Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 3.57 Kb.

бет8/10
Дата22.04.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сергіту сәті: 4-аялдама. Көрініс.
Бұл  аялдамада  үйге  берілген  тапсырма  бойынша 
балалардың дайындап келген көріністерін көрейік.
- Сәлеметсің бе, Ангелина!
 

107
- Сәлеметсің бе, Анжелика!
- Сен қайда барасың?
- Мен вокзалға барамын.
- Қай қалаға барасың?
- Мен Көкшетауға барамын.
- Пойызға билетің бар ма?
- Иә, кеше кассадан билет алдым.
- Пойыз сағат нешеде жүреді?
- Пойыз сағат 5-те жүреді.
- Ал, сен қай қалаға барасың?
- Мен Алматыға барамын.
- Алматыға кіммен барасың?
- Алматыға шешеммен қыдырып барамын.
- Жақсы қыдырып қайт, жол болсын!
- Рахмет, сау бол! Сенің де жолың болсын!
- Тоқта, тоқта! Қап, қалып қойдым ғой!
- Балам, бұл қай жақтың пойызы болды?
- Ол Көкшетау пойызы болды.
- Бүгін Көкшетауға пойыз бола ма?
- Иә, кешке жүреді.
- Жүріңіз, кассадан кешкі пойызға билет алыңыз.
- Сен қай жаққа барасың?
- Мен де Көкшетауға барамын.
- Мен билетті кешкі пойызға алдым.
- Атай, кешке дейін уақыт бар, асханаға барып шай ішейік.
- Жүр онда, барсақ-барайық.
Әр  уақытта  адамдар  жол  жүрген  жолаушыға  «жолыңыз 
болсын» деп оң сапар тілейді.
Пойыздың суретін, дауысын қосу.
5-аялдама. «Ойлан, тап».
Бұл аялдамада сабағымызды бекіте келе, демала отырып 
сөзжұмбақты шешейік.
1. Пойызға не тіркеледі?

108
2. Билетті кім тексереді?
3. Багаж қалай аударылады?
4. Темір жолмен қай көлік жүреді?
5. Жол жүретін адамды кім дейміз?
6. Кассада не сатады?
6-аялдама. Вокзалда.
Соңғы аялдамамыз – «Вокзалда». Бұл аялдамада саяхат 
сабағымызды  аяқтаймыз.  Сабағымызды  қорытындылай 
келе,  Көкшетау  вокзалының  суреті  бойынша  әңгіме 
құрастырайық.
Қорытындылау.
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталады?
- Не туралы білдіңдер? Нені үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?
«Үлкенге  –  құрмет,  кішіге  –  ізет»  дегендей,  үлкендерді 
құрметтеу, сыйлау керек. Кішілерге көмек көрсету – өнеге.
Үйге 
тапсырма. 
92-93-бет, 
сөздерді 
жаттау, 
3-тапсырмадағы сөздерден сөйлемдер құрап жазу. 
Бағалау.
   
         
в  а  г  о  н 
ж  о  л  с  е  р  і 
к 
ж  ү  к 
п  о  й  ы  з 
ж  о  л  а  у  ш  ы 
б  и  л  е  т 
  

109
Меруерт АМАНГЕЛДІҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№103 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ТІЛ  ҰСТАРТҚАН  ЖАНУАРЛАР 
(4-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың    жа-
нуарлар  туралы    түсінігін    кеңейту,    тақырып    бойын-
ша  өтілген сөздер  мен сөз  тіркестерін дұрыс  пайдалана  
білуге    үйрету;  дамытушылық  –  оқушының  тілін,    ой-
өрісін    дамыту,  әңгімелеу    дағдысын    жетілдіре    отырып 
мәнерлеп,    байланыстырып  сөйлеуін    дамыту;  тәрбиелік 
–  сабақта  қолданылатын    дидактикалық    материалдар  
негізінде  оқушыларды  елжандылыққа, адамгершілікке,  ой  
ұшқырлығына  тәрбиелеу.
Түрі:  аралас    сабақ.  Әдісі:  баяндау,  түсіндіру,  аударма,  
жеке  жұмыс, сұрақ-жауап, тыңдалым. Көрнекілігі: оқулық, 
интерактивті  тақта, сұрақтар,  сөзжұмбақ, деңгейлік  тап-
сырмалар.  Пәнаралық    байланыс:  қазақ  тілі,  орыс  тілі, 
дүниетану.
Сабақтың барысы. Ұйымдастыру  кезеңі
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Әнұранды орындау.
3. Кезекшімен  сұхбаттасып, оқушыларды түгелдеп, на-
зарларын сабаққа аудару.
Мотивация:
- Балалар  қазір қандай мезгіл?
- Қазір  күз мезгілі.
- Бүгін  қаншасы?

110
- Бүгін – қарашаның он бесі.
- Аптаның  қай күні?
- Аптаның сейсенбі  күні.
- Қазір  қандай сабақ?
- Қазір  қазақ тілі  сабағы.
-  Ал,    енді,    балалар,  өткен  сабақты    есімізге    түсіріп  
жіберейік,    біз    өткен    сабақтарда    қандай    тақырыптарды  
өттік?
- Жарайсыңдар,  балалар!
Үй    тапсырмасын    қайталау:    «Біздің  ауыл»  мәтінін  
әңгімелеу, жаңа сөздерді  жаттау.
Өзен – река;      
Бағады – пасет;
Егін – посевы; 
Егеді – сеет.
Біздің  ауыл  қаланың  қасында. Ауылда  мектеп,  ауру-
хана, кітапхана, дүкен,  көп үйлер  бар.  Ауылда  сиыр, қой,  
мысық, ат, т.б. жануарлар  бар.
Үй  тапсырмасын  бекітуАуыл  қандай? Ауылда  не  
бар? Ауылда  қандай  үй  жануарлары  бар?
Жаңа сабақты  түсіндіру:   - Жалпы, балалар,  жануар-
лар  үй  жануарлары  және жабайы  жануарлар болып екіге  
бөлінеді. Үй  жануарларына: сиыр, қой, мысық, ит, жылқы,  
ешкі,  т.б.  жатады.  Ал,  жабайы  жануарларға:  піл,  арыстан,  
маймыл, тасбақа,  жылан, аю, түлкі,  қасқыр, т.б.  жатады. Үй  
жануарлары мен  жабайы  жануарлардың  айырмашылығы  
неде деген  сұраққа  жауап  беретін  болсақ, үй жануарларын  
қолға  үйрету  оңай.  Ал жабайы  жануарларды,  үй  жану-
арлары  сияқты қанша  бақсаң да қолға  үйрете  алмаймыз.  
Мысалы: «Қасқырды  қанша  бақсаң да  тауға қарап  ұлиды» 
деген  сөзіміз  дәлел.  Сонымен,  біздің бүгінгі  тақырыбымыз  
жабайы  жануарлар  болғандықтан,  жануарлар  туралы білу 
және сөз тіркестерін құрап   үйрену – басты мақсат.

111
Жаңа сөздер:   
Әлем – мир; 
Ірі – крупный;
Керік – жираф; 
Зіл – бегемот;  
Піл – слон;         
Аю – медведь;
Тасбақа – черепаха. 
Сабақта қолданылатын амалдар:
1. Бір, екі балаға оқыту;
2. Хормен оқыту;
3. Сөз тіркесі мен сөйлемдер құрастыру. 
Мысалы:  Әлемдегі ең биік  жануар – керік. Ең  ірі, ауыр  
салмақты  жануар – піл. Ең жүйрік аң – гепард.
-  Тақтадағы  жабайы  жануарлардың  суреттеріне  назар 
аударайық.  Оқушыларды  жануарлардың    суреттерімен    та-
ныстырамын.
Тақтамен жұмыс:
Үй жануарлары:                     Жабайы  жануарлар:                         
Мысық,  ит,  сиыр,  қой.          Піл,  тасбақа,  түлкі, жылан.
- Балалар, біз енді  қаламымызды қойып, сергіп алайық. 
«Сергіту  сәті».
Жасағанда жаттығу –
Қажет емес, қажет емес аптығу.
Бір, екі, үш.
Бойға жинап күш.
Бүгілеміз, бүктелеміз, бәкідей.
Созыламыз, созыламыз сәкідей.
Бір, екі, үш.
Отырамыз тып-тыныш. 
- Аңдар  қалай дыбыстайды?   (Оқушылар тақтада  ілінген  
суреттерді  бір-бірден  алып,  сұрақты  оқып,  жауап  береді.)

112
   
   
 
- Қасқыр  ұлиды.
- Аю  ырылдайды.
- Жолбарыс ақырады.
- Жылан  ысылдайды.
- Балалар,  біз  енді  диалог  құрастырып  жіберейік.
- Сәлем, Ялкун!
- Сәлем, Камиль!
- Сен  хайуанаттар  бағына  бардың  ба?
- Иә,  бардым!
- Қандай  аңдарды  көрдің?
- Мен  піл,  аю,  жолбарыс, маймыл, тасбақа, т.б. аңдарды  
көрдім.
- Саған  қандай  аңдар  ұнайды?
- Маған  піл,  тасбақа,  жолбарыс  ұнайды.
- Сау бол!
- Сау  бол!
Жабайы аңдарға байланысты сөзжұмбақты шешеді.
Бағалау. Үй тапсырмасын беру.
АРМАН
Тек еңбекпен атқан таңды арайлап
Қарсы алатын ұстаз деген – ғажап ат!
Шәкіртінің болашағын көп ойлап,
Тіл ұстартқан мұғалімі – азамат!
Сондай ұстаз сабақ берсе мектепте,
Ағар білім бұлағы да сарқырап.
Балаусадай кетер едік көктеп те,
Жанар еді ел жұлдызы жарқырап!

113
Сыныптан тыс жұмыс – Внеклассная работа
Айнагүл ЖАНӘДІЛОВА, 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
Ақмола облысы,
 Астрахан ауданы,
 Жалтыр ауылы.
ТІЛ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ     
МӘРТЕБЕСІ
(7-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  өткен  тақырыптар 
бойынша  алған  білімдерін  пысықтап,  ой-өрісін,  білім 
деңгейін кеңейту; түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың 
тіл  байлығын,  ойлау  қабілетін,  қазақ  тілінде  еркін  сөйлеу 
шеберліктерін  жетілдіру;  адамгершілікке,  ізденуге,  білімді 
табандылықпен игеруге тәрбиелеу.   
Түрі:  сайыс  сабақ.  Әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап,  түрлі 
тапсырмалар. 
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылар 
3 топқа бөлінеді).
Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:  -  Құрметті  ұстаздар,  оқушы-
лар!  «22  қыркүйек    –  тілдер  мерекесіне»  арнап  өткізген 
«Тіл  мәртебесі  –  ел  мәртебесі»  атты  сайысымызға  қош 
келдіңіздер!
Тіл  –  қай  ұлтта,  қай  елде  болса  да  қастерлі,  құдіретті. 
Ол  әрбір  адамға  ана  сүтімен  бірге  еніп,  қалыптасады.  Тіл 
байлығы  –  әрбір  елдің  ұлттық  мақтанышы.  Өз  ана  тілін 
қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.
«Халықтың  мәңгі  ғұмыры  –  оның  тілінде.  Әрбір  тіл  өз 
халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов. Сондықтан әр 

114
адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге міндетті.
Ортаға 2 «Б» сынып оқушыларын шақырамыз.
1-оқушы: - Сүйемін туған тілді – анам тілін,
                     Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
                     Шыр етіп жерге түскен минутымнан 
                     Құлағыма сіңірген таныс үнім.
                                                                 (С.Торайғыров.)
2-оқушы: - Туған тілде сыры терең жаным бар,
                    Туған тілде әнім менен сәнім бар.
                    Туған тілім тіл болудан қалса егер,
                    Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3-оқушы: - Туған тілім -  тірлігімнің айғағы,
                     Тілім барда айтылар сыр ойдағы!
                     Өссе тілім – мен де бірге өсемін,
                     Өшсе тілім – мен де бірге өшемін!
                                                                 (Ә.Тәжібаев.)
4-оқушы: - Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,
                     Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
                     Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел
                     Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.
5-оқушы: - Көп тіл білсең – көкжиегің кең болар,
                     Құрметтейді кісі екен деп төрге озар!
                     Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы –
                     Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар!
6-оқушы: - Ана тілін білмеген –
                     Ақылы жоқ желікбас.
                     Ана тілін сүймеген
                     Халқын сүйіп жарытпас!   (Б.Сарноғаев.)
Әділ қазылар алқасы таныстырылады.
- Сайыстың бұл беташарын бастайық,
  Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
  Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
 Өнеріне ду қол соғып қостайық,деп, кезекті  сайысқа 
қатысушы топтарға берейік.

115
Топтар өздерін таныстырады.
І кезең «Бәйге» деп аталады. Әр топ берілген сұрақтар-
ға тез және нақты жауап берулері керек.
I топқа:
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Көктем мезгілінде неше мереке бар?
3. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
4. ҚР – ның  мемлекеттік тілі?
5. Қыста не жауады?
6. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады?
7. Күздің бірінші айы?
8. Қазақстан туының түсі қандай?
9. Наурызда пісірілетін басты тағам?
10. Тұрлаулы мүшеге не жатады?
11. Жылқының иесі кім?
12. Абай Құнанбайұлының шын аты кім?
13. Бір тәулікте неше сағат бар?
14. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
15. Бұл, мынау, сол сөздері есімдіктің қай түріне жатады?
ІІ топқа:
1. ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?
2. Абай Құнанбайұлы кім?
3. Жүз жасаған ақын.
4. Зере Абайға кім болады?
5. Сиырдың иесі кім?
6. Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата.
7. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
8. Тұрлаусыз  мүшелерді ата.
9. Тышқаннан қорқатын аң.
10. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік.
11.  Кішкентай  сәби  тез  жүріп  кету  үшін  қандай  рәсім 
жасалады?
12. Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын қалай аталады?
13.  Дауыссыз  дыбысқа  басталып,  дауыссыз  дыбысқа 

116
аяқталатын буын.
14. М. Әуезовтың әйгілі роман – эпопеясы.
15. Киіз үйдің төбесі.
ІІІ топқа:
1. Заттың, нәрсенің атын білдіретін сөз табы.
2. Тіл мерекесі қай күн?
3. Қазақтың үш дана биі кімдер?
4. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
5. Неологизм дегеніміз не?
6. Абайдың неше қара сөзі бар?
7. Тіл туралы заң қашан қабылданды?
8. Есімдік мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
9.  «Закон  сингармонизма»  сөзінің  қазақша  мағынасы 
қандай?
10. Барыс септігінің сұрақтарын ата.
11. Біздің аудан атауы.
12. «Мұғалім» сөзінің синонимі.
13. Бие сүтінен дайындалатын емдік сусын.
14. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары.
15. Бала оқытатын адам.
ІІ кезең – «Сөз мәйегі – мақал».
ІІІ кезең – «Полиглот».
- Ең бай адам – көп тілді меңгерген адам. Ал, көп тілде 
еркін сөйлейтін адамды – ғылым тілімен «полиглот» дейміз. 
Елбасының талабы бойынша, біздің мемлекетімізге көп тілді 
білетін мамандар керек. Сендердің араларыңда полиглоттар 
бар  деп  ойлаймыз.  Оны  тексеру  үшін  сендерге  жұмбақ 
жасырамын, сендер жауабын табасыңдар. Оны қазақ, орыс, 
ағылшын тілдерінде аударасыңдар.
1. Темір тілді,
    Күміс үнді. (Қоңырау – звонок)
2. Қабат – қабат қаттама,
    Ақылың болса аттама. (Кітап – книга)
3. Түк білмей барасың,

117
    Тәлімін аласың.
     Есейіп кетсең де,
     Қарыз болып қаласың.    (Мектеп – школа)
4. Суға батпайды,
    Отқа жанбайды. (Мұз – лед)
5. Табаныма байладым,
     Қос таяқпен айдадым.    (Шаңғы – лыжи)
6. Оқушыға күнде еріп жүретін не?   (дневник – күнделік)
ІV  кезең  –  «Зерде».  Бұл  ойында  сендер  сөйлемдерді 
толықтыруларың керек.
V кезең – «Кім жылдам?»
1.  Бейнеленген,  қанатты,  жағында,  екі,  елтаңбаның, 
пырақтар.
Елтаңбаның  екі  жағында  қанатты  пырақтар 
бейнеленген.
2.  Шұбарламау,  басқа  тілдің,  тіл,  дегеніміз,  сөзімен, 
тазалығы, ана тілін.
Тіл  дегеніміз  –  ана  тілін  басқа  тілдің  сөзімен 
шұбарламау.
3.  Өз  халқының,  қол,  болашағынан  да,  Ана  тілін,  үзеді 
өткенінен де, ұмытқан адам. 
Ана  тілін  ұмытқан  адам  өз  халқының  өткенін  де, 
болашағынан да қол үзеді.
VІІ кезең – «Өнерлі өрге жүзер».
Тіл туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер?
“Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында 
Жеңіске  жетер  дейміз  нағыз  мықты!”  -  дегендей, 
сайыскерлерімізді  бағалау  үшін  әділ  қазыларымызға  сөз  
берейік. 

118
К.САҒЫНТАЕВА,
 К.МҰХАМЕДКӘРІМОВА,
Қарағанды қаласындағы 
№23 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті
 пәнінің мұғалімдері.
БІЛГІРЛЕР МЕН ТАПҚЫРЛАР 
ТАРТЫСЫ
Мақсаты:  оқушылардың  меңгерген  білім  деңгейін 
анықтау,  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттыру,  ойлау 
қабілеттерін  дамыту,  сөйлеу  мәдениетін  жетілдірy,  білімді, 
жан-жақты болуға үйрету, сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу. 
Көрнекілігі:  плакаттарда  жазылған  қанатты  сөздер, 
презентация,  таратпалы  парақта  жазылған  тапсырмалар, 
әділқазыларға арналған жауап кілттер, құмсағат. 
Қатысатындар: 7а, 7б, 7в сыныптарының оқушылары.
1-жүргізуші: - 1998 жылдың ақпан айында қабылданған 
жарлыққа  сәйкес  «22  қыркүйек-  Қазақстан  халықтарының 
тілдер күні» деп жарияланған. Қазақстан елі – Қазақстанды 
экономикалық күшті, еркін республика ретінде, әр адамның 
жарқын  өмір  сүруіне  мүмкіндік  береді.    Қазақстан  –  көп 
диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел.
2-жүргізуші:  -  Армысыздар,  құрметті  қонақтар, 
ұстаздар,  оқушылар  және  ойынға  қатысушы  сайыскерлер! 
«Күш  –  білімде»,  «Білекті  бірді  жығады,  білімді  мыңды 
жығады»  деген  дана  халқымыз.  Біз  білім  теңізінен 
жүзіп  өткенде  ғана  еліміздің  тірегі,  сүйеніші  боламыз! 
Сондықтан  бүгін  мемлекеттік  тілді  қаншалықты  түсініп, 
сөйлей алатынымызды дәлелдеу үшін білімділер  сайысын 
назарларыңызға ұсынбақпыз.

119
1-жүргізуші:  -  Бүгінгі  білім  сайысын  бағалайтын 
әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! 
2-жүргізуші: - Қатысушыларды шақырамыз. 
1-жүргізуші:  -  Құрметті  сайыскерлер,  өздеріңізді 
қысқаша таныстырып өтсеңіздер.
Сәлемдесу рәсімі:
7А сыныбы: - Егемен елдің ұлымыз,
                          Ертеңгі күннің нұрымыз.
                          Отанын сүйген азамат,
                          Таланттылардың біріміз.
                          Тобымыздың аты – «Ұлан».
7Б сыныбы: - Ау, халайық, халайық,
                          Бәріңе жар салайық.
                          Сәлем жолдап баршаңызға,
                          Келіп тұр бүгін ортаңызға
                          «Зерде» атты тобымыз да.
7В сыныбы: - Келді ғой кезек, міне, кездесетін,
                          Сырын шертіп заманның тілдесетін.
                          «Парасат» атты тобымыздың атынан
                          Сәттілік тілеп, айтамыз жол тілегін.
1-жүргізуші:  -  Бүгінгі  сайыс  3  турдан  тұрады:  1-тур   
«Білгенге – маржан»,  ол 3 бөлімнен тұрады. 
Бірінші  бөлім  «Маржан  сөз»  деп  аталады,  мұнда 
берілген  түбір  сөзден  1  минут  уақыттың  ішінде  түбірлес 
сөздер  ойлап  табасыздар.  Неғұрлым  көбірек  жаңа  сөздер  
ойлап тапсаңыздар – сонша ұпай қосылады. Алдарыңыздағы 
параққа жауаптарыңызды жазып тапсырыңыздар.
Берілетін сөздер үш командаға да бірдей: күн ( күнделік, 
күнпарақ, күнқағар – панама, күндес), оқу ( оқушы, оқулық, 
оқытушы, оқыт), дәрі (дәрігер, дәрілік, дәріхана).
2-жүргізуші: - 2-бөлімнің аты – «Мың бір мақал». Бұл 
бөлімде мен мақалдың бірінші бөлігін айтамын, ал сіздер 1 
минуттың ішінде оны жалғастырасыздар. 

120
Әрбір дұрыс айтылған бір мақал үшін 3 ұпай беріледі.
7А сыныбының командасы үшін мақалдар: 
1. Адамдықтан үлкен ат жоқ, (Наннан үлкен ас жоқ).
2.  Жасық  адам  жасына  жетпей  қартаяр,  (Асыл  адам 
жасына жетпей марқаяр).
3. Атаңның баласы болма, (Адамның баласы бол).
7Б сыныбының командасы үшін мақалдар:
1. Отан – елдің анасы ( Ел – ердің анасы)
2. Отансыз адам – ( Ормансыз бұлбұл).
3. Ел-елдің бәрі жақсы, ( Өз елің бәрінен де жақсы).
7В сыныбының командасы үшін мақалдар:
1. Ағаш тамырымен, ( Адам досымен мықты).
2. Досың дос болғанға шаттан, (Дұшпанмен дос болудан 
сақтан).
3. Күлме досыңа, (келер басыңа).
1-жүргізуші:  -  3-бөлімнің  аты  –  «Ақ  сандық,  көк 
сандық». Мұнда жеребе тарту арқылы әр түрлі түстермен 
берілген  белгілі  бір  пәнге  негізделген  сұрақтарға 
жауап  бересіздер.  5  сұрақ  беріледі.  5  минуттың  ішінде 
командаларыңызбен талқылап, дұрыс жауабын айтасыздар. 
Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.
География бойынша сұрақтар  (сары түсті):
1.  Қазақстан  қандай  мемлекеттермен  шектеседі?  
(Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан).
2.  Қазақстанның  көлдерін  атаңыз      (Балқаш,  Зайсан, 
Марқакөл, Алакөл, Сабындыкөл, Теңіз).
3. Қазақстанның өзендерін атаңыз  (Іле, Орал, Ертіс, 
Шу,  Лепсі,  Ақсу,  Көксу,  Сырдария,  Амудария,  Қаратал, 
Нұра, Есіл).
4. «Қазақтың Швейцариясы» деп қай жерді атайды? 
(Көкшетау, Бурабай).
5. Республикамызда неше облыс бар? (14).
Тарих бойынша сұрақтар (жасыл түсті):

121
1. Көшпенді қазақтардың үйі қалай аталған?  (киіз үй).
2. 16 желтоқсан қандай мереке? (Қазақстан Республика-
сының Тәуелсіздік күні).
3.  Қазақстан  Республикасының  рәміздері  қай  жылы 
қабылданды?   (1992ж.).
4. Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конститу-
ция қай жылы қабылданды?  (30 тамыз 1995 жыл).
5. Шығыс қыздарынан Батыр атағын кім алды? (Әлия 
Молдағұлова, Мәншүк Мәметова).                           
Қазақ тілінен сұрақтар  (қызыл түсті):
1. Меншіктік мағынаны білдіретін жалғауды атаңыз. 
(Тәуелдік жалғау).
2.  Үндестік  заңына  бағынбайтын  сөздерді  атаңыз  
(мұғалім, кітап, дәріхана, т.б.). 
 
3. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар? Атаңыздар. 
(4, көптік, септік, жіктік, тәуелдік).
4.  Ыбырай  Алтынсарин  кім?    (педагог-ағартушы, 
ақын, жазушы, балалар әдебиетінің атасы).
5.  «Қолөнер»  сөзінің  аудармасын  тап.  (ремесло, 
рукоделие).
2-жүргізуші: - 2-тур – «Бәйге» деп аталады. Команда-
ның капитандарына тапсырма. Бұл турда кім 1 минут ішінде 
7 сұраққа дұрыс және тез жауап берсе – жеңіс сонікі. 
1-жүргізуші:  -  7А  сыныбының  команда  капитаны  үшін 
тапсырма.
1. «Менің атым – Қожа» повесінің авторы кім?  (Бердібек 
Соқпақбаев)
2. 22 қыркүйек қандай мереке? (ҚР халықтарының Тілдер 
күні)
3. 25 қазан қандай күн? (Республика күні)
4. Аптаның үшінші күні қалай аталады?
5. Жұмадан кейін қай күн? (сенбі)
6. Қазақ тілінде неше септік бар?

122
7. Конституция күні қай күні тойланады?
2-жүргізуші:  -  7Б  сыныбының  команда  капитаны  үшін 
тапсырма.
1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
(Астана)
2. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. 
(Ту, Елтаңба, Әнұран)
3.  Қазақтың  алғашқы  ғарышкері,  сынақшы-ұшқыш, 
авиация генерал-майоры? (1991 ж. Тоқтар Әубәкіров)
4. Алғаш    мектеп    ашқан    ұлы    ағартушы?
(Ы.Алтынсарин)
5. Аптаның төртінші күні қалай аталады? (бейсенбі)
6. 16 желтоқсан қандай мереке?  (ҚР Тәуелсіздігі күні)
7. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңінің авторы?
(Ы.Алтынсарин)

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал