К. С. Айдарбекова Оңтүстік Қазақстан облысы кітапхана



жүктеу 482.54 Kb.

бет2/4
Дата07.03.2017
өлшемі482.54 Kb.
1   2   3   4

Кітапхананың отбасы мен отбасылық 

оқуқұндылықтарын арттыру мен ұлттық негізін 

сақтаудағы орны 

 

Облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап 



кітапханасының директоры 

Парымбекова Закира Сембекқызы 

 

Құрметті 



әріптестер 

және 


Форум 

қатысушылары, отбасының қоғам мен мемлекеттегі 

ролі  жөніндегі  баяндаманы  жалғастыра  отырып, 

әлеуметтік 

– 

педогогикалық 



мәселелерді 

қарастырып,  кітапхана  мен  кітапханашылардың  қоғамдағы  орны 

жайлы  айтып  өтсем  деймін.  Қазіргі  отбасында  әлеуметтік  – 

педагогикалық  мәселесінің  ауқымының  кеңдігі,  оның  әлеуметтік  – 

мәдени деңгейінде көрінбейді. Бұл ең алдымен әлеуметтік байланыс 

және  ата  –  ананың  отбасы  ішіндегі  баламен  қарым  –  қатынасының 

сапасыздығы,  жеткіліксіздігі.    Бұлардың  жетіспеушілігі  отбасында 

баланың  психологиялық,  физикалық  және  интелектуалдық  дамуына 

әсерін тигізеді. 

Бұл  ата  –  ананың  әлеуметтік  –  психологиялық  мәдениетінің 

жетіспеуі  баланы  отбасындағы  түсініспеушілік  пен  дауға  тікелей 

кінәлі деп көрсетеді. 

Кітапхана қоғамда өзіндік орны бар әлеуметтік институт. «Кітапхана – 

білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығы, қасиетті орда, кітап сүйер 

қауымының сүйікті мекені. Жас ұрпақты  тәрбиелеуде кітапхананың 

орны ерекше. Әлеуметтік институттар арасында мәдениет саласында 

негізгі қызметіне қарай бірнеше түрлерін атап өтсе болады, мәдениет 

және білім министрліктер, галереялар, кітапханалар, театрлар, оқыту- 

тәрбие кешендері т.б. 

Кітапхана  –  адамзат  тарихының  қалыптасуынан  басталған 

уақыттағы деректерді жинап таратып, мәдениет саласының дамуына 

үлкен үлес қосуда. 

Әлеуметтану саласының мамандары мәдениет функцияларын бірнеше 

түрге  бөліп  қарастырады.  Біріншісі:  Қорғаныс  адамзат  өмірінің 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  сала.  Адамзат  өз  дамуында  өзінің 

қоршаған ортасына бейімделуі үшін, көптеген еңбек құралдары, қару 

– 

жарақтар, көлік, энергия көздерін, дәрі – дәрмектер жасап шығарды. 



Осының барлығына деген құнды мәлімет кітапханада сақтаулы.Олар 

әр  түрлі  кітапхана  ішіндегі    іс  шараларда,  белгілі  бір  мәселеге 



байланысты  жағдайларда,  мысалы  салауатты  өмір  салтын  ұстануда, 

қауіпті  аймақтарда  өмір  сүру,  кейбір  атаулы  тарихи  күндері  – 

Тәуелсіздік  күні  сияқты,  еліміздегі  кәсіби  мерекелерде  қолданылып 

жүр. 


Мәдениеттің екінші бір іргелі функциясы- білім беру мен әлемді 

тану.Бұл  функцияны  басқалай  креативті  деп  атайды.  Кітапхана 

ғылымның дамуын, әртүрлі саладағы ұлы ғұламалардың өмірінен сыр 

шертіп  қана  қоймай,  олардың  өркендеуге  қосқан  үлестерін, 

ерекшеліктері  мен  осы  тұлғалардың  бойындағы  творчествалық 

құндылықтарын көрсетеді. Баршаңызға белгілі кітапхананың ең басты 

іс – шарасы ол белгілі адамдармен кездесу болып табылады, әсіресе – 

ғылым,  мәдениет,  өнер  саласының  қайраткерлерімен.Олардың  көбі 

өлкетану  аспектілермен  және  басқа  да  белгілі  адамдардың 

шығармашылығын насихаттайды. 

Мәдениеттің  үшінші  функциясы  –  коммуникативті  саласы.  Бұл 

функция әр уақыттағы хабарлар мен мәліметтерді түрлі тәсілдермен 

жеке  немесе  көлемді  таратады.  Кітапхана  БАҚ  сияқты  ақпарат 

таратушылар қатарында. Кітапхананның ерекшелігі оның өркениеттің 

мұрасын сақтауында, яғни адамзаттың қалыптасуы басталған кезден 

бастап.  Өз  заманынын  ғалымы  Д.С.  Лихачев  «Егерде  әлемдік  апат 

болған  жағдайда,  өркениетті  қайта  қалпына  келтіруге  болады,  тек 

кітапханалар сақталса ғана» деген екен. Ақпаратты жеткізудің тағы бір 

әдісі ол кітапханалық іс – шараларды ұйымдастыру. 

Төртінші  функция  –  нормативтік  функция.  Әр  халық  ғасырлар 

бойы  өздерінің  адамзат  өміріне  қызмет  ететіндей  ережелері  мен 

заңдарын  қалыптастырды.  Құқық,  ғибрат,  идеологияны  насихаттау, 

олардың орындауын, қорғалуын қамтамасыз ету керек. Кітапханалық 

іс – шаралар барлық адамзат, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды 

насихаттауға негізделген. 

Соңғы бесінші функциясы – релаксациялық, демалыс функциясы. 

Кітапханалар өз іс шараларын оқырмандардың бос уақытында өткізу 

керектігін  ешқашан  ұмытпаулары  керек.  Әр  адам  өз  уақытын 

бағалайды, ол жетіспейді, сондықтан оны жемісті өткізуге тырысады. 

Соңғы уақыттарды әлеуметтанушылар бос уақыттың өте аз болуының 

бірнеше тенденциясын көрсетті:  қосымша жұмыс істеу, , бос уақыт 

өткізетін жерлердің қымбаттығы, сапаның жоғалуы, үйде көп отыруы, 

қоғамда  қылмыстың  көптігі,  қалалық  қоғамдық  көліктің  жұмыс 

сапасыздығы және т.б. Нәтижесінде тек кітапхана ғана мәдени мекеме 

ретінде  адамдарға  тегін  демалуға,  қарбалас  өмірден  арылуына, 

мәдениет пен өнерге жақындауына мүмкіндік береді. 



Діни таным – діни сауаттылықпен өлшенеді 

 

Әлеуметтік бастамалар орталығының 

бөлім басшысы Оспанов Д.Қ. 

 

Адамзат  тарихи  кезеңдерінің  басталуымен 



қазіргі  дәуірге  дейін  тарих  деректерінде  өзгеріске 

ұшырамаған кейбір жәйттар бар. Кешегі ойланатын 

адам  бүгін  де  ойланады.  Әлемдегі  өзінің  орнын, 

қайдан келгендігін, өзінің кім екендігін, бұдан кейін 

не  болатынын  әрдайым  ойлана  келген  және  оны 

сапалы  байыптап,  бағдарлап  отырады.  Әлде  де 

ойланып жатыр. Негізінде сұрақтар өзгерген жоқ, өзгергені жауаптар 

ғана.  Қарап  отырсақ,  адамзат  еш  тоқтаусыз  сұрақ  –  жауаптардың 

арасында арпалысып өмірлерін өткізіп келеді екен. Дегенмен әлі күнге 

дейін  жауап  күтіп  тұрған  мәселелерді  жоққа  шығаруға  болмайды. 

Осыған  байланысты  елімізде  белең  алып  бара  жатқан  дін  мәселесін 

айтсақ орынды болар. 

Түпсіз  тұңғыйықтай  көрініп  тұрған  дін  мәселесін  қалай  ретке 

қоямыз?  Бар  мәселе  дінде,  ең  дұрысы  түп  тамырымен  құрту  керек 

дейміз бе? Қалай? Ойланып, байыппен қарайтын болсақ, мәселе дінде 

емес,  мәселе  қоғамда    болып  тұр.  Егер  қоғамда  діни  сауаттылық 

қаншалықты  жоғары  болса,  діни  алауыздық  соншалықты  бәсең 

болады. Сондықтан діни танымға мән бергеніміз абзал.  

Егер зерделеп қарар болсақ Қазақстанда ислам дінінің орнығып 

дамуы  біркелкі  еместігін  көреміз.  Әуелде  асыл  дінімізбен  қауышуға 

асыққан  мұсылман  қазақ  елі,  ендігі  жерде  діни  сенім  негізінде  дау-

дамайға беріліп, бір-бірлерінің құлшылық ғибадатын жоққа шығаруға 

жол беруге дейін баруда. Бұл өз кезегінде дінге енді ғана бет бұрған 

жастарды, құлшылығын бастаған азаматтарды екі ұдай, дүдәмал халде 

қалдыруда.  Мұның  алдын  алмаса  ұлттың  екіге  жарылып,  мемлекет 

тұтастығын жоғалтары күмәнсіз. Сыртқы күштің күткені де сол. 

Ислам  дініндегі  қазіргі  өрбіп  отырған  секталар  мәселесінің 

тарихына,  жалпы  мәдени-әлеуметтік  сипатына  жүгіну  арқылы, 

келешек  ұрпақты  ол  індеттен  құтқарудың  жолын  іздесек,  нақты 

ғылыми зерделеу негізіне сүйенген, тұжырымдалған фактілерді білген 

жастар  имандылық  жолын  оңай  аңлайды  деген  ойдамыз. 

Тырнақшадағы  «таза    исламды»  бетперде  етіп,  түбінде  өзгенің 

мүддесіне жұмыс жасайтын зомбилардың жетегінде кетуден жастарды 


аман-сақтау  ісі  әлбетте,  діни  сауаттылықты  дамыту  арқылы 

жүргізілуінің маңызы зор. 

Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев ағамыз кезінде: «Қол 

ұстасып Құдайға – ғылым мен дін бірге бар»! деп, дін мен ғылымды 

қатар қойып, Аллаға дінмен, ал, дінге ғылыммен ғана жақындай алуға 

болатындығын дөп басып берген. Бұның философиясы – ғылым мен 

білімнің  жолымен  ғана  өркендеген  дін  –  тура  әрі  баянды  болмақ. 

Пайғамбарымыз:  «

Бір  сағат  ілім  үйрену  немесе  үйрету,  таңға  дейін 

ғибадат етуден сауаптырақ» - деген екен. (Дәйләми)

 

1990 жылдары кейбір діндарлар немесе оларға ерушілер ғибадат, 



діни  ілім  іздену  әрекеттерінде  іс  жүзінде  өздерінің  діни  ұстанымы 

негіздері мен қағида ұстыны, заңдық үкім, ережелерін білмегендіктен 

шалыс  басып,  діннің  таза  бастауларынан  көз  жазды.  Соның 

салдарынан  кейбіреулер  өздерінің  ата-бабасына  жат  діни  ағымдарға 

ден қойып, ислам дінінің ілімі туралы сауатсыздығының салдарынан 

«дәнді  қауыздан  айыра  алмай»  қалды.  Соның  негізінде  біздің 

халқымыз  әлде  де  Ханафи  мәзһабы  мен  сенім  мәзһабымыз 

Матуридилік аясындағы ерекшеліктерімізбен ортақшылықтарымызда 

өз  деңгейінде  білу  дәрежесінен  әлі  алыс.  Сондықтан  бүгінде  күн 

тәртібіне исламды, біздің еліміздің мұсылмандары арасында дәстүрлі 

бағытымыз – суннилік ханафи мәзһабын жаңа дәуір сұранысына сай 

қайта жаңғырту мәселесі қойылды. Бұл ретте 2011 жылы қабылданған 

«Діни  қызмет  және  діни  бірлестіктер  туралы»  заңның  кіріспесінде 

исламдағы  ханафи  бағытының  маңыздылығы  айтылса,  «Қазақстан  – 

2050» стратегиялық жолдауда Елбасы: Біз мұсылманбыз, соның ішінде 

Әбу  Ханифа  мәзһабын  ұстанатын  сунниттерміз  деп  бағытымызды 

айшықтай кетті.  

Қоғамның  діни  сауатын  арттыру  бағытындағы  түсіндіру 

жұмыстары  ОҚО,  дін  істері  басқармасы  «Әлеуметтік  бастамалар 

орталығы»  тарапынан  өткізілуде.  Айталық  облыс  көлемінде,  яғни 

қала, аудандардағы жоғары және орта оқу орындарында, мектептерде, 

мекемелерде,  аудандар  мен  ауылдық  округтерде  болып,  әрбір  буын 

өкілдеріне  халықпен,  жастармен  кездесіп,  насихат  жұмыстары 

жүргізіліп әрі семинар-тренинг жалғасын тауып жатыр. Мақсатымыз 

салауатты да сауатты өмір салтын қамдап қоғамның діни сауатын ашу, 

елдің,  мемлекеттің  ынтымағына,  тұтастығына  жұмыс  істейтін 

отаншылдық ішкі сүзгіні қалыпқа келтіру. 

Ғасырлар  бойы  халқымыздың,  тіпті  әлемнің  жартысынан  көбі 

ұстанып  келе  жатқан  діни  мектебіміз  фиқһта  (амалда)  Ханафи 

мәзһабын және итиқадта (сенімде) Матуриди мәзһабын толық зерттеп, 



зерделемей  жатып,  сыңаржақтылықпен    дәлелдерін  әлсізге  санап, 

өздері  оқыған  жердің  мәзһабтарын  орынды  орынсыз  халықтың 

санасына тықпалап жатқан жастарымыз бар. Міне соның салдарынан 

дінге  құлшыныс  артып,  мешіттерді  лық  толтырған  жамағат 

ынтымағына  сызат  түсіп  жатыр.  Әйгілі  мұсылман  ғалымдары 

әлдеқашан  жауап  берген  мәселелер  қопсытылып,  діндегі  ұсақ 

мәселелер  күн  тәртібіне  қайта  қойылып,  жамағат  арасында  шешімі 

қиын дауға айналдырылуда. Бүтін елді, дұрысы тұтас үмметті бөліп, 

мұсылман елдері арасына «құн құйлы» соғыс өртін тұтату екені аян. 

Көріп  жатқанымыздай  кейбір  азаматтар  діни  ілімдерді  толыққанды 

білмей немесе мәселенің соңы мен салдарын ойламай, саяси тапсырыс 

аясындағы  «діни  көрсоқырлық»  шекпенін  киген  фитна-бүлікті 

уағыздап жатса, оның түбі неге апаратындығынан бейхабар. Яғни, дін 

мен  білімсіздіктің  нәтижесінде  туындаған  таассуб  (көрсоқыр 

сенушілік) үрдісі бастау алса, соңы  бүлікке апарары хақ.  

Міне  осындайлардың  кесіренен  бүгінде  Ислам  дініне  лайықты 

емес  жағымсыз  сөздер,  атаулар  мен  келеңсіз  оқиғалар  және  оның 

табиғатына  сыймайтын  ұғымдар  тықпаланып  келеді.  Нәтижесінде 

қоғамда дінге деген көзқарас бүлінуде. Сондықтан дін мен діннің атын 

жамылған надандардың аражігін ажыратып алғанымыз жөн. Құранда: 



Білімді  мен  білімсіз  тең  бола  ма?...”  (Зүмәр/9)  –  дегендей  адамзат 

Исламды оқып зерттемей, білмей орынсыз дінді қара күйемен қаралау 

дұрыс емес. Құранда бұйырады: “Кім бір адамды жазықсыз өлтірсе 

бүкіл  адамзатты  өлтіргенмен  тең  саналады.  Ал  кімде  кім  адамды 

өлімнен  құтқарса  бүкіл  адамзатты  өлімнен  құтқарғанмен  тең 

саналады.” (Мәйда/32) Адамзатқа ерекше көңіл бөлген Ислам діні, жан 

тіршілігіне  қиянат  жасауды  қатаң  түрде  ескертеді  әрі  ең  үлкен 

күналардың  қатарына  жатқызады.  Адамгершілік  құнды  қасиеттерін 

адамзатқа  ұсынған  Ислам  дінін  біз  қалайша  тап  осылай  қаралап, 

ғайбаттап,  жымысқы  харам  ниеттілердің  соңынан  ермекпіз?  Мен 

білген терроризм – жазықсыз адам өлтіру, бір елдің жеріне баса көктеп 

кіру,  балаларды  өлтіру,  тонау,  қирату,  жәбірлеу,  бір  мүдде  үшін 

объектіні  немесе  қауымды  жою,  екі  елдің  арасына  от  салу,  отанын, 

ұлтын,  дінін,  тілін  сүймейтін  надан  адамдардың  сотқар  іс-

әрекеттерімен  халықты  мазалау.  Міне  осыларды  титтей  де  бір 

тапсырысын орындағандар нағыз террористің өзі болмақ.  

Шынайы  мұсылмандардан  жоғарыда  аталғандай  жаман  іс-

әрекеттердің  шығуы  мүмкін  емес.  Өйткені  ол  қайсысының  бұрыс 

қайсысының  дұрыс  екенін,  адамға  тән  қасиетпен  өмір  сүру  керек 

екендігін  және  ең  бастысы  Алладан  қорқу  керектігін  біледі.  Соған 


қарамастан аталған жаман іс-әрекеттерді мұсылмандардың өзі істейді 

десеңіз, кешіріңіз, олар мұсылман емес, дінді үстіне жамылып, осы істі 

атқарып жүрген надандардың дәл өзі деп айту ең дұрысы. Ислам діні 

бұл  әрекеттерге  үзілді-кесілді  қарсы  тұрып,  бұған  жол  бермейтіні 

анық. Сондықтан да тағы да айтар болсақ әлдекімдердің дүниенің қай 

бұрышында  жүріп  ислам  атын  жамылып  жасаған  іс-әрекеттеріне 

байланысты  исламды  кінәлау,  қаралау  бұл  діннің  табиғи  болмысын 

түсініп  білмеуден  туған  сауатсыздық,  немесе  діннің  беделін  түсіру 

мақсатын көздеген қаскөй саясат. 

Түйіндеп  келгенде  дініміздің,  тарихымыздың,  мәдениетіміздің, 

салт-дәстүріміздің және тіліміздің негізінде діни таным есігін ашатын 

болсақ,  туралыққа  апаратын  жолды  көретін  боламыз.  Содан  барып 

елімізде дін мәселесі, мәселе болудан қалады. Сол үшін де атам қазақ 

ғасырлар бойы Құран мен сүннетке Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы 

мен  Имам  Матуриди  сенім  мектебін  ұстану  арқылы  амал  етіп,  ел 

ынтымағын  айрандай  ұйытып,  оны  атадан  балаға  мұра  қалдырған 

болса,  ендігі  кезекте  біз  де  соны  бекем  ұстанып,  болашақ  ұрпаққа 

аманат  күйінде  жеткізу  –  «мойнымыздағы  парызымыз  болсын»  - 

дегенді ата-баба аманатындай қастерлеуіміз керек.  

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кітап және отбасы 

  

Б.Жәнәбіл 

ОҚО Жастар саясаты мәселелері 

басқармасы басшысының орынбасары 

 

Адамзат  баласының  қол  жеткізген  ұлы 



игіліктерінің  бірі-  білім  қазынасы.  Ал  білім 

сипаты  алуан  түрлі.  Ол  ұрпақтан-ұрпаққа 

ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет 

арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан 

ғасырлық  ақыл-ойының  жемісі,  тарихы  мен 

тағылымының  алтын  сандығы.  «Кітап  дегеніміз-алдыңғы  ұрпақтың 

артқы  ұрпаққа  қалдырған  рухани  өсиеті.  Кітап  оқудан  тиылсақ,  ой 

ойлаудан да тиылар едік»-деген еді Ғабит Мүсірепов. 

Өкінішке  орай  көркем  әдебиетке  деген  өз  бетімен 

қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. 

Оның  себептерін  күнделікті  қолданысқа  енген  ғалам  торабын, 

компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Бұдан соңғы себеп, 

аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы 

адамдардың  кітапқа  деген  ынтасын  төмендетіп  жіберетіндігі.  Бала 

кітап оқып, ойын қорытудың орнына теледидардан дайын өнімдерді 

көруге бейім. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі 

келтіреді.  Ал  ата-аналар  тым  жұмысбасты.  Баланың  теледидар 

қарауын белгілі бір уақытқа ғана шектеп, кітап оқуына арнайы көңіл 

бөліп,  қадағалап  отыруға  олар  уақыт  таппайды.  Әрине,  мұны  жауап 

деуге де келе қоймас, өйткені, бұл себеп көзіқарақты адамның бәріне 

мәлім. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан 

осы  мәселеге  ден  қоюымыз  да  тегін  емес.  Мақсатымыз-кітап  неге 

оқылмайды деген сауалдың жауабын жан-жақты іздеу. 

Кітап  оқымайды  деп  байбалам  салғанша  жан-жақты  болып 

қызмет  жасауымыз  керек.  Оқырман  мен  кітап  оқушы  қоғамды 

қалыптастыру ата-ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде 

болуы  керек.  Әрине  сауалдар  мен  себептер  көп.  Одан  қалды  түрлі 

сылтауға  кезігеді  екенбіз.  Ал  ол  себептердің  ар  жағынан  әдеби 

кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды 

сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін 

ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым 

аз деп шырылдайды. 



Қазіргі уақытта том-том кітап құшақтап, кітапханаға жиі баратын 

адамдарды  сирек  кездестіреміз.  Бұрынғыдай  үлкен  мәртебемен 

мерекелерде  бір-бірімізге  кітап  сыйламаймыз  да.  Тіпті,  кітап 

мазмұнына  мән  бермей,  оны  сәнді  безендірмей,  қалай  болса  солай 

шығарып,  қадірін  түсіріп  жатамыз.  Содан  оны  кім  оқиды?  Ал  әдемі 

безендірілген,  өзіңді  еліксіз  қызықтыратын  көркем  шығарманың 

бағасы сәл қымбаттау болса, ақшаны сылтауратып, алуға қимай кете 

барамыз. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем 

орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың 

сапасы осындай болуын өтінеді. Әр түрлі саладағы балаларға арналған 

ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы. 

Заманымыз ғылыми техникалық прогресстің жетілген шағында. 

Сондықтан  да  техниканың  дамуына  байланысты  электронды 

оқулықтарымыз  көптеп  шығарылса,  мүмкін  кітапқа  деген 

қызығушылық қабілеті артады. 

Өмірдің  бұралаң  ағысына,  заманның  бұрынғыдан  өзгеруіне 

байланысты ғой бәрі. Не десек те, нағыз жанашырымыз, ұстазымыз, 

досымызды жоғалтып алмайық! Қайта оның жандануына, өз куатына 

еніп, тез таралуына қол ұшын берейік! Болашақ ұрпаққа аманат етейік, 

достар!!! 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Библиотека и семейное чтение 

 

 



               

Жүнісбекова Мейрамкуль 

Сапаралиевна 

Қалалық білім басқармасының 

мектеп кітапханалары 

жөніндегі әдіскері 

 

Чтение играет важную роль в формировании 



и нравственном воспитании личности, обогащении человека знаниями. 

Конечно,  было  бы  наивно  не  помнить  о  жесткой  конкуренции,  в 

которую  сегодня  вступили  с  книгой  телевидение,  видеотеки, 

компьютеры...  

«Люди перестают мыслить, когда перестают читать» - Д.Дидро. 

Это  изречение  актуально  и  в  наши  дни:  без  чтения  книг  нет 

мыслительной  деятельности  у  человека,  а  именно  детское  чтение 

всегда определяло уровень культуры будущего общества. И здесь на 

первый  план  выходит  библиотека,  которая  является  одним  из 

инструментов,  способствующим  возрождению  и  сохранению 

культурного достояния народа. 

На данном форуме я представляю городской отдел образования в 

лице  главного  специалиста  по  работе  с  школьными  библиотеками. 

Призвание  школьного  библиотекаря  –  детство,  источник  открытия 

мира.  Вспомните,  как  блестят  глаза  детей-первоклашек,  когда  они 

впервые  попадают  в  атмосферу  «храма  книги»  -  библиотеку.  У 

школьного  библиотекаря  большая  ответственность,  именно  он 

встречает ребенка, впервые переступающего порог книжного царства. 

Поэтому  главной  задачей  своей  работы  с  детьми  мы  считаем 

воспитание интереса и любви к книге, стремление к общению с ней, 

т.е. всего того, что составляет основание, фундамент для воспитания 

будущего  взрослого  читателя,  литературно  образованного  человека. 

Но  одним  школьным  библиотекарям  всего  этого  не  достигнуть.  Все 

больше и больше убеждаюсь, что только в тесном тандеме: «Школа. 

Семья. Библиотека» мы сможем решить все эти задачи. 

Семья – начало  всех начал, это дом,  любовь  и забота, труды и 

радости,  привычки  и  традиции.  И  здорово,  если  семья  читающая  и 

книге уделяется достаточно большое внимание. 

Воспитание любви к книге приходит значительно быстрее и легче 

в  тех  семьях,  где  взрослые  любят  читать,  много  говорят  о  книгах, 



отдают досуг чтению. В семье хорошо практиковать систематическое 

чтение  книг  вслух.  Это  сближает  родителей  и  детей,  помогает 

родителям лучше узнать ребят, понять их интересы и увлечения. 

«Ребенок - зеркало семьи, как в капле воды отражается солнце, 

так  и  в  детях  отражается  нравственная  чистота  матери  и  отца...» 

(Сухомлинский В.А. «Сердце отдаю детям»). Читательская атмосфера 

семьи очень важна для приобщения детей к чтению. Многие и хотели 

бы приохотить детей к чтению, но им не хватает подготовки и знания 

особенностей ребенка как читателя. 

Исходя из опыта работы  школьной библиотеки  и семьи в этом 

направлении, мы выработали несколько практических рекомендаций, 

которые  должны  соблюдать  родители.  Я  думаю,  что  Вам  это  будет 

интересно, т.к. прежде всего мы все здесь – мамы, а именно: 

читайте детям вслух с самого раннего детства; 



обсуждайте с детьми прочитанное; 

первые книги ребенка должны быть с яркими иллюстрациями; 



дома  должны  быть  словари  и  справочники,  т.к.  с  миром 

справочных изданий нужно знакомить еще дошкольника; 

в  домашней  библиотеке  должна  быть  художественная 



литература, особенно классическая; 

после справочной и художественной литературы полезно иметь 



научно-популярную,  тогда  в  полной  мере  сработает  принцип 

опережающего школьную программу развития; 

книги надо не только читать вслух, но и разговаривать о них, т.е. 



обсуждать прочитанное.  

И если в семье будут с самого детства соблюдать эти несложные 

правила, то ребенок полюбит книгу, а эту дальнейшую привязанность 

к чтению подхватит и разовьет школьный библиотекарь, когда ребенок 

станет  учеником.  Ведь  читатели  всех  возрастов  нуждаются  в 

руководстве и помощи библиотекаря. 

Огромную  роль  в  чтении  школьников  имеют  методы  и  формы 

работы школьного библиотекаря, а именно те, что охватывают такой 

важный участок как библиотека и семейное чтение. 

Уже стало традиционным проводить День открытых дверей для 

родителей «Мы с Вами одной крови: Школа. Семья. Библиотека», где 

дети  (в  основном  начальная  школа)  и  родители  знакомятся  с 

библиотекой,  правилами  пользования  и  обращения  с  книгой. 

Огромный  интерес  у  родителей  вызывают  книжные  выставки, 

плакаты, открытые просмотры литературы, рекомендательные списки 

«В  помощь  воспитанию  читателя»,  которые  помогают  сделать 



правильный  выбор.  Школьный  библиотекарь  частый  гость  на 

родительских собраниях, где он обязательно не только расскажет, что 

и  как  читают  дети,  но  и  даст  соответствующие  рекомендации.  Мы 

приглашаем  родителей  на  лектории  и  круглые  столы,  проводим 

анкетирование. 

Проводим мы и семейные конкурсы под названием «Читаем всей 

семьей». В конкурсе участвуют семейные команды. Они выполняют 

различные  литературные  задания.  Например,  прорекламировать 

любимую  книгу  семьи,  назвать  автора  отрывка  текста  из  книги  или 

стиха или составить четверостишье по заданным словам. Сами дети 

готовят  музыкальные  номера  и  показывают  свои  таланты.  Одним 

словом,  мы  обогащаем  свои  мероприятия  человеческим  и 

профессиональным опытом родителей, а выигрывают от этого союза 

все, и прежде всего, наши дети. 

Школьная  библиотека  находится  в  постоянном  поиске  новых 

форм  работы.  Эффективность  такой  работы  измеряется  не  только 

количеством  выданных  книг.  Главным  результатом,  думается, 

является  не  только  расширение  читательского  интереса  и  чувство 

гордости  за  родителей,  но  и  осознание  взаимной  ответственности  и 

привязанности  друг  к  другу.  Осознание  необходимости  общих 

нравственных устоев. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал