ЖҮсіпбек аймауытов



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/11
Дата20.02.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Sauap.org 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АҚБІЛЕК
 
 
 
Роман 
 
 
 
 
 


Sauap.org 
 
 
БІРІНШІ БӚЛІМ 
 
Ӛскеменнің ар жағында, Бұқтарманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. 
Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс 
түскен, күр-күр еткен Күршім бар. 
Алтай  Күршім  не  заманнан  қалың  Найман  мекені.  Сол  Алтаймен  сол 
Күршімнің  қысы  қыспақ,  жазы  самал,  күн  жылт  етсе  тӛрт  түлік  мал 
қарағайлы  Қарт  Алтайдың,  Алтай  сынды  анасының  кӛкірегін  аймаласып, 
тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны. 
Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, 
түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакӛлі. Марқакӛлді алқалаған, 
ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі — алтай жазы тау еркесі — киік болып, ӛзге 
елдерден  биік  болып,  Марқакӛлдің  самалына  сайран  етіп  жатқаны. 
Марқакӛлдің  суы  балдай.  Марқакӛлдің  суын  ішіп,  отын  жеген  сары  қарын, 
тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау құт сорғалап, 
кӛнек-кӛнек  лықылдайды;  қара  саба  емізіктеп,  қою,  салқын,  сары  қымыз, 
быжылдаған  дәрі  қымыз  шара-шара  шыпылдайды.  Бір  шарасын  ішкен  адам 
дәл  хор  қызын  құшқандай  боп,  бегі  шиқан  дуылдайды;  ауызы  қобыз 
гуілдейді;  мас  болады,  жас  болады;  жел  жетпеске  мініп  алып,  Алтай  тауын 
дүрсілдетіп,  таудың  тасын  күтірлетіп,  кӛкпар,  жарыс,  алыс-жұлыс  асыр 
салып жатқаны. 
Әлгі  Алтайдың  аруларын  айтуға  тіл  жетпейді.  Алтын,  күміс,  —  Алтай 
кені;  алтын  сырға  алты  қарыс  алып  түсіп  құлақтарын,  жүзі  Алтайдың 
айындай боп, кӛзі құралайындай боп, күлкісі атқан таңындай боп, бойы Қопа 
талындай боп, былқ-сылқ етіп бұраңдасып, күлбіресіп, кӛлеңдесіп, езу тартса 
есің кетіп, сұңқыл қақса, шым-шым етіп, бойың босап, ойың босап, қиялың 
қиян кезеді. 
Кеп онда емес-ау, жарандар! Бері қараңдар, құлағың сал! Тыңдаушылар 
анталаса,  кеп  құрайын  бір  тамаша.  Ертегі  емес,  ертеде  емес,  ұзын  да  емес, 
келте  де  емес,  қарапайым  қара  сӛзбен  бір  әңгіме  шертейін.  Қысыр  сӛзді 
қысқартайын, әңгімеме жол тартайын. Ӛлең сӛзге олақ едім, күйлі емес деп 
қомсынбаңдар. 
Сол  Алтайдың  бӛктерінде  жам  жолменен  жандамайлап,  ала  ат  мінген 
жалғыз адам келе жатыр бейсауат. Кӛтегейті Күршім жақ, бет алысы — Қара-
екем  шаты.  Қара-екем  шаты  қамау  жартас,  дәл  аясы  шұңқыр  кӛгал,  бір 
ауызды,  тар  ауызды.  Шұңғыл  шатын,  мейірімді  Алтай  түсі  қашып,  түнде 
жорытқан жорықшыға соққан ғой. Ажал түрткен мал болмаса, мал алдырған 
жан болмаса, терең шатқа кім барған? 
Ала ат мінген терең шаттың дәл ауызына таянғанда, алақ-жұлақ қаранды 
да  тоқтады.  Тар  ауызда  тас  тасалап,  сүр  шекпенді, бес  атарлы біреу  жатыр, 
бас  бағып.  Әлгі  шекпен  ала  аттыны  кӛре  сала,  ақ  орамал  кӛтерді,  ала  ат 


Sauap.org 
 
мінген оны кӛріп, ақ тымағын кетерді. Сүйтті-дағы ала ат мінген қабтағаймен 
ат жетектеп, асып кетті әрі қарай. 
Марқакӛлде  майға  бӛккен  мал  мен  ел,  тау  ызғары  жамбасынан  ӛткен 
соң, етектегі қыстауына еңбектесіп түскен шақ. 
Мамырбайдың малайлары қора жамап, пешін қалап, үйін сылап  болған 
ед.  Мамырбайдың  бәйбішесі  маң-маң  басып,  малайларға  киіз  үйін  қағып-
сілкіп  жинатқызып  жүрген  ед.  Мамырбайдың  Ақбілегі,  Ақбілегі  —  жас 
түлегі,  айы-күні  –  сұлу  қызы,  алтын  сырға,  күміс  шолпы  сылдырлатып, 
былдырлатып, ақ кӛйлегін кӛлеңдетіп, қызыл, жасыл кӛрпелерін қағып үйге 
әкелген ед. Қасындағы қыздарына қабақ шытып, қыңқыл етіп, даусы сыңқыл-
сұңқыл етіп: 
— Кӛзім тартып тұрғаны несі?— деп бір бұраңдап қойған ед... 
— Жәй тартат та... Қуанарсың... Қай кӛзің?.. 
— Қуанар  ем:  сол  кӛзім,  —  деді  —  бітті.  Кім  елеген  ондайды? 
Алымсағын,  шӛбін  жайлап,  партияның  қамын  да  ойлап,  Мамекең  де  кешке 
жақын жолдасымен кеп түсті. 
Тау бетінен андағайлап, жатағына мал келді. Бала у-шу, малай қиқу, мал 
маңырап, ит жаң-жұң. Ауыл түтін, ӛзен күріл. Сарғылт таңдақ. Жел де қоңыр
қызыл іңір. Малын жайлап, шәйі қайнап, ел де орынға отырды. 
Күн батпай-ақ, кӛз барында манағы айтқан терең шаттан, іннен шыққан 
қасқырларша, шұбап шықты тӛрт атты. Оның бірі манаты айтқан, ӛзің кӛрген 
ала атты. Енді үшеуі: қалпағы бар, мылтығы бар, қылышы бар, кӛк шекпенді 
қоқаңдаған, қоқиланған жат адам. Сол тӛрт атты шаттан шығып, ылдиға түсе 
ӛкшелерін  қадады.  Қадап  еді,  ат  пысқырды,  ауыздығын  қарш-қарш  шайнап 
есілді. Есілді де екпіндетіп, үңгірдегі бір ауылға жетіп келді саусылдап. 
Келе тарс-тұрс. Үріктірді, бүріктірді, елдің апшысын қуырды: 
– Ақ,  сболыш!  Тап  атты!..  Мылтық  қолда,  қамшы  жонда,  ат  таппасқа 
әдді не? Атты да алды, шідерді алды, жүген де алды, кілем, кӛрпе, қоржын, 
шалбар... бәрі кетті...«кӛр ішке». 
– Тӛре...Тақсыр... 
– Ой, құдай-ай! 
– Аясайшы,  бейуазек  қой!..  –  деуге  келді  тілдері.  Шәйді  алдына  жаңа 
қойып «Бісмілданы» келтіргені сол еді Мамырбайдың бір малайы жетіп келді 
ентігіп: 
– Келіп қалды! 
– Кім, кім? 
– Кӛкпең-кӛк... 
– О кім? 
– Ӛңшең орыс. Мамырбайдың мұршасы: 
– Жина, ұмтыл, қаш тығыл! – деуге ғана келді. 
Дастарқанымен  шәй  қалды  жайрап,  жиюсыз  шыны-аяқ  қалды  күйреп. 
Мамырбай күріс-күріс, бір есікке, бір тӛрге... Жаушы жалам, бәйбіше де, қыз 


Sauap.org 
 
да жоқ. Сыртқы есікке жетер-жетпесте, Мамырбайдың кеудесі үңірейген үш 
мылтықтың аузына тірелді. Бай шалқалап, мұрттай ұшты. 
Мылтық  дүмі,  қылыштың  қырымен  айдап  шығарылған  ауылдың  еркек 
біткені басын қорғалап, борсаңдап, желкені жей-мей, Мамырбайдың еттігіне 
отағасыны бас қыла қамалды да, сыртынан қара құлып салынды. Ауызында 
күбір-күбір  «Сүбіқан»,  аяғы  жыбыр-жыбыр  еңкең  қағып,  қораны  орағытып 
бәйбіше келе жатыр еді, орыс алдынан тап болды. 
– Қайдан келесің? 
– Мына...  Мына...—  дей  беріп  еді,  —  мә,  саған  мына,  мына!—  деп 
білеуіт пен ащы айғай басына қабат тигенде, кӛзінің оты жарқ етті. Жаулық 
кетті жапырайылып, ауыз кетті опырайылып. 
– Тап деген соң, тап қызды! 
– Кімнің қызын, жасаған! 
– Сенікі қыз, сенікі. 
– Қызым жоқ, ойбай!.. 
– Қыз бар. Табасың! Орыс қадалып, білеуітін зулатты. 
Бәйбіше бадалып, «Қыз жоқ» — деп бажылдап, ӛтірікті саулатты. 
– Ӛзім табам, – деп орыс жүгіріп ала жӛнелді. 
Үш  орыс  қолдарына  шырағдан  алып,  қораны,  үйді,  тезекті,  шұңқырды, 
жүкті,  пішенді  –  бірін  қоймай  найзаларымен  піскілеп  тінтіп  жүр.  Зым-зия 
Ақбілек жоқ. 
«Орыстар  келіп  қалды»  дегенде,  бәйбіше  теріскейдегі  кішкене  есіктен 
ептеп шығып, жер бауырлап, бүкеңдеп, Ақбілегін жетелеп, бір апанға апарып 
«тырп етпей жат!»— деп кеткен. 
Қыз таба алмай, сандалып, долданып қайтқан үш орыс бәйбішені Терезе 
алдына  етбетінен  басып  отырып,  жиырма  бес  қамшы  соқты.  Үні  шықса, 
Ақбілегінің  жаны  қабат  шығады  ғой,  құшырлана  тістеніп,  ышқына 
ыңқылдағаннан  басқа  дыбыс  бермеді..  Желге,  күнге  тигізбей,  аялап  ӛсірген 
сәулесін «кәпірге» қорлыққа қиғаннан ӛлгені артық емес пе? 
Түнерген  түнде  абайсыз  ауыл  абалаған  ит  даусына  айналды.  Ауылдан 
бажылдаған,  балдырлаған  жат  үн  шықты.  Бір  тайпы  ауыл  үш  мылтықтың 
албастысы басып тұншықты. 
Үрейлі  ауылды  торып,  екі  ат  жетелеп,  ойқастап,  құлағын  түріп,  түсі 
жаман, ойы қараңғы бір адам жүр. Ауылдан бажыл шыққанда әлгі адам бір 
тұрып,  бір  жүріп,  ауылға  таман  ұмтылды.  Ұмтылып  еді,  астындағы  жануар 
қорыс етіп, лоқып қалды. Аяғын үзеңгіден ептеп шығарып, сыбдырын ұрлап, 
жұмсақ  шӛпті  жапыра  басып,  жерге  түсті.  Атын  артқы  қасына  қайқита 
қаңтарып,  қыл  шылбырмен  тұқырта  тас  қылып  тұсап,  үш  атты  матастырды 
да,  қотанға  кіретін  епті  қасқырша,  бүкеңдеп  адымдады,  Қарауытқан,  қара 
жамылған  ауылдың  иті  ұлып  тұр.  Бес-алты  адым  аттады  ма,  жоқ  па,  әлде 
шӛптің,  әлде  шүберектің  сыбдырындай  судыр  еткен  бір  дыбысты  құлағы 


Sauap.org 
 
шалып  қалды.  Енді  бір  басып  еді  —  аяқ  асты  қарауытқан  шұқыр  болды, 
шұқыр түбінде бірдеме ағараңдаған тәрізді, қимыл етті: 
— Ағатай-ай! – деді біреу ышқына сыбырлап. 
— Ақбілекпісің?— деді әлгі адам біліп қойғандай. 
— Мен едім, құтқар, ағатай! — деп апанның ернеуіне таман ӛрмелеп еді; 
— Құтқарам. Бұқ. Жата тұр,— деді де, қазақ қалбаңдап жоқ болды. 
Екі қолы алдына созулы Ақбілек қалшиып қалды. 
Әлгі  адам  жүгіріп  барып  тоқтағандай,  ат  ышқынғандай,  үзеңгіге  аяқ 
салғандай, тебінгі тырс еткендей болды. Атына мініп келейін деген екен ғой, 
енді  ажалдан  құтылдым  ғой.  Жасаған-ай!  Тәуба,  дей  беріп  еді,  дүбірлеген 
аттың  тықыры  жақындамай,  теріс  айналып  кеткен  тәрізді  болды.  Қолы  әлі 
жәрдем тілеуде, жарылқаушы періште келетіндей, дәмелене күтсе де, тықыр 
алыстап,  дүбірлетіп  шауып  кетті.  Қолдары  сылқ  ете  түсті,  аяғы  тайғанап 
кетті, сырғанап түпсіз зынданға түсіп бара жатқандай кӛрінді... 
Ауыл  жақтағы  иттердің  манағы  шабаланғаны  жоқ,  анда-санда  сақ 
қаншықтың  безілдеген,  жас  күшіктің  шәуілдеген  әлсіз  дауысын  тӛбеттердің 
күңіренген  ұзын  сарыны  басып  тұрғандай.  Сүйтіп  тұрғанда,  бірдеме 
ысқырғандай  болды.  Ауылдан  иттерді  шабаландырған  аттың  дүрсілі  тауға 
қарай  кетті.  Ит  даусы  алыстап  барып,  қайта  жақындап,  абалады.  Ажал  да 
абалады.  Дүрсіл  ауылға  қайтып  келді.  Күбір-күбір  адам  даусы  естілген 
тәрізденді.  Ақбілектің  жүрегі  зырқ  ете  түсті.  Зырқ  етпей  қайтсін,  тықыр 
шықты. Жүрегімнің дүрсілі болғай еді деп, қолын кеудесіне басып еді — тас, 
тас  емес-ау  темір,  темір  емес  —  ажал  шықыр  еткендей,  құйқа  тамыры 
шымыр  етті.  Апан  кӛр  сияқтанды.  Ӛйткені  тажалдай  түсі  суық,  саудыраған 
үш  адам  келіп  қалды.  Ақбілек  бала  қамаған  лаққа  ұқсап,  апанды  айнала 
жүгіріп, ӛкпесін соққан торғайдай торға ілінді. Сонда да есінен танбады: 
— Апатай-ай!  –  деген  жан  дауысы  таудың  тасына  барып  шақ  еткендей 
болды.  Мейірімсіз  темір  қолдар  алып  ұрып,  аузын  басып  жатса  да,  қолды 
кейін  сермеп,  басын  жұлқып,  үзіліп,  ӛзеуреген  ащы  айғайы  апатайының 
құлағына  сап  етті.  Жонына  шойын  тағалағандай,  апасы  сіресіп  қалса  да, 
елемей,  шыңғырған  дауысқа  қарай  үкідей  ұшып  келеді.  Қызын  бүркітше 
бүріп,  илеп  жатқан  екі  орысты  анасы  екпінімен  келіп  игеріп  тастап, 
балапанын  басқан  ана  құстай,  баласын  бас  салды.  Олай  сүйреп,  бұлай 
жұлқып,  қызды  анасының  құшағынан  ала  алмаған  соң,  орыстар  мылтық 
дүмін жұмсады. Жанына мылтық батқанда, анасы қызын тастай беріп, алыса 
кетті.  Апыр-топыр  екі  орысты  екі  алып  ұрып,  бірінің  үстіне  бірін  илектеп 
жатқанда,  үшінші  орыс  тайқып  шегіне  берді.  Босанысымен  қашуға 
оңтайланған  Ақбілек  апанның  ернеуіне  жете  түсіп,  анасының  қалып  бара 
жатқанын  кӛріл,  қайта  апанға  түскенде,  анасы  қызына  қарсы  ұмтылды.  Сол 
кезде бос қалған орыс анасын жауырын ортадан басып салды. 
— Алла!— деп ана құлады. 
Үш орыс қызды кӛтеріп, ойбайлатып алды да жӛнелді. 


Sauap.org 
 
«Апатайлаған»  айғайы  жерді,  кӛкті  жұлып  Ақбілек  зарлап,  аттардың 
дүрсілі тауды дүсірлетіп, абалап иттер қуып бара жатқанда: 
— Қайдашы, қайдалап, тӛтеден бір топ кісі қуып ала жӛнелді. 
— Аттаншы! Аттан! 
Жер де айғай, кӛк те айғай. Тау күңгірлеп, тас шықырлайды. 
Қуғыншылардың  қарасын  кӛріп,  қыз  ӛңгергенді  қоя  беріп,  екі  орыс 
аттарын тежей, мылтықтарын кезей бастады. Екі атты есік пен тӛрдей жерге 
келіп  қалды.  Тау  сатыр-сұтыр  етті.  Қуғыншының  біреуі,  қиялай  шауып, 
атының  жалын  құша  жығылуы-ақ  мұң  екен,  арттағылары  азан-қазан,  ұйқы-
тұйқы түсе қалды. 
Манағы ала атты кім? Қыз алып қашқан орыстар кім? Бұларды қуам деп 
оққа ұшқан кім? Олардың кім екенін біз айтайық па? Ӛздеріне сӛйлетейік пе? 
Кәне,  осыны  дауысқа  саламын.  Біз  айтайық  дегендерің  қолдарыңды 
кӛтер  біреу,  екеу...  жоқ.  Ӛздері  сӛйлесін  дегендерің  қол  кӛтер...  тӛртеу, 
бесеу... ӛзіммен кӛпшілік. Сонымен сӛз ӛздеріне берілетін болды. 
 
БЕКБОЛАТ 
 
Қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт шүңірек кӛз жігітпін. 
Жасым  жиырманың  жетеуіне  шығып  тұр.  Атым  –  Бекболат.  Басымда 
барқытпен  тыстаған  қара  елтірі  жекей  тымақ,  үстімде  орысшалау  бенжек-
шалбар.  Березе  сұр  шапан,  cap  сапиянға  қара  ала  жапқан  күміс  белбеу, 
аяғымда  кӛнелеу  қисық  табаным  бар.  Белбеуімдегі  жарғақ  далбағайым, 
шашақты сары қында мүйіз сапты ӛткір кездігім, алдыңғы қапталдағы дабыл 
байлайтын ұзын қайыс шеттігім менің ӛнерсіз жігіт еместігіме айғақ болар. 
Бұрын  бір  байдың,  осы  күні  орта  шарқы  үйдің  ортаншы  баласымын, 
бұрын  қой  бес  жүзге,  жылқы  екі  жүзге,  сиыр  алпысқа,  түйе  жиырмаға 
шарпыған еді, осы күні сол малдың тӛрттен бірі де жоқ. 
Әкеміз  неше  жылдай  елубасы,  ауылнай,  би  болған.  Бір  ауылнай  елдің 
басты адамының бірі. Ағам отау болып, енші алып кетті. Інім Семейде оқуда. 
Шешеміз жылқы жылы құрт аурудан қайтыс болған соң, әкеміз бір кедейлеу 
адамның  ақ  құбаша,  бауырсақ  мұрын  жаңа  ӛспірім  қызын  беріп  қойған 
жерінен он бес қараға бата бұзып алып еді, тоқал бұ күнде әкейдің мойнына 
мініп алды. 
Жылдағы  зекет,  пітір,  садақасын  беріп,  бізді  оқытуға  әкеміз  таңқы 
мұрын, жылтыр қара Қожаны ұстап, сегіз жылдай, жаз үй артындағы қоста, 
қыс қонақ үйде теңселіп, қалғып-шұлғып, сабақ оқыдық. Тіл алмай, асқа, атқа 
ӛкпелеп, кісі боқтап, шалдуар боп, Қожадан таяқты талай жесем де, аяғында 
хат  таныдым.  Кӛршінің  қатынымен  Қожаның  ӛсегі  білінген  соң,  әкеміз 
шығарып жіберіп, содан кейін кӛзіміз ашылды. 
Оннан  асқан  соң-ақ,  қыдырған  қолы  бос  жігіттердің  боқ  ауыздарын, 
былапыт  әңгімесін  тыңдап,  он  беске  келген  соң,  қыз-келіншегі  бар  үйдің 


Sauap.org 
 
іргесін  тырнап,  жібін  қиып,  есігін  қиратып,  түн баласында  дамыл  кӛрмедік. 
Жолдастарға  еріп,  ойын-сауық  қуып  жүріп,  қылжақты,  ӛлеңді,  домбыраны 
үйрендім.  Еті  тірі,  жақсы  жігіттерді  еліктеп,  насыбай,  мылтық  атуды,  ит 
жүгіртіп, құс салуды үйрендім. Тұзды ет беріп, суға жығып, қашырып алып, 
талай құстан айырылсам да, аяғында құстың тілін білдім, па шіркін! Астында 
жарау  бедеу,  қолында  қыран  тұйғын,  үстінде  сымдай  киім,  ӛзек,  ӛлкені 
сыпылдата  кезіп,  жарқ-жұрқ  еткізіп,  қаз,  үйректі  сыпыртып,  кешке  таман 
сұлу  қызды  ауылдың  сыртына  қонам  деп,  шіреніп  келіп  тұрар  ма  ең! 
Жалғанның қызығы сонда! 
Әкем ӛз маңындағы елдің ұрлығын қымтап, зорлығына болысып, дауын 
даулап,  жесірін  жоқтап,  шығынын  реттеп,  бірді-бірге  соғып  жатады.  Атқа 
мініп  кетеді;  үйде  болса,  келген  кісілермен  оңашаланып  сыбырласып 
жатқаны.  Сүйтпесе  ел  билей  алмайды-ау  деп  ойлаймын.  Бірақ  оған  артық 
араласпаймын.  Ағам  мен  екеуі  тұрғанда,  маған  сӛз  не  керек,  ӛз  ермегім 
ӛзімде.  Бірақ  олар  мені  әуейі  боп  кеттің  деп,  кейде  жаратпайды,  кейде  мен 
құс  алдырып,  аң  атып  келгенде,  мақтанып  та  қояды.  Әйткенмен,  ағайын 
дауына, ру намысына қызбай да жүрген жерім жоқ. Тӛбелес болса, жасаққа 
шығысамын. Қыз қашқан, қатын кеткен топтардан қалмаймын. 
Әкем  айттырған  Жаманбаланың  шотбақ  қара  қызын  менсінбей, 
Мамырбайдың  Ақбілегін  елден  тандап  айттырып  едім.  Мал  жанды  соққан 
екен, малымды түгел алмай, есік кӛрсетпеймін деп, кӛнбей қойды. Бойжеткен 
қалыңдығым  тұрғанда,  қарап  жатайын  ба,  жасырын  барам  деп,  кісі  жіберіп 
алып,  «Ӛзі  біледі»  деген  соң,  бұ  күн  жолыққалы  келе  жатыр  едім.  Дулыға 
тастың  бӛктерінен жолымызды  кесе  қашқан ор  қоянды ӛткізбеймін  деп,  бір 
талай ат қинап, алданып қалғанымыз. Әйтпесе, мана келетін кісі ғой. 
Ауылға  таяна  бергенде  шулаған  иттің  дауысын  естіп,  тұра  қалып  едік, 
бір  мезетте  «Апатайлаған!»  Ақбілектің,  одан  мылтықтың  дауысын,  аттың 
дүбірін  есіткен  соң,  дәтім  шыдамай,  не  де  болса,  қолында  ӛлейін  деп  қуып 
бердім. Қараңдаған екі аттыға жаңа жете бергенде, оң иығымнан оқ сап ете 
түскенде, кӛзім қарауытып, басым айналып кетті. Не болғанымды білмедім. 
Әй, жолдас шіркін сондай жерде керек қой! Аттарын тежеп, қорқып шаппады 
ғой. Әйтпесе түсіріп алатын кісі едік. Есіл жарым, екі кӛзің жәудіреп, орысқа 
қор  боп  кеттің-ау!  Жұртым-ау,  менде  не  жазық  бар?  Ақбілекті  жіберіп 
қойғандарың ба? Кеудеде шыбындарың болса, неге қимылдамайсыңдар? 
 
ӘПЕСЕР 
 
Мал-мүлкімді  талады,  кісімді  ӛлтірді,  қызымды  алып  кетті  деп,  бізді 
бұзық  адам  кӛріп,  қазақтар  жазғырады-ау.  Дүниеде  не  боп  жатқаннан 
хабарсыз,  ауылынан  адым  жер  шығып  кӛрмеген,  аң  сықылды  жайылған 
қазақ, біздің неғып мұндай күйге түскенімізді қайдан білсін? 


Sauap.org 
 
Ата-анадан, туысқаннан, туған жерден кім безейін деп ойлайды? Еркін, 
қызық  ӛмірді,  жан  тыныштықты  кім  жақсы  кӛрмейді?  Сұлу  әйелдің  от 
құшағын,  тәтті  лебізін  кім  аңсамайды?  Адам  тілегенін  істеуге  ерікті  болса, 
тұрмысы  осындай  болар  ма  еді?  Біреу  ырысты,  біреу  сорлы  болар  ма  еді? 
Адамда  ерік  жоқ.  Адам  лажсыз  елінің  тілегіне  бағынады.  Дүниеде  тағдыр 
бар, лажсыз ӛмірге қону бар: тағдырда бостандық, еркіндік деген жоқ. 
Тағдыр айдамаса, осынау Қытай шегіндегі Алтай тауына, қазақ арасына 
біз  келер  ме  едік?  Мен  Тамбау  губернесіндегі  бай  алпауыттың  кіші  баласы 
едім.  Бабамыз  Александр  патшаның  әскеріне  қолбасы  болып,  түрік 
соғысында мақтау алған кісі екен. Әкеміз соғыс уәзірінде үлкен тӛре болып, 
мосқал  тартқанда,  Тамбаудағы  ата  қонысына  келіп,  егін  салдырып,  шаруа 
құрды.  Мол  жер,  бақша-бау,  салтанатты  сарай,  қос-қос  арғымақ,  солқылдақ 
арба, жүйрік ат, жүйрік тазы дегендер бізде болушы еді. Бір ағам үніберсітет 
бітіріп, атбекет болып, одан соңғы екеуміз әскер академиесін бітіріп, әпесер 
болып  едік.  Ағайынды  тӛртеуміздің  ішінде  ажарсызы  мен  болсам  да, 
ерлігіммен  герман  соғысында  қол  бастап,  бір  рет  шен  алдым.  Патшамыз 
соғыс ашқанда, ел-жұрт, отанымызды қорғауға, біз соғысқа бардық. Отанды 
біз қорғамасақ, орыс күшті жұрт болмаса, осы надан қазақ күн кӛре алар ма 
еді?  Орыс  сияқты  жері  мол,  қолтығы  кең  жұрттың  қол  астына  қарағанына 
қазақ  тәубе  қылу  керек  қой.  Анығында  қазақ  мемлекетке  не  пайда  келтіріп 
отыр?  Түндік  басы  жылына  тӛрт  сом  алым  тӛлегені  болмаса,  әскерге  лау, 
азық  бергені  болмаса,  бұларда  не  шығын  бар?  Тек  қымызын  ішіп,  қарнын 
сипап, қатынына қарап, борбайын тыр-тыр қасығанды біледі. Патша қазақты 
қара  жұмысқа  алам  дегенде,  қандай  қорқып,  абыржып,  қиратылып  қалды. 
Қазақ  солдаттан  ӛлгенше  қорқады.  Баяғыда,  қазақ  орысқа  қарағанда,  қатын 
патша,  қазақтан  солдат  алмаймын  деп,  қолхат  беріпті-міс  деп,  талшық 
қылады. Тегінде, қазақтың солдат болудан қорыққаны бізге теріс те емес. Кім 
біледі,  қолына  қару  берсе,  орыс  жұртына  жау  болып  кетпесіне  кімнің  кӛзі 
жетеді? Онда ұлы Ресейдің жұрты кемиді, жері, елі азайып қалады. Қазақтың 
малы, елі, бұйымы басқа елдің пайдасына кетіп қалуы мүмкін. Әйтеуір қазақ 
ӛз  алдына  ел  болып  жатқан  жоқ.  Ендеше,  орысқа  бағынуы  керек.  Орысқа 
жақын арқа кӛзеу қыларлық қазаққа күшті жұрт жоқ. Қазақ орысқа жерімді 
алдың  деп  ӛкпелейтін  шығар.  Жер  қазынанікі  ғой,  орыс  ӛсіп  жерге  сыймай 
жатса,  бос  тұрған  жерді  алмай  қайтеді?  Қазақ  жер  кеп,  баяғыдай  кӛшіп-
қонып, кең даланы шарлап жүре беремін деп ойлайды. Жер жүзінде жалғыз 
қазақ  емес,  ӛзге  жұрт  та  бар  ғой,  оларға  да  тіршілік  керек.  Ендеше,  артық 
жеріңді алғанға ӛкпелеме. Сен де егін сал, қала бол, сонда бәрімізге де жер 
жетеді. Мұны қазақ ұқпайды-ау. 
Қазақ зәбірің тиеді деп бізді айыптайды. Зәуде қазақ әскер болып, қазақ 
әскері орыс елінің ішінде жатса, маңайына зәбірі тимес пе еді? Малын алмас, 
дүниесін  таламас,  қызын  қатын,  қатынды  жетім  қылмас  па  еді?  Кешегі 
Жетісу  майданында  мұжық  қалаларын  алғанда,  қазақ  әскері  қандай  қылды. 
Бейуаз  мұжықты  қылышының  жүзінен  ӛткізбеді  ме?  Мүлкін  талап,  әйелін 


Sauap.org 
 
расуа  қылмады  ма?  Баяғыда  орысты  үш  жүз  жылдай  татар  билеп  тұрғанда, 
қазақ  та  соның  ішінде,  қандай  қорлық  кӛрсетпеп  еді?  Ордаға  барған 
елшілерімізді тақтайға жаншып, үстінен билетіп, езгілеп ӛлтіріп еді. Қазекем 
сенің де жайың белгілі. Қолдарыңа түссе, шамаларың келсе, сендер де бізді 
аямайсыңдар. Бірақ шамаларың келмейді. 
Әйтсе де біз қазақтан кек алғалы жүргеніміз жоқ. Қазақ жеріне келейік 
деп келгеніміз жоқ. Ресейде тӛңкеріс болып, патшаны түсірген соң, ӛз ара екі 
жарылып,  ел  билеуге  таласқан  соң,  ӛкіметті  қара  жұмысшы  мен  қара 
солдатты  жақтаған  балшебектер  алып  кеткен  соң,  біздер  орыстың  шын 
ұлдары  құл-құтанға  бағынбаймыз  деп,  соғысып,  жеңіліп,  қашып  келіп 
отырмыз. Алдымыз қашып Қытай жеріне ӛтіп кетті. Біз одан қашқан, бұдан 
қашқан,  жетпіс  шақты  әпесер,  білеуіттер  Алтайдың  бір  тығырына  бекініп, 
қызылдардан  жан  сауғалап  жатырмыз.  Олардың  ойы,  оқ  дәрімізді, 
азығымызды түгесіп, қыстың суығына қатырып, ашықтырып алмақ. Әйтпесе, 
бір  ауыздан  жалғыздап  келіп,  бізді  ала  алмайды.  Тауда  жатып  біз  қарап 
ӛлейік  пе?  Қара  таласқан  соң  маңайдағы  қазаққа  шабуылдап,  азыққа  мал, 
баспанаға киіз, тӛсеніш, ыдыс, сайман алып тіршілік қылып жатырмыз. 
Елсіз  тауда  ерігіп  жатқан  ӛңшең  еркек  іші  піскен  соң,  ермек,  қызық 
керек  қылмай  тұра  ма?  Қашанғы  ӛзді-ӛзіміз  боқтасып,  керісіп,  тӛбелесе 
берейік. Біздің де қанымызда от бар; бізде де тілек, құмарлық, нәпсі бар. Біз 
де  жаспыз.  Әйел  құшуды  біз  де  аңсаймыз.  Әйелсіз  күн  кӛре  алмайтын, 
махаббаттың қадірін білетін сезімі жетілген, біз ӛнерлі, білімді жауропаның 
ұлдарымыз.  Әйел  кімде  бар?  Қазақта.  Қазақ  та  адам  баласы.  Қазақтың  қара 
кӛздерінің  сиқырлы  күші  жауропа  әйелінен  кем  емес;  әнтек  тәрбиеленіп, 
қылымсуды, еркекке жағынуды үйренбегені болмаса. Қазақ надан болған соң 
орыстан жатырқайды, жиренеді, қазақ қызы орыс жігітін сүймейді — бізге ӛз 
сүйгеніміз  де  жетеді:  бізге  әйел  керек.  Әйелдің  сүйгенін  тілейтін  біздің  ӛз 
еліміз  бар  ма?  Қазақ  надандықтан  жатырқайды;  оқыған  ел  жатырқамас  еді, 
қазақтың оқыған азаматы орыс қызын сүймей, орыстан қатын алмай жүр ме? 
Қысылғанда,  сасқанда  қарсылық  қылған  жерде  болмаса,  тегіннен 
қазақты  ӛлтіргеніміз  жоқ.  Адамның  тыпырлап  ӛлгені  бізге  тауықтың 
ӛлгенімен бір есеп. Кӛңілімізге солай орнағаннан ба? Ӛлімді кӛп кӛріп етіміз 
ӛліп кеткеннен бе, кім білсін? Шынында ӛлім деген, ӛмір деген немене? Адам 
ӛлмек үшін туған. Бүгін ӛлдің не, ертең ӛлдің не? Ӛмір — қабақтың қаққаны. 
Ендеше, аз күн тіршілікте ӛмірден қандай қызық, қандай ләззат болсын, алып 
қалу керек. Ӛлген соң түк те жоқ. 
Алдымызда  қылышын  сүйреткен  қызыл  шұнақ  қыс.  Айналамыздағы 
қала – қызыл жау. Келешегіміз — аяз, аштық, соғыс, ажал. Бірінен болмаса, 
бірінен  ӛлуіміз  ақ.  Бүгін  болмаса,  ертең  ӛлуге  кӛзің  жетіп  отырса,  елден, 
жұрттан,  туған-туысқаннан  күдерді  үзсек,  бізді  жан  екен  деп,  аяйтын  адам 
баласы болмаса, біз қара таласпағанда, біз бой жасамағанда, біз кісі ӛлтіріп, 
біз  қыз  алып  қашпағанда,  кім  бұларды  қылмақ?  Біз  әзір  тіріміз.  Тіршілік 

10 
Sauap.org 
 
деген арпалысып күнелту деген сӛз. Ендеше, біз тіршілік қылып жүрміз. Бізді 
қазақ айыптаса, білмегеннен айыптайды. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал