Келін боп он бесінде келіп еді, Керілген кер маралдай керім еді



жүктеу 65.06 Kb.

Дата27.02.2017
өлшемі65.06 Kb.

Келін боп он бесінде келіп еді, 

Керілген кер маралдай керім еді. 

Он бес жыл отасқанда балғын жұптық, 

Оларға үш ұл, үш қыз беріп еді. 

Үрейлі елге тағы «шешек» келді, 

Қ

айғы, шер, мұңы дағы бүкті белді. 

Айырып отызында жан жарынан, 

Томпайтты төрт баласы қара жерді. 

Жас жесір есін танды құса болып, 

Қ

ызығы, қызғалдағы, гүлі солып. 

Егіліп, езілгенін көрген жандар, 

Оны да тірі өлікке қойды жорып. 

Қ

айғыға қайыспады көк болаттай, 

Көңілде зар мен мұңын көп боратпай. 

Қ

ызығын қос ұлымның көрсетсін деп, 

Маңына әмеңгерін жүр жолатпай. 

Сыналар жан - бір өлік, бір тірлікте, 

Қ

ол ұшын берер жақсы сырт жүріп те. 

Анаға қамқор көмек болып жатты, 

Қ

адірін бұрын елдің ол біліп пе? 

Тәуекел белді бекем буып алды, 

Еңбекке бетті батыл бұрып алды. 

Артельге көппен бірге мүше болып, 

Келешек іс-жоспарын құрып алды. 

Адамға жоқ қой бақыт өзі келмек, 

Татқаның ізденбесең тартар кермек. 

Қ

ос ұлды жеткізем деп арманына, 

Білекті түріп тастап етті еңбек. 

Жер жыртты, шөп жинады, егін орды, 

Тер төкті молайтуда ортақ қорды. 

Еңбекке қос ұлы да араласты, 

Өшкеннің тәубе дерлік орны толды. 

Айығып жан жарасы ұмыт болды, 

Ертеңнің елесінен үміт болды. 

Мектепті үздік бітіріп қос ұлы да, 

Ер жетіп ортан қолдай жігіт болды. 

Үлкен ұл - домбырашы, әнші, күйші, 

Әзілқой, әңгімеші, аңшы, биші. 

Жорғадай су төгілмес майпандаған, 

Тербеген махаббатты, өзі жыршы. 

Ақ жарқын кіші ұлы да ашық еді, 

Өнері қатарынан асып еді. 

Біткендей талаптыға талмас қанат, 

Өлең, ән шығаруға машық еді. 

Бейнеттің зейнетін де сонда ұқты, 

Береке дарып, елге ырыс жұқты. 

Ананың бір арманы жүзеге асып, 

Үйленіп, үлкен ұлы отау шықты. 

Үй сәні сырмақ, кілем шебері еді, 

Дарыған тігіншілік өнер еді. 

Ертеңгі болашаққа құлшындырған, 

Өмірге бейімділік-сенері еді. 

Қ

ызығына масайрап түзеп бойды, 

Немереге жасады үлкен тойды. 

Ат орнына тай төлеу болғаннан соң, 

«Төлеубек» деп баланың атын қойды. 

Үлкен ұлы міндетті әскер кетті, 

Немересін қызықтап медеу етті. 

Қ

аңғыр-күңгір алданыш бос уақытта, 

Тұсау кесті, тіл шықты, бірге жетті. 

Хатында үш жыл ойнап барам депті, 

Қ

ажыма, мені ойлап, анам, депті. 

Көппен көрген ұлы той, деуші едің ғой, 

Командирлік оқуда балаң депті. 

Ырқына сағыныштың беріледі, 

Сыйғызып «сәтпен датты» керіледі. 

Анаға келінімен үш жыл тұрсын, 

Бір күннің өзі жылдай көрінеді. 

Өлең жазып бұрқыратып қыздарға, 

Жүрген жанның жүрегі еш мұздар ма? 

Кіші ұлыда сері, сылқым атанып, 

Осы кезде үйленбекші Гүлнарға. 

«Аждаһа» жеті басты ісіп, кеуіп, 

Зұлымның жауыздығы сыртқа теуіп. 

Жұтуға бейбіт елді тажал шықты, 

Әлемге қырғын апат отын сеуіп. 

Жампоз бен жалғызға да қармақ салды, 

Жұртында зиялының шаңдақ қалды. 

Шалынып құрбанына зұлымдықтың, 

Адамдық, ұлттық намыс, ар тапталды. 

Отан үшін тіксе ерлер қара басын, 

Аналар ағызады көздің жасын. 

Қ

алды ел есеңгіреп, қайғы басып, 

Жауызбен соғысуда күші басым. 

Мұқаннан аман-есен жүрміз деген, 

Хат келді шекарада тұрмыз деген. 

Отанның шығыстағы сақшысымыз, 

Жігіттер елден кеткен бірміз-деген. 

Ғалымды келер жылы әскерге алды, 

Артында ақ тілеулі ана қалды. 

Бекініп «келер-келмес» жолға түсіп, 

«Міндетке» хас асылша кете барды. 

Соғысқа үш айдан соң кірдім деген, 

Жұбаныш анасына хаты келген. 

Жеңіспен ораламын депті ауылға, 

Сейілсін деген оймен,  қайғы-шерден. 

Бал ашты, құмалақ салды, ырым етті, 

Ырымы кеп ананың қырын кетті. 

Майданнан қырық екінші жылдан бастап, 

Келуін «қара қағаз» жиілетті. 

Мән жайды онда үлкенге шештіретін, 

Ат қойып, «бауырымдап» естіртетін. 

«Қағазды« кейде келген тығып тастап, 

Тілдерін тіс жармауға кестіртетін. 

Кеше ғана жарасқан қыз ойнағы, 

Бүгін жоқ ауыл гүлі ер жайнағы. 

Әркімнің қоламталы мұңын көсеп, 

Жүрегін тебірентті қай-қайдағы. 

Жақсы-жампоз әскерге кетіп жатыр, 

Ел қорғауға қызмет етіп жатыр. 

Бірі келсе, соғыстан жараланып, 

Бірі шейіт бұл жалғаннан өтіп жатыр. 

Дұшпанға кек оғын кім оқтамады, 

Боздағын шейіт кеткен кім жоқтамады? 

Сан адам сабыр ет деп өтінгенмен. 

Төгуден ана зарын тоқтамады. 

Көзінен кейде жүрсе жас парлатып, 

Құ

рады кейде кеңес жоспарлатып. 

Тілеуқор жалғызыма боп тұрсын деп, 

Ат тұрман, киім-кешек ыңғайлатып. 

Тілекті бермеді Алла сұрағанмен, 

Табынып, «бес уақыт» құлағанмен, 

Белді бу, келін, шира, - дейді ене, -

Келмейді өлген қайтып жылағанмен. 

Қ

орғаушы жауыздардан елді-жерді, 

Жасытпай әскердегі, ардақ ерді. 

Жазба деп бала өлімін әкесіне, 

Үлкендер қос анаға ақыл берді. 

- Ағам енді жылағанмен келмейді, 

Көкейімде бейнесі еш өлмейді. 

Ат үстінде, басын қағып қылышпен, 

Әкем менің жауға құлаш сермейді. 

Немеренің айтқанына тоқталып, 

Сөйлеуі елді таңырқатты топ жарып. 

Әжесіде сабыр етті еріксіз, 

Құ

штарлана сүймекке оны оқталып. 

Қ

айғыға душар етқен жыл да бітті, 

Енді ана үлкен ұлдан хабар күтті. 

Жүдер деп бұл хабарды жазбады оған, 

Жүрсін деп бауыр жайлы білмей түкті. 

Төлеубек өсті тәймен бестен асты, 

Қ

арындаш ұстап, әліппе бетін ашты. 

Талпынып әкесіне хат жазуға, 

Шешесімен отырып сөз құрасты. 

Осылай хат өзара келіп тұрды, 

Жыл өтті, тағдыр қайта бетін бұрды. 

Төлеубек суық тиіп қалды ауырып, 

Зарлатты қос ананы құдай ұрды. 

Құ

лады бірден еті күйіп-жанып, 

Қ

ос ана сұңқылдайды қатар налып. 

Екі күн өткеннен соң сырыл кірді, 

Кеудесі көтеріле тыныс алып. 

Тәуіп пен қожа, молла ем жасады, 

Айығып деумен балаң жер басады. 

Дәрігерде дәрі де жоқ, онда ауылда, 

Ем-домбай надандықпен ұласады. 

Қ

иналып, бірде есі ауып, бірде талды, 

Тынысы бірте-бірте сиреп қалды. 

Зарына ауыл жиналды қос ананың, 

Қ

ыршын ер мұңын тастап, дүние салды. 

Сұңқылдап қос ана ащы зарлап отыр, 

Шерлі жас қос жанардан парлап отыр. 

Адамның сай сүйегін сырқыратып, 

Жоқтауын ботасына арнап отыр. 

Қ

алымкешім соғысқа алғаш енгенде, 

Сор маңдайға қатер бұлты төнгенде. 

Артын сұрап боз қасқаны шалып ем, 

Қ

ос жұлдыздың бірі мәңгі сөнгенде. 

Жүзімнен талмас қылыш майырылдым, 

Қ

анаттан талмас сұңқар қайырылдым. 

Тұтатқан өшкенімді орнын басып, 

Думан-той,  қызығымнан айырылдым. 

- Дегендей қос ана ұзақ дауыс айтады, 

Қ

айталап бірін-бірі ауса айтады. 

Жалғызым оралмаса не болам деп, 

Қ

ызығын кейде алдағы тауса айтады. 

Үлкенше алты жаста ой түйді деп, 

Өнерге гүлін жарып ән сүйді деп. 

Тұлпардай оза шауып кетіп еді, 

Жұрт жүрді оған сұқ пен тіл тиді деп. 

... Бірі от жақса, біреуі малды жайғап, 

Сиыр сауса, біреуі бие байлап, 

Ерте тұрып, кеш жатып, іс тындырып, 

Келін жүрер енесін апатайлап. 

Ене жүрсе ірімшік, құрт қайнатып, 

Келін үйді сәндейді, гүл жайнатып. 

Жалғызыма болсын деп тілеу азық, 

Той жабдығын келінге жүр сайлатып. 

Шаруамен ене жүрсе малын сауып, 

Колхозда келіні жүр табыс тауып. 

Ұ

мытшақ әм самарқау тартты ана, 

Қ

алғандай қайғы-мұңнан есі ауып. 

Соғыс неміс жерінде жүріп жатқан, 

Дұшпанның сағы сынып, беті қайтқан. 

Сездірмей бала өлімін әкесіне, 

Құ

п алды аналар да ақылды айтқан. 

Жеңістен шабыт алды ақын деген, 

Халқыда бастаманы мақұл деген. 

Әлемді дауылпаз үн жаңғыртқандай, 

Бітуге қанды соғыс жақын деген. 

Тұрғанда көктем күні шуақ төгіп, 

Төскейде ауыл отырған егін егіп, 

Шаруалар ауылдағы жер жыртып жүр, 

Күш көлікке меншікті бие жегіп. 

Жүрісі шаң боратқан суыт қатты; 

Келеді көз ұшында бір салт атты. 

Көніккен «ой бауырым» болмасын деп, 

Үрейлі жұрт шоғыры ойға батты. 

Алыстан естіледі айқай еміс, 

Дегендей «сүйінші» келді жеңіс. 

Жұмысын істеп жатқан тастай салып, 

Жиналды дөң басына ауыл тегіс. 

Құ

йғытып боз атты жан келіп қалды, 

Танымал Әшімді ел көріп қалды. 

Атынан түспей жатып анадайдан, 

Бір сәлем барша жұртқа беріп алды. 

«Сүйінші, соғыс бітті!» деген кезде, 

Бәрінде сезім билеп кетті лезде. 

Толқиды, қуанады, шаттанады, 

Тасиды сең жүргендей үш-ақ сөзге. 

Адамға болды соғыс қанды қақпан, 

Сөндірді көп жалғыздың отын жаққан. 

Жылайды жоқтау айтып боздағына, 

Соғыста жанкүйері қаза тапқан. 

Жылайды шейіт кеткен жарын айтып, 

Өзінің соғыс таңған халін айтып. 

Жылайды бауыр, боздақ әкесіне, 

Жүректе әркім сөнген зарын айтып. 

Халықтың қуанышында шек болмады, 

Әшімге тамшыдан көл сый жолдады. 

Жасауға ауыл болып Жеңіс тойын, 

Үлкендер ұсынысын жұрт қолдады. 

Міне, енді аңсаған күн - соғыс бітті, 

Әскерден ел үмітпен ерді күтті. 

Толқындай шаттық кернеп, той қайталап, 

Толассыз қуанышта шек жоқ тіпті. 

Күн артынан күн жылжып, өтіп жатты, 

Жастар өсіп, әскерге кетіп жатты. 

Неміспен соғыс жеңіспен тынса дағы, 

Әскерде Мұқан қызмет етіп жатты. 

Соғыстың біткеніне үш ай өтті, 

Оралмай көп жігіттер алаң етті. 

Жапонмен кекті соғыс басталды деп, 

Тағы да елге суық хабар жетті. 

Шығыста шекарада тұрған ұлдан, 

Хат-хабар бұған дейін келіп тұрған. 

Үнемдеп жалақыдан артылғанын, 

Почтамен анасына салып тұрған. 

Дөңбекшіп түн ұйқысын төртке бөліп, 

Көзі ілінсе үрейлі түстер көріп. 

Ат қойып ауыл тағы естіртіп жүр, 

Боздағы майдандағы қалыпты өліп. 

Жұбатты түс түлкінің-боғы дүр етіп, 

Өлмейді ұлым менің аман жүр деп. 

Жақсыға жорып түсін бата берді, 

Дұшпанның дарымағай оғы бір - деп. 

«Қара қағаз» келді алғаш Махметтен. 

Көрші ауылдан Кеңес пен Ахметтен. 

Үш үйдің үш жалғызын іліп кетті, 

Күш болмай тағдырына рақым еткен. 

Ұ

рпақсыз үш шаңырақ құлап қалды, 

Бұл жайтты ел мүсіркеп, жылап та алды. 

Босатқан сай-сүйекті қарындасының, 

Егіліп жоқтауына құлақ салды. 

Қ

ос ана жеті жылдай бір түтін боп. 

Отырған екі жарты бір бүтін боп. 

Келінді төркіні алып кете алмаған, 

Бас иіп парасатқа бір бітім боп. 

Почтаға үйреншікті күнде жаяу, 

Қ

арт ана әуре-сарсаң көңіл қаяу. 

Үзбесе келе жатып үміт сәнін, 

Сарыны қайтқандағы зарға таяу. 

Болмас деп басқарма айтты ендігіміз, 

Ұ

намас мұндай істе-кендігіміз. 

Біреуден аяқ асты естіп қалса, 

Жараспай жадау тартар елдігіміз. 

Жүретін көңіл қосып жақындасып, 

Қ

арттармен ауылдағы ақылдасып. 

Көп пішіп, көп ойланып үш күннен соң, 

Жөн көрді естіртуді мақұлдасып. 

«Жалғызын» естірткенде бұған белін, 

Деп енді қасіретке болмас көнім. 

Қ

алаған мәңгі тыныштық іштей ана, 

Жүргенше күнде өліп, бір-ақ өлім. 

Аналар талықсыған шықпай үні, 

Кеткендей о жалғанға болып түрі. 

Жүректен оқ тигендей сұлық жатқан, 

Жақыннан күзет қойған күндіз-түні. 

Екеуі кезек-кезек сұңқылдайды. 

Талықсып, әлі құрып қыңқылдайды. 

Көл-көсір жасын төккен мұңлы көздер. 

Шоғындай қоламтаның жылтылдайды. 

Сүйеніш қанат құйрық сегіз жылдай, 

Қ

адірлеп, бірін-бірі жүрді қимай. 

Тағдырдың дауыл, боран аязында, 

Өзара сыйласымын білді шындай. 

Тұңғыш бейбіт жағдайда «қырқы» өтті, 

Төркін жұрт елге қайтар мезгіл жетті. 

Жекжатты жақын-жуық жиып алып, 

Ана-келін тағдырын әңгіме етті. 

Ерінің «жылын» тосып келін қалды, 

Есіркеп, бәрі оны жылап та алды. 

Арада қалыптасқан үлкен достық, 

Әркімді тебірентіп ойға салды. 

Сырғанап уақыт тұлпар өтіп жатты, 

Келінге әркім сөз сап келіп жатты. 

Көреміз «жылы» өткен соң дегеннен соң, 

Сөз берік, дәстүр қатал, кетіп жатты. 

Боздақтың, міне, енді жылы тақау, 

Ой шырмау. Тоғыз тарау көңілде ақау. 

Енесін қимай келін ақыл айтты, 

Асыра қыз да болса өзі сақау. 

Мынауың бір жаны бар сөз екен деп, 

Ештен кеш қамтып қалар кез екен деп. 

Қ

ызының жалғыз қызына қолқа салды. 

Жетіде қолқанаттың өзі екен деп. 

Келіні сөзде тұрды өзі айтқан, 

Жері жоқ «жеңгетайдан» беті қайтқан. 

Немере жалғыз қайнын үйлендіріп, 

Бір тайпа ел мұрагерге сенім артқан. 

Жылдан соң жүкті болды сол келіні, 

Шаңырақ құламасқа мол сенімі. 

«Жалғыздың» атын қайта жаңғыртам деп, 

Бастады игі іске ақ көңілі. 

Туғандай тумаса да болған анаң, 

Әлпештеп бой жеткізді болып панаң. 

Қ

айтсыншы қарымжысы сол еңбектің, 

Анаңа қызыңды бер болмай сараң! 

Келіннің құптады ел бұл ақылын, 

Шақырды «құдайыға« бар жақынын. 

Анаға табыс етіп немересін, 

Көп болып тындырды ол іс мақұлын. 

Біршама қайғы бұлты серпілгендей, 

Жүректе қайғы тоңы ерітілгендей. 

Кернеген іш құсаны бір ағытты, 

Аңырап жүрек қылы шертілгендей. 

Боздақтың өз мәнінде жылы да өтті, 

Қ

имастар ажырасар мезгіл жетті. 

Тектілік ақылымен келіні де, 

Енесін ауылдасын риза етті... 

Кәріғұл НҰҒМАНҰЛЫ 

Нұраталды аулы, 

ШЕТ ауданы. 

(Дастаннан үзінді) 

Ұ

лы Отан соғысында екі бірдей маңғаз ұлынан 



айырылып, соғыс ауыртпалығын басынан 

өткерген ана Сәкен Алшынбаеваға арнаймын 



Орталық Қазақстан. - 2005. - 10 қараша. - 6 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал