К. М. Мұхадиева, М. Ж. Амирова жоо-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға оқытушылары



жүктеу 46.88 Kb.

Дата12.09.2017
өлшемі46.88 Kb.

К.М. Мұхадиева,  М. Ж. Амирова 

 ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының 

 аға оқытушылары 

 

ШЕТЕЛДІК ТЫҢДАУШЫЛАРДЫ ТІЛДІК ЖӘНЕ 



ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАҒА БЕЙІМДЕУ 

 

 «Мен  қазақ  тілін  келешекте  Отанымыздағы  барлық  ұлтты    біріктіретін  тіл 

болады  деп  сенемін.  Бұл  қоғамымыздағы  басқа  мәдениеттердің  дамуына 

ешқандай кедергі келтірмейді деп есептеймін». Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мен  

халқымды сүйемін» атты кітабынан.   

       Елбасының  1996  жылғы  31  желтоқсандағы  «Шет  елде  тұратын 

отандастарды  қолдаудың  мемлекеттік  бағдарламасы  туралы»  Жарлығының 

негізінде  Білім  және  ғылым  министрлігі  қазақ  диаспорасы  өкілдерінің 

атамакенінде  оқуын  жүзеге  асырады.        Әлемдік    деңгейде  беделі  бар  оқу 

ордасында  шетелден  келген  қандас  бауырларымызбен  бірге  ауғанстандық 

тыңдаушылар  да  білім  алуда.  Елбасы  тапсырмасымен  шетелде  тұратын 

отандастарымызды  қолдаудың  мемлекеттік  бағдарламасын  жүзеге  асыру 

мақсатында  қытайдан,  өзбекстаннан,  қырғызстаннан,  монғолиядан  және 

ауғанстаннан  ауған  азаматтары  келіп,  дайындық  бөліміне  тыңдаушылар  

ретінде қабылданды. Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі өз жұмысын 

шетелдік тыңдаушыларға оқу орны туралы нақты мәлімет, кәсіптік бағдар беру 

арқылы  бастайды.  Қазақстан  мемлекетіне  көшіп  келген  оралман  балаларына 

Көші-қон  полиция  басқармасымен  бірлесе  отырып,  мәлімет  беру,  дайындау, 

оқыту мәселелері жүйеге қойылғаны белгілі. 

     Тыңдаушыларға  білім  беру,  дайындық  курсын  жүргізу  барысында 

келесідей  өзекті  мәселелер  кездеседі:  оқу  үрдісінде  кейбір  тыңдаушылардың 

жекелеген  пәндер бойынша,  мысалы,  қазақ  тілінен  әліпбиді  білмеуі    қиындық 

тудырады; шетелдік қандастарымыздың ортаға баяу бейімделуі, менталитеттің 

әртүрлілігі. 

Осыған  байланысты  ЖОО-ға  дейінгі  дайындық  кафедрасында  осы 

мәселелерді  оңтайлы  шешу  бағытында  бірқатар  шаралар  қолға  алынды.  Атап 

айтар болсақ: «Қазақстанға қош келдің!», «Атамекенім – Қазастаным», «Астана 

–  Қазақстан»  медиа  сабағы  сияқты  көптеген  іс-шаралар    өткізу  жоспарланған 

және  оларды  жүзеге  асырудамыз.  Шетелден  келген  өз  қандастарымыздың  

патриоттық  рухын  көтеру  мақсаты  да  басты  назарға  алынады.  Бұл  жөнінде 

Елбасының  «Мен  халқымды    сүйемін»  атты  кітабында  былай  делінген:  

«Патриот болу - біздің Қазақстанды мақтан тұту ғана емес. Бірінші кезекте бұл 

– Қазақстанның мүддесін қорғап, өзін-өзі аямау, оның игілігі үшін жұмыс істеу. 

Отанға  қызмет  ету  мемлекеттік  қызмет  пен  барлық  патриоттардың  ой-ниетіне 

айналуы  тиіс.  Өйтпейінше  ең  прогресшіл  де  мінсіз  әзірленген  біздің  барлық 

жобаларымыз  бізден күтіп отырған нәтижелерге жеткізбейді.  Өз Отаныңның 

патриоты  болу  –  бұл  Қазақстанды  өз  жүрегіңде  ұялату».  Әрине,  оралман 

тыңдаушылардың  Қазақстанға  деген  қызығушылығы,  сүйіспеншілігі  және 

атамекенде  білім  алсам,  жұмыс  істесем,  осы  жерде  тамырымды  жайсам  деген 

талаптары  таудай.  Біз  осыған  су  сеуіп  алмауымыз  керек.    Біздің    әрбір 



ұстаздарымыздың    көкейінде,  жүрегінің  түкпірінде  сақталатын  басты  қағида 

осы деп ойлаймыз.  

Бұл  шаралар  тыңдаушыларды  әлеуметтік  ортаға  бейімдеу  мақсатында 

атқарылатын  болса,  ал  оқу  үрдісінің  алғашқы  айларында  пән  оқытушылары 

тыңдаушылармен деңгейлік тапсырмаларды беру арқылы  сабақ өткіземіз. 

   Дайындық 

факультетіне 

келген 


тыңдаушылармен 

жұмысты 


университеттің  Жарғысы  және    ішкі  тәртіп  ережесімен  таныстырудан 

бастаймыз.  Университеттің  әкімшілігімен,  сабақ  беретін  оқытушылармен, 

тәлімгерлермен  кездесу ұйымдастырылады. 

     Тыңдаушылардың  ортаға  тез  бейімделуі  үшін  оларды  жатақхананың, 

университеттің  қоғамдық-мәдени  шараларына  тарту  жолға  қойылған. 

Университеттегі  Жастар  ісі  жөніндегі  бөліммен  бірлесе  отырып,  сабақтан  тыс 

уақыттарында  қоғамдық  шараларды  ұйымдастыру,  қатыстыру,  қаладағы,  

мәдени  орталықтарды  таныстыру,  спорттық  және  сенбілік    шараларына  тарту 

жұмыстары  жүргізілді.  Жоғары оқу  орнына  дейінгі  дайындық  бөлімінде  қазақ 

тілі  пәні  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартының 

бағдарламасына  сәйкестендірілген    оқу  жұмыс  жоспары  бойынша  жұмыс 

жасайды.  

    Тыңдаушылардың  сабаққа  қатысуын  үнемі  бақылау,  оқытушылардың 

сабақтарына  қатысып,  талдау,  әр  пән  бойынша  үлгерім  мониторингісін  

ұйымдастыру,  аралық  тесттер,  сынақтар    өткізу  жоспарда  көрсетілген  мерзім  

бойынша өткізіледі. 

Ауғанстан  мен  Қытайдан  келген  тыңдаушылардың  кириллицаны  әрі  қазақ 

тілі мен тарихын білуге мүмкіндігі болмайды. Қытайдан келетін қазақ жастары 

сол  елде  төте  жазумен  қазақ  немесе  қытай  мектептерінде  оқиды.          Жалпы 

біздің алдымызға келетін тыңдаушыларға қолданылатын оқу-әдістемелік құрал 

екі  түрлі:  біріншісі  –  тілді  мүлде  білмейтін  ауғандықтарға  арналған  болса, 

екіншісі – өз қандастарымызға арналған қазақ тілінің теориялық  аспектісі.  

      Оқытудың  жаңа  технологияларын  пайдалануда  жоғары  оқу  орнының 

алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та жоғары 

оқу  орнында  қалыптасып,  орнығады.  Осыларды  іске  асыратын  басты  тұлға  - 

ұстаз.  Оқытушының  сабақ оқыту    технологиясы,  негізінен:  а)  оқу  материалын 

меңгеруге бағытталады; ә) тыңдаушы тұлғасына бағытталады; б) оқытушы мен 

тыңдаушының  ынтымақтастығына  бағытталады,  сол  арқылы  оқу  мақсаты 

жүзеге асырылады. 

Біздің  баса  назар  аударатынымыз  –  мемлекеттік  тіл  мәртебесін  арттырып, 

дамытудың  бір  жолы  –  қазақ  тілінің  мамандық  тілі,  ғылым  тілі  ретіндегі 

қолданыс  аясын  кеңейту.  Тыңдаушыларға  кәсібіне  байланысты  терминдерді 

игерту  -    қазақ  тілін  сапалы оқытудағы  маңызды  мәселелердің  бірі.  Қазақ  тілі 

сабағында болашақ маманның кәсіби қызметінде жиі кездесетін құжат түрлері, 

типтендірілген  сөйлеу  жағдаяттары,  проблемалық  өндірістік  жағдайлар 

қамтылуы қажет. Сөйлеу, оқу іскерлігімен қатар, жазу іскерлігін, проблемалық 

жағдаяттардан  шыға  білу  іскерлігін  дамыту  сабақта  интерактивті  оқыту 

әдістерін  қолдануды  талап  етеді.    Тыңдаушыларды          оқыту  барысында  бір 

сабақ үлгісін ұсынуды жөн көрдік: 

  Сабақтың тақырыбы: Сан есім. 



Сабақтың  мақсаты:  а)  білімділік;  тыңдаушылардың  сан  есімнен  алған 

білімдерін нығайту, тиянақтау, мысалдар арқылы жаңа сабақты игерту. 

ә) тәрбиелік: қазақ тілін, салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. 

б) дамытушылық: тыңдаушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, 

сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. 

 Сабақтың 

түрі: 

шығармашылыққа 



баулу, 

тақырып 


бойынша 

тыңдаушылардың  білімін дамыту сабағы. 

 Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, стратегиялық, шығармашылық. 

 Көрнекілігі:  сөзжұмбақ,  ребустар,  плакаттар,  кеспе  қағаз,  «Киелі  сандар», 

техникалық құрал. 

 Сабақтың барысы: 

 І. 1) ұйымдастыру кезеңі; үй тапсырмасын сұрау; 

 топпен жұмыс: І топ – «Жеті қазына»  ІІ топ – «Үш байлық» 

 ІІ.  Екі топтың жарысы: а) сан есімнен өтілген материалдар бойынша: 

 ә) сан есімге байланысты мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштар 

 ІІІ.    Тақтаға  мысалды  тыңдаушылардың  өздеріне  жаздырту  арқылы  жаңа 

сабақты түсіндіру.  

 ІV. Кітаппен жұмыс. 

 V.  Дәптермен жұмыс 

 VІ. Түрлі ойындар. (Сөзжұмбақ шешу, «Адасқан сөздер» немесе «Құпиялы 

қосымшалар», «Құпия сан есімдер» ойыны) 

  VП.  Екі топтың топ басшыларының жарысы: 

 І топ басшысына 12 айдың қазақша атауы: 

 ІІ топ басшысына 7 күннің қазақша атауы: (ауызша айту)  

 1. Қосымшаның неше түрі бар? 

 2. Жалғаудың неше түрі бар? 

 3. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар? 

 4. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар? 

 5. Сан есім мағыналық жағынан қаншаға бөлінеді? 

Заттың  санын,  мөлшерін,  ретін  білдіреді,  құрамына  қарай:  дара,  күрделі, 

қанша? неше? нешінші? нешеу? қаншау? деген сұрақтарға жауап береді.  

     Сан  есім  мағынасына  қарай    есептік,  реттік,  жинақтық,  топтау, 

болжалдық,  бөлшектік болып бөлінеді. 

   Киелі сандар: «Жеті» санына байланысты: 

       Жеті Жарғы (Әз Тәукенің заңдары) ;          

      Жеті  қазына-  1.  Ер  жігіт,  2.  Сұлу  әйел,  3.  Жүйрік  ат,  4.  Қыран  құс,  5. 

Құмай тазы, 6. Берен мылтық, 7. Жүйрік тазы (ит).  



   Жеті  күн  –  І.Бүгін.  2.Ертең.  3.  Бүрсігүні.  4.Арғы  күн.  5.  Ауыр  күн.  6. 

Соңғы күн. 7.Азына. 

  1.Дүйсенбі. 2. Сейсенбі. 3. Сәрсенбі. 4. Бейсенбі. 5. Жұма (қасиетті күн). 6. 

Сенбі. 7. Жексенбі.  



      Жеті  септік  –  1.  Атау  септік.  2.  Ілік    септік.  3.  Барыс  септік.  4.  Табыс 

септік. 5. Жатыс септік. 6. Шығыс септік. 7. Көмектес септік.  

    Жеті керемет (әлемнің) – 1. Шығыс. 2. Батыс. 3. Оңтүстік. 4. Солтүстік. 

5. Аспан (жоғары ғалам). 6. Жер (орта ғалам). 7. Жер асты )төмендегі ғалам).  



    Жеті жұт – 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 

5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).  

     Жеті  жетекші  -    Адамның  басшысы  –  ақыл,  жетекшісі  –  талап, 

жолаушысы  –  ой,  жолдасы  –  кәсіп,  қорғаны  –  сабыр,  қорғаушысы  –  мінез, 

сынаушысы – халық.  

    Бұдан басқа да  жеті  санына байланысты жеті ата, жеті нан құдайы; жеті 

есімдік  (мағыналық  түрлері);  жеті  ғашық  туралы  да  тоқталып  түсіндіріп 

отырамыз. 

      «Үш» санына байланысты

     Үш байлық – Бірінші байлық – денсаулық. 

                             Екінші байлық – ақжаулық. 

                             Үшінші байлық – он саулық.  

     Үш қуат – 1. Ақұыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.  

     Үш арсыз – 1. Ұйқы. 2. Тамақ. 3. Күлкі.  

    Үш дауасыз – 1. Мінез. 2. Кәрілік. 3. Ажал (өлім). 

    Үш дана – 1. Абай. 2. Шоқан. 3. Ыбырай.  

    Үш бәйтерек – 1. Сәкен. 2.  Бейімбет. 3. Ілияс.  

    Үш биік – 1. Билік. 2. Дәулет. 3. Даналық.  

     Үш асыл – 1. Көз. 2. Тіл. 3. Көңіл.  

     Үш артық – 1. Адалдық. 2. Еңбексүйгіштік. 3. Өнерпаздық.  

     Үш кемдік – 1. Надандық. 2. Еріншектік. 3. Зұлымдық.  

     Тәуелдіктің  ІІІ  жағы,  жіктіктің  ІІІ  жағы,  буынның  3  түрі  бар  екендігі 

туралы    және  қазақ  халқында  бұдан  басқа    төрт,  бес  сандарына  да  тоқталып  

толық мәлімет береміз.  

    Ендігі  кезекте  жазбаша  жаттығу  жұмыстарын  жүргіземіз:    Жығады, 

білімді, мыңды, бірді, білекті, жығады. Мен ек ... курста оқимын /-інші/. Менің 

інім  биыл  он  бір...  сыныпты  бітіреді  /-інші/.  Төрт  аяқтыда  ...  тату  /бота/  Екі 

аяқтыда .... тату /бажа/.  Жаздың ... күні /бір/ Қыстың ... күнін асырар /қырық/. 

      Сабағымыздың 

соңында  бірнеше  мақал-мәтелдердің  мағынасын 

түсіндіре отырып, қорытындылаймыз: 

 Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. 



 Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. 

Жігітке жеті өнер де аз. Жетпіс өнер көп емес.  

 Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.  

Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл.  

Жүзден жүйрік, Мыңнан тұлпар. 

Досың мың болса -  аз, Дұшпаның біреу болса – көп.  

Өзі жақсы кісіге, Бір кісілік орын бар.  

Екі жақсы қас болмас, Екі жаман дос болмас. 

Екі тентек қосылса жаудай болар, Екі мақұл қосылса таудай болар.  

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал