Кәдуілгі бал арасы еске түседі. Бүкіл саналы өмірін өнімді еңбекпен өрнектеген әз ағаның қаламынан туған татымды



жүктеу 96.32 Kb.

Дата09.09.2017
өлшемі96.32 Kb.

К ұ л а қ с ы з ғұмыр 

(бастан кешкендер) 

Белгілі қарымды қаламгер Сапарғаля Ләмбеков туралы 

ойласам толассыз бейнетпен тіршілік жібін жалғайтын 

кәдуілгі бал арасы еске түседі. Бүкіл саналы өмірін өнімді 

еңбекпен өрнектеген әз ағаның қаламынан туған татымды 

дүниелерді тебіренбей оқу тіпті де мүмкін емес. Күй 

күмбезі Тәттімбет хақындағы хикаят соз жоқ рухани 

қазынамызға қосылған құнды мұра, соқталы туынды. 

Қалам ұстаған кейбір әріптестеріндей көкиме кергімелікті 

кемеңгерлік көретін кәсіпкерліктен атымен ада, күйлес 

пайда қуалаған жадылыққа жаны қас Сапарғали ағамыз 

сайын сахара сардары, ақберен ақын, әнші-сазгер Мәди 

Бәпиұлы туралы тұңғыш қалам тартқан, дәулескер домбы-

рашы Тәттімбеттің бейнесін сомдаған, қоғам және мемле-

кет қайраткері Нығымет Нұрмақов жөнінде көлемді шығар-

ма тудырған есімі елге кеңінен мәшһүр жазушы. Мұнымен 

қоса "Тайталас" романын, бірнеше әңгіме, повесть, өлең, 

дастандарды дүниеге келтірді. "Сыпайы жүріп, шаруа 

ойлаған" Сапкең алдағы маусым айында ақсақалдықтың 

алғашқы баспалдағы асқаралы алпысты алқымдайды. Жа-

зушы ағамызды осы мерейтойымен құттықтап, шығарма-

шылық табыс, жемісті еңбек, ұзақ ғұмыр тілей отырып, 

сиясы әлі кебе қоймағаи жаңа туындысын жариялауды 

жөн көрдік. 

Мұхит ҚАПСАТТАРҰЛЫ. 

Сапарғали ЛӘМБЕКОВ 

Әлхисса 

Кеше бала едім, бүгін 

ағамын. Жас алпысқа жетті. 

Шалмын деуге өзімді қимай 

отырмын. Өйткені бәрін 

бітіріп тастадым, енді пеш 

түбінде шәниіп жатуыма бо-

лады деуден қашамын. Құ 

дайға шүкір, әзір бойда 

күш-қайрат бар, өлі де 

бірдеңе бітіруге шамам ке-

леді. 

Рас, бұл жасқа оңай-

лықпен жеткен жоқпын, сау 

адамдардан қалыспай тірлік 

жасау үшін жағаластым. Ел-

мен бірге соғыстың зардабын 

тарттым, аумалы-төкпелі за-

мандардың қиындықтарын 

бастан өткердім. Басқаларға 

қарағанда ауыртпалықты 

арықтау көрдім десем 

мақтанғаным емес. Өйткені, 

он екі мүшенің ең бас бас-

тыларының бірі құлақ қой. 

Мен алғашқы мүшелімде қос 

құлақтан бірдей айырылдым. 

Мүгедектікке мойынсұнбай 

орта мектеп, университет 

бітірдім, журналист, ақын, 

жазушы болдым, бірнеше 

кітап шығардым. Қырық 

жылдай Қарқаралы аудан-

дық газетінде қызмет 

істедім, құрметті атақтарға, 

наградаларға ие болдым. 

Кемтар деп кемсітпей, азды-

көпті еңбегімді бағалаған 

өкіметке, төбесіне көтерген 

халқыма дән ризамын. 

Дегенмен, "ей, мына 

саңырау бізден озып қайда 

барады" деп аяқтан шалған 

қаскөй күншілдер де кезде-

скенін жасырмаймын. 

Нарыққа көшкелі кітап 

шығару қиындады. Сонда да 

жазуды жалғастырып 

жүрмін. Әйтеуір бір жарық 

көрер деген ниетпен осы 

ғұмырымда басымнан кеш-

кен тағдыр тауқыметтерін 

қағазға түсірдім. Әрине, мұ 

нда естігенімнен гөрі 

көзіммен көргендер басым. 

Оқырмандар назарына сол 

естелік кітаптың бір тарауын 

ұсынып отырмын. 

АШТЫҚТАН КЕЙІНГІ 

ТӨЛМІН 

Қарқаралының түстік 

жағында, алпыс шақы-

рымдай қашықтықта сонау 

Шыңғыстаудан басталып, 

Ұлытауға ұзайтын қоңыр та-

улардың тізбегі өтеді. 

Арқаның қыр жотасы атала-

тын сол сілемдердің бойында 

аудандағы алғашқы көп кол-

хоздың бірі - "Көктал" бола-

ғын. Қазір бұл өңірде үш-

төрт қыстақтың ғана түтіні 

ұшады. Андас, Тықан, 

Өскенбай, Меңдібай, Әулие-

тас, Ормансай, Ақкезең 

сияқты толып жатқан мекен-

дер отыз екінші жылғы аш-

тық кезіңде қаңырап қалған, 

талай отбасы құрып кеткен. 

Әлі күнге дейін 

жаңартылмай жатқан қыс-

таулардың бірі Әулие-

тастағы атамекеніміз. Өзі 

өне бойын тобылғы, қараған, 

итмұрын көмкерген, төңірегі 

қой малына жұғымды қа-

раотқа бай, биікше төбенің 

баурайында, Төбенің теріс-

кей қапталында Үлкен 

әулие, Бала әулие деп ата-

латын, қатарлас біткен екі 

үңгір бар. Алғашқысының 

іші он қанат киіз үйдің 

кеңдігінен артық, төбесіне 

түйенің үстінде түрегеліп 

тұрған кісінің қолы жет-

пейді. Ішінде керуетке, 

үстелге ұқсас сандық тастар 

бар. Екіншісі үлкен үңгірдің 

сол жақ қолтығында, аумағы 

кішірек, аузын қалың өскен 

шеңгел жауып тұрғандықтан 

дәл қасына барғанда болмаса 

байқала бермейді. 

Атынан көрініп тұрғандай, 

бұл жер қасиетті орын сан-

алып, оған әртүрлі тілекпен 

адамдар көп барыпты, құ 

рбандыққа мал шалыпты, 

Ішіне түнепті. Үңгірге, со-

ндай-ақ оған ұрымтал жер-

дегі бейітке ақтық байлапты. 

Құдайсыздық жайлаған 

Кеңес кезінде бұл ғұрып 

ұмытылғанымен кейінгі кез-

дері қайта жаңғыра бастаған 

тәрізді. Бұрнағы жылдары 

бір топ адам үңгірдің ішін 

тазартыпты, мал сойыпты, 

түнеп шығыпты. Қырқыншы 

жылдары онда мен де түне-

генмін, себебін кейін айта-

мын. Үңгірдің алдындағы 

шолақ сайда табанынан ба-

сталатын көққасқа бұлақ бо-

латын, жылғасы Уәлихан 

қыстағынан құлайтын жыл-

ғаға қосылатын. Бұлаққа 

ұрымтал, қыраттау жерге 

тастан қаланып, өзара 

жалғастыра салынған үйлер 

мен қораның үйіндісі, 

қасында оттан шыққан 

күлдің күресіні жатыр. Сәл 

төменірек жерде, шілік ара-

сында бабамыз бен ұлы ана-

мыздың там бейіті бар. 

Біздің бұл атамекенімізді 

былайғы жұрт кейде Әулие 

тас, кейде Байдекең ауылы 

дейді. Байдекесі менің 

төртінші атам Байдалы. Ба-

лаларының бейіті төменгі 

жақтағы қараған арасында. 

Біздің руымыз Кіші Жүзге 

жататын жеті рудың бірі 

тама. Ол баяғыда Шыңғыс-

ханға бағынбаған Тума 

дейтін тайпаның өзгерген 

атауы. Тамалардың ұранына 

айналған арғы атамыз Қара 

бураның сүйегі қазақтың 

Түркістаннан бұрынғы аста-

насы Созақтың іргесіне жер-

леніпті. Атыраудан бір топ 

таманы бір заманда Арқаға 

Шора батыр ертіп келіпті: 

Қалмақтармен соғыс кезінде 

тамадан Есет тархан сияқты 

атақты батырлар шыққан. 

Тамалардың аттары жүй-

рік, қыздары сұлу келген. 

Кенесарының інісі Наурыз-

бай таманың қызы 

Қаншайымға ғашық болған. 

Ол туралы Сегіз серінің та-

маша дастаны бар. 

Қалмақтар жеңіліп, елде 

тыныштық орнаған соң еліне 

қайтпақ болған тамаларды 

Абылай жібермей Сарысудан 

қоныс беріпті. Солардың 

Ішінен Қорқыт атадан 

кейінгі ұлы қобызшы 

Ықылас Дүкенұлы шыққан. 

Оның басына тамаша кесене 

орнатылды. Әйгілі актер 

Асанәлі Әшімов пен жазу-

шы-композитор Ілия 

Жақанов та тама көрінеді. 

Әрине, олар саяқ жүрген 

мені білмейді. 

Тегі Қаракесекке кірме, 

Қарақуысты мекендеген та-

малар Сұңқардан туған 

Өмірбек, Кенжебай дейтін 

екі адамнан тараған ұрпақ 

көрінеді. Кенжебай да батыр 

болыпты. Сол кісі "Мен 

қалмақты көп қырдым, оба-

лы тұқымыма тимесе игі еді" 

деп өкініш білдірсе керек. 

Одан Қойбағар, одан баба-

мыз Байдалы туады. 

Байдекең бозбала кезінде 

Көктал бойында келе жатып 

жалғыз күркеге кез болады. 

Қасына жетіп, жабығынан 

ішіне кез салса ортасындағы 

жер тесекте әл үстінде 

жатқан қызды көреді және 

мұның мәнісін бірден сезеді. 

Өйткені ол кезде қазақ ара-

сында дауасыз дерт шешек 

көп жайылған. Оған шал-

дыққан адамның қатарға 

қосылмайтынын білген ел 

басқаларға жұқтырмау үшін 

амалсыз жұртқа тастап, 

көшіп кететін көрінеді. 

Жігіт ауру қызбен тілдессе 

ол да сондай бейбақтың бірі 

боп шығады. Өзінің аты 

Қызай, Боқан тас бойындағы 

шекшектердің бойжеткені 

көрінеді. Соқа басын сүй-

ретіп жүрген бойдақ жігіт 

тәуекелге бел байлап, 

қасына жақындайды, басын 

көтеріп, аузына су тамыза-

ды, сөйтіп жанын сала күту-

ге кіріседі. Байдалының 

қандай амал қолданғанын 

кім біліпті, әйтеуір әл 

үстінде жатқан Қызайды 

ажал аузынан аман алып 

қалады, ақыры жазылған 

соң соған үйленеді. 

Сөйтіп қол ұстасқан екі 

жас Бәйгөншек тауының 

қолтығындағы терең сайдан 

басталатын бұлақтың жел-

кесіндегі шаттан мекен жа-

сап, күнелте бастайды. 

Қызай еркек тәрізді 

қайратты, әрі көріпкел бола-

ды. Байдалыдан Асау, Тар-

паң, Удасбай, Жуасбай 

есімді ұлдар, Жарқын, Бал-

жан, Дәріжан, Бүбіжан 

дейтін қыздар туған. 

Бірде жас босанған үлкен 

шешеміз белін байлап 

отырғанда тастан қалқитқан 

үйшіктерінің төбесінен қас-

қыр түседі, одан қорыққан 

балалар шешесінің артына 

келіп тығылады. Бұл кезде 

отағасы үйде жоқ болса ке-

рек. Сонда Қызай көзі 

қанталаған қорқаудың құ 

лағынан шап беріп, үстіне 

мініп алады да "пышақпен 

қарнын жарып жіберіңдер" 

дейді ұлдарына. Үлкені Асау 

қозғала қоймайды, сонда 

одан кейінгі інісі, біздің ата-

мыз Тарпаң кездікті ала са-

лып, қасқырдың шабын жа-

рып жібереді. 

Қарқаралы дуанының аға 

сұлтаны Жамантай (шын 

аты Тұрсын Шыңғысұлы) 

Бәйгөншекке бір баласын 

қоныстандырады Байдалыны 

әрі қарай ығыстырады, ол 

Әулие тастың тұмсығына ба-

рады. Одан жоғарырақ ор-

наласқан Уәлихан қыстағы 

да сол Жамантайдың бір 

ұрпағының атын иеленген 

жер. 

Байдалыдан туған төрт ұл 

жұбын жазбай Әулиетасты 

мекендепті. Байдекеңе 

жақын туыс Сағындық айту-

лы шешен, сөзге тапқыр, 

ақылды адам болғандықтан 

аға сұлтан өзіне төбе би етіп 

алыпты. Сол кісі айтты де-

ген ел аузында жүрген біраз 

сөздерді жинастырып, 

кезінде "Жұлдыз" журналы-

на дейін жарияладым, 

"Тәттімбет" атты романыма 

кіргіздім. Өзі қартайған 

шағында Жамантайға 

өкпелеп Сарысудағы көп та-

маларға көшіп кетсе керек. 

Жас кезінде біздің атамыз 

Тарпаң күшті болыпты, 

алысқанда ағасы Асауды 

алып соға беріпті. Сондай 

сәттің бірінде Тарпаң: 

- Мен сені жалғыз аяғым-

мен тұрып күресіп жы-

ғамын, - дейді ағасына. 

- Атаңның басы - дейді ол 

намыстанып. 

Інісі ерегесіп бір аяғын 

кебежеге байлап қойып 

сыңдар аяғымен тұрып, ұс-

тауға шақырады. Асау тар-

тып қалғанда Тарпаң 

жығылып, бір аяғы сынып 

кетеді. Өзі етікшілікті кәсіп 

еткен көрінеді. Төртеуі 

тізелесіп, орта дәулетті тұ 

рмыс кешіпті. Ұдасбайдың 

бүкіл Қарқаралы төңірегіне 

әйгілі жүйрік аты болыпты. 

Тарпаннан Ләмбек, Аман-

жол, Бейсенбек дейтін ұлдар 

туыпты. Әлгі інісі Ұдас-

байдың біразга дейін ұлы 

болмай, алғашқы кезде 

біздің әкейді бала ғып ала-

ды. Дәметкен дейтін 

қызынан кейін Сабырбай, 

Сабырбек атты екі үл көрген 

соң Ләмбекті ағасына 

қайтарып береді. Ал екейдің 

інілері Аманжол, Бейсенбек 

жастай елген, арттарында 

ұрпақ жоқ. Өзі сол үшінші 

ауылдағы Аккезең деп ата-

латын жердегі қырғыз Иса-

ғұлдың қызы Рысбалаға 

үйленеді. Шешей екеуі он 

бес - он алты жасында отау 

құрса керек, жастары құ 

рдас. Төтем туған жылым 

сиыр деуші еді. Ол жиыр-

масыншы ғасырдың басына 

дөп келеді. Ол сексен екі 

жасында қайтыс болды, інім 

Рымғали екеуі үлкен зиратта 

жатыр. 

Патшаның әйгілі он алтын-

шы жылғы қазақтан майдан 

жұмысына кісі алу жөніндегі 

маусым жарлығы шыққанда 

Берікқараның билеушісі 

Ақбайдың Ыбырайы әкейдің 

жасын үлкейтіп көрсетіп, ол 

тізімге ілігеді. Баласының он 

тоғызға толмағанын айтқан 

Тарпаңды ешкім тыңда-

майды. Содан кейін ол 

амалсыз бұғанасы қатпаған 

ұлының орнына өзі аттана-

ды. Үйез басындағылар оны 

басқаларға қосып, гүбірна 

орталығы Семейге жөнел-

теді. Алайда ондағылар жа-

сың асып кеткен деп 

ақсақалды қайтарып қоя бе-

реді. 

Төңкеріс жылы ең 

үлкеніміз Қаншайым туған. 

Өзі жүзіктің көзінен өткен-

дей көркем, әрі пысық, дом-

быраның құлағында ойнай-

тын, гарьмонды құйқылжыта 

тартатын өнерлі боп еседі. 

Одан кейін туған Қара-

көзайым төрт жасында, 

Қалиасқар, Зарлықхан, 

Гүлбарам дейтін үш бала бір 

жылда еледі. 

Ұды кәмпескенің алдында, 

бүкіл қазаққа "Көк қоян жұ 

ты" деген атпен әйгілі боп 

қалған 1927 жылы көп ба-

ладан тірі қалған екеуіміздің 

біріміз Күлнарайым туады. 

Атақты "көк қоян" аталатын 

жұт жылы дүниеге келген 

ол да жас кезінде шешектен 

шейт боп кете жаздапты. Өзі 

ұзақ жыл Қарағайлыда 

ұстаздық етіп, зейнеткерлікке 

шықты, ғұмырының жарты-

сы қатерлі ісікпен алысуы-

мен етті. 

Кәмпеске қарсаңында 

Күләйім дейтін қыз, аштық 

басталарда Амантай дейтін 

тағы бір бала туып, екеуі де 

бесіктен белі шықпай жатып 

о дүниеге аттанады. Осы-

ларға назаланған әкей мал 

төлдегенде: 

- Ей, арам қатқырлар, сен-

дерді ұстайтын бала қайда? 

- деп жас қозылар мен 

лақтарды сирағынан ұстап 

лақтыратын көрінеді. 

Соның салқыны тигендей 

күштеп ұйымдастыру кезінде 

шолақ белсенділер сай-сай-

ды тінтіп жүріп, тігерге тұяқ 

қалдырмай түгел сыпырып 

алады. Қазекең ежелден 

бірімен-бірі кездескенде 

"мал-жан аман ба?" деп ал-

дымен төрт түліктің аман-

дығын сұрайды ғой. Қорадан 

мал кеткен соң үйдегі 

тіршіліктен де мән кетеді. 

Қалған-кұтқан қызылдан, 

ірімшік пен құрттан ада 

болған ел тентіреп тау-тас-

тан жуа, сарымсақ теріп, 

қорек айырады. Қыс түсе 

қысылады, тайтері мен ту-

лақты да қазанға салып 

қаужасады. Итті сойып же-

гендер де, тіпті өлген адамға 

ауыз салғандар да болыпты. 

Шарасы таусылған ел жан 

сақтау үшін амалсыз жан-

жаққа босқындайды. 

- Мен Қарағандыға барып, 

шахтаға жұмысқа тұрайын. 

Өкімет өндірісті жерге 

жақсы жағдай жасайтын 

көрінеді, орналасқан соң 

сендерді көшіріп әкетемін, -

деп әкей бір топ сол кезде 

қолға алына бастаған 

"еліміздің үшінші көмір 

ошағына" аттанады. 

Алайда жуық арада одан 

хабар болмайды. Себебі 

бүкіл қазақ даласын жай-

лаған аштық барлық жерді 

шарпиды. Тегі осынау 

нәубет хақында бұрын ел 

аузындағы әңгімелерді ғана 

елжірей тыңдағанымыз бол-

маса тасқа басылған шын-

дықтан ештеңе көре алма-

дық қой. Ол жайында сөз 

арасында бірдеңе көздесе 

қалса да саяси қателік бо-

лып табылатын еді. Содан 

қорыққан тарихшылар, жа-

зушылар, журналистер бұл 

тақырыпқа жоламайтын. 

Отыз екінші жылдың аш-

тығы туралы жариялы-

лыктың арқасында ғана 

үлкенді-кішілі дүниелер жа-

рық кере бастады. Меніңше 

осынау тарихи шындықтың 

бетін алғаш рет жан-жақты 

батыл ашқан дүние 

"Қазақстан коммунисі 

"Ақиқат" журналының 1990 

жылғы 6-7 нөмірлерінде жа-

рияланған РКФСР Халық 

Комиссарлары Кеңесі 

Төрағасының орынбасары 

Тұрар Рыскұловтың ВКП (б) 

Орталық Комитетінің Бас 

хатшысы Иосиф Виссарио-

нович Сталинге, сондай-ақ 

басқа да Одақтық басшы-

ларға 1933 жылғы наурызда 

құпия түрде жазған хаты. 

Онда отыз екінші жылғы 

көктемде Қарағандыда аш-

тық пен індеттен 1500-дей 

қазақ қырылғаны, ашыққан 

адамдар жұмыс аттарын ұр-

лап сойып жеп жатқандары 

айтылады. Кейінгі деректер-

де көмірлі қалада аштан 

өлгендер саны одан 

әлдеқайда көп. 

"Жығылған үстіне жұды-

рық" дегендей, 

қандастарымызға қасақана 

қолдан жасалған аштыққа 

ұлы орыстық кеудесоқтық 

қосылады, қазақ жұмысшы-

лары кемсіту, қорлау, өлтіру 

етек алды. N 6 шахтада 

жақсы жұмыс істеп жүрген 

қазақты негізсіз жұмыстан 

қуса, N 1, N 26, N 3 

шахталарда жергілікті ұлт 

өкілдерін жазықсыз соққыға 

жығады. Соңғысында шілде 

айында 500-дей қыр адамы 

болса, қазанда 80- і ғана 

қалған. 

Жоғарыдағы құжаттың де-

регі бойынша 1928-29 жыл-

дары жүрген санақ кезінде 

Қазақстанда 40 миллионға 

жуык мал болыпты. Әр 

түндікке шаққанда орта 

есеппен 8-10 ірі қара, сонша 

жылқы, 100 кой, ешкі, 3-4 

түйеден келіпті. Республика-

дағы халықтың жартысынан 

көбі тұрғындарының тоқсан 

проценті жергілікті ұлт 

өкілдері боп табылатын 70 

ауданға орналасыпты. Содан 

1982 жылғы ақпанда 

жоғарыдағы малдан небәрі 

5397 бас қана ірілі-уақты 

мал қалады, яғни жер 

қайысқан төрт түліктің саны 

85,5 процентке кемиді. 

Аштық жылы мамыр айын-

да Қарқаралы ауданындағы 

халықтың саны 50,4 мың 

болса, қараша айында 15,9 

мыңы ғана қалады. Аудан 

орталығында күн сайын аш-

тықтан ісіп-кепкен 15-20 

адам өліпті. 

Үкімет ашыққандарға 

жәрдем көрсеткен болады, 

бірақ бақылаудың жоқты-

ғынан орталықтың жіберген 

азык-түлігі тиісті жеріне 

жетпей, талан-таражға түсе-

ді. Кейбір пысықтар сондай 

жәрдем қорын астық дайын-

дау есебіне кіргізіп, мемле-

кетке қайыра өткізеді. Мұ 

ндай қылмыс Торғай, 

Балқаш, Шу, Шұбартау, Қу 

аудандары сияқты Қар-

қаралы ауданында да орын 

алыпты. Бұл да жоғарыдағы 

хатта айтылады. 

Кезінде атқа мініп ел Ісіне 

араласқан, бертінде колхоз-

да, совхозда еңбек еткен, 

бірі тоқсаннан асып, екіншісі 

соған жақындап кейінгі кез-

дері көз жұмған ауылдас 

ақсақалдар Шәймерден Рыс-

байұлы мен Жекей 

Үйсінбайұлы жиырма сегі-

зінші жылғы санақта Кіші 

Қарақкуыстағы біздің ту-

ыстардың жиырма тоғыз үй 

болғанын айтушы еді. Ол 

кезде қазақ ауылдарындағы 

шаңырақ есебі әр отбасын-

дағы ұлдардың санына орай 

жүргізілген ғой. Әйтпесе ол 

маңайда мен білетін тама-

лардың бес-алты ғана мекені 

болыпты. 

Дегенмен, жаңағы ұлдар 

түгел тірі жүргенде алпыс 

жылдың өресінде құрып кет-

кенде алпыс үй болар еді. 

Қазір иісі Қарқаралы 

төңірегінде тарыдай ша-

шылған бес-алты ғана түтін 

бармыз. Байдекеңнің ұрпа-

ғына келетін болсақ аштық 

жылы Асаудың балалары 

Балқаш жаққа ауып кетіпті, 

содан бері байланысымыз 

болмапты. Тек жетпісінші 

жылдары Дінмұхамед есімді 

бір немересі кен зертте-

ушілермен бірге жұмыс ба-

бымен осы жаққа келіп, 

мені тауып алып еді, ұзамай 

қайтыс болды. Ұдасбайдың 

екі ұлы бірдей аштан өліпті. 

Жуасбайдан Айтбала дейтін 

қыз, Аманбай, Құнанбай 

есімді ұлдар қалыпты. Аман-

бай мен менің әкем соғыстан 

оралмады, Құнанбай шахта-

да еңбек етіп, алпыстан 

асып қайтыс болды. Әкем 

құралпы ағайындардан кезім 

көрген жақын адамым сол 

ғана. 

(Соңы 4 бетте) 

Балқантау.-1996.-11 мамыр 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал