Казахской национальной консерватории им. Курмангазы



жүктеу 1.18 Mb.

бет6/14
Дата06.06.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

32 | 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хабаршысы №1 (6) 2015

   


-

 

тыңдаушыны оқиғаға ортақтастыру үшін; 



-

 

тыңдаушының санасына қозғау салу  үшін қажет. 



Әдетте ұсынбадан кейін қайырма келеді. Қайырманың  мәтіндік құрылымы да, әуездік-

әуендік,  мақамдық-сарындық,  саздық-екпіндік  болмысы  да    ұсынбаның  құрылыс-

құрылымымен нақпа-нақ, дәлме-дәл келуі шарт емес. Қайырма: 

-   ән мәтініндегі ақпараттың  негізі түйінін айтады; 

-

 

қосымша мәлімет береді; 



-

 

ұсынбалар арасын сабақтастырады; 



-

 

әннің дыбыстық ауқымын биіктетеді, кеңейтеді



-

 

тыңдаушының  айтылып  жатқан  ақпаратқа  қатысты  ойын  жалғайды,  қиялына 



қанат бітіреді; 

Мыс.: 

Қайырмасы: 

Ақ боз ат менің тұлпарым, 

Астымдағы сұңқарым 

Көкірек кере жұтамын 

Ауаның тәтті жұпарын 

Кейде ұсынбадан немесе қайырмадан кейін көтерме келеді. 



Көтермесі: Ахаааау! Сүмбілшаш! 

Дәстүрлі  әндерде  ұсынбадан  кейін  көтерме  бастама  секілді  ашық  бір  дыбыстан 

немесе  одағайдан,  болмаса  сөз  тіркестерінен  тұруы  мүмкін.  Әннің  бір  бөлімін  айтып 

болған  соң  келесі  бөлімге  өту  алдында  ақпаратты  әнмен  жеткізуші  тағы  да  ашық 

дауыспен  өз  үнінің  мүмкіндігіне  қарай  дауысын  бір  көтере  шалқытып  алады. 

Көтерменің де атқарар қызметі бар. Бірақ бастаманың әуезімен айтыла бермейді. Бұл: 

- тыңдаушыны жалықтырып алмау үшін; 

- естушіні тыңдаушының психологиялық деңгейіне жеткізу үшін; 

- келесі айтар ақпаратын жұптап алу үшін; 

- лирикалық шегініс жасау үшін; 

- өзіне де, тыңдаушыға да био-психологиялық демалыс беру үшін қажет.  

Көтерме  жеке  дауысты  дыбыстан  (е-е-е-е-е-е!);  екі  дыбыстан  -  (  а-а-а-а-й!);  үш 

дыбыстан 

тұратын 


одағай 

– 

(а-а-х-а-а-у!) 



немесе 

жеке 


одағайлардан               

«халалагуләй, илалагуләй, иридай, илигай, елигай, хайлайлім, т.б)  қаратпа сөздерден: 

«Ей.  Сәулем!»,  «Қарғам-ау»,  «Сүмбілшаш»,  «Бұлбұлым»,  «Бозторғай»,  «Қараторғай» 

т.б. құрала береді.  

Кейде  көп  әндерде  көтермеден  соң  тағы  бір    қайырма  болады.  Қайырманың 

дәстүрлі  әндердегі  нұсқалары  мәтіндік  болмысы  тұрғысынан  көбіне  көп  қысқа, 

ұсынбаның  бір  шумағының  үштен  біріндей  ғана.  Қайырма  ән  мәтініндегі  айтылған 

ақпаратқа тікелей қатысы бар және сонда айтылған ойға демеу, тірек болатын, әрі қарай 

қанаттандыратын  болмаса  түйіндейтін  сөз,  сөз  тіркестері,  сөйлем  немесе  тармақ  я 

шумақтан, кейде түйдектен (тирада) де құралады. 

Кей  әнде  қайырманың  соңынан  мәтіндік-әуездік  қайтарма  да  қолданылады.  Ол 

әндегі  ақпараттың  түйіндемесі  ретінде  де,  жалғамасы  санатында  да,  тыныс  алары 

сипатында да қолданылады. Мысалы: 

Қара көзің,  

Тәтті сөзің, 

Білгейсің келгенімді жалғыз өзің... 

Әсте,  әндегі  ақпараттың  тыңдаушы  құлағына  сіңіп,  санасында  жатталып  қалуы 

үшін  қажетті  әуездік-әуендік  бейнелеуіш  көркем  құрал  ретінде  қызмет  атқаратын 



бастама,  ұсынба,  көтерме,  қайырма,  қайтармалар  шешенсөздің  әуезді  түрлерінің 

бәрінде бірдей қолданыла бермейтіндігі есте болғаны жөн. Олардың қолданылу реті де 

біркелкі,  бірізді  және  тұрақты  емес,  Яғни    әр  әнде  әр  түрлі  қолданыла  береді.  Ол 


Медеубекұлы С. Әннің ақпараттық ақиқаты  

33 

айтушының  шеберлігіне,  жеткізушінің  шабытына,  тыңдаушының  талғамы  мен  таным 

таразысына және ақпараттың қажеттілігіне байланысты.  

б) Сүйемел. 

Әндегі  ақпаратты  әсерлі  де  пәрменді  жеткізуге  қажетті  амалдың  бірі  –  сүйемел. 

Музыкалық  аспаптың  бірімен  ән  әуезі  нақышына  келтіре  құбылтқанда  тыңдаушы 

айтушының өнеріне сүйсінеді. Соның айтқанына еріксіз мойын бұрады, Құлағы естіген

санасы қабылдаған, жүрегі қош көрген ақпаратты есте сақтауға деген ынтасы оянады. 

Жадында  ұстап  қалу  аз,  сол  ақпаратта  айтылған  ойға  өз  еркімен  қосылуға  құмбыл 

болады.  Қосылып  қана  қоймай,  әрекетке  көшуге  әзір  болғаны  -  айтушы  үшін  аса 

маңызды. Айтушының мақсаты - ақпаратты ән арқылы жеткізе отырып, тыңдаушының 

санасына қозғау салу. Сүйемел сол үшін де керек болған оған.  

в) Ым. Ишара.  

Ән  айтушы,  яғни  ән  арқылы  ақпарат  жеткізуші  ойындағысын  сыртқа  шығару 

кезінде  тек  сөзді  ғана  қолданбайды,  сөзбен  бірге  әуезді  пайдаланады,  әуезбен  бірге 

сүйемелдеу  амалын  іске  асырады.  Сонымен  бірге  ым  мен  ишараны  да  қажетіне 

жаратады. Ішкі жан дүниенің айтылар ойға байланысты құбылуы айтушының бет-әлпет 

қозғалысынан, дене мүшелерінің қимылынан да көрініп отырады. Шын айтқыштар ым 

мен  ишараны  әдейі  қосады.  Сонда  айтылған  ақпараттың  өтімділігі  күшейеді.  Көз, 

жанар,  кірпік,  қас,  қабақ,  ерін,  езу,  ұрт,  құлақ  маңдай,    мұрын,  қол,  саусақ,  иық  - 

бұлардың  бәрі  айтылар  ақпараттың  ауанына  қарай  қажетті  қозғалысқа  түсіп  отырса, 

тыңдаушының ақпарат астарындағы ақиқатқа илануы арта түседі. 

г) Дауыс

Сайын  даланың  шетсіз,  шексіз  төсінде  ән  шырқаған  айтушының  биік  дауысы 

болмаса, ашық аспан астында айтылған сөзінің бәрі алдында тұрған тыңдаушыдан әрі 

аса  алмай  қалады.  Сондықтан  да  көпшілік  жиналған  жерде  айтылған  ақпарат 

алыстағыға да жетуі үшін зор дауыс керек. Бірақ алқақотан отырған жерде дауысқа аса 

мән  берілсе,  айтар  ойдың,  жеткізер  ақпараттың  мазмұны  тасада  яғни  әнші  үнінің 

ұясынан  шыға  алмай  қалуы  да  ғажап  емес.  Бұл  енді  тыңдаушының  талғам-тұшымы, 

сұраныс-қажетіне қарай болатын нәрсе.. Сондықтан айтушы ең әуелі әндегі ақпаратты 

жеткізуге,  жеткізіп  қоймай  тыңдаушының  санасына  өткізуге  барынша  күш  салады. 

Шешенсөзде дауыс екінші орынға ысырылады. Бірінші кезекте ән мәтініндегі ақпарат 

тұрады.  

Иә,  ән  де  шешенсөз  жанры  бола  алады.  Өйткені,  онда  ақпарат  айтылып  қана 

қоймайды, сол ақпарат арқылы қоғамдық-әлеуметтік мәселе де  қозғалады. 



Тыңдаңыз:  

Жанбота, осы ма еді өлген жерім, 

Көкшетау боқтығына көмген жерің, 

Кісісін бір болыстың біреу сабап, 

Бар ма еді статияда көргендерің? 

Жанбота, өзің болыс, әкең – Қарпық, 

Ішінде сегіз болыс шенің артық. 

Өзіңдей Азынабайдың поштабайы, 

Бір қойып, домбырамды алды тартып... 

Осы  екі  шумақта  дерек  те,  мәлімет  те  бар.  Ол  дерек  пен  мәлімет  өмірдің  өзінен 

алынған. Ойдан шығарылмаған.  

Бірінші шумақтағы мәліметтер: 

1.Жанбота –тарихта бар адам; 

2. Көкшетау – жер аты; 

3.  «Статия» деп отырғаны - адамгершілік құндылық ұстанымдары жазылған Заң бабы, 

яғни ол – құжат.  

Екінші шумақтағы мәліметтер: 

1.

 



Жанбота – болыс;  

34 | 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хабаршысы №1 (6) 2015

   


2.

 

Оның әкесі Қарпық та әйгілі тұлға;  



3.

 

Жанботаның  8 болыстың (дерек) ішінде мәртебесі жоғары; 



4.

 

 Азнабай- Жанбота тұрғылас болыстың бірі; 



5.

 

 Оның поштабайы бар; Сол поштабай ақынды бір ұрып домбырасын тартып алған.  



Көрдіңіз бе, әннің әр жолында дерек пен мәліметке толы ақпарат бар. 

Бұл ән осындай деректер мен оқиғаны ғана ақпарат ретінде ұсынып отырған жоқ. 

Бұл  ән  баяндалған   оқиға, айтылған дерек  арқылы  сол  замандағы  қоғамда  орын  алған 

қоғамдық-әлеуметтік  мәселені  жеткізіп  отыр.  Осы  ақпараттардың  астарында, 

біріншіден,  әлеуметтік теңсіздік жатыр; екіншіден, әлеуметтік әділетсіздік; үшіншіден, 

ел  ардақтаған  ақынға  жасалған  зомбылық,  азаматтық  құқын  аяққа  таптау,  ел  алдында 

беделіне нұқсан келтіру, рухани-моральдық зардап шектіру бар.  

Бір болыстың адамын екінші бір болыстың адамы сабаса, ол қоғамда теңсіздіктің, 

заңсыздықтың,  әлімжеттіктің  орын  алғаны.  Осыны  айтушы  Жанботаға  келіп  қара 

сөзбен-ақ жеткізуіне болатын еді. Өйтпейді. Өйтпейтін себебі, болған оқиғаны жалғыз 

Жанботаның  біліп  қойғаны  маңызды  емес.  Ең  маңыздысы  -  сол  болған  жайды  бүкіл 

елдің  білгені,  Жанботаның  яғни  жанботалардың  айналасында  болып  жатқан 

заңсыздықты, әлімжеттікті елдің, бұқараның естігені қажет. Сөйткенде ғана қоғамдық 

пікір  туады.  Билікке,  билік  басындағыларға  деген  қоғамдық  ой  қалыптасады.  Ән 

арқылы  қоғамдық-әлеуметтік  мәселе  қозғап,  ол  мәселенің  шешілуіне  ықпал  жасауға 

болатынын әнді қару еткен айтушы жақсы білген. Сондықтан да болған оқиғаны әнмен 

баяндап,  ән  арқылы    бұқараға  жайып,  жариялады.  Ән  бұл  жерде  болған  оқиғаны 

халыққа жеткізуші  бұқаралық ақпарат құралының ролін атқарып тұр.   

Ән ақпарат таратушы, қоғамдық-әлеуметтік мәселе қозғаушы қызметтерін атқарып 

қана қоймайды. Ол өз заманының идеологиялық қызметін де атқарады.  «Мысалы, 

«Дударай»  әні  қазақ  даласына  келіп  қоныстанған  орыс  халқының  өкілдері  мен 

жергілікті  халықтың  арасындағы  байланыстың  тәтті  бір  көрінісін  паш  етеді.  Сол  ән 

арқылы екі халықтың татулығын  дәріптегісі келеді. 

 

1.

 



Мариям Жагор деген орыс қызы, 

Он алты, он жетіге келген кезі 

Қазақтан Дудар деген ғашық болып,  

Сондағы Мариямның айтқан сөзі 



 

Бірінші шумақтағы дерек: 

Бірінші дерек: Мариям деген – қыз.  

Екінші дерек: Ол – Жагордың қызы.  

Үшінші дерек: Жагордың ұлты – орыс.  

Төртінші дерек: Мәриям он алты немесе он жетіге келген қыз. 

Бесінші дерек:  Дудар - жігіт. 

Алтыншы дерек: Дудардың ұлты – қазақ.   

Жетінші дерек: Дудар Мариямға ғашық . 

 

2. Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе, 

Жеріне уағда айтқан келмедің бе

Жеріне  уағда айтқан келмей қалып, 

«Мариям-заты орыс» деп сенбедің бе?.. 

 

Екінші шумақтағы дерек: 

Бірінші дерек: Дудардың астында ақ боз аты бар. 

Екінші дерек: Дудар уағдаласқан жеріне келмеген. 

Үшінші  дерек:  Дудардың  көңілінде  «Мәриямның  заты  -  орыс»  деген  сенімсіздік  бар. 

Соны Мариям сезеді. 



Медеубекұлы С. Әннің ақпараттық ақиқаты  

35 



3. Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір. 

Басыңа кәмшат бөрік жарасып жүр, 

Дудар-ай, келер болсаң, тезірек кел, 

Орныңа орыс, қазақ таласып жүр... 

 

Үшінші шумақтағы дерек: 

Бірінші дерек: Олар Ащыкөл және Тұщыкөл деп аталатын жерлерді мекендейді; 

Екінші  дерек:  Дударай  басына  үнеміі  камшат  бөрік  киіп  жүреді.  Демек,  ол  -  өз 

ортасында сері жігіт. 



Үшінші  дерек:  Мариямдай  бойжеткенге  орыстың  да,  қазақтың  да  жігіттері  сөз  салып, 

өзара  таласып  жүр.  Демек,  Мариям  да  айналасына  ақыл-ажарымен  жаққан  ару, 

қазақшаға жетік қыз. (Әйтпесе, екі ұлттың өкілдері бірдей таласа ма?) 

 

4. Қолында Мариямның өткір қайшы

Қағазға  Мариям аты жазылсайшы. 

Қор болып бір жаманға кеткенімше, 

Алдымнан қазулы ор табылсайшы... 

 

Төртінші шумақтағы дерек: 

Бірінші дерек: Мариям – қолына қайшы ұстайтын ісмер.  

Екінші  дерек:  Дудар  да,  Мариям  да  қағазға  жаза  да,  оқи  да  алатын  сауатты.  (Мариям 

Дудардан хат күтеді). 



Үшінші дерек:  Мариям бір жаманға қор болып кеткісі келмейді. 

Төртінші дерек: Мариям  Дудардай жігітке тимей, қайдағы бір жаманға қор болғанша 

өлуге дайын.  



Оқиға. 

Бірі  Ащыкөлде,  екіншісі  Тұщыкөлде, бірі  –  қазақ,  бірі  –  орыс,  екі  жас  бір-  біріне 

ғашық..  Мариям  Жагорқызы  –  он  алты-он  жетідегі  бойжеткен,  бозбаланы  ойлы  еткен 

қыз.  Дударай  да  «басына  кәмшат  бөркі  жарасып  жүрген»  өз  ортасының  серкесі.  Неге 

екені белгісіз, Дударай Мәрияммен уағдаласқан жеріне келмей қалады. Соны білгендей 

басқалар да Мәриямға сөз салып, қызға талас басталған сыңайлы. Осы таластың арты 

ушығып  кете  ме  деген  әрі  Дударайға  деген  махаббаты  берік  Мариям  әнмен  ақпарат 

таратады. Ән тез тарайды. Неге? 

Мәселе әннің әуезінде ме?  

Әрине.  Бірақ  әуезден  де  әсерлісі-  шындыққа  негізделген  ақпарат.  Осы 

ақпараттың  тарихи  негізі  бар.  Тарихи  шындықтың  бірі  -  нәсілі  де,  ұлты  да,  діні  де, 

тілі де бөлек екі жастың бір-біріне ғашық болуы. Бұл сол заманның әдеті мен әдебінде 

бұрын-соңды  болмаған,  болуы  да  мүмкін  емес  секілді  оқиға  еді.  Елдің  бәрін  елең 

еткізген,  қазақ  болмысындағы  ешкім  күтпеген    жаңалық-сенсация  еді!  Ән  осындай 

сенсациялық ақпаратымен ел есінде қалған.  Осындай тарихи шындықты жеткізу үшін 

айтушыға  қажет  көмекші  құрал  ретінде  әуез  сәтті  пайдаланылған.  Әдетте  елді  елең 

еткізген  тосын  жаңалық  ескірген  соң  ел  есінен  шыға  бастайды,  уақыт  өте  келе  оның 

өзектілігі  көмескіленіп,  мүлдем  ұмытылады.  Ал  мына  әндер  яғни  «Жанбота»  мен 

«Дударай»  қазірге  дейін  ел  аузынан,  әнші  көмейінен  кеткен  жоқ.  Себебі  неде? 

Мәтініннің құрлымында ма? Солай болуы да мүмкін. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 

айналасы  теп-тегіс  жұмыр  келген»  соң  ел  есінен  кетпейтіні  шындық.  Бірақ  бұл  басты 

себеп  емес.  Басты  себеп  әуезінде  ме?  Шындығында  дыбыстық  ауқымы  кең  тынысты 

қажет ететіні өз алдына, мәтіндегі айтылар ойды айшықты жеткізуге жәрдемші болған 

және  мәтінді  асқақтатып  әкетер  көркем  қуаты  естіген  жанның  есінен  кетпесі  анық. 

Дегенмен,  әннің  өміршеңдігі  мәтіні  мен  әуезінің  пішініне  байланысты  десек,  негізгі 

себептен  алшақтап  кетеміз.  Әннің  ғұмырын  ұзартып  тұрған  нәрсе  оның 



36 | 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының хабаршысы №1 (6) 2015

   


кейіпкерлерінде  емес.  Қазақ  өмірінде  талай  жанботалар  келіп,    талай  дударайлар  мен 

мариялар өткен. Олардың бүгінде тіпті тұқымы да жоқ болуы мүмкін. Әлде әнді бүгінгі 

күнге жалғастырып тұрған авторының абыройы мен атағы ма екен. Ол да мүмкін. Бірақ 

бұл да басты себеп емес. Басты себеп әннің тақырыбы мен идеясында жатыр. Алғашқы 

әннің тақырыбы – ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамында орын алған әлеуметтік әділетсіздік. 

Халық  арасынан  шығып,  елдің  сөзін  сөйлейтін  ақиқатшыл  ақандар  бар  да,  оларға 

қарама-қарсы  образдағы  жанботалар  бар.  Бұлар  әр  ғасырда,  әр  қоғамдық  құрылым 

кезінде болған.  Әлеуметтік әділетсіздікті қолдан жасаушылар бар да оларға қарсылық 

білдіруші,  көптің  сөзін  сөйлеуші,  ақиқатты  айтушылар  бар.  Ондайлар бүгінгі  қоғамда 

да бар. Әділдік үшін күрес адам өмір сүрген қоғамда толастаған да, тоқтаған да емес. 

Сондықтан  да  «Ақанның  "Жанбота»  әні  бүгінгі  айтушыға  да,  тыңдаушыға  да  рухани 

азық.  


Ал,  «Дудара-ай»  әніндегі  идея  адамдар  арасындағы  адами  құндылықтарды 

ардақтауға, айтқан серт, берген уәдеге берік болуға, сүйіспеншілік сезімді аялай білуге 

негізделген.  Тек  адамдар  арасында  ғана  жалт  еткен      жансезімдік  қасиеттер  сол 

қалпында екінші рет қайталанбайды. Сондай құндылықтарды асқақтата жырлау арқылы  

мәңгілік тақырып махаббатты биікке көтере әндету айтушыға да, тыңдаушыға да үлкен 

ләззат  сыйлайды,  өз  басындағы  сүйіспеншілік  сезімді  жаңғыртады,  ойына  ой  қосады, 

сезіміне серпін береді. Дәл ондай сезім кешегі Дудар мен Мәриямның замандастарында  

болса,    солардың  бүгінгі  ұрпақтарында,    қазіргі  жаңа  толқында  да  бар.  Сол  сезімге 

түрткі болуға жараған  ән бүгінгі мәриямдардың аузымен айтыла беретіндігі заңдылық.  

 

 

Әдебиеттер тізімі 

1.

 



Қазақ әндерінің антологиясы 1,2 том. Алматы, Өнер 1989. 

 

References (transliterated) 

1.

 

Qazaq anderіnіn antologiyasy 1,2 tom. Almaty, Oner 1989. 



 

 

Сагатбек МЕДЕУБЕКУЛЫ 



ИНФОРМАЦИОННАЯ ДОСТОВЕРНОСТЬ ПЕСНИ 

 

Резюме 

В  казахской  степи  была  развита  своего  рода  устная  публицистика.  В  статье  автор 

расматривает  песню  не  только  как  музыкальное  произведение,  но  и  как  публицистическое 

выступление  акына-композитора.  Акын-композитор  использовал  песню  как  музыкальный 

способ затрагивания жизненных проблем общества. 

 

Ключевые слова: устная публицистика, песня, акын. 

 

 



Sagatbek MEDEUBEKULY 

INFORMATIONAL VERACITY OF THE SONG 

 

Summary 

A  specific  kind  of  oral  journalism  was  developed  in  the  Kazakh  steppe.  In  this  article  author 

considers  a  song  not  only  as  a  piece  of  music,  but  also  as  a  journalistic  performance  of  akyn- 

composer. Akyn-composer used the song as musical way to discuss the problems of society’s life. 

 

Keywords: oral journalism, song, akyn. 

 

 



Медеубекұлы С. Әннің ақпараттық ақиқаты  

37 



Автор туралы мәлімет: 

Медеубек Сағатбек Медеубекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы 

 

Cведения об авторе: 

Медеубек Сагатбек Медеубекулы  – кандидат филологических наук, доцент, декан факультета 

журналистики КазНУ им Аль-Фараби 

 

Information about the author: 

Sagatbek  Medeubek  –  Candidate  of  Philology  (PhD),  Associate  Professor,  Dean  of  the  Faculty  of 

Journalism at Al-Farabi Kazakh National University. 



 

 

 

МУЗЫКАЛЬНОЕ ИСКУССТВО КАЗАХСТАНА В XX-XXI 

ВЕКАХ 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ XX-XXI  ҒАСЫРДАҒЫ  

МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕРІ

 

MUSICAL ART OF KAZAKHSTAN IN XX-XXI CENTURIES 

 


Омарова А. Өткен ортақ тарихымызға оралсақ...  

39 

УДК 78(574)09 

Аклима ОМАРОВА 

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы  

 

ӨТКЕН ОРТАҚ ТАРИХЫМЫЗҒА ОРАЛСАҚ... 

 

Түйін.  Мақалада  1930  жылдары  мерзімдік  басылымдағы  мәліметтерге  негізделген 

Е.Г.Брусиловскийдің  «Ер  Тарғын»  операсының  шығармашылық  тарихына  қатысты 

қазақ және өзбек музыкалық-театр өнері қайраткерлерінің байланысын және операның 

сол кезеңдегі мәдени өмірге маңызын айқындайтын жаңа деректер ұсынылды.  



 

Тірек сөздер: мәдениет, композитор, мерзімді баспасөз, куәлік, құжат, дерек. 

Ключевые слова: культура, композитор, периодика, свидетельство, документ, факт. 

Keywords: culture, composer, periodicals, certificate, documents, fact. 

 

«1937 жылы қаңтардың ортасында “Ер-Тарғынның” алғаш қойылымы болды. Қазақ 



музыка  театрында  бұл  байланыстырушы  прозалық  диалогсыз  жасалған  тұңғыш 

спектакль еді. Бүкіл опера тұтастай халық әннің негізінде құрылған. Мен бұл әндерден 

лейттемалар  жасадым,  қажетті  ракурсте  еркіндікке  негіздей  және  сезімталдылыққа 

бағындыра,  мен  операның  музыкалық  сұлбасының  дамуын  құрдым.  [...]  Опера 

кейіпкерлерінің  сезімін  білдіретін  халық  әндері,  жаңа  мазмұнға  толы,  жаңа  өмірге 

иемденді  және  жаңаша  естіле  бастады.  Ән-мінездемелер  сюжеттің  дамуына  бағына 

өзінің бастапқы мазмұнын жоғалтты және жаңа мәнге ие болды. Мен қазақтың халық 

операсын  шығардым»  –  жылдар  өткеннен  кейін  музыка  авторы,  сол  жылдардың 

лексикасымен  айтқанда  «орденді-композитор»  Е.Г.Брусиловский  өзінің  естеліктерінде 

қолжеткізген нәтижелерін осылайша бағалаған [1, 100]. 

Көрсетілімге  үш  ай  қалғанда  жарияланған  мақалада:  «“Тарғынмен”  жұмыс  істеу 

барысында,  біз  тұңғыш  қазақ  операсын  шығаруды  мақсат  еттік.  Бұл  операның 

қойылымы – қазақ музыка театрының дамуында жаңа қадам болды» [2]. 

Е.Г.Брусиловскийдің  басқа  мақаласындағы  үзінді  1938  жылдың  сәуір  айында 

болған  уақиғаларды  баяндайды:  «Өзбек  музыка  театрындағы  “Ер-Тарғынның” 

қойылымы  ең  қуанышты  әсерді  қалдырды.  Мен  тамаша  спектакльді  көрдім,  барлық 

тараптан  алғанда  тамаша  –  бұл  операда  Ақжүніс  рөліндегі  Халима  Насырованың, 

керемет  әнші  және  актер  Кәрім  Зәкіровтың,  сондай-ақ  республика  халық  әртісі  Кари 

Якубовтың және т.б. жас қабілетті әншілердің бірегей әртістік дарыны ашылды.  

Бүкіл  ұжым  “Ер-Тарғын”  қойылымын  өзбек  театры  сахнасында  орындау  арқылы 

өзінің аса қиын міндетін керемет атқарды» [3].

 

1936  ж.  күз  –  1938  ж.  көктем  –  бұл  хронологиялық  шектеулерде  тек  шығарылған 



туындының сахналық тағдырының контексті ғана емес, оның үстіне екі республиканың 

ұлттық  музыкалық-театр  өнер  өкілдерінің  шығармашылық  бірлестігіне  маңызды 

уақиғалар шоғырланған кез болды.   

Музыкалық-тарихи әдебиеттерде Өзбек сахнасындағы қазақ операсының қойылған 

дерегі,  әдетте,  міндетті  түрде  аталады.

1

  Бірақ  кәсіби  қарым-қатынаста  болған  жағдай, 



осыдан  ілгері  және  кейінгі  кездесулер  назардан  тыс  қалды,  себебі  олар  өзінің 

артықшылығымен  дер  кезінде  –  орталық  (бүкілодақтық)  және  республикалық  –  тек 

                                                 

1

  Мысалы,  «Истории  музыки  народов  СССР»  көптомдығында:  «Ұлттық  Өзбек  операның  туындауына 



дайындалу  үшін  негіз  болған  туысқан  республикалардың  композиторларының  опера  қойылымдары 

Е.Брусиловскийдің “Ер-Тарғын” және М.Магомаевтың “Нергиз”» нұсқалады [4, Б.422].  




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал