Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 3.57 Kb.

бет4/10
Дата22.04.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мұғалімнің  қорытынды  сөзі:  -  Осындай  жағдайды 
болдырмау  үшін  табиғаттың    заңын  бұзбау,  сезімдерді 
тазарту,  ақылға  бағыну  керек.  Міне,  әр  түрлі  әдіс-тәсілдер 
арқылы сұрақ-жауап, зерттеу жұмысы, тарихқа көз жүгіртіп, 
қасқырдың  айырмашылығына  тоқтала  отырып,  Көксерек 
әңгімесіне  қорытынды  жасадық.  Адамзат  та,  хайуан  да  – 
табиғаттың төл перзенттері.
Үйге: қасқырға қатысты мақал-мәтелдер жазып келу.
Бағалау.
ҚАЙРАУ
Қоғамда бара жатқан намыс құрып
Тойған құр уәдеге бетім іскен.
Адам мен аңды қатар салыстырып
Көргенде іш өртенер өкініштен...
Мемлекет тілі қалды сөз күйінде,
Шешеді тағдырыңды қу жабысқан.
Аң екеш аң да «сөйлеп» өз тілінде,
Болса да араз қанша тіл табысқан!
   
   
 
   
   
 

47
Колледж кеңістігінде
Бибігүл МӘМБЕТОВА,
Астана қаласындағы 
Қаз ГЗУ 
гуманитарлық заң 
колледжінің мұғалімі.
ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМ
 (10-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  оқушылардың  экономикалық  
түсінігін толықтырып, коммуникативтік сөйлеу қабілеттерін 
дамыту.
Міндеттері: білімділік – оқушылардың өздік жұмысты 
орындауға  қабілеттіліктері  мен  белсенділігін  тексеру, 
өткен  сабақта  алған  білімдерін  тәжірибеде    қолдана  білу 
машықтарын байқау; термин сөздерді меңгеріп,  сөз тіркесін 
және сөйлемдер құрауға  үйрету, шебер әрі жатық сөйлеуге  
дағдыландыру,  лексикалық  сөздік  қор  жинау,  оларды 
күнделікті өмірде орынды қолдана білуге машықтану; жаңа 
материалды  саналы  меңгеріп,  қорытындыға  келу,  нәтиже 
жасай білу, нақты  жауап  алу, сапалы білімге жету; тәрбиелік 
–  ойлана,  салыстыра,  іздене  зерттей  білу  дағдысы  мен  
шеберлігіне тәрбиелеу; дамытушылық – мәтін құрастыру, 
шығармашылық  жұмыстар  жүргізу  арқылы  оқушылардың  
таным белсенділігін  дамыту. 
Түрі:  мәселелік-ізденіс  сабақ.  Типі:  жаңа  сабақты  
меңгеру.  Сабақтың  оқыту  формасы:  ұжымдық,  топтық, 
жекеше.  Әдісі:  ауызекі  сөйлесу,  әңгімелеу,  ойын,  жаттығу, 
ойлану, дағдылану, шығармашылық ізденіс. 
Пәнаралық байланыс: экономика. Көрнекі құралдар: 
слайд,  сызбалар, үлестірмелі парақшалар. 

48
Сабақтың құрылымдық сызбасы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақ:
- кіріспе сөз;
- өзіндік   жұмысты  тексеру;
- өзіндік жұмысқа қорытынды;
- жаңа сабақты түсіндіру (бейнефильм көру).
ІІІ. Сөздік жұмысы.
ІV. Жаңа сабаққа қорытынды жасау.
V. Баға қою.
VІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың  барысы:  І.  Ұйымдастыру  кезеңі.  
(Оқушыларды сабаққа жұмылдыру).
-  Сәлеметсіздер  ме?  Қазір  қазақ  тілі  сабағы.  Сабаққа 
бейімделіп отырыңыздар. 
ІІ. Жаңа сабақ.  Экономика деген не? Жинақтық сан есім. 
Оқытушы:  - Экономика  тақырыбы  – өзекті мәселе. 
«Менің  басты  мақсатым  –  еліміздің  экономикалық 
өрлеуін  қамтамасыз  етіп,  жаңа  мүмкіндіктерге  жол  ашу» 
деген    ҚР-ның    Президенті    Н.Ә.Назарбаев    Қазақстан  
халқына    жолдауында.  Осы  айтылған  жолдарға  сүйене 
отырып, тақырыптың  өзектілігін  айтыңыздар.  
Ықтимал жауап: - Еліміздің экономикасы  өзекті мәселе 
болып  отыр.  Алға  қойылған    міндеттер  мен  мақсаттар- 
халықтың  әл-ауқатын  көтеру,  тұрмыс  жағдайын  жақсарту, 
гүлдендіру. Сондықтан ел экономикасын көтеру, оны әрмен 
қарай дамыту, әлемдік нарыққа сай жетілдіру  мақсатында  
үкімет бірқатар іс- шаралар  жүргізіп жатыр. 
Оқытушы:  -  Сіздердің  мақсаттарыңыз  –  экономика 
тақырыбына  мемлекеттік  тілде  сауатты    сөйлесе  отырып, 
жинақтық сан есімдерді  қайталау.
Өзіндік  жұмысты  тексеру.

49
Тапсырма.  а)  Берілген    сұрақтар    бойынша    ауызекі  
сөйлесіңіз.
Экономика деген не? «Экономика» деген термин қашан, 
қалай пайда болған? Біздің күнделікті өмірімізде экономика 
не үшін қажет? Экономиканың адам өмірінде алатын орыны 
қандай? 
ә) Еліміздің экономикасы туралы  хабарлама,  мәліметтер  
дайындаңыз. 
Оқытушы:  -  Бүгінгі  жаңа  сабаққа  қосымша    берілген  
өзіндік жұмысты тексерейік. 
І  топ.  Ықтимал  жауап:  -  Біз  –  қаржыгерлер  тобы 
«Экономика  деген  не?»  тақырыбына    ауызекі  сөйлесеміз        
(рөлдік ойын).
ІІ  топ.  Ықтимал  жауап:  -  Ал,  біз  –  кәсіпкерлерміз. 
Слайд  материалдарын пайдаланып, «Қазақстандағы шағын, 
орта  бизнестің  дамуы  және  оған    әлем  экономикалық 
дағдарысының тигізген әсері» туралы хабарлама, мәліметтер 
айтамыз. ( Қаржыгерлер мен  кәсіпкерлер  бір-бірінің  еңбегін 
бағалайды).
Өзіндік  жұмысқа қорытынды жасалады.
-  Жаңа  сабақты  түсіндіру.  (Аудирование.  Орыс  тілінде 
көрген материалды  қазақ  тілінде  дұрыс   айтып  жеткізуге  
дағдыландыру).
Ел экономикасын көтеру мақсатында үш елдің арасында 
экономикалық  интеграциялық  кеңістік-Кедендік  одақ  
құрудың    мақсаттары    мен    тиімділігі  туралы  бейнефильм 
көру. 
Оқытушы: - Бұл іс-шараны жеткілікті түсіну үшін тірек- 
сызбадағы ойды анықтап, тор көздерді толтыруымыз керек. 
Алдымен  сызбадағы      экономикалық  термин    сөздермен  
сөздік жұмысын жүргізейік.

50
 
ІІІ. Сөздік жұмысы.  
(Термин сөздерді меңгеріп,  сөз тіркесін және сөйлемдер 
құрауға    үйрету,  шебер  әрі  жатық  сөйлеуге    дағдылану. 
Лексикалық  сөздік  қор  жинау,  оларды  күнделікті  өмірде 
орынды қолдана білуге дағдыландыру).
1-тапсырма (ұжымдық, жекеше).
Сөздерді буынға бөліп оқу, екпінін қою,  орыс тіліндегі 
баламасымен оқу.
Бірыңғай Кедендік одақ – Единый Таможенный союз.
Үнемдеу – экономить.
Шағын және орта бизнес – малый и средний бизнес.
Интеграция – бірігу, біріктіру, бірлесу.
Тиімділік – эффективность.
Бәсекелестік – конкуренция.
Тауар айналымы – товарооборот.
Сапа – качество.
Сұраныстың ұлғаюы – увеличение спроса.
Қолайлы баға – приемлемые цены.
Өндірістің дамуы – развитие производства.
Әлемдік нарыққа сай жетілдіру – совершенствоваться 
до уровня мировой экономики.
 
Экономикалық интеграциялық кеңістік-Кедендік одақ 
 
Экономикалық 
тиімділік 
Шағын және 
орта бизнестің 
дамуы 
Бәсекелестік 
Ғылымды 
қажетсіну 
Экономикалық 
нәтиже 

51
Ғылымды қажетсіну – наукоемкость.
Экономикалық нәтиже – экономический результат.
Кедендік баж салығы –  таможенная пошлина.
2-тапсырма (І топ).
А) Даму сөзіне синоним келтіріңіз.
Ә)  «Таможенная    пошлина»  тіркесін    қазақ  тіліне 
аударыңыз. 
Таможенная  пошлина  –  денежный  сбор,  взимаемый 
государством через сеть таможенных учреждений с товаров, 
имущества и ценностей при пересечении  государственной 
границы.  
2-тапсырма (ІІ топ).
А) Тиімді  сөзіне синоним келтіріңіз.
Ә)  Конкуренция,  интеграция  сөздерін    қазақ  тіліне 
аударыңыз. 
Интеграция  (лат.  «integratio»  -  восстановление, 
восполнение,  от  «integer»  -  целый)  –  объединение  в  целое 
каких-нибудь частей или элементов в процессе развития.
Конкуренция  (от  лат.  «concurrens»  -  состязающийся) 
-  соперничество;  борьба  за  достижение  больших  выгод, 
преимуществ.
3-тапсырма. (І топ).
Сызбаны пайдаланып, жинақтық сан есімдердің жасалу 
жолдарын  түсіндіріңіз.
Есептік сан 
есім
Жинақтық сан  
есім
Мысалы
Бір
-ау
Бір-еу
Екі
-еу
Ек-еу
Үш
Үш-еу
Төрт
Төрт-еу
Бес
Бес--еу
Алты
Алт-ау
Жеті
Жет-еу

52
1. Жинақтық сан есімдер нешеден нешеге дейінгі есептік 
саннан жасалады?
2. Жинақтық сан есімдер қандай жұрнақтардың жалғануы  
арқылы жасалады? 
3. Жинақтық сан есімдер үнемі қандай күйде келеді?
4. Жинақтық сан есімдер қандай сұраққа жауап береді? 
5. Жинақтық сан есімдер заттың  санын қалай көрсетеді?
3-тапсырма (ІІ топ).
А) Жинақтық сан есімдердің  қолданылуын  түсіндіріңіз?
Тиімділік    бесеу,    бәсекелестік  үшеу,  сұраныс  жетеу,   
нәтиже біреу.
Ә)  Жинақтық  сан  есімдер  сөйлемде    қандай    қызмет 
атқарып тұр?
Үшеуі  бірігіп  экономикалық кедендік одақ  құрды.
Б)Үшеу сөзін  септеп,  жекеше және  көпше  түрде  жіктеңіз.
4-тапсырма (ұжымдық).
а) Сызбадағы ойға қатысты тор көздерге  сөз тіркестерін 
жазыңыз.  Ондағы ойды анықтаңыз.
ә) Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
5-тапсырма (ұжымдық).
Сөйлемдермен монолог құрастырыңыз. 
ІV.  Жаңа сабаққа қорытынды жасау.
(Жаңа  материалды  саналы  меңгеріп  қорытындыға  келу, 
нәтиже жасай білу. Нақты жауап алу, сапалы білімге жету)
Не түсіндім?
Нені білдім?
Не ұнады?
V. Үй тапсырмасы: «Мен елімнің экономикасын қалай 
көтерер  едім?» тақырыбына эссе жазып келу.
VІ. Бағалау.
   
   
 

53
Білім сынағында
Гүлнар БҮРКІТОВА,
Шығыс Қазақстан облысының
Семей қаласындағы
№9 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ТЕСТІК САУАЛДАР
(4-сынып)
Менің Отаным. Мектеп өмірі
1. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
А) Алматы;                          Б) Астана;     
Ә) Қызылорда;                    В) Орынбор.
2. Қазақстанда неше облыс бар?
А) 15;                           Б) 10;
Ә)  14;                          В) 12.
3. Рәміздерді білдіретін сөздерді тап.
А) Қала, ауыл, Астана;      Б) Аудан, ел, Отан;
Ә) Әнұран, Ту, Елтаңба;    В) Мемлекет, көше, аула.
4.  Ақмола  қаласы  қай  жылы  Астана  қаласы  болып 
аталды?
А)1995;               Ә) 1998;              Б) 1997;          В)1996.
5. Қазақстан тарихындағы үшінші астана қай қала?
А) Астана;    Ә) Алматы;   Б) Қызылорда;   В) Орынбор.
6. «Кім?» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап.
А) қала;          Ә) көше;      Б) адам;              В) мектеп.
7. «Не?» деген сұраққа жауап беретін сөзді тап.
А) ғарышкер;     Ә) терезе;     Б) бала;      В) мұғалім.
8. Жуан сөзді белгіле.
А) дәптер;   Ә)  сатушы;     Б) көше;      В) терезе.

54
9. Буын түрлерін анықта.
А) жіңішке, жуан, ұяң;        Ә) қатаң, ұяң, ашық;
Б) ашық, тұйық, бітеу;         В) үнді, қатаң, ұяң.
10. Мемлекет сөзінде неше буын бар?
А) үш;             Ә) екі;     Б) төрт;         В) бес.
11. Дұрыс аудармасын керсет: Мы пели песню.
А) Біз ән салдық;               Ә) Сен ән салдың; 
Б) Сіз ән салдыңыз;          В) Ол ән салды.
12. Дұрыс аудармасын белгіле: дверь школы.
А) мектептің терезесі;      Ә) мектептің есігі;
Б) мектептің қабырғасы;   В) мектептің ауласы.
13. Сөздің неше буыны бар? Оқушылардың.
А) бес;    Ә) алты;         Б) төрт;         В) үш.
14. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер:
А) мектеп, аула, адам;       Ә) күнделік, дәптер, мұғалім;
Б) адам, бала, Астана;       В) аялдама, есеп, терезе.
15. Гимн сөзінің аудармасын белгіле.
А) елтаңба;     Ә) әнұран;     Б) мемлекет;      В) ту.
16. Ермексаз сөзінің аудармасы қайсы?
А) рисование;   Ә) пластилин;      Б) краска;   В) труд.
17. Мына сөйлемді қай сөзбен толықтырасың?
Орыс тілі сабағында біз ... сөйлесеміз.
А) қазақша;    Ә) жазу;        Б)есеп;       В) орысша.
18.  Жіңішке буынды сөзді белгіле.
А) аспап;      Ә) сәрсенбі;       Б) домбыра;     В) оқулық.
19.  Буын түрлері неше топқа бөлінеді?
А) екі;          Ә) үш;           Б) бес;         В) төрт.
20.  Бітеу буынды сөзді тап.
А) оқушы;     Ә)терезе;      Б) біздің;     В) аялдама.

55
Отбасы және отбасындағы еңбек. Оқушылар 
арасындағы достық
1. «Семья» сөзі қалай аударылады?
А) сіңлі;       Ә) отбасы;          Б) іні;          В) аспаз.
2. Артық сөзді тап.
А) әпке;        Ә) іні;                 Б) шеше;     В) оқулық.
3. Сөйлемді толықтыр. «Балықшы» ... жұмыс істейді.
А) мектепте;   Ә) дүкенде;     Б) теңізде;    В) ауруханада.
4. Мақалды толықтыр: Ас – ... арқауы.
А) адамның;    Ә) баланың;     Б) әкенің;    В)  шешенің.
5. Тіс дәрігері нені емдейді?
А) құлақты;     Ә) басты;        Б) тісті;         В) жүректі.
6. «Аспаз» сөзінің аудармасы қайсы?
А) строитель;      Ә) пекарь;     Б) пекарня;     В) повар.
7. Дауыссыз дыбыстарды белгіле.
А) а, д, у, ы, е;                 Ә) ә, ө, о, ұ, ү; 
Б) у, ы, а, о, ы;                   В) р, л, з, д, ж.
8. Буын неден құралады?
А) әріптен;    Әсөзден;     Б) дауыстан;      В) дыбыстан.
9.  Мына сөзге қай жалғауды жалғайсың? 
Менің отбасы ... үлкен.
А) -ныз;                ә)-ң;             Б) -м;           В) –ңіз.
10.  «Наубайшы» сөзінің аудармасы қайсы?
А) пекарня;          Ә) повар;        Б) пекарь;     В)строитель.
11. Сөйлемді тиісті сөзбен толықтыр: ... адам емдейді.
А) Аспаз;     Ә) Дәрігер;    Б) Құрылысшы;    В) Мұғалім.
12. Мақалды толықтыр.
Адал ... - алтыннан да қымбат. 
А) адамгершілік;   Ә)адалдық;   Б) достық;    В)сыйлық. 
13. Сөйлемді толықтыр: Біз сабақты бірге ...
А) оқиды;    Ә) оқимын;     Б) оқимыз;      В) барамыз.
14. Подружиться деген сөздің аудармасы қайсы?
А) достасу;      Ә) достық;     Б) достар;      В) дос.

56
15. «Досымыз екеуміз» деген өлеңнің авторы кім?
А) Ф.Оңғарсынова;            Ә) Қ.Мырза Әли;
Б)Т.Молдағалиев;                В) Е.Елубаев.
16. Сөйлемді толықтыр. Мен кеше... шахмат ойнадым.
А) досыңмен;  Ә) досыммен; Б) досымен;  В) достарымен.
17. «Достық» сөзінің аудармасын тап.
А) дружный;     Ә) подруга;     Б) друзья;     В) дружба.
18.  «Сыйлық» сөзінің аудармасын тап.
А) дружба;    Ә) честность;   Б) подарок;     В) счастье.
19. Қай есімдіктің жіктік жалғауы жоқ?
А) мен;               Ә) сен;           Б) сіз;          В) ол.
20. Жалғауларды дұрыс тауып, сызықтармен көрсет.
1) Мен сыйлық дайында...                 1) -ды;
2) Сен сыйлық дайында...                  2) -дым;
3) Ол сыйлық дайында...                    3) -дың.
Уақыт. Қалада. Ауылда. 
1) «Уақыт» деген сөз қалай аударылады?
А) часы;     Ә) время;      Б) день;     В) сутки.
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
А) 5;           Ә) 6;             Б) 7;             В) 8.
3. Бір жылда неше ай бар?
А) 12;            Ә) 10;             Б) 6;            В) 13.
4. Бір тәулікте неше сағат бар?
А) 12;         Ә) 4;              Б) 24;             В) 7.
5. Бір жылда неше күн бар?
А) 361;       Ә) 360;           Б) 365;        В) 350.
6. Ілік септіктің сұрақтарын тап.
А) кімге? неге? қайда?          Ә)  кімнің? ненің?
Б) кім? не?                               В) кімді? нені?
7. Жұмбақтың шешуін тап. 
Тық-тық ұрып, 
Шегесін қадап, 
Мезгілді саған 
 

57
Айтады санап.
А) күн тәртібі;    Ә) сағат;       Б) апта;      В) тәулік.
8. «Күн тәртібі» деген сөз тіркесі қалай аударылады?
А) полдень;    Ә) упражнение;  Б) сегодня;   В) режим дня.
9. Көктем айларын белгіле.
А) желтоқсан, қаңтар, ақпан;     Ә) наурыз, сәуір, мамыр;
Б) қыркүйек, қазан, қараша;        В) маусым, шілде, тамыз.
10. Ауылда не жоқ?
А) дүкен;         Ә) әуежай;       Б) стадион;        В) клуб.
11.  «Парк» сөзі қалай аударылады?
А) саябақ;         Ә) саяжай;        Б) әуежай;         В) бақша.
12. Жұмбақты шеш. 
Мына ойынға қараңдаршы, 
Он екі аққа  он екі қара қарсы.
А) шахмат;        Ә) дойбы;          Б) асық;        В) доп.
13.  Тиісті септік жалғауын жалға. Цирк... бардым.
А) -ге;            Ә) -ке;             Б) -пен;          В) -те.
14. Әуежайда кім жұмыс істейді?
А) ұшқыш;  Ә) жолсерік;        Б) жолаушы;      В) жанкүйер.
15. Қай сөз артық?
А) үстінде;       Ә) жанкүйер;     Б) астында;      В) жанында.
16.  Тиісті  септік  жалғауын  жалға.  Мен  театр...  әкеммен 
бардым.
А) -ге;                Ә) -ке;                Б)-ға;             В)-қа.
17. Әуежайда не тұр?
А) вагон;          Ә)автобус;            Б) ұшақ;           В) трамвай.
18. Циркте кім жұмыс істейді?
А) жолсерік;     Ә) сайқымазақ;     Б) дәрігер;       В) сатушы.
19. Тәуелденген сөзді тап.
А) екеу;        Ә) жолаушылар;            Б) киноға;    В) добым.

58
Жануарлар әлемінде. Жыл мезгілдері. Қайталау.
1. Сөздердің аудармасын тап, сызықпен көрсет.
1) әлем 
жираф
2) піл 
 тигр
3) шөл 
 слон
4) жолбарыс 
 пустыня
5) керік                                               мир
2. Жуан буынды сөзді тап. 
А) көбелек;       Ә) керік;            Б) жолбарыс;      В)әлем.
3. Ең биік жануар қайсысы?
А) түйеқұс;       Ә) аю;            Б) керік;             В) піл.
4. Сұраулық шылау қай сөзде дұрыс емес?
А) түйе ме?       Ә) тасбақа ма?    Б) керік па?   В) піл ме?
5. Көк киттің ұзындығы неше метр?
А) 25 м;          Ә) 33 м;               Б) 40 м;             В) 45м.
6. Келер шақ қалай аударылады?
А) настоящее время; 
Ә) прошедшее время; 
Б) будущее время;
7. Түйенің сүтін қалай атайды?
А) қымыз;         Ә)айран;           Б) шұбат;       В) кілегей.
8. Сөйлемді аяқта. «Жолбарыс – өте күшті жыртқыш...»
А) құс;            Ә)аң;               Б) жәндік;          В) жануар.
9. Артық сөзді тап.
А) аю;          Ә) торғай;            Б) жолбарыс;       В) қасқыр.
10. Көктемнің бірінші айы -...
А) мамыр;     Ә) наурыз;         Б) сәуір;         В) ақпан.
11. Қыста не жауады?
А) қар;          Ә) жаңбыр;       Б) бұршақ.
12. Ең ыстық жыл мезгілі -...
А) қыс;        Ә) көктем;       Б) жаз;             В) күз.
13. Артық сөзді тап.
А) қайық;       Ә) раушан;           Б) қарағай;      В) терек.
 

59
   
   
 
14. Сөйлемді толықтыр. Бәйшешек ... гүлдейді.
А) жазда;    Ә) көктемде;      Б) күзде;     В) қыста.
15. Қыс айлары:
А) желтоқсан, қаңтар, ақпан; Ә) наурыз, сәуір, мамыр;
Б) маусым, шілде, тамыз;         В) қыркүйек, қазан, қараша.
16. Жылдың неше мезгілі бар?
А) 12;         Ә )4;           Б) 3;          В) 7.
17. Тиісті жалғауды таңда. Мен жазда лагерьге бар...
А) -дым;      Ә) -дың;          Б) -ды;        В) -тым.
18. Қай мезгілде балалар суға шомылады?
А) күзде;        Ә) жазда;        Б) көктемде;      В) қыста.
19.  Бір тәулікте неше сағат бар?
А) 60;          Ә) 12;          Б) 24;           В) 7.
20. Зат есімнің тәуелдік жалғауын жалға. 
«Менің пәтер ... бесінші қабатта».
А) -ім;          Ә) -ің;         Б) -ыңыз;         В) -іңіз.
ТЕСТ ТУРАЛЫ
Қанша жерден мақтасақ та оны біз,
Шын бағасын бере алмайды білімнің.
Қанша жерден болсын мейлі жолымыз,
Уызына жарытпайды тілімнің!
   
   
 

60
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Клара БАТЫРҒАЛИЕВА,
№1 жалпы орта білім
беретін мектептің мұғалімі.  
Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы,
Чапаев ауылы.          
                              
  
ТӨЛ СӨЗДІ МЕҢГЕРТКЕН САРЫ 
ШЫМШЫҚ
Сабақтың  мақсаты:  тілдік  бірліктердің  мағынасын,  
мәтінде берілген ақпараттарды толық түсіну, сыни бағыттан 
баға беру, төл сөз тақырыбын қайталау.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
 ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі төл сөз 
деп аталады.
Төл  сөзді  сөйлемдердің  құрамын  және  олардың  тыныс 
белгілері қалай қойылатынын еске түсірейік.
Бас әріппен жазылған автор сөзі: «бас әріппен жазылған 
төл сөзі», - кіші әріппен жазылған автор сөзі.
І            :       «    І    »,           -           .
Анам маңдайымнан сипап:  «Ұлым, арыңды  жасыңнан 
сақта», - деді.
І         :         «    І     ».
Маған  әкем  айтушы  еді:  «Әмірені  тыңдаған  адам 
бақытты».
 
 

61
«     І    »,        -          .
«Келешек  -  өткен  тарихты  қорғау»,-  деді  Олжас 
Сүлейменов.
Тапсырма орындау.
І  тапсырма.  Берілген  сұлба  бойынша  сөйлем 
құрастырыңдар:
1. «Төл сөз»,- автор сөзі.
2. Автор сөзі: «Төл сөз»,- автор сөзі.
3. Автор сөзі: «Төл сөз».
ІІ тапсырма. Сөйлемді оқып шығып, тыныс белгілерін 
қойып, дәптерге жазып алыңдар: 
 Не деген өнегелі, жақсы бала едің деді ол маған сүйсіне 
қарап
Биік мансап- биік жартас деді Абай
Абай  бұған  күлді  де:  «Шыңғыс  деген  белгілі  хан  аты 
ғой»,- деді.
«Сары шамшық» мәтінін  оқып, мазмұнымен танысу.
1.  Қарамен  берілген  сөздердің  сөйлемдегі  мағынасын 
анықта.
Әжем  шапанын  жамылып  отыр.  –  Ағаштар  ақ  қар 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал