Журнал общественного объединения ученых и педагогов республики казахстан казахской академии образования



жүктеу 3.61 Kb.

бет1/15
Дата18.02.2017
өлшемі3.61 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 

В журнале отражаются результаты  
научных исследований по направлениям: 
- педагогика; 
- психология; 
- история; 
- филология; 
- философия; 
- политология; 
- социология; 
- социальная работа; 
- экономика; 
- юриспруденция. 
 
ЖУРНАЛ ОБЩЕСТВЕННОГО ОБЪЕДИНЕНИЯ  
УЧЕНЫХ И ПЕДАГОГОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  
КАЗАХСКОЙ АКАДЕМИИ ОБРАЗОВАНИЯ  
 
 
Решением Коллегии Комитета по контролю в сфере образования и науки 
Министерства образования и науки Республики Казахстан  
включен в Перечень научных изданий, рекомендуемых для публикаций основных 
результатов диссертаций 
 
 
В  журнале  публикуются  результаты  исследований  современного  состояния 
системы образования в Республике Казахстан, обсуждаются вопросы теории и практики 
образования. 
 
 
 
НАС ЧИТАЮТ ПРЕПОДАВАТЕЛИ ВУЗОВ,  
ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ РАБОТНИКИ ОРГАНИЗАЦИЙ ОБРАЗОВАНИЯ, 
МИЛЛИОНЫ ПОСЕТИТЕЛЕЙ БИБЛИОТЕК СТРАНЫ 
 
 
Подписной индекс: 74182 
Адрес редакции: 010009, г. Астана, ул. Жумабаева, 3. 
Тел.: (7172) 561-933 
E-mail: eagi@list.ru 
 
 
Главный редактор:   
Оспанова Ярослава Николаевна, к.п.н., доцент 
 
Заместитель главного редактора:  
Мамаділ Қайрат Асылбекұлы, к.ф.н., доцент 
 
 

 

Учредитель – Общественное объединение ученых и педагогов  
Республики Казахстан «Казахская академия образования»  
 
 
Свидетельство о постановке на учет СМИ № 9608-Ж выдано 4 ноября 2008 года 
Министерством  культуры и информации Республики Казахстан 
 
 
Председатель редакционного совета 
Кусаинов А.К., д.и.н., профессор 
 
 
Члены редакционного совета 
Башаров Р.Б., к.ф.-м.н., профессор 
Боланьос Х.Э., профессор 
(Гранадский университет, Испания) 
Борбасов С.М., д.полит.н., профессор 
 
Габдуллина К.Г., д.социол.н., профессор 
Дадебаев Ж.Д., д.ф.н., профессор 
Дронзина Т.А., д.полит.н., профессор  
(Софийский университет, Болгария) 
Иншаков О.В., д.э.н., профессор 
(Волгоградский гос.университет) 
Когамов М.Ч., д.ю.н., профессор 
Кадыров Б.Р., д.психол.н., профессор  
(Ташкентский гос.университет) 
Кодин Е.В., д.и.н., профессор  
(Смоленский гос.университет) 
Нурышев Г.Ж., д.э.н., профессор 
Пакуш Л.В., д.э.н., профессор (Республика Беларусь) 
Сарыбеков М.Н., д.п.н., профессор 
Шаймарданов Ж.К., д.б.н., профессор 
 
Члены редакционной коллегии 
Абдрашитова Т.А., к.психол.н., доцент 
Айтказин Т.К., д.филос.н., профессор 
Ахметов К.А., д.и.н., профессор 
Аширбекова А.Д.  
Бимендина А.Т. 
Волкова Л.В., к.п.н., доцент 
Забирова А.Т., д.социол.н., доцент 
Исмаилов А.Ж., к.психол.н., профессор 
Косанов Ж.Х., д.ю.н., профессор 
Мамаділ Қ.А., к.ф.н., доцент 
Сарсекеев Б.С., д.п.н., доцент 
 
 
Ответственный секретарь: Кемайкина Т.Н. 
Компьютерная верстка: Кардыбаева М.С. 
 
ПРИГЛАШАЕМ РАЗМЕСТИТЬ РЕКЛАМУ  
Менеджер по рекламе – Хамзина Салтанат Булатовна  
Телефон/факс: (7172) 561-933. E-mail: eagi@list.ru 

 

ҚАЗАҚ БIЛIМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 
БАЯНДАМАЛАРЫ 
3-4/2011 
Журнал 2006 жылдан бастап шығады 
 
МАЗМҰНЫ 
СОДЕРЖАНИЕ 
 
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ 
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 
Сейітқазы П.Б

 
Тәрбие  үрдісіне  дайындауда  жаңа  педагогикалық 
технологияларды 
пайдаланудың 
тиімділігі 
жайында.................................................................................... 
 
 

Исмагулова С. К.  
 
Самостоятельная 
деятельность 
обучающихся 

необходимое  условие  для  саморазвития  будущего 
специалиста.............................................................................. 
 
 
11 
Абуова Ж. Е. 
 
Обучение аудированию студентов языковой 
специальности в колледже (из опыта работы)…………….. 
 
14 
 
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА, ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ БІЛІМ ТАРИХЫ, 
ЭТНОПЕДАГОГИКА 
ОБЩАЯ ПЕДАГОГИКА, ИСТОРИЯ ПЕДАГОГИКИ И ОБРАЗОВАНИЯ
ЭТНОПЕДАГОГИКА 
 
Болотова М. И. 
Реализация  технологии  ценностного  самоопределения 
личности  в  воспитательной  системе  образовательного 
учреждения………………………………………………....... 
 
 
20 
Медетбекова Г.О. 
 
Толерантность 
как 
объект 
системного 
исследования………………………………………………… 
 
31 
Оспанова Я.Н. 
Ильясова А.У. 
Толерантность 
в 
аспекте 
межкультурной 
коммуникативной компетенции……………………………. 
 
36 
Алибаева К.С. 
Оценка  гимназии  выпускниками  как  путь  реализации 
личностно  -  ориентированного  подхода  к  образованию  и 
компонент внешнего мониторинга ее деятельности……… 
 
 
39 
Кушнир  М.П.  
 
Женская  проблематика  в  современных  педагогических 
журналах Республики Казахстан…………………………… 
 
42 
Пашевич Н. Л.  
 
Программы    как    основа  реализации  модели  развития 
экологической  культуры  младших  школьников  в 
условиях дополнительного образования…………………... 
 
 
47 
Сарсенбаева С.И.  
 
Проектная  методика  как  условие  самореализации 
личности……………………………………………………… 
 
52 
Алдажанова К. К. 
 
Активизация  познавательной  деятельности  младших 
школьников на уроках математики………………………… 
 
56 
ТАРИХ 
ИСТОРИЯ 
Қалыш А.Б. 
Қазақстанда 
аралас 
ұлтты 
некелер 
мәселесіне 
 

 

көзқарас.....................................................................................  62 
Алексеев  В.В.  
 
М.В.Ломоносов 
как 
православный 
христианин…………………………………………………… 
 
67 
Кабульдинов  З.Е. 
 
Жумабай  Шаяхметов  –  видный  общественный  и 
государственный деятель Казахстана……………………… 
 
74 
Бексеитова А.Т. 
 
Тезек 
төренің 
қоғамдық 
– 
саяси 
қызметі 
.................................................................................................... 
 
79 
 
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС. ПСИХОЛОГИЯ 
СОЦИОЛОГИЯ. СОЦИАЛЬНАЯ РАБОТА. ПСИХОЛОГИЯ 
 
Бубнов Ю.М. 
 
Социологический  мониторинг  идейно-воспитательной 
работы в вузе………………………………………………… 
 
83 
Мухамбетова К.А. 
Обеспечение  универсального  доступа  к  профилактие  и 
лечению  наркозависимости:  социальные  и  правовые 
аспекты...................................................................................... 
 
 
88 
Айтышева А.М. 
 
Психологиялық 
кеңес 
беру 
тәсілдерін 
болашақ 
психологтерді даярлауда қолдану.......................................... 
 
93 
 
ЭКОНОМИКА 
 
Ищук А.И. 
Характеристика рынка туризма регионов России...................  99 
Аймурзина Б.Т.  
Бектубаева С.М.  
Основные  критерии  уровня  оптимальности  налоговой 
системы государства................................................................... 
 
104 
Ищук А. А. 
 
Методика  определения  зависимости  производительности 
труда 
от 
состояния 
организационной 
культуры 
предприятий................................................................................. 
 
 
109 
Сейтхожина Д.А. 
 
Роль 
государства 
в 
обеспечении 
экономической 
безопасности Республики Казахстан........................................ 
 
113 
Ахметова К.А. 
 
Формирование  функциональных  стратегий  маркетинга  в 
условиях рынка............................................................................ 
 
119 
Есенова  Г.Ж.  
Дәулетханова Ж.Д.  
Планирование 
бюджета, 
ориентированного 
на 
результат....................................................................................... 
 
125 
Сырлыбаева Н.Ш.  
Бакал О.Н. 
Анализ  действующей  налоговой  системы  Республики 
Казахстан...................................................................................... 
 
132 
 
ЮРИСПРУДЕНЦИЯ 
 
Аккулев А.Ш. 
 
Труд осужденных к лишению свободы: обязанность или 
право?........................................................................................ 
 
138 
Калайчев В.Р. 
 
К вопросу о факторах оптимизации правотворческой 
политики России в условиях глобализации.......................... 
 
144 
 
     ҒАЛЫМ СӨЗІ 
          СЛОВО УЧЕНОГО 
 
Кусаинов А.К. 
Интересный  труд  по  истории  дореволюционного 
казачества в Казахстане........................................................... 
 
150 
 

 

 
СЕЙІТҚАЗЫ П.Б. 
 педагогика ғылымдарының докторы,  
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры 
Астана қ. 
 
Тәрбие үрдісіне дайындауда жаңа педагогикалық технологияларды 
пайдаланудың тиімділігі жайында 
 
Елімізде  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 
бағдарламасы дайындалып, онда білім саласында болып жатқан жаңалықтарды одан әрі 
жетілдіруге байланысты нақты міндеттер қойылған.  Аталған бағдарламада бүгінгі таңда 
білім берудің мазмұны ерекше мәнге ие болып отырғандығы, оған барынша көңіл бөлу 
керектігіне мән берілген. Сондай-ақ Қазақстан Республикасында жүріп жатқан қоғамдық 
қатынастарды бағдарлаудың өзгерістері, қоғам алдындағы өмірдің өзі тудырып отырған 
жаңа  міндеттер  барлық  дәрежедегі,  оның  ішінде  жоғары  білімді  мамандар  даярлауға 
бейімделген  жоғары  мектептегі  қазіргі  оқытуды  ұйымдастырудың  мақсаттары  мен 
міндеттерін  қайта  қарастыруға,  жаңадан  ойластыруға  алып  келіп  отырғандығы 
көрсетілген.  Демек,  аталмыш  мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру  барысында  өзінің 
кәсіби  міндеттерін  өз  бетімен  шығармашылық  тұрғыдан  шеше  алатын,  кәсіби  тұлғасы 
мен  қоғамдық  маңызын  түсінетін  және  өз  іс-әрекетіне  жауап  беруге  кәсіби  жағынан 
қабілетті,  қандай  да  бәсекеге  дайын  жеке  тұлғаны  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін 
білім берудің тиімді жүйесі құрылуы қажеттігі туындайды. Соған сәйкес, жоғары кәсіби 
білім  беруге  бағытталған  оқу  орындарының  басты  мақсаты  −  бұл  қазіргі  заманға 
лайықталған технологияларды пайдалана отырып кәсіби білім беру.  Әсіресе ақпараттық 
технологияларға  негізделе  отырып,  сапалы  білім  беру  арқылы  біліктілігі  жоғары  және 
бүгінгі бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды даярлау болып отыр.  
Бұл  айтылғандарды  жүзеге  асыру  үшін  мемлекет  тарапынан  барлық  қажетті  де 
маңызды  шаралар  ұйымдастырылып  отыр  деуге  толық  негіз  бар.  Қоғамның 
қажеттіліктерін  орындауға  бейімделген  мамандарды  дайындауға  байланысты  соңғы 
кезде  жасалған  ұсыныстардың  бұл  мәселелерді  шешудегі  орны  ерекше.  Сондай-ақ, 
бүгінгі  күні  оқу-тәрбие  үрдісіне  әртүрлі  инновациялық  әдістерді  енгізу,  білімгерлердің 
білімге 
деген 
қызығушылығын 
арттыра 
отырып, 
өз 
бетімен 
ізденуіне, 
шығармашылықпен  айналысуына  мүмкіндік  беру  өз  жемісін  беретіндігі  кеңінен 
насихатталуда.  Бұл  мәселенің  айналасында  отандық  ғалым  Б.Тұрғынбаева  тек  жаңа 
заманның жаңашыл мұғалімдері ғана қоғамның болашақ өкілдерінің санасын дамытып, 
елдің өркениетке қарай жылдам іргерілеуін қамтамасыз етеді. Жаңа формация мұғалімі – 
білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық деп соғып тұратын, рефлексияға 
қабілетті,  кәсіби  дағдылары  дамыған  –  педагогикалық  дарын  иесі  болуы  тиіс.  Бұл 
міндеттер  біліктілікті  арттырудың  жаңа  мазмұнын,  білімдегі  жаңа  мақсаттар  мен 
құндылықтарға  сәйкес  келетін жаңа  педагогикалық технологияларын жасап  тәжірибеге 
ендіруді  тездетуді  алға  қояды  деген  ой  білдіреді  [1].  Демек,  оқу-тәрбие  үрдісін 
ұйымдастыруда  қалыптасқан  дәстүрлі  білім  беру  әдіс-тәсілдерімен  қатар,  ақпараттық 
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ 
ТЕОРИЯ И МЕТОДИКА ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
 

 

заманның  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  жаңа,  инновациялық  әдістерді  пайдалану 
өзіндік нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.  
Аталған  талаптарға  байланысты  кейінгі  жылдары  білім-тәрбие  дерісін 
ұйымдастыруда  көптеген  технологиялар  пайдаланыла  бастады,  солардың  бірі 
ақпараттық  технологиялар.  Бұл  технологияны  білім  саласында  қолдануды  кеңейтуде 
үлкен  қажеттілік туындап отыр. Соған сәйкес,  қазіргі кезде елімізде тек экономикалық 
және  саяси  процесте  ғана  емес,  білім  жүйесінде  де  жаңа  ақпараттық  технологиялар 
қолданыла бастады. Өйткені жаһандану заманында басқа дамыған елдерге тәуелді болып 
қалмау  саналы  көзқарасқа,    менталитетке,  ақпараттық  даму  деңгейіне  тікелей 
байланысты.    Ал  ол  өз  кезегінде  болашақ  мамандарды  даярлауда  берілетін  білім 
мазмұнына 
байланысты. 
Бүгінде 
білім 
қоғамның 
әлеуметтік-экономикалық, 
интеллектуалдық  және  рухани  дамуының  стратегиялық  бағдары  ғана  емес,  сонымен 
қатар  біздің  қоғамымыздың  қауіпсіздігінің  кепілі.  Сондықтан  ғаламдық  даму  көшінен 
қалыспас  үшін  білім  үнемі  озық  жүруі  тиіс.  Олай  болса,  жоғары  білім  беру  жүйесінің 
негізгі  нысаны  –  осы  заманғы  білім  мен  компьютерлік,  ақпараттық  технологияларға 
негізделген, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және бәсекелестіктің 
мықты  тегеурініне  төтеп  бере  алатын  кадрлады  дайындау.  Жалпы  ақпараттық 
технология  мәселесіне  келетін  болсақ,  «ақпарат»  ұғымына  төмендегідей  анықтама 
берілген: 
      1.  Тұтас  білім  беру  жүйесінің  және  оның  жекелеген  бөліктерінің,  компоненттерінің 
сипатын  жақсартатын  тұрақты  элементтерді  білім  беру  ортасына    енгізудегі  мақсатқа 
бағытталған өзгерістер. 
     2.  Жаңашылдықты  (жаңа  құралдарды,  әдістерді,  әдістемелерді,  технологияларды, 
бағдарламаларды және т.с.с) меңгеру үрдісі. 
     3.  Ерекше  әдістемелер  мен  бағдарламаларды  іздестіру,  оларды  білім  беру  үдерісіне 
енгізу және оларды шығармашылықпен ой елегінен өткізу [2].  Олай болса, ақпараттық 
технология  педагогикалық  іс-әрекетке  жаңаны  енгізу,  оқыту  мен  тәрбиелеу  тиімділігін 
арттыру  мақсатында  олардың  мазмұны  мен  технологиясын  өзгерту  болып  табылады. 
Ақпараттық  технологияны  пайдалана  отырып  білім  беру  кез  келген  пәнді  оқытуда 
болашақ  мұғалімдердің  ой-өрісін  кеңейтіп,  кәсіби  даярлық  деңгейін  көтеріп, 
шығармашылықпен  жұмыс  істеуге,  жаңашыл  тәжірибелер  мен  әдістемелерді  кеңінен 
пайдалануға  және  оқушыларға  білім  беруді  жаңашылдық  тұрғысынан  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік  береді.  Ақпараттық  технология  аса  қажетті  педагогикалық  мәселелердің 
шешімін  табуға,  ой  еңбегін  арттыруға,  оқу  үдерісін  тиімді  басқаруға  негізделген. 
Ақпараттық технологияның, әсіресе  болашақ мұғалімдерді тәрбие  үрдісіне  дайындауда 
алатын  орны  ерекше,  өйткені,  бұл  технологияны  пайдалану  арқылы  олар  әртүрлі 
тәрбиелік шараларды өткізуде кездесетін қиындықтарды  жоюдың  жолдарына үйренеді. 
Осыған 
байланысты 
зерттеуші 
А.К.Асаубаева 
қазіргі 
заманғы 
ақпараттық 
технологияларды  игеруде  болашақ  мамандарды  даярлауда  келесі  міндеттер  атқарылуы 
тиістігін көрсетеді: 
−  болашақ  мамандарды  ақпараттық  қоғам  жағдайында  оқып,  білім  алуға,  өмір 
сүруге бейімдеу; 
−  жаңа  ақпараттық  технологияға  бейімделген  білім  берудің  ғылыми  әдістемелік 
базасын, жоғары білім беру жүйесін жаңарту. 
           Сонымен  қатар  ақпараттық  технологияны  оқу-тәрбие  үдерісінде  пайдаланудың 
төмендегідей бірнеше артықшылықтарын атап өтуге болады, олар: 
−  әрбір  адамның  өздігінен  білім  алуының  меншікті  траекториясын  қамтамасыз 
ететін білім берудің ашық жүйесін құрайды; 

 

−  ақпаратпен  жұмыс  жасай  алу  білігін  қалыптастырады  және  қатынас  жасай  алу 
қабілетін дамытады; 
−  таным  процесін ұйымдастыруда оны  жүйелі ойлау  жағына  жылжыту  жолымен 
түбегейлі өзгертеді; 
−  оқу  процесінде  оқушылар  мен  студенттердің  танымдық  іс-әрекетін  қолайлы 
ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады; 
− жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды; 
− білім беруді ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етеді [3]. 
Бүгінгі  таңда  жаңа  педагогикалық  технологиялардың  пайда  болуымен  әрбір 
мұғалімнің  коммуникациялық  компьютерлік  ортада  жұмыс  істеуі,  басқа  да 
коммуникацияның  мүмкіндіктерін  пайдалануы  сияқты  күнделікті  әдетке  айналуы  үшін 
оларға  электронды  пошта  мен  интернеттен  бастап,  басқа  да  электронды  құралдармен 
жұмыс  істей  алуға  үйрету  және  қажетті  барлық  жағдайларды  жасау  керек.  Өйткені 
мұндай шаралар арқылы мұғалімнің ақпаратты іздеп табу, әртүрлі құжаттарды дайындай 
алудағы іс-әрекетін анағұрлым жеңілдетіп, оқу процесін одан әрі жетілдіреді, сондай-ақ 
олардың  кәсіби  біліктілігін  арттыруға,  өздігінен  іздену  арқылы  білімін  көтеруге 
мүмкіндік  береді.  Сондықтан  мұғалімдерді  кәсіби  даярлауға  қойылатын  талаптардан 
тікелей  туындайтын  міндет  бұл  барлық  курстарды  жаңа  ақпараттық  технологияларды 
пайдалана отырып, олардың мазмұнын жаңарту, қосымша материалдарды енгізу болып 
табылады.  Бұған  арнайы  пәндер  бойынша  компьютерлік  оқыту  бағдарламаларын, 
электронды  оқулықтар,  электронды  тасымалдағыштарда  әртүрлі  оқу  материалдарын 
дайындап,  оларды  оқу  процесінде  пайдаланудың  мүмкіндіктері  жатады.  Демек, 
қазіргідей  ақпараттық  мүмкіндіктер  жоғары  болып  отырған  заманда  оқу-тәрбие 
үрдісінде  оның  тиімді  мүмкіндіктерін  жан-жақты  пайдалану  мұғалімдер  үшін  өз  іс-
әрекетін ұтымды ұйымдастыруға кең жол ашып отыр.  
Өйткені  жаңа  педагогикалық  технологияны  меңгеруде  мұғалімдердің  кәсіби 
білімін шыңдауы – педагогтің жеке тұлғаны қалыптастыруы болса, ол қоғам мақсатына 
сай  саналы  әрекет  пен  қарым-қатынас  жасайтын,  рухани  құндылықтарды  бойына 
жинаған,  дүниетанымдық,  зерделілік,  ізгілік  қасиеттерімен  дараланатын  адам. 
Сондықтан  бұл  міндеттің  ауқымы  мен  маңызы  зор.  Біз  болашақ  мұғалімдерді  тәрбие 
үрдісіне  дайындауда  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мүмкіндіктеріне  жүгіндік.  Ал 
БАҚ-тың  тәрбиелік  мүмкіндіктерін  нақты  пайдалана  алу  үшін  дамыта  оқыту 
технологиясына  кеңінен  мән  берілді.  Өйткені    дамыта  оқыту  технологиясының  негізі 
тікелей тұлғаны жан-жақты дамыта отырып, оның  жеке басын, дүниетанымын, ойлауын 
дамытуды көздейді.  
Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей: 
−  тұлға субьекті, яғни, ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады; 
−   тұлғаның қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды
−  білім дайын күйінде ұсынылмайды; 
− дамыта оқытудағы басты іс-әрекет – диалог, пікірлесу, пікірталасы. Олай болса, 
болашақ 
мамандардың 
БАҚ 
материалдарын 
талдай 
білуі, 
пікірталастарды 
ұйымдастыруды  үйренуі  аталмыш  дамыта  оқыту  технологиясын  меңгеру  барысында 
кеңінен  жүзеге  асырылады.  Олай  болса,  бұл  технологияны  пайдалануда  оқытушы 
бұқаралық  ақпарат  құралдарының  мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып  диалогті 
ұйымдастырады, бағыт береді, студенттердің іс-әрекетін, ынтымақстастығын бір бағыт, 
бір мақсатқа бағыттайды. 
Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  жеке  тұлғаны  дамытуда  оқытудың  жаңа  әдістерін 
пайдаланып,  тәрбиелеу  қажеттілігі  сезілуде.  Жеке  тұлғаны  қалыптастыруда  ерекше 
әдістерді  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  жаңа  технологияның  бірі  –  «Сын  тұрғысынан 

 

ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» технологиясы. Аталмыш жобамен жұмыс жасау 
барысында  оқытушы  студенттің  өзін  ізденуге  жетелейді,  ойлауға  үйретеді,    білімді  өз 
бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасалады, солардың негізінде өзін-өзі дамытуға 
бейімделген  және  оны  болашақта  өз  кәсібінде  пайдалана  білетін  тұлға  -  маман 
қалыптасады.   
Шығармашылық  қабілет  әр  баланың  табиғатында  болуы  мүмкін.  Мұғалімнің 
міндеті  -  деп  көрсетеді  аталған  технологияны  ұсынатын  авторлар  -    оқушыға  оның 
бойында жасырынып жатқан қабілеттерді ашып көрсету. Яғни, сыни ойлау – оқушының 
қоршаған  орта,  ақпарат  әлеміне,  өзінің  іс-әрекетіне  сын  тұрғысынан  қарай  отырып 
жетілуі.  Ал  «сыны  тұрғыдан  ойлау»  жобасының  философиясы  –  баланы  өз  бетінше 
ізденуге,  шешім  қабылдауға  дағдыландыру,  барлық  оқушыны  жеке  зерттеу  және 
бақылау  болып  табылады.  Мұғалімдердің  бұл  технологияны  пайдалануының 
нәтижесінде осыған дейін оқушы бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, 
өз  ойын  дәлелдеуші  болады.  Мұғалім  осы  әрекетке  бағыттауда,  оқуды  ұйымдастыруда 
жетекші роль атқарады. Жаңаша оқыту дәстүрлі оқытуға қарағанда күрделі, бірақ тиімді 
үрдіс.  
«Сыни  тұрғыдан  ойлау»  жобасының  авторлары  оның  стратегияларын  пайдалана 
отырып, мынадай іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынады: 
-
 
сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру, мүмкіндік жасау; 
-
 
оқушылардың ойлауына рұқсат беру
-
 
әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабыл алу; 
-
 
үйренудегі оқушының екпінді ісін қабыл алу; 
      -  егер оқушының жауабы дұрыс болмаса да, оның ынтасын көтеріп, сенім 
білдіру; 
-
 
әрбір оқушының сынына, пікіріне, қабілеттілігіне сенім арту; 
-
 
сын тұрғысынан ойлауды бағалау.  
Демек,  оқушылар  өз  ойларын  мұғалімнің  бағалайтынын  түсінсе,  олардың 
идеяларына құрметпен қарайтынына сенгенде, бұл әдістер көптеген нәтиже берері анық. 
Елімізде  «Сын тұрғысынан ойлау» атты технологияны  қолдау үшін арнайы бағдарлама 
бар екендігі белгілі.  Жалпы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы  – әлемнің 
түкпір-түкпірінен  жиылған  білім  берушілердің  бірлескен  еңбегі.  Бұл  бірлестіктің 
мақсаты  студенттерге  кез  келген  мазмұнға  сын  тұрғысынан  қарауды  аудиториялық 
сабақтарда үйрету. Әлемде өмір сүру күрделенген сәтте және  демократиялық құрылым 
тараған  сайын  жастар  кез  келген  қиыншылықтарды  жеңуге,  өз  мәселелерін  шешуге, 
әртүрлі жағдайларға сын тұрғысынан қарауға, екі түрлі пікірдің біреуін таңдауға, саналы 
шешім жасауға үйрену қажеттігі айдан-анық болып тұр.   
Педагогикалық-психологиялық  әдебиеттерде  көрсетілгеніндей,  сын  тұрғысынан 
ойлау  –  идеялар  мен  бар  мүмкіндікті  шығармашылықпен  қарай  жақындастыратын 
тұжырымдар  мен  ақпараттарды  қайтадан  түйіндеп  тұжырымдайтын  күрделі  құбылыс. 
Бұл  −  әртүрлі  деңгейде  бірдей  бір  кезде  болатын  екпінді  және  өзара  болатын  дамуға 
негізделген  процесс  (іс-әрекет).  Көбінесе  бұлай  ойлау  ересек  студенттерге  ғана 
бағытталған деген теріс  түсінік бар. Дегенмен бұл технология мектеп оқушыларына да 
пайдалануға арналған. Сондықтан ұсынылып отырған құрылым – үйрету мен үйренудің 
бірлігінен  үйренудің  қызығушылығынан  тұратын  стратегия,  ол  студенттердің  беріліп 
білім бұлағынан сусындауын қамтамасыз етеді. Осылайша бұл құрылым студенттер мен 
мұғалімдердің білім беру-алудағы әртүрлі бірлесіп жұмыс жасау үлгісін  де ұсынады.  
Пәндік білім мен ойлау, жоғары білім үшін лайықты мақсат, өйткені, басты мәселе 
студенттердің  қандай  болмасын  сала  бойынша  белгілі  бір  мәлімет  пен 
тұжырымдамаларды иеленіп қана қоймай, сонымен бірге осы мағлұмат негізінде жүйелі 

 

түрде  ойлана  біліп,  жаңа  білім  құрастыру,  өмірде  туындаған  қандай  да  болмасын 
проблемаларды  өздігінше  шеше  білу  дағдыларын  қалыптастыру  болып  табылады. 
Сондықтан  да  оқыту  процесінде  басты  салмақты  оқытушыдан  студентке  ауыстыру 
керек, тек белсенді түрде меңгерілген білім ғана маңызды әрі тиімді. Студент қандай да 
болмасын  ақпаратты  өздігінше  игеріп,  өз  өміріне  жарата  алатын  әмбебап  тәсілдерін 
үйрену керек. Осындай философиялық негіз 1997 жылдан бастап белсенді түрде жүзеге 
асырыла бастаған «Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасының 
басшылығына  алынған.  Мұндай  жағдайда  ақпарат-оқытудың  нәтижесі  емес,  оның 
бастапқы  кезеңіне  айналады:  студент  осы  мәліметті  түсініп,  талдап,  оны  өзінің 
әлеуметтік  тәжірибесі  тұрғысынан  бағалап  отырып,  соның  негізінде  өзінің  түсінігі  мен 
түйсінуіне  байланысты  жаңа  білім  құрастыруға  дағдыланады,  оны  өз  керегіне  жарата 
алады.  Сондықтан  оқыту  процесінде  студент  білімді  игеру  және  жаңа  білім  құрастыру 
дағдылары  мен  әдістемесін  үйренеді.  Сонымен,  бұл  технологияның  негізінде  болашақ 
мамандардың өздігінен ойланып-толғануына мүмкіндік беру арқылы қажетті дүниелерді 
үйренуін  қалыптастыру  мақсаты  жатыр.  Демек,  оқыту  процесінде  студенттер 
қарастыратын әрбір мәселе бойынша ой толғап, оны өздігінен жан-жақты зерттеп, нақты 
түсінігін  қалыптастыру  керек.  Жоғары  білім  жүйесі  әр  студентке  өз  әлемін  айқындап, 
оның  құндылықтары  мен  қағидаларын  белгілеуге  көмек  беруі  керек.  Сол  арқылы 
студент өзінің жан дүниесінің рефлексивті әлемін ашып, оны басқаруға үйренеді.  
Дәстүрлі  оқыту  жүйесінде  тұлғаның  дамуы  интеллектуалды  өсу  деңгейінде 
түсінілсе,  жаңашыл  жобалар  бұл  мәселені  студенттердің  өзіндік  рефлексиясына 
негіздейді,  яғни  зерттеліп  отырған  болмысқа  деген  студенттердің  өзіндік  қатынасы, 
оның  құндылықтарын,  себептері  мен  салдарын,  мағынасын  түсінуі.  Жалпы  рефлексия 
дегеніміз,  ойланып-толғану,  өз  түсінігін  қалыптастыру,  өзін  тану  мен  түсіну.  Ол 
студенттің  атқаратын  барлық  іс-әрекеттердің  негізін  құрауы  керек.  Рефлексия  арқылы 
студент  алдында  тұрған  барлық  мәселелерді  шеше  біледі.  Сонымен  қатар,  тағы  бір 
мәселеге  ерекше  назар  аудару  қажет,  ол  студенттің  әлеуметтік  тәжірибесін  арттыру, 
оқыту  процесінде  әлеуметтік  мазмұн  басым  болуы  қажеттілігі.  Өйткені  әр  сабақта 
студент  оқытудың  басқа  да  қатысушыларымен  араласып,  коммуникативтік  қарым-
қатынас  процесінің  белсенді  мүшесіне  айналады,  әр  ұжымда,  қоғамда,  әлеуметте 
қалайша  өзара  байланыс  құру  мәселесі  төңірегінде  ойланады.  Енді  осы  педагогикалық 
технологияның  болашақ  мұғалімдерді  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  тәрбие 
үрдісіне  дайындауда  тиімді  технология  ретінде  таңдауымыздың  себебін  ашып  берсек. 
Біріншіден,  студенттерді  тәрбие  үрдісіне  дайындауда  бұқаралық  ақпарат  құралдарын 
пайдалануды  негізге  алғандықтан,  педагогикалық  циклдегі  әрбір  сабақты  жүргізу 
барысында  олардың  БАҚ  материалдарын  сабақта  пайдалануын  жүзеге  асыру  міндетті 
болып  табылады.  Демек,  олардан  әр  сабақта  бұқаралық  ақпарат  құралдарындағы 
материалдарын  жинақтап,  жүйелеу  талап  етіледі.  Екіншіден,  студенттерден  ол 
материалдарға білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық тұрғыдан баға беру, яғни БАҚ 
материалдарын  сын  тұрғысынан  талдау,  бағалау  тәрізді  тапсырмалар  беріледі.  Осы 
тұрғыдан  келгенде  студенттер  үшін  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  аса  қажетті 
болып табылады.  
Үшіншіден,  бұл  технология  болашақ  мұғалімдердің  шығармашылықпен  қызмет  етуіне 
кең  мүмкіндіктер  беретіндіктен,  үнемі  ізденісте  жүретін  мұғалімдерді  дайындау  үшін 
олардың  қандай  уақытта  да,  әртүрлі  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдаланудың 
жолдарына үйретуге өте ыңғайлы деп таптық. «Сын тұрғысынан ойлауды қолдау» атты 
ІІ  әдістемелік  құралдың  «Ойлауды  үйрету»  деген  бөлімінде  студенттерге  сын 
тұрғысынан ойлау технологиясының қажеттігі нақты көрсетілген [4]. Аталмыш құралда, 
егер  студенттерге  сын  тұрғысынан  ойлауды  үйрету  маңызды  болса,  онда  сын 

 
10 
тұрғысынан  ойлауды  жүйелі  түрде  жаттықтырып  отыру  керек  деген  пікір  бар.  Сын 
тұрғысынан  ойлау  маңызды  болғандықтан,  ол  өзінен  өзі  табиғи  түрде  студенттерге 
келеді  деп  ойламау  керек  дейді  құрастырушылар.  Өйткені  бұл  бағдарламаның  бір 
бөлігінің  мазмұнын  жай  ғана  сын  тұрғысынан  қарау  жеткіліксіз.  Мысалы,  сын 
тұрғысынан  ойлаудың  7  деңгейі  бар  делік,  немесе  мазмұнға  сын  тұрғысынан  қарап 
тәжірибе алулары керек. Бағдарлама авторларының пікірінше, сын тұрғысынан ойлауды 
пән  ретінде  оқыту  немесе  бірнеше  дағдыларды,  іс-әрекеттерді  жаттатып  қолдандыру 
қате  болып  табылады.  Олардың  ұсынып  отырғаны  –  сын  тұрғысынан  ойлау  –  бір 
мәселенің, мазмұнның ойлау іс-әрекетінің нәтижесі, қорытындысы, демек, ол пән емес. 
Бұл адамның бір мәселеге, ақпаратқа сыни көзқараспен қарағандығынан туатын ойының 
бір көрінісі.  
Біз  осы  мәселені  негізге  ала  отырып,  студенттердің  бұқаралық  ақпарат 
құралдарының материалдарына сын тұрғысынан келу арқылы, болашақта олармен қалай 
жұмыс  істеудің  жолдарына  үйретуді  негізге  алдық.  Себебі,  бүгінгі  күні  ұрпаққа  білім, 
тәрбие  беру  ісінде  мұғалімдермен  қатар,  барлық  тәрбие  институттарының  бірлесіп 
әрекет  жасауы  жолға  қойылуда.  Ал  олардың  қатарында  қоғамның  дамуында  өзіндік 
орны мен үлесі жоғары болып табылатын бұқаралық ақпарат құралдары да бар. Өйткені, 
бұқаралық  ақпарат  құралдары  жасөспірімдер  үшін  дүниетанымдық  тұрғыдан  қосымша 
әлеуметтендіруші институттың бірі ретінде қарастырылады. Демек, олар оқушылардың 
дүниетанымына  өзіндік  үлес  қосады,  сондай-ақ  балалардың  қосымша  білім  алуында 
өзіндік роль атқарады. Яғни, бұқаралық ақпарат құралдарының бала тәрбиесіндегі орны 
ерекше болғандықтан, оларды тиімді пайдалануға  болашақ мұғалімдерді дайындаудың 
да маңыздылығы жоғары. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.  Тұрғынбаева  Б.  Мұғалімнің  шығармашылығын  дамыту  –  маңызды  мәселе.  //  Дауыс, 
көрініс, №3 (23).  
2. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989.  
3.  Асаубаева  А.К.  Ақпараттық  технологиялар  негізінде  кәсіби  мамандарды  даярлаудың 
педагогикалық  негіздері.  //  «Шоқан  тағылымы-13»  халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференция материалдары, Көкшетау, 2008. 
4. Женни А. Стилл., Крутис С.Мередит., Чарльз Темпл және Скот Вальтер. Оқу мен жазу 
арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту  бағдарлама  жобасы  үшін  дайындалған  әдістемелік 
құралдар 1-2 ші. М., 2004. 
            Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  роль  новых  педагогических  технологий  в  подготовке 
будущих учителей к воспитательному процессу  
 
Resume 
The role of new pedagogic technologies in training future teachers for the educational process is 
considered in this article. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
11 
ИСМАГУЛОВА С. К.  
преподаватель колледжа Евразийского  
гуманитарного института, 
г. Астана 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал