К ұ з б а с ы н д а ғ ы а ң ш ы н ы ң з а р ы



жүктеу 2.02 Mb.

бет17/24
Дата08.01.2017
өлшемі2.02 Mb.
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24

қасқыр 
асырап,  өсірген  оқиғалар  көптеген  елдердің
аңыз-әңгімелерінде,  тіпті  күнделікті  өмірде  де  кездесіп 
қалып  жатпай  ма?  Соның  бірі  —
  сегіз  емшекті  қаншық 
қасқыр  бауырында  бағып,  ер  жеткізген  кәдімгі  Ромул
мен Рем.
Ежелгі  Троя  күлге  айналып,  қирағанда,  тарихтан 
мәлім,  кейбір  қала  қорғаушылары  құтылып  шығады. 
Қашқындар  кемеге  мінген  еді.  Энейдің  басшылығының 
арқасында  ұзақ  сапар  кешіп,  Италияға  жетеді.  Араға 
ондаған  жылдар  түсіп,  таққа  Энейдің  ұрпағы  —  пейілі 
кең,  жаны  жайсаң  жігіт  Нумитор  отырады.  Ал  мұның 
кенже  інісі Амулий  болса — ішіне  шынашақ  айналмайтын 
қызғаншақ  әрі  күншіл.  Есіл-дерті  таққа  ауып,  билікке 
құмартқан  ол  ақыры  туған  ағасын  мерт  етіп  тынған.  . 
Мақсатына  жетісімен,  Нумитордың  күллі  тұқым-түяғын 
өлтіруге  әмір  етеді.  Сонда  Ромул  мен  Ремнің  қанын  мой- 
нына  жүктеуге  қорыққан  бақташы  бейкүнә  екі  сәбиді 
асырап  алып,  қаншық  қасқырға  емізіп  баққан.  Екі  жет- 
кіншек ер  жетіп,  түбі  ел  билігін  өз  қолдарына  алады.  Рим

қаласының  негізін  қалаған  да  осылар  деп,  итальяндықтар
әлі  кунге дейін  аңыз өрбітеді.
Шаханов.
  Дұрыс  айтасыз,  дүние  жүзінің  біраз  ел- 
дерінің  ертегілері  мен  аңыз,  өпсаналарының,  макдл- 
мәтелдерінің  соншама  үқсастығы  арнайы  әңгімелеуді
қажет еткендей.
Рим  дегеннен  шығады,  әлемнің  ерте  дүние,  орта  ға-
сырлар  тарихын  сүзіп  шықсаңыз,  ең  көп  жазылғаны, 
әрбір  оқиғаға  жан-жақты  баға  берілгені  —  осы  аталған 
империяның  жылнама  шежіресі.  Қаламын  сиясауытқа 
ерте 
малған 
жұрттың 
бұл  құнттылығы 
—  қуана 
құптарлық  жайт.  Бірақ  өзекті  өртер  бір  өкініш  кейбір 
сыңаржақ,  тайыз  тарихшылардың  әділетсіздігінен  туып 
жатады.  Кейбір  оқулық беттеріндегі:
"Варварское  завоевание  Римской  империи  в  V  веке 
способствовало  упадку  античной  культуры"  деп  бастала- 
тын  сөйлемді  көргенде,  мүны  жазған  ғалымның  пайымы-
на еріксіз  таңғаласың.
Тарихты  қарап  отырсаңыз,  біздің  дәуіріміздің  V  ғасы- 
рына  дейін  римдіктер  күллі  Батыс  Еуропаны  жаулап, 
аяусыз  езгісінде  ұстап  еді  ғой.  Әлде  бұл  шапқыншылық 
жабайылықтың  көрінісі  емес  пе?  Екі  алып  құрлықтың 
халқына  бір  қарғыбау  таққанда  үтқанымыз  қайсы, 
шыққан  ұшпағымыз  кәне?
Айтматов.
  Жалпы,  қай  дәуірде  болмасын,  билік  ба- 
сындағылардың  қырғи  қабақ  келіспеушілігінің  қиянат, 
жапасы  қарапайым  халыққа  тиіп  отырған.  Әйтпесе 
қарапайым диқан  немесе  бақташы,  қойшының  өзге  елдің 
байлығына өндіршек созып  несі бар?
Егерде  ежелгі  заман  тарихшылары  ұлттарды  жабайы- 
лар,  варварлар  деп  атаса,  бәлкім,  олар  мұны  агрессияны 
ақтау  үшін,  солай  еткен  болар,  әйтпесе  жаулап  алушы- 
ларды,  яғни  өздерін-өздері  -   айналасындағылардың 
бәрін,  агрессияға  ұшыраған  халықтар  үшін  қымбат  та 
жақын, 
олардың 
өмірлерінің 
өзегін 
құрайтын 
нәрселердің  бәрін  талқандап,  жойып  жіберушілерді 
қалай  ақтамақ.  Есіме  біздің дәуірімізге  дейін  өмір  сүрген 
римдік  ұлы  ақын  Публий  Овидийдің  мына  бір  естелігі 
түсіп  отыр.  "Вокруг  меня  живут  воинственные  сарматы. 
Летом  нас  защищают  от  них  прозрачные  воды  Дуная.  Но 
когда  наступает  зима  и  реки  покрывает льдом,  сарматы  про­
изводят  набеги.  На  быстрых  своих  лошадях  они  увозят  из 
римских поселений имущество,  скот и  захваченных пленных. 
Даже  по улицам  города  нередко  пролетают сарматские  стре­
лы,  пропитанные ядом".

Алып-қоспасы,  өтірігі 
жоқ,  болғаны  болған  күйіндегі
нағыз тарих осы деп есептеймін.
Шаханов.
  Иә,  бар  болғаны  24  жасында  дүниежүзілік 
даңққа  бөленген  ақынның  кейінгі  тағдыры  да  өте  шым- 
шытырықты.  Туабітті  сері  мінез,  әрі  қара  қылды  қақ 
жаратын  туралығынан  шығар,  .. Цезарьдың  қаһарына 
ұшырап,  ақыры  Италиядан  қуылып,  алыстағы  К,ара теңіз
жағалауына жер  аударылған.
Римдіктермен 
ұзақ  жылдар  бойы. жауласқан  сармат -
тардың  арасына  еріксіз  келген  Овидий  жергілікті  ха- 
лықтың  тілін  кереметтей  меңгеріп,  өлең  де  жазған.  'Аза 
жырлары"  ("Скорбные  песни"),  "Қара  теңізден  хат" 
("Послания  с  Черного  моря")  деген  екі  кітабы  үшін  сар­
мат  көсемі  оны  Лувр  өрмегүлімен  сыйлаған.  Сарматтар- 
дың  қаншама  құрметіне  бөленгенімен,  ақын  жүрегі  алас 
ұрып,  Италияны  аңсап,  шыдас  бермейді.  Оның  Рим  им- 
ператорына  елге  қайтаруды  сүрап,  көз  жасымен  жазған
хаты әлі күнге сақтаулы.
Амал  не,  ақыры  аяулы  ақын  Қара  теңіздің 
ақж ал
толқындарынан туған еліне  сәлем  жолдай-жолдай  қажып, 
қартайып,  сол сарматтардың ортасында көз  жүмды.
Айтматов.
  Негізгі  әңгіменің  ізін  суытпайык,.  Сак, 
дәуірінің  кейбір  жәдігерліктері,  қаза  болған  атақты 
түркілерді  бейнелеген  тас  мүсіндер  мен  балбалдар  күні 
бүгінге  дейін  жетіп  отыр.  Тіпті  шумер  мәдениеті,  олар- 
дың  жазуы  мен  әдебиетінің  бізге  жат  еместігі  былай
тұрсын,  қайта 
өте 
жақын.
Монғолияның  Суджин-даван  деген  жерінен  табылған
Орхон  -   Енесей  жазбасындағы  мына  сөздерге  назар  ау- 
даралық:  "Мен,  Яглакар-хан-ата,  ұйғыр  жеріне  келген 
мейманмын.  Мен  -   қырғыз.  Мен  -   жоғары  мәртебелі 
лауазым  иесі.  Мен  —  огя  бақытты  Баба-Тарханның 
бүйрықшысымын"...  Немесе  Талас  жеріндегі  руникалық 
жазуға  зер  салайық.  Онда:  ‘‘К,орғаушылары  (шынын  айт- 
сақ, достары)  отыз  оғлан  жас  еді.  Мешін  жылы он  алтыға 
толдым...  менің  атым  —  даңқты  Қара  Чур 
делінсе, 
Әулиеатаға  жақын  Айырташ-Ой  деген  жердегі  таста: 
"Оның  аты  -   Чур.  Сіздерде  отыз  оғлан  бар,  пайда  һөм 
молшылық  (бейбітшілік)  жолында  бізден  бөлінді  (өлді). 
Күйеулерін  сеніп  тапсырды.  Оғлан  Чур  соңын  ұстап,  ізін 
басып  қалды.  Әйелі жесір  қалды"  деген  шежіре жатыр.
Егер  басқа  тарихи  куәлік  беттерін  парақтап,  ата- 
бабаларымыздың  осынау  жұмбақ  жазуын 
ежіктеп 
шықсақ,  онда  ғасырлар  сырына  қаныға  түсеміз.  Осы 
жазбаларда  айтылған 
қырғыз  баласы
  өте  ертеде  үйғыр

жеріне  қоныс  аударған  Енесей  қырғыздары  көсемдерінің 
бірі-тін.  Оның 
Бойла
  деген  жоғары  әскери  шені  болған. 
Бұл  — IX  — X  ғасырларда  қырғыздардың  ұлы  державасы 
болғандығының  айғағы.  Ол  кезде  қырғыздар  ұйғырларды 
күйрете  жеңіп,  Кіндік  Азияда  басты  күщке  айналды. 
Жоғары  билік  пен  сот  өкілдіктеріне  ие  болған  қырғыз 
феодалы  өзіне  бағынысты  ұйғырларды  ата  қоныстарында 
билеп-төстеп тұрды.
Бәлізшінің  көк  тасқа  ойып  түсірген  руникалық  жаз- 
баларының  көп  жерін  уақыт  атты  құдірет  сипап  өшірген. 
Бізге  жеткені  оннан  бірі  ме,  жүзден  бірі  ме,  -   барын 
қанағат тұтамыз да... 

' ф
Шаханов.
  Құлтегін  —  Тоныкөк  жазба  ескерткіпггері 
де  түркі  халқының  бір  кезгі  аумалы-төкпелі  тарихынан 
мәлімет береді. 
№ 
• ЙЦ  • • • < V.  ...
"Жалпы,  Тоныкөк  деген  кім,  ат  жалы,  түйе  қомында 
жүрген  халқына  қандай  шапағат  көрсетіп  еді",  —  деген 
сауал туады. 

щ Щ
$ Н * 
* I** ш  ыі
Айтматов.
  Ғафу өтіне  отырып,  мен  Тоныкөктің  есімі 
жөнінде  тікелей  ішкі  түйсіктен  туған  өзімнің  жорама- 
лымды  айта  кеткім  келеді.  Маған  оның  шын  аты 
"Түнкукук",  яғни  "түн  көкегі"  дегенді  білдіретін  болар 
деген  ой  келеді.
Шаханов.
  Мүмкін.  Әдемі-ақ.  Мұны  қазірше  осылайша 
қалдырайық.  Тоныкөк -   шамамен  646  жылы  туып,  731  жы­
лы  қайтас  болған  исі  түркі  халқының  көсемі.  Елтеріс,  Білге 
қаған,  Қапаған,  Құлтегін  оғландарының  дана  ақылгөйі.  Ел- 
жұртының  тағдырын,  қайғысы  мен  қуанышын  тасқа  ойып, 
шежіре  қалдырған  мүндай  тұлға  аса  сирек  кездеседі.  "Білге 
Тоныкөк  -   мен  өзім,  табғаш  елінде  төрбие  алдым.  Түркі 
халқы  ол кезде  табғаиггарға  бағынышты  еді"  деп  жазады  өз 
өмірбаянын.  Табғаш  деп  қытайды  меңзегені.  Кейбір  дерек- 
терге  сүйенсек,  Тоныкөктің  ата-жүрты  Қара  Ертістің  жара- 
сын  мекендеген  Қарлақ тайпасынан  шыққанын  аңғарамыз. 
Тас  бетіне  түскен  шежіреге  үңілсек:  "Мен  Білге  Тоныкөк 
Алтай  асуын  асып  келдім.  Ертіс  өзенін  кешіп  келдік.  Келген 
адам  батыр.  Бізді  білмейді.  Төңірі-Ұмай  енеміз,  қасиетті 
жер-суымыз  қолдайды  бізді.  Көп  екен  деп  неге  қашамыз, 
азбыз  деп  несіне  қорқамыз.  Неге  басындырамыз.  Шабамыз 
дедім.  Шаптым.  Қудық...  Қалғанын  тұтқындадық.  Жабғы- 
сын  шадын  сонда  өлтірдік...  Түргеш  ханы  — түркіміз,  өз 
халқымнан  еді.  Білместігі  үшін,  бізге  жауыздығы  үшін 
қағаны елді", — дегенді оқимыз.
Мұнда  Екінші  Түркі  қағанатының  қаһарман  көсем- 
дері  — ержүрек  К,ұлтегін  мен  кемеңгер  Тоныкөктің  өзде-

рініц  жасағынан  екі  есе  көп  түргеш  қолына  лап  қойьш, 
қарсыласын  тас-талқан  етіп  жеңіп,  қағандарын  өлтіргені
туралы  айтылып отыр.
Айпшатов.
  Әттең,  осындай  шежіре  зерттеушісін 
күтіп,  қаншама  жыл  тарих  тозаңының  астында  жатты 
десеңізші!  Онда,  міне,  былай жазылған:
"Төңірі  жарылқады!  Бүкіл  түркі  халқына  қарулы  жау 
келтірмедім. 
Атты 
әскер 
жолатпадым... 
Ха\қымыз 
қайтадан  еңсе  көтеріп,  халық  болды.  Өзім  қартайдым, 
ұлық болдым.
Түрк  Білге  қағанның  еліне  арнап  тасқа  жаздырған 
мен  Білге  Тоныкөкпін",  —  деп,  еліне  соңғы  сөзін 
қалдыруы  түркі  халықтарының  көмескі  көне  тарихына
жаңа бет қосты.
Шаханов.
  Іргелес  отырған  жауынан  түркі  елін  талай 
мәрте  сақтап  қалған,  заманында  көк  семсер  атанған 
Құлтегін  жайлы  жазбаларды  да  ерлік  шежіресі  деп  баға- 
лаған  ләзім.  Оның  қазасын  досы  түгіл,  қасы  да  аза 
тұтқан.  Білге  қаған  оның  ерлікке  толы  өмірін  сипаттай 
келіп:  "Інім  Құлтегін  қаза  тапты.  Өзім  қайғырдым.  Көрер 
көзім  көрместей,  білгір  ақылым  білместей  болды.  Өзім 
қайғырдым.  Тағдырды  төңірі  жасар,  адам  баласы  бөрі 
өлгелі  туған.  Қайғырғаным  соншама,  көзге  ыстық  жас 
келер,  көңілге  ауыр  шер  басар...  Он  оқ  ұлым,  түргеш 
қағанынан  Мақраш  таңбашы,  Оғыз  білге  таңбашы  келді. 
Мазар түрғызуға,  өрнектеген  жазба тасты тұрғызуға таб- 
ғаш  қағанынан  зергерші  Чан  Сенун  келді.  Құлтегін  қой 
жылы,  он  жетінші жылы  өлді,  тоғызыншы  айдың жиырма 
жетісінде жерледік" деп жаздырған.
Айтматов.
  Осы  Құлтегін  жазбалары  мен  Талас  ес- 
керткішіндегі  руникалық жазбаларда  мезгіл бірлігі,  оқиға
ұқсастығы жатқан жоқ па?
Шаханов.
  Шіке,  Сізбен  осы  ұзақ  сұхбатқа  отырмас 
бұрын,  ерте  дүние  және  орта  ғасырлар  тарихын  қайта 
қарап  шықтым.  Ондағы  мақсатым  -   түркі  тектес  өзбек 
пен  ұйғырдың,  қырғыз  бен  қазақтың,  түрікмен  мен 
қарақалпақтың,  татар  мен  башқұрттың,  ноғай  мен  шу- 
ваштың,  хакас  пен  саханың,  алтайлықтар  мен  шордың, 
әзірбайжан  мен  түріктің,  гагауз  бен  ителгінің,  қарашай 
мен  балкардың  т.б.  түпкі  шығу тегін,  кейінгі  дәуірлердегі 
ұлт  болып  бөліну  кезеңін  анықтау  еді.  Алып  бәйтеректің 
өркен  жайған  бұтақтары  сынды  өсіп-өнген  бір  атаның 
балалары тарихи  жылнамаларға әр  алуан  атпен еніпті.
Ежелгі  грек  деректерінде  сақтың  өзін  массагет,  як- 
сарт,  дай,  дахи,  фарат,  комар,  асқағат,  исседон,  асси,

аримасып, 
сармат, 
каспий  деген 
ұлыстарға 
бөліп, 
әрқайсысының қоныстанған  жерін  анық көрсетеді.
Айтматов.
  Жоғарыда  өзің  санамалап  өткен  түркі 
тектес  ұлттардың  түп  аталары  осы  құранды  тайпалар 
дегеніңе  мен  де  қосыламын.  Оған  дәлел  -   тарихтың  куә 
беттері.  Ғұндардың  арасында  белгілі  мөлшерде  түркілер 
де  болды.  Ғұн  да,  скиф  пен  сақ  атауы  да  әлемдік  тарихқа 
енген.  Сол  замандағы  хандар  мен  батырларымыздың 
ерлік  істерін  ауызға  алсақ,  бұл  өзіңді-өзің  мақтап,  өзгені 
тұқырту  болып  шықпас.  Мәселен,  біздің  жыл  санауы- 
мызға  дейінгі  VI  ғасырда  сақ-массагеттердің  Томирис 
деген  әйел  патшасы  болғанын  білеміз.  Ол  жайында  мы*
надай дерек бар.
Сақ  тайпалары  Томирис  патшалық  құрып  тұрған  ке-
зеңде  Ассириямен,  Мидиямен  жақсы  қарым-қатынаста 
болған.  Парсы  патшасы  -   атақты  II  Кирдің  өзі  сақтармен 
достық,  соғыс  одағын  жасасқан.  Алайда  асып-тасқан  II 
Кир  бұл  одақты  місе  тұтпай,  Орта  Азия  мен  Қазақстан 
жерін  жайлаған  сақ-массагет  елін  кіріптар  етіп,  жаулап 
алуға  ұмтылған.  Қиян-кескі  соғыста  парсы  әскері  тас- 
талқан  болып  жеңіліп,  II  Кирдің  өзі  майдан  даласында 
қаза  тапқан.  Осы  ұрыс  жайында  грек  тарихшысы  Геро­
дот:  "Массагеттердің  әйел  патшасы  Томирис  шайқаста 
парсыларды  жеңгеннен  кейін  Кир  патшаның  басын  кесіп 
алып,  қан  толтырылған  тұлыпқа  салдырды.  Сосын  "өмір 
бойы  аңсағаның  қан  еді,  құмарың  қанғанша  іш"  деп, 
тұлыпты дарияға лақтыртты",  -  деген  мәлімет қалдырған.
Сақтар  о  заманнан  ата-бабаларының  аруақтарына тәу 
етіп,  аспан  әлеміндегі  планеталарға  -   Күн  мен  Айға, 
жұлдыздарға  табынған.  Ал  отырықшы  сақтар  жарату- 
шыға  балап,  "Көкке  -   Тәңірге"  табынған.  Тіпті  соғыс 
тәңірі  бар  деп  есептеп,  қылыш  пен  найзаны  жерге 
тік  шаншып,  үстіне  қан  тамызып  немесе  сүт  құйып, 
сиынған.
Қаза  тапқан  патшасы  мен  ержүрек  жауынгерлерді 
аса құрметтеп  жерлеп,  тұрмысқа керекті барлық заттарын 
өзімен  бірге  көмген.  Зираттың  үстіне  топырақтан  оба 
үйіп,  айналасын таспен  қалап,  жиектеген.
Шаханов.
  Есік  өзенінің  сол  ж ақ  жағалауындағы  Есік 
обасын  Кемел  Ақышев  бастаған  археологтер  қазған  кез­
де  "Алтын  адам",  яғни  сақ жауынгері  мүрдесінің табылуы 
дүниежүзілік  археологияға  жаңалық  боп  енді.  Бұл  обада 
басын  батысқа  беріп,  шалқасынан  жатқан  17  — 18  жасар 
сақ  жауынгері  жерленген.  Басына  200-ден  астам  алтын 
әшекеймен  безендірілген  шошақ  төбелі  биік  (65  — 70  см)

тымақ  киген.  Олардың  әрқаисысы  арқардың,  таутекенің, 
барыстың,  аттың,  құстың  кескінімен  өрнектелген.  Бас 
киімнің  маңдай  жағы  теке  мүйізді  қос  аттың  мүсінімен 
жөне  екі  ұзын  қос  жапырақпен  безендірілген.  Мойнына 
таққан  алтын  алқаның  ұшында  жолбарыстың  бастары 
ыдырынып  тұр.  Үстіне  киген  қызыл  былғары  бешпетінде 
үш  мыңға  жуық  алтын  әшекей  бар.  Белін  сом  алтынмен 
әшекейленген  қайыс  белбеумен  буынып,  оң  жағына 
ұзын  темір  семсер,  сол  жағына  алтынмен  айшықталған 
темір  қанжар  асынған.  Қабырдан  отызға  жуық  ыдыс 
табылды.  Олардың  іщіндегі  күміс  тостағанның түбінде  26 
таңбадан  тұратын  екі  жол  жазу  бар.  Бұған  "Есік  жазуы" 
деген  ат берілді.  Ғалымдар  бұл жазуды  оқи  алмады,  бірақ 
олар  б.з.  дейінгі  IV  — III  ғасырларда  Қазақстан  көшпелі- 
лерінің жазуы  болған деген  қорытындыға келді.
Қазірде  сақ дәуірі  мәдениетінің бірегей  кезінде ғумыр 
кешкен  "Алтын  адам"  дүние  жүзіңің  барлық  тарихи- 
этнографиялық  көрмесіне  қатысып,  көрермендерді  өзінің 
сән-салтанатымен  таңдай  қақтыруда.  Иө,  біз  таныта  ал- 
мағанымызды  сол  танытып,  біз  айта  алмағанымызды  сол 
айтып,  біз  бара алмаған жерге сол барсыншы...
Өткен  дәуірдің  өлшеусіз  құнды  ескерткіштері  қай  ха- 
лықта  да  болған.  Әспеттеп  сақтап,  қадірін  білгенге 
әлемнің  жеті  кереметінен  бастап  тебен  инеге  дейін  көз 
жазып  қалған  бағзы  заманның  куәсына  айналары 
ақиқат.  Ертеңгі  күнмен  ғана  өмір  сүрген  елдің  бүгіні  де, 
кешегісі де  баянды  болмақ емес.  Көне  мұралар  сақталған 
мұрағаттар  әр  халықтың тарихи  жады  іспеттес.  Қаншама 
ғасырлық 
ғұмырбаянын 
шашау 
шығармай, 
көздің 
қарашығындай  сақтап  отырған  өркениетті  елдерді  ара-
лағанда,  ішің қыж-қыж қайнайды.
Ерте  дәуірдегі  ұлт  пен  ұлыстың  қалыптасу  кезеңі  мен 
орта  ғасырлардағы  шапқыншылықты,  жаугершілікті  за- 
манның  ортасында  мөдениетті,  өнерді,  ғылымды  айтар- 
лықтай  дамытқан  алтын  ғасыр  өткен  сынды.  Ж ер  ша- 
рында  небір  көрікті  қалалардың  бой  түзеп,  салтанат 
құрғанын,  теңге  айналысқа  түсіп,  жазу-сызудың  өмірге 
келгенін  айтпағанның  өзінде,  өлемнің  жеті  кереметі  сол 
заманның  төл  тумасы  емес  пе?  Яғни  дүниені  апаттан 
қүтқаратын  сұлулыққа  деген  ынтазарлық  басым  түсіп
жатты. 
.л 
г 
*
Ал әлемнің  орта  ғасырлардағы  билеушілері де  ежелден
бауыр  басып  қалған  еншілігі,  шекарасы  бар  жерді 
қайтадан  бөліске  салуға,  үлестен  мол  қарпып  қалуға 
жанталасып  бақты.  Әлдінің  өлсізге  көрсеткен  құқайынан

көптеген  влдің ғасырлар  бойы  қалыптасқан  даму датдысы 
бұзылды.  Ж алаң  шоқпар,  шолақ  найзаны  бірте-бірте 
алмастырған  оқ  атқыш  қарулар  қанды  қырғын,  қасіретп 
жылдарды  еншілей  келді.
Айтматов.
  Даму,  дөуірлеу  кезеңі  тұсында  іргелес 
отырған  бауырлас  елдердің  (мысал  үшін  қай  ғасырда  да 
жігі  айырылмаған  орыс,  украин, 
беларусь  халқын 
алайық)  кейінгі  жаугершілік  заманда  да  бір-бірінен  көз 
жазып  қалмағаны  анық.  Мәселен,  біздің  жыл  санауы- 
мызға  дейін  және  одан  кейін  қазіргі  түркі  халықтары 
тарих  тізбесінде  Үйсін  қағанаты,  Қаңлы  қағанаты,  Түрік 
қағанаты,  Түргеш  қағанаты,  Қарлық  қағанаты,  Қимақ 
қағанаты,  Депггі  Қыпшақ  елі,  Оғыз  қағанаты  болып  атал- 
са да,  әр  алуан тайпаның басын  біріктіріп,  елдік  үрд ісінен 
ажырамаған.
Шаханов.
 
Дұп-дұрыс, 
орта 
ғасырларда 
"Оғыз 
қағанатын"  құрған  түркі  тектес  қырық  үш  атаның 
ішінде  осы  күнгі  біздің  бауырлас  қазақ  пен  қырғыз  да 
бар  еді.  Саусақ  бүгіп,  түгелдей  санап  айтсақ  -   қырғыз, 
қазақ,  маңғүт,  құрама,  қарақалпақ,  қыпшақ,  тайшық, 
қоңырат,  қатаған,  жәдігер,  қалша,  ноғай,  башқұрт,  шу- 
ваш,  естек,  қият,  мұнапыс,  қаңлы,  түрікмен,  нойғүт,  уақ, 
құсшы,  арлай,  табан,  арғын,  керейт,  жалайыр,  ауаты, 
ұйғыр,  туба,  қарлық,  тебей,  тейт,  татар,  қыршын,  хакас, 
якут(саха),  қанды  кезек,  алашы,  бостан,  дауласы,  сады,
базыс... 
_  1 
г‘ 
4
Осылардың  ішінде  татар  мен  қарақалпақ,  якут(саха)
пен  түрікмен,  башқұрт  пен  ұйғыр,  пгуваш  пен  хакас, 
туба  өз  алдарына  жеке  шаңырақ  көтеріп,  мемлекет  атан- 
ды да,  қалған  аталар өзбек,  қырғыз,  қазақ халықтарының
негізін  құрады.
Айтматов.
  Шежіреге  ден  қойсақ,  әйгілі  Қараханнан
Оғызхан  тарайды.  Оғызханның  ұлы  -   Тағынханнан 
қазақ,  қырғыз,  түрікмен,  құрама мен  маңғыт тумай  ма?
Шаханов.
  Желіні  үзбей,  одан  әрмен  тарқататын  бол- 
сак,,  Алтын  Орда  ыдыраған  соң,  осы  аталған  халықтар 
мен  ұлыстар  хандықтарға  бөлініп,  Ноғай  ұлысы,  Маңғыт 
ұлысы,  Татар  хандығы,  Қ азақ  хандығы  және  тоқсан  екі
баулы Өзбек ұлысына айналған.
Мәселен,  Өзбек  ханның  қол  астында  ұйысып,  тоқсан 
екі  баулы  өзбек  халқы  атанып,  Орта  Азияны  мекендеген 
бауырларымыздың да  ғасырдан-ғасыр  оздырған  шежірелі 
тарихы,  бүгінгі  өркениетке  жеткенге  дейін  жүріп  өткен 
қилы-қилы  соқпақты  өз  жолы  бар.  Орта  ғасырда  Шайба- 
нидтер 
өулеті 
орда 
көтерген 
өңір 
жалғыз 
өзбек

жұртының  емес,  сол  сияқты 
қүрама,  маңғыт,  жүз,  лолы 
тайпалары  мен  бүхар  еврейлерінің
 де  өсіп-өркендеу,  даму 
орталығына 
айналды. 
Не 
десек 
те, 
талай 
шапқыншылықтар  мен  қанды  жорықтарды  бастан  кеш- 
кен,  бірде  жеңген,  бірге  жеңілген,  бірақ  та  сына  батпас 
ұлттық  бірлігін  еш  жоғалтпаған,  әр  уыс  топырағы  ға- 
жайып сырға толы  құт-берекелі  ел.
Қай  дөуірдің  биігінен  көз  салсаңыз  да,  Ресей  импе- 
рнясына  қараған  өзге  мұсылман  өлкелеріне  ғылым  мен 
білім,  дін-шариғат  екі  үлкен  аймақтан  тарап  жатты. 
Оның  бірі  -  татар  мен  башқұрт  ағайындардың  астанасы 
Қазан  мен  Уфа  да,  екіншісі  -   ежелгі  Бұхара  мен  Са- 
марқант  шаһарлары.  Бұл  ірі  орталықтардағы  күмбезін 
күн  сүйген  зәулім  мазарлар  мен  мешіттер,  медресселер, 
кең  қанат  жайған  қолөнер  мен  сауда-саттық  халықтың 
жалпы  мөдениетімен  қоса,  дәулетін  де  еселеп  арттыра 
түсті.
Иә,  әлемге  сырмалы  шапаны,  ала  тақиясымен  таныл- 
ған,  жер  емшегін  емген  еңбекқорлығымен  өзгелерді 
сұқтандырып  баққан  өзбек  елі  -   Әлішер  Науаи  сынды 
ұлы  шайырлар  мен  ғұлама  астроном  Ұлықбектей 
сүлейлерді берген іргелі жұрт.
Қанаттас  жатқан  бауырлас  қазақ  пен  қырғыз  олар- 
дың  тарихи  негізінің  мықтылығына,  ұлттық  бояуының 
қанықтығына  өр  кез  құрметпен  қарап,  "өзбек -   өз  ағам" 
деп  арқа сүйеп сөйлейтіні тегіннен-тегін емес.
Бағамдап  қарар  болсақ,  бұл  лебіздің  астарында  зама- 
на  желі  қай  тұстан  соқса  да,  бордай  тозбас  асылым, 
құты  қашпас  кемелдім,  өңін  бермес  шырайлым  деген 
ілтипат  жатыр.  Өзгесін  айтпағанда,  бір  ғана  мысал,  түркі 
тектес  жұрттардың  бірталайы  тым  ерте  дәуірден  бергі 
жазылып  қалған  жылнамалар  мен  шежірелердің  қадіріне 
жетпей,  қүралақан  қалғанда,  өзбек  ағайындар  ешқайсы- 
сын  шашау  шығармай,  арнайы  Қолжазба  институтын 
ұйымдастырып,  үлкен  көшелілік танытты.
Өгіз  терісімен  қапталған  бөс  жетпес  құжаттардан 
бастап  барша  түркі  тектес  елдердің  қағазға  түскен 
шежіресі,  ғылыми  еңбектері  осы  еңселі  ғимараттың 
қабырғасында  көз  жауын  алып,  қатар  түзеп  тұр.  Міне, 
өткеніңе -  құрмет,  қазіргіңе -  тәлім,  келешегіңе -  аманат 
осындай  жәдігерліктен  басталса  керек.
Осы  сұхбат  үстінде  өр түрлі  себептермен  аттары  тым 
сирек  аталып  жүрген  сонау.  Ғұн  дөуірінен  бергі  еліне  —
 
пана,  жеріне  -   қорған  болған  арыстарымыздың,  одан 
бергі  заманда  өткен  исі  түркі  халықтарына  ортақ

баһадүрлері 
мен 
шапағатты 
хан, 
бвктөрінің, 
ақылмандарының есімдерін  ауызға алған жөн  болар.
Біздің  тарихшыларымыз  бен  зерттеушілеріміз  көзге
ұрып  түрғән  деректердің  байыбына  бармай,  мәселен, 
қазақ  деген  халықты  1456  жылы  Айдан  түсе  қалғандаи 
көреді.  Арғы  жылнама,  ғұмырнамаларға  аттап  басқысы 
жоқ.  Ж ыл  санауымыздан  арғы-бергі  замандардағы  ха­
лы қтар  басында  болған  тоғысу,  іргө  ажырату  сынды 
үлкен  бөліністерді  қаперлеріне  ілер  емес.  Ең жан  қинары
-   өткен  тарихқа  бүгінгі  күннің  көзімен  баға  беру.  Біз
мұндай  пайым,  ой түюмен  қыр  аса алмаймыз.
Айпіматов.
  Француздың  ескі  энциклопедиясында: 
"Ғұн  ордасының  құрамына  көптеген  көшпелі  тайпалар 
енді.  Ғұндардың  бел  алып,  жарты  әлемді  бағындырған 
кезі  Аттиланың  түсы",  —  деп  жазылған.  Аттила  деп 
отырғанымыз -  V ғасырда  өмір  сүрген  атақты  Еділ батыр 
Мундзукұлы.  Ғұн  ордасы  Каспий  теңізінің  жағалауында 
ірге  көтерген.  Құрамына  Орта  Азия  мен  О ңтүспк 
Сібірде  көшпелі  тірлік  кешкен  үйсін,  қаңлы,  дай,  алан 
тайпалары  енген.  Бұл  жөнінде  А.Н.Бернштам:  "Гуннский 
племенный  союз  в  Средней  Азии  играл  еще  ту  положи­
тельную  роль,  что  он  способствовал  объединению  коче­
вых  племен  Средней  Азии  и  подготовлял сложение  таких 
народностей,  как  киргизы,  казахи,  в  известной  мере  и 
туркмены",  -   деп  тиянақты  тұжырым  айтады.  Ал  фран­
цуз  тарихшысы АТьерри өз  шығармасында:  Аттила есімі 
адамзат тарихындағы  ұлы  адамдар  — Александр  Македон­
ский  мен  Юлий  Цезарьдыц  кдтарынан  орын  алады  , 
деп  жоғары  баға  берген.  Еділдщ  ерлігін  күллі  Еуропа 
жұрты  жырға  қосып  келсе  де,  өзінің  ата  жұртына  әлі
күнге  беймәлім.
Шаханов.
  Дұрыс  айтасыз,  мәселен,  Қазақстанда  жа-
зушы 
Тұрсын 
Ж ұртбаев 
пен 
жас 
ғалым 
Самат 
Өтениязовтың  зерттеу  мақаласынан  басқа  еңбек  көзіме 
шалыңбады.  Еділ  батырдың  өмірбаяны  мен  ерліктерін 
бізге  жеткізген,  —
  римдік  дипломат  Приск  Панийский 
мен  гот  тарихшысы  Иордан.  Олардың  ғылым  үшін  баға 
жетпес  деректерін  А.Н.Бернштам,  Л.Н.Гумилев,  М.Ста- 
сюлувич  сынды  ғалымдар  зерттеген.  Тіпті  К.Маркс  пен 
Ф.Энгельстің  шығармаларында  да  Еділ  батырдың  аты 
аталады.  К.Маркс:  "Тот  поймет,  что  Аттила  со  своими 
гуннами  показался  бы  итальянцам  кротким  ангелом  ,  —
 
деп  жазып,  оған  Наполеон  Бонапартты  теңеген.
Грек жазушысы  Приск  448  жылы  Ғұн  ордасына  келіп, 
Еділмен  жүздеседі.  Батырдың  сырт  пішінін:  "Оның  бет

әлпетш  көргендер  нағыз  азиат  екенін  бірден  таниды. 
Басы  үлкен,  орта  бойлы,  сом  денелі.  Көздері  қысық, 
алайда  қараған  жерін  ойып  түсердей  өткір,  жүрісі  өте 
шалт,  даусы  күмістей  сыңғырлап,  оте  ұнамды  естіледі",  -  
деп суреттеген.
Айтматов.
  Ғүн  ордасының  тарихын  зерттеп,  аса 
бағалы  мөлімет  қалдырған  француз  жиһангездері  Ғділлің 
камос
  деген  ішімдік  ішетінін  айтады.  Бұл  түркі  ха- 
лықтарының ежелгі сусыны — қымыз  емес  пе?
Шаханов.
  Қымызға  қызып,  өзінің  Алтынжал  деген 
тұлпарымен  қол  бастаған  Еділ  батыр  ата  мекенінен  тым 
жырақта жатқан  Рим  империясына  шабуыл жасауына  не 
себеп  болды?  деген  сауал  туады.  Ал  Рим  IV — V  ғасырда 
күллі  Еуропаны  құл  етіп:  ашса  алақанында,  жұмса 
жұдырығында  ұстап  отырған  алпауыт  империя  емес  пе
еді?
Еділ  билікке  қол  жеткізіп,  ұлан-байтақ  державаның 
басына  келген  соң,  Еуропаға  ызғар  бүркіп  отырған  Рим 
империясымен 
достық 
қарым-қатынас 
орнатуға 
ұмтылған.  Бірақ  көшіп-қонып  жүрген  түрік  тайпалары- 
ның  бірте-бірте  бас  қосып,  іргелі  елге  айналуын 
римдіктер  онша  қолдай  қоймайды.  Артынып-тартынып 
келген  елшіге  жазылған  үшбу  хатқа  сырт  орай,  мен- 
сінбеген 
қалып  танытты. 
Қайта  ғұн 
билеушісінің 
қаһарына  ұшырап,  қашқан  жауынгерлерді  құрметпен 
қарсы 
алып, 
қайрап-қайрап, 
Еділдің 
өзіне 
қарсы 
салып  отырды.  Грек  жазушысы  Приск  осыдан  XV  ғасыр 
бұрын  қағаз  бетіне  түсірген  жылнамасында:  "Біз  оның 
көптеген  жауынгерлері  күзеткен  шатырына  келіп  кірдік. 
Аттила  ағаш  орындықта  отырған  еді.  Біз  кірген  жерде 
тұрып  қалдық.  Максимин  жақындап  барып,  сәлем 
берді.  Патша  беріп  жіберген  сыйлықты  тапсырып: 
"Император  сізге  және  отбасыңызға  зор  денсаулық 
тілейді!"  —  деді.  Сонда  Аттила:  "Мен  де  императорға 
сондай  тілектемін",  — деді  де,  біздің  жанымызда  түрған 
Вигилге  көзін  қадап,  айғайлап  ұрса  бастады.  Оның 
уятсыз  хайуан  екенін  және  ұялмай  ордаға  келіп 
тұрғанын  айтып,  ұрысты.  Арадағы  келісім  бойынша,  Рим 
империясы  ғүн  қашқындарын  қайтып  беруге  тиіс  еді. 
Әйтпесе,  ғұн  ордасына  елші  жіберуге  хақысы  жоқ.  "Мен 
сенің  осынша  итгігің  үшін  өлімтігіңді  жыртқыш  құстарға 
жем  қылар  ем.  Әттең,  елшілік  дөстүрді  бұзғым  келмейді. 
Бізден  қашқандар  Римде  өте  көп",  -   деп,  ол  хатшысына 
қашқындардың  аты  жазылған  қағазды  оқуды  бұйырды",
-  деп жазды.

Айтматов.
  Бұл  -   бір.  Екінші  себебі,  Еділ  жіберген
елшінің  қойны-қоншына  алтын  тыққыштаған  римдіктөр 
билеушіңлд  өлтір,  көзін  құрт  деп,  оны  азғырмаитьш  ба  еді.
Мұндай  с атқындықтың  ұйымдастырушылары  -   сол  кездегі
Рим императоры Екінші Феодосий мен Христафи әтек.
Екі  алып  империяның  татулықпен  қатар  өмір  сүре 
алмайтынына  көзі  жеткен  Еділ  батыр  Алтынжалға  ер 
салып,  Қаталаун  даласына  маңдай  түзейді.  Дунай  мен 
Рейн,  Неккаро  өзендерін  кешіп  өткен  қаһарлы  Ғұн 
әскеріне  төтеп  бере  алмаған  Еуропадағы  Рим  бодандары 
Еділдің  қолына  бірінен  соң  бірі  келіп,  қосылып  отырған. 
Тіпті  германның  франк  тайпасы  Еділге  бағыну  үшін,  өз 
королін  өлтірсе,  қалған  тюринг  тайпасы  мен  Бургунд 
корольдігі  өз  еріктерімен  ғұн  жағына  өтті.  Өмірі  бастары 
бірікпеген  тайпалар  мен  корольдіктерді  бағындырып, 
Римге  қарсы  көтеру  —  Еділ  сынды  аруақты  да  ұлы
қолбасшының қолынан  келер  мықтылық.
Шаханов.
  Қара  құрым  қолмен  Мен  қаласын  (451 
жылғы  6  сәуір)  алған  Еділ  Париж  түбіндегі  Каталаун  жа- 
зығында  римдік  әскермен  беттеседі.  Бұл  ұлы  шайқас 
элем  тарихына  "Каталаун  қырғыны"  деген  атпен  енгені
мәлім.
Екі  жақтан  165  мың  жауынгер  шаһит  кеткен  бұл 
қанды  қырғынды  өз  көзімен  көрген  Приск  тағы  да:  Бір 
аптаға  дейін  күнді  мұнар  басып,  айнала  ала  көлеңке  бо­
лып  тұрды.  Өзен  мен  сай-сала  қан  болып  ақты.  Төбеде 
ұшып  жүрген  құзғындардың  көптігі  соншалық,  тіпті 
қараудың  өзі  қорқыныпггы  еді”,  -   деп  жазды.  Каталаун 
шайқасында  үстем  түскен  Еділ  ізінше  Трир,  Солтүстік 
Италиядағы  Аквалей, 
Милан 
қалаларын  талқандап, 
Римнің  алтын  қақпасын  аштырып,  өзі  бас  болып,  салта-
натпен  ііпке  енбей  ме?
Айтматов.
  Иә,  Еділ  осы  жорықта  жүріп,  Бургунд
королінің  қарындасы  Илдиона  сынды  керемет  сұлуға 
үйленіп,  көл-көсір  той  жасайтын  еді  ғой.  Әлемді  бағын- 
дырып,  көк  туын  желбіреткен  батыр  сол  той  күні 
қапияда  қаза  табады.  ¥йып  отырған  қырық  рулы  түрік 
елін  тоз-тоз  ғып  кеткен  сол  өлімнің  сыры  әлі  күнге  дейін
жүмбақ.
Өткен  дәуір  шежірелері  Еділдің  Керке,  Кримхилда, 
Рекан  деген  үш  әйелінен  Эллақ,  Денгизек,  Ернақ,  Емна- 
зар,  Өте,  Есқалма,  Ұзынтүра  сынды  жеті  үл  қалғанын 
жазады.  Эллақ  Қара  теңізден  Еділ  -   Ж айы ққа  дейінгі 
алып  өлкені  билеген.  -  Кейіннен  бүл  жерлерге  түрік 
қағанаты,  ол ыдыраған  соң,  Хазар  мемлекеті орнады.

Шаханов.
  "Алтынжалдың  тұяғы  тиген  жер  енді 
қайтіп  көгермес”  деген  Еділ  батырдың  сөзін  Еуропа  ха- 
лықтары  өлі  жүнге  аңыз  ғып  айтады.  Өзі  осыдан  он  бес 
ғасыр  бұрын  өмір  сүрсе  де,  кіндік  қаны  тамған  өлкесінің 
ұлы  өзені  Еділ  (Волга)  батырдың  атын  әлі  күнге  дейін 
өшірмей  келеді.  Қазақ  ауыз  әдебиетінде  Еділ  батыр  бей- 
несі ерекше орын  алған.
— 
Сонау бүрғынның көп  елін,
Түгелдей тізе  бүктірген.
Батыстағы  көп жүртты
Бір  шыбықпен  айдаған.
Қалың түрік,  көр халқьш 
Дүниеге  үстем  етем  деп,
Мынау сум жалған  дүниеден 
Еділ батыр,  бүл  өткен...
  —
деген 
жырдың 
өзінде 
тарихшылар 
мен 
әдебиет- 
шілеріміздің  назарына  ілінбеген  өткен  дәуірдің  талай 
елесі жатқан ж оқ па?
Еділ  Римді  алған  соң,  өзінің  Алтынжал  деген 
тұлпарының  ер-тұрманын,  өмілдірік,  құйысқанын  сыпы- 
рып:  "Ж ер  шарында  енді  менің  түркі  халқыма  қарсы 
тұрар  күш  жоқ.  Бағыңды  байламайын.  Бара  бер,  жануа- 
рым",  — деп,  босатып  қоя  беріпті.  Алтынжал  болса  көкке 
ұшып  кетеді.  Халық аңызына сенсек,  исі түркі  жұртында 
Еділдей  ер  дүниеге  келгенде,  Алтынжал  жерге  қайтадан 
түседі деседі.
Айтматов.
  Мен  әнтек  басқаша  жорыған  болар  едім: 
ол  біздің  тарихи  өзіндік  санамыздың  ренессанысымен 
қайта  оралады.  Ал  қазірге  мифологиялық  Алтынжалды 
күте  отырып,  Еділ  бабаны  төл  тарихымызға  енгізіп, 
өдебиетте  шынайы  бейнесін  жасап,  туған  халқымен 
қайтадан  табыстыруымыз  керек.  Өйткені  Еділ  де, 
Қорқыт ата сынды,  бөліп-жарылмас  ортақ қазынамыз.
Шаханов.
  Ие,  Қорқыт  ата  жайлы  аңыз  түркі  ха- 
лықтарына  тегіс  мөлім.  Алып-қосары  жоқ,  Қорқыпың 
өзі  де,  күйлері  мен  шешендік  сөздері  де  бәрімізге  етене. 
Бірде  әзірбайжандық  қаламгердің 

1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал