Казахской национальной консерватории им. Курмангазы



жүктеу 5.1 Kb.

бет6/14
Дата22.01.2017
өлшемі5.1 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 
 
1
 
Chorzempa D.W. Julius Reubke: life and works. – Minnesota University Press, 1971. 
2
 
Michael Gailit, Julius Reubke and His Organ Sonata, the 94th Psalm, Part 1 // The Diapason 83, no. 1 
(1992/01/00/January; January, 1992. 
3
 
Harvey Grace, Church and Organ Music. Programme Music for the Organ (Continued) // The Musical Times 59, no. 
905 – Jul. 1, 1918. 
4
 
Друскин М. История зарубежной музыки. Вып. 6. – М.:М, 1983. – c. 528. 
5
 
Бочкова  Т.Р.  Немецкая  органная  музыка  ХIХ  века  и  традиция  романитического  бахианства:  Автореф.  дисс. 
...канд. иск. – М., 2000. – c. 189. http://dissers.info/disser_340668.html. 
 
REFERENCES 
 
1
 
Chorzempa D.W. Julius Reubke: life and works. – Minnesota University Press, 1971. 
2
 
Michael Gailit, Julius Reubke and His Organ Sonata, the 94th Psalm, Part 1 // The Diapason 83, no. 1 
(1992/01/00/January; January, 1992. 
3
 
Harvey Grace, Church and Organ Music. Programme Music for the Organ (Continued) // The Musical Times 59, no. 
905 – Jul. 1, 1918. 
4
 
Druskin M. Istorya zarubejnoi muzyki. Vyp. 6. – М.:М, 1983 – s. 528. 
5
 
Bochkova Т. Nemetskaya organnaya muzyka ХIХ veka i traditsiya romanticheskogo bahianstva. Avtoref. diss. ... cand. 
isk. – М., 2000. – 189 с. http://dissers.info/disser_340668.html. 
 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                             № 1. 2013 
 
 
   
44  
Айзада НУСУПОВА 
Светлана ПАРАХИНА 
 
ЮЛИУС РОЙБКЕ ЖƏНЕ РОМАНТИКАЛЫҚ ДƏУІР ДƏСТҮРЛЕРІ 
 
Резюме 
 
 
Бұл  мақала  немістің  романтик  композиторы  Ю. Ройбкенің  шығармашылығын  шолуға  жəне  талдауға  арналған. 
Мақаланың  жаңашылдығы  композитордың  шығармашылық  бейнесін  тарихи  мəнмəтін  тұрғысынан  қарастыру 
талпынысы болып табылады.  
Негізгі қағидалар: 
 –  композитордың  биографиялық  жəне  шығармашылық  қызметі  жөнінде  бұрын-соңды  қаралмаған  дəйектер 
зерттелген; 
 –  романтикалық  стильдің  Ю. Ройбкенің  композиторлық  шығармашылығына  түбегейлі  əсер  етушілік  рөлі 
анықталды; 
 –  немістің  органдық  дəстүрімен  мұрагерлік  байланыстар,  соның  ішінде  И. С. Бахтың  теңдессіз  мұрасымен 
сабақтастық анықталды. 
Қорытынды:  Ю. Ройбкенің  көркемдік  шығармашылығы  аса  көлемді  болмағанымен  маңызы  зор,  себебі  ол  неміс 
романтикалық дəуірінің жарқын көрінісі.  
 
Тірек сөздер: Юлиус Ройбке, романтизм, ХІХ ғасырдағы неміс органдық өнері, дəстүр жəне жаңашылдық. 
 
Ayzada NUSSUPOVA 
Svetlana PARAHINA 
 
JULIUS REUBKE AND TRADITIONS OF ROMANTIC ERA 
 
Summary 
 
The sole article is dedicated to analysis of works of German romantic composer Julius Reubke. Uniqueness of this work 
consists in attempt to carefully expose composer's creative aspect in historic context. 
 Key 
points: 
 – research of previously unexposed facts of biography and works of composer; 
 – fundamental effect of romantic style on repertoire and works of Julius Reubke is defined; 
 – continuity and following of German organ tradition, in particular with the heritage of J.S.Bach is revealed. 
Conclusion: despite the fact that the artistic heritage of Julius Reubke is not large, it became so as it reflects in whole 
traditions of German romantic era. 
 
Keywords: Julius Reubke, romanticism, German organ music of the nineteenth century, tradition and innovation. 
 
 
Сведения об авторах 
Нусупова  Айзада  Сайфуллаевна – кандидат  искусствоведения,  старший  преподаватель  КНК  им. Курмангазы. 
Парахина Светлана – магистрант КНК им. Курмангазы, руководитель – А. С. Нусупова 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ                № 1. 2013 
 
 
45 
ОƏК 781.7 
 
А. МҰҚАН 
М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты, өнертану кандидаты, доцент 
 
ҚАЗАҚ ОПЕРА САХНАСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ 
 
Автор  мақалада  қазақ  халқының  басын  біріктірген  Абылай  хан  бейнесінің  қазақ  опера  сахнасындағы 
сомдалу  жолдарын  талдайды.  Əр  жылдар  қойылымдарының  сахнаға  қойылуы  қырлары  мен  кейіпкердің 
актерлық орындалу жолдары салыстыра зерделенеді.  
 
Тірек сөздер: опера, партия, кейіпкер, тарихи тұлға, əнші, тəуелсіздік, режиссура, спектакль, музыкалық 
бейне. 
Ключевые  слова:  опера,  партия,  образ,  исторический  персонаж,  вокалист,  независимость,  режиссура, 
спектакль, музыкальный образ. 
Keywords: opera, party, image, historical character, vocalist, independence, direction, performance, musical 
image 
 
Қазақ  халқының  өз  алдына  тəуелсіз  мемлекет  болуын  баянды  ету  жолында  қажырлы  еңбек 
сіңірген  ірі  тарихи  тұлғалардың  бірегейі – Абылай  хан.  Кеңестік  идеология  үстемдік  құрған  ХХ 
ғасырда  бұл  хандық  кезең  жəне  оның  тарихи  тұлғалары  жайлы  айтып,  жазуға  басымызда  ерік, 
қолымызда  билік  болған  жоқ.  Сол  себептен  де  халқымыздың  қаһарман  ұлдары  мен  қыздарының 
есімдері  еріксіз  ауызға  алынбай,  бірнеше  ұрпақ  санасынан  өше  бастаған.  Десекте,  тəуелсіздік 
алғаннан  кейін  ұлттық  сананың  сілкінуіне,  халықты  рухани  түлетуге  жаңа  леп  берген,  кезінде 
бұрмалау мен ақтаңдақтарға айналған өткен тарихымызды қалпына келтіру болатын.  
Еліміз  жиырма  екі  жыл  бұрын  тəуелсіздік  алуымен  бірге  өшкеніміз  қайта  жанып  тарихымыз 
бен  мəдениетіміз,  салтымыз  бен  дəстүріміз  қайта  түледі.  Абылай  ханның  ел  мен  жердің  бірлігін 
сақтап,  көрші  қонған  мемлекеттермен  терезесі  тең  билік  жүргізген  аймақтағы  ірі  саяси 
қайраткерлігі  жайлы  құжаттар  мен  деректер  күні  бүгінге  дейін  көптеп  табылуда.  Абылайдың 
бірнеше  ондаған  жылдар  бойы  тəуелсіз  еліміз  бен  мемлекетіміздің  басында  тұрып,  халқының 
басын  біріктіріп,  іргесін  бекітіп  елін  басқаруы,  көрші  алпауыт  империялармен  ұстанған  сыртқы 
саясаттағы  салып  кеткен  сара  жолы  қазіргі  жас  тəуелсіз  мемлекетімізді  баянды  ету  жолында  да 
маңызды сабақ болды. Оның бейнесі халық ауыз əдебиетінің көптеген жыр-дастандары мен аңыз 
əңгімелерінде,  əні  мен  күйінде,  терме-толғауларына  тақырып  болды.  Талай  көркем  туындыларға 
негіз  болған  бұл  тұлға  жайлы  тақырыпқа  еркін  бару,  еліміздің  тарихын  ешкімге  жалтақтамай 
зерттеп жазу да осы, тəуелсіздік кезінің жемісі.  
Соның  ішінде,  жазба  əдебиетінің  басты  саласы  драматургияда,  кейін  сахнаға  тікелей  жол 
тартқан  шоқтығы  биік  Қ.Бекхожиннің  «Ұлан  асу» (1973, режиссері  Қ.Жетпісбаев), 
М.Байсеркеновтың  «Абылай  ханның  ақырғы  күндері» (1997, режиссері  М.Байсеркенов), 
Ə.Кекілбайдың  «Абылай  хан» (1998, режиссері Б.Атабаев) секілді  туындыларының орны ерекше. 
Драма театр сахнасындағы Абылайдың асқақ бейнесі басты тұлға болып көрермен есінде сақталып 
қалған  бұл  спектакльдер  Қазақстанның  көптеген  театрларында  қойылып,  көрерменнің  шынайы 
ықыласына бөленді.  
Ал, опера сахнасындағы тарихи тұлғаның келбеті қалай сомдалғанына келсек, бұл жерде қазақ опера 
өнерінің  қалыптасу  кезеңіндегі  тарихи-əлеуметтік,  саяси  хал-ахуалды  ескеруіміз  керек.  Кеңестер 
дəуірінің  идеологиялық  машинасы  күшіне  міне  бастағанда,  барлық  əдебиет  пен  өнер  саласы  идеялық 
қалыптың қатаң тезіне илене бастаған сəті. Жаңадан түзіле бастаған опера репертуары Абылайды, қазақ 
халқының тəуелсіз мемлекет болған кездегі ханының бейнесін сахнаға шығармауы белгілі жəйт болатын. 
Əдебиет  пен  өнердегі  болған  идеялық  көзқарастар  үшін  жазалаулар,  цензуралық  кедергілерді  опера 
театры басынан толық өткергендіктен ел тəуелсіздігін өмірі мен саяси көзқарасының түп қазығы еткен 
Абылайды сахнаға алып шығуға мүлдем мүмкін болған жоқ.  
Соған  қарамастан,  Абылай  хан  бейнесін  опера  сахнасында  композитор  Сыдық 
Мұхамеджановтың  Софы  Сматаев  либреттосына  жазған  «Жұмбақ  қыз»  операсында  алғаш  рет 
көрініс берген болатын. Операның премьерасы 1971 жылы 25 желтоқсанда болып өтті. Қазақ кеңес 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                             № 1. 2013 
 
 
   
46  
əдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, драматург С.Сейфуллиннің лиро-эпикалық «Көкшетау» поэмасы 
негізінде  жазылған  бұл  опера  композитор  шығармашылығында  өзіндік  орны  бар,  пролог  пен 
эпилогтан жəне негізгі үш бөлімнен тұрады.  
Опера тақырыбы лиро-эпикалық аңыз жəне ертегіге негізделген қазақ халқының көне дəуірін, 
нақтырақ  айтсақ,  Абылай  хан  билік  құрған  тарихи  кезеңді  баяндайды.  Көкшетаудың  əсем 
табиғатын, махаббаттың барлық қиындықты жеңіп шығар күшін, адами тұрғыдағы құндылықтарды 
жырға қосқан ақын шығармасына арқау болған тараулардан операға поэманың алғашқы бөлімдері 
–  Оқжетпес  шыңы  мен  Жұмбақ  тас  аралы  туралы  екі  аңыз  алынған.  Ақын  автор – Сəкен  осы 
оқиғаны баяндаушы ретінде опера прологын ашатын  жəне эпилогында жабатын кейіпкер ретінде 
енгізілген. Қалмақтың тұтқын қызы Нəзік Абылай хан бастаған жорықта қазақтар қолына тұтқынға 
түсіп, олжаға таласқан батырлар арасында тартыс тудырады. Қойылған жұмбақтарының шешімін 
тапқан  жанға  шығуға  келісім  берген  Нəзік  сұлу  үшін  ортаға  бақтарын  сынауға  құралайды  көзге 
атқан  мергендер  мен  ұшқыр  ойлы  шешендер  күш  сынасуға  шығады.  Тұтқын  қыз  жұмбақтарына 
төрелік  айтуға  шығатын  Абылай  ханнның  бейнесін  композитор  алғаш  рет  музыкалық  театр 
сахнасына арнап жазады.  
Композитор 
С.Мұхамеджановтың: «Мен 
революционер 
ақын 
С.Сейфуллиннің 
шығармашылығымен  ертеден  таныспын.  Оның  тамаша  поэмасының  мазмұны  менің  көңілімді 
аударды…  Мен  бұл  шығарманың  романтикалық  сипатын,  сюжеттің  өзіндік  даралығын 
көрсетуге  тырыстым», - деген  пікірінен  (курсив  біздікі  М.А.) [1, 157] біз  композитор  бірінші 
кезекте  туындының  лирикалық  негізіне  ерекше  мəн  берген,  сондықтан,  поэманың  тек  аңыздық 
мотивтерінің  ғана  таңдап  алынуы  заңдылық  болғандығын  көреміз.  Сондықтан  да  болар,  бұл 
шығарма  кеңестік  қоғамның  тоқырау  атты  тұңғиыққа  шөге  бастаған  кезеңінде  сахнада  қойылуы, 
көпшілікке  жəне  ресми  мекемелерге  осы  күйінде  жеткізу  барысында  аса  көп  кедергілерге 
ұшырамағандығын көреміз.  
Операда  Абылай  ханның  музыкалық  келбеті  бірнеше  лейтмотивпен  сипатталған.  Көрермен 
алғашында  Абылай  ханның  бейнесімен  халық - хордың  баяндауы  арқылы  танысады.  Опера 
эпилогінде  оркестрде  орындалатын  Абылай  тақырыбы  хордың  орындауында Allegro assai 
жылдамдығында жүретін: 
«Сақта тəңірім Абылайды,  
Зарды Абылай танымайды.  
Күлсе ол, күлер күллі дүние,  
Ол  шат,  жаудың  жаны  қайғы»
  [2, 19-22] – деген  хордың  орындауында  ұрандатып  жігерлі 
айтылатын  музыкалық  нөмір  арқылы  барша  қазақтың  үміт  артып,  назарын  тіккен  Абылайдың 
бейнесімен көрермен сырттай таныс болады. Қазақ қадір тұтқан хан Абылайды біз алғаш рет осы 
халықтың жалынды ұран сөздері арқылы танимыз. 
Осы бөлімдегі «№ 7. Абылайдың ариясы жəне хор» сахнасында [2, 80-96] хан келбеті ерекше 
көрінеді. Жігерлі де жылдам орындалар ариясында Абылай бейнесі салмақты, қаһарлы сұсы да бар, 
қол  астындағы  еліне  толық  билік  құрған,  алмас  қылыштың  жүзіндей  өткір  тілді  жан  болып 
көрінеді. Оның:  
«Ордаңды шауып ойрандап,  
Ерлеріңді құл етем. 
Жеріңді өртеп сайрандап,  
Қыздарыңды күң етем. 
Ғасырлар бойы қан жұтқан,  
Халқым  үшін  кек  алам»
 [2, 81-91] – деген  сөздерінде  елі  мен  халқының  азаттығы  үшін  белді 
бекем  буып,  жанын  беруге  бар  асқақ  та  айбарлы,  бойында  күші  мен  жігері  мол  ел  басқарған 
Абылай ханның келісті тұлғасын көреміз.  
Композитор  Сыдық  Мұхамеджанов  өзінің  «Жұмбақ  қыз»  операсындағы  Абылай  хан 
партиясын  театрдың  қою  бас  дауысты  жас  əнші  Ш.Үмбетəлиевтің  шығармашылық  қарымы  мен 
орындаушылық  қолтаңбасына  мөлшерлеп  арнайы  жазған.  Абылай  хан  партиясы  əншінің  опера 
театры сахнасындағы ұлттық репертуардан жасаған елеулі жұмысының бірі. Абылай хан партиясы 
əнші  Шора  Үмбетəлиевтің  вокалдық  мүмкіндігіне,  дауыс  диапазоны  мен  орындаушылық 
ерекшелігіне арнайы жазылады. Көрермен араға бір жыл толмай опера сахнасынан бүкіл қазақтың 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ                № 1. 2013 
 
 
47 
ту етіп көтерген Абылай ханының бейнесін тұңғыш рет Шора Үмбетəлиевтің орындауында опера 
сахнасынан тамашалады.  
Бірінші  көріністің  аяғы – халық  хордың  орындауында  салтанатты,  жігерлі  марштық 
интонациядағы  үлкен  хор  сахнасымен  аяқталады.  Барша  орындаушылар  құрамының  бір  адамдай 
(tutti) атқаруында естілетін («Сақта тəңірім Абылайды») хордың екпіндей көтерілер интонациялық 
əуенінде  көтеріңкі  марштық  ырғағында  қажымас  қайрат,  мұқалмас  жігер  сезіледі.  Талантты  жас 
əнші  Ш.Үмбетəлиев  бойына  қажетті  əншілік  əрі  актерлік  шеберлік  қырлары  толық  табылды.  Ол 
сомдаған  Абылай  қазақ  сахнасының  алғашқы  бірнеше  буын  актер-орындаушыларының  еншісіне 
бұйырмаған тарихи тұлғаны алғаш рет сомдады. Театр репертуарында 80-жылдар ортасына дейін 
жүрген бұл спектакльде əнші өз партиясының тұрақты орындаушысы болды. 
Осыдан  кейін  қазақ  көрермені  опера  сахнасында  Абылай  хан  бейнесімен  Тəуелсіздік  кезеңінде 
жүздесті.  К.Байсейітова  атындағы  Ұлттық  опера  жəне  балет  театрының  репертуарына 2004 жылғы 13 
ақпанда Француз композиторы Франсуа Жанно мен Бекболат Тілеуханның Мағжан Жұмабаев поэмасы 
негізінде  «Батыр-Баян»  музыкалы-хореографиялық  көрсетілімі  жасалды.  Дирижері – Кристоф  Мангу 
(Франция).  Абылай  ханның  қолын  бастаған  ержүрек  Батыр  Баянның  ерлігі  жырлануы  арқылы,  ол 
ортадағы сананы жайлаған Зұлымдық, Даналық, Ынтызарлық, Құмарлық, Махаббат т.б. жалпы адамзат 
үшін  əмбебап  сезімдер  мен  ұғымдар  екендігі  жəне  осы  сезімдер  ел  мен  жердің  бірлігіне  қауіп 
төндіргенде,  намыс  пен  ар  алдында  жаны  таза  ел  үшін  еңіреген  адал  ұлдарды  өлімге  алып  келетіні 
баяндалады. Қойылымда басты кейіпкерлер мен орындаушылар қатарында: Жыршы – Б.Тілеухан, Ақын 
–  М.Тойкенов,  Домбырашы – Р.Күлшебаев,  Джаз  квартеті,  Фольклорлық  топ  жəне  театрдың 
симфониялық  оркестрі,  хоры  жəне  балет  труппасы  қатысады [3, 6]. Бұл  құрамда  ойналған  қойылым-
спектакльде  еуропалық  симфониялық  оркестрдің  үні  қазақтың  көне  аспаптары  домбыра  мен  қобызбен 
қатар жыршының əсерлі орындауларымен өзіндік үйлесім тапқан. Хор мен балет ұжымдары осы оқиғаны 
баяндау  барысында  ежелгі  грек  трагедияларындағы  сахналық  көріністер  мен  суреттерге  түсініктеме 
беруші,  куəгері  болып  отырған.  Бұл  классикалық  музыка  мен  дəстүрлі  қазақ  музыкасының 
қосындысынан туындаған жаңа үлгідегі экперименталді қойылым болды.  
Бұл  жерде  Абылай  хан  бейнесі,  оның  қол  бастаған  батыры  Баянды  сипаттауы,  оның  інісі 
Ноянның  іс  əрекеті  арқылы  көрермен  назарына  ұсынылады.  Ел  басқарған  ханына  сенімді  серік 
болған  батырдың  сол  сенімнен  шығу  үшін  жасаған  əрекеті  арқылы  көрерменге  ел  мен  мемлекет 
мүддесінің  жеке  бастың  сезімінен,  туыстық,  бауырлық  қарым-қатынастан  жоғары  болатындығын 
еске салады. Абылай орнатқан қазақ хандығын сақтап қалу, оның іргесінің берік болуы үшін туған 
бауыр етіндей інісін оққа байлауы Батыр Баянның қазақ халқына, оның ақ киізге салып көтерген 
Абылай ханына деген шын жүректен ықыласын, берілгендігін көрсетеді.  
2004 жылғы қазан айының 24 жұлдызында белгілі жазушы, қоғам кайраткері Ə.Кекілбаевтың 
либреттосы  негізінде  жазылған  композитор  Е.Рахмадиевтің  «Абылай  хан»  атты  екі  бөлімді 
операсының  тұсауы  кесілді.  Қазақ  ұлттық  опера  репертуары  жаңа  шығармамен  толығып,  театр 
тарихының жаңа бетін ашты. Қазақ мемлекетінің тарихындағы алтын ғасырды орнатып, елдігі мен 
мемлекеттігін  баянды  еткен,  батыспен  де,  шығыспен  де  терезесі  тең  құқылы  араласып,  халқына 
салиқалы  билік  жүргізген  барша  алаштың  Абылай  ханы  өнерсүйер  қауыммен  опера  театры 
сахнасында қауышты. Тəуелсіз ел болғалы Абылай ханын толыққанды бейнесінің музыкалық театр 
сахнасына арнайы опера шығармасының кейіпкері болып шығуы да осы болатын. 
Халқымыздың танымал тарихи тұлғалары бірнеше толқынмен сахна төрінен орын алып, күні 
бүгінге  дейін  репертуардың  көркіне  айналды.  А. Жұбанов  пен  Л. Хамидидің  «Абай» (1944), 
М.Төлебаевтың  «Біржан-Сара» (1946) опералары  өткен  ғасырдың 40-жылдар  жемісі  десек, 
С.Мұхамеджановтың  «Ақан  сері-Ақтоқты» (1982), Ахмет  жəне  Ғазиза  Жұбановтардың 
«Құрманғазы» (1987), Б. Жұманиязовтың  «Махамбет» (1990) опералары 80-90-жылдарда  дүниеге 
келді.  Бірақ,  ол  дəуірде  қазақ  халқының  қадір  тұтқан  ұлдары,  Абылай,  Кенесары  хандар,  Ахмет 
Байтұрсынұлы,  Мағжан,  Мұстафа  Шоқайы  т.б.  туралы  тақырыпқа  баруға,  оларды  сахналық 
шығарманың  кейіпкері  етуге  мүлдем  мүмкіндік  болмады.  Тəуелсіздік  алған  еліміз  бен 
мемлекетіміздің  жаңа  тарихи  даму  кезеңінде  қазақ  опера  сахнасы  егемен  еліміздің  ең  бірінші 
туындысы мемлекеттігіміздің ұйытқысына айналған «Абылай хан» операсымен ашылды.  
Опера желісі халқымыздың жоңғарлармен болған шешуші шайқасынан басталатын, бір тудың 
астына  бірігіп  біртұтас  мемлекет  болуының  тарихи  қалыптасу  кезеңдері  кіретін  бірнеше 
онжылдықтар  аралығын  қамтиды.  Қауырт  оқиғалар  легі,  қоғамдық-саяси  аренадағы  жеңістеріміз 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                             № 1. 2013 
 
 
   
48  
бен  жетістіктеріміз,  заманында  Абылай  ханның  ұстанған  көреген  саясатының  ізімен  болуы, 
егемендік  алғаннан  кейінгі  жас  мемлекетіміздің  бағытының  дұрыстығын,  дəстүрінің  бабалардың 
дана жолымен жалғастығын айқындап берген секілді. 
Бұл шығарма əу бастан опера либреттосы болып жазылып шыққанымен, кейін араға бірнеше жыл 
салып  М. О. Əуезов  атындағы  Қазақтың  академиялық  драма  театрының  сахнасына  үлкен  табыспен 
қойылды.  Б. Атабаевтың  режиссурасымен  көрсетілген  «Абылай  хан»  спектаклі  драма  театр  сахнасына 
арнайы  жазылғандай  елеулі  өзгеріссіз  қойылған  ұлттық  рухымыз  бен  елдігімізді,  тəуелсіздігімізді  паш 
еткен салмақты қойылым болды. Алғашында «Абылай хан» деген атаумен басылып шыққан жазушының 
бұл  туындысына – «опера  либреттосы»  деген  жанрлық  анықтауды  шығарма  авторының  өзінен  алған. 
Десекте, либреттоның көлемділігі, кейіпкерлерінің монологтары мен диалогтерінің ұзақтығы бұл əдеби 
шығарманы бір кештік операның ауқымына сыймайтындай көрсеткен. 
Шығарманың əр көрінісінің нақтылы атаулары бар. Салыстыра қарағанда ғұлама жазушымыз 
М. О. Əуезовтің  «Абай  жолы»  роман-эпопеясының  бірінші  томындағы: «Қайтқанда», «Қат-
қабатта», «Жолда», «Шытырманда»  т.б.  деген  тарауларындағы  аттары  секілді  қысқа  да  нұсқа 
болып берілген. Екі бөлім, жеті суреттен тұратын операның сахналық оқиғасының негізгі желісі де: 
«Арбасу», «Тұтқында», «Сөз тартыс», «Өрлеу», «Саясат алаңы», «Нартəуекел», «Бəтуаласу» деген 
нақтылы  тақырыптармен  аталатын  көріністерде  сипатталады.  Операда  көпшілік  танып  біле 
бермеген  балаң  жігіт  Сабалақ-Əбілмансұрдың  ерлігімен  көзге  түсіп  қазақ  халқының  басын 
біріктірген  ірі  саяси  тұлға – Абылай  ханға  айналуы,  абыроймен  елін  басқаруы  жан-жақты 
суреттеледі.  Сондықтан  композитор  үшін  көп  оқиға  желісі  мен  кейіпкерлерінің  ішінен  маңызды 
деген желілерді аршып, ашып көрсету оңайға түспеген болса керек. 
Операның  сахнадағы  ғұмырына  тікелей  жауапты  қоюшы-режиссер  ресейлік  Ю.Александров 
Алматы  театрының  өнер  ұжымымен  алғаш  кездескен  ол,  театрдың  орындаушылық  деңгейі  мен 
өзіндік  ерекшелігін  ескерген.  Қоюшы  режиссер  ретінде  «Абылай  хан»  операсының  жазылу 
барысында  шығарманың  драматургиялық,  құрылымын  қосымша  толықтырулар  мен  артық 
тұстарды  алып  тастауға  шығарма  жазылуы  барысында  композиторға  ықпалы  мүлдем  болмаған. 
Театр  композитордан  қабылдап  алып,  опера  клавирін  режиссер  Ю.Александровқа  табыстағаннан 
кейін ғана қоюшы жұмысқа кіріскен.  
Ерекше  айта  кетер  бір  жəйт,  қойылым  суретшісі  ресейлік  В. Окунев  əр  көрініске  сай 
спектакльдің сырт бейнесін көркем жасай білген. Шым қара мақпалға оранған сахна кеңістігі оқиға 
орны ауысарда артқы пландағы матаның өзгеруімен жəне оқиға орнына тəн нақтылы детальдармен 
өзгеріп  отырады.  Оқиға  желісіне,  өтетін  əрекет  орнына  байланысты,  сахна  алаңының  елеулі 
өзгеріске түсіп отыруы бұл операда нақтылы. Сахна төріндегі декорация мен бутафорлық қосымша 
детальдар театрдың ойын табиғатына қосалқы құрал ретінде жарасымды сəн берген. Қазақ-қалмақ 
найза  түйістіретін  соғыс  алаңы  сар  дала  мен  қалмақтардың  тұтқынында  болатын  Əбілмансұрдың 
қапастағы  халін  суреттейтін  дөңгелектеп  жасалған  темір  тор,  сахна  ортасындағы  ханның  тағы 
кейіпкердің ішкі сезімдерін тереңнен ашып беруге көмектесіп тұр. Өнертанушы Д.Шарипова өзінің 
«Трансформация традиционных жанров в живописи. Общность стратегий в развитии живописи и 
сценографии»  атты  зерттеу  мақаласында  осы  операның  сценографиясы  жайлы  ойын: «...В  опере 
был  использован  образ  тюрьмы  в  виде  железного  круга,  в  замкнутом  пространстве  которого 
проводил заточение Аблай хан. Один емкий пластический знак вбирал в себя множество смыслов: 
неволя  как  фрагмент  биографии  хана,  сопрягалась  с  олицетворением  зависимости  и  несвободы 
всего  казахского  мира»[4, 92] – деген  ой  айтады.  Сонымен  бірге,  спектакль  финалындағы 
декорация  кешегі  қазақ  мемлекетінің,  үш  жүздің  басын  берік  біріктіріп  елдіктің  туын  көтерген 
қасиетті Түркістан жеріндегі ұлттық рухымыздың тірегі Ахмет Яссауи мавзолейіне, кейін, бүгінгі 
егемен еліміздің жаңа астанасының төрінде орналасқан жаңа Қазақстанның символы - Бəйтерекке 
кезек-кезек  ауысып  отыруы  көрерменге  өткен  тарих  пен  бүгінгі  күніміз  арасындағы  тығыз 
байланысты  меңзейді.  Мұнда  режиссердің  бүгінгі  күн  талап  еткен  сұранысты  болжай  біліп,  сол 
бағытқа бұрылғандығы да көрініс беріп тұр. 
1998  жылғы  драма  театрының  сахнасына  қойылған  «Абылай  хан»  спектаклінің  музыкалық 
театр сахнасындағы нұсқасымен түп негізі бір, бірақ өзіндік жолымен, жанрлық өзгешеліктерімен 
ерекшеленетін  туынды  болды.  Драма  театр  сахнасындағы  спектаклдің  музыкалық  көркемдеуіне 
композитор  Е.Рахмадиев  ат  салысқан  болатын.  Бұл  операның  біз  байқаған  басты  ерекшелігі – 
речитативті  болып  келуі.  Композитор  қызу  тартысқа  құрылған  сахналардың  басым  бөлігін 

ВЕСТНИК КАЗАХСКОЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ КОНСЕРВАТОРИИ ИМЕНИ КУРМАНГАЗЫ                № 1. 2013 
 
 
49 
речитативке  құрған:  Абылай  мен  Қалдан  Серен,  Абылай  мен  билер  шығатын  сахналарда  опера 
кейіпкерлерінің  қара  сөзге  ауысуын  əдейі  қолдаған  секілді.  Композитордың  «күрделіліктен - 
қарапайымдылыққа»  ауысуы  бар.  Операның  осы  ерекшелігі  жайлы  музыкатанушы  Г.Мұсағұлова 
өзінің  зерттеуінде  «Основная  цель,  выдвигаемая  композитором  в  претворении  различных  форм 
речитативов – обрисовка образа оперного персонажа, показ динамики сюжетной линии, усиление 
драматургических  узлов  и  т.д...–  дей  келе  зерттеуші – композитором  были  задействованы 
многочисленные типы речитативного исполнения: мелодизированный речитатив, речитатив secco, 
скороговорка, скандирование, полуразговорная и диалогизированная речи» [5, 137] - дейді. 
Режиссер  операның  жазылуы  барысына  тікелей  қатыса  алмағанымен,  спектакльдің 
қойылуында  өзінің  кəсіби  шеберлігі  мен  тəжірибесін  жан-жақты  көрсетіп  қолдана  білген.  Ол 
автордың  айтпақ  негізгі  ой-идеяларын  түсініп,  оны  сахналауда  спектакльдің  ішкі  мазмұны  мен 
сыртқы формасын жасауда басты іс-əрекет көзін композитор шығармасының ішінен, ой-идеясынан 
суыртпақтап  алуға  тырысқан.  Көріністен-көрініске  өтетін  сахналары  жүйелі  жасалған.  Көпшілік 
қатысатын  сахналар  мен  жеке  кейіпкерлердің  өзара  қарым-қатынастары  нақтылы  əрекетке 
құрылған. Режиссер қойылымның басты идеясы етіп жаугершілік заманда қазақ халқының басын 
біріктіріп ел болуды армандаған ірі саяси тұлға Абылайдың образын бар қырынан көрсете отырып, 
қалған  оқиғалар  мен  кейіпкерлер  əрекетін  осы  тұлғаның,  ол  ту  етіп  көтерген  ой-идея  төңірегіне 
топтастырып бере алған.  
Бірақ,  спектакльде  басты  кейіпкер  Əбілмансұр – Т.Күзембаевтің  ортаға  алғаш  рет  суырылып 
шығуы, қалмақ батырымен жекпе-жегі, халықпен қауышып қайта атқа қонуы сахнасы сенімсіздеу 
шыққан. Шарыш – Б.Сқақов  бастаған  қалмақтар қазақтардың  намысына  тиіп, қамшы  үйіретін [6, 
32-34] – сахна  созылыңқы  шыққан.  Оның  есесіне  қалың  топтан  «Абылайлап»  ұрандап  ортаға 
суырылып шығып қалмақпен жекпе-жекке бата сұрайтын Əбілмансұрдың алақан жаятын сахнасы 
драматургиялық  тұрғыдан  маңызды  тұсы  жұпыны  көрінеді.  Басынған  жаудың  басылуы,  жас 
бағланның  «Абылайлап»  қазақтың  рухын  көтеруі  осы  жекпе-жектен  басталады.  Бұл  сахналық 
көріністің  шешімін  бейнелі  көркем  көрсетсе  мүлдем  артықтық  етпес  еді.  Біздіңше,  сахнада 
режиссер мизансценалық шешімдерімен, жарықтың жəне басқа да сахналық техника құрлдарының 
көмегімен  жас  баһадүр – Əбілмансұрдың  жеке  тұлғасының  ғана  емес,  барша  қазақтың  қыл-көпір 
үстінде болған тағдыры шешілер сын сағатта қол жеткізген тарихи жеңісін қомақты етіп көрсетуге 
əбден  болар  еді.  Сонымен  бірге  екі  батырдың  жекпе-жекке  шығатын  сахна  төріндегі  орнатылған 
«аттарының»  оңды-солды  теке-тірескен  «шабыстары»  көрермен  езуіне  күлкі  үйіреді.  Бұл  да 
ойланарлық мəселе. 
Келесі  көріністерде  көрермен  Əбілмансұрдың  іс-əрекеттері  арқылы  парасаты  мол,  ақылды, 
тапқыр,  ірі  саясаткер  тұлға  ретінде  кеңінен  тани  бастайды.  Т. Күзембаев  спектакль  барысында 
бірде өжет те өткірлігімен қызуқанды, енді бірде ойлы, алыстан байлам жасайтын тіс қаққан ел мен 
жердің қамын ойлаған жан ретінде көрінеді. Əншінің жұмсақ баритон дауысы бейненің ішкі сезім 
арпалыстары  мен  иірімдерін  жан-жақты  беруге  барын  салады.  Ру  басшылармен,  билермен 
кездесуде  Абылайдың  дауыс  иірімінде  салмақтылық,  ақылға  жеңдірген  сабырлылық  басым 
сезіледі.  Ал  алтыншы  көріністің  соңындағы  Абылайдың  «Күні,  түні  ойға  баттым  теңселдірген, 
Елім-ай,  көрейін  деп  еңсеңді  өрден!» [6, 331-332] – атты  орталық  ариясын  əнші  тереңнен  толғап 
«толарсақтан  саз  кешкен»  барлық  іс-əрекетінің  қорытындысы  секілді,  бойда  бар  орындаушылық 
шеберлігін сарқа пайдаланып терең сезіммен орындады. Алдыңғы план – авансценада орындалар 
бұл  арияның  операдағы орны  мен  салмақ жүгін  жақсы түсінген əнші өз кейіпкерін толғандырған 
хал-күйді  шынайы  бере  алды.  Басқа  партияларды  орындаушылардың  да  актерлік,  əншілік 
шеберліктерімен  бірге  ансамбльде  жақсы  өнер  көрсеткендігін  атап  өткен  жөн.  Халқына  рухани 
ақылшы болып жол сілтеген Бұқар-жырау – Ш.Əбілов, халықтың ар-ұяты мен шынайы келбетінің 
жинақталған  бейнесі  болған,  езуінен  мысқыл  кетпес  Диуана – Б. Бөкенов,  мақтан  сүйгіш, 
даңғойлығымен  қазақтың  басына  əңгір  таяқ  ойнататын  қалмақтың  батыры  Шарыш – Б.Сқақов, 
ойлаған  ісінің  аяғына  дейін  жеткізу  үшін  ештеңеден  тайынбайтын  Топыш – Д.Дүтмағанбетова, 
сахнаға  қалықтаған  құстай  баяу  самғап  шығатын  Күлпəш – Б.Жұбаева,  жас  та  болса  бойындағы 
күш-қайратынан  жалыны  оттай  шарпитын  Əмір  Сана – Ж.Тапин  ерекше  есте  қалды.  Сонымен 
бірге,  сырты  сызылған  «ізеттілігімен»  көзі  күлімсіреп  жылтыраған  қытай  елшісінің  сахналық 
келбетін  əнші  Т. Кожанұлы  дөп  басып  орындаса,  өзінің  бағасын  білетін  империялық  өктем 

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯ ХАБАРШЫСЫ                             № 1. 2013 
 
 
   
50  
пиғылдағы  орыс  елшісінің  партиясы – Ж.Жабағиннің  орындауында  қазақтың  ханы  Абалайдың 
алдына келгенде ұшып қонған «елпілдек», жеңіл қылықтарымен ерекшеленіп көрінді.  
Театрдың  бұл  жұмысы  жоғары  бағаланып  Е.Рахмадиевтің  «Абылай  хан»  операсын  қоюшы-
орындаушылардың  бір  тобы:  қоюшы-режиссер  Ю.Александров,  қоюшы-суретші  В. Окунев,  бас 
хормейстер  Б. Жаманбаев,  Абылай  хан  партиясын  орындаған – Т. Күзембаев,  Бұхар  жырау 
партиясын орындаушы – Ш. Əбіловтер ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері атанды.  
Қорыта  айтқанда,  қазақ  опера  театрының  тарихында  репертуарға  енген  Абылай  хан  бейнесі 
саны  жағынан  көп  емес  екен.  Сондықтан,  ол  тұлға  туралы  опера  сахнасында  айтылғаннан  əлі  де 
болса  айтыла  түсер  қырлары,  ашыла  түсер  сырлары  көп  тұлға.  Ер  жүрек  батыр,  талантты 
қолбасшы,  өз  заманының  тəжірибелі  саясаткері,  мемлекеттік  қайраткер  т.б.  əр  түрлі  келбетінен 
тануда  Абылай  хан  образын  сан  қырынан  көрсетер  тақырыптар  жетерлік.  Оның  тек  қана  осы 
жақтарын  ғана  бір  жақты  қарастырмай,  адами-кісілік  келбетін,  ет  пен  сүйектен  жаралған  адами 
қырларына  да  үңіліп  көрсете  алса  ол  да  қазақ  сахнасы  үшін  таптырмас  желі  бола  алады.  Олай 
болса, қазақ халқының тəуелсіздігі, мемлекеттігі, тұтастығы жолында бұл тұлғаның жасап кеткен 
ерен еңбегі еленіп, барша алаштың Абылай ханы жайлы келер ұрпақ əлі талай мəрте қалам тартып, 
жырға қосады деп білеміз. 
 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал