Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 3.57 Kb.

бет9/10
Дата22.04.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1-жүргізуші:  -  7В  сыныбының  команда  капитаны  үшін 
тапсырма.
1. ҚР мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
2. Қазақстанда неше облыс орталығы бар? (14)
3. Бір тәулікте қанша сағат бар? (24)
4. 22 наурыз қандай мереке? 
(Шығыс халықтарының Жаңа жылы)
5. Аптаның бірінші күні қалай аталады? (дүйсенбі)
6. «Көксерек» кімнің әңгімесі? (М.Әуезов)
7. Адам өміріне ең қажетті заттар. (Ауа, су, тамақ)
2-жүргізуші: - 3-тур – «Үй тапсырмасы». Әр команда 
өзінің  үйден  жаттап  келген  өлеңін  ортаға  салады.  Мұнда 
мәнерлеп  нақышына  келтіріп  жатқа  оқу  сыналады.  Ең 
жоғарғы ұпай – 3 ұпай.
7А сыныбы.  «Үш бақытым». М.Мақатаев.
7Б сыныбы. С.Торайғыров.
«Сүйемін туған тілді – анам тілін».
7В сыныбы. Ә.Тәжібаев.

123
   
   
 
«Туған тілім- тірлігімнің айғағы».
1-жүргізуші:  -  Қорытынды  сөзді  қазылар  алқасына 
береміз.
2-жүргізуші: - Осымен тілдер күніне арналған «Білгірлер 
мен тапқырлар» сайысы аяқталды. Назарларыңызға рахмет!
Мереке ӘДІЛХАНҚЫЗЫ,
Алла БЕКЕТҚЫЗЫ,
Шығыс Қазақстан облысының
Зырян ауданындағы
Зырян қаласының
№11 орта мектебінің мұғалімдері.
«ЖАС ПОЛИГЛОТ» САЙЫСЫ
Сайыстың мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын 
кеңейту  мақсатында  тәуелсіз  елімізде  өмір  сүріп  жатқан 
түрлі  ұлт  өкілдері  арасында  қазақ  тілінің  деңгейін  көтеру 
және достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тілді оқып-
үйренуге деген ықыласы мен қызығушылықтарын арттыру, 
құрмет  сезімдерін  қалыптастыру,  үш  тілділік  саясатын 
дамыту.
Көрнекіліктер:  компьютермен  жұмыс,  сұрақ-жауап, 
аударма, мәнерлеп оқу, ойын.
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру.
1. Мұғалімнің сөзі: - Сәлеметсіздер ме,  құрметті  қонақ-
тар, мұғалімдер, оқушылар!
II. Ойынның барысы.
- Біз бүгін сіздермен Қазақстанда тұратын 130-дан астам 
ұлт  өкілдері  халықтарының  «Тілдер  күні»  мерекесін  атап 

124
өтуге жиналып отырмыз. 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік 
мәртебе алды. Осы күні ресми түрде қазақ тіліне мемлекеттік 
тіл  деген  ат  берілді.  Осы  жылы,  яғни,  1989  жылы  22 
қыркүйекте Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы 
қабылданды. Сондықтан да біз 22 қыркүйекте Тіл күнін атап 
өтеміз.
Тіл – адамдар арасындағы қатынас құралы. Тілсіз қоғам 
жоқ.  Тіл  мен  қоғам  бір-бірінсіз  өмір  сүрмейді.  Жүсіп 
Баласағұн айтқандай: «Адамға екі нәрсе тірек тегі: бірі – тіл, 
бірі – ділің жүректегі».
-  Дорогие  гости,  ребята,  уважаемые  коллеги!  Мы  рады 
приветствовать  Вас  на  празднике  дня  языков.  Казахстан  – 
многодиаспорное  государство.  Все  народы,  населяющие 
его равноправны. Каждый язык – это целый мир. Язык – это 
живая душа народа, его радость, боль. Память, сокровище. 
2.  Сіздердің  назарларыңызға  7а,  7в  сынып  оқушылары-
нан құрылған топтар арасында өткізілетін «Жас полиглот» 
атты білім бәсекесін бастаймыз. Сайыс 9 кезеңнен тұрады. 
Топтардың  жауаптарын  сараптау  үшін  әділқазылар 
алқасымен таныстырамыз.
III. Ойынды бастау. 
- Ал, халайық, халайық,
  Енді бермен қарайық!
  Тілдер күніне арналған
  Сайысқа шын жарайық,
  Оза шауып қатардан
  Жүлдемізді алайық!
«Жас полиглот» сайысының 1-кезеңі – Амандасу.
Мақсаты: үш тілде: қазақша, орысша, ағылшынша дұрыс 
сәлемдесу деңгейлерін көрсету.
2-кезеңі – Таныстыру. Мақсаты: үш тілде қай сыныптың 
оқушылары  екендігін,  кім  екендерін  таныстыру,  топтың 
атын айту.

125
6 а сынып оқушылары – «Тапқырлар» тобы.
6 б сынып оқушылары – «Білгірлер» тобы.
6 в сынып оқушылары – «Достар» тобы.
3-кезеңі – Тіл дамыту.
Мақсаты:  тілге  байланысты  берілген  нақыл  сөздерді 
қазақша  дұрыс  оқып,  орысша  аудару  (слайдтағы  берілген 
тапсырмалар).
4-кезеңі – Төрт түлік малды білесің бе?
Мақсаты: қазақ халқының тұрмыс-салт жырларының бір 
түрі – төрт түлік жануарларға арналған. Осы жануарлардың 
аттарын  жұмбақтарды  шешу  арқылы  3  тілде  дұрыс  айту 
(слайдтағы берілген тапсырмалар).
5-кезең – Грамматикаң қалай?
Мақсаты:  қазақ  тілінің  грамматикасын  тексеру 
мақсатында  берілген  сөздерді  оқып,  сөз  құрамына  (түбір, 
жұрнақ,  жалғау)  2  тілде  –  қазақша,  орысша  дұрыс  талдау 
(слайдтағы берілген тапсырмалар).
6-кезең – Мақал-мәтелдер.
Мақсаты: берілген мақал-мәтелдер қандай тақырыптарға 
арналғанын  3  тілде  анықтау  (слайдтағы  берілген 
тапсырмалар).
7-кезең – Ұлттық ойындар.
Мақсаты: суретте бейнеленген қазақ халқының ұлттық 
ойындарының  атауын  тауып,  3  тілде  ата  («Аударыспақ», 
«Бәйге», «Алтыбақан»).
8-кезең – Мемлекеттік рәміздерді білесің бе?
Мақсаты:  мемлекеттік  рәміздерді  білу  мақсатында 
Әнұранның авторларын, Тудың түсін, Елтаңбаның ортасында 
не бейнеленгені туралы білімдерін тексеру (3 топқа арналған 
слайдтағы берілген тапсырмалар).
9-кезең – Поэзия.
Мақсаты: 3 тілде – қазақ, орыс, ағылшынша «Тіл, Отан» 
туралы өлең жолдарын мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу.

126
IV.  Қорытындылау,  бағалау,  марапаттау,  әділ-қазы-
лар алқасына сөз беру.
«Тапқырлар» тобы – 1 орын.
«Достар» тобы – 2 орын.
«Білгірлер» тобы – 3 орын.
V. Мұғалімнің қорытынды сөзі: - Құрметті оқушылар, 
қазір Қазақстанның әр азаматы – сіздер, біздер мемлекеттік 
тілдің мәртебесін арттыруға, оның қолданыс аясын кеңейтуге 
үлес қосып, 3 тілді меңгеруге тырысайық!
   
   
 
                                                                          
Майра ОҚАПОВА,
Павлодар қаласындағы 
                                                                           №18 жалпы орта білім 
беретін мектептің
                                                                           қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ДЕНЬ ЯЗЫКОВ НАРОДОВ 
КАЗАХСТАНА
I. Построение.
1-жүргізуші:  -  Қазақстан  Республикасында  тұратын 
халықтардың  тіл  мерекесі  құрметіне  арналған  салтанатты 
шеруді ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші:  -  Торжественная  линейка,  посвященная  к 
Дню языков народов Казахстана открыта.

127
ІІ. Звучит гимн РК.
1-жүргізуші: - Слово для поздравления предоставляется 
директору СОШ № 18 Е.А.Гамировой.   
2-жүргізуші:  -  Қазақ  тілі  –  Қазақстан  Республикасы-
ның  мемлекеттік  тілі.  Қазақстан  Республикасының  «Тіл 
туралы» заңы бойынша қазақ тілі - мемлекеттік тіл болуына 
орай оның қолданылу аясы, бедел мерейі мемлекет ішінде 
емес,  халықаралық  қатынастар  деңгейіне  көтеріліп  келеді. 
Тарихымыз - өткеніміз, бүгініміз және ертеңгі болашағымыз 
сол  тіл  арқылы  сыр  шертеді.  Сондықтан  әр  азамат  ана 
тілін  жетімсіретпей,  босағада  отырғызбай,  биікке  көтеруге 
тиісті.  Қазақстандағы  әрбір  адам,  әрбір  ұлт  өз  ана  тілінде 
қатынасып, пікір алысып түсініседі.
-  Казахстан  –  многодиаспорное  государство.  Более 
130  народов  и  национальностей  проживает  в  Казахстане, 
все  они  говорят  на  разных  языках.  Язык  –  важнейшее 
средство человеческого общения и орудие художественного 
творчества.  Язык  –  удивительное  орудие,  посредством 
которого  люди,  общаясь  между  собой,  передают  друг 
другу свои мысли. Родной язык – это живая связь времен. 
С  помощью  языка  человек  осознает  роль  своего  народа  в 
прошлом и настоящем, приобщаясь к культурному наследию, 
к  современным  процессам  духовного  развития  общества, 
нации.
III. Ана тілі туралы  Әбділда Тәжібаев былай деді:
«Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім – мен де бірге өшемін!»
IV. Численность населения Казахстана более 15 миллионов 
человек. Наиболее значительные по численности, этносы в 
Республике составляют: казахи – более 8 миллионов человек, 
русские – более 5 миллионов человек, украинцы –  около 800 

128
тысяч человек, немцы – около 400 тысяч человек. В нашей 
школе  более  1000  учащихся,  в  их  числе  представители 
следующих наций и народностей: казахи, русские, украинцы, 
немцы,  белорусы,  чеченцы,  татары,  азарбайджане,  узбеки, 
грузины, армяне, молдаване, чуваши, ингуши.
 V. Парад приветствий на языках народов Казахстана.
1-жүргізуші:  -  Ознакомьтесь  с  планом  проведения 
мероприятий,  посвященных  «Дню  языков  народов 
Казахстана»
2-жүргізуші:  -  Қазақстан  Республикасында  тұратын 
халықтардың  тіл  мерекесі  құрметіне  арналған  салтанатты 
шеруді жабық деп жариялаймыз.
Торжественную  линейку,  посвященную  Дню  языков 
народов Казахстана разрешите считать закрытой.
ТІЛ  МЕРЕКЕСІ
Ұзағынан сүйіндіріп, шіркін-ай,
Мемлекеттік тіл мейрамын тойласақ,
Керемет бір жыр жазар ем бұл күні-ай
Мақтан тұтар қазақылық ойға шақ!
   
   
 
   
   
 

129
Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы
Ардақ ҚАЙЫРЛИЕВА,
Атырау облысының
Индер ауданындағы
Махамбет атындағы орта 
мектептің қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінің мұғалімі.
«МЕН ӨМІРДІ ЖЫРЛАУ ҮШІН 
КЕЛГЕНМІН...» 
Мақсаты:  оқушыларды  қазақтың  лирик  ақыны  – 
Мұқағали  Мақатаевтың  өмір  және  шығармашылығымен 
таныстыру,  өмірін  көрініс  арқылы  көз  алдарына 
елестету,  қазақ  өлеңдерін  мәнерлеп  оқуға,  мағынасын 
аша  білуге  баулу,  көрерменге  жеткізе  білу,  тәрбиелеу. 
Көрнекілік:  М.Мақатаев  портреті,  интерактивті  тақта, 
слайдтар,  кітаптар  көрмесі  (слайдтан  ақын  туралы  өмір-
деректер көрсетіледі).
Сабақ барысы:
-  Поэзия  әлемінде  өз  ойын  көркемдікпен,  асқан 
шеберлікпен  бере  білу  шабыты  жоғары,  өлең  шығару 
дарыны  бар  үлкен  талант  иесінің  қолынан  ғана  келеді. 
Сондай  таланттардың  бірі,  поэзия  әлемінің  асқар  шыңы  – 
Мұқағали  Мақатаев.  Мұқағали  аға  өмірінің  соңына  дейін 
қолынан  жүйрік  қаламы  түспеген,  қазақтың  қара  өлеңінің 
құдіретіне,  терең  сырына  қаныққан  ақын.  Сөз  құдіретінің 
мән-мағынасын терең түсініп, сөз маржанын бейнелі өрнек-
пен  кестелейтін  Мұқағалидай ақын кемде-кем.
1-жүргізуші:  -  Армысыздар,  өлең  сүйер,  өнер  сүйер 
қауым! 
2-жүргізуші: - Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! 

130
Мәңгілікке өзіммен ала кетер
Менің  нәзік жанымды кім түсінер?!... 
деп  қынжыла  жазып,  өмірдің  базарынан  жылап  қайтқан 
қарапайым да жұмбақ тағдыр иесі – Мұқағали Мақатаевтың 
туғанына  80  жыл  толуына  арналған  «Мен  өмірді  жырлау 
үшін  келгенмін»  атты  әдеби-сазды  еске  алу  кешімізге  қош 
келдіңіздер!
Көрініс.  Мұқағали аурухана халатын киіп, дәлізде ойла-
нып жүр. Бір кезде сахнаға жақындап  «Өзімнің  есебімше» 
атты өз өлеңін оқиды.
1-жүргізуші:  -  Осыдан  соң-ақ  қазақтың  ақ  теректей 
жайқалған ақиық ақыны қырық бес жасында дүниеден озды. 
Қазір ақынды 1 минут үнсіздікпен еске алсақ. Артына мол 
мұра қалдырған Мұқағали рухы тірі, ол өлмейді. 
2-жүргізуші: - «Арыз жазып кетейін», оқитын – Құралай 
Жаңбырбаева.
1-жүргізуші:  -  Аламан  бәйгеде  оза  шауып,  өлең-жырда 
шашасына шан жұқтырмайтын ерен жүйрік, талантты тұлға 
– Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан, оны біріміз білсек, 
біріміз  білмейміз.  Енді  бір  сәт  ақынның  өмір  деректеріне 
жүгінсек.
1-оқушы:  -  М.Мақатаев  1931  жылы  9  ақпанда  Алматы 
облысы,  Нарынқол  ауданы,  Энгельс  атындағы  колхоздың 
Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Әкесі Сүлеймен осы 
өңірде тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы болған. Сұрапыл 
соғысқа  өз  тілегімен  аттанып,  Калининград  майданында 
ерлікпен қаза тапты. Балалық шағынан-ақ ақын ерте есейді. 
Үш  ұлмен  қалған  анасы  Нағиманға  ұлдарын  өсіру  оңайға 
түскен  жоқ.  10-сыныпты  бітірген  Мұқағали  еңбекке  ерте 
араласты. Алдымен ауыл советтің хатшысы, қызыл отаудың 
меңгерушісі,  комсомол  қызметкері,  7  жылдық  мектептің 
мұғалімі болып қызмет істеді.

131
2-жүргізуші: - Ақынның туған жеріне арнаған «Қарасаз» 
өлеңі. Окитын – Айдана Нәсіпқалиқызы.
2-оқушы:  -  М.Мақатаев  поэзияға  қалай  келді?  60-шы 
жылдардың басында Нарынқол аудандық «Советтік шекера» 
газетінде қызметін бастаған ол кейін «Жұлдыз» жұрналында 
жалғастырды.  1962  жылы  ақынның  поэзияға  келу  жолы 
осылай басталды. 
3-оқушы: - Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір 
поэзия. Ақынның «Армысыңдар, адамдар», «Дариға-жүрек», 
«Аққулар  ұйықтағанда»,  «Өмір-дастан»,  «Жырлайды 
жүрек»,  «Аманат»,  «Жырлап  кайттым  өмірдің  базарынан»,  
т.б кітаптары жарық көрді. Ақынның «Аманат» жыр жинағы 
– 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы.
4-оқушы:  -  Ақиық  ақын  Мұқағали  тек  өлең,  поэмалар 
жазып қана қоймай, прозаға да батыл қалам сілтеп, көркем 
аудармалар да жасады. 
1-жүргізуші:  -  Болашақ  ақын  10  жасында  майданда 
жүрген әкесін сағынып, өлең шығарады.
Әкеміз  бір әкеден жалғыз еді,
Судағы жаңа біткен жалбыз еді.
Мінеки, 10 ай болды хабары жоқ,
Біз-дағы әкемізге зармыз енді.
Бұл өлең асқар таудай әкеге деген жас жүректің өшпес, 
ыстық сағынышы болатын. Дарабоз ақын жыр табалдыры-
ғын осылайша аттаған еді. 
2-жүргізуші: - Ақынның «Әке аманаты» өлеңі. Оқитын – 
Ақтолқын Жаңбырбаева. 
1-жүргізуші:  -«Поэзия  –  үміт  сенімі,  жүрек  дірілі,  жан 
тынысы,  шексіз  сезімге  толы  махаббат»,  осы  құдіретті 
белгілердің  бәрі  Мұқағали  поэзиясынан  табылады.  Олай 
болса,  «Поэзия!  Менімен  егіз  бе  едің?»  -  деп  ақын  өлеңін 
Рысгүл Қатарова жыр шашу етіп шашады.

132
2-жүргізуші: - Ақын өз Отанын сүйе білдітуған жердің 
әрбір тасын, құсын, жәндігін жырға қосты. Ақынның Отан, 
туған ел туралы өлеңдері оқылады.
1-жүргізуші:  -  Ақын  Мұқағали  өз  өмірінде  талай 
қиындыққа  душар  болса  да,  қаламын  жанынан  тастамады. 
Қарымды  қаламгердің  қаламының  ұшы  мұқалмады. 
«Менің анкетам» өлеңі бойынша диалог оқитындар: Руслан 
Бағытжанов, Еркін Қапаров) Ақынның «Жоқ, дәрігер» өлеңі. 
Оқитын – Бекқайыр Жаңбырбаев.
2-жүргізуші: - Ана – өмір сыйлаушы, бала бағбаны. Ару 
– асыл жарлар, ер-азамат тағдырының иегерлері, тәрбиешісі. 
Оларға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі – жырдың алтын 
арқауы. 
«Махаббат диалогы». Оқитындар: Дауталиева Салтанат, 
Құмаров Абылай. 
1-жүргізуші:  -  Өлең-өнер,  өлең-дерт,  оны  туа  біткен 
дарын  иесі,  шын  талант  қана  дүниеге  әкеледі,  жүрек  пен 
сезімнің отына орап ақ кағазға түсіреді. Сол ақ қағазда иесін 
тапқан  әрбір  сөз  жүректерге  ән  болып,  әуен  болып  жетіп 
жатады. Талантты ақын Мұқағалидың көптеген өлеңдеріне 
ән жазылып, сахна төрінде шырқалып жүр. «Арулар, асыл 
жандар»  әні.  Орындайтындар  Салтанат  Дауталиева,  Айым 
Тарғынова.
2-жүргізуші: - Өлең деген тумайды жайшылықта
                           Өлең деген туады қайшылықта.
                           Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
                           Күнделікті тірлікте бой суытпа ,-
деп  дарынды  ақын  жырлағандай,  өлеңдері  көркем  қуаты-
мен,  еркелігімен  халқының  жүрегіне  жол  тауып  жатты. 
«Жыр жауһары – Мұқағали».
Оқитындар: Мәнерлеп оқу үйірмесінің мүшелері.
1-жүргізуші: - «Мен сендерді іздеймін» әні. Орындайтын: 
Руслан Бағытжанов.

133
2-жүргізуші: - Табиғат, жанымды алсаң, алшы мені,
                           Бір түйір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Артында қалсын жерім, қалсын елім.
Мұқағали поэзиясында тереңдік, сұлулық,  қарапайымды-
лық,  асқақтық  бар.  Оның  көңіл-күй  сезімі  табиғат 
мезгілдерімен  үндесіп  жатады.  «Таудағы  көктем»  және 
«Көктем де келер» өлеңдері оқылады.
1-жүргізуші: - Енді осы туған жердің, туған елдің иесі – 
біздер, яғни, Мұқағалидың ұрпақтарымыз. Туған табиғатты, 
туған өлкені әнге қосамыз.
2-жүргізуші: - «Саржайлау» әні. Орындайтын – Айдана 
Нәсіпқалиқызы.
1-жүргізуші: - Жалғастырар ізіңді де бар мұнда!
                          Тыңдай білер тыңдарман да бар мұнда!
                          Тойлай сенің туған күніңді,
                          Ұмытпайтын ұлы халық бар мұнда! 
                          Мәңгі  тірі, өлеңі өшпес азамат 
                          Қазаққа тән, Мұқағали – нар тұлға!!!
 2-жүргізуші: - Қазақтың даласы ән-күйсіз тербетілмеген. 
Алдарыңызда  саз  мектебі  оқушыларының  орындауында 
«Ерке сылқым» күйі. Қабыл алыңыздар! 
1-жүргізуші: - Біз ақынды ұмытпаймыз, оның өлеңдері 
мәңгі жадымызда сақталады. 
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! - 
деп ақынның өз сөзімен Мұқағалиға арналған жыр-кешіміз-
ді осымен жабық деп жариялаймыз.
«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады.

134
Алтын ҚУАНЫШҚЫЗЫ,
Батыс Қазақстан облысының
Теректі ауданындағы
Приречен ауылының 
жалпы білім беру мектебінің мұғалімі.
«ЖАЗЫЛАР ЕСТЕЛІКТЕР МЕН    
ТУРАЛЫ»
1-жүргізуші: - Бүгін менің туған күнім ой, бәле-ай!
                          Мына адамдар неге жатыр тойламай?
                          Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
                          Тәңірінің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай.
                          Мына дүние неге жатыр үндемей?
                          Алаулатып тойдың шоғын үрлемей.
                          Құшақ-құшақ гүл шоқтарын лақтырып,
                          «Мынау шапан», 
                          «Мынау-атың, мін», - демей.
2-жүргізуші: - Мына жұртқа жақпады ма әлденем?
                          Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?
                          Қалқам, Сенің қасиетіңді білем деп
                          Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?
                          Тойланбаса тойланбасын,
                          Не етейін?
                          Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін,
                          Қаламымды берші маған, бәйбіше,
                          Болашаққа арыз жазып кетейін....
1-жүргізуші:  -  Армысыздар,  сөз  өнерін  құрметтеуші, 
жыр сүйер, ән сүйер қауым!
2-жүргізуші: - Армысыңдар, құрметті қонақтар!
Бүгінгі  Мұқағали  Мақатаевтың  шығармашылығына 
арналған  «Жазылар  естеліктер  мен  туралы»  атты  әдеби 
кешімізге қош келдіңіздер.

135
1-жүргізуші: - Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
                          Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен.
                          Абай болып табынсам бір кісіге,
                          Абай болып түңілем мың кісіден, -
деп жырлап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев тірі бол-
са 80 жасқа толар еді.
2-жүргізуші:  -  Жыл  керуені  алға  жылжыған  сайын 
М.Мақатаевтың  артына  қалдырған  өшпес  мұрасы  жарық 
жұлдыздардың қараңғы түн қойнауына сәулесін шашқандай, 
өркендей өсіп, айшықтала түсуде.
1-жүргізуші: - Иә, М.Мақатаев  – ғажайып, ақиық, сыр-
шыл, гуманист, ақын. Ол  – бізге көрінбейтін сиқыр бояу-
лардан,  бізге  естілмейтін  құпия  дыбыстардан  тоят  алатын 
жұмбақ ақын.
2-жүргізуші:  -  Ақын  өлеңдерін  оқыған  сайын  ақиқат 
бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Қа-
зақ жерінің кең де бай өлкесін Мұқағали өзінің «Саржайлау» 
өлеңінде жырлайды. «Саржайлау» әнін тамашалаңыздар.
Менің анкетам
Туған жерің?
- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931, құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін. Және-дағы  тәуірмін...
- Партияда барсың ба?
- Жоқпын.
- Шыққан тегің?
- Шаруамын. Бар тілектен бағалы оны санаймын.
- Білімің ше?
- Орташа ғой. Алайда өзім жоғарыға балаймын.
- Ана тілің?
- Қазақша. Қысылғанда орысша да, немісше де тағы бар.

136
- Қайда істедің?
- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
  Оқымаған дипломсыз демесең
  Бір басымнан бар мамандық табылар.
- Шетелдерде болдың ба?
- Болғаным жоқ.
  Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
  Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен
  Осы отырған орнымда-ақ.
- Мекен-жайың?
- Мекен-жайым -  жер менің.
  Жерде жүрген ақыл деген пендемін.
  Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
  Мен өмірді жырлау үшін келгенмін.
1-жүргізуші: - Өлең дейді, шіркін-ау, өлең дейді,
                          Кейде өлең байқаусызда елеңдейді.
                          Жаныңа дауа болып жадыратар
                          Өлеңсіз өмір гүлге бөленбейді.
Келесі  кезекті  Мұқағали  жырларына  берейік.  Ақынның 
«Есіңе мені алғайсың» әнін тамашалаңыздар.
2-жүргізуші: - Мұқағали бозбала кезінде жыр жорғасы-
на  мініп,  Шәлкөдені  сан  аралады.  Сезімінің  ой-қырын  ар-
мансыз  аралап,  түсінгендерінің  бәрін  ақ  қағазға  түсірді. 
Шибұттың  шуаққа  малынған  сандық  тастарына  отырып 
алып:  «Алып  жота,  ақ  аршын,  Ұлы  кеуде,  көз  жібердім 
көлбеген кербез белге» - деп жазды бала Мұқағали. Ол дәл 
осындай жолдармен-ақ өлеңдерінің қазақ поэзиясының ал-
тын қорына кіретінін, әрине, аңғарған жоқ.
«Поэзия» өлеңі оқылады.
1-жүргізуші:  -  Мұқағали  Мақатаев  қазақтың  қара 
өлеңінің құдіретін ерекше бағалаған, оған бас иген. 
Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген туады қайшылықта.

137
Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Ақын жырлары – шын шабыттан туған жырлар. Сырын 
жырына, жырын сырына егіз еткен ақын шабыттанудан, по-
эзияны іздеуден бір сәт жалыққан емес.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал