Казкоммерц news розничный выпуск



жүктеу 0.66 Mb.

бет5/7
Дата04.03.2017
өлшемі0.66 Mb.
түріИнтервью
1   2   3   4   5   6   7

Подъездің 

барлық жерлері: 

қабырғалары, 

лифт, пошта жәшігі

пәтерлердің есіктері 

жабысып тұрған көңілге жағымсыз 

қағаздарға лық толы. Қағазда Жаңа 

жылда біраз шығынға ұшыраған 

тұрғындарға бір аптаның ішінде 15 

мың теңгеден 150 мың теңге пайда 

табуға болатын ұсыныс пен телефон 

нөмерлері жазылған. Міне, мен де 

бір нөмерді теріп, хабарласуды жөн 

көрдім. Телефон тұтқасының арғы 

жағындағы «Матрица Х» деп алатын 

корпорацияның бір ширақ ханымы 

әңгімені бірден мансапты бір мезетте 

қалайша  өсіруге болатыны жайлы 

әңгімелей бастады:

 — Мен сізді осы желіде жұмыс 

істеуге шақырамын. Шын мәнінде, 

бұл қалыпты, табысы мол әрі 

тәуекелдігі төмен бизнес болып 

табылады. 

— Сонда нені сату керек? 

— Біз ештене сатпаймыз. Бізде 

өнім бар, алайда біз сатылыммен 

айналыспаймыз. 

— Сонда тек ақшаны әкелу

керек пе? 

— Ия, бизнеске кіру 100 долларды 

құрайды. 

— Бұл қаржы пирамидасы ма?

— Пирамида емес «Матрица». 

Пирамида мен матрицалық цикл — 

бұл мүлдем екі бөлек нәрсе.

— Түсінбедім, түсіндіріңізші.

— Телефон арқылы қалайша бәрін 

түсіндіремін?

— Ал мені ақшаны оның қалайша 

тиімді болатынын түсінбей жатып, 

құр апарып бере саламын ба? 

Соған қарағанда мен бұл 

корпорацияға хабарласқан ең 

алғашқы адам болған ұқсаймын. 

Сол себепті, сұхбаттас келіншек 

ықтимал «клиентті» жоғалтып 

алмас үшін дауысын сәл өзгертіп, 

корпорацияның лицензиясы 

мен салық төлеушінің куәлігі әрі 

Алматыда ресми кеңсенің барын, 

мА

ңызды

Бұл өте маңызды 

Қр «ҚАзАҚстАН респуБлИкАсыНың кейбір 

заңнамалық актілеріне қаржылық (инвестициялық) 

пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері 

бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 

Заңы 2014 жылдың 4—ші ақпанында заңды күшіне енді. 

Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 16-шы 

шілдесіндегі № 167-1 Қылмыстық Кодексі ҚРҚК 177-

1 бабымен бекітілген қаржылық (инвестициялық) 

пирамиданы құру немесе басқару әрекеті қылмыстық 

жауапкершілікке тартылатыны жөнінде қылмыстық 

нышандар құрамымен толықтырылды.  

Сондай-ақ, заң шығарушы қаржылық 

(инвестициялық) пирамиданың толық анықтамасын 

берді (ҚР ҚК 177-1 бабына ескерту). 

Сонымен, қаржылық (инвестициялық) пирамида 

дегеніміз ақшалай қаражатты тарту мақсатында 

құрылым қатысушыларын кірістермен қамтамасыз 

ету әдісі. Пирамиданың алғашқы қатысушыларының 

кірістері келесі құрылымға кірген қатысушылардың 

салымдары негізінде төленеді.



37

КАЗКОММЕРЦ NEWS

Корпоративтiк журнал

36

Кантар-акпан 2014



№1–2 (122–123) 

Мен диктофонға жазылған 

сұхбатты да әдейі жазып отырмын. 

Корпорация ханымының барлық 

жауаптары пирамидалық 

құрылымды айқындап тұр. Бұл 

сипаттамалар жазбаша әдебиеттер 

мен ғаламторда да кеңінен 

жазылған. Бұл жөнінде бір жыл 

бұрын ҚР Ұлттық Банкісі де 

арнайы хабарламаларды жіберген 

болатын. Алайда, тағы да қайталап 

кетудің уақыты келген сияқты. 

Сонымен пирамиданың негізгі 

сипаттамаларының бірі мынау —  

кіріс өндірістік немесе заңды 

қаржы әрекеттерінен емес, 

басқа адамдардың енгізген 

салымдарынан құралады. 

Бұл мақсат, мен айтқан 

«корпорацияның» сайтында 

ашықтан ашық жазылған, яғни 

«әр серіктестің мақсаты осындай 

құрылымды құрып, оның өсуіне, 

кейін одан табыс көзін алуға 

бағытталған». Пирамидалық 

құрылымының сипаттамалары 

мұнда да басқа сөздермен 

(терминдермен) әрі бәрі заң 

жүзінде және өте жоғарғы табыс 

көзі деп жасырылған. Алайда, 

мұнда жазылғандай: «Құрылымға 

бірден түкеннен соң, сіз ең төменгі 

бос сатыға орналастырыласыз. 

Сіздің серіктестеріңіз сізден 

кейінгі сатыларға келеді. Сіздің 

серіктестеріңіз сіз секілді 

әрқайсысы тағы да екі адамнан 

әкелуі керек. Сонымен 8 адам 

толғанда саты екі бірдей басқышқа 

бөлініп, дәржелерге сәйкес 

жоғарыдан төмен, оңнан солға 

қарай, тартылған адамдардың 

санына қарай орналастырылады. 

Ең жоғарғы сатыда орналасқан 

серіктес бастапқы сатыдан ақырғы 

сатыға дейін көтеріледі де 80000 

теңге көлемінде сыйақы алады. 

Басқыш бөлінгеннен соң, тағы да 

8 адамнан құрылған екі басқыш 

пайда болады. Оларды да 8 адамға 

толықтыру қажет». Классикалық 

пирамида екі басқышқа бөлініп 

кетті. Мұнда қолданылған жаңа 

терминдер — басқыш, матрица, 

жүйе, алайда, мәнісі өзгерген емес. 

Пирамиданың тағы бір 

сипаттамасы — ол өнімнің 

болмауы, немесе бар болғанның 

өзінде оны ешкім қолданбайды. 

Мен айтып кеткен «жұмыс 

берушіде» швейцарияның 

сағаттары бар екен. Шынымды 

айтсам, оны сатып алуға, сыйақы 

ретінде алуға тіпті біреуге сатуды 

көздегенім жоқ. Оның үстіне, 

белгісіз бір өнімді белгісіз жүйе 

арқылы қыруар қаржыға сатып 

алуды ойлайтын жан жоқ шығар. 

Сонымен қатар, пирамиданың 

тағы бір сипаттамасы ретінде 

айта кетерлігім, өнімнің тым 

қымбат болуы. «Клубтық жүйе» 

бойынша жеңілдік дегеніміз де 

пирамиданың бір сипаттамасы. 

Мен тіпті осы корпорацияның 

құрылымына кіретін 

турфирманың атауы мен қызметін 

анықтамақ болдым, өкінішке 

орай сайттағы тетіктер жұмыс 

істемейтін болып шықты. 

Пирамидалық «бизнес» 

сипаттамасының тағы бір түрі 

ол салым сомасына жоғарғы 

пайыздық сыйақының төлемі 

болып табылады. Төлемдердің 

түсініксіз маркетингтік жоспары, 

салымдарды қайтарудағы 

кепілдіктің жоқтығы және шегі 

жоқ уәждемелер. Оның үстіне 

міндетті түрде аңқауларды 

тарту. Және тек осы шарттар 

орындалғанда жаңадан тартылған 

әр қатысушының салымынан 

сыйақы алу. Күмән келтіретіні 

ұйымының қаржысы, кірістің 

көзі, қаражаттың жылжуы, 

бизнес-жоспары, шынайы немесе 

қаржы секторына шынайы 

инвестициялары туралы 

ақпараттың жоқтығы.

Мамандар осы іспеттес 

матрицалық тәсімге қатысу үшін 

ең бастысы үш қарапайым сұраққа 

өз-өзіне жауап беруге кеңес береді. 

1. 

Егер де ақша табуды 

көздемесеңіз, сіз осы компанияның 

тауарын сатып алып, қызметін 

пайдаланар ма едіңіз? 

2. 

Тауарды әдеттегі нарықта 

пайдасымен сатар ма, едіңіз? 

3.

 «Есік» жабылғаннан соң, 

компанияға ең соңғы кірген 

адаммен не болмақ? 

Және тағы да. Міне, осының 

бәрін біле тура сіз тәуекелге 

барып, оның қармағына ілінсеңіз, 

есіңізде болсын, пирамида немесе 

матрицаның өмірі қысқа. Сонымен 

қатар, мұндай құрылымның 

қаржы тиімділігі мерзімге 

байланысты: құрылымды салу 

мерзімі сәтті болады. Ең алғашқы 

қатысушылары өздерінің еңбектеп 

тапқан 2–3 төлемдерін алуы 

мүмкін. Кейіннен «ең жоғары» 

кезең, қаржылай кірістің жылдам 

құюлуы басталады. Мәселен, 

«МММ» клиенттері үшін мұндай 

кезең құзырлы органдардың 

бағасы бойынша екі-үші аптаға 

созылған. Үшінші кезең — күйреу. 

Ал төртіншісі — ең қиыны, шексіз 

кезең, өзіннің тапқаныңды 

қайтару. 

…математикада дәлелдеуге қажетті 

демекші, пирамида құрушылар, 

математикалық терминология мен 

бизнестің терминдерін әрі қарай игеріп, 

өте тез өзгеріп шыға келді

мА

ңызды


39

КАЗКОММЕРЦ NEWS

Корпоративтiк журнал

38

Кантар-акпан 2014



№1–2 (122–123) 

Икемді бірақ аз, қатаң бірақ 

көп болғаны жақсы ма?

2014 жылы Қазақстанның депозиттік нарығындағы 

үрдістер қандай болмақ? Депозиттердің шарттары өзгере 

ме? Депозитті қай валютада ашқан тиімді? Салымшыларды 

толғандыратын мәселелерге банктің басқарушы директоры 

Әділ Батырбеков жауап береді

— Бүгінгі күні 

қазақстандықтардың 

арасында қаражатты 

ұзақ мерзімге салуға 

әрі комиссиясыз және 

ешбір шығынсыз мерзімінен бұрын 

ақшаны бөлшектеп алуға мүмкіндік 

беретін «икемді депозиттер» кеңінен 

танымал (олар Қазкоммерцбанктің 

өнімдерінің желісінде «Еркіндік» және 

«Зейнеткерлік» салымдары).

Барлық банктердің депозиттер 

бойынша икемді шарттарды ұсыну 

тәжірбиесі кезінде депозиттік 

Депозиттер бүгінгі күні банктер 

үшін несие берудің негізі қоры 

болып табылады, сол себепті 

банктер үшін қорландыру негізінің 

өзгеріп тұру тәуекелдігінен аулақ 

болуы маңызды. 

Менің ойымша, банктер 

бөлшектеп алу депозиттері мен 

мерзімінен бұрын бөлшектеп алуға 

болмайтын, болмаса оны бөлшектеп 

алған уақытта айыппұлды төлеуге я 

мүмкіндіктері шектеулі депозиттер 

түрлерін біртіндеп саралау 

(ранжирлеу*) жағына көшеді. Біз 

бұл процессті бастап кеттік. Басқа 

банктер да бұл іске ілеседі деп 

ойламын. 

Сол себепті, біз депозиттік 

мөлшерлемелер бойынша көптеген 

түрлі нұсқаларды ұсынатын 

боламыз әрі икемді салымдар мен 

тиянақталған мерзімге (жедел) 

салынған депозиттер арасында 

саралау бағытына жылжыймыз. 

Біз теңгеде жағымды 

мөлшерлемелерді ұсынуды 

жалғастырамыз. 

Айта кететін бір жайт

заңнамаға сәйкес, банк депозиттің 

тиянақталған мерзімге салынғанына 

қарамастан салымшыға мерзімінен 

бұрын ақшаны қайтаруда бас 

тарта алмайды. Бұл жағдайда банк 

белгіленген айыппұлдарды ғана 

қарастыра алады, алайда ақшаны 

қайтаруға міндетті.  



— депозитті қай валютада ашқан 

тиімді? 

— Маған бұл сұрақты өте жиі 

қояды. Шын мәніне келетін болсақ, 

бұл соншалықты оңай сұрақ емес. 

Бұл жөнінде қаржы маманының 

екі көзқарасы бар. Хеджерлеу 

(ағылшынның hedging сөзінен 

шыққан — қоршау, сақтандыру 

деген мағынаны білдіреді) — 

валюталық тәуекелдіктен сақтау. 

Және де алыпсатарлық деген 

мағына бар, яғни болжамдағы 

ойлардан пайда табуды көздейді. 

Хеджерлеу — күтпеген әрекеттерден 

қорғайды, ал алыпсатарлық қашанда 

тәуекелділікпен байланысты: бір күні 

бәрін жоғалтып алу қатері бар. 

Валютаны таңдау ең біріншіден 

салымшы шығындарының мақсаты 

мен құрылымына байланысты: 



1.

 Депозитті азық-түліктер, 

тұрмыстық химия, киім-кешек 

және күнделікті қажетті заттар мен 

тұрмыстық техниканы сатып алуға 

күнделікті сатылымдар жүргізілетін 

валютада, бір сөзбен айтқанда теңгеде 

ашқан дұрыс. 



2. 

Егер де алдыңызда пәтер сатып 

алу мақсаты тұрса, онда әдетте 

қазақстандық нарықта пәтерлерді 

сату немесе сатып алулар доллармен 

жүргізілетінін ескеру қажет. Оның 

үстіне клиент девальвация кезінде 

оның жинақтаған сомасы бірден 

20–30% төмендегенін қаламаса, онда 

салымды доллармен сақтауы қажет. 



3.

 Ал егер де, Еуропаға саяхат 

жоспарланған болса, онда салымдарды 

еуромен ашқан абзал. 

Бір сөзбен айтқанда адамның 

келешекте болатын шығындары 

доллар мен еуроға байланысты болса, 

онда әрине кез-келген валюталық 

тәуекелдіктерден сақтану үшін өз 

салымдарын сол валютада ашуы тиіс. 

Ал егер де сіз депозитті дұрыс 

таңдаған болсаңыз, онда өз 

қаражаттарыңызды тиімді жұмсап, 

белгіленген мақсаттарға жетесіз.

 Сонымен қатар, депозитті ашу 

үшін қомақты қаражат қажет деген 

стереотиптен арылу қажет. Алдыңа 

қойған мақсатқа кіші әрі сенімді 

қадамдармен жеткен дұрыс. 

Естеріңізге сала кетейік, 

Депозиттерді кепілдендіру 

қазақстандық қоры 2013 жылдың 

1-ші қарашасынан бастап 

валюталық депозиттер бойынша 

максималды мөлшерлемелерді 

5,5%-дан 4,5% дейін төмендетті. 

Ал теңгелік депозиттердің 

максималды пайыздық 

мөлшерлемесі өзгермеді және 9,0% 

дәрежесінде қалды. 



Ал егер де сіз депозитті дұрыс 

таңдаған болсаңыз, онда өз 

қаражаттарыңызды тиімді жұмсап, 

белгіленген мақсаттарға жетесіз

1

3

4

2

ОНдА Homebank арқылы 

карталық шоттан ЭСҚ-сыз 

«Еркіндік», «Зейнеткерлік», 

«Үздік» депозиттерін толықтыру 

мүмкіндіктерін пайдаланыңыз! 

Homebank арқылы картадан 

депозитті толықтыру үшін 

ҚАрЖы — ОперАцИялАр — 

сАлымдАр — кАртАдАН 

сАлымғА АудАру 

ҚАдАмдАрыН өту ҚАЖет.

 

Ашылған тізімде қажетті 



депозитті таңдап, аударма 

сомасын көрсетіп, растайсыз. 

Қазірдің өзінде «Депозиттерді 

толықтыру» қызметі бойынша  

100000000 теңге аударылған. 

Сондай-ақ, қаражатты ағымдағы 

шоттан картаға ЭСҚ-сыз аудару 

мүмкіндігі қосылған. 

Айта кетерлік тағы бір жайт, бір 

клиенттің шоттары арасындағы 

аудармалар үшін және картадан 

депозитке, ағымдағы шоттан 

картаға аудармалар үшін 

комиссия алынбайды.



сіз Қазкоммерцбанкте 

депозит аштыңыз ба?

*ранжирлеу – тәртіпті дәрежеге,

  беделге байланысты тағайындау

Б

нарықта пайда болған бәсекелестікке 



байланысты пайда болған. Алайда, 

Батыста, дамыған нарықта «икемді 

депозиттер» ұсынылған жағдайдың 

өзінде, оларға берілетін пайыздық 

мөлшерлемелер өте төмен. 

Әрине банк үшін үлкен 

айырмашылықтар бар, ол қатаң 

шарттары бойынша белгілі мерзімде 

сақталған ақшаға сену немесе 

салымшымен бір жылдық келісімге 

қол қойылған соң, салымшы үш ай 

өткен соң барлық салымды қайтарып 

алу сынды белгісіз жағдайда қалуы. 

т

О

п-ме

Н

ед

Ж

ерме

Н

 с

ұ

х

БА

т

Ж

А

ң

А

р

тп

А

л

А

р


41

КАЗКОММЕРЦ NEWS

Корпоративтiк журнал

40

Кантар-акпан 2014



№1–2 (122–123) 

«Менеджер — бұл стратегияны көру 

   қабілеттілігі бар, алдыңғы бағытты біліп, екпінді 

   қашан өзгерту керектігін сезініп, төменде 

   жатқан шешімдерді іздей алатын

   кәсіби маман»

Ариф Бабаев Қазкоммерцбанктің 

басқарушы директоры болып 

тағайындалды. Қазақстандық ABN 

AMRO және RBS еншілес банкілерде 

трейдерден бастап Басқарма 

төрағасының орынбасарына дейін 

еңбек жолын өткен 30 жастағы 

Ариф Бабаевтың 10 жылдық еңбек 

тәжірбиесі бар. Басқарманың 

жаңа мүшесі Казкомда банктің 

қазынашалық, инвестициялық 

қоржын, өтімділікті басқару, 

қазынашылық операциялар 

мен тәуекелдерден сақтандыру 

бойынша клиенттердің маңызды 

байланыстарды басқарады. 

Назарыңызға, Ариф Бабаевтың 

банктің баспасөз қызметіне берген 

сұхбатын ұсынамыз.

БасПасөз қызМеті: 

Ариф, Сізді 

басқарушы директоры лаузымен 

құттықтауға рұқсат етіңіз. Сіздің 

жасыңыз 30-да, ал Казкомдағы 

қызметкерлердің орташа жасы 

33-те. Міне, осыған байланысты 

біздің әріптестерімізде Сіздің аз 

уақыт ішінде банк секторында 

мансапқа жетіп, шетел банкісінде 

кейін еліміздегі ең ірі отандық 

банкінде топ-менеджері болып 



аРИФ БаБаеВ,

қазкоммерцбанктің басқарушы 

директоры:

тағайындалғаныңыз қызықтырады, 

сол туралы айта кетсеңіз.

ариф Бабаев: 

Құттықтауларыңызға 

рахмет. Казком командасының бір 

мүшесі болғаныма мен аса құрметпен 

қараймын. Алғашқыда мен өзімнің 

құрдастарым сынды АBN AMRO-да 

қарапайым тәжірбие жинақтаушы 

(стажер) болдым. Сол кезде банктің 

қызметі туралы да аз білетінмін. Әр 

департаменттерде стажер болдым, 

біраз ай өткеннен соң мені ресми 

түрде жұмысқа алды. Таңба мен 

өз қолымды қойып төлемдерді 

қабылдадым, бұл жұмыс әрине өте 

маңызды, алайда ол біркелкілік әрі 

шыдамдылықты қажет етеді.  

Кейіннен әдетте жиі болатындай 

сәтті жағдай орын алды. Банкте 

бір жарым жыл стажерлік қызмет 

істеп жүргенімде қазыншылық 

департаментінде бос орын шығып 

мені кіші трейдер қызметіне 

шақырды. Екі жылдай валюталық 

нарықта қызмет істеп, көп тәжірбие 

жинақтадым. Кейіннен ақша, құнды 

қағаздар нарығында жұмыс істеп, 

банктің өтімділігін басқардым. 

...Бір қызығы мен ең алғаш 

мәмілемді Қазкоммерцбанкпен 

жасаған едім. Оның үстіне бұл мәміле 

жергілікті нарықта «доллар-теңге» 

жұбындағы ең алғашқы опцион 

болатын. Біз сол кезде Казкомның 

командасымен етене жұмыс 

жасадық, онда мықты команданың 

қалыптасқанын, деривативтерді 

жақсы түсінетін, тәуекелділікке 

барып, жаңашылдыққа ұмтылған 

жігіттерді көрдім. 

Бұл тәжірбие жинақтаудың 

уақыты еді. Мен ірі құрылымдық 

мәмілелер бойынша жұмыс жасадым. 

Өтімділікті басқару, жалпы бизнес 

бойынша ірі клиенттермен байланыс 

жасап тұруым қажет болатын. 

Біз ақшаны басқару, валюталық, 

пайыздық және нарықтық 

тәуекелділіктерді және шикізат 

тауарларына бағалардың өзгеру 

тәуекелділіктерді минимизациялау 

турасында ірі мемлекеттік 

холдингтерге кеңестер бердік. 

Мен үшін бұл жұмыстар өте 

қызықты болатын, тіпті уақыттың 

өткенін, алғашында департамент 

директоры, ал кейіннен банк 

төрағасының орынбасары 

болғанымды да білмей қалдым. 

Менеджер — бұл иерархиядағы 

әдеттегі бір орын емес, артықшылық 

емес, бұл үлкен жауапкершілік. 

БасПасөз-қызМеті: 

Сіз Қазақстан 

— Америкалық университетін 

үздік тәмамдап, кәсіби тәжірбие 

жинақтадыңыз. Ал, менеджерлік 

ептілігіңіз тәжірбиемен жинақталды 

ма, әлде бұл бойыңызға қалыптасқан 

қасиет па? 

  

ариф Бабаев: 

Студенттік кезеңге 

дейін мен адамдармен тіл табысу 

жағын көп ойлаған емеспін, кейін 

уақыт өте бұл мықты құрал екенін әрі 

оның бәсекелестік артықшылығын 

түсіндім. Мен адамдарды түсінуге, 

тыңдауға тырысамын, қорытынды 

жасап, бұл адамға қалай көмектесе 

аламын, егер де әңгіме жұмыс 

турасында болса, оны жақсарту 

үшін не істей аламын деп көп 

ойланамын.  Менеджерлік ептілік 

бойыма біткен қасиет болар, неге 

десеңіз, мен нәресте кезімнен нені 

қалайтынымды, қандай шыңдарға 

жететінімді білетінмін. Алайда, 

менеджерлік жұмысқа үйрету 

әрине оңайға соқпайды. Бұл жұмыс 

түсіністік пен сезінуді қажет етеді. 

Стратегиялық ойлау қабілеттің 

болуы және тұлға, жетекші ретінде 

қалыптасуда өзіне қашанда сыни 

көзқарастың болуы өте маңызды. 

Егер де қасындағы әріптестерінің 

сенен нені күтетіні жайлы білсең, әрі 

механизмнің сағат сынды жұмысын 

білсең, онда барлығы да ойдағыдай 

болады. Ал, қарым-қатынас, 

коммуникация технологиясы уақыт 

өте түзетіледі. Мұны арнайы семинар 

мен курстарда үйренуге болады.  

Менеджер — бұл иерархиядағы 

әдеттегі бір орын емес, бұл адамның 

алдыңғы бағытты білуі, екпінді 

қашан өзгерту керектігін сезінуі, 

әріптестеріне мәселелерді шешуге 

көмектесуі, есіктерді ашып, төменде 

жатқан шешімдерді іздеу болып 

табылады. Заңнама бойынша да, өмір 

бойынша да бұл артықшылық емес, 

үлкен жауапкершілік. Оның үстіне 

бұл жауапкершілік сізге ыңғайсыз 

болмауы керек. Мұндағы әңгіме күш-

қайратта емес, тәуекелділікті дұрыс 

есептей білуде және өзіне деген 

сенімде болмақ. 

Мансап сатысы арқылы бойында 

ептілігі мен ынтасы бар әр адам 

көтеріле алады. Тек алдыңа қойған 

мақсатқа жету керек. Егер де, сен 

өзінің бойында жұмыс берушіне, 

сондай-ақ өзіне пайда әкелетін 

мүмкіндігіңді сезінсең; егер де, 

компанияның жұмысына тиімді 

үлесіңді салсаң, онда мұның барлығы 

сенің мансабына да әрекет етеді. Ең 

бастысы, біреу сыйлық береді екен 

деп күтудің қажеті жоқ, барлығы тек 

сенің қолында екенін түсініп, тиімді 

жұмыс істеу қажет. 

Басшыда стратегиялық 

көзқарастың болуы өте маңызды, 

барлығын саралап, дәл қазіргі 

уақытта пайдалы әрі жұмыс 

жасайтын басымдықтарды түсініп, 

дұрыс жолға қоя бiлу керек.   

Пайда әкелетін, қажетті 

бағыттағы басымдықтарды 

дұрыс қоя білу — менеджердің 

жұмысындағы ең маңыздысы. 

Ағымдағы жағдай турасында 

барлық ақпаратты, бағытты білу, 

серіктестерімен осы жайында сөйлесу 

де өте маңызды. 

 

БасПасөз-қызМеті: 

Қазкоммерцбанктің жаңа топ-

менеджері ретінде мақсатыңыз 

қандай? 

ариф Бабаев: 

 Мен Қазынашылықты 

банктің ең қажетті мүшесі — 

жүрегі ретінде көремін. Өйткені, 

біз өтімділікті — банктің қаны 

үшін жауаптымыз. Оған «кредит 

берушілер», операциялық 

департамент пен банктің қаржылық 

тұрақтылығы тәуелдi. Біз, банктің ең 

негізгі функциясы болып табылатын 

экономиканың спецификасын ескере 

отырып валюталық операцияларға 

жауап береміз. Біз, клиенттерге 

қызмет көрсетуге көмектесеміз және 

біздің мақсатымыз оны жоғарғы 

деңгейде орындау. 

Егер де бізге клиенттер 

өз сенімін білдіріп, бізге өз 

ақшаларын сеніммен орналастырса, 

конверсиялық операцияларды 

жасауға, өнімдерді пайдалану 

жүйесін кеңейтуге көмектесуге 

мүмкіндікті берсе, инвестициялауды, 

жаңа өнімдерді шығаруға дайын 

болса, онда бұл потенциалды 

пайдаланып, клиентімізге бірге өсуге 

көмектесеміз. 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал