К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы



жүктеу 2.02 Mb.

бет9/24
Дата08.01.2017
өлшемі2.02 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

қыран  қабағы  сұс  беріп  тұрғандай.  Ғасыр  басында 
Бішкекте  ұлы  жиын  өтіп,  соңы  палуан  күресіне,  ат 
бәйгесіне  ұласқан.  Қытайлар  өздерінің  өгіз  палуанын 
әкеліпті.  Әлгі  палуанның  үстін  жабулап,  басын  ноқталап, 
төрт тағандатып,  айналасына  топырақты  уыстап  шаштыр- 
ып,  өкіртіп-бақыртып,  ортаға  алып  шығыпты.  (Ертеде 
палуандардың  айбарын  асыру  үшін,  әрқайсысын  дене 
бітіміне  қарай  түйе,  өгіз,  қошқар  палуан  атандырып, 
үстін  соған  сай  жабулап,  ноқталап,  ортаға  жетелеп  алып 
шығатын  дәстүр  болған.)  Мына  психологиялық  шабуылға 
шыдамаған  қырғыздың  небір  апайтөс  алыптары  халық 
қолқалағанмен,  жүректері  дауаламай,  топқа  түспей,  сырт 
айналып  қашыпты.  Бұрын-соңды  мұндайды  көрмеген  ел 
аң-таң  болып,  абдырап,  не  істерін  білмей,  сасады.  Бас 
жүлдені  алыстан  келген  әлдекімге  байлап  жіберу  -   елге 
сын. 
Әр 
рудың 
аты 
аталып, 
қайта-қайта 
ұран 
шақырылады. 

г 
!
Осы  кезде  ортаға  жардай  боп  Қожамқұл  алып  шықты 
дейді.  Үстіндегі  жабуы  мен  басындағы  ноқтасын  сыпырып 
тастаған  қытайдың  өгіз  палуаны  да  өкіріп,  тіке  ұмтылыпты. 
Айласы  басым  қарсыласына  бой  бермей,  арпалысқан 
Қожамқұл  сүт  пісірім  уақыттан  кейін  әлгіні  "ап"  деп 
ақырып  қалып,  тас  төбесіне  көтеріп  алған.  Демдерін  ішке 
бүгіп,  тырп  етпей  тұрған  қырғыздар  да  "уа,  аруақ"  десіп, 
шуласып 
қоя 
беріпті. 
Айғайға 
арқаланған 
Қожекең 
қарсыласын  айналдыра үйіріп өкеліп,  жерге  бір-ақ соққан...
Көзі  тірісінде  жауырыны  жерге  тимеген  палуанның 
даңқы  осы  белдесуден  соң-ақ,  күллі  елге  тегіс  мәлім 
болған.  Палуандарды  замандастары  мен  кейінгі  ұрпақ 
қашанда  мифологияға  бөлеп,  дөріптеп  отырған.
Қажымүқан  мен  Қожамқұлдың  кездескені  жайлы  көне- 
көз  қариялар  қызықты  баяндайды.  Циркте  өнер  көрсетіп, 
бетіне  жан  қаратпай  жүрген  Қажымүқан  бір  сапарында 
Бішкектің  мал  базарына  соқса  керек.  Ойдан-қырдан  жи- 
налған  ел-жұрт  палуанды  орталарына  алып,  жібермей, 
серіппедей  шиыршық  атып  тұрған  бұлшық  еттерін  тама- 
шалап,  оңаша  үй  тігіп,  бие  сойып,  қымыз  сапырыпты.  Аф- 
рикада  қара  зәңгімен  белдесіп  жыққанын,  жапон  палуаны

Сар-Ки-Киді  қалай  жеңгенін  тындап,  айыздары  қанып, 
желпінген 
топ 
тыныш 
тұра 
ма, 
К,ажымүқанды 
Қожамқұлмен  күрестіріп,  қызыққа  батайық  деседі.  Орта- 
ларынан  шығарып,  үш  тоғыз  жүлде  де  тігеді.  Ат  шапты- 
рып,  аулынан  алдырылған  Қожамқұл  алдымен  аға  палуанға 
барып,  ізетпен  көріседі.
Тамашаға  жиналған  көпшілік  екі  жаққа  бөлініп, 
бұрын-соңды  көз  көрмеген  үлкен  күрестен  дәмелі 
көңілмен  қызыл өңеш  боп  жатады.
-   Қажеке,  -   дейді  осы  кезде  қырғыз  палуаны.  -   Бір 
бастың  екі  көзіндей  бауырлас  егіз  елдің  азаматымыз.  Сіз
-   аға,  мен  -   інімін.  Біріміз  жығып,  мақталып,  екіншіміз 
жығылып,  тапталып  жатқанымыз  жараспас.  Әрі  бізге 
меймансыз.  Беліңізге  жармассам,  аруақ  кешірмес.  Жүлде 
сіздікі  болсын!
Осыны  айтып,  Қожамқұл  ұстаспай-ақ,  кісілікпен  жо- 
лын  берген  екен.
-   Қайтер  екен  деп,  сын  көзіммен  қарап  түр  едім. 
Көрген-түйгенің  көп,  қырғыз  елінің  абыройына  туған  ұл 
екенсің.  Жұлдызың  жансын!  -   деп,  Қажекең  інісін 
құшақтап,  бетінен  сүйіпті.  Жүлдеге  алған  үш  тоғызын 
сол маңдағы жетім-жесірге  түгелдей таратып  беріпті.
Шаханов.  Мәселен,  Қажымұқан  мен  Қожамқұлды 
қазіргі  әлемді  шулатып  жүрген  спорт  жұлдыздарының 
көпшілігімен  қатар  қоюға  бола  ма?  Бұлар  -  тек  алып  күш 
иесі  ғана  емес,  сонымен  қатар  зор  адамдық  парасат  ие- 
лері.  Туған  топыраққа  тамырын  терең  жіберген,  ха- 
лықтың  салт-дәстүрін,  ибасын,  рухани  қазынасын  бойы- 
на  жинаған  бірегей  тұлғалар.  Осы  қымбат  қасиеттердің 
арқасында олар қалың елдің сүйіспеншілігіне бөленді.
Айтматов.  Иө,  жер  шары  атақтыларға  кенде  емес. 
Олардың  денін  спорт  және  эстрада  тарландары  құрайды. 
Доп  теуіп,  ұлы  атанғандарға,  бокс  пен  күрестің  төселген 
шеберіне  немесе  сахна  сөні  аталған  әншілерге  теңеу  таба 
алмай,  қиналып  жатамыз.  Кейде  олардың  сайыс  алаңына, 
не  сахнаға  жалт  етіп  бір  шығуының  өзі  миллиондаған  дол- 
ларға  бағаланып  жатады.  Мүмкін,  бұл  уақыттың,  дәуірдің 
үрдісі  шығар.  Бірақ  елдің  қолпашына  семіріп,  жердің 
тіреуішіне  айналғандай  боп  өрекпіген,  атағы  жер  жарған 
осындай  жұлдыздардың  кейбірімен  әңгімелесе  қалсаң, 
рухани  саяздығына  қайран  қалып,  жағаңды  ұстайсың. 
Шіркін,  адамның  жан  байлығы,  ақыл-парасаты  қай  кезде 
модаға  айналар  екен?
Шаханов.  Адам  адам  боп  жаралғалы,  бұл  проблема 
күн  төртібінен  түскен  емес.  Шіке,  Мұхтар  Әуезовке
4-235

байланысты  әңгіме  шерткенімізде,  Ыстықкелдік  Балтірік
палуанның есімі аталған... 

_____
Айтматов  Бөлтірік  па\уанды  Мүхаңның  қазасында
көргенмш  Төртпақ  келген  мығым,  көзі  маздап  жанып 
түрған  шыр«йлы  адам  еді  Оның  қалайша  "Абайдың  ба­
лле ы"  атанғанын  түсінбедім
Шаханов  1916  жылғы 
июнь  жарлығына 
іаініп
,  май­
дан ға  кара  жұмысқа  кеткен 
палуан 
Ресейдің 
алуан 
дүрбелеңіне  араласып,  ақыры 
тағдырдың  айдауымен 
Се­
мей  топырағына  өкше  типзеді
Палуанньщ 
атағына 
сырттай 
қаныққан 
Абай 
ұрпақтары  арнайы  іздеп  келіп
-  
Заман  тынышталған  соң  сағынған  Ыстықкөліңе 
ораларсын  Әзірге  Жңдебайды  мекен  «т,  -   десіп,  палуан- 
ды  ата 
қоныстарына  *лыа  барын,  үстіне  үй  кетеріп,  ал- 
дына 
мал  салған  Бауырлас  елдің  сый-сиянатын  көрген 
ш у м   да 
Абай  ауылының  телқоныр  бір  баласына 
айна 
чыпты  Сол 
жердің  Фатима  есімді  қыэына  үйленіп,  отау 
көтерген 
Мүхаң 
Ленинградта 
аспирантурам 
оқып 
жүріп, 
рлге  п л гм і  бір  сапарында  Бөлтірікпен  етене  т« 
ны-  к.ан 
Абайдың  баласы”  деген  атты  Балтірікке  Мүхаң 
беріпті 
деседі  жұрт 
Сол 
таныстық  ақыры  достыққа 
уласып, 
Белтіріктер  Ыстықквлге  қоныс  аударғаннаи 
к.ейін 
де  аралары  суымапты
Айтматов  Мүхаң  қапияда  қаза  тапқанда,  меи  Алма- 
тыга 
үшып 
келгрнмш 
фрумзеден 
Аалы 
Тоқомбаей, 
Сүйдабай 
Эралиев 
бастаған  делегация 
жетті. 
Сонда
Мүхаңньгн  табытынмң  бір  шетін  —терп и  Бөліірік  палуан­
ньщ  ею  иыгы  бүлкілдеп,  үнсіз  жылап  бара  жатқаны  күнІ 
бүпигідей  кт   алдымда  Ка ир ол да бүл дүниелік емес...
Шаханов  Шіке.  дарқан  қырғы »  еліне  бірінші  рет 
м^нің  ықласымды  курт  бүрган  Сидін  жай  отындай  жарқ 
еткен,  п к ш п   үқі амайтыи  тосын  ш ы ғармаш ылық  м и - 
ріңіз  болга,  еиншіден,  ау »ым  ашс л,  * ү р * іі  корінетіндей 
ашык-адач  м яиііш и   баураган,  кырғьпдмң  ұлы  Манагы- 
на.  айшықты  әсем  табиғатына,  і д ш   к д ш   тарихына 
мүлде  өзгеше  қуштарлыіугсен,  м т м   жақындықігрн 
қарауыма  тікелей  *г«р еткен  Жолон  Мамытов  еді,
Алғаш  рет  жас  жаэушылардың  М»скеудө  дткен 
кеңесінде  танысқанбыэ 
Пейілі  даладай  кең,  коңілі 
құлаған  адамға  өрдайыч  қон  етін  кегіп  беруге  взір 
түратын  қырғыздың  осы  бір  жайсаң,  дара  ақынымпн 
қашан  акты к,  демі  узідгеише,  дос  болдым  Сірө 
р
 нді гі 
калға и  ғүмырымда  ондай  дос  қайдан  табылсын.  Өр  ж о - 
шгыгүымыі
  өэінше  бір  кішігірім  мереке  болатыи.

1969  жылы  Жолон  екеуміз  Мөскеудегі  М.Горький  атын- 
дағы  халықаралық  жоғары  әдебиет  курсына  бірге  барамыз 
деп  уәде  байластық.  Ол  тұста  еліміздің  небір  марқасқа 
қалам  қайраткерлері  (ішінде  өзіңіз  де  барсыз)  дөріс  алған 
бұл  оқу  орнына  әр  республикаға  арнап  бір-бірден  ғана 
орын  берілетін.  Жолон  Қырғызстан  атынан  кедергісіз  етіп, 
Мәскеуде  жүрді.  Екі-үш  күн  сайын  телефон  шалыі;:  "Неге 
кешігіп  жатырсың,  тез  жет",  —  деп  асықтырады.  Ал  мен 
болсам,  еріксіз  тұсалып  тұрдым.  Себебі  сол  кездегі 
Қазақстан  Жазушылар  одағы  басшыларының  бірі  менің 
орныма  өлеңіне  көркі  сай  әдемі  ақын  келіншекті  өткізгісі 
кеп, 
орта 
жолдан 
килікп. 
Ол 
кезде 
Шымкентте 
тұратынмын.  Курсқа менің баратыным тіпті  бір  жыл бұрын 
Қазақстан  Жазушылар  одағының  хатшылар  алқасында 
келісілген.  Жүмысымнан  босанып,  артынып,  арқаланьш 
келіп,  Мәскеуге  аттанар  күнді тосып,  Алматыда жатқанмын. 
Ойламаған  жерден  тап  болған  әділетсіздікке  қатты  ызалан- 
дым.  Әйтпесе  қыз  балаға  жол  ұсынбау  -   салтымызға  жат. 
Сонымен  орын  біреу,  талапкер  екеу,  талас  басталды  да 
кетгі.
Талай  жас  ақындардың  өкіл  әкесіндей  болған,  қазақ 
поэзиясының  көзі  тірі  классиктерінің  бірі  Әбділда 
Тәжібаев  пен  "Жазушы"  баспасының  директоры,  өйгілі 
қаламгер  Ілияс  Есенберлин  болса  менің  кандидатурамды 
қолдап,  Мәскеуге,  КСРО  Жазушылар  одағының  басшы- 
ларына телефон  соғып,  хат жазып,  көп өрекет жасады.
Ақыры  екі  жақтың  күші  тең  түсті  ғой  деймін,  сендер 
келесі  кезек  тигенше,  таласа  тұрыңдар  дегендей,  КСРО 
Жазушылар  одағы  Қазақстанға  деген  орынды  жұлып 
алып,  Монғол Халық  Республикасына  бере  салды.
Болған  жайды  досыма  телефон  соғып  айттым.  Менің 
бұйырып  тұрған  орыннан  айырылып  қалғанымды  естіген 
кезде,  Жолон жылап жібере  жаздады.
Содан  ол  екінші  курсты  бітірер  жылы  ғана  Мөскеуге 
баруға  жолым  түсті.  Жатақханасынан  іздеп  таба  алмай, 
хат тастап  кеткенмін.
Түн  ішінде  "Россия"  қонақүйіндегі  бөлмемнің  есігі 
қағылды.  Ашсам  -   Жолон.  Қасындағы  қияқ  мұртты, 
әдеміше  келген  қара  торы  жігіттің  Сүйменқұл  Чокморов 
екенін  бірден  аңғардым.  Құшағымыз  жазылмаған  қалпы 
бөлмеге  ендік.
"...Элестелип  дүниеге  бүт  таркады,
Қырғыз  өңү Чокморовдун  өңүндөй",  -
деп,  Жолон  Сүйменқұлды  өлеңмен  таныстырып  жатты.

А льтп 
қонақүйдің  маған  көрші  бөлмесінде  Ілияс  Есен- 
берлин  орналасқан-ды.  Қьфғыздьщ  қос  перзенті  келіп 
отырғанын  айтып  ем,  Ілекең  жатқан  жерінен  көтеріліп, 
мезгіл  кешкіріп  қалса  да,  ортамызды  толтырды.  Ол  жылда- 
ры  "Алмас  қылыш",  "Қаһар",  "Жанталас"  атты  тарихи  үш 
кітаптан  тұратын  "Көшпелілвр"  трилогиясының  кдзак,  то- 
пырағьшда  халық  махаббатына  қапысыз  беленіп  тұрған 
шағы.  Орта  бойлы,  биязы  жүзді,  ақселеу  шаппы,  жүрек 
қылы дөп басылмаса,  кім көрінгенге  ашыла бермейтін үлкен 
жазушы  сол  кеште  еркін  шалқып,  тарихтың  біз  білмейтін 
небір  қатпарын  шежіредей  ағьгпы.  Жолон  екеуміз  біріміз 
қырғызша,  екіншіміз  қазақша  алма-кезек  жыр  оқыдық. 
Сүйменқұл  болса  жуырда  жас  кинорежиссер  Болот  Шам­
шиев  түсірген  "Ыстықкөл  қызғалдақтары"  атты  фильмде 
Қарабалтаның рөлін ойнағанын әңгімелеп отырды да:
-   Өмірзақ  Айтбаев  деген  қазақ  ғалымын  білуші  ме
е ң ? -д е п   сүрады.
-   Білгенде  қандай! 
Көркіне  түлғасы  сай, 
әнді 
бұрынғының  сал-серілеріндей  салатын  өнерлі  адам.  Өзін 
аға  ретінде  ғана  емес,  азамат  ретінде  де  ерекше 
қадірлеймін,  -   деп  шүбырта  жөнеліп  ем,  Сүйменқұл 
қуанып,  шырайланып  сала  берді.
-   Ендеше  сол  Өмірзақ  ағаңнан  мен  Біржан  салдың 
"Теміртас" 
атгы 
өнін 
үйрендім. 
Жаңағы 
айтқан 
"Ыстықкөл  қызғалдақтары"  деген  фильмде  Қарабалта 
осы  өнді  домбырамен  орындайды.  Өмекеңнің  даусы 
менің  даусыма  қарағанда  ашық  әрі  сазды  болғандықтан, 
фильмге  оның  үнін  жаздырдық.  Мен  жай  ерінімді 
қимылдатып  тұрдым.  Фильм  шығару  өнерінің  кейде 
осындай  қулықтары да  болады,  -  деп  әзілдеді  ол.
Теміртас,  Асыл,  Ақық  -  қаракдіарым,
Шешсеңші  -  білегіме  арқан  батты  — ой-ой, —
деп,  Сүйменқұл  өнді  әуелете  шырқағанда,  қоңыр  даусы 
қонақүйдің тар  бөлмесіне  сыймай жатты.
Әңгіме 
бірте-бірте 
жылжып, 
Мүхтар 
Әуезовке
ойысқанда,  Сүйменқұл:
-   Осы  ұлы  адамның  қырғыз  еліне  жасаған  азамат- 
тығын  ешбір  алтынның  салмағымен  өлшеуге  болмас  еді. 
Қазіргі  заман  мынау...  Ауылдан  тауыққа  күрке  салу  үшін 
де  Мөскеуден  рұқсат  аламыз.  Бірақ  түптің  түбінде 
қырғыздар  Мұхтар  Әуезовке  ескерткіш  орнатуы  тиіс!  -  
деді  құшырланып.

— Мен өз  отбасымда Әуезовке  арнап  ескерткіш  қойып 
үлгердім,  — деді  Жолон  қуланып.
— Қалай?
— Қызымды  Мұхтар  Әуезов  зор  шабытпен  суреттеген 
Абайдың сүйікті  жары Әйгерімнің  есімімен  атадым.
— Бәрекелде,  бір  үлкен  тостың  реті  енді  келді,-  деп,
Ілияс  аға  орнынан  түрды.  —  Ендеше  Өйгерім  әженің
бойындағы  кезінде  ұлы  Абайды  тәнті  еткен  асыл
қасиеттер  бүгінгі  жас  нәресте  Әйгерімнің  тағдырынан 
көрініс  тапсын!
—  Рақмет, 
аға. 
Сіз  де 
қазақтың  дара  туған 
аруақты  перзентісіз,  айтқаныңыз  келсін!  -  деді  Жолон 
толқып.
Осындай  жарасымды  ағайындық  әңгіме-ойлардың 
жетегінде  отырып,  жаздың  қысқа  таңының  құлан  иек- 
теніп  қалғанын  байқамаппыз.
Айтматов.  Иә,  Ж.олон  да,  Сүйменқүл  да  бірі  пара- 
сатты  поэзиясымен,  екіншісі  үлкен  суретшілігі,  актер- 
лігімен  қырғыз  мәдениетінің  бүралаң,  қия  жолдарында  өз 
сокдіағын  қалдырып  кетті.
Сүйменқұл  1968  жылы  Мұхтар  Әуезовтің  шығармасы 
бойынша  режиссер  Болот  Шамшиев  қойған  "Қараш 
асуындағы  атыс"  фильміне  түсіп,  Бақтығұлдың  рөлін 
орындап  жүргенде  екі  бүйрегіне  қатар  суық  тигізген 
екен.  Батпандап  кірген  дертті  елегісі  келмей,  кинодан 
босаған  сөпнде,  полотносын  керіп  тастап,  тау  бөктерлеп, 
Ыстықкөл  жағалап,  тұмса  табиғаттың  қойнауына  еніп, 
небір  көз  жауын  алатын  суреттер  галереясын  жасамады
ма ?  кино  түсіру алаңына да  жиі  ат  оинатып,  Жәмилада" 
Даниярдың, 
"Көксеректе" 
Ақанқұлдың, 
"Ыстықкөл 
қызғалдақтарында"  Қарабалтаның,  "Мен  -   Тянь-Шаньда" 
Байтемірдің,  "Дерсу  Узалада"  Чжан-баоның  образдарын 
есте  қаларлықтай  етіп  сомдағаны  әлі  күнге  дейін 
бәріміздің  көз  алдымызда.
Шаханов. 
Естуімше, 
қырсық  шалған  бір  оқиға 
Сүйменқүлдың  денсаулығын  күрт  нашарлатып  жіберіпті. 
Режиссер  А   Видугирис  түсірген  "Тек  қана  ер-азаматтар" 
фильмінде 
Қасым 
рөлін 
орындап 
жүргенде 
Сүйменқұлдың  аяғы  тайып  кетіп,  таудың  үшкір  тасының 
үстше  құлайды.  Әншейінде  мұндай  құлап,  түрудың  еш- 
біріне  дес  бермей  келе  жатқан  актер  бұл  жолы  жатқан 
орнынан 
қозғала 
алмай 
қалады. 
К,ұлаған 
кезде 
Сүйменқұлдың  онсыз  да  ауру бүйрегінің  бір  қан  тамыры 
жарылып  кеткен  екен.  К,олма-қол  жолдастары  тік  ұшақ 
шақырып,  Фрунзеге  жөнелтеді.

Ал  Сүйменқұл  ауруханадан  шығысымен,  аяғы  таиған 
биік  жартасты  қайтадан  бағындырып,  фильмнің  соңына
дейін  шабытпен  ойнап  шығады.
Айтматов.  "Қүдай  да  қиындықты  көтервтін  кісіге
береді"  дөп  жатады.  Бірақ  Чокморовтың  бұл  пәниде 
тартқан  азабын  айтудың  өзіне  үлкен  төзім  қажет.  1982 
жылдан  бастап  ақырғы  он  жыл  ішінде,  яғни  көзі 
жұмылғанға  дөйін  өлу  алты  опөрацияны  бастан  өткізуге 
қаншама  қажыр-қайрат,  ерлік  керек десеңші!
Шаханов.  Сүйменқүл  қатты  сырқаттанып,  Мәскөуде 
ауруханада  жатқанда,  Сізді  көңілін  сұрай  жиі  барып 
түрды,  кезінде  ділгір  бір  аппаратты  табуға  үлкен  көмек
жасады  деп  есіткем...
Айтматов.  Елден  ерекше  ештеңе  істей  қойғаным
жоқ.  Ұмытпасам,  1982  жылдың  көктемі  болар,  Мариям
жеңгең  екеуміз  Сүйменқұл  жатқан  ауруханаға  бардық.
Өмір  мен  өнерге  деген  қапысыз  құштарлығы  көзінде
лапылдап  тұрғанмен,  жағы  суалып,  жүдеп  қалыпты.
— 
Алғашында  жасанды  бүйрек  қоймақшы  еді.  Бірақ 
мен  тәуекел  еткеніммен,  дәрігерлер  тәуекелге  бара  алма-
ды.  Шетелде  бір  қымбат  аппарат  шығыпты  дейді.  Егер  ол 
қолға  түссе,  өмірімді  тағы  бес-алты  жылға  ұзартуға 
мүмкіндік  туатын  көрінеді,  -  деді  Сүйменқұл  әңгіме  ара- 
сында.  -   Әлгі  аппаратты  сатып  алатын  қыруар  қаржыны 
табу  тіпті  мүмкін  емес.  Не  де  болса  осы  жасаған
ғүмырымызға  қанағат  етеміз  де...
Жүрегім  дір  ете  қалды.  К,атал  тағдырына  ерлікпен
мойынсұнған 
адамның 
сезі. 
Ж әне 
мұнысын 
әзіл-
қалжыңға  орап,  елеусіз  түрде  жеткізді.  "Қол  ұшын  бере
аласыз  ба?"  деген  өтініш  тілектің лебі  де  сезілген  жоқ.
Келесі  күні  мен  осы  мәселемен  Ескі  Алаңдағы  Орта-
лық  Комитеке  бардым,  сол  тұста  Қырғыз  КСР  Министр-
лер  Кеңесінің  Төрағасы  боп  істейтін  Апас  Жұмағұловқа
телефон  соқтым.  Кейіннен  бұл  іске  Қырғызстан  Компар-
тиясы  Орталық  Комитетінің  бірінші  хатшысы  Тұрдақұн
Үсібәлиев  те 
араласты. 
Қойшы, 
әйтеуір, 
үшеулеп,
бұлардан  басқа  да  бірнеше  басшыны  іске  қосып  жүріп,
бүйрекке  ем  қолданатын  шведтер  жасап  шығарған,  ол
кезде  бізде  жоқ  бірегей  аппаратты  үкімет  есебінен  3
миллион  сом  ақша  аудартып,  Қырғызстанға  алдырттық.
Шаханов.  Сол  аппараттың  тек  Сүйменқұлға  ғана
емес,  аса  қатерлі  бүйрек  ауруына  шалдыққан  жүзге
тарта  адамның  өмірін  бірнеше  жыл  ұзартуға  септігі
тиіпті...

Сүйменқұлдың  туған  ағасы  Намырбек  Чокморов 
ақсақалға  мен  ерекше  құрметпен  қараймын.  Туысқан 
кімде  жоқ дейсіз...  Сүйменқұл  ауыр  дертпен  арпалысқан 
ұзақ  жылдар  ішінде  Мәскеу  мен  Бішкектің  арасын 
жол  қылып,  ауруханада  жатқан  інісінің  қасында  апталап, 
айлап 
болып, 
қас-қабағына 
қарауы 
—  көз-көлгөн 
туысқанның  қолынан  келе  бермейтін  азаматтық қасиет.
Сүйменқұл  соңғы  он  жыл  бойына  әрбір  жарты  тәулік 
сайын  тамырға  тігіп  қоятын  "Фристул"  деген  аппарат 
арқылы  қанын  тазалатып  тұрған.  Мұндай  кеселге  тап 
болған  адам,  егер  үш-төрт  күн  қатарынан  әлгі  аппарат- 
тын  көмегіне  сүйенбесе,  өліп  кетуі  мүмкін  екен.  "Инені 
шанши-шанши  қол-аяғында,  мойны  мен  басында  бір  сау 
тамыр  қалмады",  — дейді  ағасы.  Бұл  азапқа  әлгінде  өзіңіз 
айтқан  соңғы  он  жыл  көлемінде  жасалған  56  операцияны 
қосыңыз.  Сөйтіп  жүріп  киноға  түсуін,  сурет  салуын 
тоқтатпаған.  Өз  басым  қазақ,  қырғыз  топырағында  бұған 
тең  келер  өнерге деген  құштарлықты  атай  алмаймын.
• 
Мәскеудегі  Бүйрек  ауруларын  емдеу  орталығының 
бас  дәрігері,  атақты  профессор  Алексей  Белорусовтың 
Сүйменқұл  туралы:  "Менің  алдымнан  қанша  мыңдаған 
•аурулар  өтті.  Бірақ  Сүйменқұл  Чокморовтай  ерік  күші 
таңқаларлықтай  мықты,  әр  ауыр  операцияның  өзін  шы- 
бын  шаққан  құрлы  көрмей  қабылдай  білетін  адамды  көр- 
ген  емеспін",  —  деуінде  Сүйменқұлдың  өзгеше  табиғи 
тағдыры  көрініс  беріп  тұрған  жоқ  па?  Кино  өнерінде 
оның  кілең  қайсар,  өжет  мінезДердің  галереясын  жа- 
сауын тегін дей  аламыз  ба?
Енді 
мына 
бір 
оқиғаға 
назар 
аударыңыз. 
Сүйменқұлдың  ерекше  жомарт,  қолы  ашық  адам  болта­
ный  жақсы  білесіз.  Жоғарыда  айтқан  қан  тазалайтын 

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал