Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 3.57 Kb.

бет5/10
Дата22.04.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

жамылып тұр.
Құс ағашқа қонып тұр. – Ұлпа қар бұтаққа қонып тұр.
Атам алақанын жазды. – Оқушы жаттығу жазды.
Апам дастарқан жазды. – Құс қанатын жазды.
Алматыда жер сілкінді. – Құс сілкініп алып ұшып кетті.
2.  «Сары  шымшық»  мәтінін  оқы.  Зат  есімдерді 
анықтайтын сөздерді тап.
ұлпа      
___________         ______________          _________
________қар         ___________құс          _________аспан
___________         ______________          _________
 

62
Мәтінді  қайта  оқы.  Мына  сөз  қандай  етістіктермен 
берілген?
аяғымның астына түсті
____________________
____________________
Мен (автор)  жай түсіріп келемін.
____________________
____________________
3.  Мәтінді  оқы,  сары  шымшықтың  қорқуын  білдіретін 
сөйлемді тап.
4.  Мәтінді  оқы,  автордың  таңдауын  білдіретін сөйлемді 
тап.
5. Екі бағаннан мағынасы жақын сөздерді сәйкестендір.
кішкене                                      нағыз
алдыңғы                                    құйтақандай
кәдімгі                                       титімдей
түкті                                           бұлтты
түнеріңкі                                    жүнді
кіршіксіз                                     таза
пана көру                                    қорғаныш іздеу
Лексикалық қорды  кеңейтуге арналған тапсырмалар:
1. Мына сөздердің жасалуында қандай ұқсастық бар?
Түнеріңкі, алдыңғы, қанатты, түкті.
2. Мына сөздердің қандай жұрнақтар арқылы жасалғанын 
айта аласың ба?
Қорғаушы, жауыздық, қонақта, достық.
3. Мына сөздердің жасалуында қандай  ортақ белгі бар?
Дір-дір ету, жаутаң- жаутаң ету, зу ету.
4.  Мына  сөз  тіркестерінің  қандай  айырмашылықтары 
бар?
Кішкене досыма елжіреп қарап, аз тұрдым.
Сары шымшық барлай қарады да, ұша жөнелді.
Грамматикалық  құбылысты  ажыратуға  арналған 

63
жаттығу жұмыстары:
1.  Сөйлемдерді  оқы.  Етістіктің  құрылысына  қарай  сөй-
лем мағынасы өзгереді.
Ағаш ақ қырау жамылады.
Ағаштар ақ қырау жамылып тұр.
Бұтаққа ақ қар қонақтап алыпты.
Бұтаққа ақ қар қонақтапты.
Ағаштың қырауы бұрқ етті.
Ағаштың қырауы бұрқ ете қалды.
Құс сілкінді.
Құс сілкініп алды.
Сары шымшық ұша жөнелді.
Сары шымшық ұшты.
Көк қырғи зу етті.
Көк қырғи зу етіп шықты.
1. Мәтіндегі 1,2- азат жолдардағы сөйлемдерде мағына-
лық байланысты жеткізетін сөздерді табыңыз.
1-азат жол.
1-сөйлем: ақ қырау, ағаш, қар                  
2-сөйлем:    ___________                          
3-сөйлем:    ___________                             
4-сөйлем:    ___________                           
5-сөйлем:    ___________                           
3. Мәтіннен мына сөз тіркесінің баламасын тап.
..... что, человек защитник от насилия.
.... как будучи таким маленьким.
4.  Мәтін  мазмұнына  сәйкес  кесте  бойынша  сөйлем 
құрастыр.

64
 Ағаштар
қар
 жамылып тұр
Ағашқа
ақ қырау
қонақтап алыпты
Ағаштың
қырауы
бұрқ ете қалды
Құс
аяғымның астына 
түсті
Кәдімгі
ақ самай
сары шымшық
Мен
құсты
таңданып
қолыма алдым
Құстың
көздері
жаутаң-жаутаң етеді
Оның
жүрегінің 
соғуы
алақаныма білінді
Сары шымшық  мені
пана көріпті
Мен
құсқа
елжіреп
қарадым
Сары шымшық
сілкініп алып ұша жөнелді
Мәтіндік деңгей:
1. Мәтінді оқы. Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді тап.
2. Мәтінді оқы. Төмендегі жоспарды толықтыр.
а) Қысқы орман.
ә) Күтпеген кездесу.
б) __________________
в) __________________
г) __________________
3.  Мәтіннің  қысқарған  түрін  оқы.  Негізгі  мәтінмен 
салыстыр. Қандай бөлшектер жетпейді.
Мен орманда жүрдім. Жолда бір сары шымшық аяғыма 
қонды.  Ол  ұша  алмады.  Сары  шымшық  көк  қырғидан 
қашыпты. Ол мені пана көрді. Кейін сары шымшық ұшып 
кетті.
4.  Мәтіннен    әңгіме  авторын  бейнелейтін  сөйлемдерді 
тап.
5. Мәтін тақырыбын қалай өзгертер едің?
6. Мәтінде сары шымшықты автор қалай сипаттайды?
7. Сары шымшықтың қорқып тұрғанын адам қалай білді?
8. Сары шымшық неге адамнан қорықпады?
9. Оқиға авторына  сипаттама бер. Ол қандай адам?
10. «Адам және табиғат» тақырыбына шығарма жазсаң, 
мәтіннің қай бөлігін пайдаланар едің?
11. Мәтіннен төл сөз бар сөйлемді  оқып, схема құрыңдар.

65
12. Әңгімені І жақтан баяндап бер.
Үлгі: Мен қыста орманда қыдырдым. 
13. «Ақылды сары шымшық» тақырыбына эссе жазу.
14.  Үйге тапсырма беру.
15. Сабақ қорытындысы.
   
   
 
Айгүл МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ
Астана қаласындағы
№21 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ЕСІМШЕДЕ – АТАҚТЫ КҮЙШІЛЕР
(7-сынып)
Мақсаты:  а)  қазақ  халқының  ұлы  күйшілері  туралы 
түсінік  беру,  шығармаларымен  таныстыру,  тақырып 
бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалану, 
есімшенің  жұрнақтарын  қайталау;  ә)  ауызша,  жазбаша  тіл 
байлықтарын дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық 
ойлау  қабілеттерін  дамыту;  б)  тарихтағы  ұлы  күйшілердің 
өмірбаянын  үлгі  ете  отырып,  құрмет,  мақтаныш, 
сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу. 
Түрі: ашық сабақ. Әдісі: жаңа сөздермен, сөз тіркестері-
мен,  мәтінмен,  тақтамен  жұмыс  жасау,  әңгімелеу,  сұрақ-
жауап,  түсіндіру,  қайталау.  Көрнекіліктері:  күйшілердің 
суреттері, мақал-мәтелдер, интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу;  ә) Кезекшімен сұхбат;

66
- Кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста қандай өзгерістер болады?
- Бүгін ауа райы қандай?
б) Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу.
ІІ. Енді сабағымыздың ережесімен танысайық:
1. Бірін-бірі тыңдау.
2. Ойын ашық айту.
3. Сабаққа түгел қатысу.
4. Ұйымшыл болу.
5. Уақытқа бағыну.
ІІІ. Өткен сабақты сұрау.
Сабағымыз қазақтың мына мақалымен басталады:
Өнер – ағып тұрған бұлақ, Білім – жанып тұрған шырақ.
- Біз сендермен бірге білім шырағының көмегімен өнер 
бұлағының көзін аштық. Осыған байланысты мына көрмені 
ұйымдастырдық.  Мұнда  көптеген  құжаттармен  танысып, 
түрлі мәліметтер алуға болады. Мына кітапта Ш.Аймановтың 
сомдаған рөлдері туралы айтылған. 
- Өнердің тағы қандай салаларын білесіңдер?
 
ӨНЕР 
күй өнері 
кино өнері 
ән өнері 
би өнері 
театр өнері 
бейнелеу өнері 

67
IV. - Осы өткен өнер түрлерін қайталай келе, бүгінгі жаңа 
сабағымыз  күй  өнері  және  атақты  күйшілеріміз    жайында 
болмақ.  «Күй»  сөзі  көшпелі  тайпалар  тұрмысында  ХІV 
ғасырда  «аспаптық  музыка»  деген  ұғымды  білдірген.  Күй 
ішінде өртенген дала, қираған қала, шапқан ат, төгілген қан, 
ашынған ана, аңсаған ару, жылаған бала бар. 
Күй десек, алдымен есімізге домбыра түседі. Домбыра – 
халқымыздың жан серігі.  Ол – тарих, тағдыр, тіл, тұрмыс 
пен  әдет-ғұрыпты  айқын  көрсететін  ұлттық    байлығымыз. 
Осы ұлттық байлығымызды қанша адам серік етіп, өнерімізді 
өзгелерге  паш  етті.  Күй  атасы  –  Кетбұғадан  бастап,  Асан 
қайғы,  Қазтуған  жырау,  Ықылас,  Тәттімбет,  Құрманғазы, 
Дина  сияқты  дарынды  күйшілеріміз  қазақ  өнеріне  баға 
жетпес зор үлес қосқан. 
V. Оқулықпен жұмыс: А) жаңа сөздермен танысу;
Ә) диалогты оқып, аудару; 
Б) атақты күйшілеріміз жайында.
1. Құрманғазы Сағырбайұлы  - композитор, күйші.
2. Дина Нұрпейісова – күйші композитор.
VI. Жазбаша жұмыс. 6-тапсырма. 100-бет.
VII. Сабақты қорытындылау: 
1. Күй деген не? 2. Күйде не туралы айтылады? 3. Күйлер 
осы  заманға  дейін  қалай  сақталған?  4.  Күйді  шығарған 
кімдер? 5. Қандай күйшілерді білдік?
- «Өнер» тақырыбын қорыта келе, алдарыңыздағы қағазға 
“не  білдік?,  тағы  не  білгіміз  келеді?”  деген  сұрақтарға 
қысқаша жауап берулеріңіз керек. 
VIII.  Үйге  тапсырма:  Атақты  күйшілеріміз  жайында 
мазмұндау.
IX. Бағалау. Бүгінгі сабақ ерекше болғандықтан бағалау 
түрі де ерекше болмақ. Бесжұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыштар 
арқылы әркім өз бағаларын біледі.

68
                                                                 
 
Дәмеш МӘЙКЕНҚЫЗЫ,                                                                                                                                      
                                                                 Солтүстік Қазақстан облысының                                                                                                                                  
                                                                                    Айыртау ауданындағы 
№2 «Саумалкөл» мектеп-гимназиясының 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.  
САУАТТЫЛЫҚ КЕПІЛІ –
ДЕНСАУЛЫҚ  
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың  өткен 
сабақтарда  алған  білімдерін  пысықтау.  «Денсаулық  –  зор 
байлық» дегенді оқушылардың түсінуіне көмектесу. Топпен 
шығармашылық  жұмыс  істеуге,  ізденуге  үйрету,  сауатты 
жазуға  баулу;  дамытушылық  –  түрлі  әдістер,  сұрақ-
жауап, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың 
байқағыштығын,  тапқырлығын,  жылдамдығын,  есте 
сақтау  қабілетін  арттыру;  тәрбиелік:  балаларды  салауатты 
өмір  сүру  және  өз  денсаулықтарын  күтуге,  қорғай  білуге 
тәрбиелеу, өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Көрнекілік:  үлестірмелер,  денсаулық  туралы  ұлағатты 
сөздер, тірек-сызбалар, суреттер. Түрі: сайыс сабағы. 
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңінде мұғалім сабақтың мақсатымен 
таныстырады,  сабақ  сайыс  ретінде  өтетінін  айтады. 
Оқушылар 3 топқа бөлінеді. Қазылар алқасы тағайындалады.
Сайыстың  1-кезеңі  «Білгенге  –  маржан,  білмеске 
–  арзан»  деп  аталады.  «Кубизм»  стратегиясы  бойынша 
оқушылар  өтілген  тақырып  бойынша  сұрақтарға  жауап 
береді. Әр топқа 2 сұрақтан қойылады.
Сұрақтар:
1. Сендер дене шынықтыру сабақтарында не істейсіңдер?

69
2. Денелеріңді қалай шынықтырасыңдар?
3. Біз қоршаған орта таза болу үшін не істеуіміз керек?
4. Өсімдіктердің табиғатта қандай пайдасы бар?
5. Денсаулықты сақтау үшін не істейсіңдер?
6. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қай бағдарламасында адам 
денсаулығына баса назар аударды?
Сайыстың  2-кезеңі  «Ойлан,  ізден,  тауып  жаз»  деп 
аталады.  Әр  топқа  бір-бір  конверттен  таратылады. 
Конверттердің  ішіндегі  қиылған  қағаздарда  жазылған 
сөздерден  сөйлем  құрастырып,  талдау  түрлерін  жасау 
тапсырмасы беріледі.
1-топ: «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» 
сөйлемін  құрастыру.  «Саулық»  сөзіне  фонетикалық  талдау 
жасау.
2-топ: «Көп ауырған ем табады, көп адасқан ел табады» 
сөйлемін құрастыру. «Табады» сөзіне морфологиялық талдау 
жасау.
3-топ:  «Ауру  қалса  да,  әдет  қалмайды»  сөйлемін 
құрастырып, синтаксистік талдау жасау.
Тақтаға әр топтан бір бала шығып, берілген талдаудың 
түрін көрсетеді.
Сайыстың 3-кезеңі «Ойнайық та ойлайық» деп аталады. 
Тақтаға  тірек-сызба  ілінеді.  Тірек-сызба  арқылы  сөздер 
құрастыру  тапсырмасы  беріледі.  Сызбадағы  әріптерден  1 
минут ішінде неше сөз құрастыруға болады? 
Әр  топ  сөздерін  оқып,  аударып,  парақтарын  қазылар 
алқасына тапсырады.
Тақтада орындалған тапсырмалар тексеріледі.
Мұғалім:  -  Балалар,  өздерің  құрастырған  сөйлемдер 
мақалдар  болып  шықты.  Бұл  мақалдар  қандай  тақырыпқа 
арналған?  Халықта  «Дені  саудың  –  жаны  сау»  деген  бар. 
Бұны  қалай  аударамыз?  Ал,  енді  денсаулыққа  арналған 
негізгі сайысқа жеттік. 

70
Негізгі сайыс. Сайыстың тақырыбы: «Денсаулық – зор 
байлық» деп аталады. Сайыс мынадай бөлімдерден тұрады: 
1.  Шешен.  2.  Жорға.  3.  «Кім  тез?»  4.  Кластер  құрастыру. 
(Дайындалған текшеден оқиды).
1. Шешен. Әр топқа тапсырмалар беріледі. 
1-топ.  «Шынықсаң  шымыр  боласың»  деген  мақалды 
қалай түсінесіңдер?
2-топ.  «Тазалық  –  денсаулық  кепілі».  Ол  үшін  не  істеу 
керек?
3-топ. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат». Мақалды 
түсіндіріңдер.
Мұғалім:  -  Адамдар  табиғаттың  бір  бөлшегі  екенін 
білеміз.  Сондықтан  табиғатты  қалай  қорғап,  сақтасақ  –  
денсаулығымызды да солай сақтап, қорғауымыз керек.
2. Жорға. (Негізгі бөлім. Мәтінмен жұмыс).
1-тапсырма: Шағын диктант жазғызу.( Жеке парақтарға 
жазылады, сабақтың соңында тапсырылады).
Диктант
Адам  өмірін  ұзарту  мүмкін  бе?  Белгілі  гигиеналық  
ережелерді сақтап, өмірді ұзартуға болады. Бұған әрбір адам 
міндетті.  Денсаулық  әркімнің  өзі  үшін,  оның  отбасы  және 
елі, халқы үшін де қажет. Мен адам 120 жыл, одан да көп 
өмір сүруге хақылы, міндетті дер едім. Денсаулықты сатып 
алмайсың. Оны тек өзіңнің тынымсыз еңбегің арқылы ғана 
табасың.
Диктант мәтіні бойынша тапсырмалар орындау:
1-топ. Мәтінді оқу, аудару.
2-топ. Сұрақтар құрастыру.
3-топ.  Адам  өз  өмірін  ұзарта  алады  дегенге  сенесіңдер 
ме? Пікірлеріңді білдіріңдер.
2-тапсырма:  Орыс  тілінен  аудару  (кәртішкелермен 
жұмыс).
1 топтың кәртішкесінде: 

71
Салауатты  өмір  салтының  негізгі  элементтеріне: 
(физические  упражнения  и  спорт,  рациональное  питание, 
отказ  от  вредных  привычек,  в  том  числе  от  курения  и 
алкоголя) ерекше көңіл бөлу керек.
2 топтың кәртішкесінде:
(Правильное 
питание, 
получение 
организмом 
необходимых витаминов и минеральных веществ) адамның 
денсаулығын,  еңбекке  қабілеттілігін  және  өмір  ұзақтығын 
айқындайды.
3 топтың кәртішкесінде:
(Употребление  алкоголя,  наркотиков,  курение  табака  во 
всем мире) адамдардың денсаулығына ғана емес, өміріне  де 
қауіпті аурулардың факторы болып табылған.
Пайдаланған жаңа сөздер:
ережелерін сақтап – соблюдая нормы;                
зиянды әдеттер – вредные привычки;
ем-дәм – диета;                                                        
шылым тарту – курение;
ұзақ жасау – долго жить;                                       
арақ , шарап – алкоголь;
тынымсыз еңбек – неустанный труд;                  
есірткі – наркотик;
тиімді тамақтану – рационально питаться;         
еңбекке қабілеттілік – работоспособность;
бас тарту – отказ;
ағзамен алуы – получение организмом.
3. « Кім тез?» (Сөздік қорын тексеру).
Мұғалім сөздер мен сөз тіркестерін тез оқиды, оқушылар 
тез аударады.
   1-топ.                      2-топ.                         3-топ.
   ем-дәм                     ұзақ жасау                  бас тарту
   тынымсыз еңбек    арақ, шарап                есірткі
   зиянды әдеттер      еңбекке қабілеттілік  ережелерін сақтап

72
   ағзамен алуы         тиімді тамақтану         шылым тарту
Тапсырмаларды қай топ тез орындайды:
1-топ. Денсаулыққа арналған ертегі шығару.
2-топ. Денсаулыққа арнап өлең шығару.
3-топ.  Суреттерді  пайдаланып,  зиянды  әдеттерге  қарсы 
бағытталған үндеулер жазу.
4. Кластер құрастыру. Адамның дені сау болу үшін не 
керек? (Оқушылар «Денсаулық» атты кластер жасайды.)
Мұғалім:  -  «Денсаулық  –зор  байлық»,  «Дені  саудың  – 
жаны сау» деген халық қағидаларын естен шығармаған жөн. 
Шылым шегу, арақ ішу, есірткіге тәуелді болу сияқты жаман 
әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Қазылар алқасына қорытынды жасауға сөз беріледі.                                                                               
   
   
 
Зәуреш НҰРЫМОВА,
Шымкент қаласының
Ұлықбек атындағы
№3 жалпы орта 
мектебінің мұғалімі.
СЫН ЕСІМНІҢ ЖАСАЛУЫ
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – сын есімнің түрлері мен 
жасалуы туралы түсінік беру, осы ұғымдарға тән ерекшелікті 
қамту;  есім  сөздер  мен  етістіктен  сын  есім  тудыратын 
жұрнақтарды  бір-бірінен  ажырата  білуге,  олардың  мәнін 
дұрыс ұғынуға баулу; дамытушылық – оқушылардың сөз-
дік қорын байыту, еске сақтау қабілетін арттыру, өз бетінше 
ойланып,  қорытынды  жасай  білуге  төселдіру;  тәрбиелік 

73
–  оқушыларды  белсенділікке,  алғырлыққа,  шапшаңдыққа, 
адамгершілікке баулу негізінде тәрбиелеу.
Түрі:  аралас.  Көрнекіліктер:  кестелер,  ойынға  керекті 
заттар, сызбалар, интерактивті тақта, слайдтар. Пәнаралық 
байланыс: информатика, әдебиет. Әдіс-тәсілдері: деңгейлеп 
оқыту, сын тұрғысынан ойлау, сергіту сәті, түсіндіру, сұрақ-
жауап.
Сабақ барысы.  
1. Ұйымдастыру кезеңі: 
а) сәлемдесу
ә) ҚР әнұранын орындау; 
б) оқушыларды түгелдеу.
2. Сергіту сәті.
Мұғалім: 
- Қане, балалар, тұрамыз,
  Әдемі шеңбер құрамыз.
  Санамақты бастаймыз,
  Сөз таптарын жаттаймыз:
  1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9.
  9 саны – ортада,
  Атын атап бәрінің
  Есімізде сақтаймыз:
Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу 
сөздер, шылау, одағай.
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
4.  Үй  тапсырмасын  сұрау.  129-жаттығу,  63-бет.  (Оқып 
шығып,  өлең  жолдарындағы  сын  есімдерді  табыңдар, 
олардың  мағыналық  белгілерін  ажыратыңдар).  3  оқушы 
тақтаға шығып, сын есімдерді теріп жазады.
5. Өткенді қайталау.
1. Екі оқушы сызба бойынша сын есімнің анықтамасын, 
сұрақтарын түсіндіреді.
2.  «Сипаттап  айт»  ойыны.  Ойынның  шарты:  зат  есімге 

74
сипаттама беру керек. 
Алма  қандай?  Қызыл,  жасыл,  тәтті,  сары,  қышқыл, 
үлкен, кішкентай, жұмсақ, қатты... Үй қандай? Үлкен, таза, 
кең,  жарық,  биік,  аласа...  Оқушы  қандай?  Тентек,  ақылды, 
ақымақ,  сұлу,  тәртіпті...  Күз  мезгілі  қандай?  Жылы,  суық, 
бұлтты, жаңбырлы...
Оқушы  сын  есімге  мысал  келтіріп,  келесі  оқушыға  доп 
береді, ойын осылай жалғаса береді.
3.  Есте  сақтау  қабілетін  шыңдайтын  диктант.  Ойында 
айтылған сөздерді оқушылар жатқа жазады (10 сөзден кем 
болмауы керек).
6. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың мақсаты мен барысын хабарлау.
1. Білу. Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
1. Сын есімдер: негізгі, туынды (құрамы).
2. Сын есімдер: дара, күрделі (құрамы).
3. Есім сөздерден сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар.
4. Етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақтар.
5. Ескерту.
1-слайд.
Сын есім
 (құрамы)
                   негізгі                                  туынды
Негізгі сын есім
Туынды сын есім
Ешбір қосымшасыз негізгі 
түбір күйінде жұмсалатын 
сын есім.
Басқа сөз табынан жұр-
нақтар арқылы жасалған 
сын есім.
қара
көк
биік
таза
жақсы
сары
терең
көш-пелі (ел)
кеш-кі (ауа)
өнер-лі (жігіт)
аудан-дық (комитет)
азамат-тық (борыш)
тарих-и (оқиға)
үр(і)к-ек (ат)

75
2-слайд.
Сын есім
(құрамы)
                    дара                                     күрделі
Дара сын есім
Күрделі сын есім
Бір ғана түбірден (негізгі 
немесе туынды түбірден) 
тұратын сын есімдер.
Екі немесе бірнеше сөздің 
тіркесінен қосарланып 
жасалған сын есімдер.
сары
тар
күлегеш
қабаған
ақ құба
торы ала
ойлы-қырлы
әкелі-балалы
3-слайд.
Сын есім жасайтын жұрнақтар:
есім сөзден                                    етістіктен
сын есім тудыратын                   сын есім тудыратын 
жұрнақтар                                    жұрнақтар
Есім сөздерден сын есім 
тудыратын жұрнақтар
Мысалы 
1) -лы, -лі, -ды, -ді, -ты,-ті;
2) -сыз, -сіз;
3) -ғы, -гі, -қы, -кі;
4) -лық, -лік, -дық, -дік, 
-тық, -тік;
5) -шыл, -шіл;
6) -шаң, -шең;
7) -дай, -дей, -тай, -тей;
8) -кер, -гер, -қой, -қор, 
-паз (-ымпаз, -імпаз);
9) -и, -ы, -і.
тау-лы, тас-ты, дене-лі;
үй-сіз, жер-сіз, қызмет-сіз;
жаз-ғы, іш-кі, сырт-қы;
азамат-тық, жыл-дық
көлем-дік;
жер-шіл, ұйқы-шыл, күлкі-
шіл;
бой-шаң, сөз-шең, киім-
шең;
үй-дей, қой-дай, арыстан-
дай;
табыс-кер, найза-гер, әуес-
қой; өнер-паз, жең-імпаз;
тарих-и, дін-и, әдеб-и.

76
Етістіктен сын есім 
тудыратын жұрнақтар
Мысалы
1. -ғақ, -гек, -қақ-, -кек, -ақ, 
-ек;
2. -ық, -ік, -қ, -к;
3. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш;
4. -ғыр, -гір, -қыр, -кір;
5. -шақ, -шек;
6. -ыңқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі;
7. -ынды, -інді, -нды, -нді;
8. -малы, -мелі, -балы, -белі, 
-палы, -пелі;
9. -ымды, -імді, -мды, -мді;
10. -аған, -еген;
11. -улы, -улі;
12. -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе. 
ұрыс-қақ, тай-ғақ, үр(і)
к-ек;
тол-ық, сын-ық, аш-ық;
біл-гіш, жаз-ғыш;
өт-кір, ұш-қыр, ал-ғыр;
ұрын-шақ, жасқан-шақ;
бас-ыңқы, -көтер-іңкі;
жаса-нды, асыра-нды;
көтер-мелі, таңда-малы;
айны-малы;
жара-мды, шыда-мды;
қаш-аған, сүз-еген;
ая-улы, іл-улі, ас-улы;
қыз-ба, бұра-ма, боя-ма.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал