Келер жылдан



жүктеу 315.06 Kb.

бет1/4
Дата17.05.2017
өлшемі315.06 Kb.
  1   2   3   4

ҚАЗКОММЕРЦБАНК 

ЭКСПО-2017 ресми 

серіктес банкі

Корпоративтік журналы

КАЗКОММЕРЦ

 NEWS


ҮЗДІК

КОНТЕНТ

2015

№ 12 (145) 

Желтоқсан

2015


КЕЛЕР ЖЫЛДАН

НЕ КҮТЕМІЗ?

• БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ •


МАЗМҰНЫ

Журнал 2003 жылдан бері айсайын шығарылады



Таралымы 30000 дана

Жеке меншік иесі және баспагер: «Айелет» ЖШС

Басылым Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде тіркелген

2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 4587-Г куәлігі

Алғаш тіркеуге алынған нөмері мен күні:

2003 жылғы 12 маусымдағы № 3971-Г нөмiрі

«КазкоммерцNews»

Корпоративтiк журналы

Қазақ тілді басылымның редакторы Меруерт Бердыбаева

Редакцияның мекенжайы: Алматы қ.,

Әл-Фараби даңғылы, 34, 5 қабат



Тел: +7 (727) 2585 465; e-mail: press@kkb.kz

Арт-директоры: Давид Джубаев [www.nebolondona.org]

Беттелуі және дизайн — Иваненко ЖК

Басып шығарған баспахана: «Print House Gerona» ЖШС-гі,

Алматы қ., Сәтпаев к-сі, 30А/3, 124 кеңсесі, тел. 250–47–40

Материалдардан дәйексөздер алынған кезде «КазкоммерцNews» 

корпоративтік журналынан алынды деген сілтеменiң көрсетілуі міндетті

Жарнаманың мазмұнына жарнама беруші жауапты

МАҢЫЗДЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

 

04 

Оң өзгерістер өрісі 



07

 Жаңа жылға баға жетпес сыйлық



11

 Жаңа 20 мыңдық теңге: үлкен, нығыз, 

қорғанысы мықты 

10

 Қазкоммерцбанк ЭКСПО-2017нің ресми 

серіктес банкі болды

12

 Сіздің даусыңыз бен пікіріңіз маңызды

ЖОБАЛАР

 

14 



Кентау: трансформаторлық аймақ

ЖАҢАРТПАЛАР

 

16 

Парасат пен саяхат



20

 Инновацияның игілігі-уақыт, ақша үнемдеудің 

төте жолы

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

 

22

 «Періште» мерзімінен бұрын туылған 

сәбилерде зағиптық эпидемияны тоқтатты

ҚАРЖЫ САУАТТЫЛЫҒЫ

 

24

 Ақшаны оңды-солды шашу байлыққа 

жеткізбейді

Жаңа жылда — 

жаңа өмір...

Кұрметпен,

Меруерт Бердыбаева

ҚАЗАҚ ТАБИҒАТЫНДА

 алдағы өмірге сеніммен 

қарайды. Бұл — үлкен қасиет. Өміріндегі кездескен 

кедергіні, қиындықты ескі жылға қалдырып кетеді. 

Сөйтіп, Жаңа жылда тазарып шыға келеді. Осының 

өзінде үлкен пәлсапалық мән-мағына жатыр. Біз 

жақсылықты, қуанышты, берекені алдағы күн 

еншісінен күтеміз. Әйтсе де, бұл — «жатқанды Құдай 

жарылқайды» деген сөз емес. Адам баласы жаңа өмірге, 

жаңа тұрмысқа өзі талпынуы тиіс. Сонда ғана арман 

орындалады.

Әр нәрсені жоспарлап, оларды ықшамдап, қағаз 

бетіне түсіруге дағдылан. Мұның берер пайдасы мол. 

Мәселен, биыл жетпеген жақсылыққа келер жылы 

жетіп қаларсың. Қай арманың орындалды, қайсысы 

орта жолда қалды, оны екшеп, салыстырып, ой елегінен 

өткізуге мұның септігі зор. Әрі ол өзіңе, айналаңа 

деген жауапкершілікті де күшейтеді. Мысалы, менің 

бір танысым Жаңа жылда өзіне мынадай жоспар-талап 

қойып жатыр. Мүмкін оның көмегі сізге де тиіп қалар. 

Оқып көріңіз, керегін алыңыз.

1. Демалыс алып, денсаулықты тексеру.

2. Жақсы жұмысқа ауысу немесе қосымша

     табыс көзін табу.

3. Ағылшын тілі курсына бару, көлік жүргізуді үйрену.

4. Үйге күрделі жөндеу жұмысын жүргізу.

Бұл бір жылға — стратегиялық жоспар. Ал, оның 

айналасында қаншама мақсат-мұрат, ең бастысы, еңбек 

жатыр. Ендеше, Жаңа жылда өміріңізді өзгерткіңіз 

келсе, жақсылыққа ұмтылғыңыз келсе, бәрін өзіңізден 

бастаңыз, сонда нәтижеге қол жеткізуге әбден болады.

Құрметті оқырман, келе жатқан Жаңа жылымыз 

құтты болсын! Сіздерге амандық, денсаулық, молшылық 

тілеймін. Жақсылыққа, қуанышқа бірге жетейік!



4

5

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

МАҢЫЗ

ДЫ

 Ж

АҢА

ЛЫҚТ

АР

Оң өзгерістер өрісі

Оң өзгерістер өрісі

Аспанасты елінде «Өзгеріс (дағдарыс) кезеңінде өмір сүр» деген жағымсыз 

тілек бар екен. Бұл тегін айтылған сөз емес. Мұның астары мынада: күнбе-күн 

өзгеріп жатқан өмірде адам негізінде тыныштық пен тұрақтылықты қалайды

ДЕГЕНМЕН,

 

өзгеріске бейім 

және ең алдымен өзі өзгергісі 

келген адам қандай жағдай 

болса да, әсіресе, мазасыздау 

кезеңде алға, жақсылыққа 

ұмтылады. Әділ саналатын эволюция 

заңы бизнес-әлемі үшін де осылай 

жұмыс істейді. Қазкоммерцбанктің 

жетекшісі Мағжан Әуезовтың 

айтуынша, бүгінгі таңда кең көлемде 

қамтылған реформа және табысқа 

ұмтылып отырған банкке бұл 

өзгерістер тек пайдасын әкелуде.



— Мағжан Мұратұлы, биылғы 

жыл несімен есіңізде қалды және 

Қазкоммерцбанк оны қандай 

нәтижемен аяқтап отыр?

— Биылғы жыл ел экономикасы 

үшін күрделі болды. 2015 жыл 

қазақстандық жаңа шынайы өмірге 

аяқ басқан бұралаң кезең ретінде 

танылды. Демек, бәрімізге — халыққа 

да, бизнеске де, мемлекетке де — әлі 

бой үйретуге тура келеді.

Банк секторында салиқалы 

өзгерістер орын алды; бірқатар 

табысты мәміледен кейін отандық 

нарықта жаңа ойыншылар — Алтын 

мен Forte пайда болды, ал Казком 

БТА-мен біріккеннен кейін актив 

өлшемі бойынша, бөлшек депозит 

көлемі және төлем карталары 

жөнінен көшбасшылыққа қол 

жеткізіп, еліміздегі ірі қаржы 

институтына айналды. Сондықтан 

нарықтағы аса жағымды емес 

экономикалық конъюнктура 

жағдайында біз өзіміздің 

биылғы жұмыс қорытындысына 

қанағаттанамыз.



Д

— Қазкоммерцбанктің 2015 

жылға жоспарлағаны көп еді, оны 

сірә, клиенттер ұмыта қоймаған 

болар. Соның барлығын жүзеге 

асыруға мұрша болды ма?

Өзіміздің алға қойған негізгі 

мақсатымызға — БТА-мен арадағы 

интеграцияны екі банктің де 

клиенттеріне кесірін тигізбей, аман-

сау өткізуге — біз қол жеткіздік 

және біз оны өте сәтті өткіздік деп 

ойлаймын. Соның нәтижесінде жұма 

күні БТА банктің бір филиалында 

шаруасын бітірген клиент дүйсенбі 

күні Казкомның клиенті боп шыға 

келді және банктік қызмет көрсету 

кезінде ешқандай үзілісті де сезген 

жоқ.


Біздің мәмілемізге дейін 

Қазақстанда мұндай деңгейде 

бірігу болмағанын ескерсек, біз 

өз кезегінде бенчмарк (бағдар) 

орнаттық деуге толық негіз 

бар. Себебі, енді осыған ұқсас 

болашақтағы мәмілелердің 

тиімділігін бағалауға болады.

Интеграциялау жөніндегі біздің 

барлық жұмысымыздың нәтижесінде 

Казкомның клиенттік базасы 

едәуір өсіп, бүгінгі таңда оның легі 

6 миллион клиентке жетті. Бұған 

қоса, біз банктің инфрақұрылымдық 



2015 ЖЫЛДЫҢ 

бірінші 

жартысымен салыстырғанда 

банк шілде айынан бастап, 

1,5 есе көп несие берді

7

КАЗКОММЕРЦ NEWS

Корпоративтiк журналы

6

Желтоқсан 2015



№12 (145)

Жаңа жылға баға 

жетпес сыйлық

Казком мен БТА Банктің мыңдаған 

заемшылары ипотекалық несиелерін 

небәрі жылдық 3 пайызбен қайта 

қаржыландырып (түйткілді заемдар 

бойынша өсімпұл, комиссия 

алынып тасталды, мұның өзі қарыз 

ауыртпашылығын азайтады), Жаңа 

жылға үлкен, ғажап сыйлыққа 

ие болды. Сөйтіп, банкте тұрғын 

үй заемын қайта қаржыландыру 

мемлекеттік бағдарламасы 

қарқынды жүріп жатыр

А

АЛМАТЫЛЫҚ

МӘНШҮК ЖАМАУБАЕВА

2005 жылы пәтер сатып алу 

үшін банктен 50 мың доллар 

алған.


Мәншүк алған несиесінің 

ай сайынғы жарнасын — 500 

долларды уақтылы құйып 

тұрды. Содан кейін қолына 15 

мың доллар тиіп, оны мерзімнен 

бұрын банкке апарып төлеп 

қойды. Сөйтіп, қарызының ай 

сайынғы мөлшері 400 долларға 

түскен. Мәншүк Жамаубаева өзін 

сенімсіз, жауапсыз қарыз алушы 

деп санамайды: себебі, ол несие 

төлемін көп кешіктірмейтін, асып 

кетсе, 1–2 апта ғана. Дегенмен, 

доллар құны қаперсіз өсе бастады: 

кредит алынған тұста америкалық 

валютаның құны небәрі 120 

теңге тұратын еді, уақыт өте 

келе көтеріле берді, алдымен 155 

мүмкіншілігін кеңейттік: осы күні 

Казком еліміздегі барлық POS-

терминалдардың 40%-ын және 

барлық банкоматтардың 25%-ын 

иемденіп отыр. Ал Қазкоммерцбанк 

пен Қазпоштаның серіктестігі 

нәтижесінде еліміздегі 3 мың пошта 

бөлімшесінен біздің клиенттеріміз 

стандартты банктік қызмет түрлерін 

пайдалана алады. Басқаша айтқанда, 

қазір біз Қазақстан аймағының 

барлық жерінде қызмет көрсете 

алатын аймақтық банкпыз.

2015 жылы Казком өмірінде 

болған елеулі оқиғалардың бірі 

ретінде қор жинау базасын барынша 

ұлғайтқанымызды атап өтуге болады. 

Естеріңізде болса, «Проблемалық 

кредиттер қоры» аясындағы 

келісімшарт негізінде 250 млрд теңге 

мөлшерінде ұзақмерзімді өтімділік 

берілген еді. Ал күзде Казком «Даму» 

мемлекеттік қорынан Азия даму 

банкінің қаржысынан ШОБ-ты қолдау 

мақсатында 22,7 млрд теңге алған.

Олардың ішінде ең көп инвестиция 

шойын құю, жел электр стансасының 

құрылысы, трансформатор, цемент 

өндіру, автобөлшек, дәрі-дәрмек

шай шығару ісімен айналысатын 

ауыр және жеңіл өнеркәсібінің 

үлесінде. Казкомның қаржылық 

қатысуымен биыл біткен маңызды 

инфрақұрылымдық жоба ол Тараз 

қаласының әуежайын қайтадан 

жаңғырту жобасы.

Әрине, жоспарланған жұмыстың 

бәрі биыл аяқтала қойған жоқ, 

жобалардың бір бөлігі оны сапалы 

іске қосу үшін уақытты талап етеді, 

дегенмен биылға жоспарланған негізгі 

міндеттерімізді менің ойымша, жүзеге 

асырдық.

— Қазкоммерцбанк келер жылы өз 

алдына қандай мақсат-міндеттер 

қояды? Клиенттерді қалай 

таңқалдырасыздар?

— Мемлекет экономикасында 

Казкомның алатын орны бізді 

халықаралық стандарттарға 

сай болуға, тек негізгі қаржы 

көрсеткіштері бойынша алдыңғы 

шепте болып қана қоймай, қызмет 

көрсету сапасы және клиенттерді 

қанағаттандыру деңгейі жағынан 

да озық болуды міндеттейді. 

Сондықтан осы жылы біз осыған 

сәйкес бастамаларды енгізе бастадық. 

Біріншіден, бұл ең талғампаз 

клиенттердің көңілінен шығатын 

заманауи өнім шешімдерін ұсынатын 

банктің жаңа стратегиясы мен бизнес-

моделін жасадық.

Екіншіден, біз өз желімізде 

клиенттерге қызмет көрсету сапасын 

барынша жетілдірмекшіміз, осы 

мақсатта халықаралық консалтингтік 

компаниялармен бірлесіп клиенттік 

сервисті трансформациялау бойынша 

ірі жобаны қолға алдық. Әзірше бұл 

жоба Казкомның Алматыдағы төрт 

бөлімшесінде іске асуда, дегенмен 

оның алғашқы көрсеткіштері 

біздің дұрыс жолда келе 

жатқанымызды көрсетті. Клиент 

ағынын дұрыс жіктеу арқасында, 

менеджерлер мен кассирлердің 

жұмысын қайта ұйымдастыру 

нәтижесінде, электронды кезек 

жүйесін енгізу арқасында 

қызмет көрсетудің күту уақытын 

клиенттердің 80 пайызы үшін 

10 минутқа қысқарттық. Және 

бұл тек бастамасы ғана. Келер 

жылы жинаған тәжірибемізді 

барлық филиалдарда жүзеге 

асырамыз. Бұл жұмыстың 

мақсаты — қызмет көрсету 

уақытын барынша қысқарту, 

ал кей жағдайда, клиенттерді 

банкке келу машақатынан, 

қажеттілігінен айыру. Өйткені, 

дамыған интернет-технологияның 

және мобильді байланыстың 

күнделікті таралымы банктік 

операциялардың стандартты 

түрлерін смартфондар мен 

банкоматтар арқылы жүзеге 

асыруға мүмкіндік береді.

— Журналдың бұл нөмірі — 

2015 жылдың соңғысы. 

Жаңа жыл қарсаңында біздің 

оқырмандарға — Казком 

клиенттеріне қандай тілек 

айтасыз?

— Банктің басшылығы және 

ұжымы атынан мен біздің барлық 

оқырмандарға, серіктестер мен 

қызметкерлерге жеке және 

отбасылық амандық тілегім 

келеді. Қиындыққа қарамастан 

армандауды ұмытпаңыздар, 

жоспар құра біліңіздер, көздеген 

мақсатқа жетуге ұмтылған жөн 

және оған қол жеткізу үшін бар 

күш-жігеріңді жұмсаған абзал. 

Мұндайда өз күш-қарымыңа 

сенудің маңызы зор және тек 

жақсылыққа қарай ұмтылған жөн, 

сонда ғана Жаңа Жыл түнінде 

тілеген әр тілегің міндетті түрде 

орындалады. 



2015 ЖЫЛҒЫ 11 АЙДЫҢ 

ішінде банк жалпы сомасы 463 млрд 

теңгені құрайтын қарыз берсе, олардың 280 млрд теңгесі 2015 

жылдың екінші жарты жылдығында, ал 183 млрд теңгесі 2015 

жылдың бірінші жарты жылдықта берілген болатын

4 ТОҚСАНДА ТЕК КОПРОРАТИВТІ 

клиенттердің жобаларына 

берілген кредиттердің сомасы 81,5 млрд теңгені, ал шағын және 

орта бизнеске — 77,5 млрд теңгені құрады

МАҢЫЗ

ДЫ

 Ж

АҢА

ЛЫҚТ

АР

8

Желтоқсан 2015

№12 (145)

9

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

БАҒДАРЛАМАҒА КІМ ҚАТЫСА АЛАДЫ?

— Бағдарламаның шартына орай, бірінші кезекте қайта 

қаржыландыру амалына халықтың әлеуметтік әлсіз тобы 

қатыса алады; 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін уақтылы 

төленбеген қарызы 90 күннен асып кеткен түйткілді 

заемшылар; стандартты валюталық несиелер де қайта 

қаржыландырылуы мүмкін.

Бағдарламаға сондай-ақ, кепілзат үшінші тұлға арқылы 

қамтамасыз етілсе, олардың да алған несиесі қайта 

қаржыландыруға жіберіледі. Нақты айтқанда, егер де заем 

алушының мүлкі кепілзат ретінде тұрмаса, не болмаса 

мүлде болмаса, ал заем туыс-тумасының кепілзатымен 

қамтамасыз етілген жағдайда немесе басқа бір тұлғаның 

кепілзаты тұрса, онда олар да өз несиесін арзандата 

алады.

КРЕДИТ ҚАНДАЙ МАҚСАТҚА АЛЫНУЫ ШАРТ?

— Тұрғын үй сатып алуға немесе тұтынушылық мақсатқа 

(кепілзат ретінде үй немесе жер учаскесі)

Бұдан да нақты құжаттардың тізімін 

Қазкоммерцбанктің бөлімшелерінен немесе

www.kkb.kz

 сайтынан білуге болады.

Негізгі қарыздың қалдығы қандай мөлшерде болуы тиіс?

36 470 000 теңгеден аспауы шарт (немесе 2015 жылдың 1 

қаңтардағы бағамы бойынша 200 мың доллардан аспауы 

керек).


ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУДАН КЕЙІН ПАЙЫЗДЫҚ 

МӨЛШЕРЛЕМЕСІ ҚАНДАЙ БОЛМАҚШЫ ЖӘНЕ ҚАЙ 

ВАЛЮТАДА?

— Жылдық 3 пайыз теңгемен.



КРЕДИТКЕ ҚАНДАЙ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК САТЫП 

АЛЫНУЫ ТИІС НЕМЕСЕ КЕПІЛЗАТ РЕТІНДЕ ҚАНДАЙ 

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ҚОЙЫЛУЫ КЕРЕК?

— Алаңы 120 шаршы метрден аспайтын пәтер немесе үй. 

Немесе алаңы 0,1 гектардан аспайтын жекеменшік үй 

салып алуға арналған жер учаскесі. Бұл заем алушының, 

оның зайыбының және/немесе кепіл берушінің (және 

оның зайыбының) басындағы жалғыз баспана болуы тиіс.

теңгеге дейін, одан кейін 150, ал 

2015 жылдың екінші жартысында 1 

доллардың бағасы 300-дің үстіне бір-

ақ шықты.

— Біздің жалақымыз көтерілген 

емес, бұрын қандай жалақы алып 

келсек, осы күні сондай деңгейде 

теңгемен алып отырмыз. Несие алған 

алғашқы жылдары қарызымды 

ешқандай қиындықсыз төлеп тұрдым, 

уақыт өте ауыртпашылықты сезе 

бастадым. Өйткені, мойнымда тек 

қана несие тұрған жоқ қой, азық-

Мен енді валюта 

бағамына 

байлаулы 

емеспін, 

девальвация 

болған күннің 

өзінде оның 

маған қатысы 

жоқ


Басқа да заемшыларды 

мемлекеттің осы бағдарламасына 

қатысуға шақырамын

Бағдарлама іске қосылған 5,5 айдың ішінде

 Казкомға 

ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыруға 

клиенттерден 3,8 мың шамасында өтініш келіп түскен. 2,4 

мың өтініш мақұлданған, 

5,7 млрд теңгенің 1300 несиесі 

қайта қаржыландырылған.



ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ҮШІН ҚАНДАЙ ҚҰЖАТ 

ЖИНАУ КЕРЕК?

— Тізімі шамамен мынадай:

 жеке куәлік;



мекенжай анықтамасы;

некеге тұрған/бұзылғаны жөнінде куәлік;



ҚР аумағы бойынша жылжымайтын мүлкі бары немесе 

жоғы туралы анықтама (оны ХҚО немесе eGov.kz-дан алуға 

болады);


Зайыбының (жұбайының) жылжымайтын мүлкіне құқық 

беретін құжаттың көшірмесі;

Заемшының нотариуспен бекітілген өтініші;



Тәуелсіз бағалаушының бағалау жөніндегі есебі (егер 

несие Қазкоммерцбанктен алынса, онда тек проблемалы 

заем бойынша ғана).

түлік алуымыз керек, бала бақшаны, 

коммуналдық төлемдерді және 

т. б. төлеуім керек емес пе? Демек, 

мемлекеттің қайта қаржыландыру 

бағдарламасы маған үлкен, баға 

жетпес сыйлық болды, — дейді 

Мәншүк.

Таяуда Казком Мәншүктің 



валютамен алған несиесін теңгеге, 

жылдық 3 пайызға дейінгі 

көрсеткішпен қайта қаржыландырып 

берді. Егер қайта есептеу амалы 

болмаса, ол ай сайын 122 мың теңге 

(долларлық эквивалентпен) төлер 

еді. Ал қазір қайта қаржыландыру 

арқасында ол небәрі 78 мың теңге 

төлейтін болып шешілді.

— Бір қызығы, қайта 

қаржыландыру үрдісі жүріп жатқан 

кезде менің алған пәтерім үшін 

банкке беретін берешегім 25 мың 

доллар мөлшерінде еді. Соған 

қарамастан, бүгінгі бағам бойынша 

есептегенде, мен осыдан 10 жыл 

бұрын төлеген сомадан әлдеқайда 

артық ақша төлеуім керек еді. Бұл 

кәдімгідей көзге көрінетін үлкен 

айырмашылық-тын. Сондықтан, 

мен әрине, қайта қаржыландыру 

бағдарламасына дән ризамын, — 

деген Мәншүк қуанышын бізден 

жасыра алмады.



ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 

ӘЛИЯ МАШЕКЕНОВА

2006 жылы қаланың орталығынан 

екі бөлмелі пәтер сатып алған 

еді. Өз ақшасы жетпегеннен кейін 

Әлия банктен 50 мың доллар несие 

алған-тұғын. Валютамен қарыз алған 

басқа заемшылар сияқты, бағам 

айырмасына орай, ипотеканың құны 

да өсіп отырды. Тек 2015 жылдың 

ортасында ғана тежелді.

— Қазкоммерцбанктегі қайта 

қаржыландырудан кейін менің ай 

сайынғы төлемім 24 мың теңгеге 

қысқарды, сөйтіп, қазір 33 мың 

теңге төлейтін болдым. Әрине, мен 

бұған өте қуаныштымын. Ешқашан 

проблемалы қарыз алушы болған 

жоқ едім. Тек осы 2015 жылы үш ай 

жұмыс істемей қалдым. Сол кезде 

қиыншылыққа тап болдым. Себебі, 

баламды жалғыз өзім өсіріп жатқан 

жайым бар. Ал қайта қаржылдандыру 

бағдарламасы қиыншылық кезеңінен 

менің аман-сау шығуыма ықпал 

етті және ақшамды үнемдеуге 

мүмкіншілік беріп отырғанына өте 

қуаныштымын, — деп әңгімесін 

жалғастырды Әлия Машекенова.



ҚАРАҒАНДЫЛЫҚ ГҮЛНӘР 

РҮСТЕМБЕКОВА

2014 жылы кезекті девальвация 

орын алған кезде өзінің ұзақ 

жылағанын айтады. Өйткені, 

банкке ай сайын төлейтін 400 

доллары бар еді. Дегенмен, 

таяуда Қазкоммерцбанк Гүлнәр 

Бақытқызының кредитін қайта 

қаржыландыруға қолұшын созды. 

Бұдан былай Гүлнәр Рүстембекова 

банкке небәрі 43 мың теңге 

төлейтін болды.

— Бұл — заемшыларға көрсетіліп 

отырған үлкен қолдау, керемет 

көмек, — дейді Гүлнәр Бақытқызы. — 

Енді Құдайға шүкір, Жаңа жылды 

жақсы көңіл-күймен қарсы алатын 

болдым. Себебі, мен енді валюта 

бағамына байлаулы емеспін, 

девальвация болған күннің өзінде 

оның маған қатысы жоқ. Бұған қоса, 

айтайын дегенім, Казкомда маған 

қашанда үлкен құрметпен қарайды. 

Бұл маған ұнайды. Осы жерде 

маған үнемі көмек көрсетіп, қолдау 

білдіретін банктің қызметкерлерін 

Айгүл Сүлейменованы, Алтынай 

Сатыбалдина және Айгүл Шамованы 

ерекше атап өткім келеді. Басқа 

да заемшыларды мемлекеттің 

осы бағдарламасына қатысуға 

шақырамын.



Құрметті оқырмандар! Сіз 

2004 жылдың 1 қаңтары мен 2009 

жылдың 31 желтоқсаны арасында 

ипотекалық несие алдыңыздар 

ма? Мұқият қараңыздар, қайта 

қаржыландыру бағдарламасының 

критерийлерімен сәйкес келе ме? 

Мүмкін Қазкоммерцбанк Сіздің де 

мәселеңізді шешіп, Жаңа жылға жақсы 

көңіл-күй сыйлап қалар!

 

Мемлекеттің қайта 



қаржыландыру 

бағдарламасы маған 

үлкен, баға жетпес 

сыйлық болды

МАҢЫЗ

ДЫ

 Ж

АҢА

ЛЫҚТ

АР

10

11

КАЗКОММЕРЦ NEWS



Корпоративтiк журналы

Желтоқсан 2015

№12 (145)

Жаңа 20 


мыңдық теңге:

үлкен, нығыз, 

қорғанысы 

мықты


Қазкоммерцбанк

ЭКСПО-2017 ресми серіктес

банкі болды

1 желтоқсаннан бастап Қазақстан тағы бір купюрамен толықты — 

20 мың теңгелік жаңа банкнот ресми түрде айналымға шықты. 

Пластиктен және әлемдегі ең жұқа қағаздан жасалынған бұл купюра 

өзінің айналымға шығу сәтін екі жыл күткен — оны 2013 жылы 

басып қойған болатын

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК мен «Казкоммерцбанк» АҚ ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал