Жуырда Жаңақаладағы аудандық рухани орталықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті



жүктеу 335.2 Kb.

бет1/4
Дата17.01.2017
өлшемі335.2 Kb.
  1   2   3   4

2

oral_oniri@inbox.ru

Сенбі,  30 шілде 2016 жыл

ақпарат


«Ақылды  адам  алдымен  

Жуырда Жаңақаладағы аудандық рухани 

орталықта  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті 

қалыптастырудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі» 

тақырыбында семинар-кеңес  өтті. Бұл шараға Батыс 

Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің 

мүшесі, облыстық «Орал өңірі» газетінің бас редакторы 

Бауыржан Ғұбайдуллин, Жаңақала ауданының әкімі 

Лавр Хайретдинов, аудан әкімінің аппаратына қатысты 

мемлекеттік қызметкерлер, аудандық деңгейдегі сала 

басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты. 

О

сы  жиында  алдымен  Әдеп  

жөніндегі  кеңестің  міндет- 

миссиясы  мен  мемлекеттік  қызмет-

шілерге қатысты әдеп қағидаттары 

туралы Батыс Қазақстан облысын-

дағы  Әдеп  жөніндегі  кеңестің  мү­­- 

шесі Б. Ғұ­байдуллин баяндама жа-

сады.

- «Ел болам десең, бесігіңді тү­­зе» 



дегендей,  бү­­гіндері  қоғамдық  са-

нада  сыбайлас  жемқорлық  пен 

парақорлыққа  қарсы  мәдениетті 

қалыптастыру  мемлекеттілікті  ны-

ғайтар  негізгі  факторлардың  бірі- 

не  айналып  отыр.  Мәселеге  осы 

тұ­рғыдан келгенде Әдеп кеңесінің 

негізгі  мақсат-міндеті  –  ү­­лкенді-

кішілі,  ірілі  ұ­сақты  билік  тізгінін  

ұ­стаған  отандастарымызды  сы- 

байлас  жемқорлықтан,  парақор-

лықтан және жалпы мемқызметтің 

талабына  сай  келмейтін  әрекет-

терден сақтандыру болып табыла-

ды.  Әдеп  кеңесі  құ­рылғалы  бері 

осы бағытта облыста біраз жоспар- 

лы  жұ­мыстар  атқарылып  келеді.  

Дегенмен жемқорлық та әбден ас-

қынған  дерт  іспетті.  Демек,  одан  

арылу  ұ­заққа  созылуы  әбден  ық-

тимал  әрі  бұ­л  бағыттағы  жұ­мыс 

жү­­йелі жү­­ргізілуі шарт, - дей келе  

Бауыржан  Файзоллаұ­лы  мынан- 

 дай мәліметтерді алға тартты: 

-  Сыбайлас  жемқорлыққа  қар-

сы  іс-қимыл  бюросының  Батыс 

Қазақстан  облысы  бойынша  де-

партаменті  таратқан  ақпаратқа 

қарағанда, облыс аумағында 2016  

жылдың  алғашқы  алты  айында  

тіркелген  287  қылмыстық  істің  170-і  

сыбайлас  жемқорлық  санатына 

жатады.  Осы  170  қылмыстық  істің 

34-і  ауыр  қылмыс  саналады  екен. 

Әлгіндей  сипаттағы  қылмыстық 

қарекеттер  бойынша  33  кісі  кү­­дікті 

ретінде танылып, жыл басынан бе-

рі  олардың  26-сы  сотталған.  Талдау 

қорытындысына  сү­­йенсек,  қазіргі 

таңда ең көп сыбайлас жемқорлық 

фактілері  лауазымдық  өкілеттігін 

асыра пайдалану факторы бойын-

ша  көрініс  тауып  отыр.  Бү­­гінге 

дейін облыс бойынша 34 лауазым-

ды асыра пайдалану және 14 пара  

алу оқиғасы тіркелген. 

Әдеп  кеңесінің  жиындарында 

кү­­н  тәртібіне  қойылып,  жиі  қара- 

латын  мәселелердің  бірі  –  кей-

бір  мемлекеттік  қызметкерлер-

дің  Әдеп  кодексінің  талаптарын 

өрескел  бұ­зуы.  Өздеріңіз  бұ­қа-

ралық  ақпарат  құ­ралдары  арқы- 

лы  хабардар  болғандарыңыздай, 

осыдан  бірер  ай  бұ­рын  Әдеп 

кеңесінің  кезекті  отырысында 

бірнеше  рет  өзінің  лауазымдық 

өкілеттілігін  асыра  пайдаланғаны 

ү­­шін  облыстағы  бір  аудан  әкімі 

аппараты  басшысының  ісі  қарал-

ды. Шағымданушының арыз-шағы-

мында  көрсетіліп,  кейін  тексеру 

барысында  дәлелденгеніндей,  әлгі  

аппарат  басшысы  қызмет  орны-

на бірнеше рет ішімдік ішіп келіп, 

айналасындағы  әріптестеріне  бы- 

лапыт  сөздерді  бағыттап,  олар-

дың  ар-намысына  тиген.  Базбір  

мемқызметшіге  оның  функцио-

налдық  міндетіне  кірмейтін  жұ­- 

мыстар  жү­­ктеген.  Мемлекеттік  

қызметтің  де,  мемлекеттік  қызмет-

шінің  де  ел-жұ­рт  алдындағы  қа- 

дірін  қашыратын  осындай  өрес-

келдіктен  аулақ  болған  абзал. 

«Ақылды  адам  өзі  қателеспей  тұ­-

рып,  ең  алдымен  өзгенің  қателі-

гінен сабақ алады» дегендей, мем- 

лекеттік  қызметші  өзі  қателеспей,  

алдымен өзгенің ағаттығынан сабақ 

алғаны жөн, - деді баяндамашы. 

  Персоналды  басқару  қызметі 

бойынша  жергілікті  атқарушы  құ­- 

рылымдарда биылғы бірінші жар- 

тыжылдықта  атқарылған  жұ­мыс-

тар  туралы  Жаңақала  ауданы  әкі-

мі  аппаратының  жетекшісі  Аза-

мат  Кәрменов  сөйледі.  Аппарат 

басшысының  сөзіне  қарағанда, 

ауданда  мемлекеттік  қызмет  са-

ласындағы  парақорлық  пен  сы-

байлас  жемқорлықтың  алдын  алу 

бағытындағы  жұ­мыстар  жү­­йелі 

жү­­ргізілуде. 

-  Аудан  бойынша  барлығы  

111 штаттық бірлік бар. Қазіргі таң-

да 107 бірлік нақты іске қосылып, 

төрт  орын  бос  тұ­р.  Қызмет  істеп 

жү­­рген  97  мемқызметшінің  жоға-

ры,  ал  10  мемлекеттік  қызмет-

кердің  арнаулы  орта  білімі  бар. 

Олардың  39-ы  –  әйел  заты,  30 

жасқа  дейінгілер  32  адам  болса, 

зейнет жасындағы төрт қызметкер 

еңбек  естіп  жү­­р.  Аудандағы  мем-

лекеттік  қызметкерлердің  орташа  

жасы  38  жас  шамасында.  Ағым-

дағы  жылдың  алғашқы  жар

 

ты-


жылдығында екі мемлекеттік қыз- 

 меткер әр тү­­рлі себептермен қыз-

меттен  босатылды.  Жалпы  алғанда,

Қазақстан  Республикасының  2008  

жылғы  4  желтоқсандағы  Бюджет  ко- 

дексіне  және  Қазақстан  Республи-

касының  2001  жылғы  23  қаңтардағы 

«Қазақстан  Республикасындағы  жер-

гілікті  мемлекеттік  басқару  және 

өзін-өзі  басқару  туралы»  заңына 

сәйкес,  облыстық  мәслихат 

ШЕШІМ 

ҚАБЫЛДАДЫ:

1.  Батыс  Қазақстан  облыстық  мәс- 

лихатының  2015  жылғы  14  желтоқ- 

сандағы  №29-2  «2016-2018  жылдар-

ға  арналған  облыстық  бюджет  тура- 

лы» шешіміне (Нормативтік-құ­қықтық 

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін-

де  №4190  тіркелген,  2015  жылғы  

24  желтоқсандағы  «Орал  өңірі»  газе- 

тінде  жарияланған)  мынадай  өзге-

рістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жа-

зылсын:

«1.  2016-2018  жылдарға  арналған 



облыстық  бюджет  1,  2  және  3-қо- 

сымшаларға  сәйкес,  соның  ішінде 

2016  жылға  келесі  көлемдерде  бе-

кітілсін:

1)  кірістер  –  120  886  282  мың 

теңге:


салықтық  тү­­сімдер  –  29  395  424 

мың теңге;

салықтық емес тү­­сiмдер – 

  

2 088 028 мың теңге;



негізгі  капиталды  сатудан  тү­­сетін 

тү­­сімдер – 12 557 мың теңге;

трансферттер тү­­сімі – 

  

89 390 273 мың теңге;



2) шығындар – 

  

122 601 606 мың теңге;



 3) таза бюджеттік кредиттеу – 

  

3 275 747 мың теңге:



бюджеттік кредиттер – 

  

6 516 899 мың теңге;



бюджеттік кредиттерді өтеу – 

  

3 241 152 мың теңге;



4)  қаржы  активтерімен  опера-

циялар бойынша сальдо – 0 теңге: 

қаржы активтерін сатып алу – 

  

0 теңге;



мемлекеттің  қаржы  активтерін  са-

тудан тү­­сетін тү­­сімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) 

– -4 991 071 мың теңге;

6)  бюджет  тапшылығын  қаржы-

ландыру  (профицитін  пайдалану)  –  

4 991 071 мың теңге:

қарыздар  тү­­сімі  –  6  336  576  мың 

теңге;

қарыздарды өтеу – 3 222 331 мың 



теңге;

бюджет  қаражатының  пайдаланы-

латын  қалдықтары  –  1  876  826  мың 

теңге.»;


4-тармақ мынадай редакцияда жа-

зылсын:


«4. 2016 жылға арналған облыстық 

бюджетте  бюджеттік  кредиттердің 

өтеуін  жалпы  сомасы  3  241  152  мың 

теңге, оның ішінде аудандық (қалалық) 

бюджеттерден сомасы 3 223 239 мың 

теңге тү­­сімдер қарастырылсын.»;

4-1-тармақ  мынадай  редакцияда 

жазылсын: 

«4-1.  2016  жылға  арналған  облыс-

тық  бюджетте  28  071  мың  теңге  со-

масындағы  пайдаланылмаған  (толық  

пайдаланылмаған)  нысаналы  транс- 

ферттерді  аудандық  (қалалық)  бюд- 

жеттерден  облыстық  бюджетке  қай-

тару қарастырылғаны ескерілсін.»;

4-2-тармақ  мынадай  редакцияда 

жазылсын: 

  «4-2.  2016  жылға  арналған  об-

лыстық  бюджетте  17  793  мың  теңге 

сомасындағы пайдаланылмаған ныса-

налы (толық пайдаланылмаған) транс-

ферттерді қайтарылғаны ескерілсін.»;

4-3-тармақ  мынадай  редакцияда 

жазылсын: 

«4-3.  2016  жылға  арналған  облыс- 

тық  бюджетте  аудандық  (қалалық)  

бюджеттерге  облыстық  бюджет  қа- 

ражат  есебінен  бөлінетін  нысаналы 

даму  трансферттері  және  ағымдағы 

нысаналы трансферттердің жалпы со-

масы  7  522  491  мың  теңге  көлемінде 

қарастырылғаны  ескерілсін,  соның 

ішінде:

4  758  121  мың  теңге  –  ағымда- 



ғы нысаналы трансферттер;

2  764  370  мың  теңге  –  нысаналы 

даму трансферттері.

Аталған  сомаларды  аудандық  (қа- 

лалық) бюджеттерге бөлу облыс әкім-

дігінің  қаулысы  негізінде  жү­­зеге  асы-

рылады.»;

мынадай  мазмұ­ндағы  4-4-тар-



Облыстық  мәслихаттың  шешімі

Орал қаласы                              №5-1                                22 шілде 2016 жыл

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының  2015 жылғы 14 желтоқсандағы №29-2 

«2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер 

мен толықтырулар  енгізу  туралы

ҚР Әділет Министрлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құ­қықтық кесімдерді  

мемлекеттік тіркеудің тізілімінде  26.07. 2016 ж. №4493 болып енгізілді

мақпен толықтырылсын: 

«4-4.  2016  жылға  арналған  об- 

лыстық  бюджетте  1  293  мың  тең- 

ге  сомасындағы  нысаналы  мақсат-

қа  сай  пайдаланылмаған  нысана-

лы  трансферттерді  қайтару  қарас-

тырылғаны ескерілсін.»;

мынадай  мазмұ­ндағы  4-5-тар-

мақпен толықтырылсын: 

«4-5.  2016  жылға  арналған  облыс-

тық бюджетте облыстың жергiлiктi ат-

қарушы  органның  мемлекеттік  және 

ү­­кіметтік  бағдарламаларды  іске  асы-

ру шеңберінде тұ­рғын ү­­й құ­рылысын 

қаржыландыру  ү­­шін  iшкi  нарықта 

айналысқа  жiберу  ү­­шiн  шығаратын 

мемлекеттiк  бағалы  қағаздары  шыға-

рылымынан  тү­­сетін  жалпы  сомасы 

1 635 807 мың теңге тү­­сімдері қарас-

тырылғаны ескерілсін.»;

мынадай  мазмұ­ндағы  4-6-тармақ-

пен толықтырылсын: 

«4-6.  2016  жылға  арналған  об-

лыстық  бюджетте  17  912  мың  теңге 

сомасындағы  республикалық  бюд- 

жеттен  бөлінген  пайдаланылмаған 

бюджеттік  кредиттерді  қайтару  қа-

растырылғаны ескерілсін.»;

10-тармақ  мынадай  редакцияда 

жазылсын:

«10.  2016  жылға  арналған  облыс- 

тың  жергілікті  атқарушы  органда-

рының  резерві  695  908  мың  теңге 

көлемінде бекітілсін.»;

аталған  шешімнің  1-қосымшасы 

осы  шешімнің  қосымшасына  сәйкес 

жаңа редакцияда жазылсын.

2.  Облыстық  мәслихат  аппара-

тының  басшысы  (А.  Сұ­лтанов)  осы 

шешімнің  әділет  органдарында  мем- 

лекеттік  тіркелуін,  «Әділет»  ақпа-

раттық-құ­қықтық  жү­­йесінде  және  

бұ­қаралық  ақпарат  құ­рал

 

дарында 


оның  ресми  жариялануын  қамта-

масыз етсін.

3. Осы шешім 2016 жылдың 1 қаң- 

тарынан  бастап  қолданысқа  енгі-

зіледі.

Сессия төрағасы Ж. Жақыпов, 

облыстық мәслихат хатшысы 

М. құлшар

О

сыған  байланысты  Бей-

жің  қаласында  Қазақ-

стан  Республикасының 

Қытай  Халық  Республикасындағы 

елшісі  Шахрат  Нұ­рышевтың  Шан-

хай  ынтымақтастық  ұ­йымының 

Бас  хатшысы  Рашид  Алимовпен 

кездесуі өтті.

Кездесу  барысында  тараптар  

осы  жылғы  маусымда  ШЫҰ  самми- 

тінде  ҚР  Президенті  Нұ­рсұ­лтан  

Назарбаев  көтерген  2016-2017  

жылдардағы  Қазақстанның  төра-

ғалығының  басымдылықтарын  іл- 

герілету  жолдарын  талқылады. 

Ұйымдағы  Қазақстанның  төраға-

лығы  аясындағы  негізгі  іс-шара- 

лар бойынша егжей-тегжейлі пікір 

алмасу өтті.

БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  71-сес-

сиясының  «Біріккен  Ұлттар  Ұйы-

мы  мен  Шанхай  ынтымақтастық 

ұ­йымының  өзара  әрекет  ету»  қа-

рарын  дайындау  және  қабылдау 

мәселесіне  ерекше  назар  ауда-

рылды.  2017  жылғы  маусымда 

Астанада  өткізу  жоспарланған 

ШЫҰ-ға  мү­­ше  мемлекеттер  бас-

шылары 


кеңесінің 

отырысын 

жоспарлы  және  жү­­йелі  дайын-

дауды  қамтамасыз  ету  мақсатын-

да  Қазақстан  елшілігі  мен  ШЫҰ 

Хатшылығының  бірлескен  іс-ша-

ралар  жоспарын  дайындау  және 

бекіту  туралы  уағдаластыққа  қол 

жеткізілді.

Ш .   Н ұ­ р ы ш е в   с ұ­ х б а т ы н д а  

"ЭКСПО  –  2017"  халықаралық  ма- 

мандандырылған  көрмесіне  да- 

йындық  барысы  туралы  хабардар 

етті  және  алдағы  іс-шараға  бел-

сенді  қатысуға  шақырды.  Кездесу 

соңында  ШЫҰ-ның  Бас  хатшысы 

Қазақстан  төрағалығы  Ұйымның 

қызметін  айтарлықтай  белсенді-

руге  және  оның  халықаралық  аре- 

надағы  рөлі  мен  орнын  жоғары-

латуға  ықпал  ететініне  және  Ас-

танада  алдағы  ШЫҰ  саммиті  сәтті 

өтетініне сенім білдірді.

«Егемен-ақпарат»

Шанхай ынтымақтастық ұйымында Қазақстан 

Республикасы төрағалығының басымдықтары 

талқыланды.

Бас  хатшымен  

кездеСті



 Жемқорлық – індет, оны жою – міндет!


7

oral_oniri@inbox.ru

Сенбі,  30 шілде 2016 жыл

хат-хаБар



№15  «Ақбота»  мектепке  дейінгі  ұйым  МКҚК  төмендегі 

азаматтық қызметтерге конкурс жариялайды:

1. Дене шынықтыру нұ­сқаушысы  – 0,5 бірлік 

2. Тәрбиеші – 1 бірлік орыс тобына 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- өтініш;

- жеке куәлігінің көшірмесі;

- кадр есебі бойынша толтырылған іс-парағы;

- білімі, біліктілігі туралы құжат көшірмесі;

- еңбек кітапшасының көшірмесі;

- сотталмағаны туралы және тұрақты мекенжайы жөнін-

дегі ХҚК өкілетті органнан анықтама.

- денсаулығы туралы анықтама;

- 3x4 үлгідегі фотосурет;

- Конкурсқа қатысу туралы өтініш.

Конкурсқа  қажетті  құ­жаттар  хабарландыру  жарияланған 

кү­­ннен  бастап  15  кү­­нтізбелік  кү­­н  ішінде  мына  мекенжайға 

ұ­сынылуы қажет: БҚО, Орал қаласы, Иван Зрелов көшесі, 1-ү­­й. 

Тел. 97-12-74

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің «Ақсай 

қаласының №5 ЖОББМ» КММ ваканттық бос орындарға конкурс жариялайды

Мекеменің атауы: БҚО облысы Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің 

«Ақсай қ. №5 ЖОББМ» КММ

Мекенжайы: БҚО, индексі 090300 Ақсай қ. Совет к-сі, 56/1, тел. 

8(7113)22920.

Конкурсқа  қатысушыларға  қойылатын  талаптар:  педагогикалық  бі-

лімі біліктілік талаптарға сай болуы.

Негізгі қызметтер: пән мұғалімдері: орыс тілі мен әдебиеті пәні мұ­ғалімі 

(орыс сыныптарында) -1 жү­­ктеме; орыс тілі мен әдебиеті пәні мұ­ғалімі (қазақ 

сыныптарында, негізгі қызметкердің декреттік демалыс уақытына) -1 жү­­ктеме; 

математика  (орыс  сыныптарында)  –  1  жү­­ктеме;  математика  (қазақ  сынып-

тарында)  –  1  жү­­ктеме;  физика  (орыс  сыныптарында)  –  1  жү­­ктеме;  биология 

пәні  мұ­ғалімі  (орыс  сыныптарында,  негізгі  қызметкердің  декреттік  демалыс 

уақытына) -1 жү­­ктеме; химия пәні мұ­ғалімі (қазақ сыныптарында) -0,5 жү­­ктеме; 

сызу, бейнелеу өнері, технология (қазақ сыныптарында) – 1 жү­­ктеме; саз пәні 

мұ­ғалімі  (5-6  орыс,  қазақ  сыныптарнда  –  4  сағаттан)  -8  сағ;  бастауыш  сынып 

мұ­ғалімі (орыс сыныптарында) -1жү­­ктеме; география (орыс сыныптарында, не-

гізгі қызметкердің декреттік демалыс уақытына) -1 жү­­ктеме; дене шынықтыру 

пәні мұ­ғалімі (қазақ сыныптарында) -1 жү­­ктеме.

Конкурсқа  қатысу  ү­­шін  қажетті  құ­жаттар  аталмыш  хабарландыру  жария-

ланған  мерзімінен  бастап  15  кү­­нтізбелік  кү­­н  аралығында  БҚО,  Ақсай  қаласы, 

Совет к-сі, 56/1 мекенжайы бойынша тапсырылуы тиіс.

Жақсылық  жасауға  

асығайық!

Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаев «...әлемдік 

қауымдастық жүйесіндегі 

мемлекет бәсекелестігінің 

жоғары болуы әр азаматтың 

денсаулық, ақыл-ой 

және білім деңгейінің са-

пасына байланысты» 

деп көрсеткеніндей, әр 

мемлекеттің болашағы сол 

елдің халқының игілігіне 

байланысты, әсіресе, оның 

өскелең ұрпағына тәуелді 

екеніне көзіміз жетіп отыр.

Елбасының  оқушылардың  мек-

тепке  баруын  толық  қамтамасыз  

ету  жөніндегі  тапсырмасын  орын-

дау  ү­­шін,  Қазақстан  Республикасы-

ның  Білім  және  ғылым  министр-

лігінің  тапсырмасына  сәйкес,  Қа- 

 зақстан  Республикасының  25  жыл-

дығына  орай  «Мектепке  жол»  рес-

публикалық  акциясы  өткізіледі. 

Акция  биылғы  жылы  1  тамыз  бен 

30 қыркү­­йек аралығында «Бақытты 

балалық  шақ  мекені»  ұ­ранымен 

өтеді.  Акция  мақсаты  –  жаңа  оқу 

жылына  дайындық  кезінде  аз  қам-

тылған,  көп  балалы  отбасылары-

ның  балаларына  қолдау  көрсету 

мен  балалардың  1  қыркү­­йекте 

әлеуметтік  себептермен  мектепке 

бармай қалуының алдын алу болып 

табылады. 

Жылдан-жылға акцияға қатысып, 

әлеуметтік  көмекті  қажет  ететін 

балаларға  қолдау  көрсетушілер-

дің  саны  артуда,  солардың  ішінде 

қала  әкімдігі,  қалалық  мәслихат, 

депутаттар,  мемлекеттік  қызметші-

лер,  бюджеттік  ұ­йымдар,  білім  бе-

ру,  ішкі  істер,  еңбек  және  халықты 

әлеуметтік  қорғау  органдарының 

қызметкерлері, 

ү­­кіметтік 

емес 

ұ­йымдары, заңды және жеке тұ­лға-



лар  белсенділік  көрсетуде.  Өткен 

оқу жылында 4000 оқушыға 34 млн. 

теңгеге  көмек  берілді.  Бұ­л  қаржы-

ның  24  млн.  теңгесі  бюджеттік 

қаражат  болса,  7  млн.  теңгесі  бюд-

жеттен тыс қаражат болды. 

Қала  мектептерінде  3000-ға  

жуық  аз  қамтылған,  көп  балалы 

отбасы,  жетім  және  ата-ана  қамқо-

рынсыз  қалған  балалар  тіркелген. 

Жаңа оқу жылында 5000-нан астам 

бү­­лдіршін  қала  мектептерінің  та-

балдырығын аттағалы отыр.

Әлем  ізгі  ниетті  адамсыз  емес 

–  бұ­л  өмір  ақиқаты.  Қоғамның  қа-

йырымдылық  әлеуетін  жұ­мылдыру 

арқасында  қаламыздың  көмекті 

қажет  ететін  балалары  ілтипат  пен 

қамқорлыққа бөленіп, олардың қа-

жетті  әлеуметтік  жағдайының  жақ-

саруы  ү­­шін,  білім  алуы  ү­­шін  даяр 

болуына  демеу  болмақшы  қала 

тұ­рғындары мен қонақтарын 

білім 

беру  бөліміне  (Достық  даңғылы 

145-үй,  телефон:  50-38-79)  және 

қала мектептеріне жолығуын сұ-

раймыз.

Ж. ТӨрЕМұраТова,

орал  қалалық білім беру 

бөлімінің басшысы

№44  «Мерей»  бөбекжайының  тәрбиешісі  Жеміс  Албекқызы-

на 2016 жылдың бөбекжай тү­­лектерін, осынау жас ұ­рпақты жан-

жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбие-

леудегі зор еңбегіңіз ү­­шін алғысымызды айтамыз.

Сізге  баға  жетпес  қадірлі  де  қажырлы  қызметіңіз  ү­­шін  шын 

жү­­ректен  ризашылық  сезімімізді  білдіреміз.  Ешқашан  жаман-

шылық көрмей, тек қуанышты кү­­ндеріңіз көп болсын. Отбасыңыз-

ға бақыт, береке, мол табыс тілейміз. Ойға алған мақсаттарыңыз-

дың табысты орындалуына тілектеспіз.



Игі тілекпен: «шаңырақ»  орта тобының  бөбектері  

Енсепов Данияр,  Меңдібай  қайрат, шаяхмет  

Дилназ, Буланов Муслим, ахан  айшуақтың  

ата-аналары

«орал ӨҢІрІ» Батыс қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru

Газет облыстық «Орал өңірі» газетi редакциясының компью­терлiк 

орталығында терiлiп, беттелдi.

"Полиграфсервис" ЖШС баспаханасында басылды. 

Л.Толстой көшесі, 27/6. Телефон: 50-51-46

Индексі: 65533 Таралымы: 14 434, 2  баспа табақ. 

Газет аптасына үш рет шығады.

Корректорлар: Н. СҰЛТАНОВА, Д. ШАНКИШеВА

Кезекшi редактор: 

Н.  оразаЕв

Меншік иесі: 

«Жайық пресс» ЖшС 

Бас директор

Жантас Набиоллаұлы 

СаФУллИН

Бас редактор Бауыржан Файзоллаұлы 

ҒұБаЙДУллИН

Газет қр Мәдениет және ақпарат министрлігінде

2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Бас редактор 51-25-80, 

Бас редактордың 

орынбасарлары 24-17-08,

                            54-18-08.

редакция алқасы: Есенжол қыСТаУБаЕв,

Сырымбек Тұяқов

                   (бас редактордың орынбасарлары), 

Жаннат ЕСполаЕва (жауапты хатшы),

Сәкен ӘБІлХалықов (қоғамдық-саяси бөлім),

Нұртас СаФУллИН (гуманитарлық бөлім).

Қолжазбаларға  пiкiр  айтылмайды  және  пайдала-

нылмаған  хат  авторларына  жауап  қайтарылмайды. 

Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауапты. Жарияланым 

авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiр-

мейдi.  Редакция  тапсырысымен  жазылмаған  мате-

риалдар үшін қаламақы төленбейді. «Орал өңірінде» 

жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басу-

ға болмайды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл-

данады.


белгісімен  жарияланған  материалдар  ақылы 

болып есептеледі.

Ж

Жауапты хатшы 54-38-22.



Жарнама қабылдау

тел/факс: 51-51-09; 

Бухгалтерия 54-04-90. 

е-mail: zhaikpress@inbox.ru




  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал