Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы бүгінде 2011 жылы атқарылған жұмыс­



жүктеу 0.74 Mb.

бет4/6
Дата09.06.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6

2011 ЖЫЛғЫ 30 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАп САйЛАуШЫЛАР 

САйЛАуШЫЛАР ТіЗіМіНДЕГі өЗДЕРі ТуРАЛЫ  

МӘЛіМЕТТЕРДі ТЕКСЕРЕ АЛАДЫ

Әрбір сайлаушы сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы 

деректерді тексере алады.

  Бұл  үшін  жеке  басын  куәландыратын,  сондай­ақ  тұрғылықты  жерін  рас­

тайтын  құжаттарымен  учаскелік  сайлау  комис сиясына  барып,  сайлау шы­

лар тізімімен мұ қият танысуы керек. Сайлау шы ның аты­жөні тізімде бол май 

шықса немесе ол туралы деректерде жаң сақтықтардың бар екені анықталса, 

сай лаушы  тиіс ті  құжаттардың  негізінде  өзін  тізімге  енгізуді  немесе  қажетті 

түзетулер жасауды талап етуге құқылы. 

Сайлаушының  аты­жөнін  тізімге  енгізуден  немесе  ол  туралы  деректер­

ге  түзетулер  енгізуден  бас  тартылған  жағдайда  сай лаушының  сотқа  шағым­

дануға құқығы бар.

 

2011 ЖЫЛғЫ 30 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАп 2012 ЖЫЛғЫ 14 ҚАңТАРғА 

ДЕйіН САйЛАуШЫЛАРДЫң ДАуЫС БЕРу ҚұҚЫғЫН БЕРЕТіН ЕСЕпТЕН 

ШЫғАРу КуӘЛіГіН АЛуЫНА БОЛАДЫ

Партиялық  тізімдер  бо й ынша  сайланатын  Пар ламент  Мәжілісі  де пу тат­

тарының  сайла уында  дауыс  беру  күні  сайлаушы  өзінің  тұрғылықты  жерінен 

тыс жерде болса, ол басқа сайлау учаскесінде дауыс бере алады.

Бұл үшін 2011 жылғы 30 желтоқсан мен 2012 жылғы 14 қаңтарға де йін гі 

аралықта тіркелу ор ны бойынша учаскелік сай лау комиссиясына барып, дау­

ыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін алу керек.

Ол жазбаша өтініш негізінде, жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен 

кезде беріледі.

 Дауыс беру күні учаскелік сайлау комиссиясы, дауыс беру құқығын беретін 

есептен шығару куәлігі мен сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатын 

көрсеткен кезде, оны барған жері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізеді.

Бір  елді  мекен  аумағында  басқа  сайлау  учаскесінде  дауыс  бергісі  келетін 

сайлаушыларға дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі берілмейді.

Сондай­ақ  мәслихаттардың  депутат­

тарын сайлауда дауыс беру құқығын бе­

ретін есептен шығару куәлігі берілмейді.

САйЛАу КүНі ДАуЫС БЕРу ТӘРТіБі

Өзінің сайлау учас кесінде жеке куә лі­

гін  не месе  республи ка  аза  матының  пас­

пор  тын,  уақытша  же ке  куә лікті,  жедел 

қыз мет тегі  әскери лердің  әскери  билетін 

ұсына отырып, сайлаушы үш сайлау бюл­

летенін алады.

 Бір дауыс беру бюл летені – партиялық 

тізімдер  бойынша  сай ла  натын  Мәжіліс 

депу тат тарын сайлау бо йынша.

Екінші  бюллетень  –  облыстық  неме­

се Астана мен Алматы қалалары мәсли­

хаттарының  депутатын  сайлау  бойынша 

дауыс беру үшін.

Үшінші  бюллетень  –  қалалық  немесе 

ау дан дық мәслихаттың де путатын сайлау 

бо йын ша дауыс беру үшін.

Астана мен Алматы қалаларының сай­

лаушылары екі бюллетень алады.

 Әрбір сайлаушы бюллетеньді жасырын 

дауыс беру кабинасында толтырады.

  Сайлаушы  өзінің  да уысын  беретін 

сая си партия атауының не месе мәслихат 

де путаттығына кан ди дат тың аты­жөнінің 

оң  жағындағы  бос  шар шыға  белгі  қою 

керек. 


Бір  белгіден  артық  белгі  қойылған, 

қа рындашпен  тол ты рылған,  сондай­

ақ  сайлаушының  ерік  білдіруін  анықтау 

мүмкін  емес  бюллетеньдер  жарамсыз 

деп танылады.

Қазақстан Республикасының

Орталық сайлау комиссиясы

Нұрғис


а 

ЕЛЕ


уБЕК

О

в (



фо

то

)



ғып жатыр. Жұртшылық тыйым салын ға­

нына қарамастан, ауру мал етін сатылымға 

шығарып жіберуде. Сондықтан бақылауды 

күшейту үшін  бұл іске қатысты ішкі істер 

ми нистрлігіне  арнайы  міндеттеме  жүк­

телгені жөн», – деп отыр. 

Жалпы,  байыбына  үңілсек,  соңғы  екі 

жыл дың көлемінде шаруа қожалық та ры­

ның  басым  бөлігі  мал  басын  азайтып 

алған. Бұл ретте мамандар: «Елде мал ба­

сы ның  азаюына  бірден­бір  себеп  –  мал 

ау руының дендеп тұрғаны және оны ем­

дей тін мамандардың тапшылығы. Осы мә­

се лелерді шешу үшін мемлекет тарапынан 

мал шаруашылығына үлкен қолдау қажет», 

– деседі. Бұған қатысты ауыл шаруашылығы 



ғылымының докторы 

Аман ШОТАЕВ: 

– Егер біз елде мал басы өсіп-өнсін де-

сек, алдымен малы ауырса, емдейтін, ау-

ру дың себебін анықтайтын сауатты ве те-

ринар  мамандарды  даярлауымыз  қажет. 

Қазірде әр облыста малдың эпизоотикалық 

ауруы өршіп, 1000-нан аса мал басы өр-

те ліп, тіпті тұтас бір ауылдың малы аусылға, 

са рыпқа шалдығып, ол аймақтың қауіпті 

ай мақ саналуының бірден-бір себебі – біз-

де  ветеринария  мамандығын  меңгерген 

бі лікті  мамандардың  жоқтығы.  Осыған 

орай  айтар  ұсынысым:  біз  жедел  арада 

мал  дәрігерлері  мамандарын  әлеуметтік 

ма ңызды сала қызметкерлерімен тең ес тір-

геніміз жөн. Бізде кейбір ауылды жерлерде 

мал дәрігерлері мүлдем жоқ болса, қай сы-

бір ауылдарға жастардың өзі беттегісі кел-

мейді. Сондықтан алдымен осы мә се лені 

шешіп алғанымыз абзал, – дейді. 

Негізінен, айтылған пікірге қатысты  де­

рек терге  жүгінсек,  расымен  де,  қазірде 

отандық  ветеринария  саласына  қатысты 

жұ мыс орындарының 20 пайызы қам ты л­

май  бос  тұрғанына  көз  жеткіземіз.  Тіпті 

қай сыбір деректер ветеринария саласына 

са уатты мамандар жасақтау үшін алдағы 

үш жылда 61 млрд теңге қажет болатынын 

да айғақтап тұр. 

Айта  кету  керек,  мамандарымыздың 

бір парасы елде мал ауруының көбеюінің 

бас ты себебі маман жетіспеушілігінде де­

се, енді бірі ауру малға төленетін өтем ақы­

ның аздығы да ауруды одан әрі қозды ра­

тынын  жасырмады.  Бұған қатысты мал 

ша руа шылығы саласын зерттеп жүрген ма­

ман ауыл шаруашылығы ғылымының кан-



ди даты 

Жандос АйТпАЕВ  былай дейді:

– Меніңше, ауру малдың құнына бе-

рілетін өтемақыны 80 пайызға өсіру керек 

Қазірде Үкімет ауру малдың есебі ретінде 

ша руаларға  30  пайыз  өтемақы  төлейді. 

Мұны қайсыбір жұрт азсынып, қорасын-

дағы ауру малын жасырып қалып, етке өт-

кізіп жіберетін жайттар да бар. Мысалы, 

бір сиырдың құны ауылдық жерде ша ма-

мен 100 мың теңгеге бағаланса, оның 80 

па йыздық өтемақысы 80 мың теңгенің ай-

наласында болады. Ал 30 пайыздық өтем-

ақы бұдан аз. Сол 30 пайыздық өтемақыны 

азыр қанған шаруаға малын базарға өткізіп 

жі берген  әлдеқайда  тиімді.  Демек,  ауру 

мал дың өтемақысын 80 пайызға өсіру тө-

тенше жағдайдың орын алуынан сақтайды. 

Осы арқылы дерттің өңірге кеңінен жайы-

лып кету қаупінен сақтана аламыз. Төленген 

өтемақыға шаруалар жойылған мал ба сы-

ның орнына мал сатып ала алады. Меніңше, 

бұл  үрдіс  мал  шаруашылығы  саласында 

бан кроттыққа жол бермейді. 

Жалпы, бүгінде тәжірибесіне үңілсек, 

әлем елдерінің дені мал шаруашылығын 

өр кендетуге айрықша мән беруде. Осыны 

ескерген отандық мамандар   мал шаруа­

шы лығы саласын өркендету үшін ел аума­

ғын дағы ветеринарлық қауіпсіздікті қам­

та м асыз ету керектігін ол үшін елде халық­

аралық бюро талаптарына сай ветери нар­

лық  зертханалар,  диагностикалық  зерт­

теулер  орталықтары  салынуы  қажеттігін 

және  ветеринария  саласындағы  мемле­

кеттік үлесті күшейткен жөн екенін баса ай­

тып отыр...



РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№229 (681) 



27.12.2011 жыл, сейсенбі   

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

5

?



Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Форумға ұйытқы болған кімдер?

өркениет

Есенин жайлы білгім келеді

Сапар

Мүдделес жастар Мәскеуде тоғысты

Қазақстан Жазушылар одағының ұсы­

ны  сымен мен де өзге жерлестеріммен бір­

ге осы сапар барысына қатысу мүмкіндігіне 

ие болдым. Он күнге созылған форумнан 

түй ген ойларымыз бен алған әсерлеріміз 

де жоқ емес.

Форум бағдарламасына сәйкес әр ел­

ден келген 200­ден астам жастар түрлі та­

қы  рыптағы жиындар мен конференциялар­

да пікір таластырып, сала бойынша ше бер­

лік  сыныптарында  дәріс  алып,  танымал 

өнер адамдары мен саясаткер, дипло мат­

тар дың лекцияларын тыңдады. Делегаттар 

ресми жиындардан бөлек Мәскеудің тари­

хи­мәдени  орындарын  аралап,  ежелгі 

русь тан қалған Суздаль мекені мен рязань 

қа ласында, ұлы ақын Сергей Есениннің ту­

ған жері – Константиново ауылында болып 

қайт ты.


Ес біліп, қолыма қалам ұстағалы бері 

ақиық Мұқағалидың өзі рухани сырласып, 

мұ ңын шаққан Есениннің елінде боламын 

деп әсте ойламаған едім. Қазаққа Мұқаң 

ту ған Қарасаз қандай ыстық болса, орыс 

хал қы  үшін  Есенин  туған  Константоново 

«де ревнясы» да сондай қымбат. Форумды 

ұйым дастырушылар келген делегаттардың 

ара сында  әдебиетке  жақын  жастардың 

мол  еке нін  аңғарып,  Мәскеу  сапарының 

ба ғы тын ақын Сереганың кіндік қаны там­

ған ря зань жеріне жалғастырды. Сексенінші 

жыл дардан бері Сергей Есениннің  туған 

ауылының маңы Мемлекеттің қам қор лы­

ғымен  табиғи қорық­музей ретінде жұмыс 

іс тейді.  ақынның шабытына дем берген 

қа йыңды  ормандарға  таяу  орын  тепкен 

қас терлі өлкеге жақындаған сайын Есе нин­

нің  өлмес  жырларының  сиқырын  сезіп, 

ойы мызға оның шымыр да сыршыл шумақ­

та ры орала берді... Бұған қоса Мұқағалидың 

мұңды  мақамы  да  жүрек  тұсын  шымыр­

латып, поэзияда шекара болмайтындығына  

тағы бір мәрте көзімізді жеткізе түсті.



Әй, Сергей! 

Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! 

Түстім-ау сергелдеңге мен де сендей. 

Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, 

Жаны ашып, ақыл берген елге сенбей. 

Шаршағанда ширығам шарап ішіп, 

Саған ұқсап менің де жанады ішім. 

Құлағыма сыбырлап «құран» оқып, 

Иектейді мені де «Қара кісі».

Мен де сендей, Серега, күнәдамын, 

Жыр азабын тартамын, тіл азабын. 

Туған ауыл, туған жұрт қайда барсам, 

Қайда барсам – қасымда Рязаным... 

 Шынында да, бұл екі ақын екі тарапта 

ғұмыр кешсе де, тағдырларында әлдебір 

ұқ састықтың,  жырларындағы  үндестіктің 

ба ры  анық.  Ұлылар  үндестігі  деген  осы 

болса керек.

Константиновода  Есениндер  отбасы 

тұр ған ағаш үйде, ақын оқыған ескі мек­

теп   те болдық. ауылдағы ақын мұража  йын­

да Есениннің бүгінгі ізбасарлары – орыстың 

жас қаламгерлерімен, ауыл тұрғындарымен 

жүздестік. Әдеби басқосу ауанында өткен 

кездесу барысында Қазақстан тара пы нан 

сөз алып, Есенин мен Мақатаевтың рухани 

үндестігі мен сабақтастығын тілге тиек етіп, 

Мұқағалидың  Сергей  Есенинге  жазған 

әйгілі өлеңін алдымен қазақ тілінде, сосын 

белгілі ақын­аудармашы Орынбай Жанай­

даров  тәржімалаған  орысшасын  оқып 

бердім. Сосын, Қазақстан Жазушылар ода­

ғының «ан­арыс» баспасы шығарған Мұ­

қағалидың орыс тіліндегі аударма жи на­

ғын Есенин мұражайына арнайы тарту етіп 

қалдырдық. Кітапты мұражайға тапсы рып 

тұрып, араға сан жылдар салып Мұ қа ғали 

сәлемін Есенинге жеткізгендей әсерге бө­

ленгенімізді жасыра алмаспыз.

Алмат Исәділ

Жақында Мәскеуде 

«ТМд жастары – қоғамдық 

дипломатия болашағы» 

атты онкүндік форум өтті. 

Осынау ауқымды шарада 

Қазақстан, Тәжікстан, 

Өзбекстан, әзірбайжан, 

Армения, Қырғызстан, Ресей, 

Беларусь, Молдова, Украина, 

Түрікменстан елдерінің 

әр саладағы жастары бас 

қосты. Қазақстан тарапынан 

форум жұмысына 14 делегат 

қатысты. Олардың арасында 

қоғамдық дипломатия 

өкілдері, журналистер

тарихшылар мен мәдениет  

саласының мамандары

ғалымдар, ақын-жазушылар 

және суретшілер болды. 

Қазақстандық делегаттардың 

ішінде белгілі ақын-

аудармашылар дәурен 

Берікқажыұлы, Танакөз 

Толқынқызы, журналистер 

әділет Мұқышев, Жапал 

долиев, Валерия Мамонова, 

Ирина старовойтовалар 

форумда белсенділіктерімен 

ерекшеленіп, қазақ 

қоғамының бүгінгі сөзін биік 

мінбелерден айта білді. 

16 желтоқсан күні еліміз Тәуелсіздіктің 

20  жылдығын  ірі  ауқыммен,  барша  сән­

салтанатымен атап өткені белгілі. Осы бір 

тарихи  күнді  біз  –  Мәскеудегі  форумға 

қатысушы қазақ жастары елден жырақтау 

бол сақ  та  өзіміздің  хал­қадірімізше  атап 

өту ді ұйғардық. 

Бұл  ұсынысымыз  ұйымдастырушылар 

та рапынан қолдау тауып, Қазақстан Тәуел­

сіз дігін атап өту шарасы форумның ресми 

бағдарламасына  енгізілді.  Біз  жайғасқан 

«Кроун плаза» қонақүйінің басшылары да 

қолдан келген көмектерін аямады.  Со дан, 

16 желтоқсан күні, қонақүйдің үл кен мей­

рам ха на сында болатын кешкі ас мезгілінде 

Тәуелсіздігіміздің 20 жыл   дығын сал та нат­

ты  түрде  атап  өтетін  бол  дық.  Жауапты 

шараға біз алдын ала да   йындалып, қазақ, 

орыс,  ағылшын  тіл де рінде  шағын  сцена­

рий  жазып,  Қа зақ   станды  таныстыруды 

мақ   сат  еттік.  Со  ның  не гізінде  викторина­



ТМд ЖАсТАРы БіРігУде

есенИннің елінде неМесе МұҚАғАлИ Мұңы

ТәУелсіздік дәМі

Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейін ке зін­

де оған мүше болған елдер өз тәуел сіз дік­

те ріне қол жеткізіп, әрқайсысы жаңа дә уір­

ге аяқ басты.  алайда геосаяси жағдайға 

жә не кейбір экономикалық, тарихи жағ­

дай ларға байланысты посткеңестік кең іс­

тік тегі елдер өзара ықпалдастықсыз өмір 

сү ре алмайтыны белгілі еді. Сол себепті де 

өт кен ғасырдың90­жылдарының ба сында 

Қазақстан  президенті  Н.Назар баев тың 

бастамасымен  Тәуелсіз  мем ле кет тер 

достастығы (ТМД) құрылып, ортақ мақ сат­

мүдделер  бір  арнаға  тоғыс ты рыл ған 

болатын.  Достастық елдерінің өзара қа­

рым­қатынасы  үлкен  саяси­эко но ми ка­

лық, мәдени­рухани интеграцияны са ты­

лап  дамыта  бастады.  Дегенмен  осындай 

жан­жақты байланыс аясында жастар сая­

са тын жетілдіріп, бұрынғы байланыстарды 

жа н дандыру  жағы  кенжелеп  қалған  еді. 

атал ған форумды осы олқылықтың орнын 

тол тыруға бағытталған сәтті қадамдардың 

бі рі десек те болады. Мәскеу төрінде кең 

кө лем де тұңғыш ұйымдастырылып отыр­

ған бұл басқосуды ұйымдастырған – ре­

сей дің «россотрудничество»  деп аталатын 

ТМД істері жөніндегі федералды агент тігі. 

Бұл мекеменің бірнеше елде, оның ішінде 

Қа зақстанда  да  бөлімшесі  ор на ласқан. 

агент тік өз жұмысын өзге ел дер дің өкілде­

ріне  арналған  ресеймен  қысқа  мер зімді 

та ныстыру сапарларын ұйым дас тыру жө­

нін дегі президенттік бағдарламаға сәйкес 

жүзеге асырып отыр.

Ха лықаралық ірі Сауда орталығының үл­

 кен  конференц  залында  өткен  форумның 

ашы лу  салтанатына  «россотрудничество» 

же  текшісі  Фарит  Мухаметшин  мен  оның 

орын басары    Георгий  Мурадов,  Әзір бай­

жан ның ресейдегі елшісі, көрнекті мә дениет 

қайраткері, танымал әнші полад Бюльбюль 

оглы, Халықаралық істер жө нін дегі ресей Ке­

ңе сінің  бас  директоры  андрей  Кор тунов, 

ресей Сыртқы істер ми нистр лі гінің ТМД ел­

дері  департаменті  басшысының  орын ба­

сары, дипломат андрей Шведов, Дума де­

пу таты рамазан абдулатипов сын ды белгілі 

тұлғалар  сөз  сөйлеп,  ТМД  ке ңіс ті гіндегі 

қазіргі қарым­қатынастар ба ры сына талдау 

жасап,  жастар  саясатын  да мы ту ға  бай ла­

нысты  нақты  ұсыныстарын  ор та ға  салды. 

Жиын қорытындысы бойынша бір мүддеге 

не гізделген бірқатар ортақ жо ба лар нұсқасы 

жасалатын болды. Ұйым дас тырушылардың 

айтуынша, ТМД мем ле к еттерінің арасындағы 

саяси және мә де ни интеграцияны дамытуды 

мақ сат еткен форум алдағы уақытта да дәс­

түр лі түрде жалғасын тауып отырмақ.

Есенин тұрған үй

Ақынның ата-анасы некесін қиған шіркеу.  

Сергей де осында шоқындырылған

Серега оқыған мектеп

Қазақстан делегациясы

лық  сұ рақ­жа    уап  жүр гізіп,  қонақтарға 

сый­сия пат үлес    тіретін болып шештік. Қа­

зақша ән ай тып, өлең оқып, барша жұрт­

пен бірге «Қаражорғаға» билейтін болдық. 

алайда  елі міздің  басты  тойын  мерекелеу 

сәтінде  қо нақтарға  табыс  ететін  сыйлық­

тар ға  кел ген де  бір­ақ  қынжылғанымыз 

бар. Әр қай сы мыз өзімізбен бірге ала кел­

ген бірнеше кі таптар мен шағын кәде сый­

лар жет кі ліксіз еді. Содан ресейдегі Қа зақ­

стан  ел ші лігіне  хабарласып,  ойымызды 

айтып,  біз ге  төр ге  ілетін  Көкбайрағымыз 

бен мүм кін ді гінше Қазақстанды паш ететін 

ерекше  кә де сыйлар  беруін  өтіндік.  Өкі­

нішке  орай,  Ел шілік  тарапынан  бізге  бә­

лендей  қолдау  бола  қоймағаннан  соң, 

әріптесім ақын Дәу  рен Берікқажыұлы бар 

жағдайды  әң гі ме  арасында  астанадағы 

рухани  ағасы  «ал тын  Қыран»  қорының 

президенті  Ис лам  бек  Салжановқа  жет­

кізеді. Ол кісі Мәс   кеуге бір қызмет керінен 

Тәуел сіз дік  то йының  басты  атрибуты  – 

Көкбай ра  ғы  мыз ды,  елі міз ді шетелдіктерге 

та ныс тыра тын үш тіл д егі суретті энцик ло­

пе диялар,  түрлі  төс  белгілер,  «Қазақстан» 

деген жа зуы бар бөкебайлар, футболкалар 

мен бей с  болкалар және басқа да бағалы 

кә де сыйлар  беріп  жіберді.  Қашанда  аза­

мат тығымен, атымтайлығымен көзге түсіп 

жү ретін  бұл  азаматқа  айтар  алғысымыз 

шек сіз. 

Межелі  күн  мен,  белгіленген  уақытта 

туы  мызды  төрге  іліп,  «Сарыарқа»  күйінің 

са рынымен мерекемізді бастап та жібердік. 

Осы бір шағын шараға мұрындық бол ған 

азамат  ақынның  бірі  Дәурен  Бе рік қа  жы­

ұлы  жалынды  сөзін  айтып,  Танакөз  Тол­

қын қызы өлең оқып, бәріміз қатармен ор­

таға  шығып,  «Қаражорғаға»  биледік. 

Мей   рамхана іші қазақы әуенмен тербеліп, 

ТМД  делегациясы  мен  аҚШ­тан  келген 

қо нақтар да буын биіне қосыла кетті. Ме ­

реке соңында «Тәуелсіздіктің дәмін та  тың­

дар»  деп,  тосын  сый  ретінде  200  адам  ға 

ар налып  пісірілген  «Қазақстан  Тә уел сіз­

дігіне – 20 жыл!» деп аталатын үл кен торт­

ты  қонақтарға  үлестіріп  бердік.    Мәс  кеу 

тө ріндегі  Тәуелсіздік  тойы  форум  қо  ры­

тын  дысы  бойынша  шығарылған  арнайы 

жур  налда да көрініс тапты. 

Таяуда  бір  топ  қазақстандық  жастар  Мәскеуде  өткен  ТМд  жастарының  үлкен  форумына 

қатысып қайтқанын естіп едім. Бұл шараны кімдер ұйымдастырған. Мекеменің Қазақстанда 

өкілдігі бар ма? 

нұрбек сенБАЙұлы, Талдықорған қаласы

Бірінші рет өткізіліп отырған бұл жас тар форумын 

«россотрудничество» ме ке ме сі ұйымдастырған. Бұл 

мекеме ресей Фе дерациясы Үкіметінің ТМД істері 

жө нін дегі  федералды  агенттігі  болып  са на лады. 

аталған  мекеменің  ТМД  аумағын да ғы  барлық 

елдерде,  сондай­ақ  өзге  де  шет  мемлекеттерде 

арнайы бюролары жұмыс істейді. агенттіктің жұмыс 

жоспа ры  негізінен  достастық  елдері  арасындағы 

мәдени­гуманитарлық қарым­қатынасты дамытуға 

бағытталған. атап айтқанда, қоғамдық дипломатия, 

білім беру, мәдениет пен өнер, спорт пен туризм, 

ғы лымның  түрлі  саласы  бойынша  бір лескен  жо­

баларды жүзеге асырады.  агенттіктің жетекшісі – 

белгілі қоғам қай раткері Фарит Мухаметшин. Оның 

орынбасарлары –Игорь Морозов, 

Георгий Мурадов, александр Чес но ков, Сергей 

Шаповалов.  Бұлардың  әр қай сысы  агенттіктегі 

белгілі бір салаға жауап береді. «россотрудничество» 

жұмы сы ның басым бөлігі ТМД жастарының өз ара 

ықпалдасуын арттыруға бағыт талған.  Бұл мақсатта 

м е  к е м е 

ж а н ы н а н 

а ш ы л ғ а н 

w w w .

globaledu.ru 



п о р т а л ы 

жұмыс  іс­

тей ді.

«россотрудничество» агенттігі ресей президентінің 



жарлығымен  2008 жылдың 6 қыркүйек күні құрылған. 

агенттіктің Қа зақ стандағы бөлімшесінің мекен жа йы: 

астана қаласы, Кенесары көшесі – 39 үй. Индексі – 

010000. 


Байланыс телефон да ры: 8 (7172) 327-

555, 322-840, 322-840 

факс: 320-515e-mail: kz_

as@list.ru

Қазақтың ақиық ақыны орыстың ұлы ақыны сергей есенинге 

арнап  жыр  жазғанын  білеміз.  есениннің  қысқаша  өмірбаянын 

білгім келеді. 

назым, Ақмола облысы

Орыстың  ұлы  ақыны  Сергей 

Есенин 1895 жылы 3 қазанда (ес­

кіше күнтізбе бойынша 21 қыр кү­

йекте) рязань губерниясына қа рас­

ты  Константиново  деревня сында 

туған. ата­анасы қара па йым, бірақ 

білімді  шаруа  адам дары  болған. 

Сер гей негізінен ата сы Федор Ти­

тов тың тәрбиесінде болған. Есенин 

ту ған  ауылындағы  учили щеде 

оқып, кейін Спас­Кле пи ки ауы лын­

дағы шіркеу қа ра ма ғындағы жабық 

мектепте білімін же тілдірген. Осы 

мектеп  қа быр ға сын да  жүріп,  ол 

алғашқы өлең де рін жаза бастайды. 

С.Есенин  1912  жы лы  Мәскеуге 

келіп, кітап дү ке нін де жұмыс істеп 

жүріп, ти по гра фия лық одақта дәріс 

алады. Со ны мен қатар Суриковтың 

әде би­музыкалық үйірмесіне қаты­

сып жүреді. Осында жүріп әдебиет­

тің озық үлгілерімен та нысады.

1913  жылы  а.Шанявскии 

атын дағы  Мәскеу  қалалық  уни­

вер ситетінің тарихи­фи ло со фия­

лық бөліміне қабылданады. 1914 

жыл дан  бастап  үлкен  баспасөз 

бетте рінде жариялана бастайды. 

1916 жылы әскер қатарына ша­

қы рылып,  санитар  болады.  Осы 

жы лы оның «радуница» деп ата­

латын тұңғыш жинағы жарық кө­

реді. Сергей Есениннің өмірі мен 

шығарма шылық жолы тым ауыр 

болды. Ол 1925 жылы 28 жел тоқ­

сан  күні  Ленинградтағы  «ан гле­

тер»  қонақ үйінде  қасақана  өл­

тірілген. Оның соңғы жазып қал­

дырған  шумақтары  «Қош  бол 

до сым, қош бол..» деп ақ қағазға 

қанмен жазылған...



РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№229 (681) 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал