Какимова Роза Мұратқызы



жүктеу 0.84 Mb.

бет4/8
Дата20.02.2017
өлшемі0.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

1-жүргізуші:

-  Жаратушы  иеміз  бізге  денсаулығымыздың 

мықты  болуы  үшін  мөлдір  суды,  таудың  кәусар 

ауасын,  көз  жанарын  қуантатын  балғын  жасыл 

шөпті  сыйға  тартқан.  Ал,  біз  мұны  бағаламаймыз. 

Күн тәртібін сақтамай өмірдің ағысына ілесе алмай, 

кінәліні  іздейміз.  Біздің  кейбір  жасөспірімдердің 

осындай  қылығы  анасының  жүрегін  жаралайды, 

мазасын  алады.  Үмітін  үзеді.  Зиянды  әдеттер  тек 

ағзаны ғана уламайды, сананы да улайды, күйі түрлі 

төңкеріске  түседі.

2-жүргізуші:

-  Кешегі  Кеңес  заманында  қазақтың  дастар- 

қанына арақ келді. Арақпен бірге қоса, қайғы-қасірет 

те  келді.  Талай  азамат  арақтың  соңына  түсіп  қор 

болды.

1-жүргізуші:

-  Халқымыз  арақтың  қасіретінен  арыла  алмай 

жүрген  шақта,  жер  астынан  жік  шықты,  екі  қүлағы 

тік  шықты  дегендей,  есірткі,  анаша  деген  дерт 

шықгы.

2-жүргізуші:

-  Есірткі  бір  басын  кессе,  екінші  басы  шыға 

келетін жеті басты аждаһа сияқты көкнәр деген шөп 

болады.  «Көкнөрдің  көз  жасын  ішкен  адам  өмір 

бойы  жылап  өтеді»  деген  сөз  бар  қазақта.

1-жүргізуші:

-  И ә:  есірткіге  бір  берілген  адам  өмір  бойы 

жы лап  өтеді.  Тек  езі  ғана  е м ес  ата-анасы н, 

бауырларын, жанашыр жақындарының бәрі де қоса 

жылап  етеді.  Сахналық көрініс:  «Есірткі зобалаңы».

Бала: Ana, кешір мені, кешір.  Мен осындай күйге 

үшырадым.  Білесіз  бе,  мен...  мен...  нашақормын. 

Мен  үшін  бұл  дүниенің  қызығы  жоқ.  Атып  келе 

жатқан  таңға  қарап  қуана  алмаймын.  Адамша 

сөйлесіп,  адамша  күле  алмаймын  апа-а!  Мен  үшін

"

Валеология. Д енсаулы қж өн е емірлік дағдылар”

15


ВАЛЕОЛОГИЯ

бүл  өмірдің....  бар  қызығы  -   наша,  наша,  наша, 

анаша!  Наша  тауып  берш і,  ana.  Наша  тапшы. 

Жанымды  қоярға  жер  таба  алмай  өліп  барамын, 

апа.  Наша,  наша,  мені  балам  десең,  наша  тауып 

берші,  апа  (жылайды).



Анасы.

-Қүлыным-ау,  құлыным.... қалай тапболдыңбұл 

пәлеге?!  Анаша  дегенің  -   көрініп  келген  ажал  еді 

ғой.  Соны  біле  тұ р а ,  сорлы   балам ,  аж алмен 

ойнағаның  не  болғаны,  өміріңнің  бар  қызығынан, 

қуаны ш ы нан  ай ы р ы п,  сені  қа с ір е т т ің   қара 

құрд ы м ы н а  б а ты р ға н   қа н ы пе зе р   кім ? !  Сені 

осыншама  сорлатқан  қай  тасжүрек?!



Есірткі таратушы:

-  Ол қаныпезер кім еді? -деймісің. Мына менмін. 

Не  істейсің  маған,  байғұс.

Ана:

-   Сен  бе  едің,  жүзі  қара.  Құлынымды  адамдық 

жолдан  тайдыратындай  не  істеп  еді  ол  саған?  Не 

жазығы  бар  еді?!



Есірткі  таратушы:  Рас,  оның  маған  еш  жазығы 

жоқ. Бірақ...  қазір дүниені ақша билеген заман...Оны 

өзің де жақсы  білесің. Ақша,  ақша,  ақша!  Егер  сенің 

балаң сияқтылар  болмаса,  сол  ақшаны  мен  қайдан 

аламын.  Кім  береді.

Ана:

-   Ақша,  ақша  дейсің.  Ақшаңдап  қалғыр...қай 

заманда адамнан ақша қымбат болып еді? Ақшаның 

жолында  құрбандыққа  шалынардай  не  күнәсі  бар 

еді  қүлынымның?

Есірткі таратушы:

-   Күнәсі  не  деймісің?  Күнәсі  -   әлсіздігі.  «Жоқ» 

деген  сөзді  айтуды  үйретпепсің  балаңа.  Маған  да 

ке р е гі  сонд ай  а д а м д а р .  Мен  оны ,  балаңды  

айтамын,  дискотекада  іліктірдім.  (Осы  кезде  біраз 

уақыт  жалт  еткен  түрлі  сәулелер  жарқылында 

дискотека  музыкасы  ойнайды).

Иә,  мен  оны  дискотекада  қармаққа  ілдім. 

Мен 

оған 


экстази  ұсындым.  Ақша  сүрағам  жоқ. 

Тегін  бердім.  Ол  жоқ,  керек  емес деп  айта  алмады.



Ана:

-   «Экстази  бердім»  деймісің.  Ол  неменесі  тағы

да.

Есірткі таратушы:

-   Иә,  баланың  мойнына  алғаш  тозақ  салынды. 

Балаң  менің  қүлыма  айналды.  Ол  есірткіден  ақша 

аям айты н.  Б ір т е -б ір те   ол  е с ір т кін ің   ең  күш ті 

түрлеріне  ауыз  салды.  Тамырына  шприц  салып 

барып, жаны жай табатын болды.  Ол үшін  көп ақша 

керек  еді.  Ақша!  Балаң  өзінің үйіне  өзі  ұры  болып 

түсті.  Үйіңдегі  қымбат заттардың бәрін  сатты.  Міне, 

көрдің  бе,  балаңны ң  түбіне  өзінің  әуесқойлығы 

жетті.  «Ж оқ!»,  «Б олм айды !»  д еген  сөзді  айта 

алмайтын  табансыздығы  жетті  түбіне!

Ана;

-Ж о ға л ! Жоғал!  Сен ажал әкелуші, үрпаққа өмір 

себ уш і  н а ғы л е тс ің .  Мен  ж а л ғы зы м д ы   се н ің

қандықол  шеңгеліңе  тастай  алмаймын.  Жоғал! 



Есірткі таратушы:

-  Ей,  бейшара  әйел!  Сенікі  құр далбаса!  Көрдің 

бе.  ана  балаңның  халін,  өлгелі  тұр  ғой.  О а н   қазір 

керегі  -  анаша.  Оған  дәл  қазір анасынан да  анаша 

қымбат.  Сен  оған  анаша  бере  алмайсың.  Ал,  мен 

беремін.  Тегін  беремін.



Бала:

-  Тегін  дейсің бе? Тегін  бе?



Есірткі таратушы:

-  Анаша  керек  ne  саған?



Бала:

-   Иэ,  керек,  өліп  барам.  Берші!  Өлтірмейін 

десең,  берші.

Есірткі таратушы:

-  Егер анаша алғың келсе, тас кенедей жабысқан 

шешеңді  әрі  алып  кет.  (Бала  жүгіріп келіп,  шешесін 

итеріп  жіберді).

-  Айтпадым  ба,  саған.  Оған  қазір  анасынан  гөрі 

анаша  қымбат.

2-жүргізуші:

Бұл  қойылымнан  түйеріміз  -   есірткінің  бір  рет 

болса  да,  дәмін  татқан  адам  ажалдан  құтыла 

алмайды,  оның  қасіретін,  азабын  тартады.  Тепсе 

темір  үзетін  жас  жігіттер  мен  қыздар  жасырын 

түр д е  ж е ткізіл е т ін   е сір ткі  құрсауы на,  е сірткі 

сатқыштардың  торына  көптеп  ілінеді.

1-жүргізуш і:  Арақ  және  шылым  шегудің  зияны 

туралы   ке пте ге н  м а қа л а л а р ,  өлеңдер  мен 

ш ы ға р м а л а р  

ж а ры қ 

көріп 


ж аты р. 

Қазақ 


ж азуш ы лары   мен  ақы ндары ны ң  ш ығармаш ы- 

лығынан  үзінділер  тыңдасақ  дейміз.  (Оқушылар 



есірткі  мен  арақ  залалы  тақырыбына  жазылган 

шығармаларынан  үзінділер  оқиды).

1-оқушы:

Қазақпын  мен  жеті  жұртты  өткерген,

Аман-есен  өтіп  келген  өткелден.

СПИД деген  аждаһа  бар,  сақ болайық,

Дүниені  орап  еткен  беткейден.

2-оқушы:

Обасы  көп ХХІ-ғасырдың,

Айырмаған  досың  менен  қасың  кім?

Мың  миллиондап  жеп  келеді  жегі  қүрт,

Қиылуда  қыршынынан  қызыл  гүл.

3-оқушы:

Нашақорда  жақын  жоқ,

Апиында  ақыл  жоқ.

Құмартып  наша  шеккеннің,

Ар-намысын  төккенің 

Нашар  жігіт  нашақор.



4-оқушы:

Нашаға  ілесіп  кесел  жүреді,

Көкнәрге  ілесіп  кесел  жүреді.

Наша тартқан  есер  болады,

Ақырында  мешел  болады.

5-оқушы:

Бүл  емірде  не  керек?

16

М3/2010


ВАЛЕОЛОГИЯ

Дүрыс  сөйлеп,  дұрыс  журу  керек.

Ішімдік  ішпей,  шылым  шекпей,

Денемізді  шынықтыру  керек.

Ерте  тұрып,  кеш  жатып 

Есірткіге  еліктемей 

Ерінбей  еңбек  ету  керек.

Бәрінен  де  салауатты  өмір  керек!



6-оқушы:

Денсаулықты сақта, түзу өсесің,

Күнәдан  пәк,  жаннат  өмір  кешесің.

Көрген  күнің қараңғы  ғой,  дерт шалса,

Хараммен  тәніңді  улап  не  етесің?

Жаман  әдет  көп  шектірер  қасірет 

Сақта  өзіңді,  жақсылыққа  жетесің.

7-оқушы:

Күрк-күрк  жөтелген,

Кеудесін  зорға  көтерген.

Ьіреу  келеді  ілбіп,

-Кім  екенін  білдік,

Қарағаннан  сиқына,

Шылымшы ғой...  сүмдық?

Жүзі  солған 

Көзі  түздай  болған.

Шүберектей  оңып  тұр 

Алдымызда  адам  емес,

Кәдімгі  өлік  түр.



8-оқушы:

Жаман  әдет  қонса  сенің  басыңа 

Ешқандай  да  қорықпа  да,  жасыма.

Жеңе  аласың,  жеңесің  сен  әлі  де,

¥раным  деп  адалдықты  ал  қасыңа.

9-оқушы:

Шыңғырып  айтып  шындықты,

Есірткі  жайлы  сұмдықты.

Сиқырлы  кезді  байлаған,,

Кеселді  мундай  кім  үқты.

2-жүргізуші:

-  


Ал,  біз  ортаға  2  сайыскер  топты  шақырамыз. 

(2  mon  мүшелер  шыгады).

1-жүргізуші:

Эр топтан  өзінің атын атап,  бір шумақ өлең оқып 

б ір е ул е р ін   с ұр а й м ы з  (2  mon  м үш е ле р і  ке зе к 

сөйлейді).

САЙЫСТЫ «КҮРКІЛДЕК» ТОБЫ БАСТАЙДЫ. 

«Күрк-күрк  жөтел,

Күркілдеген  не  жөтел?!

Жасыңнан  шексең  темекі,

Түбіңе  сенің  сол  жетер!

Түтінмен  ыстап  өкпені,

Никотин  уын  төккені.

Жүректің  ұстап  талмасын,

Мишықтың  құрғап  кеткені.

Мүгедек,  ауру,  жарымжан,

Өмірге  қатер  тенеді.

Салауатты  өмір  сүрейік!

Шекпеңіз  деймін  темекі

«Шиқылдақ»  тобына  сәлем!»

«ШИҚЫЛДАҚ»  ТО БЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ. 

«Шиық-шиық деп  шиқылдап,

Демігіп,  өкпе  қиқылдап,

Табиғат берген  денсаулық 

Құртамыз  үгіп,  қиқымдап.

Денеге  дерт  боп  жетеді,

Әдеп  боп  жаман  кетеді.

Зиянды  затты  көп  түтсаң,

Өмірің  қор  боп  өтеді.

Спортпен  болып  мәңгі  дос,

Зиянды  заттан  аулақ деп,

Достарыңа  ақыл  қос!

‘‘Күркілдек"  тобына  сәлем!



2-жүргізуші:

-  Ал,  енді  біздің  келесі  сайысымыз  «Салауатты 

өмір  салты  дегеніміз  не?»  деп  аталады.  Ойынның 

мақсаты -  екі  топ  салауатты  өмір  салты  үғымымен 

қандай  заттарды  байланыстыратынын  анықтау.  Әр 

топтың  мүшелері  кезек-кезегімен  тақтаға  шығып, 

осы  сүраққа  жауап  жазулары  керек.  Ойынның 

жеңімпазы  болып,  ең  көп  дұрыс  жауап  жазған  топ 

саналады.  Жауаптың  дүрыс-бұрыстығын  әділқазы 

алқасы  анықтайды.



Салауатты өмір салты деген не?

Мүмкін жауаптар:

1 ) Таңертең суық сумен жуыну;

2)  Таңертеңгілік жаттығу  жасау;

3)  Спортпен  айналысу;

4)  Таза  ауада  серуендеу;

5)  Шылым  шекпеу;

6)  Ішімдік ішпеу;

7)  Үйіңді,  аулаңды таза үстау;

8)  Дене  еңбегімен  шүғылдану;

9)  Уақытты дұрыс пайдалану;

10)  Жауапкершілік  сезімінің  жоғары  болуы;

11) Денсаулық туралы,  ағзаның қызметі  жөнінде 

ақпараттан  хабардар болу;

12) Денсаулықты  дұрыс  күту.



1-жүргізуші:

-  Екі  топ  та  жеңімпаз  атына  сай  екендіктерін 

көрсете білді.  Нашақорлық пен  маскүнемдік туралы 

аз  ж азы лы п,  аз  айты лған  жоқ.  А лайда  бұған 

қарамастан  көптеген жасеспірімдер есірткі сатушы- 

лар  мен  зиянды  өдетке  салынған  құрбылардың 

алдауына  түсіп  қалады.  Біз  болсақ,  құрбылары- 

мыздың жағымсыз  қылықтардың ықпалына түспей- 

тіндігіне  кәміл  сенеміз.  Ал,  біз  «Егер де  мен...»  деп 

аталатын келесі сайысымызға көшеміз.  Әрбір топқа 

бір-бірден  сұрақ  қойылады.  Ton  мүшелері  өзара 

кеңесіп, сүраққа жауап берулері тиіс. Әр сүраққа 10- 

нан  30-ға  дейін  үпай  қойылады.

«Егер де мен...»

Ситуациялық сұрақтар:

"

Валеология



Денсаулы қ және өмірлік дағдылар”

17


ВАЛЕОЛОГИЯ

1)  Мэселен,  сен  би  кешіне  бардың делік.  Билеп 

жатқан  кезде  саған  бейтаныс  адам  келіп,  рахат, 

бурын  басыңнан  өткермеген  ләззат  күйге  түсіретін 

дәрі  ұсынады.  Бүл  жағдайда  болсаң  не  істер  едің?

2)  С ы н ы п та с  д о с ы ң н ы ң   ту ға н   күні  болды . 

Д о сы ң ны ң  а та -а н а с ы   с е н д е р д і  үйде  жалғы з 

қалдырып  кетті.  Басқа  қонақтар  досыңның  ата- 

анасынан  жасырып,  спирттік  ішімдік  сатып  алады. 

Сен  ішпеймін  деп  бас тартсаң да,  сені  ішуге доста- 

рың  күштейді.  Ішімдік  ішпес  үшін  қандай  сылтау- 

себеп  айтар  едің?

3)  Сенің досың  нашақор.  Ол  есірткі  сатып  алуға 

сенен  ақша  сұрайды.  Сен  не  істер  едің?

4)  Сенің ойыңша,  наша  сатқыштардың қармағы- 

на  түсіп  қалмау  үшін  не  істеу  керек?  Егер  сенің 

жақын  досың,  не  бауырың  сондай  жағдайға  тап 

болса,  не  істер  едің?



2-жүргізуші:

Қүрбыларымыздың  байыпты,  салмақты  жас- 

өспірімдер  екеніне  көзім із  жетті.  Келесі  кезекті 

танымдық-логикалық  сайысқа  берейік.  «ШИҚЫЛ- 

ДАҚ»  пен  « К Ү Р К ІЛ Д Е К »   то п та р ы   ке зе к-ке зе к 

ұпайлары белгіленген торларды таңдайды.  Егер бір 

топ жасырулы тұрған сұраққа жауап бермесе, екінші 

топ  ұпайды  иемдене  алады.

20

30

40



50

20

30



40

50

20



30

40

50



20

і

3Ü“ ~



50

Сұрақтар:

1)  Темекіні  Еуропаға  кім,  қашан  алып  келді? 



(1496-жылы  X. Колумб  пен  оның  достары)

2)  Үнд істер  те м екі  ө сім д ігін   қалай  атайды? 



(Кохоба)

3)Тем екінің  құрам ы нд ағы   улы  затты  не  деп 

атайды?  (Никотин)

4)  Никотин  кімнің есімімен байланысты 

қойыл- 

ған?  (Францияның  Португалиядагы  елшici  Жан 



Никоның  есімімен  байланысты)

5)  Еуропада  темекі  қалай  аталды?  (Табаго, 



табак)

6)  Темекіде  қанша  никотин  бар?  (0,8%  -4%- 5  % 



дейін)

7) Никотиннің қасиеттерін атап шық.  (Сары суйық 



зат,  уда,  майда  жақсы  ериді)

8)  Салмағы  76-20  кг  итке  қанша  тамшы  никотин 

берсе  сеспей  қатады?  (1  тамшы)

9)  Ресейге темекіні қай ғасырда,  кім алып келді? 



(ХҮІ  гасырда  шетел  саудагері)

10)  О рыс  ж а зуш ы сы   Л .Н .Т ол стойд ы ң  қай 

еңбегінде  темекі  туралы  жазылған?  («Балалық», 

«Есею»,  «Жастық»  трилогиясында)

11)  Қай  ғасырда,  қай  елде темекі  таратушылар- 

дың  басын  кесіп,  дарға  асқан?  (Х ҮІІ  гасырда 

Англияда)

12)  Адамдардың  ортақ  ici,  қарым-қатынасын 

оңайлатуға,  пікірлесуге  жеткізетін  ермек  әрекеті 

(Темекі  mapmy)

13) Темекі қүрамы неден түрады? (Органикалық, 



бейорганикалық  заттардан)

14)  Темекі  тартып  түрып  үш  затты  іске  асыруға 

болмайды  дейді,  ол  қандай  зат?  (Сүйісу,  жүзу, 

баскетбол  ойнау)

15)  Салауаттылықпен  өмір сүруге, денсаулықты 

сақтай  білуге  бағыттайтын  бағдарлама?  (2030- 

стратегиялық  бағдарлама)

16)Темекі  тартушылардың  қанша  пайызы  теме- 

кіні  тастағысы  келеді?  (85%)

1-жүргізуші:

Сонымен,  біздің  тартысты  және  табьісты  сайы- 

сымыз да мәресіне жетті. Жеңімпазды анықтау үшін 

әділқазылар  алқасына  уақыт  берелік.



2-жүргізуші:

«Құлақтан  кіріп,  бойды  алар

Жақсы  ән  мен тәтті  күй.

Жүрекке  түрлі  ой  салар

Әнді  сүйсең  менше  сүй»,  -   деп  Абай  атамыз 

жырлағандай,  кезекті  әнге  берейік.



1-жүргізуші:

Тәрбие  са ға ты м ы зд ы   қоры ты н д ы л ау  үшін 

әділқазылар  алқасына  сөз  береміз.

2-жүргізуші:

Зиянды  зат  құртып  тынар  өмірді,

Жаман  мінез  күрт  өзгертер  көңілді.

Жаймашуақ жарқын  күндер  ғайып  болар,

Үмітіңді  жалын  оты  сөндірді.

Салауатты  өмір  салтын  сақтаймыз

Жас  құрбылар  ерініп  бос  жатпаймыз.

Болашақтың  биік  тұрып  төріне,

Нұрлы  жолмен  биік  рухпен  бастайық!  -   деген 

уранмен  бугінгі  тәрбие  сағатымызды  аяқтаймыз. 

Қош  сау болыңыздар!

18

№3/2010



ВАЛЕОЛОГИЯ

Қатерлі дерттің қаупін 

жоққа  шығаруға  әлі ерте

Тоғжан Болатқызы СУАТОВА,

Қаракөл  орта  мектебінің  валеология  пәні  мүғалімі.

Атырау облысы,  Қызылқоға  ауданы

Әлемге  жиырмасыншы  ғасырда  келген  осынау 

дерттің  қа уіп тіл ігін   бір  сәт  те  ж оққа  шығаруға 

болмайды.  Оның  әзірге  нақты  емі  табылмауы  да 

қауіптілікті  еселей  түседі.  Рас,  СПИД-ке  қарсы 

жасалып  жатқан  шаралар  орасан.  Соның  ішінде 

ж ұртш ы лы қ  ар а сы н а   т ү с ін ік   беру,  насихат 

жүмыстары  маңызды  рөл  атқарады.  Ал,  бүл  іс 

мектептерде  де  дәйекті  жүргізілуі  қажет-ақ.

АҚТҚ  -   бұл  қоздырғыш.  АҚТҚ-сезін  таратып 

айтқанда,  адамны ң  қорғаны ш   т апш ылығының 

қоздырғышы  дегенді  б іл д іред і.  Бұл  қоздырғыш 

адамның  қорғаны ш   ж үйесін  зақы м дайды   және 

жойып  ж іб е ред і.  Қорғаны ш   ж үйесі  -   адамны ң 

жұқпалар  мен  ауруларда н  қарапайы м  қорғану 

ж үйесі.  Қозд ы рғы ш   А ф р и ка д а   ж иы рм асы нш ы  

ғасырда  табылды  және  бүкіл  әлемге  тарады.

АҚТҚ  ретровирусқа  жатады.  Қоздырғыштың  екі 

типі бар: АҚТҚ-1, АҚТҚ-2. АҚТҚ-1  көп тараған. АҚТҚ-2 

кейіннен  табылған  және  көбіне  батыс  Африкада 

кездеседі.  АҚТҚ-ның  типтері  латын  әріптерімен 

белгіленген. А;  В;  С; Д  және тағы басқа субтиптерге 

б өл інед і.  А ҚТ Қ  адам  о р га н и зм ін е   түске н д е  

қорғаны ш   ж ү й е с ін ің   б асты   кл е тка л а р ы   С Д 4+ 

зақы м дайды .  Ж аңа  қо зд ы р ғы ш та р д ы   туғы зу 

барысында  СД4*  клеткалары  бұзылады.  Дені  сау 

адамда  1  кубмиллиметр  қанның  қүрамында  800- 

ден-1200-ге  дейін  клеткалар  бар.  АҚТҚ-ның  жедел 

дамуы  СД4+  клеткаларының  сандық  көрсеткішімен 

өлш енеді.  О ның  д е ң ге й і  қа нн ы ң  1  кубм илли- 

метрінде  200-400  клеткаға  төмендесе,  қорғаныш 

ж үй е сін ің   күр д е л і  за қы м д а н ға н ы н   кө р се те д і. 

Инфекция  жүққызған  сәт  пен  арнайы  клиникалық 

белгілердің  көрінуі  аралығындағы  кезең,  орташа 

алғанда  5  жылдан  10  жылға  дейін  созылуы  мүмкін. 

АҚТҚ  мен  өмір  сүруші  адамды  АҚТҚ-на  жағымды 

адам  деп  атайды.  Себебі,  ол  баяу дамиды.

АҚТҚ  негізінен  мынадай  үш  жолмен:  сақтан- 

ды р ы л м аға н  ж ы н ы с ты қ  қа ты н а с ;  қан  арқылы 

жұқты ру;  анасы на н  б а л а сы н а   б е р іл е д і  және 

қоздырғыш  өте  жылдам  таралады.  ЮНЭИДС  есебі 

бойынша,  2006-жылы  әлемде  39,5  миллион  адам 

АҚТҚ-мен өмір сүруде, ЖҚТБ 25 млн адамның өмірін 

жойды,  оның  іш інде  2,9  миллионы   2006-жылы 

қайтыс  болған.  Көптеген  адамдар  өздерінің  ауру 

жұққызғанын  білмейді.  Уақыт  өте  келе,  қоздырғыш 

пен  организмнің үзаққа  созылған  қарама-қарсылас- 

қан  қорғаныш  жүйесі  әлсірейді  жэне  адам  белгілі 

бір  ж ұқпалар  үш ін  әл сіз  бол ад ы   (туберкулез, 

пневмония,  токсоплазмоз,  герпесті  жұқпа  және  т.б.)

Бүл  ж ұқп а л а р   « о п п о р т у н и с т ^ »   деп  аталады. 

(«оппортунизм»  -   қолайлы  мүмкіндіктерді  пайда- 

лану дағдысы).

ЖҚТБ  сезін  таратып  айтқанда  «Жұқтырылган 

қорганы ш   т апш ы лы гы ны ң  б е л г іс і»   д егенді 

б іл д ір е д і.  Бұл  қо р ға ны ш   ж ү й е с ін ің   күрделі 

за қы м д а л ға н ы н 

а й қы н д а й ты н  ж уқты ры лған 

белгілердің  жиынтығы.  Ж ҚТБ-АҚТҚ  жұқпасының 

соңғы  кезеңі.  Ж ҚТБ-ның  даму  жағдайы  туралы 

оппортунисте  жұқпалардың  көрінуін  (туберкулез, 

пневм ония)  айтады .  А Қ Т Қ -ға   жағы мды   адам 

(көрсеткіштері  болған  жағдайда)  емді  неғұрлым 

ерте  бастаса,  соғұрлы м   оның  тиім ді  болуына 

мүм кіндіктер  кеп  болады.  Сондықтан,  жұқтыру 

қаупіне  ұшыраған  адамның  АҚТҚ-ны  анықтайтын 

тесттен  өткені  маңызды.  Бұл  оған  дер  кезінде 

алдын  алуға  көмектеседі.

АҚТҚ-ны  емдейтін  дәрі-дәрмектер  қазіргі  кезде 

жоқ  болғандықтан,  АҚТҚ-ның  қалай  алдын  алуға 

болатындығын  білудің  маңызы  зор.

Валеология  пәнінен 

тест сұрақтары

1.  Иттерге  шартты  рефлекстерді  қалыптастыру 

үшін  тәжірибе  жасаған  ғалым?

а)  И.И.  Мечников;  ә)  Гиппократ;  б)  И.П.  Павлов.

2.  С ел қос,  көп  қо зға л м а й ты н ,  сабырлы. 

үстамды,  бос  сөйлегенді  үнатпайды,  түйықтық  -  

темпераменттің  қай  түрі?

а)  сангвиник;  ә)  холерик;

б)  флегматик;  в)  меланхолик.

3.  Адамның айқын көрінетін бір-екі белгісі қалай 

аталады?

а) ес;  ә)  мінез;  б) түйсік.

4.  Естің неше типі  бар?

а)  1;  ә)  2;  6)3.

5.  Сөз  тіркестерін,  терминдерді,  кестелерді, 

формулаларды  есте сақтау  қай  типке жатады?

а)  эмоционалдық  тип;

ә)  ауызша-логикалық тип;

б)  көрнекі-бейнелі  тип.

6.  Ес анализаторларға  сәйкес қалай жіктеледі?

а)  кенет;  ә)  көргенді;  б)  қысқа.

7.  Негізгі  қоректік  заттардың  тәуліктік  мөлшері 

400-500  гр  болатын  қайсысы?

“Валеология. Д енсаулы қ және өмірлік дағдылар”

19


ВАЛЕОЛОГИЯ

a)  көмірсу  э)  май  б)  белок

8.  Латын тілінен аударғанда витаминдер қандай 

мағынаны  білдіреді?

a)  қоспа,  сәйкестілік;  ә)  өмір;  б)  жою.

9.  « Ф а га ц и то з»   те о р и я с ы н   аш ыл,  Н обель 

сыйлығын  алып,  өлемдік  даңққа  кім  ие  болды?

а)  И.М.  Хеченов;  ә)  И.И.  Мечников;  б)  Э.  Кант.

10.  Судың  жалпы  тәуліктік  мөлшері?

а)  1,5-3;  ә)  1,5-2;  б) 2-2,5.

И.Бауыр  циррозы  ауруын  тудыратын  ішімдіктің 

қанша  пайызы?

а)  30%; 

ә)  50%;  б)  70%.

12. 

Х и м и я л ы қ  ж олм ен  ал ы наты н  е с ір ткі 



заттарына  нелер  жатады?

а)  марихуана;  ә)  геройн;  б)  гашиш.

12. 

Барлық  зақымдапған  терінің  бір  бөлігінің 



немесе толығымен  жансыздануымен сипатталатын 

нешінші  дәрежелі  күйік?

а)  1;  ә) 2;  6 )3 ;  в)4.

14.Тері  қара-кек  болады.  Оның  үстіне  2-3  күн 

бойы  мөлдір  сүйықтық толған  кепіршіктердің  пайда 

болуымен  сипатталатын  деңгей?

а) 4; 

ә)  3; 


6 )2 ; 

в)1.


15.  Мидың шайқалуы?

а)  ашық-жабық;

ә)  жеңіл,  ауыр,  орташа;

б) тоңу  үсу.

16.  1,5-2  сағатта  40-41 °С  жететін  белгілері  бар 

қан  арқылы  жүғатын  аурулар?

а)  бөртпе  сүзек;  ә)  безгек;  б)  токсоплазмоз.

17. «Иммунитет»  қай  тілден  алынған?

а)  араб:  ә) латын;  б)  грек.

18.С ы ртқы  немесе  іш кі  тітір ке н д ір гіш те р ге  

немесе  басқа  да  ф а кто р л а р   ә се р ін е   мидың 

жауап  беруі  қалай  аталады?

a)  инстингттер;  ә)  рефлекс;  б)  мотивация.

19. Аса  қауіпті  инфекциялық,  осы  ауруға  қарсы 

күр е су  та р ихы нд а   алғаш   ағы лш ы н  д ә р іге р і

Э. Дженнер үлкен жаңалық ашып, егуді ұсынды. Бүл 

қай ауру?

a)  тырысқақ;  ә) табиғи  шешек;  б) оба.

20.  Эпидемиялық ошақты толықтай бөлектеуге, 

ондағы  инфекциялық  ауруды  жоюға  бағытталған 

эпидемияға  қарсы  шаралар  жүйесі?

а)  обсервация;  ә)  карантин;  б)  бөлектеу.

21.  Инфекциялық ауруды  таратушы  жәндіктерді 

(бит,  бүрге,  кене,  қандала,  маса)  жою  қалай 

аталады?

а) дезинфекция; ә) дезинсекция; б) дератизация

Құрметті  оқырмандар!

Мектеп оқушыларын  денісау,  жауапкершілігі зор,  білімдідесаналы, 

салауатты  әмір  салтын  ұстанатын  ұрпақ  етіп  тәрбиелеудің  негізгі 

салмағы  мектеп  мұғалімдеріне  жүктелетіні  анық.  Осы  бағытта 

атқарылып жатқан іс-тәжірибелеріңізді күтеміз,  салауатты өмір салтын 

насихаттайтын  оқушылардың  шығармашылық  жумыстарын,  тәрбие 

сабақтарыңыздың  үлгісі  мен  ой-пікірлеріңізді 

әріптестеріңізбен 

бөлісуге  шақырамыз.

Редакция.

20

М>3/2010


ВАЛЕОЛОГИЯ

«Біз осы  өмірді таңдаймыз!»




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал