КӘдірұлы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов



жүктеу 0.97 Mb.

бет6/9
Дата04.02.2017
өлшемі0.97 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ақбота КЕРІМБЕКОВА:

Өнердегі бауырым Қайрат Нұртас-

пен екеуміз қосылып ән айтсақ, қалай 

болар екен, дуэттер өте көп, сәтті шыға 

ма    деп  ойладым.  Терең  тақырыпты 

қамтыған  ерекше  туынды  жасағым 

келді. Екеуміз ақылдасып, өнердегі құр-

бым, дарынды сазгер Индира Елубаева­

ға айтып, ән жазып беруін өтіндік. Жас 

жігіт пен үлкен жастағы әйелдің ара-

сындағы махаббатты жыр лайтын ән 

болуын өтіндік. Кезінде шал мен қыз­

дың арасындағы маздаған махаббатты 

Саят Медеуовпен шырқағанда, халық жақсы

 

қабылдады. Қазіргі жігіттердің арасындағы 



өзінен 

үлкен әйелге сөз салып, сезімін айтып жүрг

ендері 

жиірек. Бар ойымыз қоғамда болып жатқан 



дү-

ниені ән арқылы жеткізу болатын.

Бұл ән Бегімай мен Раймалы-

ның екінші нұсқасы. Арамызда ешқандай 

ма-

хаббат жоқ. 



Сөзін Қытайдан келген ақын ағамыз Бауыр

-

жан Қарағызұлы жазды.  



Сөзі  Б.Қарағызұлынікі

Әні   И.Елубаеванікі

Күз жауып тұрған аулада,

Естідім әсем әніңді.

Асқарлы мұңға жаураған,

Жылыттың менің жанымды.

Жалғыздық еді жүдеткен,

Жанымды сенсің түсінген.

Ынтыққан ыстық жүрекпен,

Сүйемін дедім, 

 

сүйемін дедім ішімнен.



Қайырмасы:

Жаратқан хаққа жалынған,

Жел сірә, мендей жылаған.

Кетпеші, кетпе жанымнан,

Сұранам сенен сұранам.

Айта алмай жүрмін, 

 

 

айта алмай,

Ғашықпын саған, ғашықпын.

Жаныңа барсам қайта алмай,

Көргенше сені асықпын.

Тағдыры бөлек қыз едім,

Үздігіп неге қарадың.

Көктемім өткен күз едім,

Қиналып тұрмын қарағым.

Түсіме кірдің қаншама,

Жылайды сен деп жүрегім.

Жасымыз алшақ болса да,

Өзіңді күтіп, 

 

өзіңді күтіп жүремін.



Тілім тұр байланып,

Жүрегім кетті жаным мұң.

Сезімім өртеп, ой қарып

Көрмесем сені сағындым.

Махаббатымды жаңа ұқтым,

Бұл сезім менде болмаған.

Кешігіп неге жолықтың?

Кешірші мені жан дауам.



Бегімай мен 

Раймалының  жыры

Кешігіп неге жолықтың?

13

«Жылқы 


 малдың патшасы»

Ел сөзі.

26 ақпан  2016 жыл

Ш

ығысқазақстандық    «Жамбас» 



атты  айғырға   қатысты әңгіме-

лерді  ат иесі Әлібек Оспанбаевтан естіген 

едім. 

– «Жамбас» биыл 16-ға  толды. Тұқы-



мы – кәдімгі  қазақтың  қазанаты. Азынаған 

айғыр, нағыз  жауынгер  жылқысы. Оның 

тұрпаты: құлан бас, жұмыр  мойын, қалың 

жал,  аршын  төс,  кең  омырау,  жарау  қа-

рын, дөңгелек сауыр,  жазық жауырынды, 

шоқпар сан,  тік бақайлы,   болат  тұяқты.  

Көзі  қыран-бүркіттің  көзіндей    әрқашан  

оттай жанып тұрады.  Қорқу, үрку дегенді  

білмейді. Алтайдың   қалың жауған  қарын  

торы айғыр мұзжарғыштай  жарып шаба-

ды. Өрге қарай өрлегенде, оған ешкім жете 

алмайды.  Шаршау дегенді  білмейді. Бір 

түн,  бір күн онымен   табынды айдаған-

да  қыңқ деген сыр  білдірмейді.  Торыны 

дөнен кезінде өзім  үйретіп алдым. Содан 

бері менің өмірімді  де және  жылқышылық  

абыройым ды да  қорғап келе  жатқан  осы  

жануар болады.

Оның «Жамбас» деп аталуына  мына  

оқиға   себеп болды. Осыдан  он екі жыл 

бұрын ақпан айының ортасында отыз шақты  

жылқы бар үйіріне бір топ аш  қасқырлар 

шабады. «Мықты айғыр үйірін сақтай ала-

ды, ит-құстан  қорғайды» деген  қазағым-

ның   сөзі  рас. Сонда,  ал пауыт   айғырым ең 

алдымен тай, құлын, жабағыларды қорғап, 

дала бөрілеріне алдырмады.Үйірді бір тө-

бенің басына иіріп, жырт қыштардан   қорғап  

қалды. Бірақ,  өзі  ашуланған  қасқырларға  

қатты  таланды.  Қаскөйлер  ұстараның  

жүзіндей азу тістерін оң жамбасқа  аямай 

салып, сан еттерінің паршасын шығарған. 

Бізді  ет қызуымен ештеңе  білмеген жа-

нуарым, жалы  күдірейіп, арқырап кісінеп  

қарсы  алды. Бұлшық атқан санынан қан 

тоқтамай ағуда. Айдалада  аянбай  жара-

ланған жануарға не істей аласың?  Ем-дом-

ды қайдан   жасай аласың?  Сосын   үйірге 

тағы да  қасқырлар қайтадан шабуы мүмкін 

деп,  жылқыларды  қыстаққа қарай  айдадық. 

Жаңағы айтқанымдай ет қызуымен ештеңені 

елемегем  тұлпарым ат қораға кірген  бойда  

сұлап түсті.

– Әлібек, мына  айғырың мал болмайды.  

Жанын  қинамай басын кесу  керек,  – деді 

бригадиріміз  Жақып аға. Мен оның  үкіміне   

үзілді-кесілді қарсы  шықтым. 

–  Жәке,  торыдан    айырылсам,  менің  

өмірімнің  сәні мен мәні кетеді. Одан да,   

қолдан не келеді соны айтыңыз, – дедім.

Мені  жақсы білетін  Жақып  аға: «Айт-

қаныңнан  қайтпайтын мінезің бар бауырым. 

Дауласуға   уақыт аз. Атқа мін де, орталыққа 

бар. Онда  аудандық ветеринарлық станция-

да  Қасымқан деген ветеринар  ағаң  жұмыс 

істейді. Аудандағы жылқының білгір емшісі 

сол ғана». Жамбыл ағаның  ауызымен  құс ті-

стейтін, желмен жарыса алатын   жүйрігімен   

жүйткіп келемін. Ойым біреу, қайтсем де 

айғырымды ажалдан  құтқару, қатарға  қосу.  

Сол  үшін  жан пида.  Маған сол сәтте   торы 

айғырымнан  жақын  жан жоқ еді. Жиырма 

шақырымды артқа тастап, әп-сәтте  межелі  

жерге  келіп  жеттім. Жолым болғанда Қа-

сымқан аға орнында екен. 

Айтып-айтпай не керек, білікті маман 

Қасымқан аға  атты  ұйықтатып,  кәдімгі-

дей операция  жасады. Іріңдерді  тазалады, 

қасқыр тілген жамбастың еттерін жібек  жіп-

пен теп-тегіс етіп  тігіп шықты. Бір сөзбен 

айтқанда, қазанатымды ажалдан арашалап 

алып  қалды.  Содан бері торы айғыр «Жам-

бас» деген атқа ие болды.

– Жамбастың екінші ерлігі туралы айтып 

өтейін, – деп, Әлібек  әңгімесін  одан әрі  

жалғастырды. – Ол былай  болған еді. 2006 

жылдың  қысы  ұзақ болып,  көктемі  кеш 

келді. Біздің жақтың өзендерінде  су тасып 

өткел бермейтін сәттері болады. Ең таязы-

ның өзі аттың омырауынан келеді. Биыл да 

жылдағыдай жылқыларды  айдап  өткізіп  

жатырмыз. Көштің  басында Жамбас айғыр. 

Ол бастады.Үйір соның соңынан ілесті.  Се-

белеп  жаңбыр  жауып тұр. Бұл кезде  табын-

ның  80 пайызы келесі  бетке   өтіп қойған  

болатын. Кенеттен «Қанай» өзенінің суы  

көтеріліп,  қатты ағынға ұлас ты. Ағынға  қа-

рамай,  ішінде  құлын-тайлары  бар бір  топ 

тырмысып,  қарсы беттегі  жағалауға қарай 

жүзіп келеді. Өзен ернеуінен  асып-тасыды. 

Сол сәтте қатты ағын  қойсын ба, бір жас  

құлынды жағаға  жеткізбей алып кетті. Бәрі 

көз алдымызда  өтуде.  Не істеу  

керек?  Суға  ағып  бара жатқан 

құлынына  жаны  қиналған   бай-

тал  биенің  шұрқыраған  дауысы   

жер  жарады. Бәрі  астаң-кестең 

болып  кетті.  Ойланып  тұруға  

мұрша  жоқ. Құлынды  құтқару  

керек. Тек,  Сіздің   «Құлыным» 

журналынан  оқыған    Михаил  

Шолоховтың    «Жеребенок»  де-

ген   әңгімесі есіме сап  ете  түсті. 

Онда  азаматтық  соғыс кезінде  

«Дон» өзенінде суға  кетіп  бара  

жатқан  құлынды  Федор  атты   

жауынгер-азамат  құтқарып  қа-

лады ғой.  Мен одан кеммін бе?  

Жақып ағаның  ұрысқанына  қарамай, аттан 

түсіп,  үстімдегі  киімдерімді шеше  бастаған 

болатынмын. 

Азынаған  Жамбастың дауысы қатты  

шықты.  Жалт  қарасам,  о тоба,  менің 

Жамбасым,  қазақтың  өзіне  тартқан  

жүрекжұтқан  ер    қазанаты    құлынға  

қарай  жүзіп  барады. Жәй  жүзіп  бара  

жатқан    жоқ,  суға    тұншығып,    өмір 

мен  өлімнің арасындағы  сәбиді,  бала 

құлынды  құтқаруға  бара жатыр. Оқы-

ранған  дауысы  қандай керемет! Бұл  

әлемде қандай  қиын-қыс тау  жағдай 

болса  да  жақсылық    жасауға    орын  

бар,  әділеттікке орын   бар,  жігіттік  

мәрттікке орын  бар,  жанкештілікке 

орын  бар, қиналған  жандарға көмек  

көрсетуге  орын бар деп  үлгі  көрсетіп 

барады менің  Жамбасым! Жүзуі қан-

дай, шіркіннің! Ондай  жүзу әлемде  жоқ! 

Құлынға  жеткен  бойда,  құлынына  қалқан  

болған    Жамбас  айғыр  қалқалап  аман-е-

сен алып  шықты  ағын  судан  құлынын.  

Қашан да баласына  деген ананың жүрегі 

ерекше  болады. Баласының тірі  қалғанына 

жүрегі жарылардай  қуанып, төбесі  көкке 

жеткендей  болып тұрған байтал биенің бота  

көздерінен жас парлап тұрғанды  көру адам 

баласына  бір  ғанибет. Ал, құлынды  құтқа-

рып  қалған ержүректі  азынаған Жамбас 

айғыр мен баласының аман-есен тірі  қалға-

нына   шексіз қуанып  тұрған  байталдың бас 

түйістіріп, бірінің-біріне ризашылдықтарын  

білдірулерін  тілмен   айтып  жеткізіп беру 

мүмкін емес. Оны  көру керек,  оны түсіну 

керек!  Елу сегіз  жасқа келген  Жақып  ағам 

егіліп  жылады.

– Біреуден естісем, сенбес едім. Өзім 

көріп, таң-тамаша  болып  тұрмын.     

Жамбас айғыр нағыз қазанат  екен. Оған 

бүгін көзім анық жетті. Заманында  қазанат-

тар мына Алтайдан – Атырауға, Ұлытаудан 

– Алатауға  дейін  созылып жатқан   Ұлы  Да-

ланы ерлікпен қорғаған батырларымыздың 

сенімді серіктері,  қолқанаттары  болған. 

Осындай  қазыналары  болғанда  халқымыз 

қор  болмаған. Сол жерде ағынан  жарылған 

айтулы  атбегі  Жақып  аға:  «Өзің  де  және  

өзің жаныңдай жақсы көретін  қазанатың 

«Жамбасың да» аман-сау жүріңдер» деп   ақ 

батасын берді.

Кешкі ет желініп, соңынан шай ішіліп  

болған  соң, Әлібек  бауыр   әңгімесін  одан  

әрі  жалғастырды. Жамбасымның елден ерен 

осы ерлігі туралы сыр шертуді  жөн көріп 

тұрмын. Бұл  оқиға 2008 жылдың  қоңыр 

күзінде, қараша айының ортасында  Қалба  

тауларының  бойын да,  Сібе  көлдерінің жа-

нында болды. Ол кезде қожайынымыз  осы  

өлкенің байы Ерік  Шерубаевтың үйірінде  

мыңға  жуық  жылқылар, нақтырақ  айтсам,  

33 үйірге  бөлінген 950 бас құйма тұяқты-

лар бар еді. Таңертеңгі тоғыздар шамасында  

«Қарақос та» шай ішіп отырғанбыз. Алыстан 

келе  жатқан   қалың жылқының  дүбірі  анық  

естілді.  Не болып  қалды – деп далаға   атып 

шықтық. Қарасақ, Көктаудан асып,  бүкіл 

табын біз отырған ойпатқа қарай дүркіреп 

келеді. Арттарынан арнайы біреулер  қуып, 

айдап  келе    жатқандай.  Ерттеулі  тұрған 

аттарымызға  міне салып, табынға  қарай  

шаптық. Бірден көзіме шалынғаны,  менің 

қазанат тұқымды   қазанатым Жамбасым  бір 

өзі  мың бас  жылқыны тай-тұяғына  дей-

ін  қалдырмай қайырып, шашау шығармай  

айдап  келеді.  Екі    көзі    қанталап,    жалы  

күдірейіп кеткен. Азынаған айғыр  дауысы  

жер   жарады. Оған әбден  бағынған  табын 

айдаған  жағына  қарай ағылуда.

–  Жігіттер, түсініп тұрған  боларсыздар, 

Жамбас жайдан-жай бүкіл  табынды осында  

айдап келмейді.  Мұнда  бір  құпия  жатыр.

Үлкен  қауіп  болған. Төрт аяқты не болмаса  

екі аяқты жыртқыштардан шабуыл  болған 

сияқты. Сендер  табынды   қайырып,   осын-

да  қарай тұрыңдар. Ал,  біз  Қанат  екеуіміз 

басына  барып, не болғанын   көріп  қай-

тайық? – дедім.

Тың аттарға жол алыс емес. Жарты  сағат 

болар-болмаста  біздің  табын  жайылатын  

жайылым алаңы алақандай көрінетін жотаға 

желіп жеттік. 

Алыстан  бірін-бірі  сүйемелдеп  келе  

жатқан   екі  адам көрінді. Оқиға  былай  өр-

біген.  Жартас ауылының Расул  және  Төкен 

атты екі ұрысы   жылқы  ұрлау үшін арнайы  

жоспар  құрады. Әр  табында  оқшауланып,  

шеткерірек  жүретін  бір  үйір  болады. Біз-

дегі  сондай топ Марқакөлден келген қаба  

тұқымынан тараған биелер мен байталдар 

бәрі де Жамбастың қарауында болатын.

Межеленген күні таң  атар-атпастан екі  

ұры осы үйірді «Көктаудың» етегімен, «Бай-

шы» шатқалының  бойымен  қуып  отырып,  

ит мұрыны  көрінбейтін ну орман тоғайлы 

«Заемка» аталатын терең сайға  тығып  тас-

тамақ.  Сосын    сол  жерден    мал    алумен 

шұғылданатындарға  сатып  отыру. 

Мүгедек  болып қалған Расул ұрының  

айтқаны: «Бәрі  аяқ астынан  болды. Өзім не 

болып қалғанын түсінбей қалдым. Бір  қап-

талынан жылқыларды айдауға  кіріскенім  

сол еді,  құлан мойнын  кере  созған,  жалы  

күдірейген, алып  торы айғыр бірден  менің 

астымдағы  аттың  мойнын   қыршып түсті, 

сосын екі  аяғын  тік  көтеріп  аттың  үстінде-

гі маған шабуылдады. Сол  көтерілген бой-

да сол аяғымен оң  жақ қабырғамнан ұрды. 

Содан арғысын  білмеймін. Есімнен  танып  

қалыппын. Тек  есімде  қалғаны, екі аяғын 

тік көтеріп  шабуылдағандағы көзқарасы 

әлі  көз алдымда. Сен не істеп жүрсің  де-

ген адамның  көзі. Оттай жанып тұрды».

Екінші  ұры  Төкеннің  айтқаны:  

«Расулдың дауысы өте қатты  шықты. 

Аяқ  астынан  оған    не  болып  қалды 

екен,  астымдағы    атымның  жүрісін 

жылдамдатып, дауыс  шыққан  жерге  

жетіп  келдім. Бұрын-соңды мұндайды 

көргенім  жоқ. Дене бітімі  ірі, есік пен  

төрдей, таудай  десем де болады, жалы 

күдірейген алпауыт торы  айғыр   екі  ал-

дыңғы аяғын боксшыларша қайшылап, 

Расулды бір ұрып аттың үстінен ұшы-

рып  түсірді.  Сосын маған қарай тұра 

ұмтылды. Сол екпінімен, бойындағы 

бар  күшімен келіп бізді қағып, жайпап 

өтті. Атымыз екеуіміз омақаса  құладық. 

Жануар жаяу адамға тиіспейді екен, дір-

дір етіп тұрған маған жоламай, мен мінген 

атты қуа жөнелді. Ол бейшарада жан жоқ, 

сайға қашып  тығылды.  Содан бері  ұрлық  

жасасам  желкемнің  шұңқырын  көрейін 

деп, Жартас пен  Өскемен қаласының ара-

сына таксист  болып   жүрмін».

 Жамбастың болат  тұяғы ұры  Расул-

дың    төрт  қабырғасын  сындырып,  ішкі 

құрылысына зақым келтіреді. Ол Өскемен  

қаласындағы  облыстық ауруханада алты ай 

емделіп,    үш операция жасатады. Екінші 

топтағы мүгедек  болып  қалады. «Ұрлық  

түбі  – қорлық» деген  осы емес пе?

Осы оқиғадан кейін жылқышы жігіттер 

Жамбас айғырымды «Мыңбасы» деп атап 

кетті. 

Сәдібек  ТҮГЕЛ.

Жамбас айғыр



(Болған  оқиғаның  ізімен)

14

26 ақпан  2016 жыл

«Нәзіктік атаулының жиынтығы 



 ананың алақаны»

   

 

В.ГЮГО.

Тұрмысқа шығарда алдымызда өзге отбасы, басқа өмір 

күтіп тұрғанын кей кезде біз естен шығарып алатын сияқ­

тымыз. Мен де үйімде бетімнен ешкім қақпай бойжеттім. 

Уақыты келгенде тұрмысқа шықтым. Келін болдым. Енем, 

атам бар. Атам өте жақсы кісі. Бірақ енеммен бірден тіл 

табыса алмадым. Қай ісіме де сынап қарайтын. Осыны өзім 

сезіп жүрсем де ештеңе демедім. Себебі, үйден кетерімде 

анам емес, әкем: «Қызым, басқа жерге кетіп барасың. Бұл 

өз таңдауың. Бізді ұялтушы болма. Бұл үй сен үшін енді 

тек төркін жұрт. Барған үйіңді өз үйім деп қабылда» деді. 

Осы сөздер жадымда. Енем қатты сөздер айтса, ешкімге 

білдірмей, бөлмеме кіріп жылап та алатынмын. 

 Осылай бір жыл да өте шықты. Басында қамықтым. 

Көп ұзамайтын шығармын десем де жолдасым қолдады. 

Қолдағанда  анасына  қарсы  шығып,  мені  жақтау  емес. 

«Шыда, мамам негізі мейірімді адам» деп айтатын. Бірақ 

ешқашан арамызға араласқан емес. Бірде жолдасым атам­

мен алыс сапарға кетті. Үйде енеміз екеуміз қалдық. Осы 

бір айдың ішінде біз жақындасып кеттік. Бірге дүкен ара­

лап, үй шаруасын да бірге атқарып тастадық.  

Енді ойлап қарасам, мен ол кісіні мүлде танымайды 

екенмін. Тек жолдасыма ғана сыр ашып, оқшаулана бе­

ретінімді түсіндім. Егер ене мен келін арасы жақсарсын 

десеңіз, ақыл сұрап, сырласуға қадам бастау керек екен ғой. 

Осы кезден бастап арамыздағы бір белгісіз суық сезім еріп, 

жақын болып кеттік. Сөйтсем, осының бәрін сезіп, көріп 

жүрген атам әдейі баласын ертіп алыс жолға кеткенін 

кейін білдім. Атамның шешіміне мен риза болдым. 

Қазір  аяғым  ауыр.  Енем  бұрынғыдай  емес.  Екеуміз 

емін­еркін  сөйлесе  береміз.  Менің  айтпағым,  қыздар, 

құрбылар  бар  кінәні  өзгеден  іздегенше,  отбасы  құрған 

соң өзіміз де алғаш қадам бастап, кішірейіп, сәл де болса 

мейірім ді бола білгеніміз жөн сияқты. Қалай ойлайсыздар? 

Сыр бөлісейік. 

Сәлеммен, Назым. 

Көптен күткен көктем де жақындап қалды.  

Жаңа оянған табиғатпен қатар қыз-келіншек-

тердің де құлпыратын кезі. Өз басым әдемі көй-

лек пен жарқын бет күтімін көктемнің ажы-

рамас бір бөлігі деп санаймын. Алайда, қыстың 

қытымыр суығынан қасаң тартып, құрғап 

шыққан  бет  терісіне  көктемде  айрықша 

күтім қажет. Сол бет терісінің құрғап қала 

беруінен зардап шегушілердің бірі менмін. Сон-

дықтан, үнемі бет терісінің құрғап, қабыр-

шықтанып қала беретінінен әбден шаршадым. 

Сондайда не жағарыңды білмей, әр нәрсені бір 

алып, қажеттісін, нәтижелісін таппайтын кез-

дер болады. Косметологқа барайын десем, қалтам 

көтермейді. Мүмкін бұған сіздер көмектесерсіздер?

Маржан ТАЛҒАТОВА.

Қостанай қаласы.

– Жанар ханым, осы күнге жету үшін талай тер 

төктіңіз. Қазір сол күндерді жиі еске аласыз ба?

– Мен үйдегі 9 баланың бел ортасында туғанмын. 

Ел ішінде ақша жоқ, бірақ күн көру керек. Сол кез-

де қыз басыммен алыс жолға шығып, зат тасыдым. 

Апталдай  ер  азаматтардың  өзі  отбасын  асырауға 

қауқары жетпей қол қусырып, үйде отыратын. Сол 

шақта  шыны  керек  белді  буып,  қыз-келіншектер 

жолға шықты. Бала-шағасын асырады. Жас болған 

соң ба, қай істі де күліп жүріп істейтінбіз. Содан шығар 

қиналған сәттерім ақталып, еңбектің жанғанына қу-

анамын. Бауырларым қолқабыс етті. Әйтеуір осы істі 

тастамай алып шықтық. Әрине, ешкім маған дайын 

асты бермеді. Таза өз еңбегіміз. Сол үшін де мақтана 

аламын.


– Еңбегіңіздің жемісі – өз қолыңызбен тұрғы-

зып,  тұсауын  аймақ  басшысы  ауданға  келген 

сәтінде кескен аудан орталығындағы сауда үйі 

осы өңірдің көркі деседі.

– Сәті солай болды. «АльфаНұр» деген екі қабат-

ты сауда орталығым бар. Аудан бойынша ірі сауда 

ошақтарының бірі деуге болады. Жалпы мен осы 

Аманкелді ауданында ең алғаш дүкен ашқан кәсіп-

кермін. Ол дүкеніміз де жұмыс істеу де. Халыққа бар 

жағынан қызмет көрсетеміз. 15 адамға жұмыс беріп 

отырмын. Бауырларымның барлығына көмек бердім. 

Оқыттым, жетеледім. Бәрі де еңбектің арқасы. 

– Десе де әйел бақыты – отбасы демекші...

 

– Қанша жерден мықты болсақ та, ең алдымен, 

мен әйелмін. Сауда саласында жүріңкіреп қалдым ба, 

апаларың тұрмысқа кештеу шықты. Екі ұлым, жолда-

сым бар. Әйелге тән бақыт бір басымда бар деп ай-

тып, шүкіршілік етемін. Қазір енді жасым елуге келді 

(күліп). Тың ойларым көп болғанымен осы кәсібімді 

тап-тұйнақтай етіп, атқарсам деймін. 



– Кезіндегі сіз сияқты кәсібін бастап жүрген 

жастар көп бүгінде. Жетістікке жету үшін не қа-

жет?

– Еңбек, еңбек, еңбек. Тек ерінбегенде ғана мақ-

сатқа қол жеткізуге болады. Кейбіреулер төтеннен 

келген пайдаға кенеле қалатын шығар. Ал кәсіпкер 

ретінде айтарым, әр адам, ең алдымен, өзіне сенуі 

қажет. 


СУРЕТТЕ: кәсіпкер Жанар Шөптібайқызы.

Лариса, 

«Максимум» 

сұлулық салонының 

косметологы:

– Беттің жиі қабыршық

тануы іштегі ағза

-

дағы өзгерістерге де байланыс



ты болуы мүмкін.

 Ол 


үшін бауыр,

 асқазанға к

өп мән бер

у керек. Сондық

тан, 

дәрігерге қаралып,



 ішкі ағзаны бір 

тексертіп алған 

да жөн. 

Ал, бәрі ойдағыдай бо

лса, кез келген жақпа майлар

ды жаға 


бермей, ең алдымен,

 жылына бір рет

 болса да космет

олог 


маманның к

өмегіне жүгінг

ен абзал. Жалпы,

 бет терісі қат

ты 

құрғап кетпес үшін күніне 



таза суды көбірек ішк

ен дұрыс. 

Қыздар косметолог

тарға бармайды.

 Негізі маманға жүгіну

-

ді әдетке айналдырған ж



өн. Біз бетті тазар

тамыз, мұрын 

үстіндегі қара нүк

телерді де аламыз.

 Бетіңіздің 

терісі 


тазарып, бір қабығы (ө

лі қабық) алынады.

 Мүмкіндік 

болса, косметологқа барған ж

өн. Бұл кезде теріг

е 

ультрадыбыс



ты тазалау мен пилинг

 артық 


етпейді. Көктемде 

мезотерапия мен 

мас-

саждың да пайдасы зор.



Бет терісі құрғаса

 

Ене әзірейіл 



емес

Нарық  жылдарында 

ел  іші 

қатты қиналды. Сол 

шақта қолдарына 

ала дорба арқалап, 

алыстан зат әкеліп, 

сатып, 


тиыннан  тиын  құрап,

  кәсіп  қылғандар  аз

  болмады. 

Соның дені нәзік жандар 

еді. Жанардың сол кезде 

жиыр-


мадан асқан кезі. Үлкен-үлкен 

сөмкелерді талай тасыды. 

Ауылдан  ауылға.  Асты

нда  көлік  жоқ.  Тал

ай  жолда 

да қалды.  Қазір Аманкелді 

ауданындағы ірі сауда 

ошағының иесі. Саудада 

жүріп, көп қиындық 

көрсе де, өмірде де 

ештеңеден кеш 

қалмады.


БИЗНЕС ЛЕДИ

    Амакелдіде  алғаш  дүкен 

       ашқан  кәсіпкер


15



1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал