Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы бүгінде 2011 жылы атқарылған жұмыс­



жүктеу 0.74 Mb.

бет1/6
Дата09.06.2017
өлшемі0.74 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Кеңесті ашқан Мемлекет басшысы 

бүгінде 2011 жылы атқарылған жұмыс­

тар дың алдын ала қорытындысы шыға­

ры лып жатқанын атап өтті. Биылғы жыл 

өте  маңызды,  ерекше  және  табысты 

бол ды. Қазақстан ел Тәуелсіздігінің 20 

жыл дығын  жақсы  көрсеткіштермен 

аяқ тай ды.  Жалпы  ішкі  өнімнің  нақты 

өсімі жылдың қорытындысы бойынша 

7,3 пайызды құрайды, халықтың жан 

басына шаққандағы қайта есеп 11 мың 

АҚШ долларына жетеді. Халықаралық 

резервтер  жиынтығы  75  миллиард 

АҚШ  долларынан  асады.  Жыл  ауыл 

шар уа шылығы  үшін  табысты  болды: 

өнім нің өсімінің көлемі өткен жылмен 

са лыс тырғанда  –  25,5  пайызды,  ал 

құры лыс саласында – 3 пайызға дерлік, 

өнер кәсіпте 4 пайызға жуық көрсет кіш­

ті құрады, ал сауда мен көлік салала­

рын да да өсім бар.

Президент  қазіргі  уақытта  Индус­

трия ландыру картасына 9,6 триллион 

теңгені құрайтын 609 жоба енгізілгенін 

атап көрсетті. Екі жылдың ішінде нысан­

дарды  іске  қосудың  есебінен  90  мың 

жаңа жұмыс орны құрылды. Мыңдаған 

адамдар  тиісінше  табыс  пен  жоғары 

білікті жұмысқа ие болды. Бұрын Қазақ­

станда ешқашан өнім шығарып көрме­

ген 106 өндіріс игерілді. Мемлекет бас­

шы сының тапсырмасы бойынша тұрғын 

үй құрылысы бағдарламасы іске асы­

ры ла бастады. 389 нысан бойынша 53 

мың үлескердің проблемасы шеші мін 

тапты.  Бұл  зор  мәні  бар  мемлекеттік 

шешім  болды.  2010  жылдан  бастап 

«Биз нестің жол картасы – 2020» бағ­

дар ламасын  іске  асыру  барысында 

жал пы  сомасы  240  миллиард  теңге 

болатын 750 жоба мақұлданды. Бұл – 

тағы жаңа жұмыс орындарының ашы­

луы, эконо миканың жандануы.

Нұрсұлтан  Назарбаев  сондай­ақ 

әлеу меттік салада оң нәтижелерге қол 

жет кізілгенін  атап  өтті.  Жұмыссыздық 

дең гейі 5,3 пайызға дейін төмендеді. 

2011­2015 жылдарға арналған «Сала­

м ат ты Қазақстан» денсаулық сақтауды 

дамыту  мемлекеттік  бағдарламасы 

жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдар­

ла мада ана мен бала өлімін, ауру дең­

гейін төмендету жөнінде нақты инди­

каторлар қамтылған.

Президент мерейтойлық жыл эко­

но миканың одан әрі жылдам өсімі мен 

халықтың өмір сүру деңгейінің арту жы­

лы болғанын атап өтті. Қазақстандықтар 

2012 жылды қанағаттанушылық және 

борышының орындалғандық сезімімен 

қарсы алуы мүмкін.

– Дегенмен біз шешілмеген мәселе­

лер  барын  айтуға  тиіспіз.  Маңғыстау 

облысындағы  оқиға  күллі  Қазақстан 

үшін  айтарлықтай  сынақ  болды. 

Мерейтойлық жылы бізге қатер төнді. 

Мақсаты  біздің  қоғамда  әлеуметтік, 

ұлтаралық,  дінаралық  және  басқа  да 

алауыздықты тудыру болды. Қазір тек 

оның  шығу  себептерін  ғана  емес, 

сондай­ақ осы оқиғаларды ұйымдас­

ты рушыларды  табу  үшін  тергеу  жүр­

гізілуде.  Біздің  алдын  ала  білуімізше, 

мұ ның артында ұйымдасқан қылмыстық 

топ т ар тұрған, олар ақшаны бөліскен, 

олар ға өздерінің «іздерін» жасыру қа­

жет  болған,  соған  байланысты  өрт 

қойыл ған.  Біз  мұның  барлығын  жан­

жақ ты анықтаймыз. Біз мұның артында 

кім тұрғанын, ол «із» шетелден келгенін, 

елдің ішінде қандай бүлдіру әрекеттерін 

жүргізгенін  білеміз.  Барлық  осы 

фактілер  бойынша  Бас  прокуратура 

тиісті  органдармен  бірігіп,  барынша 

егжей­тегжейлі  тергеу  жүргізуі  тиіс. 

Бас ты  себеп  –  үкіметтік  шенеуніктер, 

«Са мұрық­Қазына»  басшылығы  және 

осы  еңбек  кикілжіңін  тікелей  шешуге 

қаты сы барлар жауапсыздық көрсетті, іс 

жүзінде нақты адасушылыққа жол бер ді. 

Сондықтан  қазір  барлығы  осы  оқи­

ғалардан сабақ алулары тиіс. Бас про ку­

ратура назарын қылмыстық істер ді ашық, 

адал жүргізуді және осы тәр тіп сіздіктерді 

ұйым дастырушылар  мен  арандатушы­

лар дың  барлығын  қатал  заң  бойынша 

жауапкершілікке тартуды қамта масыз ету 

қажеттігіне тағы да ау да ра мын. Сонымен 

қатар осы оқиғалар бо йынша түсіндіру 

жұмыстарын  жүргізу  жө ніндегі  жауап­

кер шілікті  Президент  Әкім шілігі  мен 

Мем лекеттік хатшыға тап сырамын және 

жүк теймін, – деді Пре зидент.

Мемлекет басшысы жергілікті жер­

лер дегі әкімдердің әлеуметтік маңызды 

мәні  бар  проблемалық  мәселелерді 

жедел шешу қажеттігіне тоқталды. Ме­

реке келе жатыр, бірақ жергілікті жер­

лер дегі шенеуніктер босаңсымай, жұ­

мыс жүргізулері қажет. Жұмыста ешқан­

дай  да  ұсақ­түйек  болмауы  тиіс.  Осы 

кезеңде барлық деңгейдегі әкімдіктер 

алдында  тұрғын  үйлерді  жылумен, 

сумен, газбен үздіксіз қамтамасыз ету, 

әлеуметтік мәні бар бағыттар бойынша 

басқа да мәселелерді шешу міндеті тұр. 

Қыс биыл суық болады. Сондай жағ­

дай да  барлық  облыста,  қалалар  мен 

ауыл дарда барлық коммуналдық қыз­

меттердің мінсіз жұмысы қамтамасыз 

етілуі  тиіс.  Жылыту  маусымында  бұл 

мә селе әкімдердің қатаң бақылауында 

бо луы керек. Көлік қызметі, сауда­сат­

тық нақты қамтамасыз етілуі тиіс. Әрбір 

әкім ешқандай да әуре­сарсаң болмауы 

үшін  азаматтардың  шағымына  назар 

ау дарып, олардың өтініштері бойынша 

бар лық  мәселені  жедел  шешуі  қажет. 

Жер  гілікті  БАҚ  проблемалар  туралы 

жә не оларды шешу жөнінде атқарылған 

жұ мыстар бойынша ақпараттарды көп­

теп беруі қажет.



Сайлау БАТЫРША-ҰЛЫ

:

иә

– Депутаттардың қол сұғылмау имму­

нитетін алып тастау қажет деп ойлаймын. 

Оған себеп көп. Жалпы, мен депутаттардың 

ерекше  мәртебесі,  оның  ішінде  қол 

сұғылмау иммунитеті жөніндегі заңдарға 

сын көзбен қараймын. Мұндай артықшы­

лық елдегі көп істерге кедергісін тигізеді. 

Мұн дай заң қарапайым азаматтар қара­

па йым сайлаушыларды былай қойғанда, 

де путаттардың өздеріне де бірқатар ың­

ғайсыздықтар тудырады деп ойлаймын. 

Депутат дегеніміз – барлық азаматтар 

сияқты ет пен теріден жаралған адам. Ол да 

қателеседі, ол да қылмысқа барады, оны да 

сайтан  азғырады.  Ал  қылмысқа  барған 

депутат өзінің ерекше мәртебесінің артына 

жасырына  алады.  Депутаттар  –  онсыз  да 

қорғалып  жатқан  қауым.  Ал  біз  оларға 

ерекше мәртебе беру арқылы оларды қор­

ғап жатқан жоқпыз, олардың қылмысына 

жол ашып беріп жатырмыз.    



Жоқ 

– Депутаттық қол сұғылмау мәртебе­

сінің алынып тасталынуына жан­тәніммен 

қарсымын. Депутаттың ерекше мәртебесі 

әрқашан болу керек. 

Ондай құқықтық артықшылықты алып 

тастау жөніндегі әңгімелер қайдан пайда 

болатыны  айтпаса  да  түсінікті.  Бұл  – 

әсіресе көрші Ресейде ерекше талқыланып 

жатқан тақырып. Бұл тақырып халық тара­

пынан  депутаттарға  қатысты  сенім  дағ­

дарысы  туындаса  ғана  көтерілу  керек. 

Біз де бұл тақырып әзірге кеңінен сөз бол­

ған емес. Әрине, бірді­екілі отырыстарда 

сөз етіп қалатын адамдар бар. Бірақ ол ха­

лық тарапынан, көпшілік тарапынан қол­

дау тауып жатқан жоқ. 

Депутат халықтың өкілі деп жиі айта­

мыз. Ендеше, сол халықтың өкілі халық­

тың сөзін сөйлеуі тиіс адамның артықшы­

лық т ары бола бергені жақсы емес пе?  

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

 

3-бетте



әділ КАУКЕНоВ, «Кворум» 

сараптамалық-зерттеу 

орталығының директоры: 

Рафаэль БАЛГиН, 

журналист:

Ой­КөКПАР 



Депутаттардың қорғалу иммунитетін алып тастау қажет пе?

Соңғы уақытта Ресейде, Украинада және 

бірқатар елдерде депутаттардың 

мәртебесіне қол сұғылмау жөніндегі 

құқықтық артықшылығын (қорғалу 

иммунитетін) алып тастау жөнінде 

бастамалар көтеріліп жатыр. Тіпті қайсыбір 

депутаттың қылмысы жүз пайыз айқын 

болған жағдайдың өзінде Прокуратура, 

Парламент, орталық сайлау комитеті 

секілді бірқатар органдардың 

атсалысуымен барып шешілетін процесс. 

Елімізде бұл тақырыпты экс-депутат 

Мұхтар Тінікеев жиі көтеретін. Тіпті 

депутаттық мерзімі барысында да мәселе 

етіп көтергені бар. Ал сарапшылардың бұл 

тақырып жөніндегі пікірі әрқалай болып 

шықты...

6-б

етте

Мереке кезінде шенеуніктердің 

шетелге шығуына тыйым салынды

«Руханият» партиясының негізін қалаушы Алтыншаш Жағанова 

аталмыш партияны сайлауға қатыстырмауды талап етуде

А.Жағанова  С.Мәмбеталиннің 

әрекетіне құқықтық баға беруді және 

тиісті құқықтық әрекетті қолдануды 

талап  етіп,  Бас  прокуратураға  ша­

ғым данған. Оның пікірінше, «Руха­

ният» партиясы атынан Мәжіліс де­

пу таттығынан  үміткерлердің  пар­

тиялық тізімі жарғыға қайшы түрде 

жа салған, ал сайлауалды съезд заң­

сыз өткізілген. «Съезд заңға мүлдем 

сай келмейді, партияның респуб ли­

калық комитеті пленум өткізген жоқ. 

Мен сол комитеттің мүшесімін. Онда 

барлығы жеті адам бар, оның бесеуі 

болмады. Кезектен тыс съезд өткізу 

туралы шешім жарғы бойынша мін­

детті тәртіппен пленумда қабылда­

на ды, съезге содан кейін барып шы­

ғарылады. Ал съезде біздің партияға 

еш қатысы жоқ адамдар болды. Бұл 

съез ді мен мүлдем заңсыз, ал Мәм­

беталиннің  әрекеті  теріс  деп  есеп­

теймін.  Ол  депутаттыққа  кандидат 

болам  деген  адамдарға  жағдайды 

нақты  ұғындырмай,  адастырған  – 

бұл  оларға  ешқандай  бедел  әпер­

мей  ді», – деді А.Жағанова. Партияны 

2010  жылдан  бері  басқаратын 

С.Мәмбеталиннің жұмыс істеу тәсілі 

А.Жағанова мен оның жақтастарын 

еш қанағаттандырмай отыр. Олар­

дың пікірінше, ол партияның жетекші 

органдары мен жараспайды бірлес­

тіктің жарғылық талаптарын назарға 

алмай, барлық мәселе бойынша бір­

жақты  шешім  қабылдайды.  «Мәм ­

бета лин  билікті  қолына  алғаннан 

кейін аймақтарда тұратын, мүмкін­

дігіне  қарай  жұмыс  істеп  жатқан 

адамдардың мүддесімен санаспай, 

бірден өзінің жеке жарнамасымен 

айналысып  кетті.  Әсіресе  жуырда 

Мәжіліс депутаттығына үміткерлер 

ұсынылған съезд көпшіліктің нара­

зы  лы ғын туғызды. Біріншіден, жар­

ғ ы лық  тәртіпсіз  ешқандай  съезд 

бол майды,  ол  жарғыны  білмейді, 

өйт кені,  жарғы,  құрылтайшылық 

құ жат тар мен партияның мөртабаны 

да  менің  қолымда  сақтаулы.  Ол 

мұны  тамаша  біледі,  солай  бола 

тұра,  мен  таңғаламын,  ол:  «бұл 

құжат тарды сапар кезінде жоғалтып 

алдым» дейді. Мұндай өтіріктің не 

керегі  бар?  Сол  себепті  мен  біз 

құжатты қолдан жасайтын адаммен 

жұмыс істеп отырмыз деп есептей­

мін. Мен Орталық сайлау комиссия­

сына бүкіл құжатты тексеріп алуды 

ескерттім.  Бірақ  мұндай  әрекет 

байқалма ғандықтан,  мәселені 

қарасын деп, прокуратураға шағым­

д ануға  мәжбүр  болдым»,  –  деп 

мәлімдеген А.Жа ғанова С.Мәмбета­

линді жауапкер ші лікке тарту қажет­

тігін баса айтты.

МӘ

лі



МДЕМЕ

«қазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, бүгін 

«Руханият» партиясының негізін қалаушы Алтыншаш 

Жағанова саяси мәлімдеме жасап, «Руханият» партиясының 

партиялық тізімін тіркеуден алып тастауды және партия 

жетекшісі Серікжан Мәмбеталинді жіберілген 

заңсыздықтары үшін жауапкершілікке тартуды талап етті.

Мықты мемлекет 

болу үшін елде 

миллиондаған халық 

болуы шарт емес

...де

дiм-ай, а

у!

Жалғасы 3-бетте   

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

төрағалығымен Президент әкімшілігінің, Үкіметтің, «Нұр отан» ХДП 

басшылығымен кеңес болып өтті. Кеңес жұмысына Премьер-ми нистр 

Кәрім Мәсімов, Президент әкімшілігінің басшысы Аслан Му син

Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары қатыс ты.

Сонымен, сауалнамаға қатысқан респон дент  тердің 

80,5  пайызы  «Нұр  Отан»  партиясына  дауыс  бе ре­

тіндерін жеткізді. Одан кейін «Ақ жол» – 7,0 па йыз, 

Жалпыұлттық социал­де мок ратиялық пар тиясы – 2,4 

пайыз, Қазақ стан ның Коммунистік Халық пар тия сы – 

2,0 пайыз, «Әділет» – 1,1 пайыз, Қазақстан пат  риот ­

тары партиясы – 0,6 пайыз, «Ауыл» – 0,4 па йыз және 

«Руханият»  0,1  пайыздық  көрсет кіш пен  ке ле ді.  Ал 

респонденттердің 5,9 пайызы сай лауда қай пар тияға 

дауыс беретіндерін әлі анық тамаған болып шық т ы. 

Сауалнама Қазақстанның барлық облы с тарын да, 

сондай­ақ Астана және Алматы қала ла рында өткізілді. 

Оған екі мың респондент қатысты. 



Айгүл СәДУАқАСоВА, Саяси-әлеуметтік зерттеулер 

институтының директоры: 

–  Сайлау  науқаны  аясында  өткен  алғашқы 

сауалнама барысында біз респонденттермен бетпе-

бет кездесіп, олардан жеке-дара сұхбат алуға тырыс-

тық. Зерттеу кезінде олардың жасы, білім деңгейі, ұлты 

мен  тұрғылықты  жері  ескерілді.  Біз,  ең  алдымен, 

халықтың  алдағы  сайлау  науқанына  дайындық 

деңгейін анықтауды көздедік. Осыған орай, ең бірінші, 

«Сіз  2012  жылы  қаңтардың  15-сі  күнгі  Парламент 

Мәжілісі  депутаттарын  сайлау  барысында  дауыс 

бересіз бе?» деген сұрақ қойдық. Сауалнамаға қатыс-

қан екі мың респонденттің 67,2 пайызы «Иә!», – деп 

жа уап берді. Демек, бүгінде қазақстандықтардың сай-

лауалды белсенділігі 67,2 пайызды құрап отыр.

Арман АСқАР 

Халықтың 67,2 пайызы 

дауыс беруге даяр

Бүгінгі таңда қазақстандықтардың 67,2 пайызы 

алдағы Парламент Мәжілісі депутатта рын сайлау 

науқанына қатысуға даяр. олар дың басым бөлігі 

еліміздің басты саяси ұйымы – «Нұр отан» партия сын 

қолдап отыр. Саяси-әлеуметтік зерттеулер инс ти туты 

өткізген онкүндік сауалнаманың нәтижесі осындай.

СА

йл



Ау – 2012

Михаил ПРоХоРоВ, 

ресейлік саясаткер:

–  Мен  Кремльдің  өнімі 

емеспін,  керісінше,  Кремль  – 

менің өнімім.



(www.rbc.ru сайтынан)

ДАТ!

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

148,08

193,42

4,75

23,44

12294

1,30

1408,11

1087,50

107,96

1604,70

С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ (фото)

№229 (681) 27 

желтоқсан

сейсенбі 2011 

жыл


2

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№229 (681) 



27.12.2011 жыл, сейсенбі      

www.alashainasy.kz

№229 (681) 



27.12.2011 жыл, сейсенбі      

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



e-mail: info@alashainasy.kz

2

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет



РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№229 (681) 



27.12.2011 жыл, сейсенбі      

www.alashainasy.kz

№229 (681) 



27.12.2011 жыл, сейсенбі      

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



e-mail: info@alashainasy.kz

Қоғам


?

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Жекеменшік колледж мұғалімдерінің 

жалақысы көтерілуі тиіс пе? 

Мен жекеменшік колледжде мұғалім болып жұмыс істеймін. Осы оқу жылының 

басында бір ай жалақымызға 30 пайыз қосып берген болатын. Алайда келесі айда ол 

қосымшаны тоқтатып, есепші бірінші айда алған 30 пайыз қосымша ақыны 

қайтаруымызды талап етіп отыр. Есепшінің осы әрекеті заңды ма?

Айсара ҚАРЖАУОВА, Алматы облысы

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу 

бас қармасы маманының берген мәліметіне қа­

ра ғанда,  «Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 

2004 жылғы 23 қаңтардағы № 74 қаулысына 

өз геріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 

Үкі метінің 2011 жылғы 17 ақпандағы № 150 қау­

 лысы қабылданды, оған сәйкес, бюджет са ла сы 

қызметкерлерінің  барлық  санаттарына  (мем­

лекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіп орын ­

дардың қызметкерлері) 2011 жылғы 1 шіл де  сінен 

бастап жалақы мөл шері 30 пайызға арт ты  рыл ды 

(лауазымдық  жалақыны  есептегенде  қол ­

данылатын ба залық лауазымдық жалақы 13613 

теңгеден 17697 теңгеге дейін арттырыла ды).

Алайда  бұл  қаулы  бюджеттен  тыс  (же­

кеменшік) ұйымдарға қолданылмайды.

Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша ақы қалай төленеді?

Еңбекті нормалау және еңбекке ақы 

төлеу басқармасының сарапшы маманы­

ның мәліметінше, әлеуметтік жәрдемақы 

тәртібі  және  төлеу,  сондай­ақ  оның 

мөлшерін айқындау ҚР Үкіметінің 2007 

жыл ғы 28 желтоқсандағы № 1339 қау­

лысымен бекітілген ережеге сәйкес ай­

кын далады. 

Ереженің 5­тармағына сәйкес, жәр­

дем ақы еңбекке қабілетсіздігінің алғаш­

қы күнінен бастап еңбекке қабілеті қал­

пына келген күнге дейін немесе мүге дек­

тігін  белгілегенге  дейін  жұмыс  істейтін 

ор ны бойынша төленеді.

Бұл ретте ҚР денсаулық сақтау ми­

нистрінің  2009  жылғы  23  қазандағы 

«Аза маттарға уақытша еңбекке жарам­

сыз дық  парағын  және  анықтамасын 

беру  ережесін  бекіту  туралы»  №556 

бұй рығымен  бекітілген  ереженің  15­

тар мағына сәйкес, уақытша еңбекке жа­

рамсыздық парағы жүктілікті және бо­

сануды,  сондай­ақ  «Уақытша  еңбекке 

жа рам сыздық мерзімін екі айдан артық 

белгілеуге болатын аурулар түрлерінің 

тізбесін  бекіту  туралы»  ҚР  Үкіметінің 



Еңбекке жарамсыздық парағы бойынша қанша уақытқа дейін ақы 

төленеді? Және қандай негізде? 

Рәшкен ЕГЕСІНОВА, Шығыс Қазақстан облысы

САУдА әліппЕСі



Сатылымнан – сау басқа сақина 

Сөйтіп,  «әне­міне  келеді»  деп  күтіп 

отыр ған  дағдарыс  толқыны  да  жылдағы 

дәс түрге кедергі бола алмады. Қиын ке зең­

де де тұрғындар артық­ауыс қар жысын жи­

наудың орнына жұмсап таста ғанды артық 

кө ретін  болып  шықты.  психо логтердің 

айтуынша, бағзы заманнан қалған мұндай 

«қарпып қалудың» аста рын да қор жинауға 

бағытталған  биоло гиялық  түйсік  жатыр. 

Қадым  заманғы  осы  түйсіктің  қалдығы 

сауда орындарының табал дырығын аттаған 

кезде ояна кететіні қызық. 

Оның үстіне мереке қарсаңындағы түр­

лі хабарлама отқа май құя түседі. дүкендегі 

айрықша ахуал, хош иістер, самаладай жа­

рық  тың сиқырлы сәулесі, тауарларды тар­

тым   ды етіп жайып тастау, үздіксіз жарнама, 

те  гін дәм татқызу сияқты айла­амалдар не 

бол са соны сатып алуға құлшындыра түсе­

ді. 

әсіресе  мейрам  алдында  тұтынушы 



«иммунитеті» құлдырап кететіні несі? Бұған 

түйсік қана кінәлі ме? Оған себеп көп. 

Біріншіден, аңқау тұтынушы «керемет 

баға» деген уәдеге сенгіш. Тек біраз уақыт 

өткеннен  кейін  ол  үнемдеудің  орнына 

оңбай  ұтылғанын  сезеді  (бірақ  бұдан 

келесі жолы да сабақ алмайтыны ғажап). 

Екіншіден, мереке қарсаңындағы сауда 

–  күнделікті  күйбең  тіршілікке  айрықша 

ай шық беретін жағымды құбылыс. «Той­

дың болғанынан боладысы қызық» деген­

дей, мерекеге әзірлік науқанына күмп бе­

ру дің  өзі  көңіл  күйді  аспандатып,  соның 

ке сі рінен кәкір­шүкір бірдеңелерді сатып 

алу ға итермелейді. 

Осылайша, әлем жұртшылығы «шопин­

гоманияға» еліккен күндері дүкен атаулы 

акцияның  түр­түрін,  сатылым,  байқау, 

лотерея  және  өзге  де  көзді  алдайтын 

әрекетін бастап кетеді. Шегерімнің көптігі 

сонша – жаңа жылдан кейін сауда орын­

дары тегіс сазға отыратындай көрінеді.

Сатушының  мақсаты  –  тұтынушыны 

дүкенге тартып, тауар сатып алуға біл дірт­

пей «мәжбүрлеу». Ол үшін маркетолог тер 

мен жарнамашылар армиясы тынбай жұ­

мыс істейді. Керек десеңіз, бұл ғылыми тұр­

ғыда зерттелген. Сондықтан қандай да бір 

сауда орнына кірген адамның «аман» кетуі 

екі талай. дүкен табалдырығын аттаған сәт­

тен бастап­ақ мақсат орындалды дей бер, 

оның, әйтеуір, бір нәрсені сатып алуы на 90 

пайыз кепілдік бар. Сан алуан қитұр қы тә­

сілдер әмиянды қамшылай түседі. Мә селен, 

«бір тауардың бағасымен – екеу», «екеуін 

са тып алсаң, үшіншісі – сый лық қа» деген 

сияқ ты. Ал, шын мәнінде, әл гіндей акция­

мен  белгілі  мөлшерде  тауар  са тып  алған 

тұты нушы дүкенге «сыйлық тың» құнын есе­

леп  қайтарады.  «Тек  бүгін  ға на  осындай 

бағамен сатып алуға мүм кіндік» дегені – 

психологиялық қысым. Сөз ге ергіш адамды 

мұндай  тәсіл  «онио ма ния»  деген  кеселге 

ұшы ратады. Соңғы мүмкіндіктен кім айы­

рыл ғысы келсін?! «90 пайызға дейін жеңіл­

дік!»  деген  ұранды  естігенде  көпшіліктің 

делебесі қозатыны да рас. Бірақ көбіне сол 

90  пайызың  өтпейтін  та  уарға  қатысты. 

әйтсе де адамның сараң ды ғында шек жоқ. 

Соның арқасында қой ма да жатып қалған 

бұйымдар көзді ашып­жұм ғанша сатылып 

кетеді. «Қайта жап сы рылған баға» – қазіргі 

бағаның ас тын  да бас қа баға тұрады, яғни 

бұрынғы құны қа зір гіден екі есе жоғары. 

Аңқаудың «жолы болғанына» сөз жоқ. 

Бірақ  асықпаған  дұрыс.  Жаңа  жылдан 

кейін  де  тіршілік  бар.  Сондықтан  маңдай 

термен  тапқан  қаржыны  сатылым  мен 

шегерімнің «қақпанында» қалдырмас үшін 

дүкенге сайланып барған артық бол майды. 

Ең  әуелі  шегерімі  қомақты  тауарды 

сатып  аларда,  сапасына  көңіл  аударған 

жөн. Өйткені дүрлігіс кезінде сапасы төмен 

өнімдер де сатылып кетеді. Шығарылған 

мерзімі ұмыт қалмасын. Бұл ең алдымен 

азық­түлік, тұрмыстық химия, парфюме­

рия, косметикаға қатысты. Шегерім мөл­

шері неғұрлым үлкен болса, сақтау мерзімі 

де бітуге жақын деген сөз. Ең бастысы, «Тұ­

тынушы туралы» Заң бойынша ондай ше­

ге ріммен  сатылған  тауарды  дүкенге 

қайтаруға болады. 

Ең бастысы, дер кезінде тоқтау. Өйткені 

сатылым мен шегерімнің психологиялық 

әсері  күшті.  әйтсе  де  сатылымда  алған 

тауардың 70 пайызы дерлік тұтынылмай 

босқа қалады. 

Тұ

СА



У КЕСЕР

ТАғАйындАУ 

Мә

СЕ

л



Е



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал