың  құқықтарын  қорғау  бойынша  тиімді 
шаралар кешенін  əзірлеу болып отыр.  
Осыған  орай,  білім  беру  органдары  мен  ұйымдарының  ма-
мандарына  əдістемелік  жəне  кеңесшілік  көмек  көрсету  үшін 
балалардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығының  про-
филактикасы,  кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық 
бұзушылықтың алдын алу жəне балалардың құқықтарын қорғау 
мəселелері жөнінде əдістемелік құрал əзірленді. 
Бұл  əдістемелік  құралдың  мақсаты – балалардың 
қадағалаусыздығы  мен  панасыздығының  жай-күйі  мен  про-
блемаларына  кешенді  баға  беру,  əлеуметтік  ортаға  қауіпті  осы 

6
құбылысты туындататын факторларды анықтау жəне кəмелетке 
толмағандардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығымен 
профилактикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша ұсынымдар 
əзірлеу.
Əдістемелік құралда республикадағы кəмелетке толмағандар 
арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздық, құқық бұзушылық 
проблемасы  зерттелген  жəне  осы  мəселені  шешу  бойынша  оң 
тəжірибе жинақталған. 
Балалардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығының, 
кəмелетке  толмағандар  арасындағы  құқық  бұзушылықтың  ал-
дын  алу  жəне  балалардың  құқықтарын  қорғау  саласындағы 
нормативтік  құқықтық  базаға  талдау  жасалған,  кəмелетке 
толмағандар  арасындағы  қадағалаусыздық  пен  панасыздықтың 
профилактикасын  ұйымдастыру  бойынша  ұсынымдар  əзірлен-
ген. 
Əдістемелік құралдың материалдары балалар құқықтарының 
қорғалуын іске асыру жұмысымен айналысатын білім беру ор-
гандары мен ұйымдарының мамандарына арналған. 

7
1-тарау. Қазақстандағы балалардың 
қадағалаусыздығы, панасыздығы жəне кəмелетке 
толмағандар арасындағы құқық бұзушылық 
жағдайының жай-күйі 
Қадағалаусыз  жəне  панасыз  балалар – отбасының  қажетті 
бақылауынан,  назарынан  жəне  қамқорлығынан  шет  қалған,  өз 
кезегінде  девианттық  мінез-құлығымен  ерекшеленетін,  ішімдік, 
есірткі  пайдаланатын,  құқық  бұзушылық  əрекеттер  жасайтын 
кəмелетке толмағандар.
«Қадағалаусыз» 
жəне 
«панасыз» 
сөздерінің 
өзіндік 
айырмашылықтары  бар.  Қадағалаусыз  балалар  іс  жүзінде  өз  от-
басымен бірге өмір сүреді. Алайда баланың тəрбиеленуіне, білім 
алуына  жəне  дамуына  ата-анасы  мен  оқу  орны  тиісті  деңгейде 
бақылау жасай алмайды. Балалардың мұндай санатына «тəрбиесі 
қиын балалар» деген айдар тағылған. Бұлар «қауіп тобындағы» ба-
лалар саналады.
Панасыздық – қадағалаусыздық  санатынан  да  қауіптірек.  Па-
насыз балалар іс жүзінде отбасынан кетіп қалып, онымен қарым-
қатынасын  түбегейлі  үзеді.  Мұндай  балалардың  тұрақты  мекені 
де, тұрақты жүретін аймағы да болмайды. Олар көбінесе көше мен 
вокзалдарды мекен етеді. Мұндай орындар қылмыстың көп орын 
алатын, жезөкшелік пен қайыршылық етек жайған жерлерге жа-
тады. 
Қазақстанда  қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалған  балалардың 
нақты санын айғақтайтын статистикалық деректер жоқтың қасы. 
Ресми деректер тек қана ішкі істер органдарының қолына түсіп, 
тіркеуіне  ілікккен  немесе  панасыз  жəне  қадағалаусыз  балаларға 
арналған  білім  беру  ұйымдарының  тізіміне  енген  қадағалаусыз 
жəне  панасыз  қалған  балаларды  ғана  қамтиды.  Ресми  дерек-
терге  сəйкес,  Кəмелетке  толмағандарды  уақытша  оқшаулау, 
бейімдеу  жəне  оңалту  орталықтарына  (қазіргі  таңда  Кəмелетке 
толмағандарды бейімдеу орталығына) жыл сайын 10 мыңға жуық 
қадағалаусыз жəне панасыз балалар келіп түсетін.
Балалардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығының  етек 
жаюының негізгі себептерінің бірі – ата-аналары мен оларды ал-
мастыратын кісілердің қажетті бақылауының болмауы деуге бола-
ды.  Сондай-ақ,  зерттеу  материалдары  көрсеткендей,  кедейшілік, 
жұмыссыздық,  отбасы  жағдайының  нашарлығы,  отбасындағы 

8
қолайсыз ахуал (ата-аналардың ішімдікке салынуы, олардың ата-
ана  құқықтарынан  айырылуы,  ата-аналардың  өз  балаларын  асы-
раудан  бас  тартуы,  шектен  шыққан  қатыгездік,  бақылаусыздық) 
елдегі қадағалаусыз жəне панасыз қалған балалардың санын арт-
тыруда. 
Осы аталған факторлар өз кезегінде қадағалаусыз жəне панасыз 
балалардың пайда болуына алып келетін айтарлықтай жағымсыз 
əлеуметтік жағдайға себеп болады. Балалардың қадағалаусыздығы 
мен  панасыздығы – Қазақстандағы  қазіргі  таңда  қалыптасқан 
əлеуметтік-экономикалық  жəне  рухани-тəрбиелік  жағдайдың 
келеңсіз жемісі. Соның салдарынан, елімізде əлеуметтік теңсіздік, 
отбасылардың  əлеуметтік  жайсыздығы,  олардың  өмір  сүру 
мүмкіндігінің  қиындауы,  жасөспірімдер  арасында  қылмыстың 
етек жаюы байқалуда.
Балалардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығының  нақты 
жағдайын анықтау мақсатында жұртшылық арасында əлеуметтік 
сауалнама  жүргізіліп,  Кəмелетке  толмағандарды  бейімдеу 
орталықтарында (бұдан əрі – КТБО) орналасқан балалардың жеке 
істері зерттелді. 
Зерттеудің негізгі мақсаты:
-  балалардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығының 
себептерін талдау;
- қадағалаусыз жəне панасыз балалардың негізгі мəселелерін 
зерттеу;

балалардың 
қадағалаусыздығы 
мен 
панасыздығы 
мəселелеріне қатысты қоғамдық пікірді бағалау. 
Жұртшылықтың  пікірін  талдай  келе,  адамдардың  қоғам 
өміріндегі  балалардың  қадағалаусыздығы  мен  панасыздығына 
қатты  алаңдайтыны  анықталды.  Сауалнамаға  жұртшылық  пен 
педагогтар  өкілдерінен 186 адам  қатысты.  Жауап  бергендердің 
30,8% балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығын қауіпті 
үрдіс  деп  бағаласа,  сұралғандардың 10,2% бұл  мəселені  аса 
қауіпті деп бағалаған.
Сауалнаманың  нəтижесі  бойынша  қадағалаусыздық  пен 
панасыздық  «қылмыстың  өсуіне» (84%) жəне  «алкоголизм 
мен  нашақорлықлықтың  етек  жаюына  себеп  болады» (49%). 
Жұртшылықтың мұндай пікірі ресми деректермен де расталып 
отыр.
Сауалнамаға жауап бергендердің пікірі қадағалаусыз жəне па-

9
насыз қалған балалардың пайда болуына отбасы мен əке-шеше 
кінəлі деген қағидаға негізделеді. Сауалнамаға қатысушылардың 
пікірінше,  қадағалаусыздық  пен  панасыздықтың  өсуіне  бала 
тəрбиесімен  айналыспайтын  жайсыз  отбасылар (78%), жайсыз 
отбасылардағы жағдайды дұрыс бақылап отырмайтын жергілікті 
билік органдары, мəселені шешуде қаржылық қамтамасыз етуді 
реттей алмайтын мемлекет (39%) кінəлі. 
Сауалнамаға қатысушылар жайсыз отбасылардың шығу себебі 
ата-аналардың  ішімдікке  салынуында (84,5%), ата-аналардың 
қатыгез болуында (61,5%), жұмыссыздықта (68,4%), ата-аналар 
арасындағы  кикілжіңде (61,4%), отбасындағы  əлеуметтік 
жағдайдың нашарлығында (65,2%) деп білген.
Зерттеу нəтижесі көрсеткендей, балалардың қадағалаусызды-
ғы мен панасыздығының себебі – ата-аналардың бақылауының 
жеткіліксіздігі (78,7%), балаларды  тəрбиелеуден  жалтаруы 
(68,0%),  ата-ана  мейірімінің  төмендігі (62,8%), балалардың 
бос  уақыт  өткізуге  бейім  келуі (68,2%), қоршаған  ортаның 
кері  əсері (67,4%), ата-ана  беделінің  түсуі (57,6%), ата-ананың 
жұмыссыздығы (58,2%) болып табылады.
Кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жыл ба-
сынан  бері  4 357 бала  келіп  түскен  (мəліметтер 22.11.2011 ж. 
кезеңі бойынша берілген). Кəмелетке толмаған балалардың көбі 
Оңтүстік Қазақстан облысы (1082) мен Алматы қаласында (741) 
анықталған.
Кесте 1. Кəмелетке толмағандарды бейімдеу 
орталықтарына орналастырылған балалар туралы 
мəліметтер (22.11.2011 ж. кезеңі бойынша).

КТБО атауы
 
10 
айдың 
ішінде 
келіп 
түскені
22.11.2011 ж.
кезеңіндегі 
балардың 
барлық саны
отбасыны 
қолдау 
қызметі 
құрылған
 
1
Ақмола облысының 
КТБО   
91
13
иə
2
Ақтөбе облысының 
КТБО   
161
7
иə

10
3
Алматы облысының 
КТБО   
102
25
жоқ
4
Атырау облысының 
КТБО   
336
7
иə
5
Шығыс-Қазақстан 
облысының (Семей қ.) 
КТБО   
133
22
жоқ
6
Шығыс-Қазақстан 
облысының (Өскемен 
қ.) КТБО
180
12
иə
7
Жамбыл облысының 
КТБО 
188
14
иə
8
Батыс Қазақстан 
облысының КТБО
56
8
жоқ
9
Қарағанды облысының   
(Қарағанды) КТБО
164
43
иə
10
Қарағанды облысының   
(Жезқазған) КТБО
0
0
жоқ
11
Қостанай облысының 
КТБО
97
17
иə
12
Қызылорда облысының 
КТБО
252
7
иə
13
 Манғыстау облысының 
КТБО
287
9
иə
14
Павлодар облысының 
КТБО 
108
8
иə
15
Солтүстік Қазақстан 
облысының КТБО
113
9
иə
16
 Оңтүстік Қазақстан 
облысының КТБО
1082
16
иə
17
Астана қаласының 
КТБО
266
16
иə
18
Алматы қаласының 
КТБО
741
16
иə
 
Барлығы
4 357
249
отбасыны 
қолдау 
қызметі 
– 14

11
Кəмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталықтарындағы 
балалардың 82,9% – қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалған  бала-
лар. Олардың 11,2% – ата-анасы мен өзге де заңды өкілдерінің 
қамқорлығынан  айырылған, 2,6% – арнаулы  білім  беру 
ұйымдарына  жіберілетіндер.  Сонымен  қатар,  олардың 3,3% –
ішкі  істер  органдары  бөлімшелерінде  есепте  тұрғандар  немесе 
қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар.
Қадағалаусыз жəне панасыз балаларды жас ерекшеліктеріне 
байланысты  былайша  топтастыруға  болады: 3-6 жас 
аралығындағылар – 13,7%, 7-14 жастағылар – 44,9%, 15-18 жас 
аралығындағылар – 41,4%.
Кəмелетке  толмағандарды  бейімдеу  орталықтарындағы 
балалардың 20,6%-ның  ата-анасы  немесе  асыраушысы  бар, 
14,3%  жайсыз  отбасылар  санатына  жатқызылады, 1,2% жақсы 
отбасылардан шыққан деуге болады.
Зерттеу жұмыстары көрсеткеніндей, қадағалаусыз жəне пана-
сыз қалған балалардың көпшілігінің ата-анасы жұмыс істемейді, 
ішімдікке  салынған  жəне  қоғамға  қарсы  əрекеттер  жасағандар 
(58,3%), тек 5,6%-ның ата-анасында тұрақты жұмысы бар.
Сауалнамаға жауап бергендер балалардың қадағалаусыздығы 
мен панасыздығына бөлек, жасөспірімдер арасындағы қылмысқа 
жеке  көзқарастарын  білдірді.  Зерттеу  нəтижелеріне  сəйкес, 
соңғысы қоғамда аса өзекті тақырыпқа арқау болуда. Сауалнамаға 
қатысушылардың 15,2%  қадағалаусыздық  пен  панасыздықтың 
артуына  алаңдаушылық  білдірген  болса, 23,4% жасөспірімдер 
арасындағы қылмыстың артуына алаңдайтынын білдірген. 
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс мəселесінің 
зор  маңызға  ие  болуы  тегін  емес.  Бұл  балалар  тек  өздері  ғана 
қылмыс жасап қоймай, қоғамға, қоршаған ортаға жəне жекеле-
ген  адамдарға,  олардың  өміріне  қауіп  төндіреді.  Сауалнамаға 
жауап  берушілердің 53,7% жасөспірімдерден  келетін  қауіп-
қатерден жапа шегемін деп қорқатынын жасырмаған, тек 12,8% 
ғана бұдан қорықпайтынын мəлімдеген. 
Балалар қадағалаусыздығының пайда болуы көбінесе жайсыз 
отбасыларға  байланысты  орын  алуда.  Сондықтан  сауалнамаға 
қатысушылардың 72,4% бұл  мəселені  отбасында  шешу  қажет 
деп  есептейді.  Мұндай  түйінді  мəселені  шешудің  екінші  бір 
субъектісі  мемлекет  болып  табылады (44,8%). Ал  қоғамның 
рөліне келер болсақ, мəселені шешудегі оның орны аса жоғары 

12
емес. Сауалнамаға жауап бергендердің 44,8% бұл істе қоғамдық 
жəне  қайырымдылық  ұйымдарының  орны  бар  деп  есептейді. 
Сұралғандардың 10% «жеке азамат» ретінде қадағалаусыз жəне 
панасыз қалған балалардың көршісі, туысы немесе танысы бола-
танын жасырмаған.
Осындай талдауды негізге ала отырып, қадағалаусыз жəне па-
насыз  қалған  балалардың  пайда  болуына  себеп  болған  жайсыз 
отбасыларды  бодырмау  үшін  ең  бастысы  ата-ананың  балалары 
алдындағы  жауапкершілігін  орната  білу  қажет.  Ата-аналардың 
жауапкершілігін  заң  күшімен  арттыру  (балалар  тəрбиесі 
үшін  əкімшілік  жауапкершілікке  тарту – 43,4%, қадағалаусыз 
қалдырғаны  үшін  қылмыстық  жауапкершілікке  тарту – 
42,8%),  халықтың  материалдық  əл-ауқатын  арттыру  арқылы 
отбасылардың  əлеуметтік  жағдайын  жақсарту (30,2%) жəне 
мемлекет тарапынан отбасыларға материалдық жəне əлеуметтік 
көмек көлемін ұлғайту (17,8%) пайдалы болары анық.
Соңғы  кездері  бала-шағасына  тиісті  тəлім-тəрбие  бермейтін 
отбасылардың саны жыл сайын артып келеді. Тек Қазақстан Рес-
публикасы  Ішкі  істер  министрлігінің  ресми  деректеріне  сəйкес 
ішкі істер органдарының тіркеуінде 13 мың жайсыз отбасы тұрса, 
қадағалаусыз  жəне  панасыз  қалған  балалардың  саны 27 мыңға 
жетіп жығылады. 2010 жылы ата-ана құқықтарынан айырылған 
азаматтардың саны 825 болған. 2011 жылдың басынан бері 300 
азамат ата-ана құқықтарынан айырылса, 400-ге жуық бала бала-
лар үйіне орналастырылған. Сонымен қатар 800-ге жуық ата-ана 
кəмелетке  толмағандарға  қажетті  тəрбие  мен  білім  бермегені 
үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылған. 
Осы  аталған  жəйттердің  бəрі  елімізде  кəмелетке  толмаған 
балалардың қиын жағдайда екендігін айғақтайды. Осыған сəйкес, 
өкінішке  қарай,  қылмыстық  жауапкершілікке  тартылуға  жасы 
жетпеген  балалардың  арасында  қылмыс  жасау  үрдісінің  артуы 
байқалады. Қазіргі таңда ішкі істер органдарының профилактика-
лық  тіркеуінде  құқық  бұзушылық  айыбы  бойынша 20 мың 
жасөспірім  тұр,  олардың 15 мыңы  тура  жолдан  ауытқушылығы 
үшін  тіркелген,  тек  екі  жарым  мыңы  қоғамға  қарсы  кəмелетке 
толмағандардың тобын құрғаны үшін айыпталған. 
Ата-аналардың 
балалары 
алдындағы 
тəрбиелік, 
т.б. 
жауапкершілігі  тек  оларға  қажетті  білім,  тəрбие  берумен  ғана 
шектелмей,  олардың  дені  саулығы,  психологиялық,  рухани  жəне 

13
адамгершілік тұрғыдан жақсы азамат болып шығуына негізделуі 
тиіс. Өкінішке қарай, соңғы кездері кейбір ата-аналардың санаты 
үшін  осы  аталған  талаптарды  орындау  қиынға  соғуда.  Баланың 
рухани  жəне  адамгершілік  тұрғысынан  жақсы  азамат  болып 
қалыптасуы  үшін  ата-ананың  отбасындағы  материалдық  демеуі 
мен қаржылық көмегі қажет. Алайда көптеген отбасылардың бала-
шағасын жеткілікті түрде материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете 
алмай отырғаны жасырын емес.
Кəмелетке  толмаған  құқық  бұзушылар  мен  дұрыс  отбасы-
дан  шыққан  балаларды  салыстырмалы  зерттеу  жұмыстары 
көрсеткеніндей, «тəрбиесі  қиын  балалардың»  көбінесе  нашар  от-
басылардан шығатындығы анықталған. Ал үлгілі отбасыдан үлгілі 
балалардың  өсіп  жетілетіндігі  байқалады.  Балалардың  жағымсыз 
түрде  тəрбиеленуі  мен  тəрбиесі  қиын  балалардың  пайда  болуына 
отбасында баланың əкесі не шешесінің болмауы, яғни толыққанды 
жанұяның  болмауы,  ата-ананың  əдепсіз  болып  кетуі,  əке-шешенің 
балаларына  қоғамға  қарсы  тəрбие  беруі  немесе  осындай  көзқарас 
ұстануы,  ата-аналар  білімінің  төмендігі,  олардың  педагогикалық 
тұрғыдан толыққанды қалыптаспауы, отбасындағы қатыгездік пен 
ата-аналар арасындағы ұрыс-керіс, кикілжің əсер етеді.
Қоғамда  жетім  балалардың  көбеюі  мен  панасыз  қалған  ба-
лалар  санының  артуына  негізгі  себеп  отбасы  институтының 
əлсіреуі деуге болады. Өйткені, осы фактор бала тəрбиесіне аса 
зор ықпал етеді.
Жетімдік – əке-шешенің бірінің немесе екеуінің де қайтыс бо-
луы,  əкенің  немесе  шешенің  ата-ана  құқықтарынан  айырылуы, 
баланың дұрыс өсуіне кері əсер ететін ортаның пайда болуы не-
месе баланың қоғамда ата-анасыз жалғыз қалуы болып саналады. 
Кей  кездері  мұндай  жағдай  орын  алған  жағдайда  əке-шешенің 
туыстары,  ата-əжелері  немесе  өкіл  əке-шешелер  жетім  қалған 
балаға қамқор болуға барын салады. Бірақ қоғамдағы əлеуметтік 
жағдайдың  төмендігі  жəне  халықтың  пейілінің  тарылуы  жетім 
қалған баланы асырауға құлық білдірушілер санын азайтып отыр. 
Балалардың  жасөспірімдік  шақта  жетімдікке  ұшырауы  оның 
қоғамға  нағыз  араласатын  уақытына  дөп  келгендіктен  үлкен 
қиындықтар туғызады. Өйткені, осы кезде балалар ата-анасынан 
көруі  тиіс  демеудің  жоқтығынан  еркіндіктің  шегінен  шығып, 
еңбек етудің əділетті жолынан ауытқып кетуі əбден мүмкін.

14


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал