Кейінгі уақытта абайтанушылардың ең тұңғыш жөнінде әртүрлі мәліметтер келтіріліп



жүктеу 32.05 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі32.05 Kb.

ӘЛИХАН 

АБАЙТАНУШЫ 

Кейінгі уақытта абайтанушылардың ең 

тұңғыш жөнінде әртүрлі мәліметтер келтіріліп 

жүр. Шын мәнісінде тұңғыш абайтанушы бо-

лып Әлихан Бөкейхан есептелді. Оның айғағы 

болып 1905 жылы жарық көрген Ә.Бөкейхан-

ның «Абай (Ибрагим) Құнанбаев» деген қаза-

намасы дәлел бола алады. Мұнда алғаш 

қазақ әдебиетінің классигі, қазақ 

әдебиетіндегі жаңа бастауышы, ойшыл Абай-

дың өмірбаянымен шығармаларының 

әлеуметтік, халықтық бетін, негізгі идеялық 

бағдарын, сөз өнеріндегі шеберлік пен 

шешендік, билік өнеріне көшпелі өмір 

бесігінде тәрбиеленіп өскен Абайдың халық 

арасында жолы көпшілік жұртшылыққа оның 

ішінде орыс оқырмандарына тосын жаңалық 

болып қабылданды. 

Абайтану тарихында Абайдың ақындық 

өнерімен аса күрделі исламдініне байланыс-

ты ой-пікіріне Әлиханның білікті пікір айтуы сол 

кезең үшін айтарлықтай жаңалық еді. 

Абайдың халық жырлаған поэзиясын, ту-

ған халықның көкейтесті арманы мен мұңын, 

жеке басы мен әдеби мұрасын танып білу, 

насихаттау, бағалау тек қайтыс болған кейін 

ғанга өзінің шегіне бастады. Оған себеп Абай 

өмір сүрген кезеңнің саяси-әлеуметтік бол-

мысына сай, қазақ қоғамының отаршылдық 

саясатқа қарсылығынан туындап отырған 

ұлттық сезім мен ұлттық сананың сарына 

тұрғысына болуда және Абайдың өзі де 

өлеңдерінің жарық көруіне ондайлық ынта-

лы болған жоқ. 

«Абай поэтикалық қуаттың иесі, азақ ха-

лқының мақтанышы. Абай сияқты халықтың 

рухани творчествосын осынша жоғары көтер-

ген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ» деп Әли-

ханның баға беруінің өзі Абайдың әдеби 

мұрасын терең жан-жақты танып білген 

зерттеуші екенің көрсетеді. Абайдың ақын-

дық дәрежесінің Еуропа сапасына алғаш рет 

жетерліктей дәрежеде мән беріп пікір айтқ-

анда Әлихан болатын. 

«Абайдың жылдың төрт мезгіліне (жазғ-

ытұрым, жаз, күз, қыс) арнап жазған әдемі 

өлеңінің өзі Абайды Еуропаға әйгілі 

ететіндей» дейдіӘлекең. 

Абай дүниетанымына, ой-толғаныстары-

на терең және Ұлы ақын мұрасының рухани 

көздерінің болмысын жете таныған, оны орыс 

оқырмандарына танытпақ болған да Әлихан 

Бөкейхан болатын. 

«Ақын Абай сөзін оқырман атаулының 

бірден түсіне алмағандығын, әр сөзінің мағы-

насының өте терең екендігін, оның не мағы-

нада айтылғандығын біреу баяндап ұқтырғ-

анда ғана білуге болады» дейді Ахмет Байт-

ұрсынов. 

1911 жылы шыққан Шәкәрім 

Құдайбердіұлының қазақ шежіресі туралы 

Әлихан: «Мұны бұрын қазақ шежіресі қазақ 

тілінде кітап болып басылған жоқ. Шәкәрімнің 

бүл кітабы-қазақ шежіресінің тұңғышы, қазақ 

шежіресін білмек болған аға-іні іздегенді осы 

кітаптан табысың. Енді мұнан былай қазақ 

шежіресін жазбақ болған кісі Шәкәрім 

кітабын әбден білмей қадам баспа» деп 

үзілді-кесілді шежіреге үлкен мән беріп, оны 

іздеушілерге Шәкәрім шежіресін біліп ал деп 

жол сілтейді. Бұл жөнінде Шәкәрімнің өзі: 

Бір Алла бергеніңе сансыз шүкір, 

Қалған жоқ зая болып қылған фікір, 

Бітірімді түрік-қазақ шежіресін 

Болса да кемшілікті, қисық бүкір. 

-деп кемшіліктерінің болуы мүмкін деп өзі 

мойындайды. Ал Әлихан болса, бұл кітап ба-

ланы оқытатын молланың алдында жатуы 

керек дейді. 

Шәкәрімнің Қалқаман-Мамыр шығармасы-

на сын айта келіп: 

«Қалқаманың мақсұдын Мамыр білді, 

Аз ойланып, үндемемей сабыр қылды. 

Жылы жүрек өзіне жар тапқандай 

Қызарды, бір ағарды байдың қызы 

Бетке шықпай қояма жүрек ізі»-деген 

үзіндісін. 

«Тілге жеңіл, жүрекке жайы тиіп, теп-тегіс, 

жұмыр келсін айналасы» дей келіп Шәкәрімнің 

қазақ қызының бір бейнесін көркемді 

көрсететіндігін байндайды. 

Қара қыпшақ Қобыланды жырының бір 

нұсқасында: солдат, сухар, түйме, медаль, 

шай, алтыатар сияқты ұғымдар Қобыланды за-

манынан көп бері пайда болған. Бұларды жыр-

шының өзі қосып, жырдың көркем түрін бұзып, 

заманына ұйқаспайтын жырларды, оның мәде-

ни тарихына ешбір пайдасы жоқ өлендерді 

надан ақындар қосқан дей отырып, бұрынғы 

қазақ тұрмыс-салтының рухани мәдениетінің 

ізі бар жұрт салтын дұрыс көрсеткен жырды 

алғашқы нұсқасын шағарған ақын деп 

көрсетеді. 

Ұлы қайраткердің халық үшін жан-тәнімен 

қызмет еткен Әлихан туралы Жусіпбек Айма-

уытұлы «қараңғыда қан жұтып қаңғырған 

күнде басын қазақ жолына құрбан қылған 

ағамыз асқар беліміз. Өмірінде жүрген жолын 

біздей інілерімізге жағып қойған шамшырақ» 

дейді. 

Өткен 20 ғасырдың басындағы қазақ ха-



лқының өмірін зерттеушілердің ішінде ең 

атақтысы Әлихан Бөкейхан болды. 

қызы Лиза 1903 жылы туған. ме-

дицина Ғылымының докторы, профес-

сор, Ұлы Отан соғысының ардегері, 

майор, уақытында денсаулық сақтау 

министрлігіне дәрігердің білімін 

жетілдіру институтының деканы бөлім 

бастықтары қызметін атқарды. 1971 

жылы 22 маусымда дүниеден озады. 

Новодевичье бейітінде жерленген. 

1923 жылы Лиза Смағұлға тұрмы-

сқа шығады. Смағұп Садуақасұлына 

1920 жылы Қазақстан жастар ұйымын 

ұйымдастыру жүктеледі. Москвада 

өткен Жалпы Россиялық Шығыс ұлтта-

рының жиналысында Шығыс жастар 

одағының бюро мүшесі болып сайла-

нады. 1920 жылы қазан Қазақстандық 

Жалпы Советтердің бірінші съезінде 

жас коммунистер атынан сөйлеп, қара-

ша айында үкіметтің құрамына кіреді. 

1925 жылы Советтердің 5 съезінде 

халык, ағарту комиссары болып сайла-

нады. 1934 дүниеден озады. Ұлы 

Ескендір 17 жасқа толмай соғыстың 

алғашқы күні соғысқа қашып кетіп, со-

дан оралмаған. 

Әлиханның баласы Үкітай (Сергей) ірі гео-

лог, үлкен Жезқазғанды ашуға Қаныш Сәтпа-

евпен бірге қатысқан, 1958 жылы Хакасияда 

дүниеден озды. Оның баласы Бөкейханов 

Евгений немересі Петямен Москвада тұрады. 

Ғылым кандидаты кейін уақытта Әлиханның 

еңбектерін зерттеумен шұғылдануда, 

Әлихан Бөкейхан-ормантанушы-ғалым, 

ботаник, экономист. 

Әлихан Бөкейхан-қазақтың малшарушы-

лығын зерттеуде ғылыми жолға қойған 

бірегей ғалым. 

Әлихан Бөкейхан - қазақ өлкесінің ауыл 

шарушылығын зерттеуде елеулі үлес қосқ-

ан азамат. 

Әлихан Бөкейхан-көркем аудармашы. 

Әлихан Бөкейхан-тұңғыш Абайтанушы. 

Әлихан Бөкейхан-тұңғыш энциклопедисті. 

Әлихан Бөкейхан-сыншы көркем әдебиет-

ке көп көңіл аударған ғалым. 

Әлихан Бөкейхан-20 ғасырдың басындағы 

қазақтың ұлт-азаттық революциясының 

көсемі. 

Әлихан Бөкейхан-қазақ халқының ұлы да 

ірі қоғам қайраткері Алаш қозғалысның 

көсемі, Алашорда автономиясы үкіметінің 

тұңғыш төрағасы халқымыздың әдебиеті 

мәдениетінің өркендеуіне үлкен үлес қосқан 

аламгер, ғұлама ғалым. 

Әлихан Жан-жақты дарынды, көрегер 

Қазақстанның егемендік алатындығын 20 

ғасырдың аяғында болатындығын болжаған 

адам. Мұндай адамдар бір ғасырдағы тұлға 

осыны бағалап жиырмасыншы ғасырдың 

аяғында оған «Человек Столетия» деген атақ 

беріп дипломмен бірге естедік медаль тағай-

ындаған. Берілген 10 лауреаттың ішінде 

бірінші болып тұр. Бұл жалпы қазақ халқы-

ның үлкен қуанышы. 

Жоғарғы оқу орнының үздігі 

ҚарМУ-дың еңбек сіңірген доценті 

Ортай АБДРАХМАНОВ 



Балқантау.-2006.-29 шілде.-9 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал