К. К. Негманова Ұлттық мінез көрінісі ретіндегі фразеқордағы тілдік бірліктер



жүктеу 0.83 Mb.

бет1/7
Дата08.09.2017
өлшемі0.83 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Инновациялық Еуразия университеті

«Қорғауға жіберілді»

«___» ________________ 2015__ж

«Журналистика және филология»

кафедрасының меңгерушісі,

филол. ғ. д., проф.

________________ А.Р.Бейсембаев

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Тақырыбы: «Ұлттық мінез көрінісі ретіндегі

 

фразеқордағы 

               тілдік бірліктер

 

(Оралхан Бөкей шығармалары бойынша)»

Мамандығы: 6М020500 – Филология

Орындаған ФИЛк(М)-201

 тобының магистранты__________________ К.К.Негманова

(қолы)

Ғылыми жетекшісі

филол. ғ. д., профессор  ________________    Б. Сағындықұлы

(қолы)

Павлодар 2015 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Инновациялық Еуразия университеті

К.К.Негманова

Ұлттық мінез көрінісі ретіндегі фразеқордағы тілдік бірліктер

(Оралхан Бөкей шығармалары бойынша)

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

мамандық – 6М020500   «Филология»

Павлодар 2015

АННОТАЦИЯ

Данная  магистерская   диссертация  рассматривает     нацию   и   ее

национальные особенности.

Актуальность   магистерской   диссертации   определяется   тем,   что

национальный характер определяется в прозе  в виде фразеологизмов.

В первой главе магистерской диссертации раскрывается  понятия нации

и характерные черты, особенности, интересы.

Вторая   глава   магистерской   диссертации   раскрывает   фразеологизмы

национального   характера  в   произведениях,   в   прозе.     Определяет     степень

национально-культурных особенностей в тексте. 

Теоретическая   значимость  магистерской   диссертации  определяется   ее

рассуждением   идеи,   творческих   поисков,   присущих   казахской   литературе,

дифференциация   тематических,   познавательных   направлений   в   годы

независимости.  Результаты   исследования   могут  служить   пособием   для

будущих соискателей.

Практическая значимость работы состоит в возможности использования

ее материалов и результатов в практике,  анализ произведений может найти

применение на уроках казахской литературы. 



АҢДАТПА

Бұл магистрлік диссертацияда ұлттың елдік негіздері қарастырылып,

ұлттық болмыстың тіл   арқылы шығармадағы көрсеткіштері айқындалады.

Яғни   ұлттық   болмыстың   көркем   мәтіндегі     көрінісі     фразеолгизмдердің

ерекше   орын   алуымен   танылады.   Зерттеу   жұмысында   ұлттық   мінез

көрінісіндегі фразеологиялық қордағы тілдік бірліктерді анықтауға баса назар

аударылады.

Магистрлік   жұмыстың   өзектілігі   зерттеу   жұмысымыздың   негізі   –

ұлттық мінез көрінісіндегі фразеқордағы тілдік бірліктерді   анықтау.   Қазақ

халқының ұлттық танымын , яғни рухани-мәдени құндылықтарын тіл арқылы

жеткізген   деректерді   талдау.  Көркем   прозада   осы   ұлттық   болмысты   ашып

көрсететін  фразеологиялық бірліктерді анықтау  зерттеу  жұмысының негізгі

ұстанымы болып табылады, әрі оның өзектілігін айқындайды. 

Магистрлік   жұмыстың   бірінші   тарауында  ұлт   және   оның   елдік

негіздері ашып көрсетіледі. Мұнда ұлттың ерекшелігін айқындайтын негізгі

белгілері қарастырылған. 

Жұмыстың   екінші   тарауында   ұлт   мәдениетінің   негізгі   көрсеткіші   –

көркем   әдебиеттің   болмысы,   шеберлігі   оның   тілі   арқылы   көрінетін

болғандықтан,   сол     тіліміздің     байлығын   арттыра   түсетін   сөздік   қордың

ауқымды бөлігі – фразеологизмдерді қарастырады.

Диссертациялық   жұмыстың     нәтижелері   тіл   білімінің   фразеология

аясында   белгілі   бір   дәрежеде   өз   үлесін   қосады   деп   ойлаймыз.   Зерттеу

барысында талдау жасалынған   тілдік деректерді қазақ тілінің   түсіндірме,

фразеологиялық     сөздіктерін   құрастыруға   пайдалануға   болады   деп

есептейміз.



ANNOTATION

 

The Master’s thesis examines the foundations of the state of people, as well

as examines vernacular poetry. In folk idioms literatures occupy a significant role.

The scientific work pays considerable attention to the idioms. 

The relevance of master’s work is the basis of scientific work. This is based

on the background of the character of the people.

Calculate   the   data   that   describe   information   about   the   Kazakh   people.

Determine phrase logical unit that show the national life in the prose.

The   fir  chapter   of  master’s  work  shows  national  and   foundations  of  the

state.


The second chapter covers the basics of national culture, the literary life,

idioms that replenish and enrich native language.

During   the   study   we   examined   the   language   data   explain   the   Kazakh

language that may be useful in the  future.



КІРІСПЕ................................................................................................................ 7

1

Ұлт және оның елдік негіздері............................................................................ 11



1.1

Ұлттық мінез белгілері...................................................................................

11

1.2


Ұлттық психология мәні................................................................................

19

1.3



Ұлт – мемлекеттің мәдени-әдеби зоры..........................................................

23

2



Көркем шығармадағы ұлттық болмыстың тілдік бірліктер арқылы көрінісі. 29

2.1


Фразеологизмнің құрылымы .........................................................................

29

2.2



Фразеологизм – адам ой-негізін қалыптастырудың тілдік  бірлігі.............

38

2.3



Көркем шығармадағы  фразеологизмнің қолданысы...................................

44

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................



66

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................

67

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ

Әрбір халықтың өзіндік тілдік ерекшелігін анықтайтын дәстүр болмысы,

ұлттық нақышы, ұлттық сипаты таным түсінігімен ерекшеленеді. Әр ұлттың,

өзіне тән айырмашылығын, елдік негіздерін айқындайтын болмысы, дәстүрі,

ұлттық мінезі, ұлттық танымы мен сипаты, ұлттық намысы, ұлттық мүддесі,

ұлттық   психологиясы   мен   өзіндік   санасы,   ұлттық   рухы   сол   халық   пайда

болғаннан бастап қалыптасады.

Сондай-ақ   ұлттың   ұлт   болып   қалыптасуына   тікелей   байланысты   әрі

маңызды рөл атқаратын елдік негіздің басты нышаны  ұлттық тіл деп айтуға

болады.   Ұлттық   тіл   ұлт   болып   қалыптасқан   халықтың   рухын,   ділін,

мәдениетін көрсететін қарым-қатынас құралы, ұлттық бірегейліктің қажетті

де, ең маңызды нышаны. Өзінің даму дәрежесіне қарай тіл: ру тілі, тайпа тілі,

ұлт тілі болып бөлінеді. Ұлттық тілдің жасалуының бір белгісі – жазба әдеби

тілдің қалыптасуы.ұлттық тіл қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік жағдайға

байланысты өзгеріске ұшырап, дамып, түрленіп, жаңарып отырады».

Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық қазына. Халық өміріндегі

тарихи белестер, ұлы өзгерістер сыры ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы жетеді.

Ұлт   мәдениетінің   негізгі   көрсеткіші   –   көркем   әдебиеттің   де   шынайы

болмысы,   шеберлігі   оның   тілі   арқылы   көрінеді.   Ал   осы   тіліміздің

бейнелілігін   ,   байлығын   арттыра   түсетін   сөздік   қордың   ауқымды   бөлігі   –

фразеологизмдер екені даусыз. Әлем жұртшылығы жиырма бірінші ғасырдың

табалдырығын аттаған бүгінгі таңда әдеби тіліміздің фразеологиялық қорын

зерттеудің  теориялық және практикалық жағынана да өз негізі бар. 

Жалпы, тіл білімінде фразеология мәселесі көп зерттеліп келеді десек

те, әрбір әдеби тіл кезең ерекшелігін ашатын оның бай фразеологиялық қоры

мен   құрамы   туралы   арнай   зерттеулер   жүргізілген   емес.   Яғни   біздің   бұл

тақырыпқа арнайы баруымыздың себебі, әдеби тіл дамуының ұлттық кезең

сипатын   танытатын   алғашқы   көркем   қазақ   прозасы   тіліндегі

фразеологизмдер ғылыми тұрғыдан зерттеу нысаны болған емес. Бұл – бір.

Екіншіден, жиырмасыншы ғасыр барысындағы қазақ прозасы тілі әр түрлі

себептермен толыққанды зерттелмей келеді. 

Тілдегі   фразеологизмдер   –   тілдік   бірліктердің   ішінде   аккумулятивтік

қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып,

дамып,   қалыптасқан,   әдеби   тіл   дамуы   кезеңдерінің     өзіндік   ерекшелігін

айқындайтын тілдің ажырамаас бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің

фразеологиялық   қорынан   қажетін   алады   да,   өз   кезегінде   әдеби   тілдің

дамуына үлесін қосып отырады. Шын мәнінідегі қазақ көркем прозасының

алғашқы қарлығаштары ретінде танылып, Ы. Алтынсарин мен А. Құнанбаев

негіздеген жазба әдеби тіл дәстүрін әрі қарай жалғастырған жиырмасыншы

ғасыр   басындағы   қазақ   жазушылары   осы   тіл   қазынасын   мәнді   материал,

көркем құрал етіп, әдеби тілдің көркемдік дамуын ілгерілетті. 

Сөз өнеріне өткен ғасырдың соңын ала келген, шығармаларының негізгі

бөлігін   жаңа   ғасырдың   алғашқы   жылдарынан   бастап   қазақ   оқырманына

ұсынған,   қазіргі   кезеңде   қазақ   прозасының   көшбасшыларының   ізін   баса

7


өздері де көштің алдыңғы қатарында жол бастап жүрген орта буын өкілдері

шығармаларының   басты   нысаны   ретінде   адам   жан   дүниесін   алып,   оның

қайшылыққа толы ішкі әлемін барынша шынайы, тереңнен толғап жеткізуге

күш-жігерін салды.



Зерттеу   жұмысының   өзектілігі.  Әрбір   халықтың   өзіндік  тілдік

ерекшелігін анықтайтын дәстүр болмысы, ұлттық нақышы, ұлттық сипаты

таным   түсінігімен   ерекшеленеді.  Әр   ұлттың,   өзіне   тән   айырмашылығын,

елдік   негіздерін   айқындайтын   болмысы,   дәстүрі,   ұлттық   мінезі,   ұлттық

танымы мен сипаты, ұлттық намысы, ұлттық мүддесі, ұлттық психологиясы

мен   өзіндік   санасы,   ұлттық   рухы   сол   халық   пайда   болғаннан   бастап

қалыптасады.

Ұлт ұлт болып қалыптасқаннан бастап пайда болатын ұлттық болмыс

сол   халықтың   тұрмысында,   тілінде,   ауыз   әдебиетінде,   көркем

шығармаларында   көрініс   таппауы   мүмкін   емес.   Біздің   зерттеу

жұмысымыздың   негізі   ретінде   алып,   соған   байланысты   туындаған

тақырыптардың   бірі   –   ұлттық   мінез   көрінісіндегі   фразеқордағы   тілдік

бірліктер. Негізінде қазақ ұлтының тарихы мен мәдениетіне ой жүгіртсек,

ұлттық   рухты   ғасырлар   бойы   сақтап     ұрпағына   таныта   білген.   Ұлттық

танымын   ,   яғни   рухани-мәдени   құндылықтарын   тіл   арқылы   да   жеткізген.

Көркем   прозада   осы   ұлттық   болмысты   ашып   көрсететін   фразеологиялық

бірліктерді анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстанымы болып табылады,

әрі оның өзектілігін айқындайды. 



Зерттеу   нысаны.  Ұлттық   болмысты,   ұлттық   психологияны,   ұлттық

мінездің ерекшеліктерін, қазақ мәдениетін көркем шығармада тілдік бірліктер

арқылы   айқындау.   Көркем   шығармада   орын   тепкен   фразеологиялық

тіркестердің ұлттық мінезді ашатындығын, ұлттық болмыстың нышандарын

танытатындығын   дәлелдейтін   деректерді,   фразеқордағы   тілдік   бірліктерді

зерделеу.



Зерттеу пәні. Қазақтың прозасының тілі.

Зерттеудің   мақсаты   мен   міндеттері.  Ұлттық   мінездің   ерекшеліктері

шығармада   тілінде   фразеологиялық   бірліктер   арқылы   көрінетінін   зерттеу,

соған   байланысты   тұрақты   тіркестерді   айқындау.   Ұлттық   болмысты

сипаттайтын   тілдік   бірліктердің   рөлі   мен   шығармадағы   алатын   орнын

түсіндіру. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттері:

Ұлт ұғымын ашу және оның елдік негіздеріән анықтау;



Ұлттық мінездің ерекшеліктерін айқындау;

Ұлттық мінездің, ұлттық психологияның шығарма тіліндегі көрінісін



айқындау;

Фразеологиялық бірліктердің шығармадағы рөлін түсіндіру;



Фразеологиялық тіркестердің ұлттық сипатын көрсету;

Көркем   мәтінде   ұлттық   мінезді   сипаттайтын   деректерді,   тұрақты



тіркестерді жинақтау;

8


Зерттеу   жұмысының   дереккөздері.  Жазушылардың   көркем

туындылары,   фразеологиялық,   энциклопедиялық   түсіндірме   сөздіктер,

ғалымдардың еңбектері.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері.  Зерттеу, сипаттама, түсіндіру,

талдау.


Зерттеудің   ғылыми   жаңалығы.   Жұмыста   көркем   прозадағы

фразеологиялық бірліктер ұлттық мінез көрінісі ретінде қарастырылады.



Зерттеудің   практикалық   маңызы.  Зерттеудің   нәтижелері   тіл

білімінің   фразеология   аясында   белгілі   бір   дәрежеде   өз   үлесін   қосады.

Зерттеу   барысында   талдау   жасалынған   тілдік   деректерді   қазақ   тілінің

түсіндірме, фразеологиялық  сөздіктерін құрастыруға пайдалануға болады.

Зерттеудің нәтижелері – этнос тарихын, ұлттық дүниетанымды, ұлт

мәдениетін   тіл   арқылы   танытуға   арналған   дәрістерде,   көркем   мәтінді

фразеологиялық   талдауға   қатысты   арнайы   курстарды   жүргізуде,

«Этнолингвистика пәндерін» оқытуда тәжірибеде қолдануға болады.



Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері. Бұл

жұмысты жазу барысында ұлттық  ұғымының мәнін ашуда Қ. Салғараұлының

«Ойлан,   қазақ!»,  Р. Сыздықованың    «Сөз   құдіреті»   т.б.   әдебиеттер   негізге

алынды.   Теориялық  тұжырымдар   жасауда   Қазақ   тілінің   түсіндірме   сөздігі,

Қазақ   ұлттық  энциклопедиясы,   бұқаралық   ақпарат   құралдарының

материалдары   жинақталды.   Ал   фразеологиялық   бірліктердің   көркемдігін

ашуда І. Кеңесбаевтың, З. Ахметовтің, Қ. Жұмалиевтің,  З. Қабдоловтың  т.б

еңбектерін негіге алдық.



Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

Ұлттың ерекшелігі, дүниетанымы, мінезі, тілдік көрінісі;



Шығармадағы     ұлттық   сананы   ашатын   тілдік   құралдар,   яғни

фразеологиялық тіркестер;

Көркем мәтінде тілдік бірліктер арқылы көрінген ұлттық танымның



рөлі, қызметі;

Зерттеу жұмысының жариялығы. Ғылыми басылымдарда, жинақтарда

диссертация тақырыбына қатысты мақалалар жарияланды. Диссертациялық

жұмыс келесідей публикация ретінде жарияланды:

«Шығарма   тіліндегі   фразоқолданыс».//   «С.   Дөненнтаев   мұрасы:



таным   және   тағылым»   ғылыми-практикалық   конференция.   –

Павлодар қ.,2014 ж. – 153-156 б.

«Ұлт   және   оның   елдік   негіздері».//   «Collegy.ucoz.ru»   интернет-



журналы. 15.02.2015ж. http:// Collegy.ucoz.ru/publ/1-1-0-2

  «Көркем   шығармадағы   ұлттық   болмыс»//   «Collegy.ucoz.ru»



интернет-журналы. 10.04.2015ж. http:// Collegy.ucoz.ru/publ/1-0-0-1

Кілтті   сөздер.   Ұлт,   ұлттық   болмыс,   ұлттық   мінез,   ұлттық   намыс,

ұлттық   мүдде,   ұлттық   психология,   ұлттық   сана,   этнопсихология,

фразеологиялық тіркес, тілдік бірлік, тұрақты тіркес.

Зерттеу   жұмысының   құрылымы.  Диссертация   кіріспеден,   екі

тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

9


1 Ұлт және оның елдік негіздері

1. 1 Ұлттық мінез белгілері

Әр   ұлттың,   әр   халықтың   өзіне   тән   ерекшелігін,   елдік   негіздерін

айқындайтын болмысы, дәстүрі, ұлттық мінезі, ұлттық танымы мен сипаты,

ұлттық намысы, ұлттық мүддесі, ұлттық психологиясы мен өзіндік санасы,

ұлттық   рухы   сол   халық   пайда   болғаннан   бастап   қалыптасады.   Ұлт

дегеніміздің   өзі   –   адамдардың   тарихи   қалыптасқан   жері,   тілі,   діні,   салт-

дәстүрі, мәдениеті ортақ қауымдастық бірлестік. Ұлттық жан күйі үйлесімі

үш бөліктен тұрады: олар – ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық

мінез.

Салт-дәстүрлер халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге



деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп,

өзгеріп,   жаңарып   отырады.   Кез   келген   оқушының   кез   келген

энциклопедиялық немесе философиялық сөздіктерден «ұлт» сөзіне берілген

анықтаманы оқып білу мүмкіндігі баршылық. Сол берілген анықтамалардан

ұлтқа тарихи жағдайларға байланысты белгілі бір аумақты тұрақты мекендеп

иеленуі   арқылы   тілдің,   діннің,   мәдениеттің,   дәстүрдің,   әдет-ғұрыптың

ортақтастығы   негізінде   қалыптасып,   елдік   мүддесі   біріккен   халықтардың

жиынтығы деген тұжырым айтуға болады. 

Кейбір педагог ғалымдар: «Ұлттық сана, ұлттық мінез бен ұлттық сезім,

психикалық   құрылымның   негізгі   компоненті,   –   дей   келе,   ұлттық   сезімге

анықтама береді: Ұлттық сезім – адамдардың туған елге, өскен жерге, ана

тіліне, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігі».

«Ұлттық   сана   дегеніміз   сол   ұлтты   құрайтын   халықтың   әр   адамының

жеке   тұрмыс   тіршілігінің   сыртында   өз   ұлтының   мүддесін,   халқының

тағдырын,   ұрпағының   болашағын   ойлау   қабілетінің   ұлттық   деңгейге

көтеріліп, жалпы қоғамға тән ұлттық сипатқа ие болған ұжымдық түрі, яғни

ұжымдық сана» [6, 17 б.]. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді. Ал

ұлттық дүниетаным дұрыс таным-түсінік арқылы өріс жайып, ұлттық дәстүр

арқылы өз болмысын танытады. Ұлттық сана ұлттық ортаның әсерінен ғана

қалыптасады. Ал энциклопедиялық сөздікте ұлттық өзіндік санаға берілген

анықтама   ұлттық   қоғамның   шындықты   өзінше   қабылдап,   салт-дәстүр,   ұлт

тілі,   ұлттық   өнер   арқылы   білдіруі.   Ұлттық   өзіндік   сана   –   ұлттық

идеологиямен объекьтивті дүниені және өзінің жеке болмысын ой елегінен

өткізуге   белсене   қатысатын   адамның   психикалық   процестерінің   бірлігін

көрсетеді.   Ұлттық   өзіндік   сана   ұлттық   сананың   ықпалымен   қалыптасады

[3, 33 б.].  Жалпы өз ұлтыңа деген   құрметтің белгісі – ол адамның ұлттың

сана-сезімінің   қалыптасуына   тікелей   байланысты   деп   есептейміз.Ұлттық

санадан ұлттық рух түсінігі туындайды. Ұлттық рух дегеніміз – белгілі бір

этностың мүддесіне құрылған тұтас халықтың белсенді сана-сезімінің айқы

көрінісі, – деп анықтама беруімізге болады. 

Қ.   Салғараұлының   еңбегін   негізге   ала   отырып     осы   ұлт   ұғымына

байланысты біршама жазған ойларын зерделесек, соның ішінде ұлт, ұлттық

10


сана,   ұлттық   мүдде,   ұлттық   намыс,   ұлттық   мінез   т.б.   Осы   ұғымдардың

әрқайсысына анықтама беріп көрсеткен. Ұлттық сана абстрактілі ұғым емес

дейді   автор,   ол   ұлт   тірлігінің   тұрмыстық   көрінісі,   былайша   айтқанда   сол

ұлтты   құрайтын   халықтың   бүкіл   ғұмырнамасының,   әдет-ғұрпының,   салт-

дәстүрінің, әдебиеті мен мәдениетінің, өнерінің, тұрмыс-тіршілігінің тарихын

білу   дәрежесі,   яғни   халықтың   өзін-өзі   жете   танып,   түсінуі   деген   пікірін

жазды. 

Әрі   қарай   ұлттық   мүдде   ұғымына   көңіл   бөлсек   автор   «ұлттық   мүдде



дегеніміз – сол ұлттың құрамындағы халықтардың, яғни адамдардың өздеріне

тән   халықтық   рухани-мәдени   және   материалдық   құдылықтарын   сақтай

отырып,   ұлттың   ілгері   дамуын,   өмір   сүруін   қамтамасыз   етуді   көздейтін

негізгі  нысаналы ортақ мақсат» [1,100 б.] – дейді.  Сонымен қатар ұлттық

мүдде   өмірдің   барлық   саласында   ең   алдыңғы   кезекте   тұруы   керек.   Автор

ұлттық   мүдденің   қорғаушысы   –   намыс   дей   келе,   ал   егер   ұлттық   намыс

болмаған   жерде   ездік   үстемдік   алып,   ұлтқа   қатысты   құндылықтарға

немқұрайлы көзқарастар пайда болады деп есептейді. 

Енді ұлттық намыс дегеніміз не дейді автор.  Ол сол ұлтты  құрайтын

халықтың әр адамының ұлтқа қатысты айтылған кез келген кемсітушілікті,

ұлтқа қарсы жасалған іс-әрекетті бейне өзіне бағытталғандай қабылдап, соған

қарсы жан дүниесінде пайда болған сезімнің серпілісі дейді. Ұлттық намыс –

азаттықтың   жаршысы,   құлдықтың   қас   жауы.   Ұлттық   намыс   бар   жерде

құлдыққа   орын   болмайды.   Қазақ   ұлтының   тарихына   ой   жүгіртсек   жоңғар

шапқыншылығы,   орыс   патшалығының   бодандығы,   ұлы   отан   соғысы

жағдайларында талай қазақтың ұлттық намысты қолдан бермей өз өмірлерін

қиған   батырларымыз болды.   Ұлт адамдардан құралатындықтан, сол ұлтты

құраушы адамның болмысына тән дүниенің бәрі ұлттың болмысына ортақ

болуы   заңды   құбылыс.   Автор   ұлттық   мінезге   мынадай   анықтама   береді:

«ұлттық мінез – ұлттық дәстүр негізінде тәрбиеленген ұлт адамы мінезініің

белгілі бір түрінің ұлт мүшелерінің бәріне бірдей, болмаса басым көпшілігіне

тән ортақ деңгейге көтеріліп, жалпылық сипат алуы» [1, 104 б.].

Ұлттық   мінезге   берілген   тұжырымдар   аз   емес,   соған   байланысты

Т. Бекниязов   көркем   шығармадағы   ерекшелігі   жайлы   пікірі   «Ұлттық

характер– әдеби шығармадағы кейіпкердің ұлттық сипатымен ерекшеленген

мінез-бітімі,   оның   белгілі   бір   халықтың   өкілі   екендігін   танытатын

психологиялық   және   ойлау,  сөйлеу   өзгещелігі.   Ұлттық   характер   –   тарихи

категория.   Ол   қоғамдық,   рухани,   экономикалық   және   саяси   жағдайларға

сәйкес қалыптасады» [2, 360 б.].

Қ. Салғараұлы   ұлттық   дәстүр   ұғымы   жайында   былай   дейді:   «дәстүр

дегеніміз,   біздің   таным-түсінігіміз   бойынша,   белгілі   бір   ұлтты   құрайтын

халықтың   ата-бабаларының   халық   болып   қалыптасу   жолындағы   бүкіл

түршілік   тәжірибесінен   сан   ғасырлар   бойы   тірнектеп   жинап,   сұрыптау

тезінене өткізіп, бір жүйеге келтіріп, қалыпқа түсірген өмір сүру заңы, яғни

бүгінгі түсінікпен айтсақ, қатал тірліктің қағидаларынан қорытып, уақыттың

өзі бекітіп берген Конституциясы» [1,109-110 б.]. Белгілі бір ұлттың адамзат

11


өркениетінің   биігіне   шығып,   өсіп   жетілуі,   немесе   құлдырауы   осы   ұлт

дәстүрінің сақталуы мен бұзылуына байланысты. 

Сондай-ақ,   ұлттың   ұлт   болып   қалыптасуына   тікелей   байланысты   әрі

маңызды рөл атқаратын елдік негіздің басты нышаны ұлттық тіл деп айтуға

болады.   «Ұлттық   тіл   ұлт   болып   қалыптасқан   халықтың   рухын,   ділін,

мәдениетін көрсететін қарым-қатынас құралы, ұлттық бірегейліктің қажетті

де, ең маңызды нышаны. Өзінің даму дәрежесіне қарай тіл: ру тілі, тайпа тілі,

ұлт тілі болып бөлінеді. Ұлттық тілдің жасалуының бір белгісі – жазба әдеби

тілдің қалыптасуы.ұлттық тіл қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік жағдайға

байланысты өзгеріске ұшырап, дамып, түрленіп, жаңарып отырады» [4,19 б.].

Белгілі   филология   ғылымдарының   докторы   Б.   Хасанұлы   тіл   жайында

айтқан   пікірі:   «Табиғаттың   ең   қымбаттысы   –   адам,   ал   адамның   ең

қымбаттысы   –  оның  тілі.  Адам  өмірі  тілсіз  болмақ  емес,  оның  үштен  бір

бөлігі   қоғамдық   қатынаста   жетілетін   болса   –   сол   ұлы   мәртебелі   ана   тілі

арқыы жүзеге асады». Ұлттық   тіл жойылса ұлт болып өмір сүрудің қажеті

шамалы. Тіл – адамның ақыл-ой қабілетінің негізінде қалыптасқан күрделі

құбылыс дейміз. Бүкіл тіршіліктің, өркениет, мәдениет, ғылымның негізі –

тіл.   Адамзат   тарихында   тілдің   маңызы   өлшеусіз.   Қазақ   үшін   –   қазақтың

ұлттық тілі рухани мәдениеттің байлығы. 

Мыңдаған   ғасырлардан   біздің   осы   күнімізге   дейін,   алдағы   келер

ғасырларға   жететін   қазақтың   тарихы,   өз   ұлтының   тілімен   жетеді.   Ұлттық

тілді жетік біліп, қадірлеу сол ұлт азаматының әр қайсысының парызы деп

есептейміз. 

Ұлттық   мінез   жайлы   айтпас   бұрын   этнопсихология   саласына   көңіл

бөлгеніміз   жөн.   Этнопсихология   халықтың   немесе   ұлттың   психологиясын

зерттейтін   ғылым   саласы.   «Этнос»   гректің   [ethnos]   –   тайпа,   халық   деген

сөзінен шыққан. Бұл термин  этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс»,

«ұлт»   ұғымдарын   түгел   қамтиды.   Этнопсихология   ғылымы   «этнос»   және

«мәдениет» деген терминдердің мәнін ашуға көмектеседі. Көптеген ғалымдар

этнопсихологияның   маңыздылығына   байланысты   оны   «халықтар

психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы   мәдениет

психологиясы» деп атайды [4, 563 б.]. 

Этнопсихология   жеке   ғылым   ретінде     XIX   ғасырдың   орта   шенінде

Ресейде, кейінірек Батыс Еуропа елдерінде пайда болды. Қазақ жерінде бұл

мәселемен   көбірек   айналысқан   Шоқан   Уәлиханов.   Оның   еңбектерінде

«халық   рухы»   дейтін   ұғым   жиі   кездеседі.   Мұны   «халықтық   психология»

ұғымының   синонимі   деуге   болады.   Халықтық   психология   -   адамдардың

қоғамдық   және   жеке   тәрбиесінен,   өмірдегі   тұжырымдарынан   туындайтын

қарапайым   психологиялық   білімдердің   жүйесі.   Шоқан   Уалихановтың

пікірінше, халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі –

сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін

халық бойына біткен зор таланттың, керемет қабілеттің, ақындық қуаттың

белгісі деп санады. 

Ұлтқа байланысты қарастыратын тағы да негізгі мәселелердің бірі ұлт

психологиясы   болып   табылады.   Ұлт   психологиясы   –   этнопсихологияның

12


басты нысаны. Ұлттық психология – бүкіл халық ұстанатын тәлім-тәрбиелік

нормаларды жан жүйесі тұрғысынан баяндау – ғылыми этнопсихологияны

бастауы, халықтық психологияның зерттеу нышаны болып табылады. Мұнда

ғасырлар бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-

сана,   әдет-ғұрып,   ұрпақтан-ұрпаққа   біртіндеп   жалғасатын   адамгершілік,

ақыл-ой,   эстетикалық   еңбек,   тәрбие   түрлеріне   қатысты   нормалар   мен

принциптер, яғни белгілі бір этностың жалпы мінез-құлқы, іс-әрекетінің ішкі

астарлары сөз болады. Халықтық психология – психика мен мінез-құлықтың

қанға   сіңген,   тез   өзгеріп,   не   жоғалып   кетпейтін   ұлттық   бітісі,   мезгіл

мөлшерімен алғанда ұзақ дәуірлер жемісі [3, 31б.].

Ұлттық   психология   белгілі   бір   ұлт   өкілдеріне   тән,   ұрпақтан   ұрпаққа

беріліп   отыратын   мінез-құлық   пен   психологиялық   ерекшеліктері.   Ұлттық

психология   рухани   мәдениетте,   сезімдерде,   әдет-ғұрыпта,   тілде,  адамгершілік

әдептік   салада   ұлттық   мінездің   көптеген   психологиялық   көріністері   мен

этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық психология – тіпті әр түрлі таптарға

жататын   адамдардағы   мінез-құлықтың   орнықты   негіздерінің   бірі.   Бірақ

қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты ол да өзгеріп отырады. 

Ұлттық   психология   –   философиялық   және   әлеуметтік   әдебиетте   көп

талқыланып,   зерттеліп   келе   жатқан   категориялардың   бірі.   Біз   ұлттық

психология ұғымының мәнін түсіну үшін, оны бірнеше қырынан қарастырып

көрейік. 

Ұлттық   психология   қоғамдық   психологияны   құрайтын   элементтердің   бірі,



оның құрамдас бөлігі;

Ұлттың негізгі белгілерінің бірі;



Ұлттық   психология   –   әлеуметтік   психологяның   бір   бөлігі,   оның

заңдылықтарына бағынатын құрамдас бөлігі;

Ұлт   адамдардан   құралатындықтан,   сол   ұлтты   құраушы   адамның

болмысына   тән   дүниенің   бәрі   ұлттың   болмысына   да   ортақ   болуы   заңды

құбылыс [1 , 104 б]. Тек жеке адамға тән дүниенің тұтас ұлтқа ортақ болуы

үшін оның танылу деңгейі   жекелік аясынан шығып, жалпылық сипатқа ие

болуы керек. Бұның ұлттық мінезге де қатысы бар. Сондықтан ұлттық мінез –

ұлттық дәстүр негізінде тәрбиеленген ұлт адамы мінезінің белгілі бір түрінің

ұлт   мүшелерінің   бәріне   бірдей,   болмаса   басым   көпшілігіне   тән   ортақ

деңгейге көтеріліп, жалпылық сипат алуы [1,104 б.].

Мінезділік жеке адамның да, ұлттың да болмысының көрінісі. Халықтық

қасиеттеріміздің   негізінде   мінез   жатыр.   Өйткені   мінезсіз   адамда   қасиет

болмайды.   Бұл   ұлтқа   да   тән.   Мінезді   халық   –   намысты   халық.   Намысты

халық   ешкімге   есесін   жібермейді,   кеудесін   ешкімге   басқызбайды.   Демек,

ұлттық   мінез   –   ұлттық   намыстың   егізі.  Әрбір   халықтың   өзіндік  тілдік

ерекшелігін анықтайтын дәстүр болмысы, ұлттық нақышы, ұлттық сипаты,

таным   түсінігімен   ерекшеленеді.   Әрине   ол   тілдік   бейне   арқылы   көркем

шығармада көрініс табады. 

Әр ұлттың, әр халықтың өзіне тән ерекшелігін айқындайтын болмысы,

дәстүрі,   ұлттық   мінезі,   ұлттық   танымы   мен   сипаты,   ұлттық   психологиясы

13


мен   өзіндік   санасы,   ұлттық   рухы     халық   пайда   болғаннан   бастап

қалыптасады. 

Ұлттық   мінез  –  әдеби   шығармадағы   кейіпкердің   ұлттық   сипатымен

ерекшеленген   мінез-бітімі,   оның   белгілі   бір   халықтың   өкілі   екендігін

танытатын психологиялық және ойлау, сөйлеу өзгешелігі. Ұлттық мінез – ол

тарихи категория болып табылады. 

Қазіргі қоғамдағы жастардың батысқа еліктеуі, ұлттық құндылықтардың

ұмытылуы, ұлттық мінез қасиеттерінің өзгеруі әртүрлі халықтардың ұлттық

мінез   қасиеттерінің   өзіндік   ерекшеліктерінің   жойылуына   әкеледі.   Қазіргі

этнопсихология   саласында   «ұлттық   мінез»   түсінігін   «менталитет»,

«ментальдылық»   түсініктеріне   теңестіреді.   Осыған   байланысты   аталған

категориялардың   мазмұнын,   олардың   ортақ   қасиеттері   мен

айырмашылықтарын   жан-жақты   талдау   керек.   «Ұлттық   мінез»   түсінігі

әдебиеттерде халықтардың өмір салтын бейнелеу үшін қолданған. Сонымен

қатар,   зерттеушілер   кейіннен   ұлттық   мінезді   сипаттауда   темперамент,

тұлғалық қасиеттер, құндылықтар жүйесі, билікке деген қатынас түсініктерін

қолдана   бастады.   Этностың   мінезі   оның   жеке   өкілдерінің   мінездерінің

қосындысы   емес,   халықтың   тарихын,   мәдениетін   бейнелейтін   түсінік.

Ұлттық   мінезді   зерттеу   үшін   этнопсихология,   тарих,   этнография,

әдебиеттану, лингвистика саласындағы кешенді бағыт қажет. Ұлттық мінез

әлеуметтік өмір салаларындағы ұлттық тарих, мәдениет, тұрмыс, тіл, салт-

дәстүр   ұлттық   болмыстың   әртүрлі   аспектілерін   бейнелейді.   Әдістемелік

бағыт   бойынша   ұлттық   мінездің   мәнін   анықтау   үшін   әлеуметтік-

психологиялық   және   философиялық   білімдер   жүйесіндегі   «мінез»

категориясының   пайда   болу   тарихының   мәні   мен   маңыздылығын   талдау

керек.   Философиялық   энциклопедиялық   сөздікте   «мінез»   термині   (грек

тілінен аударғанда белгі, айырмашылық сипат) адамның психикалық өмірінің

жеке   үрдістері   мен   қалыптарынан,   сонымен   қатар   оның   мәнері,   әдеттері,

ақыл-ой ерекшеліктері мен оған тән эмоционалдық мірінен көрініс беретін

рухани өмірінің тұтас және тұрақты даралық ерекшелігі ретінде анықталады

«Ұлттық   мінез»   түсінігі   гуманитарлық   білім   салалары   –   философия,

этнология,   антропология,   мәдениеттанумен   өңделген   болғандықтан

пәнаралық   сипаттағы   теориялар   мен   концепцияларды   қарастыру   керек.

Ұлттық   мінезді   анықтау   күрделілігі   қазіргі   ғылымда   қолданылатын   жаңа

терминдерге қарағанда, оның ұзақ тарихы бар және қосымша мағыналары

көп   болып   табылады.   Сонымен   қатар,   халықтың   санасындағы   ұлттық

мінезбен   сәйкестендірілетін   және   белгілі   бір   ұлт   туралы   пікірді   өзгерте

алатын ұлттық және этникалық стереотиптердің ролі ерекше орын алады.

Профессор-жазушы ақын Әдібай Табылдының ұлттық мінез бен ұлттық

тәрбие төңірегінде ой-тұжырымдары қарстырсақ. Қандай тәрбие болса да, ол

ұлттық   тәрбие   деп   аталынады,   өйткені   ол   белгілі   бір   ұлттың   тәрбиелік

тәжірибесінде   қалыптасып,   сол   ұлттың   өз   тілінде   жүргізіледі   деген   пікір

айтады. Соның негізінде ғалым ағамыз «Ұлттық тәрбие» ғылымының негізін

14


қалап, бірнеше оқу құралдарын жазды. Онда ұлттық әдеп пен ұлттық мінез,

ұлттық ар-намыс пен ұлттық мәдениеттің тәрбиелік мәні кеңінен ашылып,

ұлттық   тәрбиенің   қолданбалы   әдіс-тәсілдері,   ғылыми-теориялық

тұжырымдары   оқу-ағарту   саласына   кейінгі   жылдары   кірген   кредиттік   оқу

жүйесі негізінде түйінделеді.

Қазақ халқының ұлттық мінезі ғасырлар бойы елдің тұрмыс-тіршілігіне,

тарихи жағдайларға байланысты дамып, қалыптасты. Қалыптасып, халықтық

әдепке айналған ұлттық мінезге заман зардабы әсер етпей ме? Әрине, әсері

болар, бірақ ұлт тұрған жерде оның мінезін өзгерту «күші» мүлде қалады.

Жас   ұрпақты   тегіне   тербеп,   олардың   бойына   ұлттық   мінезді   сіңіре

білуіміз   үшін,   мінездің   ұлттық   ерекшеліктерін   жан-жақты   терең   зерлеп,

тәлімдік тәсілдерін қолдана білу қажет болады.

Мінез   –   жеке   тұлғаның   болмысындағы   психологиялық   сезімдік,

ұғымдық, түйсіктік  қасиеті. Ол меланхолик, флегматик, сангвиник, холерик

сияқты темпераменттік қасиеттер арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе

жатқан генотиптік (тектік) адами ерекшелік.

Мінез   болмысқа   (текке),   тұрмысқа,   қоғамдық   құрылысқа,   кәсіпке,

әлеуметтік жағдайларға байланысты ыңғайлануға, бейімделуге, құбылуға сай

болады.

«Ғылымды,   ақылды   сақтайтұғын   мінез   деген   сауыты   болады»   дейді



Абай дана (32-сөзінде). Мінез тұрмысқа байланысты салмақты – күйгелек,

қоғамдық құрылысқа байланысты кішіпейіл – тәккәпар, әлеуметтік жағдайға

байланысты өзімшіл – көпшіл болып қалыптасады.

Мінездің   түрі   көп.   «Адам   санасын   тұрмыс   билейді»,   тұрмысқа

байланысты   менмендік   билеген   адамда   дөрекі   мінез,   қасіретті   адамда

ашуланшақ мінез пайда болады. Біздің тәуелсіз еліміздегі адамның мінезі –

кішіпейіл, көпшіл болуға  тиіс. Көбінесе,  кәсіпке байланысты  жеке бастың

темпераменті   сол   кәсіптің   ерекшелігіне   сай   бейімделеді.   Дегенмен,   тектік

(генотиптік) мінез негізін жоймайды.

Мінездің   жақсы   болып   қалыптасуы   тәрбиеге,   жеке   тұлғаның   ақыл-

санасына   байланысты.   Адам   мінезін   көбінесе   өзін-өзі   тәрбиелеу   арқылы

«түзейді». Кейде темпераменттік ерекшелік «мінез түзеуге» кедергі болады.

Сонда ақыл, сана, ой адамға қуат береді.

15


Мінезді ескерту, түсіндіру, іс-әрекетте көрсету, мадақтау, жазалау арқылы

тәрбиелеуге болады. Мінезді тәрбиелеу арқылы жақсартуға болады. Төменде

біз   ұлттық   мінездердің   тәлімдік   мәнін   ашып,   оны   тәрбиеде   қолдану

тәсілдеріне назар аударамыз.

Ақкөңілділік   мінез   тәлімі.   Адам   баласына   тек   жақсылық   ойлап,   оған

адамгершілікпен жақсылық жасауға бейім, ақжарқын, аялы нұр көрсететін

ұлттық мінезді ақ¬көңілділік мінез дейміз.

Ақкөңілділік мінез өзара сыйласымнан, жайдары жарасымнан, ақниетті

әрекеттерден, жақсылыққа құштарлықтан, жанашырлық әрекеттерден айқын

көрінеді.

Ақкөңіл адам ақниетті әрекеттерімен ақкөңілділік мінез нұрын шашады

да,   өзі   сүйіспеншілікке   бөленеді,   жақсылыққа   құштарлығымен

айналасындағы   адамдарға   адамгершілік   қуат   береді.   «Өзіңді-өзің   жаттай

сыйла, жат өзінен түңілсін» деп, ақкөңілділік мінездің сыйласымдық мәнін

халық жоғары бағалайды.

Халық «ақкөңілдің аты арымайды, тоны тозбайды», «ақылдының көңілі

ақ   болады,   оған   абырой   мен   бақ   қонады»   деп,   бұл   мінезден   үлгі   алуды

уағыздайды.   Ақкөңілді   тұлғаларды   насихаттап,   олардың   өнегесін   жас

ұрпаққа   үйретуді   мақсат   тұтады.   Халықтық   тәлімде   Қожанасырдың

ақкөңілділігі,   Жиреншенің   ақниеттігі   жас   ұрпаққа   үлгі   —   өнеге   ретінде

пайдаланылады.

Қоғамдағы   іштарлық,   менмендік,   тәккәпарлық   мінездер   ақкөңілділік

мінездің шырқын бұзып, шын бойына батқанымен, ақкөңіл адам ол келеңсіз

қасиеттермен үнемі күресуде болып, оларды сабырлылықпен жеңіп отырады.

Ақкөңілділік мінездің асыл қасиеттерін ашып көрсетіп, ұрпаққа үлгі-өнеге

етіп, оны дәлелдеу, сезіндіру тәсілдерімен ұрпақтың бойына сіңіреміз.

Әдептілік мінез тәлімі. Әдептілікті, кісілікті, әдеппен сөйлеуді, әдеппен

қимылдауды, имандылықты, ұлттық әдеп нышандарын көрсететін бұл ұлттық

мінез жеке тұлғаның беделін арттырып, бейнесін бедерлейді.

«Әдептілік   —   әдемілік»   деп   халық   әдептілікті   уағыздайды.   Баланың

әдептілік мінезін қалыптастыру үшін халық оның тілі шыға бастағаннан-ақ

«жаман» мен «жақсыны» ажырата көрсетіп, мінезіндегі әдептілікті үйретеді.

16


Әдептілік   мінез   әдепті   іс-қимылда,   бет   қимылдан   да   айқын   көрінеді.

Үлкен-кіші   алдындағы   ізетті   қимыл-әрекет   жеке   тұлғаның   әдепті¬лігін

көрсетеді.

Ұлттық әдеп – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптастырған ұлттық

құндылығы.   Сондықтан   біз   қазақ   халқын   (жалпы   алғанда)   әдепті   халық

дейміз. Әдептілік мінездің үлгілерін әсерлеп көрсетіп, ұрпақты әдептілікке

баулимыз.

Байсалдылық   мінез   тәлімі.   Асықпауды,   аңғарымпаздықты,   ақылға

сенуді, сабырлы әрекетті, түбін ойлауды көрсететін бұл ұлттық мінез жеке

тұлғаның беделін биіктетеді.

«Байсалды болса мінезің, бақыттысың сен өзің» деп, халық байсалды

мінезді   жоғары   бағалайды.   Асықпай   сөйлеу,   абайлап   қимылдау,   жылы

шыраймен «салмақтылық» көрсету арқылы жеке тұлға өзінің байсалдылығын

(ақылдылығын) көрсетеді. Сезімтал жастар мұндай мінезден үлгі алады.

Байсалды мінез аңғарымпаздықты көрсетеді. Байсалды мінезді тұлға әр

нәрсенің   «байыбына   барып»   сөйлейді,   байыпты   іс-әрекет   жасайды.

Айналасының   көңіліне   көркемдік   құятын   байсалдылықты   жұрт   сүйсіне

қабылдап, үлгі тұтады.

Бауырмашылдық   мінез   тәлімі.   Жеке   тұлғаның   мейірімділігінен,

қайырымдылығынан,  қамқорлығынан,  сүйіспеншілігінен,  ынтымақтығынан,

ұлттық мақтанышынан пайда болатын бұл мінез оның адами асыл қасиетін

көрсетіп, беделін арттырады.

Отбасындағы   әрбір   тұлға   бір-біріне   мейірімді   болуға   тиіс.

Ағайындардың  бір-біріне  көрсеткен   мейір-шапағаты  олардың  адамгершілік

абыройын арттырады. Мейірімді жандар жанұяға жарқын нұрын төгіп, бейіл-

берекені   арттырады.   Ағаның   ініге,   қарындасқа   деген,   әпкенің   ініге   деген,

сіңліге   деген   мейірімділігі   күннің   шуағындай   әсер   етіп,   татулық   татымын

арттырып, бақыт бағына ендіреді.

Бауырмашыл адам қайырымды болады. Ол жақын адамдарға әрқашан

көмек көрсетіп, қиындығын бөлісіп, шаттығын бірге көреді. Үлкеннің кішіге

деген қайырымдылығы кішінің мейіршапағатын арттырады.

17


Зиялылық   мінез   тәлімі.   Әдептілікті,   біліктілікті,   қайырымдылықты,

ұлтжандықты,   ұлағаттықты,   мәдениеттілікті   білдіретін   бұл   ұлттық   мінез

көбінесе зиялы қауымда болады.

Ұлттық тілде сөйлеген сөзі де, іс-қимылы да, жүріс-тұрысы да, қарым-

қатынасы   да   әдептілікті   көрсетеді.   Зиялы   адамдар   ұлттық   әдепті   бойына

сіңірген «әдепті адамдар».

Зиялылық біліктіліктен пайда болады. Ол білгенін басқаларға үйретуден

жалықпайды. «Білген адам білдім демес, білдім десе білгені емес» деп, халық

зиялы   қауымның   үнемі   білгенін   дамытып   отыратын,   үлгі-өнегесін

уағыздайды.

Зиялы   тұлға   қайырымды,   мейірімді   болады.   Ол   басқаларға   барынша

жақсылық жасауға тырысады. «Басшы болса зиялы, елге нұрын құяды» деп,

халық зиялы тұлғаның мәртебесін уағыздайды.

Ұлттық   мінез   адамдардың   тарихи   қалыптасқан   бірлестігі   мен   ірі

топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен

әлеуметтік   жағдайының   тұтастығы   арқылы   танылады.   Әрбір   халық   пен

ұлттың, этностық өзіндік мінез–құлықтарының ерекшеліктері болатындығы–

тарихи шындық  және объектив фактор.  Қазақ  халқының түркі тектес  өзге

халықтардан ерекшеленіп тұратын өзіндік сипат–қасиеттері бар. 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал