К. У. Сулейманова Жануарлардың инвазиялық аурулары



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/25
Дата14.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


 
 
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 
 
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
 
 
Ветеринариялық медицина кафедрасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
К.У.Сулейманова 
 
Жануарлардың инвазиялық аурулары 
 
Оқу құралы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қостанай, 2017 
ББК 48 73 я 7 
С 85 

 
 

Автор: 
Сулейманова  К.У.,  биологиялық  ғылымының  кандидаты,  А.Байтұрсынов 
атындағы  Қостанай  мемлекеттік  университеті,  ветеринариялық  медицина 
кафедрасының доценті 
 
Рецензенттер: 
Газизова  А.И.,  ветеринариялық  ғылымының  докторы,  С.Сейфуллин  атындағы  
ҚАТУ  профессоры 
Қайыпбай  Б.Б.,  ветеринариялық  ғылымының  докторы,  «Қостанай  облысы 
әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ басшысы 
Мустафин  М.К.,  ветеринариялық  ғылымының  докторы,  ҚМУ  ветеринариялық 
медицина кафедрасының профессоры 
 
 
С 85 Сулейманова К.У. Жануарлардың инвазиялық аурулары. Оқу құралы.  
2-ші шығарылым, өңделген және толықтырылған Қостанай, 2017. 211 б 
 
 
     Оқу  құралы  жалпы  паразитология,  гельминтология,  протозоология,  арахно-
энтомология бөлімдерінің сұрақтарын қарастырады. Осы бөлімдердегі аурулар 
қоздырушыларын, олардын даму кезеңін, клиникалық белгілерін, диагноз қою 
әдістерін, емдеу, алдын-алу және күресу шараларын зерттейді. 
     Оқу  құралы    «Ветеринариялық    медицина»  және  «Ветеринариялық 
санитария» студенттеріне арналған. 
 
                                                                                                  
 
 
 
                                                        ББК 48 73 я 7 
 
А.Байтұрсынов  атыңдағы  мемлекеттік  университетінің  ғылыми-әдістемелік 
кенесімен бекітілген және ұсынылған 
10.06.2015 ж № 3 
 
 
ISBN 978-601-7481-26-1  
 
                                                                                    @ Сулейманова К.У., 2017 ж 
 
 
 

 
 

 
 
 
АЛҒЫ СӨЗ 
 
Биологиялық білім беру саласында паразитология ғылым ретінде ерекше 
орын  алады.  Себебі,  тірі  табиғатта  паразиттер  кеңінен  таралған,  олар  – 
адамның,  жануарлар  мен  өсімдіктердің  паразиттік  немесе  инвазиялық 
ауруларының қоздырғыштары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Паразиттер адам денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге өте қауіпті. 
Паразитизм  мәселелерін  биология,  медицина,  ветеринария,  агрономия, 
паразитология, вирусология, бактериология, т.б. ғылым салалары зерттейді. 
 
Білікті  мамандарды  даярлау  үшін  ана  тілімізде  жазылған  оқулықтардың 
қажеттілігі  күннен  –  күнге  өсіп  келеді.  Өкінішке  орай,  паразитология  пәнінен 
әлі күнге дейін қазақ тілінде жарық көрген оқулықтар өте аз немесе жоқ деседе 
болады.  Осы  жағыдайларды  ескере  отырып,  орыс  тілінде  жазылған 
В.А.Догельдің  «Общая  паразитология»,  Р.С.Шульц  пен  Е.В.Гвоздевтің 
«Основы  общей  гельминтологии»  (1-4  том)  кітаптарын  және  басқа  да  Ресей, 
Қазақстан  ғалымдарының  еңбектері  мен  паразитология  ғылымының  соңғы 
жетістіктерін  басшылыққа  алып,  сабақ  өткізу  тәжірибелерін  сыннан  өткізіп, 
тиімді формаларын пайдаланып оқулықты оқырмандарға ұсынып отырмын. 
 
Оқулық  кіріспеден,  паразитологияның  қысқаша  даму  тарихы  және  төрт 
бөлімінен тұрады. Паразиттердің систематикасы, суреттері, негізінен жоғарыда 
аталған  В.А.Догельдің    «Общая  паразитология»  кітабынан  және  басқа  да 
авторлардың әр түрлі оқулықтарынан алынған.  
 
 
 
 
 
Ұсынылып  отырған  еңбегіме  пікірлері  мен  өз  ойларын  жазғаны  үшін  
С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ биологиялық ғылымының докторы,  морфология 
және  физиология  кафедрасының  профессоры  А.И  Газизоваға,  ветеринариялық 
ғылымының докторы, «Қостанай облысы акімідігінің ветеринария басқармасы» 
Мемлекеттік 
мекемесінің 
басшысы 
Б.Б.Қайыпбайға, 
ветеринариялық 
ғылымының  докторы,  ветеринариялық  медицина  кафедрасының  профессоры 
М.К  Мустафинге  дұрыс  емес  және  қате  болған  жерлерді  көрсетіп  ондағы 
қателіктерімді  дұрыстағаны  үшін  өз  тарапымнан  ұсыныс-пікір  білдіргендерге 
алғысымды  айтамын  және  болашақта  бұл  қателіктерімнен  сабақ  алып, 
ризашылық пен ілтипатымды білдіремін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

 
 
 
КІРІСПЕ 
 
Паразитология  (гр.  сөзінен  аударғанда  parasitos    арамтамақ,  тоғышар 
logos  –  ғылым,  ілім,  паразит  =  para  –  жанында,  sitos  –  қоректену)  – 
паразиттердің  пайда  болу  жолдарын,  паразит  пен  иесінің  өзара  қарым-
қатынасын,  паразиттердің  құрылысын,  биологиясын,  таралуын,  сондай-ақ 
адамдардың,  жануарлар  мен  өсімдіктердің  паразиттік  ауруларын,  олардан 
босатылу  жолдарын  және  паразиттік  ауруларға  қарсы  күресу  және  алдын-алу 
шараларын зерттейтін ғылым. 
         Академик К.И.Скрябин паразитологиялық пәндерді осылай бөлді: 
а) паразиттік организмдер алғаш пайда болуына қарай: 
-  зоопаразитология  –  жануарлар  туандаған  паразиттерді  (гельминттерді, 
өрмекші  тәрізділерді,  жәндіктер  мен  бір  торшалы  қарапайымдыларды
)
 
және 
олармен  тудыратын 
паразиттік  немесе  инвазиялық  аурулар  деп  аталатын
 
ауруларды 
зерттейтін ғылым. 
-  фитопаразитология  –  өсімдіктер  туандаған  паразиттерді  (бактерийларды, 
бациллаларды,  вирустарды,  саңырауқұлақтарды,  риккетсияларды

және 
олармен  тудыратын  ауруларды  инфекциялық  немесе  індетті  аурулар  деп 
атайды.
 
          б) 
паразиттердің иелері немесе қоздырушыларының паразиттік объектісі 
бойынша: 
-  медициналық  зоопаразитология  –  адам  паразиттерің  және  солармен 
тудыратын ауруларды зерттейді; 
-  ветеринариялық    зоопаразитология  –  жануарлар  паразиттерің  және  солармен 
тудыратын ауруларды зерттейді; 
агрономиялық зоопаразитология – ауылшаруашылық өсімдіктер паразиттерің 
және солармен тудыратын ауруларды зерттейді; 
-  ормандық  зоопаразитология  –  орман  ағаштар  паразиттерің  және  солармен 
тудыратын ауруларды зерттейді. 
Паразиттердің  алуан  түрлерін  зерттей  отырып,  олардың  құрылыс 
ерекшеліктеріне,  Қоздырғышының  даму  биологиясыне  және  әртүрлі  зерттеу 
мақсаттарына, әдістеріне қарай паразитология бірнеше салаларға бөлінеді:  
- жалпы паразитология – паразитологияның жалпы сүрақтарын зерттейді;  
- гельминтология – паразиттік тіршілік ететін құрттарды;  
протозоология - паразиттік тіршілік ететін қарапайымдыларды;  
-  арахноэнтомология  -  өрмекші  тәрізділер  мен  жәндіктерді  және  олармен 
тудыратын ауруларды зерттейді.   
 
 
 
 
 
 
Әлемде тірі ағзалардың орасан зор көлемі бар (шамамен 90 мың. түрлері), 
олар  барлық  жерде  жануарлармен  байланыста  және  өмір  жолы  паразиттік 
жетекші  болып  табылады.  Дегенмен  ауру  әрдайым  пайда  болмайды,  ол  көп 
факторларға  байланысты  болады:  паразиттің  қарым-қатынас  ерекшелігіне, 
жануарлардың  жасы  мен  жағдайының  табиғи  қарсылықтығына,  сондай-ақ 

 
 

(паразиттің) қоздырушының саны мен патогендіне.    
 
 
 
Паразитологияның  басқа  пәндермен  байланысы.  Ветеринариялық 
зоопаразитология  көп  пәндермен  тығыз  байланысты.  Солай,  инвазиялық 
аурулар    қоздырушыларының  жүйелігін,  морфологиясы  мен  биологиясын  оқу 
үшін жалпы биология және зоологияға паразитологияны жақындатады. 
 
Клиникалық  диагностика,  физиология,  патологиялық  физиология  және 
патологиялық  анатомия  пәндерің  жақсы  білмейінше  инвазиялық  аурулардың 
пайда  болу  себебін  табу,  ажыратуды  өткізу  және  диагноз  қою  өте  қиын. 
Инвазиялық  аурулардың  экологиялық  сипаттамаларына  қатысты  таралу 
сұрақтар,  паразиттерге  қарсы  дәрілік  заттарды  таңдау  және  емдеу-алдын  алу 
шараларын  ұйымдастыру  сұрақтары  паразитология  пәнін  эпизоотология, 
фармакология,  ішкі  жұқпалы  емес  аурулар,  ветеринариялық  істі  ұйымдастыру 
және экономика пәндерімен байланыстырады.   
 
 
Патогенетикалық  терапияны  дұрыс  ұйымдастыру  және  өткізу, 
инвазияның  дәрежесін  анықтау  үшін  микробиологиялық,  биохимиялық  және 
биофизикалық зерттеулер өткізу қажет.   
 
 
 
 
 
Көптеген  паразиттік  аурулар  жануарлар  мен  адамдарға  ортақ 
болғандықтан,  паразитолог-дәрігер  мұқият  шын  мәнінде  эпидемиология, 
ветеринариялық-санитарлық  сараптау,  ветеринариялық  қызмет  көрсету 
мәселелерін білуі тиіс.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Инвазиялық  аурулармен  күресу  үшін    малды  азықтандыру  мамандар, 
зоогигиена және агрономия мамандары бірлесіп жұмыстар атқарады. 
 
Пәннің  мақсаты  мен  міндеттері.  Негізгі  мақсаты  -  жануарларды 
паразиттік  аурулардан  сақтау  және  адамды  зооантропозооноздардан    қорғау.
 
Паразитологияның міндеттері: 
- жалпы паразитологияның кейбір теориялық сұрақтарын оқу;
 
-  студенттерді  жан-жақты    әлемдегі  жануарлар  паразиттерімен,  олардың 
өзара  қарым-қатынас  түрлері,  жүйелігі,  морфология  және  биологиясымен 
таңыстыру; 
- ауруларды балау мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін зерттеу; 
-  студенттерді  инвазиялық  аурулармен  күресу  үшін  жергілікті  табиғи 
және  экономикалық  жағдайына  байланысты  ғылыми-негізделген  шараларды 
жүргізуіне үйрету; 
-  студенттерді  қоршаған  орта  құралдар  мен  әдістер  түрлерімен, 
жануарларды паразиттерден қорғау жолдарымен таныстыру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

I БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ПАРАЗИТОЛОГИЯ 
 
1.1 Паразитология ғылымының даму тарихы және ғылымды 
дамытуға үлес қосқан ғалымдардың еңбегі 
 
 
Паразиттер  туралы  алғашқы  деректер  ертедегі  тарихи  көне 
ескерткіштерде сақталынған. Эберестің (б.д.д. VI ғ.) папирусында аскаридалар 
мен тениидалар туралы деректер бар. 
Гиппократ  (460-370  ж  б.д.д.)  адамның  тениидозар,  эхинококкоз, 
аскаридоз ауруларын білген және бірінші болып "Helmints" (гельминт) атауын 
(термин)  ендірген.  Аристотель  (382-342  ж  б.д.д.)  аскариданы,  тенияны  және 
ішек 
құрттарды 
(острица) 
білген, 
шошқаның 
финнозы 
туралы 
жазып,"гельминтоз","диптера","акарус" атауларын енгізген. 
Ғалым,  табиғатты  зерттеуші  (натуралист),  философ  және  дәрігер  Ибн 
Сина  өзгертілген  есімі  Авиценна  (980-1037)  ритша  және  ішек  құрт,  цестода, 
аскарида  құрттарымен  таныс  болған,  гельминтоздардың  патологиясы  туралы 
ілімді дамытқан. Ф.Реди (1626-1698) бірінші рет барлық омыртқалар тобының 
және олардың денелеріндегі гельминттер түрлеріне шолу жасаған. К.Рудольфи 
(1771-1832)  гельминтология  ғылымының  атасы  болып  саналады.  Ол  әртүрлі 
756  жануарлардан  паразиттердің  981  түрін  тауып,  құрттар  жөнінде  жинақ 
жазған. 
XX  ғасырдың  20  жылдарына  дейін  дүние  жүзінде  паразитология  жеке 
ғылым  ретінде  қалыптаспаған.  Паразитология  мәселелерімен  шұғылданатын 
бірде-бір  институт  болмаған.  Жоғары  және  орта  дәрежелі  мал  дәрігерлік-
медициналық  оқу  орындарында,  сондай-ақ  дәрігерлердің  білімін  жетілдіру 
курсында  паразитология  пәні  оқылмаған.  Бірақ,  зоология,  малдәрігерлік  және 
медицина  саласындағы  кейбір  ғалымдар  (И.И.Мечников,  К.А.Рудольфи, 
Р.Лейкарт,  Г.Ф.Кукеңмейстер,  Г.С.Паллас,  Э.А.Островский,  Л.Ф.Боровский, 
Д.А.Романовский,  Н.А.Холодовский  және  т.б.)  басқа  мәселелермен  қоса, 
паразитология мәселелеріменде шұғылданған. Ол кезде Ресейде де паразиттерді 
зерттейтін  мамандар  болмады.  Іс  жүзінде  малдәрігерлері  мен  медициналық 
мамандар  паразитарлық  ауруларға  көңіл  бөлмеді,  себебі  оқу  орындарын 
бітірген мамандардың инвазиялық аурулар жөнінде дайындықтары жоқ еді. 
1910  ж.  Бүкілресейлік  малдәрігерлері  құрылтайында  Константин 
Иванович 
Скрябин 
жоғарғы 
оқу 
орнындарында 
"Паразитология" 
кафедраларын ұйымдастыру жөнінде мәселе көтерді. Ол 1916 ж. бастап жазған 
еңбектерінде  және  одан  кейінгі  жұмыстарында  үй  жануарлары  мен  адамның 
инвазиялық  ауруларының  пайда  болуына  жануарлар  дүниесіне  жататын 
паразиттердің 
өте 
жоғары 
маңызы 
барлығын 
жазған. 
Сондықтан 
малдәрігерлік,медициналық 
институттар 
мен 
университтердің 
факультеттерінде  арнайы  "паразитология  және  инвазиялық  аурулар" 
кафедрасын  құру  керектігін  айтты.  Оның  тікелей  ықпалымен  1917  ж. 
Новочеркасск  мал  дәрігерлік  институтында,  Ресейдегі  ең  алғашқы 
"Паразитология"  кафедрасы  ұйымдастырылады  және  оның  алғашқы 
профессоры  болып  1917  ж.  К.И.Скрябин  сайланады.  Жоғары  дәрежелі 

 
 

малдәрігерлік  білім  саласында  бұл  алға  ұмтылған  қадам  еді.  1920  ж. 
К.И.Скрябин  Мәскеуге  көшіп,  Мәскеудегі  зоотехникалық-малдәрігерлік 
институтында  "паразитология"  кафедрасын  ұйымдастырады.  Бұдан  кейінгі 
жылдардап 
бастап, 
паразитология 
ғылымының 
дамуы 
академик 
К.И.Скрябиннің  есімімен  тікелей  байланысты.  Ол  қысқа  мерзім  ішінде  іш 
құрттар  дүниесін  зерттеді.  Оның  замандас-шәкірттері  көптеген іш  құрттардың 
жаңа түрлерін ашты, олардың өсіп-даму айналымдары анықталды және ішқұрт 
ауруларына  қарсы  дәрі-дәрмектер  іздестіру  жолындағы  ғылыми  зерттеулер 
жүргізіле басталды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
К.И.Скрябин  көп  жылғы  еңбегінің  нәтиежесінде  120  туыстыққа,  30 
тұқымдастыққа  жататын,  200-ден  аса  гельминттердің  жаңа  түрін  ашты.  Оның 
800-ден  аса  ғылыми  еңбектері  жарық  көрді.  Осы  жылдары  мал  дәрігерлік 
протозоологияның  дамуына  профессор  Василий  Ларионович  Якимов  зор 
еңбек  қосты.  1919  ж.  Ленинград  мал  дәрігерлік  институтына  ол  
"паразитология"  кафедрасын  ұйымдастырып,  ондағы  жұмысын  протозоолог 
мамандар дайындаудан бастады. Одан көптеген мал дәрігерлері мен биологтар 
дәріс  алды.  Сол  жылдары  В.Л.Якимовтың  протозоология  мектебінен  басқа, 
Мәскеу  қаласында  Бүкілодақтық  эксперименталдық  мал  дәрігерлері 
институтының  жанынан  протозоологиялық  зертхана  ашылды.  Осы  ғылым 
ордасында  профессорлар  А.В.Белицердің,  ал  соңынан  А.А.Марковтың 
жетекшілігімен көптеген протозоолог-ғалымдар шындалды. 
 
Паразитологияның 
арахно-энтомологиялық 
бағыты 
академик 
Е.Н.Павловскийдің  жетекшілігімен  дамыды.  Бұрынғы  Кенес  одағының  шет 
аймақтарына  жасақталған  оның  көптеген  экспедициялары  трансмиссивті 
ауруларды  және  олардың  тасымалдаушылары-буынаяқтыларды  зерттеп,табиғи 
ошақты трансмиссивтік аурулар туралы жаңа ілім қалыптастырылды.  
 
Біздің  елімізде  паразитология  ғылымының  дамуы  тікелей  Ресеймен 
байланысты болды. Бұрынғы Кенес Одағы құрамында болған Қазақстанда 1925 
жылы  өлкелік  мал  дәрігерлік-бактериологиялық  институты  жанынан 
гельминтология  зертханасы  ашылды.  Мұнда  көптеген  паразитолог-ғалымдар 
қызмет  істеп,  гельминттерді  және  оларды  қоздыратын  ауруларды  жан-жақты 
зерттеп, ғылымғы өз үлесін қосты.  
Академик  С.Н.Боев,  профессор  Р.С.Шульц,  ветеринария  ғылымдарының 
кандидаты  Ж.Қ.Қарабаев, кейіннен профессорлар Г.И.Диков, В.Т.Рамазановтар 
елімізде  кең  таралған  гельминтоздарды  жете  зерттеп,  олармен  күресудің 
бағытын  анықтады.  Одан  кейінгі  жылдары  да  елімізде  кең  тараған 
протозооздары,  гельминтоздарды  жан-жақты  зерттеп,  олардың  күрес 
шараларын  жетілдірген  профессорлар  М.В.Хванның,  М.С.Сабаншиевтің  және 
ғалымдар  М.Ж.Сүлейменовтың,  М.Шальменовтың  ж.т.б.  еңбектерін      атауға 
болады. 
 
 
1.2 Паразитологияның биологиялық негіздері 
 
Біздің ғаламшарымыз әртүрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемінен тұрады, 

 
 
10 
Паразиттер 
олардың  арасындағы  қарым  –  қатынасы  өте  тығыз  байланыста.  Олардың 
өмірлік құбылыстар негізін зат алмасу құрайды, ол организмнің торшалар мен 
ұлпаларда  бір  –  бірімен  байланысып  өтетін  –  ассимиляция  (сіңіру)  және 
диссимиляция (ыдырату) екі процесстен тұрады. 
Барлық  тірі  организмдер  қоректену  түріне  байланысты  екі  үлкең  топқа 
бөлінеді:  1)  органикалық    емес  заттардан  фито  –  және  хемосинтездейтін 
организмдер;  2)  бірінші  топ  организмдер  дайындап  берген  органикалық 
заттармен коректенетін организмдер; 
Екінші  топтың  тірі  түрлерін    қоректену  түріне  қарай  сапрофиттерге, 
жыртқыштарға және паразиттерге бөледі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сапрофиттер  ыдыраған  ұлпалар  мен  мүшелердің  азық  қалдықтарымен 
қоректенеді. 
Жыртқыштар  ең  біріншіден,  өз  жемтігін  аулайды  (кейбір  кезде  осыны 
басқа  жануарлар  істейді),  содан  кейін  жейді,  немесе  өлген  организмдердің 
ұлпаларымен және сөлдерімен қоректенеді. 
Паразит  (грек  сөзінен  аударғанда    «para»  –  маңында,  қасында,  «sitos»  - 
қоректену)  деп  тiрi  жануарлардың  денесiнде  әр  түрлi  ауру  туғызатын  бiр 
торшалы, немесе көп торшалы организмдердi айтады. 
Осы паразиттердiң жан-жақты өздерiн және (жануарда, адамда, өсімдікте) 
солармен  тудыратын  ауруларын,  және  емiн,  тағы  да  алдын-алу  шараларын 
зерттейтiн ғылымды паразитология деп атайды. 
Паразитизм – бұл бiрiншi (паразит) екiншiнi (иенi) мекең ететін орта және 
қоректену  көзi  түрінде  пайдаланатын,  әрi  екеуде  бiр-бiрiмен  антагонистiк 
қатысу  орынында  тұратын  генетикалық  әр  тектi  организмдердiң  тарихи 
жиналған ассоциациясы. 
 
 
 
 
 
 
 
Жануарға  қатысты  болған  паразиттердi  зоопаразиттер  деп  атайды,  ал 
тудыратын  ауруларын  –  инвазиялық,  немесе  паразитарлық,  ал  өсiмдiк 
Сапрофиттер 
Жыртқыштар
 
 
Гетеротрофтар
 

 
 
11 
паразиттермен  –  фитопаразиттермен  туындаған  ауруларды  жұқпалы,  немесе 
инфекциялық  деп  айтады.  Мысалы,  сiбiр  жарасының  қоздырушысы  –  сiбiр 
таяқшасы  (B.  anthracis)  өсiмдiктер  кұрамында  болғандығынан  инфекциялық 
ауруларға  жатқызылады,  ал  кокцидиоз  –  инвазия,  себебі  кокцидийлар 
қарапайым  түрiне  жатады,  сондықтан  инвазиялық  ауруларға  жатады.  Осылай, 
ауруларды  жұқпалы  және  инвазиялық  жiктелуi  негiзiнен  қоздырушысының 
қандай жануар немесе өсімдік патшалығына тән болуына байланысты. 
Паразитология ғылымы ауруды қоздыратын қоздырғышына қарай: жалпы 
паразитология, гельминтология, протозоология, арахнология және энтомология 
деген үлкең бөлiмдерге бөлінедi. 
Гельминтология  –  паразиттiк  құрттарды  және  солармен  тудыратын 
ауруларды зерттейдi. 
Протозоология  ғылымы  болса  қарапайым,  бiр  торшалы  жәндiктердiң 
тiршiлiк  ететiн  ортасын,  малға  келтiретiн  алуан  түрлi  зиянын,  балауын,  емдеу 
және күресу шараларын зерттейдi. 
Ал  арахно-энтомология  кене  мен  жәндiктердiн  мал  шаруашылығына, 
адамға тигiзетiн көптеген залалын зерттейдi. 
Қоздырушылардың 
тiршiлiк 
ететiн 
объектiсіне 
байланысты 
паразитологияны 
ветеринариялық, 
медициналық 
және 
агрономиялық 
бөлiмдерге бөледi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ветеринариялық паразитология зоопаразитологияға жатады; биологиялық 
пән  сияқты  ол  зоологиямен  тығыз  байланысты.  Инвазиялық  ауруларға  дұрыс 
балау  қою  үшiн  паразиттердiң  морфологиясы  мен  жiктелуiн  бiлу  керек,  ал 
биология және экология бойынша зерттеулер алдын-алу шараларын өткiзу үшiн 
негiз  болып  саналады.  Одан  басқа,  паразитология,  биохимия,  физиология, 
фармакология, иммунология, патологиялық анатомия, эпизоотология,  жұқпалы 
 
 
П 
А 
Р 
А 
З 
И 
Т 
О 
Л 
О 
Г 
И 
Я 
 
Жалпы паразитология 
Гельминтология 
Протозоология 
Арахнология 
Энтомология 

 
 
12 
және  жұқпалы  емес  ауруларының  жеке  патологиясы,  ветеринариялық-
санитарлық  сараптау,  малдәрiгерлiк  iс  ұйымдастыруы  мен  экономикасымен, 
тағы  да  басқа  клиникалық,  зоотехникалық  және  агрономиялық  пәндермен  өте 
тығыз қатысады. 
 
 
1.3 Организмдердiң қарым-қатынас түрлерi 
 
Жер жүзiндегi бүкiл жануарлар мен өсiмдiктер бiр-бiрiмен эволюциялық 
даму процесi бойы тығыз қатынасуда, сол нәтиже арқылы организмдер әртүрлi 
қоғамды құрайды және келесi қарым-қатынастарды туғызады. 
Индифференттiк қарым-қатынас, тiрi организмдер бiр-бiрiнен тәуелсiз 
көрiнедi,  бiрақта  бүкiл  толы  ұжым  өмiрiмен  тығыз  байланыста  болады. 
Мысалы,  қарағайлы  орман.  Үстiнгi  қабаты  бормен  көмкерілген,  олардын 
астында бұталар өседi, содан кейiн шөп өсiмдiктердiң қабаты, ал ең төменгiсi – 
қалың  мүк  төсенiшiн  құрайтын  әртүрлi  споралы  формалары.  Осындай  өсiмдiк 
байланысы  ғасырлар  бойы  әр  түрлi  факторлар  әсерiнен  қиылыстырылып,  ең 
бiрiншiден ауа райы және топырақ әсерiнен жиналған. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал