Жүзеге асыру үшін Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын ұсынып отыр



жүктеу 296.47 Kb.

бет1/3
Дата20.02.2017
өлшемі296.47 Kb.
  1   2   3

 

 2-бетте


жалпыға 

ортақ еңбек 

қоғамы

Әлеуметтік



көмек

көрсетілуде

ҰБТ -2016

Ш

Ш



у

у

  №52 (9022)         



СӘРСЕНБІ

8 МАУСЫМ


2016 ЖЫЛ

ТАТУЛЫҚТАН АРТЫҚ ТАҒЫЛЫМ ЖОҚ

 

і

і



ө

ө

ң



ң

і

і



р

р

АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ (Жамбыл облысы)                   /      www.shuoniri.kz                    /                    Газет 1935 жылдың 16 маусымынан шығады



2016 жылғы  ҰБТ-

ге ауданның 36 орта 

мектебінен 592 оқушы 

қатысты. Бұл мектеп 

бітіруші 976 түлектің 

60,68 пайызын құрады.

Биылғы жылғы ҰБТ 

қорытындысы бойынша 

ауданның орташа балы 

79,09, білім сапасы 71 

пайызды, білім үлгерімі 

99,52 пайызды құрады.

Бес институционалдық 

реформаның әрбірі - өз алдына 

кешенді бағдарлама. Оларды 

табандылықпен, кезең-кезеңімен 

жүзеге асыру үшін Елбасы «100 нақты 

қадам» - Ұлт жоспарын ұсынып отыр. 

Жоспар – жаһандық және ішкі-сын 

қатерлерге жауап,  сонымен бір 

мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 

дамыған мемлекеттердің 

отыздығына кіру жөніндегі басты 

бағыт. 


 Елбасы  саясатының арқасында 

ауданда әлеуметтік жағдай  жылдан-

жылға жақсарып келеді. Оң 

өзгерістер мен игі істерге бастайтын 

«100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының 

84-қадамында: «Әлеуметтiк көмектi 

оның атаулы сипатын күшейте 

отырып, оңтайландыру. Әлеуметтiк 

көмек тек оған шынымен зәру 

азаматтарға ғана берiлетiн бола-

ды. Кiрiсi төмен еңбекке қабiлеттi 

азаматтарға мемлекеттiк атаулы 

әлеуметтiк көмек тек олардың 

еңбекке ықпал ету және әлеуметтiк 

бейiмдеу бағдарламаларына 

белсендi қатысуы жағдайында ғана 

берiлетiн болады»-делінген.

Қадамда көрсетілген бағыт 

бойынша аудан әкімдігінің 

жұмыспен қамту және  әлеуметтік 

бағдарламалар бөлімінде көптеген 

іс-шаралар жүзеге асырылуда. 

Жыл басынан бері аз қамтылған 

кедейшілік шегінен төмен тұратын 

111 отбасындағы 262 адамға  3499,2 

мың теңге мемлекеттік әлеуметтік   

көмек, 2228 отбасындағы 18 жасқа 

дейінгі 6402 балаға  57351,8 мың 

теңге  көлемінде   жәрдемақы, 299 от-

басына 3558,4 мың теңге көлемінде  

тұрғын үй көмегі  тағайындалып,  

төленді.


Отбасының еңбекке  қабілетті 

мүшелерінің жұмыспен қамту  

мемлекеттік шараларына 

қатысуымен  жыл басынан бері  87 

отбасы «Өрлеу» бағдарламасына 

тартылды. Әлеуметтік бейімделуден 

өту шартымен   104 адам  жұмысқа  

жіберіліп, 12310,0 мың теңге ақшалай 

көмек берілді. 

Ұ.АЙНАҚҰЛОВА, 

аудандық жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар 

бөлімінің әлеуметтік көмек 

көрсету сектор меңгерушісі.                                     

Рәміздер 

Нәтиже жігерлендіреді

Жаңа  Еңбек  Кодексінің  тұжырым-

дамалық 


тәсілдері 

халықаралық 

тәжірибеге,  оның  ішінде,  бірінші  кезек-

те    Қазақстан  таяудағы  перспектива-

да  жоспарлап  отырған  экономикалық  

ынтымақтастық      және  даму  ұйымы 

елдерінің  тәжірибесіне  сүйене  оты-

рып,  еңбек  заңнамасын  ырықтандыру 

міндеттеріне  негізделеді.    Қабылданған 

Кодекс жұмыс беруші мен қызметкерлер 

арасындағы  еңбек  қатынасы  саласына 

мемлекеттің араласу шеңберлерін нақты 

анықтап алу және тараптардың тең болу-

ын қамтамасыз етуді есепке ала отырып, 

еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі 

мен жауапкершілігін бөлуді нақтылады.

Мемлекет 

өз 


тарапынан 

қызметкерлерге базалық кепілдіктер мен 

өтемақыларды  төменгі  еңбек  стандарт-

тарын, негізгі құқықтары мен міндеттерін 

белгілеп,  олардың  жұмыс  берушілер 

тарапынан  орындалуына  қатаң  бақылау 

жүргізеді.  Бұл  ретте,  төменгі  әлеуметтік 

стандарттар 

еңбек 

бостандығына, 



қауіпсіздік  және  гигиена  талаптарына 

жауап  беретін  еңбек  жағдайларына, 

қандай  да  бір  кемсітусіз  еңбегі  үшін 

сыйақыға  әрбір  азаматтың  еңбекке 

қатысты  Конституциялық  құқықтарын 

толық  көлемде  қамтамасыз  етеді. 

Жұмыс  беруші  мен  қызметкерлердің 

ара  қатынастары  ұжымдық  келіссөздер 

және  олардың  арасындағы  келісімдер 

мен  шарттар  арқылы  жасалатын  бола-

ды.  Заңдарымыздың  қатаңдығы  немесе 

икемділігі  инвесторлар  үшін  ғана  емес, 

ең алдымен, жұмыс орындарының және 

халықты жұмыспен қамтудың көзі болып 

табылатын  біздің  кәсіпорындарымыз 

үшін де маңызды. 

Сол 

себепті, 



Кодексте 

 

бір 



жағынан 

жұмыс 


берушілер 

үшін 


белгілі  бір  көлемде  жұмысқа  жалдау, 

кадрлық  көтерілу,  жұмыстан  босату, 

қызметкерлердің  еңбек  жағдайлары 

мен  еңбегіне  ақы  төлеуді  анықтау 

рәсімдері  жеңілдетілді,  екінші  жағынан, 

қызметкерлердің 

базалық 

еңбек 


кепілдіктері  мен  құқықтары  белгіленіп, 

оларды  жеке,  ұжымдық  шарттар  мен 

келісімдер  арқылы  кеңейту  мүмкіндігі 

қарастырылды. 

Осылайша, 

өз 


дәрежесінде  дамымай  келген  ұжымдық 

шарттар  мен  келісімдердің  рөлі  едәуір 

артуға тиіс. 

2014  жылы  қабылданған  «Кәсіптік 

одақтар  туралы»  жаңа  Заңды  ескере 

отырып,  жаңа  Кодекс  қызметкерлердің 

құқығы мен мүдделерін қорғау, ұжымдық 

келіссөздер 

жүргізу 

мәселелерінде 

кәсіподақтарды 

(қызметкерлер 

өкілдерін)  ынталандыруға  бағытталған. 

Әлбетте, 

салалық 

және 


өңірлік 

келісімдер, кәсіпорындардағы ұжымдық 

шарттар әлеуметтік әріптестік жүйесінің 

көп  деңгейлі  маңызды  буыны  болып  та-

былады.  

Осыған орай, өңірде қазірдің өзінде 

1268    кәсіпорындарда    ұжымдық  шарт-

тар 


жасалынып, 

әлеуметтік-еңбек 

қатынастарының  негізінде  өндірістік 

процесті,  еңбек  құқын  қамтамасыз  ету 

және  қызметкерді  жұмысқа  орнала-

стыруды 


тұрақтандыру 

мақсатында 

әкімдіктер,  жұмыс  берушілер  және 

кәсіподақтар 

арасында 

60453 


жұмысшыларды 

қамтитын 

2380  

кәсіпорындарда  меморандумдарға  қол 



қойылды. 

Жоғарыда  көрсетілген  үшжақты 

ынтымақтастықты 

және 


әлеуметтік 

үндесуді  нығайтуда  және  кәсіподақтар 

мен 

жұмыс 


берушілердің 

саяси-


экономикалық  қайта  құрулары  мен 

бірқалыпты дағдарыстардың теріс әсерін 

азайтуда облыстық, аудандық әкімдіктер 

жанындағы  үшжақты  комиссиялар  ба-

сты рөл атқарады. Ол атқарушы биліктің 

1992 жылы 4 маусымда Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілген болатын. Сол 

уақыттан бері бұл күн лайықты атап өтіліп келеді. Апта соңында, яғни, 4  маусым - Мемлекеттік рәміздер 

күніне  орай  аудандық  Мәдениет  үйінде  салтанатты  жиын  өтті.  Оған  мемлекеттік  қызметкерлер,  мекеме 

басшылары,  этномәдени  бірлестік  өкілдері  мен  аудан  тұрғындары  қатысты.  Алдымен  мемлекет  абырой-

ын асқақтатып, ел бейнесін паш еткен Мемлекеттік Ту мен Елтаңба сахна төріне құрметпен шығарылып, 

Мемлекеттік Гимн орындалды. 

Аудан әкімінің орынбасары Н.Жақсыбаев жиналғандарды тәуелсіз еліміздің Рәміздер күнімен құттықтап, 

ізгі тілегін білдірді. С.Шәкіров атындағы орта мектептің жас маманы Ғ.Жапсарбаев атаулы дата жайында 

әсерлі әңгіме айтты. Салтанатты түрде Мемлекеттік рәміздер сахна төрінен шығарып салынғаннан кейін, 

мәдени қызметкерлердің орындауындағы «Көк тудың желбірегені», «Жаса, Қазақстан!», «Өз елім» сынды 

патриоттық әндер шырқалды. 

(Өз тілшіміз).

Қазақстан Республикасы 

Президентінің 2013 жылғы 9 

тамыздағы №611 «Терроризм актісі 

қатерінің туындауы туралы ақпарат 

мониторингінің және халықты 

хабардар етудің мемлекеттік 

жүйесінің ұйымдастырылуы мен 

жұмыс істеу қағидалары туралы» 

Жарлығының талаптарына сәйкес, 

ҚР ҰҚК Төрағасының бұйрығымен 

Қазақстан Республикасының 

аумағында үстіміздегі жылдың 6 

маусымынан бастап 40 күн мерзімге 

террористік қауіптіліктің бірқалыпты 

(«сары») деңгейі енгізілді.

Осыған орай, көшіп-қону мен 

жүріп-тұру режімі және теміржол 

мен көлікке тексеру күшейтіледі.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 

департаментінің  

Жамбыл облысы

бойынша

  

баспасөз 

қызметі.


Тұрғындар назарына!

Еңбек қауіпсіз 

болуы қажет

Серғали АЙДАПКЕЛОВ, 

облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы 

басқармасының басшысы  облыстың 

бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

-

ел абыройы



2015-2016  оқу жылындағы

 «Алтын белгі» иегерлері:

Зарбатова 

Айгерім 


Серікқызы 

(Е.Бекмаханов ат. м/г) - 118 балл;

Туреқұлова 

Дана 


Ерланқызы 

(Е.Бекмаханов ат. м/г) - 121 балл;

Хасанов 

Султан 


Магамедулы 

(Е.Бекмаханов ат. м/г) - 122 балл;

Бақберген  Мақпал  Парасатқызы 

(Е.Бекмаханов ат. м/г) - 114 балл;

Байбусинов Руслан Игорьевич 

(Е.Бекмаханов м/г) - 114 балл;

Бағзат  Диана  Хайратқызы  («Жібек 

жолы» м-л) - 116 балл;

Бектібай Аружан Саматқызы («Жібек 

жолы» м-л) - 115 балл;

Мажіт  Анель  Бахитқызы  («Жібек 

жолы» м-л) - 120 балл;

Тлеуберген  Ақзер  Қуатқызы  («Жібек 

жолы» м-л) - 117  балл;

Рахымбай  Аяжан  Дүйсебекқызы 

(М.Әуезов ат. о. м.)  - 116  балл;

Тоқабай 

Әлібек 


Аңсабекұлы 

(М.Әуезов ат. о. м.) - 112  балл;

Тоқтыбаев  Иса  Асхатұлы  (М.Әуезов 

ат. о. м.) - 119  балл;

Солдатбекқызы 

Альбина 


(М.Мақатаев  атындағы  Тірек  м.)    -  111  

балл;


Қанжігіт 

Аман 


Қайратұлы 

(М.Мақатаев  атындағы  Тірек  м.)    -  110  

балл;

Қайсар  Әлия  Маратқызы  (Жамбыл 



атындағы м-г)  - 116  балл;

Алиева  Элина  Ильгамовна  (Абай/қ/ 

ат. о. м.) - 115 балл;

Оразбай 


Гүлнұр 

Саматқызы 

(Т.Рысқұлов /қ/ ат. о. м.)  - 115 балл.

2015-2016 оқу жылындағы

 үздік аттестат иегерлері:

Сағатбек Гауһар Жарқынқызы  

(Жамбыл атындағы м-г) - 119 балл;

Бөрбаева Әсел Жамбылқызы 

(Жамбыл ат. о. м.) - 114 балл;

Орымбай Эльнара Нұрланқызы 

(«Жібек жолы» м-л) - 112  балл.

«Алтын белгіге» үміткер болып, 

бір балы жетпей қалғандықтан, 

үздік аттестат алатындар:

Буденов Адлет Нурланович 

(Е.Бекмаханов ат. м/г) - 107 балл;

Татыходжаев Темирлан Кайратұлы 

(Е.Бекмаханов ат. м/г) - 114 балл;

Әлкен 

Аружан 


Жасұланқызы 

(М.Әуезов ат. о. м.)  - 109 балл;

Көпес Дастан Қайсарұлы (Еңбекші о. 

м.) - 105 балл;

Османова Жамиля Жамалқызы 

(әл-Фараби ат. о. м.)  - 110 балл;

Берікбай Мадина Бақытжанқызы 

(С.Шәкіров ат. о. м.) - 105 балл.

Маусым айының 

2-сі мен 4-де өткен 

ұлттық бірыңғай 

тестілеуге  ауданның 

36 жалпы білім беретін 

орта мектептен 592 

оқушы қатысты. ҰБТ 

қорытындысы бойын-

ша ауданның орташа 

балдық көрсеткіші 

79,09-ды, білім сапасы 

71 пайызды құрады. 

«Алтын 

белгіге» үміткер 33 



түлектің  17-сі, үздік 

аттестатқа үміткер 12 

қатысушының үшеуі 

білімдерін дәлелдеді. 

Атап өтерлігі, «Ал-

тын белгіге» ие бола 

алмай қалған алты 

оқушы үздік куәлікке ие 

болды. 

Суре

т  П.Норкиндікі.


2

shuskaya_dolina@mail.ru

          8 маусым  2016 жыл

Шу өңірі


 

1

-бетте



МАҚСАТ - ПАТРИОТТЫҚ 

ТӘРБИЕ БЕРУ

Руслан ШАРИПОВ, 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің 

Жамбыл облысы бойынша департаментінің 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер 

басқармасының басшысы. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

–  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясы  -  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа 

саяси  бағыты»  Қазақстан  халқына  Жолдауында 

ерекше назарды мемлекеттік қызмет көрсетудің 

сапасын арттыруға аудару қажет деп атап өткен. 

Бұл  бағыттағы  басты  міндет  –  мемлекеттік  ап-

парат  халықпен  өзара  қарым-қатынастарында 

біржақты 

өктем 

көзқарастардан 



арылып, 

азаматтарға  мемлекеттік  қызметтерді  тиімді 

және жедел түрде көрсетуге көшу.

Әлемнің  дамыған  мемлекеттерінде  және 

елімізде мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік 

қызметпен тығыз байланыста. Бұл кездейсоқ емес, 

себебі  мемлекет  өз  қызметтерін  мемлекеттік 

органдар, сондай-ақ  жеке және заңды тұлғалар 

арқылы көрсетеді. 

Еліміздің  осы  саладағы  саясаты  мемлекеттік 

көрсетілетін 

қызметтерді 

тұтынушылардың 

құқықтарын  жүзеге  асыруға,  заңды  мүдделерін 

қанағаттандыруға және сапалы қызмет көрсетуге 

бағытталған. Бұл тұрғыда көрсетілетін қызметтер 

сапасын мемлекеттік бақылаудан бөлек қоғамдық 

бақылау жүргізу мәселесі өзекті болып табылады. 

Қоғамдық  бақылауды  жүргізу  қоғаммен 

бірге  мемлекеттік  билікке  де  пайдалы.  Расымен 

де,  бұл  жұмыс  мемлекетті  жауапты  болуға,  заң 

талаптарының  орындалуын  қамтамасыз  ету-

ге,  адамның  құқығы  мен  бостандығын  қорғауға 

және  сыйлауға,  жалпы  айтқанда  ортақ  игіліктің 

тиімділігіне  міндеттейді.

Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  сапасын 

бағалаудағы  қоғамдық  бақылаудың  негізгі 

мақсаты — мемлекеттік органдар жұмыстарының 

кері  байланысын  қамтамасыз  ету.  Бұл  құрал 

сол  немесе  басқа  да  қызметтердің  мақсаты 

мен  қажеттілігін  және  де  оларды  көрсету 

әдістерінің тиімділігін  анықтауға септігін тигізеді.  

Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  жыл  сай-

ын  артып  келеді.  Соның  нәтижесінде  оларды 

заңнамалық  деңгейде  реттеу  қажеттілігі  туын-

дады.  Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  негізгі 

ұғымы, сонымен бірге қызмет алушының құқығы 

және  қызмет  берушінің  құқығы  мен  міндеттерін 

анықтайтын 

«Мемлекеттік 

көрсетілетін 

қызметтер  туралы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңында  жеке  тұлғаларға  және  үкіметтік  емес 

ұйымдарға  басқарушы  шешімдерді  қабылдау 

кезінде  белсенді  қатысуға  мүмкіншілік  беретін, 

мемлекеттік  қызмет  көрсету  саласын  жетілдіру 

мен  дамытудағы  қоғамның  рөлін  арттыратын 

жаңа әдістер енгізілді.

Осындай  әдістердің  бірі  —  мемлекеттік 

қызметті көрсету рәсімдерін жетілдіру бойынша 

әрбір азаматқа өз ұсынысын беруге мүмкіншілік 

беру.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер 

стандарттарының жобаларын жария талқылау.

Келесі  бір  маңызды  және  түйінді  тетіктердің 

бірі  —  жеке  тұлғалар.  Коммерциялық  емес 

ұйымдар  бастамасы  бойынша  және  өз  есебінен 

іске  асыратын,  сонымен  бірге  мемлекеттік 

қызметтер  көрсету  сапасын  бағалау  және 

бақылау  жөніндегі  уәкілетті  органның,  яғни 

Қазақстан 

Республикасының 

Мемлекеттік 

қызмет істері жөніндегі министрлігінің қоғамдық 

мониторингті қалыптастыруға және іске асыруға 

бағытталған  мемлекеттік  әлеуметтік  тапсы-

рыс  бойынша  мемлекеттік  қызметтер  көрсету 

сапасының қоғамдық мониторингін жүргізу.

Қоғамдық  мониторинг  қорытындысы  бой-

ынша  мемлекеттік  қызмет  көрсету  сапасының 

деңгейі туралы ақпараттарды жинақтау және тал-

дау  жұмыстары  жүргізіледі,  қызмет  берушілерге 

заң талаптарының сақталмауы фактілерін жою ту-

ралы және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің 

сапасын  және  оңтайландыруын  арттыру  бой-

ынша  ұсыныстар  әзірленеді.  Қызметті  көрсету 

кезіндегі әкімшілік кедергілер және мемлекеттік 

қызметші  тарапынан  жіберілген  рәсімділік  пен 

субъективтік бұзушылықтар анықталады.

Аталған  мониторинг  қандай  да  бір  саладағы 

мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  сапасына 

азаматтардың  ақпарат  нәтижесін  алуға  көмек 

береді.  Сонымен  қатар,  бұл  жұмыс  мемлекеттік 

деңгейдегі  халыққа  қызмет  көрсету  рәсімдерін 

жақсарту бойынша өткізіліп жатқан өзгерістерге 

азаматтардың сенім деңгейін анықтауға мүмкіндік 

береді.


Қоғамдық  мониторинг  жүргізу  кезінде 

халықпен жұмыс жасаудың түрлі формалары пай-

даланылады:  сауалнамалар,  фокус-топтар  және 

сұхбат жүргізу, «құпия сатып алушы», мемлекеттік 

қызмет көрсету үдерісіне бақылау жүргізу.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапа-

сына  қоғамдық  мониторинг  жүргізудің  рейтингі 

бекітіліп, 

азаматтардың 

қанағаттанушылық 



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІ БОЛСЫН

Қазақстан Республикасы 

ТМД елдері ішіндегі сыбайлас 

жемқорлықпен күрес туралы арнайы 

заң қабылдаған бірінші және бірден-

бір мемлекет. Елбасының бастама-

сымен қоғамның  дамуы үшін, уақыт 

талабына сай туындаған кез келген 

реформа  мемлекеттілігімізді нығайта 

түсу үшін  әртүрлі кеселдерден 

айығуды басты міндет етіп қояды. 

Оның бірі  -  сыбайлас жемқорлықпен 

күрес жолы. 

Бес институционалдық  реформа 

«100 нақты қадам» - Ұлт жоспары 

жарияланғаны баршамызға мәлім.  

Дамыған елдердің қатарына 

кірудің  басты талаптарының бірі — 

әлеуметтік-экономикалық дамуды, 

күрделі жаһандық бәсекелестік 

жағдайында ілгерілеуді баяулататын, 

елдің даму болашағына айтарлықтай 

қауіп төндіретін құбылыс - сыбайлас 

жемқорлықты түп тамырымен жоюды 

көздейді.  2015 жылдың қараша 

айында Қазақстан Республикасының 

1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы күрес туралы» Заңына біршама  

өзгерістер енгізіліп, үстіміздегі 

жылдың 1 қаңтарынан бастап 

жаңа редакциядағы «Сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 

Заңының  көпшілікке ұсынылуы  

аталған жоспардың 13-қадамының 

жүзеге асырылуының дәлелі.

Заңда мемлекеттiк мiндеттердi 

атқаратын адамдардың, сондай-ақ 

соларға теңестiрiлген адамдардың 

лауазымдық өкiлеттiгiн және соған 

байланысты мүмкiндiктерiн пайда-

лана отырып өкiлеттiктерiн өзгеше 

пайдалануы, жеке өзi немесе дел-

далдар арқылы заңда көзделмеген 

мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар 

алуы сыбайлас жемқорлық деп 

ұғынылады. Сондай-ақ, бұл заңның 

мақсаты - азаматтардың құқықтары 

мен бостандықтарын қорғауға,   

Қазақстан Республикасының Ұлттық 

қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, 

сыбайлас жемқорлыққа байланысты 

құқық бұзушылықтың алдын алып 

анықтауға, олардың жолын кесуге, 

олардың зардаптарын жоюға және 

кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы 

мемлекеттiк органдардың, лауазымды 

тұлғалар және басқа да адамдардың 

тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге 

бағытталады. Сыбайлас жемқорлық 

мемлекеттік негіздерді іштей күйретіп, 

экономикасына нұқсан келтіреді. Со-

нымен бірге жаһандық бәсекелестікке 

түсу кезінде мемлекеттің имиджіне 

кері әсерін тигізеді. Ең бастысы 

сыбайлас жемқорлық көріністері 

халықтың билікке, заңға деген сенімін 

жояды. 

Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына 



аяқ басқалы отырмыз. Осы 

Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік 

ұстап тұруымыз үшін, еліміздің 

бірлік-берекесі мен тыныштығы 

үшін сан  ғасырлардан ұласып келе 

жатқан тарихымызды, тілімізді, салт-

дәстүрімізді, басты байлығымыз - ата-

бабаларымыздан  мұра болып қалған 

жерімізді  сақтап  қалу үшін  Қазақстан 

халқының  алдында мемлекетімізді 

дендеген кеселмен күресу  жолы тұр. 

Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен 

күрес жүргізу  - тек жеке адамдардың 

ғана емес, мемлекеттің, әрбір 

азаматтың, тұтастай қоғамның басты 

міндеті мен борышы.

А. ЕРҒАЗЫ

аудандық әділет басқармасының 

бас маманы.

консультативтік-кеңесші  органы  болып 

табылады.

Жыл  басында  өткен  әлеуметтік 

әріптестік  пен  еңбек  қатынастарын 

реттеу  жөніндегі    облыстық    үшжақты 

комиссияның  отырысында    берілген 

тапсырмаға сәйкес, ҚР Еңбек Кодексінің 

негізінде тоқсан сайын облыс әкімдігінің 

еңбек  инспекциясы  басқармасы  100  ірі 

және  орта  кәсіпорындарындағы  еңбек 

қатынастары,  еңбек  қауіпсіздігі  және 

еңбекті  қорғау  жай-күйіне    мониторинг 

жүргізуді жүзеге асыруда. 

Ағымдағы 

жылдың 


бірінші 

тоқсанында  жүргізілген  мониторингтің 

қорытындысына  жүгінсек,  аталмыш 

100  еңбек  ұжымдардың  27-де  ұжымдық 

шарттар 

жасалынбағандығы, 

88 

кәсіпорындарда жазатайым оқиғалардан 



жұмысшылар  сақтандырылмағандығы, 

696  қызметкерлердің  жұмыс  уақыты 

толық  еместігі,  6  кәсіпорында  жұмыс 

орны  қысқаруы  орын  алса,  «Talas 

Investment  company»  ЖШС,  «Жамбыл 

металлоконструкция  зауыты-Имсталь-

кон» ЖШС, «Запчасть» АҚ жұмысшыларға 

жалақыларын 

беруде 

заң 


талап-

тарын  бұзу  фактілері  орын  алған. 

Кәсіпорындарда  еңбек  қатынастарына 

сәйкес  орын  алған  заң  бұзушылықтар  

мемлекеттік  еңбек  инспекторларының 

араласуымен шешімін табуда.

Есепті 

кезең 


бойынша 

еңбек 


қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау  сала-

сында  облыс  еңбек  ұжымдарында  30 

заң  бұзушылықтар  анықталды.  Олар, 

қызметкерлерді  оқыту  және  нұсқама 

өткізу  бойынша,  жеке  және  ұжымдық 

қорғану  құралдарымен  қамтамасыз 

ету,  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті 

қорғау  жөніндегі  нормативтік-құқықтық 

актілерімен  қамтамасыз  ету  және 

әзірлеу,  кәсіби жарамдылығын анықтау 

үшін  міндетті  медициналық  тексеру 

өткізу,  еңбек  қауіпсіздігіне  жауапты 

қызмет құру немесе жауапты тұлғаларды 

белгілеу. 

Осы  кезең  ішінде  өндірісте  зардап 

шегушілердің  ауқымды  бөлігі  тау-кен  - 

металлургия  өнеркәсібі  салалары  мен 

бюджеттік  ұйымдарға  тиесілі  болып 

отыр.         

Жалпы, 


басқарма 

тарапынан 

құрылған  комиссиялармен  12  жазатай-

ым  оқиғалар  арнайы  тергеп-тексерілді. 

Барлық арнайы тергеп-тексерілген жаза-

тайым  оқиғалар  бойынша  жинақталған 

материалдар  ішкі  істер  органдарына 

негізінен қарауға жолданды. 

Жазатайым 

оқиғалардың 

негізгі  себептері,  жұмыс  жүргізудің 

қанағаттанғысыз ұйымдастырылуы,  зар-

дап  шегушінің  өрескел  абайсыздығы,  

оқиға  автожол  қозғалысы  ережелерінің 

бұзылуы.  Мұның  салдарлары  айрықша 

елеулі экономикалық шығындарға әкеліп 

соғатыны  белгілі.  Әрбір  қызметкердің 

өмір 


тіршілігінің 

қауіпсіздігі 

мен 

денсаулығының  сақталуына  басымдық 



берілуі  еңбек  қорғау  саласындағы 

тәуекелдерді  басқару  стратегиясының 

басты кепілі болып табылады.

Кәсіби  тәуекелдер  мен  еңбек 

жағдайын  бағалау  дәлдігін  арттырудың  

маңызды 


факторлары 

– 

жұмыс 



берушіге  және  жұмыскерге    өндірістік 

объектілерді 

еңбек 

жағдайлары 



бойынша 

аттестаттау 

тәртібінің 

түсініктілігі,  жұмыс  берушілердің  еңбек 

заңнамасының  талаптарына  сәйкес 

әкімшілік 

кедергілерді 

төмендету 

және  шағын  бизнес  шығындарын 

азайту 


 

мақсатында 

заңнамалық 

бекітілген  механизміне  ерікті  деклара-

циялау  болып  табылады.          Әлеуметтік 

әріптестік институтын одан әрі нығайту 

мақсатында  әлеуметтік  кепілдіктерді 

қамтамасыз  ету,  еңбек  және  жұмыспен 

қамту  саласында  халықаралық  стан-

дарттарды ілгерілету еліміз  үшін әр кез-

де  де  маңыздылығын  жоймайды.  Жаңа 

Еңбек  кодексіне  өзгерістер  енгізілуіне 

байланысты      мемлекеттік  еңбек 

инспекторларының  тиісті  тексерулері 

қорытындыларына  сәйкес  "Кнауф  Гипс 

Тараз"  ЖШС,  "Интергаз  Орталық  Азия" 

АҚ  филиалы,  "Т.И.Батуров  атындағы 

Жамбыл  ГРЭС-і"  АҚ  секілді  жұмыс 

беруші  тараптар  қызметін  декларация-

лау  жосығы  жүзеге  асырылды.  Осының 

негізінде  оларға  сенім  сертификаттары 

табыс етілді. 

Мысалы,  қазір  көптеген  компания-

ларда жұмыс орындарында тәуекелдерді 

бағалау  жүйесі  енгізілуде.  Оған  жаңа 

элементтері  еңбекті  қорғау  мінез-құлық 

аудиті  және  тіркелуі  ықтимал  қауіпті 

оқиғалар  мен  басқа  да  технологиялар 

мен әдістер кіреді.

Еңбек 


ұжымдарында 

еңбек 


қатынастары  және  еңбек  қауіпсіздігін 

заң 


талаптарына 

сәйкестендіру 

мақсатында  облыстық  еңбек  инспекция 

басқармасымен 

ақпараттық-түсіндіру 

жұмыстары жүргізілуде. 

Есепті  мерзімде  еңбек  қатынастары 

саласы  бойынша  7  дөңгелек  үстелдер 

мен  семинарлар,  30  еңбек  ұжымына 

1512  қызметкерлерге  оқулар  өткізілді, 

ақпарат баспасөз беттерінде  мақалалар 

жарияланып,    облыс  тұрғындарының 

еңбек 

заңнамасына 



қатысты 

сұрақтарына 

жауаптар 

берілуде.  

Қорыта  келе  айтарымыз,  әлеуметтік 

әріптестердің  қауіп-қатерлерді  анықтау, 

тәуекелдерді  бағалау  бойынша    тиімді 

шараларды  енгізуге  күш  жұмылдыра  

отырып, еңбек қатынастары мәдениетін 

қалыптастырмайынша, 

өндірістің 

қауіпсіздігін  арттыру  еш  мүмкін  емес. 

Қауіпсіздікке  қатысты  жауапкершілікті 

тек  жұмыс  беруші  ғана  емес,  сонымен 

қатар  жұмысшылар  да  шынайы  сезіне 

білуге тиіс. 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ - ӨНЕР ҚҰШАҒЫНДА»

Көктөбеліктер көтеріңкі көңіл сыйлады

Бірлікүстем ауылдық округінде 

сыбайлас жемқорлық бойынша өткен 

қоғамдық қабылдауда   осыған дейін 

тұрғындар тарапынан қойылған 

бірнеше сұрақтарға нақты жауап-

тар қайтарылды. Атап айтқанда, 

Домалақ-Ене атындағы орта мектептің 

мұғалімі Қанат Исаев «Шатырқұл» 

кен орнында уранды ашық түрде 

тасымалдайтындығын айтып, оның 

зияны мен радиация пайызын 

қалай білуге болатындығын сұраған 

болатын.  «Нұр Отан» партиясы 

аудандық филиалы жанындағы сы-

байлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет 

жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы 

Тұрсынбай Халық пен аудандық арда-

герлер кеңесінің төрағасы Қазақбай 

Байжұманұлы сұрақтың жауабын жан-

жақты қарастырып, арнайы маман-

дардан сұрағаннан кейін, ешқандай 

зияны жоқтығын жеткізді. Аталмыш 

мектептің директоры Раушан 

Қойбағар салынып жатқан жолдың 

сапасын қалай білуге болатындығын 

сұраған еді. Тұрсынбай Нұрғалиұлы 

оған сұрақты жазбаша түрде жолдаса, 

міндетті түрде қарастырылатындығын 

айтты.

(Өз тілшіміз).



Еңбек қауіпсіз болуы қажет

деңгейін анықтау бойынша қызмет алушылар ара-

сында сұрақ қою арқылы жүргізіледі және келесі 

критерийлер  бойынша  бағаланады:  ақпаратқа 

қолжетімділік,  қызмет  сапасы,  оны  көрсету 

үдерісі,  қызметтер  туралы  ақпарат,  қызметтің 

нәтижесі мен оларды электронды түрде көрсету.

Осылайша, 

мемлекеттік 

көрсетілетін 

қызметтер  сапасына  қоғамдық  мониторинг 

жүргізу қызмет көрсету сапасын арттырудың ба-

сты тетіктерінің бірі болып табылады.  

Мемлекеттік 

қызмет 

көрсету 


сапасын 

арттырудағы  маңызды  мәселелердің  бірі  — 

халықтың  мемлекеттік  қызметтерді  көрсету 

тәртібі жөнінде хабардар болуын және құқықтық 

сауаттылығын  арттыру,  заң  бұзушылықтардың 

алдын алу және сыбайлас жемқорлық көріністері 

мен тәуекелдерін жою.

Мемлекеттік  қызметті  берушіге  немесе 

«Азаматтарға  арналған  үкімет»  мемлекеттік 

корпорациясына  (халыққа  қызмет  көрсету 

орталығы)  қызмет  алуға  барған  әрбір  азамат 

оны көрсету стандартымен танысуы қажет. Онда 

қызмет  алушыға  арналған  барлық  ақпараттар 

көрсетілген: қызметті көрсету тәртібі, мерзімі, ны-

саны,  нәтижесі,  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің 

төлемақысы,  оны  төлеу  әдістері,  қызмет 

берушінің  жұмыс  регламенті,  қызмет  көрсетуге 

қажетті құжаттар тізілімі, шағымдану тәртібі және 

тағы басқа.

Халықты 


ақпараттандыру 

мақсатында 

мемлекеттік 

қызмет 


көрсететін 

барлық 


мемлекеттік 

мекемелерде 

(ұйымдарда) 

ақпараттық  стендтер  орнатылған,  ресми  интер-

нет-ресурстарында қажетті мәліметтер берілген.

Қысқаша  айтқанда,  әрбір  азамат  мемлекеттік 

қызметтер көрсету саласындағы құқықтық сауатын 

жетілдіру нәтижесінде өз құқықтарын қорғап қана 

қоймай,  қызмет  көрсету  сапасын  жоғарылатуға 

және  сыбайлас  жемқорлық  көріністердің  алдын 

алуға оң септігін тигізе алады.     

Анықтама үшін:

Мемлекеттік  қызметтерді  алу  барысында 

құқықтарыңыз  бұзылып,  заңды  мүдделеріңізге 

нұқсан 

келген 


жағдайда 

Қазақстан 

Республикасының  Мемлекеттік  қызмет  істері 

министрлігінің  Жамбыл  облысы  бойынша 

департаментіне шағымдануыңызға болады.

Мекенжайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 

үй, 8-қабат. 

Байланыс телефондары: 8 (7262) 43-88-08, 

43-88-22.

Нақты жауаптар берілді

Ел сенімі

ескерілуі тиіс

Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіз-

дігінің  25  жылдығына  орай    өткізіліп 

келе  жатқан  «Мәңгілік  Ел  -  өнер 

құшағында»  атты  үздік  ауыл  байқауын 

Көктөбе ауылының өнерпаздары жалғастырды. 

Аудандық  Мәдениет  үйінің  алдында  тігілген  киіз  үйдің  ішінде 

таза ауыл өнімдерінен ақ дастархан жайылып, келген қонақтар 

мен әділқазы алқалары дәм татты. Мәдениет үйінің ішінде халық 

әндерін  сыңғырлата  орындаған  ақ  жаулықты  әжелер  шашу 

шашты.  Фойеде  қазақ  күресі,  шахмат  ойындары  көрсетілді. 

Аталған  спорт  түрлерінен  №30  спорт  мектебінде  қазақ 

күресінен  жаттықтырушы  А.Сейітовтың  жетекшілігіндегі  жас 

спортшылардың  аудандық, облыстық, республикалық деңгейде 

жеңіп алған медальдары, грамоталары  көздің жауын алды. Жеке 

кәсіпкер С.Көпбаевтың наубайханасынан шыққан ыстық нандар, 

қолөнер бұйымдары, ауыл кітапханашысы Б.Көпбаеваның кітап 

көрмесі, жалпы барлығы талапқа сай (суретте). 

Сондай-ақ,  Көктөбеден  шыққан  қарымды  қаламгерлердің, 

өнер  майталмандарының  суреттері  жапсырылған  буклет  те 

көрген  жанды  рухани  әсерге  бөлейді.  Сазды  бағдарламаның 

ашылуы  барысында  ауыл  әкімі  Н.Сұлтанбаев  ауылдың  тыныс-

тіршілігімен  қысқаша  таныстырып,  қоңыр  дауысымен  ән  ай-

тып,  көрермендердің  қошеметіне  бөленді.  Ары  қарай  ауыл 

өнерпаздары ұсынған әндер мен күйлер тыңдаушылардың құлақ 

құрышын қандырды.

Б.ЖЕКСЕНБЕКҚЫЗЫ.




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал