Кең-байтақ қазақ жерінің інжу-маржаны Қарқаралыға, оның көл-көсір тарихына түсінік беріп жатудың қажеті жоқ. Бір ғана



жүктеу 51.79 Kb.

Дата10.02.2017
өлшемі51.79 Kb.

Кең-байтақ  қазақ жерінің інжу-маржаны -  Қарқаралыға, оның 

көл-көсір тарихына түсінік беріп жатудың  қажеті жоқ. Бір ғана 

«Қарқаралы» сөзі бойында  Ұлттық  қаны бар әр адамға шежірені 

төге жөнеледі. Бүгінгі әңгімеміз осы тарихи өңірдің жылнамасы -

«Қарқаралы» газетінің 80 жылдығына арналып отырғандықтан, ай-

мақтағы, тіпті, республикадағы деуге әбден болады, байырғы басы-

лымның жауынгер журналисі, көзі тірі ардагері Мақсым Омарбековтің 

шығармашылығын сөз етпекпіз. 

Әлбетте,  Қарқаралы -  Ұлт мүддесі 

үшін аянбай еңбек еткен аяулы да атақты 

адамдарды көп берген жер. Сол  қатарда 

мәдениет пен өнер, баспасөз  қайраткерлері 

де аз емес. Аудандық газет қаламгерлерінің 

алғашқы легіндегі Мелдеш Оралдиев, 

Тұмыш Сарғожаев сынды ағалар 37-нің 

қасабына ілігіп, атылып кетсе, Рамазан 

Нәрешев, Гардер ағалар  қуғын-сүргін 

азабын тартып бақты. Одан кейінгі 

Заманбай, Шаймаран, Әбжан, Әбікен 

сияқты азулы журналистердің әр сөзі, әр 

қадамы аңдуда болды. Соған  қарамастан, 

олар шындықты айтудан жасқанып, 

тайсалған емес. Сол  ұрпақтың тәрбиесін 

көріп, жолын  ұстаған мұрагерінің бірі -

Мақсым Омарбеков. 

Біз  қарама-қайшылығы мол, бұрылыс-

қалтарыстары аса көп дәуірде өмір 

сүрдік, әлі де соның сарабынан шығып 

болған жоқпыз. «Демократия», «теңдік», 

«бостандық», «әділет» дегендерді өмір 

шындығына айналдырамыз деп талайларды 

құрбан еткен де, осы қасиетті ұғымдарды 

таптап, тәрк еткен де социалистік  қоғам. 

Мақсымның, жалғыз ол емес, бүкіл 

кеңес халқы айтып тауыса алмай жүрген 

сөзіміз, «Ұлы идеяларымыз» сол  қоғамның 

құрсауынан шыққан. 

Содан да, Мақсым мектеп қабырғасында 

жүргенде-ақ өлең, шағын хабарлар, 

мақалалар жазып, жергілікті баспасөзде 

әділет қорғаны ретінде көріне бастаған. 

Қайнар орта мектебінде оның партияның 

ұлт саясатындағы қиғаш істеріне наразылық 

көзқарасы біраз «әуреге түсірсе», бұл 

ұстанымы кәдімгі студенттік салиқалы 

тұжырымдар мен  қадамдарға бастап, оның 

соңы институттан шығарылуға соқты. 

«Кемшіліктерді көргіш», саяси сенім-

сіз адам жергілікті партия, кеңес  қыз-

меткерлерімен тіл табысып, жарасып кете 

алмады. 60-жылдарда  қазіргі «Қарқаралы» 

газеті «Коммунизм таңы» деп аталатын. 

Осындағы Ғабдиман Игенсартов, Сапарғали 

Ләмбеков, Шәкіман Төлеутаев, Дүйсембай 

Төлепбергенов, Омар Ноғайбаев деген 

ағаларымен бірге ауданның тыныс-

тіршілігін шыншылдықпен жазуға 

талаптанды. Алайда, істің мүддесі 

үшін айтылған жанашырлық әділ сөз 

басшыларға  ұнамайды екен. Партияның 

сөз бостандығы туралы тәртібіне риясыз 

сенетін Мақсым ымырасыз күреске бел 

шеше кірісті. Бопсалау, жала жабу, өсек-

өтірік өршіту сияқты әрекеттердің талайын 

көрді, бірақ жігері жасып, алған бетінен 

қайтып көрмеді. 

Атақты Альфред Нобель:«... демократия 

құқын кеңейте беруге болмайды, өйткені 

кез келген демократия адамзатты азғындар 

басқаратын дара билікке алып келеді» деген 

екен. Біз партияның алдамшы, әулекі сөзіне 

алданып, басымызға пәле сатып алып 

жүрдік.  Қазіргі сәтте де «демократия үшін 

күрес» деген саясатпен айналысатындардың 

әуес ісіне айналды. Ал  қай құбылыстың да 

адам еркіне бағындырылатын тетігі болуға 

тиіс  қой. Мақсым сияқты пайымдайтын 

азаматтар сондай тетікті іздеп, таба алмай 

жүрген сияқты... 

* * * 

Қоғамдық ортаның сыйықсыз болмысы 



мен содан көрген зәбір-жапасын ол өзінің 

өмірбаяндық «Өмір өткелдері» хикаят кіта-

бында, көркем шығармаларында барынша 

өткір жазған,  қалың оқырмандарға жол 

тартқан «Ақ жаңбыр», «Арпалыс», «Адам 

ізі», «Махаббат пен  қиянат», «Сағыныш-

ғұмыр, сағым жылдар» кітаптарында 

айтылған жайттарды мен  қайталамай-ақ 

қояйын, тек оның әлеуметтік маңызы бар 

бірнеше істеріне тоқталмақпын. 

Біріншіден, ол  Қарқаралыға  қатысты 

қандай мәселемен айналысса да, айтпағы 

мен ойлағанын әуелі «Қарқаралы» газеті 

оқырмандарының талқысына салып отырды 

немесе  қалың көпшіліктің ой-пікірін жа-

рияға шығарып жүрді. 1965 жылдың жа-

зында институтты бітіріп, жан-жаққа тарап 

кеткенімізде,  Қостанай облысының Ар-

қалық  қаласында жүрген мен Мақсымның 

«Алғашқы  қар» деген шағын әңгімесін 

«Қазақстан әйелдері» журналынан 

1968 жылы оқыдым, білем. Одан кейін 

«Қазақ әдебиеті» газетінде  Қарқаралы 

қаласындағы тарихи орындардың 

күтімі,  қаланың жалпы жағдайы туралы 

жазған проблемалық мақаласы шықты. 

Саяси сенімсіздікке 

ұшыраған оның 

шығармашылығына салынған тыйымның 

аяқталғанын сонда ғана аңғарған едім. Ал 

ол өңірдегі ядролық сынақ полигонының 

зардаптары туралы мәселені «Невада-

Семей»  қозғалысынан көп бұрын көтеріп, 

дабыл  қаққан болатын. Дегенмен, осы 

қозғалыстың басында Олжас Сүлейменов 

сияқты азаматтың болуы  қозғалысты аса 

беделді, әрі ықпалды  қоғамдық  ұйымға 

айналдырды. 1989 жылдың көктемінде 

Қарқаралыда да ядролық сынаққа  қарсы 

митингі  ұйымдастырылып, оның соңында 

«Невада-Семей»  қозғалысының аудандық 

ұйымы  құрылып, 18 адамнан азаматтық 

комитет сайланды. Бұл  ұйымның жұмысы 

облыс тұрғындарына жақсы таныс. Полигон 

аймағында тұрғындарға бір мезгілдік 

өтем төленіп, 55 жастан зейнеткерлікке 

шыға бастады. Осы қозғалыс аясындағы 

белсенді  қызметін халық лайықты бағалап, 

Мақсымды облыстық кеңеске депутат етіп 

сайлады. Бұл сайлауда оның  қарсыласы 

обком хатшысы В.Н.Мирза болғанын, 

сайлаудың мейлінше тартысты, шиеленісті 

жағдайда өткеніне аздап тоқтала кеткім 

келеді. 


Тек біздің елде ғана емес, бұрынғы одақ 

елдерінде ірі лауазым иесі сайлауға түсетін 

болса, жергілікті билік жөн-жоба, ар-ұят 

дегенді жиып  қойып, демократия  ұранын 

дауылдатып, сол адамның шашбауын көтере 

жөнелетіні өтірік емес. Сонау ерте дүниеден 

бері келе жатқан бұл психологияның қашан 

жойыларын біле  қоймаймыз. Міне, біздің 

әріптесіміз де ойламаған жерден осындай 

тағдыр таразысына түсіп  қалғаны бар. 

Бірақ, халық деген  Ұлы күш Мақсым 

жағына ауып, ол жеңіп шықты. Жоғарының 

әлсіреп, төменнің бел ала бастаған шағы 

еді... 


Көп  ұзамай Семей сынақ полигоны 

мүлде жабылды ғой. Осы тұста адамзатты 

соғыс атты сұмдықтан  құтқарамын деген 

ізгі ойы кері шығып, өркениеттің оңбай 

адасуына алғы шарт жасаған Альфред 

Нобельдің тағы бір  қате түсінігін еске 

салғымыз келеді. Ол: «... динамит 

шығаратын менің заводтарым бейбітшілікті 

жақтап сайрайтын саясатшылардан гөрі 

соғысты сенімдірек тұншықтырады. Мен 

адамдарды жаппай  қырып-жоятын  қару 

жасадым, демек соғыстың еш мәнісі  қалған 

жоқ» деген еді. Оның ойынша: динамитпен 

қаруланғандар жаппай  қырғынға тәуекел 

ете алмайды да, бейбітшілік өзінен-өзі 

қамтамасыз етіледі. 

Иә, бейбітшілік сақшылары Альфред 

Нобель белгілеген сыйлықты ашып жатыр, 

бірақ  қауіпсіздікке деген сенім әлі де 

нық емес. Сонда да осынау бүкіл әлемдік 

ізгілікті іс ішінде өз әріптесіміздің жүргені 

қандай жақсы. 

* * * 

Одақ ыдырап, партия жұмысын 



тоқтатқан өтпелі кезең халыққа  қиын 

тигені белгілі.  Қоғамдық меншік жаппай 

жекешеленіп, кәсіпорындар жыбылып, 

ықшамдалып, капиталистік жолмен 

қайта  құрылып жатқан тұста Мақсым 

сол баяғысынша халқымен бірге болды. 

Кеңестердің орнына келген облыстық 

мәслихатқа депутат болып екі рет сайланды. 

Күрес бұл жолы да жеңіл бола  қойған жоқ. 

Бірақ Мақсым  Қарқаралысын  қалай адал 

сүйсе, халқы да оған адалдығынан таймады. 

Жеңіске деген үміт үзілерге тақаған ең 

шешуші сәтте де ол халқының арқасында 

мерейі үстем шығып жүрді. 

Депутат ретінде, сондай-ақ әлеуметтік 

азамат ретінде де аудан аумағында ол 

араласпаған күрделі мәселе кем де 

кем. Партиялық өктем де дара биліктің 

қауқары  қайтып, жергілікті басшылық 

әкімдер  қолына көшкен кезде ол Төлеутай 

Шахарбаев, Темірболат Мәжитов, Нихан 

Омарханов сыңды азаматтармен бірге қиын 

кезеңнің  қиямет-қайым ауыр міндеттерін 

бүкіл халық болып шешуге атсалысты. 

Кеңестік дәуірдің  ұзақ жылдарында ол 

тынымсыз күрескен тіліміз бен дініміз, 

салт-дәстүрлеріміз мәселелері тәуелсіздік 

жылдарында дұрыс шешілуі үшін  қаншама 

мақалалар жазып, 

қаншама сөздер 

сөйлемеді?! «Қарқаралы», «Орталық  Қа-

зақстаннан» бастап «Егемен  Қазақстан», 

«Заман», «Ана тілі» газеттерінде ондаған, 

жүздеген проблемалық мақалалары жа-

рияланды. Республика Журналистер одағы-

ның бірнеше дүркін сыйлықтарына ие 

болды. Шындық іздеп шырылдағандар 

Мақсымды табатын болды. Жан дүниесіне 

қандай зілмауыр салмақ түссе де, әділдік 

үшін арпалысудан танбады. Өмірбаяндық 

бір кітабының «Арпалыс» деп аталуы да 

содан. 


* * * 

Мақсым Омарбеков  қалам  қарымын 

біржақты ғана пайдаланып, әлеуметтік 

әділет мәселелерімен айналысты деп 

ойлайтындар  қателеседі. Билік басындағы 

азаматтардың халық мүддесінен тайып, 

қара басының немесе айналасының  қамын 

күйттеп кететін  қылықтары бүкіл  қауымды 

күйіндіреді, сондықтан да бұл мәселеде 

журналистердің алғы лекте болуы заңды. 

Бірақ, бүкіл елді алаңдатып отырған кө-

кейкесті проблема осы ғана ма? Әкімшіл-

әміршіл тоталитарлық, отаршылдық 

заманның батпандап кірген кеселін, 

мысқалдап шығарып жатқан жоқпыз ба? Біз 

әңгімелеп отырған журналист Мақсым осы 

түйінді мәселелерді бәрімізден де көбірек 

көтерген және жай ғана айтып, жазып  қана 

қоюмен шектелмей, түпкі нәтиже үшін 

күресе білген азамат.  Қарқаралы өңірінен 

шыққан, есімдері  ұмыт болуға айналған 

талай-талай қайраткерлерді халқымен қайта 

қауыштырды. Әсіресе, сонау 32-нің аштығы 

мен 37-нің  құрбандары туралы жазған 

дүниелерінің өзі ғана  қалың бір кітап. 

Елдікті, ерлікті, адамгершілік болмысы 

одалық деңгейге көтерген «Қарқаралы» 

газетіндегі оның  қызметі өңірдің тарихи 

шежіресі, хат бетіне түсіп  қалған мұрасы 

деп бағалануға тиіс. 

Өткен тарихты былай 

қойғанда, 

күні кеше ғана өмір кешкен, өңірге 

аты шыққан талантты ақын, жазушы, 

журналист Ғабдиман Игенсартов, Әбіжан 

Омарбаев, Әбікен Бақтыбаев ағаларының 

есімдерін мәңгі есте  қалдыру мәселелерін 

көтеріп, олардың мерейтойларын өткі-

зу, шығармаларын насихаттау, тұрған 

үйлеріне ескерткіш тақталар орнаттыру 

шараларының ішінде Мақсым да жүр-

ді. «Қарқаралы» газетінде  ұзақ жылдар 

қатарлас  қызмет істеген әріптес ағасы, 

жазушы Сапарғали Ләмбековтің шығарма-

шылығын насихаттауға да біраз тер төкті. 

Бұлардан сыртқары, өңірдің мәдениетіне, 

тарихына, мұраларына, табиғатын  қорғауға 

қатысты көтерген мәселелері  қаншама. 

Әсіресе, «Салтанат» ән-би ансамблінің, 

оның талантты өнерпаздарының жұмы-

сын аудан, облысқа ғана емес, бүкіл 

республикаға әйгілеп, танытты. Оны осы 

атақты өнер  ұжымының белді бір мүшесі 

деуге де болады.  Қарқаралылық даңқты 

сазгер, әрі әнші, мәдениет  қайраткері 

Қанат Мерсәлімов Мақсымның сөзіне 

«Менің 

Қазақстаным», «Қарқаралы» 



деген тамаша әндер жазды. Бұл әндер 

республикада шығатын әндер жинағына 

кірді, Астананың тұсаукесер тойында 

«Салтанат» ансамбілінің орындалуында 

бүкіл ел назарына ұсынылды. 

Туған халқының, туған жерінің жетістік-

жақсылықтарына шын жүрегінен  қуанып, 

кемістік-кемшіліктеріне  қайғыратын бұл 

әріптесімізді біз  Қарқаралының нағыз 

патриоты, өңірдегі 

қажырлы 

қоғам 


қайраткері деп білеміз. «Қарқаралы» 

газетінің  ұжымы, ондағы жас түлектер 

ардагер ағаларын орынды мақтан етеді. 

Серікбай АЛПЫСҰЛЫ, 

Қазақстанның  Құрметті журналисі. 

Орталық Қазақстан. - 2010. - 17 шілде. - 6 б. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал