Касым көзқарасы Қасым аманжолов



жүктеу 30.61 Kb.

Дата11.09.2017
өлшемі30.61 Kb.

Касым көзқарасы

Қасым АМАНЖОЛОВ

Абайдың таңдамалы шығармаларының орыс

тілінде шыққан бір томдығы жұртшылыққа та-

рала бастады. Бұл кітап Москва қаласындағы

мемлекеттік көркем әдебиет баспасында басылып

шыққан. Тиражы 25000 дана, бағасы 7 сом.

Кітаптың іші-сырты қазақтың ою кестелерімен

нақышталған.

Кітаптың редакциясын басқарған советтің

көрнекті жазушыларының бірі, қазақ әдебиетінің

игілігіне үнемі ат салысып келе жатқан досымыз

Леонид Соболев жолдас.

"Халықтың ауыр қасіретінің ғажап жыршы-

сы болған Абайдың даусы да бүкіл совет елінің

ой-санасын жаңғырықтырсын, ұлы социалистік

революция қазақ халқын қандай қара түнектен

алып шыққанын Советтер Одағының халықтары

ұғатын болсын" дейді Соболев жолдас өзінің

кітапқа жазған кіріспе сөзінде.

Кітапқа Мұхтар Әуезов жолдастың "Абай

Құнанбаевтың өмірі мен еңбектері" деген мақа-

ласы енгізілген. Әуезов жолдас бұл еңбегінде

Абайдың өмірі мен творчествосының алуан сыр-

лы кезеңдерін үлкен шеберлікпен, ғылыми терең

мәнді етіп берген.

Абай шығармаларын бүкіл совет елінің халық-

тарына, оның ішінде, әсіресе, ұлы орыс халқына

толық жеткізу біздің әдебиетіміздің үлкен

мәселесі еді. Бұл мәселе, Абай шығармаларының

осы жинағының басылып шығуымен байланыс-

ты, бірсыпыра шешілген сияқты.

Мұның өзі бүкіл совет әдебиетінің күрделі бір

мәселесі екенін осы жинақты шығаруға қатысқан

жолдастар терең үғьшған. Абайдың осы жинаққа

енген таңдамалы шығармаларын (өлеңдерін, по-

эмаларын, ғаклиясын) аударуға ұлы орыс халқы-

ның жиырма бес шақты ақын, жазушылары ат са-

лысқан. Абай шығармаларын аударған Липкин,

Гатов, Бродский, Рождественский және басқа

жолдастарға Абайдың бүгінгі ұрпақтары шын ту-

ысқандық ниетпен алғыс айтуға тиіс.

Бүл жинақтың жүртшылық сүйсінгендей

ерекше бір қасиеті бар. Ол қасиет - Абай шы-

ғармаларының аудармасы түп нұсқадан онша

алшақ кетпей, бірсыпыра дұрыс шыққанында.

Жасыратыны жоқ, Абай шығармаларының бұдан

бұрын шыққан аудармалары түп нұсқаға жақын-

дық жағынан да, көркемдік құндылығы жағынан

да ойдағыдай болған емес-ті. Ал, мына жинақ ол

жағынан көңіл толарлық болып шыққан.

Абайдың осы жинаққа енген шығармаларын

аударған жолдастар ұлы ақынның жан толқы-

нын, сырын, жүрегінің отын, ақылының алтын

шұғыласын, ұлттық ерекшелігін, түр және

мазмұн өзгешеліктерін орыс халқына айнытпай

жеткізуге, орыс әдебиетінің, одан ары, бүкіл

дүние әдебиетінің әлемінде Абайдың өз тұлға-

сын ашық көрсетуге ерінбей еңбек сіңірген. Біздің

өлең-жыр аударушыларымыздың ішінде "еркін

аударма" деген "қағиданы" көбірек қолданатын

жолдастар бар. Ол "қағиданы" қолданып жүрген

аударушылардың еңбектерінің нәтижесін біздің

бұрын-соңды орысшадан қазақшаға, қазақшадан

орысшаға аударылған өлең, поэмаларымыздан

көріп келе жатырмыз. Ондай аудармалардың

өмірлері онша баянды бола қоймайтынын

жұртшьшық түсінген.

Әрине, ондай "еркін аударма" қағидасына

Абай сияқты ұлы ақын сыймақ емес. Абай шы-

ғармаларын аударған жолдастар еркін аударма

емес, шын творчестволық аударма қағидасын

берік ұстаған. Бұл жолдастар біздің кейбір аудар-

машыларымызға сабақ боларлықтай іс істеген.

Алайда, Абай шығармаларын орыс тіліне

аудару мәселесі әбден шешіліп болды деуден

аулақпыз. Қай ұлы шығарманы алмайық, оны

бірден толық қүнды етіп аудара қою өте қиын

мәселе. Абай поэзиясының алуан қасиеттері

мәдениетіміз, әдебиетіміз өскен сайын тереңдеп

ашыла бермек. Сол сықылды, Абай шығармала-

рының аудармасы да барған сайын жақсара бер-



14

АТ №8(17) ТАМЫЗ 2001



Касым көзқарасы

мек. Абай поэзиясының түп нұсқасымен толық

тең түскен, шыңына шығып тоқтаған аударма-

сын біз әзір алдан күтуге тиіспіз. Абайдың осы

жинағына еніп отырған аудармалар бұл күнге

дейін қазақшадан орысшаға аударылған шығар

малардың ішіндегі ең бір бағалылары. Бірақ, осы-

лардың өзінде, түп нұсқасымен салыстыра кел-

генде, кейбір алшақтап кеткен, түп нұсқаға жет-

пей жатқан жерлер кездесіп отырады.

Мысалы:

"Бүркітші тау басында, қағушы ойда,



Іздің бетін түзетіп аңдағанға; дегенді,

"Всадник с беркутом скачет во весь опор:



Направление следа заметил взор " деп аудару,

немесе:


"Төмен үшсам түлкі өрлеп қүтылар деп,

Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға..."

дегенді:

"Слишком низко мы скачем, уйдет лиса!



Так подумав, он взмоет к вершинам гор "- деу,

әрине, дәл аударма емес. (Жинақтың 7-бетін

қараңыз. Аударған С. Липкин).

"Белый лоб - серебро, чей тонок чекан "

(Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы")



"Он глазами лучистыми осиян "

("Аласыз қара көзі нүр жайнайды");



"Нос ее - словно выточен налице"

("Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын")



"Шелк завидовать может шее такой "

("Жұп-жұмыр , ақ торғындай мойыны бар") -

деген аудармалар Абай берген суреттің бояу-

-ына жетпей жатыр. (Жинақтың 9-бетіндегі

Тарловскийдің аудармасын қараңыз).

Әрине, Абай шығармаларын аудару жүмысы-

ның қазіргі кезеңінде мұндай кемшіліктер бол-

май қалмақ емес. Бірақ, ондай кемшіліктерді ал-

дағы уақыттарда жөндеп отыру арқылы Абай

шығармаларының ең таңдаулы аудармаларын

жасауды мақсат етуіміз керек. Тек Абай поэзия-

сы емес, жалпы поэзия аудармасының сапасын

көтеруге бет алуымыз керек.

Жоғарыдағыдай біраз кемшіліктері бола түрса

да, Абай поэзиясының осы аудармалары, бұры-

нғы аудармаларға қарағанда әлдеқайда жоға-

ры екенін тағы да айтамыз.

Қазақстан совет жазушылары ұйымы, Қазақ

ССР Ғылым Академиясының тіл-әдебиеті инсти-

туты Абай шығармаларын орыс және басқа

ұлттар тілдерінде неғұрлым көбірек, неғұрлым

сапалырақ етіп аударту мәселесін әрдайым

құнттап, қолдап отыруға тиіс. Абай бүкіл дүние

халықтарының тілдеріне аударылуға тиіс. Ол

үшін Абай шығармалары, ең алдымен, орыс ха-

лқының тілінде жақсы аударылуы керек.

КӨП ОҚЫП, ҮЙРЕНІП,

ЖАҚСЫ ЖАЗАЙЫҚ

Көркем әдебиет майданынан кейбір кедергілер арылған соң, біздің жас ақын, жазушыларымыздың

өркендеп өсуіне қолайлы жағдайлардың барлығы да туды. Ендігі мақсат біздің жас жазушыларымыз

өздеріне жасалған көп мүмкіндіктерді жете пайдалана отырып, біздің советтік әдебиетімізді көңілдегідей

етіп өркендетісуге барлық ынта жігерлерін сала қимылдауы керек. Ол үшін жақсы шығармалар жазу

керек. Жақсы шығармалар жазу үшін көп оқу, үйрену керек. Жасыратыны жоқ, біздің жастарымыз-

дың оқу-үйрену жағы әлі де төмен жатыр. Кейбір жас ақын-жазушылар "бойыңда талантың болса

оқымай-ақ та жақсы шығармалар жазуға болады" деген теріс пікірде жүргендігі де байқалады.

Біздің газетіміз бен журналдарымызға түсіп жатқан өлеңдердің бір қатарының сапасы өте нашар

болуы, жас жазушыларымыздың жазған өлеңдері бір-біріне өте ұқсас бола беруі, бір айтқанды қайта-

лап айта берушілік, терең мағыналы, идеясы бар көркем шығармалар әлде болса да аз болып отырған-

дығы жас ақын, жазушыларымыздың білім дәрежесінің кемістігінен.

Біздегі бір қалмай келе жатқан жаман әдет - қалай болса солай қүрастырылған, аяғы үйлестірілген

қара сөзді - өлең деушілік. Өлеңнің қасиеті - оның аяғының үйлесуінде емес, идеясында, мазмұнында,

іші-сырты бірдей келген көркемдігінде екенін ұмытпау керек.



АТ №8(17)ТАМЫЗ 2001

15




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал