Казахской национальной консерватории им. Курмангазы



жүктеу 5.1 Kb.

бет8/14
Дата12.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

 
 
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1.  Элиот  Т.  Традиция  и  индивидуальный  талант.//  Называть  вещи  своими  именами:  Программные 
выступления мастеров западноевропейской литературы ХХ века. – М:Прогресс, 1986. – С.476-483. 
2.  Жирмунский  В.  Эпическое  сказание  об  Алпамыше  и  «Одисея»  Гомера.//  Сравнительное 
литеатуроведение. Восток-Запад. – Л.: Наука, 1979. – С. 314-335. 
 
REFERENCES 
 
1.  Eliot T. Tradicija i individual'nyj talant.// Nazyvat' veshhi svoimi imenami: Programmnye vystuplenija 
masterov zapadnoevropejskoj literatury XX veka. – M: Progress, 1986. – p.476-483. 
2.  Zhirmunskij V. Epicheskoe skazanie ob Alpamyshe i «Odiseja» Gomera.// Sravnitel'noe liteaturovedenie. 
Vostok-Zapad. – L.: Nauka, 1979. – p. 314-335. 
 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
56  
А. Б. НАУРЗБАЕВА 
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, ƏГП кафедрасының профессоры, философия 
ғылымдарының докторы 
 
РУХАНИ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ САБАҚТАСТЫҚ АСПЕКТІСІНДЕГІ МƏДЕНИЕТ ОНТОЛОГИЯСЫ 
 
Түйін: 
Мақала дəстүр сабақтастығын мəдениет болмысының негізі ретіндегі өзектілігін қозғайды. Мəдениеттің 
дамуы мен оның түсінігі дəстүрдің сұрыпталуы жəне жаңа мəнін зерттеу ретінде қарастырылады. Дəстүрдің 
түпкі  мазмұны - рухани  жəне  адам мен  халық  танымының  болмысы,  олардың  құндылық  бағыттары болып 
табылады.  Бұл  мəселелер  номадтық  тəжірибесі  басты  болып  табылатын  қазақ  жəне  қырғыз  мəдениетінің 
рухани-эстетикалық материалында жарық көрген. М.О.Əуезов пен Ш.Айтматов шығармашылығында дəстүр 
құндылықтарын жаңаша ойлау жəне оны дауыспен ажыратуға қабілетті шығармашлық рух күші ашылады.  
 
Тірек сөздер: дəстүр, номадтық тəжірибе, сабақтастық, мəдениет онтологиясы. 
 
A.B. NAURZBAYEVA 
Doctor of Philosophy, Professor of Social and Humanitarian sciences department  
of Kurmangazy Kazakh National Conservatory, 
 
ONTOLOGY OF CULTURE IN ASPECTS 
OF SPIRITUAL AND AESTHETIC SUCCESSION 
 
Summary: 
Article highlights the issue of the tradition continuity as the basis of culture existence. Development of culture 
and its phenomena regarded as selection of tradition and search for its new meanings. The key content of tradition is 
meant as spiritual and world-viewing coordinates of human and people existence, their value orientations. These 
issues are covered in the spiritual-aesthetic traditions of Kazakh and Kyrgyz culture, the core of which is its nomadic 
experience. On the example of M. O. Auezov’s and Ch. Aitmatov’s creativity strength of the creative spirit, able to 
take a new look on indestructible values of tradition and give it a voice that must be heard, is revealed. 
 
Keywords: tradition, nomadic experience, continuity, ontology of culture. 
 
 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
57 
ƏОЖ 1(574) (091) 
 
БЕРІК АТАШ 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, философия 
ғылымдарының докторы 
 
ҚОРҚЫТ АТА КҮЙЛЕРІНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ 
 
Мақалада  Қорқыт  Ата  өнері  жай  ғана  саз  емес,  терең  мағыналы,  өзінің  ішкі  сырын  əлі  де  аша  түсуді 
қажет ететін əлемдік үйлесімділіктің əуеніне келіп тоғысатыны туралы қарастырылады.  
 
Тірек сөздер: Қорқыт Ата, қобыз, философиялық мазмұны, күй, саз, əуен, тарих. 
Ключевые слова: Коркыт Ата, кобыз, философское содержание, кюй, музыка, мелодия, история. 
Keywords: Qorqyt Ata, qobyz, philosophical content, kuy, music, melody, history. 
 
ІХ-ХІІ  ғасырлардағы  түркі  халықтарының  рухани  өрлеуі  мен  ренессанстық  кезеңінің 
бастауында  оғыз-қыпшақ  ұлысының  ойшылы – Қорқыт  Ата  жатыр.  Қорқыт  тек  данышпан  ғана 
емес,  қобызшы,  жыршы,  хан  кеңесшісі,  бақсы  т.б.  көпқызметті  жəне  тарихи  тұлға,  əрі  аңыз 
кейіпкері.  Сондықтан,  оның  дүниетанымы  натурфилософиялық,  мифтік,  діни,  философиялық 
танымның  түбірлестік  бірлігін  құрайды.  Оның  философиясының  қайнар  көздері 12 жырдан 
құралған  «Қорқыт  ата  кітабы»  мен  оған  енгізілген  даналық  сөздері,  Қорқыт  туралы  аңыздар  мен 
оның  күйлері  жəне  шығу  тарихының  мазмұны  болып  табылады.  Ендеше,  біз  осы  тұста, 
бабамыздың күйлерінің ішкі мағынасын ашуға бет бұрып, оның философиялық негіздерін сараптап 
өтпекпіз. 
Бабамыздың  күйлерінің  жиынтығындағы  жəне  орталығындағы  негізгі  идеялардың  бірі – 
өлімнен қашып, өлмес өмірдің кілтін күй сазынан тапқандай болуы. Аңыз оқиғаларындағы негізгі 
сарын: Қорқыт Ата қобыз аспабын үздіксіз тартып, өлімді əуен арқылы жақындатпай отыруы тиіс 
болған еді, бірақ, шаршап сəл қалғып кеткен сəтте, өлім қара құрт, кейбір деректерде жылан болып 
келіп  шағып  өлтіргендігі  туралы  оқиғалармен  мəндес  болып  келеді[1,14б.].  Ендеше  бұл  тұста, 
Қорқыттың  қандай  күйді  орындағандығынан  гөрі,  оның  ішкі  мазмұны  мен  сарындарындағы 
философиясы біз үшін маңыздырақ болып шығады.  
Қорқыттың өлімнен қашу туралы аңызында жəне саздың мазмұнында – болу мен болмау, өмір 
мен  өлім,  мəңгілік  пен  өткіншілік,  материя  мен  рухтың  қайшылығы  сияқты  мəселелер  толғаныс 
табады.  Қорқыттың  өлімнен  қашу  құбылысы,  өлімнің  ең  түпкі,  ақырғы,  субстанциялық  қайғы 
екендігін негіздеп, адамзатқа өмірсүйгіштік идеалын паш етеді.  
Келесі  кезекте,  бұл  түйткілдерді  былайша  нақтырақ  тарқатып  айтып  өтуімізге  болады.  Ол 
жалпы тіршілік пен адамзат алдында Осы Дүниеде Болу, Бар Болу игілігі мен бақытын əйгілейді, 
түркі ұрпақтарына өмірдің құндылығын бағалай білуді үйретеді. Мысалы, дүниеге келуі тиіс, бірақ 
кейбір  сəтсіздіктер  мен  тарихта  жарық  дүниені  көре  алмай  қалған  жандар  қаншама  екендігін 
ескерсек жəне олардың енді ешқашан да осы əлемді көре алмайтындығына қайта оралсақ, ең негізгі 
арғытүп  бақыттың  өзі – Бар  болу  екендігі  туралы  тұжырым  алынады.  Ал  Болмау,  мəңгі  қайта 
оралмау – үмітсіз, түпсіз, тұңғиық үрей алып келетін жағымсыз мəнді эмоционалдық құбылыс. Бұл 
–  адам  мен  тіршілік  үшін  өлім  мен  өмір  мəселесінің  қайшылығын  туындатады.  Ал  материя  мен 
рухтың  қайшылығын  Қорқыт  сарындары  бойынша  былайша  нақтырақ  таразылап  өтуге  болады. 
Адамды  жан  (рухани  құбылыс)  мен  тəнге  (материялдық  нəрсе)  ажыратып  қарасақ,  оның 
физиологиялық  денесінің  əлдеқашан-ақ  уақыты  келген,  қартаю  үдерісі  арқылы  тозығы  жеткен, 
демек, ол өлімге, мəңгілік болмыссыздыққа бет алған, тіпті басқаша баламасы болуы мүмкін емес 
жағдайдағы  өзінің  қайтымсыз  беталысынан  шыға  алмақ  емес.  Ал  сана,  ой,  рух,  ниет  өлімді 
қабылдағысы  келмейді,  тəнінің  физиологиялық  тозығы  жеткендігін  мойындағысы  жоқ,  жүйрік-
арманшыл  сана  өз  тəніне,  осы  тұста,  риза  болмаушылық  қатынас  орнатады.  Міне,  шартты  түрде 
алынған, тəн мен рухтың қайшылығы дегеніміз де – осы.  
Адам  өмірінде  əр  түрлі  қайғылы  оқиғалар  мен  сəтсіздік  жағдайлар,  мұңды  ахуалдар  мен 
өкінішті жағдайлар жиі кездеседі, бірақ олардың қайғылылық деңгейі өлімнің алдында түкте емес 
десе  де  болады,  тіпті  өлімнен  асқан  қайғы  жоқ  болғандықтан,  ол  бүкіл  қайғылылықтың  ядросы, 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
58  
түпнегізі  болып  табылады.  Сондықтан  да,  Қорқыт  Ата  оны  түбегейлі  түрде  жоққа  шығарады. 
Түптеп келгенде, бұл өмірді сүйе білудің абсолютті үлгісін паш етеді. Қорқыт күйлеріндегі бұндай 
түп мазмұндар бір қарағанда, өмірден түңілушілік туғызатын бағыт сияқты болып көрінеді. Бірақ 
оның  күй  сарындарының  мəні – пессимистік  өлім  философиясы  емес,  оптимистік  өмір 
философиясы:  формасы – сарыуайымшылдық  экзистенциалистік,  мазмұны – шабытты 
экзистенциалдық.  Себебі,  мұнда  өмірден  түңілушілік,  оны  жек  көру  емес,  керісінше,  өмірге 
тойымсыздық пен шабыт, өмірдің əрбір сəтін бағалай білу, уақыттың құндылығын ардақтау сияқты 
идеалдар  паш  етіледі.  Сəйкесінше,  өмірдің  құндылығы:  қайтымсыздығы,  баламасыздығы, 
жалғыздығы  арқылы  тиянақтала  түсетіндігін  ескерсек,  Қорқыт  Ата  толғанысының  мəні  де 
толығырақ ашыла түседі. Ол, екінші бір қырынан алғанда, мəңгі жан туралы мистиканы, жазылып 
қойылған  тағдыр  туралы  түсінікті  жоққа  шығаратын  еркін  ойлы  философ  қана  емес,  бақсы 
болғандықтан, өзінің ырқы арқылы болмай қоймайтын өліммен күреседі.  
Ол өлімді жеңді ме, əлде жеңген жоқ па? – мəселе, мүлде мұнда емес, біріншіден, мəңгі өмірді 
жасауға  құлшынған  бүкіл  адамзат  тарихындағы  ұмтылыстардың  «ол  мүмкін  емес,  əуреленбей-ақ 
қойыңдар» деген нəтижесі, соңғы шешімін айтушы, екінші бір қырынан алғанда, өмірге құштарлық 
биофилиясын негіздеуші тұлға.  
Бүгінгі  таңдағы  еліміздегі  өзін-өзі  өлтіру  құбылысының  саны  жастар  арасында  артып 
отырғандығына  назар  аударсақ,  Қорқыт  атаның 99 жасқа  жетсе  де,  өлгісі  келмей,  өмірді 
қимағандығын  ескерсек,  жастарымыздың  мұндай  əрекетке  баруы – кей  жағдайда,  осындай 
философияны  түсінбегендіктің  де  салдарлары.  Демек,  оларға  өмірге  құштарлықтың  осындай 
шабыттары қажет деп айта аламыз.  
Қорқыт атаның өлімнен қашу туралы аңыздарының тағы бір нұсқасында оның тартқан күйіне 
ұшқан  құс,  жүгірген  аң  т.б.  барша  тіршілік  иелері  құлақ  қойып,  мүлтіксіз  тыңдап  тұрады  екен 
[2,24б.]. Осы тұста, «олардың барлығын не біріктірген, өз қамымен жүрген тіршілік иелері Қорқыт 
бабамыздың  күйіне  неліктен  ұйыды»  деген  сауал  туындайды.  Олар  көркемдік  түрде  айтқанда, 
барша өткінші тіршіліктің барлығы өз призмасынан өткізілетін өлім қайғысына ортақтасады, ортақ 
өлім  мəселесінің  толғауына  күйзеледі,  мəңгілікті  аңсап,  өткіншілікке  қарғыс  айтады,  сондықтан, 
мəңгі  өлмеудің  жырын  тыңдайды.  Демек,  олар  да  болмай  қоймайтын  өлім  тажалына  деген 
қарсылыққа қосылғандай болады, себебі, бүкіл материалдық тəні бар тіршілік, тіпті өлі табиғаттың 
өзінің барар жері осы – болмау екендігі белгілі жайт. Сондықтан да, олар рəміздік түрде айтқанда, 
өлім құбылысының түпқайғысына келіп ортақтасады, ішкі сезімдік толғаныстың бірлігін паш етіп, 
жалпы  табиғаттың  бəріне  ортақ: «Туу-Өмір-Өлім»  түзілімінің  əмбебаптығымен  қатар,  қазіргі 
жаратылыстанулық  ғылыми  тілмен  айтсақ,  органикалық  тұтастық  туралы  синергетикалық-
голограммалық  үлгіні  жариялайды  деген  сөз.  Нақтырақ  айтқанда,  бүкіл  əлемнің  сан  түрлі 
тармақтармен байланысып, астасып жатқан, ішкі бірлігі туралы тұтастықтың көрінісі туралы идея 
жатыр дегенді білдіреді.  
Екінші бір қырынан алғанда, адамнан басқа да хайуанаттардың үнге құлақ қоюға қабілеттілігі 
туралы  идея  жатыр.  Мысалы,  қазақ  халқындағы  «Нар  идірген», «Аққу»  сияқты  күйлердің  шығу 
тарихы  барша  тіршілік  иелері  мен  күй  арасындағы  өзіндік  бір  нəзік  байланысты  бейнелейтіндігі 
туралы  идеяның  көне  архетиптік  негіздері  де  осы  аңыздардан  тамыр  тартады.  Қорқыт  Атаның 
«Тарғыл  тана», «Байлаулы  киіктің  зары»  т.б.  күйлерінің  шығу  тарихында  да[3,16б.]  барша 
тіршілікке құрметпен қарау туралы экологиялық философия жəне əлемдік болмыс ырғағы мен күй 
ырғағының өзіндік астасқандығы туралы терең мəнді дүниетаным қамтылған.  
Келесі  бір  нұсқа – өлімнен  қашып,  Сыр  суына  кілем  жайып,  оның  үстінде  күй  шертіп 
отыратын аңыз да терең философиялық дүниетаным болғандықтан, біздіңше, ондағы əрбір элемент 
пен  көрініс рəміздік  мағынаға  ие: су – өмір мен уақыт ағымын, кілем – дүниенің  төрт  бұрышын, 
жылан – мəңгілікті бейнелесе, Қорқыт Атаның желмаямен қобыз тартып ел кезуінде, қобыз үні мен 
түйенің  боздауының  үндестігі,  олардың  сазы  жөнінен  бір-бірінен  ажырағысыз  екендігі,  сайып 
келгенде, Қорқыт бабаның мұңына тоғысады да, «түйе – қобыз – иесі» бірлігін тұспалдайды.  
Бұл рəміздерді былайша таратып түсіндіруімізге болады. Өзен – ағынды су болғандықтан, өтіп 
бара  жатқан  өмір  мен  уақыттың  беталысын  сипаттайды,  сəйкесінше,  оның  кері  қарай 
ақпайтындығы,  уақыт  пен  өмірдің  қайтымсыздығына  жəне  өткіншілігіне  келіп  тоғысады.  Бүгінгі 
таңда да «Өмір – Өзен» деген метафора халықтық дүниетанымда жиі кездесетін теңеу.  

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
59 
Ал  кілем – халқымызда  көне  дəуірлердегі  қолөнерімізден  белгілі  болғандай,  қашанда  төрт 
бұрышты  болып  тоқылған.  Сақ  дəуіріндегі  аң  стиліндегі  кілемдердің  өзі  осындай  пішінді  болып 
келеді.  Осы  төрт  бұрыш  үлгісі  киіз  үйдің  түндігінде  де  қайталанды.  Сондықтан  қазақтарда 
«дүниенің төрт бұрышын кезіп» деген тіркес бүгінгі күнге дейін сақталған. Кілем үстінде отырған 
адам  осы  төрт  бұрыштың  субьектісі,  оның  айқындаушысы  мен  бағдарлаушысы  болып  шығады. 
Демек, Қорқыт Ата да төрт тағанды өткінші дүниенің ортасында отырып, өмір ағымымен өтіп бара 
жатқан адам болмысының келбетін сипаттап тұрғандай.  
Мэнли  П.  Холлдың  жинақтаушы  пікірлеріне  сүйенсек,  жылан  əлемдік  мистерияда  да 
мəңгіліктің  рəміздік  бейнесі.  Себебі,  біріншіден,  ол  қабығын  тастайтындығы  арқылы  үнемі 
жасарып,  ескірген  денесін  тастап  кетіп,  мəңгі  өмір  сүреді  деген  ұғыммен  қамтамасыз  етілсе, 
екіншіден, құйрығын тістеп тұрған шеңбер формалы пішіндегі көрінісі де, тұйықталып қалмайтын 
болғандықтан, аяқталмайтын мəңгілікті рəміздейтін болған [4,144б.].  
Біздіңше, бұл тұстағы логика мынаған келіп саяды: бейнелі түрде айтқанда, мəңгілік қашанда 
өзінің  əлемінде  еместерге  қарсы,  сондықтан,  оның  рəмізі  болып  тұрған  жылан  Қорқытты  шағып 
өлтіреді. Осыдан, неліктен басқа емес, оны жылан ғана шаққандығын түйсінеміз. Ендеше, бұл да 
мəңгілік пен өткіншіліктің қайшылығының нұсқасы деп айта аламыз.  
Ал  келесі  кезекте  қобыз,  түйе,  Қорқыт  арақатынасы  туралы  көрініске  тоқталып  өтпекпіз. 
Өнердің  сыртқы  дүниеден  көшірілетіндігіне  назар  аударсақ,  халқымыздың  музыкалық 
аспаптарының  шығу  төркінін  былайша  түсіндіріп  өтуімізге  болады.  Аттың  шабысы  мен  əлемдегі 
осындай барлық ырғақтарды бойына жинақтаған – домбыра, қуаныш пен жігерлі шабытты; түйенің 
боздауы мен аққудың саңқылын кескіндеген – қобыз, қайғы мен мұңды; желдің гуілін бейнелеген 
сыбызғы, ойлылық пен парасаттылықты паш етіп, адамның үш түрлі көңіл-күйін ашып беретіндігі 
жөнінде ой түйіндей аламыз. Ендеше, қобыздан көп жағдайда қайғылы саз шығатындығына назар 
аударсақ,  оның  боздаған  желмаясының  үні  тек  акустикалық  қырынан  ғана  емес,  дыбыстық 
жағынан да қайғылы сарындармен үндесетіндігін ескерсек, Қорқыттың өлім туралы толғанысының 
да  мазмұны  ойлылық  пен  мұңды  білдіретіндігін  назарға  алсақ,  үшеуінің  бірлігі – түркінің  сары 
даласын  күңірентіп  тұрғандай  болады.  Міне,  Қорқыт  Атаның  неліктен  басқа  емес,  желмая  мініп, 
қобыз  тартып  отырғандығының  мəнін  осыдан-ақ  түсінуімізге  болады,  немесе,  керісінше,  оның 
түйесі мен аспабы Қорқыт философиясының мазмұнын ашып беретін атрибуттар болып шығады. 
Демек, «иесі-көлігі-аспабы» бірсарындылықпен тұтаса келе, түркі дүниетанымындағы үйлесімділік 
эстетикасын  паш  етеді.  Бұл  эстетиканың  келесі  бір  қыры – түйе  мен  қобыз  үнінінің 
созылыңқылығы шартты түрдегі үздіксіздік пен мəңгілікті ишаралайтындығы.  
 
Оның  күйлерінің  философиялық  астарлары  тек  өлім  мен  өмір  мəселесін  ғана  қозғап 
қоймайды, қоғамдағы адам болмысы, этика мен адамгершілік, ел бірлігі мен тұтастығы сияқты сан 
алуан  тақырыптар  бойынша  да  өрбиді.  Мысалы, «Башпай»  күйінің  шығу  тарихыныдағы  аңыз 
мазмұндарына  тоқталсақ;  өлімнен  қашып  жүрген  Қорқыт  Атаға  тамақ  əкеліп  беріп  тұрған 
қарындасына  аңдаусызда  тиіп  кеткен  башпайын  бабамыз  өзі  өлгенде  де  жерлемей,  ол  «арам 
башпай» деп сыртқа шығарып қоюды аманаттап кеткен екен. Бұл құбылыстың ешбір халықтарда 
кездеспейтін нəзік этикалық өлшемдер екендігін Ə. Нысанбаев та бағамдап өтеді [5]. Міне, əйелге, 
қарындасына  деген  құрмет  пен  адалдық,  сыйластық  пен  тазалықтың  мінсіз  үлгісін  паш  еткен 
бұндай  этикалық  ұстаным  түркілік  руханилықтың  қаншалықты  жоғары  болғандығын  айғақтай 
алады.  Мысалы,  салыстырмалы  түрде,  əлемдік  классикалық  мифологиядағы  Грек  аңыздарының 
бірін  келтіре  кетсек,  қарындасына  үйленген,  кей  сəттерде,  ол  біресе  əйелі,  біресе,  қарындасы 
болған құдай Зевстің əрекеті мен Қорқыттың даналығы арасындағы алшақтықты бағамдай беріңіз.  
Қорыта айтқанда, Қорқыт Ата өнері жай ғана саз емес, терең мағыналы, өзінің ішкі сырын əлі 
де  аша  түсуді  қажет  ететін  əлемдік  үйлесімділіктің  əуеніне  келіп  тоғысады.  Біздіңше,  күйлердің 
ішкі  мағынасын,  ерте  кездерде  халқымыздың  əрбір  тұлғасы  терең  ұғынатын  болған,  тіпті  сөз 
мəтіндері сияқты ап-анық түсінген сыңайлы, сондықтан, оны қатты құрмет тұтқан. Ал бүгінгі таңда 
еуропалық ойлау дəстүріміз бен құр рационалдылық біздің бұндай қабілеттерімізді бəсеңсітіп, тек 
қана  ырғаққа  елігушілікпен  шектеуге  мəжбүрлеген  тəрізді.  Сондықтан,  күйлер,  əсіресе,  қобыз 
күйлері, түптеп келгенде, бүгінгі таңда, эзотериялы, көпшілікке өзінің ішкі сырын аша бермейтін, 
екінің бірінің қолы жете бермейтін тылсым-құпиялы ғана емес, қасиетті нəрсе деп бағалай аламыз. 
Түптеп  келгенде,  ол – ата-бабамыздың  тылсым  аруақтарымен  байланысып  жатқан,  қастерлі 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
60  
құбылыс. Бұл қастерлілік, дегенмен, біздің əрбіреуіміздің бейсанамызда əлі күнге дейін еміс-еміс 
елес беріп келеді, алыстан тұншығып шыққандай мазмұндарды қамтиды.  
 
ƏДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1.Мұқтарұлы С. Қорқыт ата. – Түркістан: Мұра, 1997. – 68б. 
2.Қорқыт.Елім-ай: күйлер. – Алматы: Өнер, 1987. – 48б. 
3. А.Райымбергенов. Күй қайнары.– Алматы:Жазушы,1994. – 46б. 
4.Мэнли П. Холл.  Энциклопедическое  изложение  масонской,  герметической,  каббалистической  и 
розенкрейцеровской символической философии. – Санкт-Петербург: СПИКС, 1994. – 792 с. 
5.Нысанбаев  Ə.  Қорқыт – бүкіл  түркі  халықтарының  ұлы  ойшылы // Егемен  Қазақстан. –1997. – 28 
қазан. 
 
REFERENCES 
 
1.Mukhtaruly S. Qorqyt ata. – Turkistan: Mura, 1997. – 68 p. 
2.Qorqyt.Elіm-aj: kuyler. – Almaty: Oner, 1987. – 48 p. 
3. A. Raiymbergenov Kuy qaynary.. – Almaty: Zhazushy, 1994. – 46 p. 
4.Manley P. Hall. Enciklopedicheskoe izlozhenie masonskoj, germeticheskoj, kabbalisticheskoj i 
rozenkrejcerovskoj simvolicheskoj filosofii. – Sankt-Peterburg: SPIKS, 1994. – 792 p. 
5.Nysanbaev Ə. Qorqyt – bukіl turkі halyqtarynyn uly oishyly // Egemen Kazakhstan. –1997. – 28 qazan. 
 
Б. АТАШ 
Доцент Казахского Национального педагогического университета имени Абая, 
Доктор философских наук 
 
ФИЛОСОФСКИЙ КОНТЕКСТ КЮЕВ КОРКЫТ АТА 
 
Резюме: 
В  статье  рассматривается  искусство  Коркыт  Ата,  непростое,  полное  глубинных  смыслов  и  значений, 
внутренних тайн, которые ещё предстоит раскрыть исследователям.  
 
Ключевые слова: Коркыт Ата, кобыз, философское содержание, кюй, музыка, мелодия, история. 
 
B. ATASH 
Doctor of Philosophy 
 
PHILOSOPHICAL CONTEXT OF KUYS OF QORQYT ATA 
 
Summary: 
The article discusses the art of Korkyt Ata - tough, full of deep meanings and values, internal secrets that 
researchers have yet to uncover. 
 
Keywords: Qorqyt Ata, qobyz, philosophical content, kuy, music, melody, history. 
 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
61 
ƏОЖ 378.4.006 
 
НƏСІПҚАНЫМ КАМАЛОВА 
М. О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  профессоры, 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
НАЗЫМГУЛ ҚОСПАНОВА 
М. О. Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 
магистранты 
 
ДƏСТҮРЛІ МƏДЕНИЕТ НЕГІЗІНДЕ ЕЛ МƏДЕНИЕТІН  
ДАМЫТУ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Мақалада  дəстүрлі  мəдениет  негізінде  мəдени  қажеттілікті  өтеу  арқылы  адам  мен  қоғамды  өзгерту 
мүмкіндіктері  қарастырылады.  Этномəдениет  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып,  заманауи  талаптарға  сай  өрбу 
ұлттық мəдениет өзгерісінің факторлары айқындалады.    
 
Кілттік сөздер: Мəдениет, адам, қоғам, этнос, этномəдениет, құндылықтар, фактор. 
Ключевые слова: Культура, человек, общество, этнос, этнокультура, ценности, фактор. 
Keywords: Culture, man, society, ethnicity, ethnic culture, values, factor.  
 
Мəдениет дегеніміз адам жəне қоғам дамуының деңгейі мен нəтижесі,  адамның тарихи дамуы 
барысында  қалыптастырған  рухани  жəне  материалдық  құндылықтар  жиынтығы.  Адамның  басқа 
тіршілік  иелерінен      айырмашылығы  мəдениеттілігінде,  адамзат  мəдениетін  игеріп,  олармен 
байланыс жасап, өз тарапынан мəдениет дамуына үлес қосу мүмкіндігінде. 
Сол себептен мəдени қажеттілікті өтеу арқылы адам өзін жəне қоршаған əлемін өзгерте алады. 
Бір  адамның  өзгелерден  айырмашылығы  тұратын  географиялық  кеңістігіне,  тарихи  қалыптасқан 
ру-тайпалық  қатынасына,  жалпы  мəдени  ерекшеліктері,  тілі,  психикасы,  қауымдастық 
тұтатастығын  сезінушілік  қабілеттілігіне  байланысты.  Осындай  тұрақты  түрде  қалыптасқан 
ұрпақтар қауымдастығы халық деп аталады.  Адамзат дүниеге келтірген материалдық жəне рухани 
туындылар  бəрі  бір  мазмұнды,  бір  қалыпты  болуы  мүмкін  емес.  Олардың  айырмашылығы  əр 
халықтың  қоршаған  ортаны  игеруіне,  тұрмыстық  жəне  рухани  құндылықтардың  дүниетаным 
ұстанымдарына  негізделуіне  байланысты.  Олар  тіл,  тұрмыс  салты  мен  шаруашылық  салаларын 
игеру, қоғамның ішкі жəне сыртқы байланыстарын қалыптастыру жолдарымен, діни ұстанымы мен 
барлық  өмір  салтын  реттейтін  рəсімделген  заңдылықтарымен  ерекшеленеді.   Көне  грек  тілінен 
аударғанда  «халық» «этнос»  сөзінің  баламасы  болып  келеді.  Бұл  қауымдастық  тарихи  даму 
барысында  тұрақты  түрдегі  құндылықтар  бағдарын,  нышан  мен  нышандық  т.б.  этностың  өзіндік 
рухани өмірінің белгілерін қалыптастырады. Əр этностың мəдениетін əлеуметтік-мəдени мұралар 
құндылықтарына сүйене отырып қызығушылар мен кəсіпкерлер дүниеге келтіреді.  
Этномəдениет  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып,  дəстүрлі  тұрғылары  қайталана  отырып,  заманауи 
талаптарға  сай  өрбиді.  Ол  өзгерістер  ғылым  мен  техниканың,  экономика,  саяси,  мəдени  қарым-
қатынастар дамуына байланысты этностық, елдік ой-сана шыңдалып, рухани өмірдегі ұстанымдар 
негізінде пайда болып отырады. Олар билік пен дін, жер мен байлық аясындағы таластар  туғызып, 
рухани  өмірге  өз  өзгерістерін  енгізеді.  Қазіргі  Израиль  мен  Азия  мемлекеттеріндегі  діни-саяси 
ұстанымдар халық санасы мен рухани сұраныстарына өзіндік ықпал етуде. Əлеуметтік топтардың 
қоғамда  алатын  орындарын  айқындау  барысында,  билік  жасаушылардың  назарын  аудару 
қажеттігімен  туындайтын  мəдени  əрекеттер  орын  алуы  мүмкін.  Оған  мысал  өткен  ғасырда  орын 
алған Франция студенттерінің өздеріне назар аудару үшін жасаған саяси-əлеуметтік қозғалыстары. 
60-80-  жылдардағы  ТМД  мемлекеттерінің  əлемдік  мəдени  даму  үрдісіне  қосылу  мақсатындағы, 
идеологиялық  бақылаудан  бас  тарту  үшін  өнер  саласындағы  енгізілген  рок,  авангардизм 
ағымдарының пайда болуы рухани сұраныстардың өтелуі қоғамдық қажеттілік екенінің дəлелі.  Ол 
өзгерістер бос уақыт мəдениеттілігінің мазмұны мен формаларын реттеуге ықпал етті.  
Ұлттық мəдениет бірқалыпты болып тұра бермейді. Сол халық мекендейтін мемлекеттің жан-
жақты дамуына, өзге мемлекеттермен байланыс жасау арқылы  өзара ықпалды өзгеруі мүмкін. Бұл 
ұлттық мəдениет өзгеруінің бірінші факторы – байланыс жасалынатын өзге мемлекеттердің  саясат, 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
62  
экономика,  халық  шаруашылығына  байланысты  салалардағы  мəдени  жаңалықтар  ықпалымен 
ерікті түрде мəдени құбылыстар мен амал-əрекеттерінің орын алуы  заңдылық. 
Мемлекет  құрылымы  мен  саяси  ұстанымы  өзгеруі  де  ұлттық  мəдениет  дамуына  ықпал  етуі 
ықтимал.  Білім,  ғылым  салаларындағы,  ұлттық  шектеулік  туындатылған  жағдай  халықты 
психологиялық  дағдарыстарға  əкеліп,  өсу  мен  өрлеу  мүмкіндіктеріне  тежеу  салады.  Мұндай 
мемлекеттік    шектеуге  сүйенген  саяси  ұстанымдар  ықпалы  ұлттық  мəдениеттің  өзгеруіне  əсер 
ететін екінші фактор. 
Мəдениет  саласындағы  дара  тұлғалардың    даналық  туындылары  ұлттық  мəдениеттің  бұрын-
соңды  болмаған  бағдар  мен  сипат  алуына  ықпал  етуі  мəдени  өзгерістің  орын  алуының  үшінші 
факторы болмақшы. Ахмет Жұбановтың  қазақ ұлт аспаптар оркестрін құрып, домбыраға арналған 
шығармаларды  оркестрге  бейімдеуі,  Шара  Жиенқұлованың  қазақ  балетінің  негізін  қалауы  т.б. 
мысалдар  ұлттық мəдениеттің жаңа сипат алуына жол ашты. 
Мəдениет мекемелерінің құрылып, халық шығармашылығының  ұйымдастырылған түрлерінің 
дамуы  ұлттық  мəдени  құбылыстар  жаңаруының  төртінші  факторы.    Бұрын-соңды  ауыл-аймақта 
жеке дара, мерекелік-сауықтық жағдаят туындағанда ғана ұйымдастырылатын сауық кештері мен 
күй тартыс пен айтыстар енді ұжымдық түрде, үйретушісі мен орындаушысы бар, тұрақты түрде 
əуесқойлық деңгейдегі   мəдени-тынығу əрекетіне айналып, концерт, көрме, фестиваль, байқау  т.б. 
қалыптар  арқылы  жарыққа  шықты.  Сонымен  бірге  ұлттық  өнер  жаңа  электронды  аспаптар 
сүйемелдеуімен  орындалуға  бейімделіп,  орындалу  формасы  мен  мазмұндық  өзгерістерге  ұшырап 
отыр.   
Қанша  өзгеріске  ұшырағанымен,  қалыбы  мен  айшықтау  амал-тəсілдері  жетілдірілгенмен, 
ұлттық мəдениеттің негізгі үлгілерінің кейбіреулері əлеуметтік мəдени айналымнан қалып,  мəдени 
мұра ретінде сақталғанымен   тұрақты мəнін жоймайды. Мысалы, бақсылық өнердің кең сұранысқа 
ие  болмай  қалуы  науқастарды  емдеуде      дəрігерлік  кəсіптің  пайда  болуына  байланысты  да,  ал 
дастандар  мен  шежірелерді,  толғауларды  бірнеше  күндеп  тыңдайтын  аудитория  жойылуына 
байланысты жыршы, жыраулар өнерінің  саусақпен санарлық орындаушылары қалған.(Сүлейменов 
Шыныбек – Ақтөбе) Оның бірінші себебі апталап, айлап өнер тамашалауға адамдардың бос уақыт 
құрылымының  өзгеруі  əсер  етсе,  екінші  себебі    аталған  өнер  туындыларының  негізгі  тақырыбы 
тарихи 
уақиғалармен 
байланыстылығында. 
Дастандар 
мен 
шежірелер 
əдебиетші-
фольклоршылардың    көрегендігі  арқасында  кейбіреулері  жинақталып,  баспадан  басылып 
шығарылған.  Ендігі  жерде  оларға  қызығушылық  байқататындар    оқып  тануына  мүмкіндік  бар. 
Бірақ  бір  кездерде  дала  театрының  негізін  қалаған  жыраулық  өнер  тек  тарихи  информацияны 
жеткізуші  ғана  емес,  орындаушының  шеберлігі  арқасында  уақиғаның  жақсысына  жақтасып, 
жаманына  келіспеушілік  байқататындай  пікір  қалыптастырып,  тыңдаушының  ұлттық  намысын 
оятатын ортақ сезім туғызатын еді.  Орындаушының əр кейіпкер бейнесін бір өзі сипаттай алатын 
əртістік қабілеті, дауыс тартымдылығы, тыңдаушының  эстетикалық  талғамын қалыптастыра білу 
шеберлікті    кітап  оқушысы  сезіне  алмайды  да,  назар  аударатындай,  қызығушылық  сезім 
оятатындай əсер бере алмайды.  
Өркениеттілік  дəрежеге  жетудің  мəдени  дамуға  оң  ықпалы  бар  екенін  жоққа  шығара 
алмаймыз.  Адамзат  мəдениетінің  озық  туындыларын  тек  тамашалап  қана  қоймай,  қазақ 
мəдениетіне де енгізу мүмкіндіктері туды. Бұрын соң болмаған опера, балет, кино өнері, хормен əн 
айту  т.б. қазақ халқын кəсіби өнермен сусындатты. Дегенмен де бір кезде бүкіл дала Құрманғазы 
мен Сүгірлердің күйлерін  естігенде бірден танып, Естай мен Мұхиттың əнін бəрі бірге қосыла айта 
алатын  дəрежеден  қалып,  кейбіреулері  олардың  бəрінен  табиғатын  тыс  ұстайтын  кейіпке  келді. 
Мұндай жағдайдың себебі бар.  
Біріншісі,  көненің  бəрі  тозық  деген  ұғым  күшпен  насихатталып,  ұлттық  бейне  мен  оны 
дəріптеу қабілеттілігі европалық мəдени үлгіге бейімделуінде. Ұлттық ой-сана түбегейлі кеңестік 
социалистік  қалыпқа  салынып,  «өркениеттіліктің  сара  жолына»  түсіру  идеологиясына 
байланысты.  Екінші  себеп  біріншіден  туындайды.  Бүкіл  даланы  мұражайға  айналдырып  тұрған 
қазақ  қолөнері    ескінің  сарқыншағы  болып  саналып,  барлық  бұйымдар  өнеркəсіп  мекемелері 
жасаған,  тоқыған,  құйған  ыдыс-аяқтар,  тұрмыстық  бұйымдармен  алмастырылды.  Əжеміздің 
отбасы берекесінің құты іспеттес кебежесі, ою-өрнегі көз жауын алатын текеметтері мен кілемдері, 
қолөнер  шеберлігімен  ауылының  атын  шығарған  ағаш,  темір  ұсталары  мен  зергерлер 
туындыларының  сəті  түскендері  мұражай    сөрелерінде  сақтаулы.  Мəдени-тынығуды  кəсібімен 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ            № 1(2). 2014 
 
 
63 
ұштастыра білген шеберлердің  тəжірибесінің тамыры үзіле жаздап, əлі де болса көпке тарай алмай 
отыр.  Ол  асыл  мұраны  бағалаушы  өз  халқы  емес,  экзотикалық  бұйым  деп  санайтын  шет  елдік 
қонақтар. Олар  

 
 текемет пен бешпетке түсірілген оюдың,  

 
ашамай  ер  мен  көкпаршы  ер-тұрманының  ерекшелігін  ұғынып  жатыр  деп  санауға 
болмайды. Өйткені оны сезінетін ұлттық мəдени таным болуы шарт.  

 
Сол  танымның  отандастарымыз  арасында  қалыптастырылмауы  арқасында  ұлттық 
мəдениетті  лайықты  бағалау  дəрежесі  болмай  отыр.  Онысыз  ұлттық  сезім,  намыс,  жанашырлық, 
құптаушылық,  қызығушылық,  қолдаушылық  болуы  мүмкін  емес.  Мəдениет  қызметкерлерінің 
негізгі  міндеттерінің  бірі  осы  тұрғыда  мойындалып  жүзеге  асырылғанда  ғана  дəстүрлі  мəдениет 
жаңа заманда өз орынын алар еді. Ондай қажеттілік көркемөнер туындыларына да қатынасты. 
 
Қазақ көркемөнер туындыларының елге танылып, бағаланып, сонша кең аймаққа таралуының  
негізгі  мүмкіндігі  қабылдану,  жадыға  сақтау,  қайталай  алу  ерекшелігінде.  Қазіргі  күйшілер  мен 
əншілер  нотаға  қарап  отырып,  ұстазымен  бірге  апталап,  айлап  бір  шығарманы  талдап,  үйреніп 
жатады. Ондай тиянақтылық  та қажет болар.  Бірақ, Құрманғазы мен Динаның күй тартысқа түсуі 
туралы  аңызға  сүйенсек,  Құрманғазының  тартқан  шығармаларын  Дина  Нұрпейісова  бірден 
қайталап отырған екен. Ол ұлылар деуіміз мүмкін. Ақындар айтысындағы ұтымды оралымдарды, 
алтыбақан басында айтылған əндерді қайталап айтып беру қабілеттілігін танытқандардың  бəрі ұлы 
ма екен?  Ол қазақтарға тəн табиғат сыйлаған ести білу, жадыға сақтай білу, қатесіз қайталай білу 
қабілеттілігі. Аспаптық музыканы арнайы білім алу үрдісін жоққа шығармай, күй өнерін дəстүрлі 
əдіспен  үйретілу  мүмкіндіктеріне  назар  аударып,  ұлттық  мəдени  тəжірибені  жалғастыра  білу 
қажеттілігін ұсынған Е.Балабеков ұсынысы құптарлық жағдай. [1, 113-130] Өнердің барлық түрінің 
ауызша дамуы, кең таралуы сол қабілеттілік арқасы. Сондықтан мəдени-тынығу қызметкерлерінің 
ұлттық  мəдени-тынығу  қызметін  дамыту үшін   дəстүрлі  мəдениет туындыларын  қайта жаңғырту, 
үйрету, насихаттау үлгілерін де игеруі қажет.  
Мəдениет  саласындағы  ұлттық  дəстүрлерді  жаңғырту  жұмыстарының  қажеттілігі,  сұранысқа 
ие  болу  мүмкіндіктері  көне  мəдениет  үлгілерінің  мазмұнын  «оқи  білуге»,  оны  ұғынуға 
байланысты. 
«Оқи білу» дегеніміз мəдениет үлгілеріндегі образдық нақыштардың дүниетанымдық астарын 
білу, мағынасын игеру. Дəстүрлі мəдениетте олардың орын алу аясы: 

 
Табиғат көріністері мен құбылыстары, 

 
Символдық мəн жүктелетін материалдық  

 
бұйымдар мен олардың формалары, 

 
түр-түсі, 

 
ою-өрнектер мен олардың орналасуы,  

 
рəсімделген əрекеттер мен олардың атқарылу жолдары. 
Олардың  мəн-мағынасын  білетін  əр  адам    өз  ұлтының  өкілі  ретінде  ұлттық  саналылық  пен 
мəдени таным байқата алады. Сонда ғана дəстүрлі мəдениет өз қалпын сақтауы да, мəдени ағымдар 
мен технологиялық жаңарту мектептер ықпалымен өзгерістер енгізе отырып дамуы да мүмкін екен. 
Оған  дəлел,  біріншіден,  қазіргі  жағдайда  сұранысқа  ие  болып  отырған  мəдени  мұраға  айналып 
отырған ауыз əдебиеті, əн-күй шығармалары, қолөнер туындылары мен айтыстар болса, екіншіден, 
жаңа əдіс-тəсілдер қолданылып өңделген музыкалық туындылар мен жүн, тері, былғары, ағаштан 
т.б. материалдардан жасалған суреттер мен гобелендер, мүсіндер мен сыйлық бұйымдары,  ұлттық 
нақышы бар киім үлгілері т.б. 
Сонымен,  əр  халықтың  мəдениет  көшінен  өз  орынын  алуы  екі  мəселеге  байланысты  болып 
отыр.  

 
Біріншіден,  ұлттық  дəстүрлі  мəдени  əрекеттердің  мазмұнын  игеруге,  оларды  əр  адам  өзі 
танып  қызығушылық  байқатқан  жағдайда  амал-тəсілдерін  үйреніп,  насихаттық  жұмысына 
араласып,  мүмкіндігі  болған  жағдайда  кəсіпкер  ретінде  танылуға  үлес  қоса  алуына  байланысты. 
Ұлттық мəдениеттің сақталуы мен сұранысқа ие болуына қарай өзгелер алдында саналы ел болып 
танылу міндетін мəдени ұстанымға айналдыру  арқылы жүзеге асырылады. Жеке тұлғадан бастап, 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                       № 1(2). 2014 
 
 
   
64  
отбасылық,  ұжымдық  мəдени  сұраныс  пен  ұстанымға  айналуы  мен  қызығушылық  байқатылуы 
арқылы ұлттық мəдени дəстүрлер сабақтастығын тауып, елдік бейне сақтала алады.  

 
Екіншіден,  дəстүрлі  мəдениеттің  ауқымын  кеңейтіп,  əлемдік  мəдениетті  игеруде 
мазмұндық  қамтылуымен  қатар,  идеялық  негізі  мен  дүниетанымдық  сипаты    ұлттық  нақышта 
болуына қатаң назар аудару қажеттілігін ұстану арқылы елдік мəдениеттің ұлттық мəн-мағынасы 
мен сипаты тұрақты дамуға мүмкіндік алады.  
Аталған  қызметтерді  нəтижелі  жүзеге  асыру  үшін  мəдени-тынығу  мекемелері 
қызметкерлерінің  атқаратын  негізгі  міндеттері: (ХХІ  ғасырдағы  мəдени  дамудың  міндеттерінен 
туындаған): 
1.
 
Əр  мекеме  өз  аймағындағы  мəдени  мұра  үлгілерін,  олардың  авторлары  мен  сақтаушысы 
туралы  толық  мəлімет ( əн,  күй,  қара  өлең,  аңыз,  қолөнер  бұйымдары,  қолжазба  еңбектер,  т.б.) 
жинақтау( жазып алу;суретке түсіру; бейнетаспаға жазу; нотаға түсіру , т.б.) 
2.
 
Жинақталған  материалдарды  талапқа  сай  сақтау(  мұражай;  бейнеқор;  альбом; 
компьютерлік жазбаға ауыстырып, түпнұсқасын бірге сақтау, т.б.) 
3.
 
Жинақталған  материалдарды  мəдени  айналымға  енгізу  мақсатында  өңдеу,  насихаттау: 
басқаларға  үйрету;  ноталық  материалды  ансамбль-оркестрге  түсіру;  материалдардың  тақырып 
өзектілігіне қарай орынымен бұқаралық іс-шараларда қолдану. 
4.
 
Жинақталған  материалдардың  ұлттық  құндылықтарын,  өлкелік,  тарихи-мəдени 
маңыздылығын  ескере  отырып  жергілікті  БАҚ  құралдары  арқылы  насихаттап,  жинақтаушы, 
насихаттаушы туралы ақпарат беру арқылы басқаларды да мəдени құндылықтарды сақтауға баулу. 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал