Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 3.57 Kb.

бет6/10
Дата22.04.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3. Деңгейлік тапсырма беру.
1-деңгей.  1.  Төмендегі  сын  есімдердің  мағыналарын 
анықтап, дара сын есімдерді бір бөлек, күрделі сын есімдерді 
бір бөлек топтап жаз да, олардың жасалу жолдарын түсіндір.
Үлгі: дара, сын есім: сұр, сулы, ...
Күрделі сын есім: қара ала, қап-қара, ...
Сұр, қара ала, сулы, көгілдір, бидай өңді, шұбар, ұмытшақ, 
қой көзді, қызыл шырайлы, ат жақты, тобылғы түсті, қара 
мұртты, жирен, жұп-жұмыр, ұшқалақ, қиқар, аласа өкшелі, 
шымыр денелі, шикіл сары, бадырақ көзділеу, қара күрең.
2.  Төмендегі  сын  есімдерге  жақша  ішіндегі  зат 
есімдердің лайықтысын тіркеп жаз.
Өнерпаз                    (сөйлем)
Түйінді                      (шопан)
Жасанды                   (бала)
Басыңқы                   (суретші)
Әуесқой                    (ой)
Таңдаулы                  (адам)

77
Сөзшең                     (торқа)
3.  Төмендегі  жұрнақтарды  қосып,  сын  есім  жаса. 
Мағынасына көңіл аудар.
1. -қы, -кі, -ғы, -гі: ауыз-ғы  (бөлме).
Арт, іш, төмен, жоғары, соң (ы), кеш, күндіз.
2. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: бала-лы (үй)
3. -сыз, -сіз: баласыз үй.
Кітап, білім, көлік, ақыл.
4. -шыл, -шіл: сауықшыл ел.
Ұйқы, күлкі, ой, ұйым, өзім.
5. -лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: сыйлас дос.
Ниет, сиыр, туыс, ауыл.
6. -шаң, -шең: көйлекшең адам.
Етік, бой.
4. Төмендегі сын есімдер құрамына қарай қандай сын 
есімге жататынын анықтап, жаңа тіркес жаса.
Үлгі: аласа үй (негізгі сын есім).
1.  Аласа,  сары,  қонымды,  бойшаң,  арыстандай,  ашық, 
барғыш,  үркек,  ірі,  ұсақ,  жылы,  жұмсақ,  терең,  сұйық, 
тершең.
2-деңгей.  1.  Бос  тор  көзге  берілген  сөзбен  әріп  саны 
бірдей, қарсы мәнді сөздерді тауып жаз.
   
              
                                                       
к  е  ң   
 
 
а  р  а  з   
 
 
 
ж  а  қ  с  ы   
 
 
 
 
ж  а  й  п  а  қ   
 
 
 
 
 
е  л  г  е  з  е  к   
 
 
 
 
 
 
б  а  й  с  а  л  д  ы   
 
 
 
 
 
 
 
 

78
2.  Төмендегі  сөйлемдерге  асты  сызылған  сөздердің 
қайсысы сын есім мағынасында қолданылғанын тап.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы. Сыз жерге отырма, 
сызықты түзу сыз. Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей? 
Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған.
3. Бір буыннан құрылған қандай сын есімдер бар?
3-деңгей.
1.  Берілген  өлеңнен  сын  есімдерді  тауып  жаз.Сын 
есімдердің қалай жасалғанын түсіндір.
Сәулетті, сәнді, тұрмысты,
Байлығы шалқар шалқыған,
Ақпейіл, азат, ырысты
Айналдым туған халқымнан!  (Ш.Смаханұлы.)
2.  Сын  есімнің  түрлерімен  (негізгі,  туынды,  дара, 
күрделі)  қатыстырып,  өз  айналаңдағы  бір  адамның  не 
досыңның, не туысыңның сөзбен портретін жаса.
7. Сабақты бекіту.
Тест сұрақтарына жауап  беру (өзіндік жұмыс)
1. Сын есімді тап: 
а) жазықтық;   ә) жарық;   б) бұрын;   в) сол;   г) гу-шу.
2. «Атаққұмар» сөзі қай сөз табына жатады?
а) еліктеу сөздер;          ә) сын есім;         б) шылау; 
в) үстеу;                         г) зат есім.
3. Дара сын есімдерді белгіле:
а) қонымды, сүйкімді, сары;    
ә) шөп, бұлақ, көбелек; 
б) бәрі, тегіс, күллі;  
в) сары ала, өткір көзді, жақсы-жаман; 
г) шіркін, бәрекелді, пай-пай.
4. Күрделі сын есімді тап:
a) кең маңдайлы, шоқша сақалды, қызыл шырайлы; 
ә) қышқыл, дәмді, тәтті; 
б) сұра, сөйле, сана. 

79
   
   
 
в) арбаң-арбаң, ербең-ербең, елп-елп; 
г) тоғызыншы, оныншы, он алтыншы.
5. Мезгіл, мекенге қатысты сын есімдерді белгіле:
а) қалталы қосаяқ, алқызыл долана; 
ә) кешкі тамақ, түскі мезгіл, ормандағы үй;
б) қырғи қабақ, көк желке, ши борбай.
6. Туынды сын есімді тап:
а) кеуде;   ә) кеңшілік;    б) кең;   в) кеңіту;    г) таулы.
7. Басқа сөз табынан жұрнақ арқылы жасалған сын 
есімді қандай сын есім деп атайды?
а) дара;   ә) күрделі;   б) туынды;   в) сапалық;   г) негізгі.
8. «Еріншек», «әлді», «күшті» сөздері сын есімнің қай 
түріне жатады?
а)  сапалық;   ә) дара;   б) күрделі;   в) туынды;  г) негізгі.
9. Қайсысы негізгі сын есім? 
а) сусыма, сабырлы, ашушаң, кекшіл; 
ә) ауылдық, жайлы, арсыз, ағайынды; 
б) көк, сұр, жеңіл, қара; 
в) мақтаншақ, сөзшең, пысық.
10.  Бір-біріне  қарама-қарсы  мәндегі  сын  есімдерді 
белгіле:
а) қызыл, жасыл;   ә) сотқар, қиқар;    б) жұмсақ, тұщы; 
в) биік, аласа;         г) тар, жеңіл.
8. Сабақты қорытындылау.
9. Бағалау.
10. Үйге тапсырма: 68-беттегі 139-жаттығу. 

80
Гүлмира ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,
 Павлодар қаласындағы 
«Стикс» бейіндік бағыттағы 
мектебінің қазақ тілі мен 
әдебиеті пәнінің мұғалімі.
САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ 
ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР
(9-сынып)
Сабақтың  мақсаты: білімділік – салт-дәстүрлер  тура-
лы  бұрын  алған  білімдерін  пысықтап,  отбасы  дәстүрлерін 
талдау арқылы коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру. 
Мүлік,  аластау,  құндылық,  мұра  сөздерін  меңгерту; 
дамытушылық  –  оқып-түсіну,  тыңдап-түсіну  арқылы 
мәтін  мазмұны  бойынша  сұрақ  қою,  әр    түрлі  жағдаятта 
сұхбатқа  түсу  дағдыларын  жетілдіру.  Салалас  құрмалас  
сөйлемге  синтаксистік  талдау  жасау  машықтарын  дамыту; 
тәрбиелік – оқушылардың жалпы  дүниетанымын кеңейту, 
қазақ  халқының  тарихын,  мәдениетін,  салт-дәстүрлерін 
құрметтеуге тәрбиелеу, қазақи болмысқа баулу. Елтану.
Құзыреттіліктер:  сабақ  мазмұны  арқылы  –  пәндік; 
интерактивті тақта арқылы –ақпараттық; салт-дәстүрлер ту-
ралы мәліметті  талдау арқылы –коммуникативті құзыреттілік 
қалыптастыру.
Типі: жаңа білімді меңгерту. Түрі: аралас, дамыта оқыту. 
Әдіс-тәсілдер:  интерактивті    әдіс,  проблемалық  сұрақтар, 
жағдаят  (ситуациялық  диалог),    сын  тұрғысынан  ойлау, 
лексикалық  ойын, әңгімелеу. 
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 
 Сәлемдесу. Оқушыларды  сабаққа  ынталандыру, сәттілік  
тілеу.

81
Мен сендерге бағалау парағын үлестіремін, сабақтың әр 
бөлігінде  өздеріңді бағалап және жалпы сыныпта кім жақсы 
жұмыс істегенін анықтайсыңдар. 
Қызығушылығын ояту кезеңі: жаңа тақырыпқа шығу 
үшін  ән тыңдалады. Балалар бұл  әнде  не туралы айтылаты-
нына тоқталады.  
- Дұрыс, ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз  – «Қазақ 
халқының салт-дәстүрлері». Сабағымыздың мақсаты қандай 
деп ойлайсыңдар?  (Сабақ мақсаттарын қоямыз).
Ой қозғау.  Салт-дәстүрлер  туралы өздерің  не білесіңдер? 
(оқушылар пікірін тыңдау).
Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Иә, балалар, салт-дәстүрлер  
өте  көп.  Олар:  тәрбие  дәстүрлері,  отбасы  дәстүрлері, 
діни  дәстүрлері  наурыз  дәстүрлері,  еңбек  дәстүрлері  бо-
лып  бөлінеді.  Әрбір  халықтың  салт-дәстүрі  –  ұлттық  ру-
хани  құндылығы  болып  саналады.  Біздің  еліміздің  барлық 
дәстүрлерін зерттеп, зерделеп, кітап етіп шығарған  – ауыз 
әдебиетін  жинақтаушы,  белгілі  шежіреші,  этнограф  Сейіт 
Кенжеахметов. 
Жаңа сөздер:
Мүлік – инвентарь, имущество
Салт – обычай;
Дәстүр – традиция;
Кәде – подарок;
Аластау – изгонять;
Құндылық  – ценность;
Мұра – наследие. 
Енді  осы  жаңа  сөздерді  сөз  тіркесінде,  сөйлемде 
қолданыңдар (ауызша).
Іс-әрекеттік  кезең. «Сиқырлы сандықша» ойыны. 
(Интерактивті  тақтада).  Сандарды  сөйлету:  3, 
5,7,25,9,40,42.

82
   
   
 
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ  деңгей.  1.Мәтінді  түсініп  оқып,  мазмұны  бойынша 
сұрақтар дайындау. (жұптық жұмыс). 
ІІ деңгей.  1. Етістіктерді тұлғасына қарай ажыратып, 
тиісті бағанға орналастыру. (жеке жұмыс). 
2. Мәтін мазмұны бойынша жағдаят құрастырып, екеуара 
сөйлесу. (жұптық жұмыс).
I  деңгей.  1.  Мәтін  мазмұнын  өз  сөздеріңмен  айтып 
беріңдер (жеке жұмыс).
2.  Сөйлемге синтаксистік  талдау жасау (жеке жұмыс).
Сергіту.
•  «Дефиниция»  лексикалық  ойыны  ойналады.     
(ауызша)
•  Суретте 
қандай 
салт-дәстүр 
көрсетілген? 
(Интерактивті тақтада).
Тест.  Рефлексия.
1) Проблемалық сұрақ: - Балалар, сендердің ойларыңша, 
салт-дәстүрлер  бүгінгі  күнде  қоғамға  қажет  пе?  Неге? 
(Оқушылар пікірін тыңдау)
2) «Салт-дәстүр» сөзімен  5 жолдық өлең құрастыру не-
месе  кілтті сөздермен  шағын әңгіме жазу. 
Қорытындылау.  
Бағалау.
Үй  тапсырмасы:  «Маған  ұнайтын  қазақтың  салт-
дәстүрі» тақырыбына шығарма жазу.

83
Қанапия БАРАҚАТОВА, 
Аcтана қаласындағы
№6 гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
«ЖЕР – ҚАЗЫНА» СӨЙЛЕТЕДІ
Мақсаты:  білімділік  –  «Жер  –  қазына»  жөнінде 
білім  қалыптастыру;  дамытушылық  –  сөйлеу  және 
шығармашылық  қабілеттіліктерін  дамыту;  тәрбиелік  – 
туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Типі:  жаңа  сабақ.  Әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап, 
көрнекілік, өз ойын жеткізу. Көрнекілігі: слайд, буклет, тап-
сырмалар. Пәнаралық байланыс: тарих, жағрафия, биоло-
гия.
Сабақтың барысы: Ι. Ұйымдастыру кезеңі:
А) амандасу;   Ә) кезекшінің рапорты.
1-тапсырма. Фонетикалық талдау жаса:
Жер.  Сөзде:  ...  әріп,  ...  дыбыс,  ...  буын,  ...  дауысты,  ...       
дауыссыз дыбыс бар.
Ж-
Е-
Р-
2-тапсырма. Септе. Жер – қазына.
А.с.
І.с.
Б.с.
Т.с.
Ж.с.
Ш.с.
К.с.
3-тапсырма. Морфологиялық талдау жаса.

84
Қазына, Қазақстан.
4-тапсырма. Синтаксистік талдау жаса.
Қазақстанда адамдар тату тұрады. 
Маған Қазақстан ұнайды.
(Өздерін жауап үлгілері бойынша бағалайды).
ΙΙ. Модульдік құрамын түсіндіру.
Модуль тоғыз сағатқа бөлінген: а) 1 сағат модульге ену,   
ә) 6 сағат сөйлесу бөлімі, б) 2 сағат бақылау (нәтиже, дик-
тант).
ΙΙΙ. Сабақтың мақсатын айту.
Слайд көрсету (тақырыпты ашу).
ΙV.    Бүгінгі  лексикалық  тақырыбымыз  «Жер  –  қазына» 
деп аталады. 
Кіріспе сөз.
- Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан – жас, тәуелсіз 
мемлекет. Оның жер көлемі 2750000 шаршы км. Оның 40% 
-  өзен,  көл,  теңіз,  50%  -  шөл  және  шөлейт  аймақтар  алып 
жатыр, 10% - таулы жер. Ұлан – байтақ жеріміздің ауа райы, 
жер бедері, геология құрылысы, өсімдік құрамы, топырағы, 
жануарлары әр түрлі болып келеді.
V. Сөздікпен жұмыс. 
1.  Өтетін  сөздердің,  сөз  тіркестерінің  мағыналарын 
түсіндіру.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру.
А) оқу;
Ә) хормен қайталайды;
Б) оқушылар тізбекпен оқиды;
В) сөз тіркестерін құру;
Г) сөйлемдер құру.
VΙ. Мәтінмен жұмыс.
А) оқу;
Ә) рөлге бөліп оқу;
Б) мазмұнын ашу кезеңі;

85
   
   
 
В) жалқы, жалпы есімдерді табу.
VΙΙ. Түсініктерін тексеру.
Мәтін не туралы? 
Оқушылар өз беттерінше мына тапсырманы орындайды 
(12 мин. беріледі).
88-бет, 
1-тапсырма. 
Қанатты 
сөздердің 
мәнін 
түсіндіріңдер.  Бір  қанатты  сөз  бойынша  шағын  әңгіме 
құраңдар.
VΙΙΙ. Бағалау. 
ΙX. Келесі сабаққа арналған үй жұмысы: «Жер – қазына» 
тақырыбы бойынша мәліметтер жинау.
X. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. 
Нені білемін? Не білдік? Нені білгім келеді?
Рыскүл ӘБЕНҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№56 гимназияның 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Жер-Ана жыламасын
Жер-Ана  –  біздің  ортақ  үйіміз,  тіршілік  етіп  отырған 
ғаламшарымыз.  Ол  бізді  асырап  отыр.  Барлық  тіршіліктің 
көзі  –  Жер-Ана.  Бүгінде  жерімізге  төніп  тұрған  үлкен 
қауіптің бірі – ядролық жарылыстар.
Қазіргі  уақытта  тәуелсіз  Қазақстан  –  ядролық  қарусыз 
мемлекет.  Бірақ  бұрынғы  кеңес  үкіметі  кезінде  үш  сынақ 
полигоны болған. Соның ең үлкені – Семей сынақ полигоны. 
Бұл полигонда бірінші бомба 1949 жылы тамыз айының 29-ы 

86
күні жарылған.
1989  жыл.  Қазан  айының  19-ы.  Бұл  ақырғы  сынақ  күні 
еді. Семей полигоны жабылды. 1989 жылы ақпанда ядролық 
қаруға  қарсы «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысы бастал-
ды.  Бұл  қозғалысты  ұйымдастырушы  әрі  оның  жетекшісі 
–  белгілі  ақын,  қоғам  қайраткері  Олжас  Сүлейменов.  Осы 
қозғалыстың арқасында полигон жабылды.
1989  жылдың  өзінде  дүние  жүзі  бойынша  барлығы  19 
жарылыс жасалса, соның үшеуі – Семейде, жетеуі – АҚШ-
та, екеуі – Қытайда, бесеуі – КСРО-да болған.
Біз Жер-Ана жыламаса екен дейміз. Бұл – бүкіл ғаламшар 
адамдарының ойы.
                                                    («Жас Алаш» газетінен)
1-деңгей.
1. Ядролық қоғамға қарсы «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысы қай 
жылы және қай айда басталды?
2. «Жер-Ана жыламасын!» мәтіні бойынша сұрақтар жаз.
3. Сөйлемдердегі баяндауыштың орнын толықтырыңдар.
Үлгі: Адам баласы табиғатты қорғауға тиіс.
Біз бұлақтардың көзін ............ .
Су мол болса, астық та ............. .
Көк шөпті таптауға ................. .
Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен ............... .
Қажетті сөздер: қараған, болмайды, мол болады, аштық.
Жауап үлгісі:
1-деңгей.
1. 1989 жылы ақпанда ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» 
қоғамдық қозғалысы басталды.
2. Сұрақтар үлгісі:
1. Жер-Ана – біздің неміз?
2. Кеңес үкіметі кезінде неше сынақ полигоны болған?
3. Семейде неше жарылыс болған екен?
3. Адам баласы  табиғатты қорғауға тиіс.
Біз бұлақтардың көзін аштық.
Су мол болса, астық та мол болады.
Көк шөпті таптауға болмайды.
Ата-бабаларымыз табиғатқа жанашырлықпен қараған.

87
2-деңгей.
1. Көп нүктенің орнына баяндауыштың дұрыс нұсқасын жазыңдар.
Табиғат адамдардан қамқорлық .............. .
a) күтеді;              ә) талап етеді;         б) талап етпейді.
2. Біздің республикамыздың көп аймағы көмекке зәру  ............... .
a) болып отыр;    ә) айта береді;         б) қажет болады.
3. Берілген сөздерді толықтауыш ретінде қолданып, сөйлем 
құрастырыңдар.
Өмір, тау, шөп, кітап.
Табиғат туралы сөйлесу құрастыр.
Жауап үлгісі:
2-деңгей.
1. Табиғат адамдардан қамқорлық күтеді.
2. Біздің республикамыздың көп аймағы көмекке зәру болып тұр.
3. Мен өмірді жақсартқым келеді. Мен көптеген тау-ларды білемін. 
Өсіп тұрған шөпті жұлмау керек. Қазақстан табиғаты туралы кітапты 
көп оқимын.
4. Достым, бізде табиғат ресурстары көп пе? - Қазіргі
кезде табиғат ресурстары азайып барады. 
Табиғат қандай дүние? - Табиғат – тірі дүние. 
- Қай елде қоршаған ортаны қорғауға көп мән береді? 
- Еуропа, Оңтүстік Корея елдері ормандарын аса қатты күтеді.
- Табиғатымыз таза да сұлу болу үшін сен не істейсің?
- Табиғатқа ешқандай зиян келтірмей, аялап өту керек.
3-деңгей.
1. «Жастар және табиғат» тақырыбына шағын шығарма жаз.
2. Шығармаға баяндауыш пен толықтауышты кірістір.
Сөздік:
Ортақ үйіміз – общий дом;
Асырап отыр – кормит;
Қауіптің бірі – одна из опасностей;
Сынақ полигоны – испытательный полигон;
Жарылыс – взрыв;
Қоғамдық қозғалыс – общественное движение;
Тәуелсіз – суверенный;
Маңызды мәселе – главная проблема, главный вопрос;
Жетекшісі – руководитель; Қасірет іздері – следы.
Бағалау. Үй тапсырмасы.

88
 
 
 
Ақбөпе ЖҮСІПОВА,
Солтүстік Қазақстан 
кәсіптік-педагогикалық 
колледжінің мұғалімі.
СЕПТЕУЛІК ШЫЛАУЛАР
Мақсаты:      1.  Оқушыларды  болашақ  мамандығымен 
таныстыру.  Кәсіби  мәтін,  терминдерді  меңгеру.  Септеулік 
шылауларға  түсінік беру; 2. Септеулік шылауларды жүйелі 
түрде  қайталау  арқылы  жаттығу  жұмыстарында  еркін 
қолдануын  қалыптастыру,  сөйлеу  мәнеріне        жете  көңіл 
бөлу;  3.  Оқушылардың  білімдерін  тереңдету,  түсініктерін 
тиянақтау;
Дамытушылық:  1.  Терминдерді  меңгертіп,  сөздік 
қатынастарын  қалыптастыру;  2.  Септеулік  шылауларды 
шығармашылық тапсырмаларда еркін қолдана отыра кәсіби 
шеберліктерін  жетілдіру,  техникалық  сөздік  қорларын 
молайту;  3.  Интерактивті  әдістерді  қолдану  арқылы  қазақ 
тілі пәніне деген қызығушылығын  арттыру; 
Тәрбиелік: болашақ кәсіпке деген сүйіспеншілігін ояту, 
өз жұмыстарының қыр-сырын түсіне білуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты меңгеру. Әдісі:  интерактивті оқыту 
әдісі, топпен, жұппен жұмыс. Сабақта өз бетінше істейтін 
жұмыстың түрлері: сөзжұмбақ шешу, мәтінді оқу, аудару, 
сөздікпен  жұмыстар  жүргізу,  жаңа  термин  сөздердің 
аудармасын білу.
Сабақтың   материалдық-техникалық   жарақтанды-
рылуы: компьютер, интерактивті тақта.
Сабақтың  мазмұны  мен  барысы.  1.  Ұйымдастыру 
кезеңі.  
- Сәлеметсіздер ме!  Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше.Бүгін 
екі топ «Атомдар» және «10 кв» болып бөлініп, өз білімдерін 

89
көрсетеді. Ендеше, балалар, бір-біріңнің көздеріңе қараңдар, 
күлімсіреңдер және бір-біріңе сәттілік тілеңдер.
Ауыл шаруашылығын электрлендіру  мамандарына  
кәсіби қазақ тілінен кәсіби сөздер мен кәсіби терминдерді  
оқып - үйренуге арналған ашық сабақ.
- Балалар, біз мамандықты не үшін таңдаймыз?
-  Біз  мамандықты  еңбек  ету  үшін,  білім  алу  үшін 
таңдаймыз.
- Иә, балалар, біз  жақсы білім алмай, шебер маман бола 
алмаймыз.
1.  -  Біз  еңбек,  білім  туралы  қандай  мақал-мәтелдерді 
білеміз?
•  Еңбек өмірді ажарлайды. (Труд украшает жизнь).
•  Еңбек пен бақыт – егіз. (Труд и счасьте - близнецы).
•  Ащы еңбектен – тәтті нан. (У трудной работы сладкий 
хлеб).
•  Жаман іс жоқ, жаман ісші бар. (Плохой работы нет, 
есть плохой работник).
•  Ер дәулеті – еңбек. (Богатство молодца - труд).
2. Ғылым – теңіз, білім – қайық. (Наука – море, а знание 
– лодка).
•  Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
(Без ученья нет знаний, без знаний – нет жизни).
Оқу  –  білім  бұлағы,  білім  –  өмір  шырағы.  (Учение  – 
основа знания,Знания- основа счастья).
•  Күш – білімде, білім – кітапта. (Сила в знаний, знание 
в книгах).
•  Ұстазыңды ұлы әкеңдей сила. (Учителя почитай, как 
отца родного).
•  Білегіңе сенбе, біліміңе сен. (На силу не расчитывай, 
на свои знания расчитывай).
-  «Білегіңе  сенбе,  біліміңе  сен»,-  деп  дұрыс  айтады. 
Сондықтан өткен сабақта біз электр мамандарына арналған 

90
кәсіби  сөздердің  атауларына  жалпы  шолу  жасап  кеткенбіз.
Олай болса, бүгін сол атауларды қайталап өтейік.
Тапсырма:  Кәсіби  сөздердің  суреті  бойынша   
атауларының аудармасын  табу. (Интерактивті суретті тақта)
Шам – лампа;
Шырақ – светильник;
Қозғауыш – двигатель;
Бұрауыш – отвертка;
Ұзартқыш – удлинитель;
Тістеуіш – щипцы;
Қысқаш – плоскогубцы;
Өлшеу аспабы – индикатор.
Үй жұмысын қорытындылау.
Ашық сабағымызды бастамастан бұрын  тақырыбымызды 
ашып,  мына сөзжұмбақты шешіп алайық.
   
            
 
             
М  Ұ  Х  Т 
А  Р 
А  С  Т  А  Н  А 
Ш  А  М 
А  Р 
М  А  Н 
И  Н  Д  И  К  А  Т  О  Р 
П  Е  Д  А  Г  О  Г 
Ы  Б  Ы  Р  А  Й 
Қ  Ы  С  Қ  А  Ш 
 

91
1. «Абай жолы» романының авторының есімі.
2. Қазақстан Республикасының астанасы.
3. «Лампа» сөзінің қазақша атауы.
4. «Мечта» сөзінің  қазақша аудармасы.
5. Өлшеу аспабының  аудармасы.
6. Мұғалім, ұстаз сөздерінің синонимі.
7. «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің авторы.
8. Электрик маманының негізгі құралының атауы.
III. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы: 
Септеулік шылаулар.
Сабағымыздың  мақсаты:  Интерактивті  әдістерді 
пайдалану  арқылы  кәсіби  мәтін,  терминдерді  меңгере 
отырып,  сөздік  қатынастарын  қалыптастыру.  Септеулік 
шылауларды  еркін  қолдана  отырып,  кәсіби  шеберлігін 
жетілдіру, техникалық сөздік қорын молайту.
I.  Жаңа  сөздермен  жұмыс  жүргізу.  Жаңа  сөздерден 
өздеріне таныс емес сөздерді жазу:
Мамандық – профессия;
Болашақ – будущее;
Тарих – история;
Таңдадым – выбрал;
Өркендету – развивать;
Сұранысы – востребованность;
Қажеттілігі – нужность;
Өкінішке қарай – к сожалению;
Маңыздылығы – важность;
Игеру – освоить;
Дерек – сведения, данные, факты;
Қыр-сырын – своеобразие, специфика;
Білгім келеді – хочу знать.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал