К. С. Айдарбекова Оңтүстік Қазақстан облысы кітапхана



жүктеу 482.54 Kb.

бет1/4
Дата07.03.2017
өлшемі482.54 Kb.
  1   2   3   4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрметті Оңтүстік Қазақстан облысы кітапхана 

қызметкерлерінің 

YІI Аймақтық Форум қатысушылары! 

Қымбатты кітапханашылар! 

Алғы сөз 

 

 

Облыстық мәдениет  

басқармасының бастығы  

К.С.Айдарбекова  

 

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  кітапхана 

қызметкерлерінің  YІI  Аймақтық  Форум 

жұмысының басталуымен құттықтауға және оны ашық деп жариялауға 

рұқсат етіңіздер! 

Менің  білуімше,  бұл  залда  2  саланың  :  Мәдениет  және  спорт 

министрлігі  мен  Білім  және  ғылым  министрлігінің  үздік  кәсіби 

кітапханашылары жиналып отыр. 

Сонымен қатар, залдан Қазақстандықтардың рухани өсу мәселесі 

және  әрбір  мемлекеттің  негізгі  құраушысы  -  отбасының    мәселесі 

толғандыратын  мемлекеттік  және  ресми  құрылымдардан,  қоғамдық 

секторлардан,  шығармашылық  қауымдастықтан  келген  қонақтарды  

көріп отырмын. 

Бұл  тақырып  -  Елбасымыздың  2050  стратегиясы  «Мәңгілік  ел» 

халыққа  жолдауындағы  маңызды    ұлттық  идеяны  насихаттайтын 

тақырып екеніне сенімдімін. Біздің көп ұлтты мемлекетіміздің бірлігі 

мен  татулығы,  біздің  азаматтарымызды  отаншылдық  және 

интернационалистік рухта  тәрбиелеуімізге байланысты.  Отаншылдық 

неден  басталады?  Табиғатқа,  қоршаған  ортаға,  туылған  қаласына, 

көшесіне,  үйіне  қамқорлықпен  қарауында,  үлкендерге,  халқына, 

отбасы мен салт – дәстүрімізге құрмет көрсетуінде. Осының барлығын 

бала  кезінен  бастап бойына  сіңіріп  өсіру  қажет.  Отаншылдық  сезімі 

отбасынан басталады. Табиғат пен қоршаған ортаға деген қамқорлық 

отбасынан бастау алады. 

Қоғамда  өркендеуге  бет  алған,  отаншыл  ұрпақты  тәрбиелеу 

негізінде  басты  бағдар  –  отбасы  құндылығы,  басты  міндеті  -  оның 

толыққанды  өркендеп  дамуына  жағдай  жасау.  Отбасы  –  мемлекет 

негізі. 


Соңғы  жылдары  облысымызда  мәдени  инфрақұрылымдар 

қарқынды  дамуда:  жаңа  театрлар,  музей,  кітапхана  ашылуда, 



қаламызда өзіміздің циркіміз, көрме залымыз пайда болды. Жақында 

этнографиялық  орталық  пен  «Түркістан»  концерт  залы  және  тағы 

басқа  мәдени  ошақтар  ашылмақ.  Бұл  мекемелердің  барлығы 

отбасыларға, отбасылық демалыстарға арналған. 

Барлығымыз,  Қазақстанда  өмір  сүргеннен  кейін,  өз  үйімізді 

сүйіп, ата – тегімізді, отбасымыздың тарихын білуіміз  керек.  

Отбасылық оқу- үлкен мақсаттарға жетудің басты жолы екеніне 

сенімдімін. 

Форум тақырыбы «Кітап және отбасы», менің көзқарасымша өте 

өзекті мәселе. Бұл өткізіліп отырған  Форумның мақсаты – кітаптың, 

кітапхананың және отбасындағы оқу мәртебесін көтеру. 

Форум бағдарламасында  «Кітапхананың отбасы мен отбасылық 

оқу  құндылықтарын  арттыру  мен    ұлттық  негізін  сақтаудағы  орны» 

атты ғылыми – тәжірибелік конференция, «Кітап және отбасы» атты  

кітап  көрмесінің  презентациясы,  «Кітап  және  отбасы»-  облыстық  

байқауы, «Кітап- отбаслық аумақ» пресс конференциясы өтеді. 

Бүгінгі  іс-шараларыңыз  жемісті  өтетіне  және  сіздердің 

бастамаларыңызбен  алда  көптеген  игі  іс-шаралар  мен  акциялар 

жалғасын табатынына сенемін! 

Баршаңызға  шығармашылық  табыс,  кәсіби  өріс  және  жемісті 

еңбек тілеймін! 

Ақ  жол  сіздерге  Форум  қатысушылары,  бұл  бағытта  мықтылар 

жеңеді деп  сенемін. 

Істеріңіз сәтті болсын! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Елбасы, «Нұр Отан» Партиясының Төрағасы 

Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» 

атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы 

 

 

Есимова  Баян Камиловна 

Нұр Отан партиясының 

 

Әл-фараби аудандық филиалының 

  

төрағасының І-ші орынбасары 

 

11  қараша  күні  Астана  қаласында  «Нұр  Отан» 

партиясының  кеңейтілген  Саяси  Кеңесінің  отырысында  Елбасымыз, 

Партия  Төрағасы  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  кезекті  «Нұрлы  Жол  – 

болашаққа  бастар  жол»  атты  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауын 

жария етті. 

Елбасы өз Жолдауында «Әдетте жолдауды әр жылдың басында 

беруші  едім.  Бүгінде,  бүкіл  әлемдік  экономика  құлдырап,  дүние 

жүзінде  геосаяси  кризис  орын  алып  жатқанда,  біздің  ел  әлемдік 

экономиканың бір бөлшегі ретінде осы жағдайларға төтеп беруіміз – 

керек.  Сондықтан,  2015  жылдың  01  қаңтарына  дейін  өзіміздің 

стратегиямызды айқындап, жаңаша шаралар жасап алға ұмтылуымыз 

керек» - деп атап кетті. 

Елбасының  атап  өтуінше,  жаңа  саясат  еліміздің  құрылымдық 

реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатын болады. 

“Мен өзімнің үлкен тәжірибеме қарап, алдағы жылдары әлемде 

және біз үшін де жаһандық сынақтар болатынын күні бұрын сеземін. 

Әлемнің  архитектурасы  өзгеретін  болады.  Бұл  күрделі  кезеңнен 

мемлекеттердің бәрі бірдей лайықты түрде өте алмайды, бұл шептен 

тек  мықты,  біріккен  халықтар  мен  елдер  ғана  өте  алады”,  –  деп 

мәлімдеді Президент. 

Мемлекет  басшысы  Жолауды  не  себепті  күні  бұрын  арнап 

отырғанын  түсіндірді.  “Құрметті  отандастар!  2007  жылы  әлемдік 

дағдарыс  басталды,  сын-қатерлер  әлі  күнге  дейін  бар  және  бұл 

дағдарыс  жалғасып  келе  жатыр.  Ресей  мен  Батыс  арасында 

санкциялық  саясат  бар.  Таяу  Шығыста  болып  жатқан  оқиғалар  да 

Қазақстанға  белгілі  бір  дәрежеде  ықпал  етеді.  Біз  халықтың  сенімін 

ақтау  үшін  шараларды  қолға  алып,  одан  басымыз  бүтін  күйде 

шығуымыз керек. Таяу жылдары еліміз үшін аса оңай болмайын деп 

тұр, сол себепті өз Жолдауымды, жаңа жылдан бастап нені қолға алу 



керектігін күні бұрын арнауды жөн көрдім. Соған уақыт беру үшін мен 

жылдың соңында Жолдауымды арнап отырмын”, – деді ол. 

Назарбаевтың  айтуынша,  Қазақстан  әлемдік  экономиканың  бір 

бөлігі – геосаяси шиеленіс эпицентріне жақын орналасқан ел ретінде 

әлемдегі процестердің жағымсыз әсерін бастан өткеріп отыр. “Біз не 

болып жатқанын көріп отырмыз. әлемдік нарықтарда баға құлдырап 

жатыр,  тұтастай  алғанда,  экономикалық  өсім  баяулап  қалды. 

Халықаралық  валюта  қорының  әлемдік  экономика  дамуының  2014 

жылға  және  содан  кейінгі  екі  жылға  арналған  болжамдарын 

төмендеуге  қарай  қайта  қарағаны  белгілі.  Бұл  да  бізге  әсер  ететін 

болады.  Сондықтан  кейбір  ұстанымдарды  жедел  қайта  қарау  керек 

және алдағы кезеңге арналған жоспарларға түзету енгізген жөн. Бізде 

арқаны кеңге салуға уақыт жоқ. Біз айтып отырған шараларды 2015 

жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асыру керек, біз келеңсіз үрдістердің 

алдын  алу  үшін  барлық  шараны  қолға  алып,  бізге  мұның  зияны 

тимейді  деп  есептейтін  халықтың  үмітін  ақтауымыз  қажет.  Бізде 

мұндай тәжірибе бар”, – деді Елбасы. 

Жолдаудағы  ең  негізгі  дүние  –  бұл  әрине  Ұлттық  қор 

қаражатының  жұмсалуы.  Менің  ойымша,  Ұлттық  қордағы  ақшаны 

жұмсау  өте  дұрыс  шешім,  себебі  ол  дәл  осы  дағдарыс  жағдайына 

арналған. Қазір бүкіл әлем дағдарыс жағдайында және осы дағдарыс 

Қазақстанға  әсер  етпей  қоймайды.  Шындап  келгенде,  бұл  – 

дағдарыспен күрес емес, дағдарыстың алдын алу шарасы. 

Бүгінде,  әлемдік  дағдарыс  кезінде  біз,  алдымызға  қойған 

мақсатқа жетуіміз үшін қосымша қаржы ресурстарын қажет ететініміз 

белгілі.  Қазақстан  –  ұшқан  құстың  қанаты  талатын  ұланғайыр 

аумақтың  иесі.  Сондықтан,  аталған  жоспар  орасын  қаражат  пен 

еңбекті,  аса  ауқымды  жұмысты  қажет  етеді.  «Елдің  өркенін  білгің 

келсе, жолыңа қара» - деген қағида қалыптасқан. 

Жол – шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. 

Барлық  аймақтар  темір  жол,  тас  жолмен,  әуе  жолымен  өзара  тығыз 

байланысуы  керек.  Астана  арқылы,  аймақтардың  өзара  байланысын 

жақсарту  елдің  ішкі  әлеуетін  арттырумыз  қажет.  Осылай,  алысты 

жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні болмақ – деп атап кетті 

Елбасы.  

Экономиканы  дамытуда  жаңа  экономикалық  Саясаттың  тұғыры  мен 

инфрақұрылымдық дамудың жоспары болады. Осыған сәйкес, Елбасы 

елдің инфрақұрылымдық жаңа саяси жоспарын атап берді. Ол 5 жылға 

есептеліп,  оған  100ден  аса  шетелдік  компаниялар  қатысып,  оған  6 


триллион теңге көлемінде инвестиция салынып, мемлекеттің үлесі – 15 

пайыз болмақ. 

 

Біріншіден:  Көлікті  -  логистикалық  инфрақұрылымдарды 



дамыту.  Ол  макроөңірлерді  хабтар  қағидаты  бойынша 

қалыптастыру  аясында  жүзеге  асырылады.  Яғни,  Астанамен 

барлық өңірлерді авто, темір жол және әуе жолдарымен шұғыла 

қағидаты бойынша өзара байланыстырады. 

 

Екіншіден: Индустриялық - инфрақұрылымдарды дамыту.  Бұл 



саладағы жобаларды арттыру құрылыс материалдарына, көлік – 

коммуникациялық,  энергетикалық  және  тұрғын  үй  – 

коммуналдық  салалар  үшін  өнімдер  мен  қызмет  көрсетулерге 

сұраныс тудырады. 

 

Үшіншіден:  Энергетикалық  -  инфрақұрылымды  дамыту 



бойынша:  Елдің  оңтүстік  өңірлерін  электр  энергиясымен, 

орталық және шығыс облыстарда табиғи газ тапшылығы туындап 

отыр.  Екі  жоба,  яғни  «Екібастұз  –  Семей  –  Өскеменде»  және 

«Семей  –  Ақтоғай  –  Талдықорған  –  Алматы»  бағыттарында 

жоғары вольтты желілер салу қажеттігіне тоқталды. 

 



Төртіншіден: Тұрғын - үй коммуналдық шаруашылығы мен оны 

су  және  жылумен  қамтамасыз  ету  мәселелері.  Осы  саланы 

жаңғырту үшін жыл сайын 100 млрд. теңге қаржы бөліп отыру 

керектігін айтты. 

 

Бесіншіден: Тұрғын  - үй инфрақұрылымын  нығайту бойынша: 



мемлекет  жалдамалы  әлеуметтік  баспананы  салып,  оны 

тұрғындарға  ұзақ  мерзімге  жалға  беру  мәселесі.  Ешбір 

делдалсыз,  несиеге  барынша  төмен  пайызбен  және  алғашқы 

жарнасыз  берілетін  баспаналар  көптеген  қазақстандықтар  үшін 

қолжетімді  болмақ.  Бұл  салаға  2015  –  2016  ж.ж  тұрғын  үйді 

қаржыландыру үшін 180 млрд. тенге бөлу керек. 

 

Алтыншыдан: Бірінші кезекте, бұл – апатты мектептер мен үш 



ауысымды  оқыту  проблемаларын  шешу  мәселелері  бойынша. 

Бұл біздің партиямыздың Сайлауалды Тұғырнамамыздың негізгі 

индикаторларының  бірі.  Сондықтан,  осы  бағытқа  қосымша  70 

млрд. теңге ал, балалар бақшасының жетіспеушілігін жою үшін – 

қосымша 20 млрд. теңге бағыттауды тапсырып отыр. 

Жетіншіден:  Шағын  және  орта  бизнесті  қолдау  бойынша 

жұмысты  жалғастыруымыз  қажет  -  деді  Елбасы.  Осы  саланы 

дамытуға  бөлінген  100  млрд.  теңге  толықтай  игерілді  және  4,5 

мың жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын орта бизнестің (ШОБ) 



үлесі 2050 жылға қарай ІЖӨ – нің 50 пайызына дейін ұлғайтуды 

жалғастыра береміз - деп атап көрсетті.

  

«Отбасы –  шағын мемлекет, ал  мемлекет – үлкен  отбасы». Кез 



келген дені дұрыс отбасы айналасында болып жатқан өзгерістерге зер 

салып үңіліп, түсініп, алыс-жақын болашаққа жоспар құрады. Алдағы 

уақытта  қалай  болады,  қандай  жұмыстарды  бірінші  кезекте  қолға 

алуым  керек,  не  нәрседен  отбасымды  сақтандыруым  қажет,  қандай 

қауіптер немесе қиыншылық менің отбасымды күтіп тұр деген сияқты 

сан сұрақтар отағасын мазалайтыны хақ. Және соған сай әрекет етіп 

дайындалады. 

Түп шежiресi сонау ежелгі ел – Мәңгілік Ел түркiден бас алатын 

қазақ халқының шерлі шежіресіндегі күрмеуі көп күрделі сұрақтардың 

ең  өзектісі  –  этногенез,  этникалық  тарих,  оның  ішінде    ұлттық 

мемлекеттілік мәселесі. Отандық тарихнамада бұл сонау Шоқан, Абай, 

Шәкәрімдерден бастап талай талқыға түсіп, зерделеніп келеді. Десек 

те, кеше ғана Елбасы Жолдауында жарияланғандай, келесі жылы Қазақ 

хандығының,  ендеше  қазақ  мемлекетінің,  түптеп  келгенде  Ұлттық 

мемлекеттілігіміздің  іргесі  қаланғанынына  550  жыл  болатыны  тайға 

таңба басқандай айқындалды. 

 

Бүгін  міне,  Қазақстан    әлемнің  төрт  бұрышына  түгел  мәшһүр, 



ұлттық мемлекеттiлiкке тән барлық қадір-қасиеті мен рәміздерін 

қамтамасыз  еткен    мемлекет.  Саяси  егемендігіміздің  іргетасы 

экономикалық  жетістіктермен  бекітілуде.  Әлеумет  әлденуде. 

Керуен жүріп, көш түзелуде. Ұлтаралық татулық пен халықтар 

достығы  саяси  тұрақтылығымыздың  мәуелі  мәйегiне  айналып 

отыр. Тіліміз бен діліміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз жанданып, 

жаңарып жатыр.  Егемендігіміз баянды,  Тәуелсіздігіміз табанды 

болған,  сөйтіп  алдымызға  ұзақ  мерзімді  стратегиялық 

бағдарламалар  қойып,  жүзеге  асыру  жолында  күні-түні 

еңбектеніп  жатқан,  ұлтымыздың  рухани  қуатын,  қайыспайтын 

қара  нардай  қайратын,  арыс  алдаспандай  сенім  мен  жігерін 

желдің  жүзіне  суарып,  шыңдап  жатқан  осынау  кезеңі  –  сол 

Ұлттық  мемлекеттілік  идеясының  ғасырлар  бойғы  рухани 

күресінің заңды жемісі де, тарих алдындағы жеңісі де! 

 

Осы тұрғыдан келгенде Елбасы Жолдауының күн тәртібіне дер 



кезінде  әрі өте орынды шығарылғаны еш күмән туғызбайды

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев:  «Кезінде  Ұлттық  қордың  не  үшін 



құрылғанын  қаперлеріңізге  салғым  келеді.  Оның  басты  міндеті 

тұрақты  әлеуметтік  –  экономикалық  дамуды  қамтамасыз  ету  және 



энономиканы сыртқы жайсыз жағдайлардан қорғау болатын. Дәл қазір 

біздің осы қорымызды қажетке жарататын кез келді»– деп атап өтті. 

Сонымен  қатар,  2015  –  2017  ж.ж  аралығында  Ұлттық  қордан 

стратегиямызды  жүзеге  асыру  үшін  жыл  сайын  3  миллиард    доллар 

қаржы бөліп тұруды Үкіметке тапсырды. 

Осы  қаржының  мақсатты  пайдалануын  Үкімет  пен  «Нұр  Отан» 

партиясына  қатаң  қадағалауын  және  «Әрбір  теңгенің  қатаң  сұрауы 

болады.  «Нұр  Отан»  бұл  жұмысқа  белсене  атсалысып,  партиялық 

бақылауды орнатуы қажет» - деп атап көрсетті Елбасы. 

2014  – 


2015  жылдардың  экономикалық  өсімін  қамтамасыз  ету 

үшін,  Ұлттық  қордан  500  млрд.  теңге  мына  төмендегі  мақсаттарға 

бөлуді: Олар:  

 



Біріншіден:  100  миллиард  теңге  кіші,  орта  және  ірі 

кәсіпкерлікті дамытуға; 

 

Екіншіден Банк секторын қолдау мақсатында 250 млрд. теңге; 



 

Үшіншіден:  81  млрд.  теңге  «Харгос  –  Шығыс  қақпа» 

экономикалық аймағы мен «Ұлттық индустриалды мұнай және 

химиялық  технопарктер»  Атырау  және  Тараз  құрылыс 

қалаларында; 

 



Төртіншіден:  «ЭКСПО  –  2017»  құрылыс  комплексіне 

қосымша 40 млрд. теңге; 

 

Бесіншіден:  Елордамыз  Астана  қаласының  аэропортын 



кеңейту үшін, қосымша тағы бір терминал салу мақсатында 29 

млрд. теңге 

 



 



Батыс пен Шығысты жалғап, екі дүниенің саяси, әлеуметтік, 

экономикалық,  мәдени  және  рухани  байланыстарының 

күрематыры  болған  Ұлы  Жібек  жолы  өтетін  Қазақстан  үшін 

жол, транспорттық логистика  мәселелері ерекше маңызға ие 

екендігі әбден түсінікті. 

Айналып 


келгенде, 

аталмыш 


әлеуметтік-экономикалық 

салалардың  баршасы  –  мемлекеттің,  Ұлттық  мемлекеттігіміздің 

тұғырлы тіректері.  Олардың әрбірі – Қазақ мемлекеттігінің әлемнің ең 

дамыған  30  елінің  қатарына  кіру  жолындағы  ауқымды  да  абыройлы 

қадамдары. 

Жетістік - кеңесе білген жерде, бірлік пен тірлік бар жерде.  Солай 

болғанда  ғана  Елбасы  өз  Жолдауында  атап  көрсеткендей 

Жалпыұлттық идея - қазақтың Ұлттық Шаңырағы – Қазақстан құт пен 

берекенің, ынтымақ пен ырыстың  ошағына айналмақ! 

 

 



Отбасы күшті мемлекет негізі 

 

 



Боранбаева Г. 

ОҚО әкімшілігінің әйел және 

отбасы демографиялық істері  

жөніндегі комиссиясының хатшысы 

 

Қазақстан  –  әлемдегі  көп  ұлттылығымен  әрі 



бірлігінің беріктігімен дара мемлекет. Тұтастықты 

сақтай  отырып,  тепе-теңдікті  де  ұмытпау  еліміз 

жүргізіп  отырған  саралы  саясаттың  көрінісі.     

Киелі  Оңтүстік  өңірі  —  елімізде  ұлттық  салт-

дәстүрі мен әдет-ғұрпы, тілінің сақталуымен қатар, 106 ұлт өкілдерінің 

татулық пен бірлікте өмір сүруімен ерекшеленеді. Мемлекеттік тілге 

құрмет  көрсету,  әртүрлі  ұлт  өкілдерінің  ана  тілінде  білім  алып,  төл 

мәдениетін  дамытуына  жағдай  жасау  –  мемлекетіміздің  маңызды 

стратегиялық  саясаты.  Әрбір  ұрпақтың  өз  ана  тілін,  мәдениетін, 

тарихын  білуі  азаматтық  борышы.  Мәдениет  ұғымы  –  әдеп, 

сыпайылық, иба секілді әдемі түсініктермен туыстас, сондықтан рухы 

биік, білімді ұрпақты қалыптастыру халық өмірімен, қоғамның мақсат-

міндеттерімен  байланысты  және  осы  бағытта  тәрбиелеу  әрбір  елдің 

басты міндеті.  

Ұрпақ  тәрбиесі  –  келешек  қоғам  тәрбиесі.  Сол  келешек  қоғам 

иелерін  жан-жақты  жетілген,  ақыл-парасаты  мол,  иманды,  мәдени  - 

ғылыми  өрісі  озық  етіп  тәрбиелеу  –  біздің  де  қоғам  алдындағы 

борышымыз. 

Елбасы «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену 

үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің 

қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең  ететін  –  білім»  -  деді.                                                                                                         

Қазақстан  Респудликасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  2014 

жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, 

бір  болашақ»  атты  Қазақстан  халқына  арнаған    Жолдауында: 

«Егеменді  дамудың  22  жылында  барша  Қазақстандықтарды 

біріктіретін,  ел  болашағының  іргетасын  қалаған  басты  құндылықтар 

жасалды.  Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан 

өткен Қазақстандық жол тәжірибесі» - деп нақтылылап өтті. 

Елбасы  осы  құндылықтардың  арқасында  біз  әрдайым  жеңіске 

жетіп, елімізді нығайтып, ұлы жетістіктерімізді еселегендігімізді, жаңа 

Қазақстандық  Патриотизм  идеялық  негізі  осы  мемлекет  құраушы, 


жалпыұлттық  құндылықтарда  жатқандығын  ерекше  мақтанышпен 

жеткізді.                                                                                                                                     

Ұлттың, елдің дамуында ұлттық құндылықтардың алар орны ерекше. 

Расында да, қанымызбен тараған ұлы құндылықтарды нығайтып, ата 

дәстүрімізді жалғастыру ең алдымен отбасынан басталады. 

Әрбір отбасы тәуелсіз мемлекетіміздің құрамдас бөлігі, бір тетігі 

деп есептесек, онда Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. 

Тек,  алауыздық  пен  жан-жаққа  тартқан  берекесіздіктен  абай 

болып,  «Отан-отбасынан  басталады»  деген  ұғымға  барынша 

әлеуметтік саяси, моральдік-психологиялық мән беріп, жұмыла жұмыс 

жүргізуіміз  керек.  Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын 

ұлы  мұрат  -  міндеттердің  ең  бастысы  -  өзінің  ісін,  өмірін 

жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. 

Үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар бірлесе отырып, ел қамы 

үшін қызмет етсе, барлық белеске жете аламыз. 

Міне,  осы  жолда,  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  әкімі 

жанындағы  әйелдер  істері  және  отбасылық-демографиялық  саясат 

жөніндегі    комиссияның  2014  жылына  арналған  жұмыс  жоспары 

бойынша  облыстың  аудан,  қалаларында  отбасының  беделін  көтеру, 

мәдениеттілікті,  неке  мен  отбасы  құндылықтардын  насихаттау  және 

қоғамның  гендерлік  мәдениетін  арттыру  бойынша  іс-шаралар 

ұйымдастыруда. 

Атап  айтсақ,  2014  жылғы  12  қыркүйекте  «Отбасы  күні»  атап 

өтілді.  Әр  отбасы  –шағын  мемлекет,  ал  кең  байтақ  еліміздің  дамып 

өркендеуі сол шағын мемлекеттерден басталады ескерсек, бұл үлкен 

де,  маңызды  мереке.  Шынайы  рухани  құндылықтар  –  отбасы 

ынтымағын,  ұлттық  салт  дәстүрді,  саналы  тәрбие  беруді 

насихаттайтын мереке аясында қалалық «Достық үйінде» гала-концерт 

өтті.  Бұл  мерекелік  гала-концертке    әрбір  ауданнан  өнерлі  -  өнегелі 

деген  отбасылар  қатысып,  өз  өнерлерін  көрсетті.  Концерт  соңында 

отбасыларға құрмет грамотасы мен сыйлықтар табысталды. 

Осы  жылдың  19  қыркүйегінде  Астана  қаласында  Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық 

конкурсына  ұлттық  құндылықтарымызды    ұлықтау  мақсатында 

еліміздің барлық өңірлерінен өнегелі отбасылар қатысты. Жалпы саны 

1298 отбасы қатысқан байқауда аймақтық турлардан жеңіп шыққан 16 

отбасы  қатысып  басты  жеңімпаз  отбасы  анықталды.  Президент 

жанындағы Әйелдер ісі және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық 

комиссияның  шешімі  бойынша  Оңтүстік  Қазақстан  облысының 

тумалары  Бимаханбетовтер  отбасы  жеңімпаз  аталып,  елбасының 



қолынан су жаңа автокөліктің кілтін алды. Бүкіл республика бойынша 

ең өнегелі, ең мерейлі отбасы болып аттары шықты. Бұл да Оңтүстік 

Қазақстан облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық 

демографиялық  саясат  жөніндегі  комиссияның  жақсы  атқарған 

жұмысының жемісі. 

Қазақстан  облысы  әкімінің  жанындағы  әйелдер  істері  және 

отбасылық  демографиялық  саясат  жөніндегі  комиссияның 

ұйымдастыруымен  6-8  қазан  аралығында,  ұлттық  салт  дәстүріміздің 

және  отбасылық  құндылықтардың  беделін  арттыруға  арналған  үш 

күндік семинар-тренинг өтті. Тенингке студенттер белсене қатысып өз 

ойында мазалап  жүрген көптеген пікірлерімен бөлісті, өздері үшін көп 

мағлұмат  алды.  Мұның  өзі  біздің  өсіп  келе  жатқан  болашақ 

жастарымыздың  елімізде  болып  жатқан  көптеген  мәселелерге 

немқұрайлы қарамайтынын көрсетеді. 

Облысымыздың  2014  жылғы  қорытындысымен  Оңтүстік 

Қазақстан  облысы  әкімі  жанындағы  әйелдер  істері  жөніндегі  және 

отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері әр  

аудандарды аралап жайсыз отбасыларды басты назарға алып, тұрақты 

қадағалап,  комиссия  отырысында  мәселелерді  шешуді  басты 

бақылауда ұстайды. 

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  әкімі  жанындағы  әйелдер  істері 

жөніндегі  және  отбасылық  –  демографиялық  саясат  жөніндегі 

комиссияның ұйымдастыруымен  «Ұлттық салт-дәстүрлер негізіндегі 

отбасылық тәрбие» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. 

Сонымен қатар облысымызда – отбасы ынтымағын, ұлттық салт-

дәстүрді,  саналы  тәрбие  беруді  насихаттайтын  облыс  кітапханалар 

жүйесіне  қарасты  облыстық  барлық  кітапханаларда  көрмелер, 

отбасылық  оқуға  арналған  қазіргі  заманғы  авторлардың  жаңа 

кітаптарының  көрмесін  ұйымдастырады.  Кітапхана  мен  оның  қоғам 

және  отбасындағы  орны  мен  ролін  анықтап,  кітапханалардың 

болашақтағы  дамуы  мен  отбасылық  оқудағы  көкейтесті  мәселелерді 

талқылайды. «Тәрбие негізі - кітап» тақырыбында қоғамдағы кітаптың 

алатын орны туралы әңгіме-пікір алмасу іс-шаралары әр аудандарда 

өткізіліп, ақпарат құралдары арқылы мақалалар жарияланады. 

Біздің  қазіргі  дамып,  өсіп  келе  жатқан  қоғамымызда  кітап  пен 

отбасы  тығыз  байланыста  болуы  керек.  Әрбір  отбасында  -  кітаптың 

өсіп  келе  жатқан  ұрпаққа  орасан  ықпалын  тигізері  анық,  соған, 

қоғамда, отбасында назар аудару керек. 



Барлығын  қорытындылай  келе  кітапхананың  отбасы  мен 

отбасылық  оқу  құндылықтарын  арттыру  мен  ұлттық  негізін  сақтау 

үшін қажетті жағдайларды қолға алу керек. 

Қазыналы  өлкеміздің  ырысын  арттырып,  мерейін  тасытуда 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі 

және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы алға 

қойылған мақсаттарды жүзеге асыруына бар ынтасын салып, аянбай 

еңбек етеді. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал