Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 3.57 Kb.

бет3/10
Дата22.04.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ТІЛЕК
Сезгендей Батыс біздей бола алмасын,
Тықпалап күнде әуре көк алмасын...
Елдерді бір-біріне айдап салып,
Танытты қатыгездік қоғамға шын.
Байлыққа батса да бұл белшесінен,
Өзге ұлтты жоқ қылмақшы Жер төсінен...
Құдайым қазағымның бағын ашып,
Дұшпанын қаратпасын желкесінен!
   
   
 
   
   
 

27
Сабақ кілті – көрнекі құрал
Айтбала ҚАЙЫРБЕКОВА,
педагогика ғылымдарының
кандидаты, оқулық авторы.
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН 
ОРЫС, ҰЙҒЫР ЖӘНЕ 
ӨЗБЕК МЕКТЕПТЕРІНІҢ 1-4 
СЫНЫПТАРЫНА АРНАЛҒАН 
КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР
                                                   (Соңы. Басы №6,7 сандарда.)

28
 
 
 
 
 

29
 
 
 
 
 

30
 
 
 
 
 
 

31
   
   
 
 
 
 
 
 
 

32
Оқырман ой қозғайды
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,
Тараз инновациялық-гуманитарлық
 университетінің доценті, филология 
ғылымдарының кандидаты.
ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНДАРДЫҢ 
БАСҚАРУ ТЕТІКТЕРІН 
(ТҮЙМЕШІКТЕРІН)  НЕГЕ 
ҚАЗАҚШАЛАМАЙМЫЗ?
«Мың  өліп,  мың  тірілген»  (Жұбан  Молдағалиев) 
қазақ  халқы  өз  тарихында  өзге  халықтардан  талай 
жойқын 
шапқыншылықтарға 
ұшырағанын 
білеміз. 
(Араб  шапқыншылығы,  монғол  шапқыншылығы,  жоңғар 
шапқыншылығы).  Одан  соңғы  қаралы  нәубеттер:  соғыс, 
ашаршылық және соғыс. Осындай қатыгез тарих сыйлаған 
нәубеттерді басынан кешірген халқымыз ана тілімізді-қазақ 
тілін осы күнге дейін көздің қарашығындай сақтап келді.
Ана  тіліміздің  өсіп-өркендеуі  мен  қолданылу  аясын 
кеңейту үшін қаншама іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Тіліміз 
қанша  рет  додаға  түсті.  Елбасымыздан  бастап,  зиялы 
өкілдеріміз қанша рет ана тіліміздің мәртебесін көтеру  үшін 
күресіп  келеді.  Мұның  бәрін  ой  елегінен  өткізіп,  біздің 
көкейімізде:  «Мен  ана  тілімнің  өсіп-өркендеуі  үшін,  ана 
тілімнің  көк  аспанда  қырандай  қанат  жаюы  үшін  қандай 
үлес қостым?» деп ойлануымыз қажет-ақ.
Қазақ  тілінің  мәртебесін  жоғырылату  үшін  Қазақстан 
Республикасының  Конституциясының  7,  93-баптарында, 
1997 жылдың 11 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының 
Тіл  туралы»  Заңы,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

33
«Мемлекеттік  бағдарламалардың  тізбесін  бекіту  туралы» 
2010  жылғы  19  наурыздағы  №957  Жарлығы,  Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХV сессиясында берген 
тапсырмалары, жақында Қазақстан Республикасы Мәдениет 
Министрлігінің  «Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-
2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының» 
жобасы тіліміздің өркендеуіне арналған.
Біздің ана тіліміз – өте бай тіл. Сол байлықтан айырылып 
қалмауымыз керек. Біз тіл шұбарлығына қарсы күресе білуге 
тиіспіз.
Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы:  «Қазақ  тілінен  асыл,  қазақ 
тілінен  бай  тіл  жоқ.  Сол  ата-бабаның  тілі  болған  қазақ 
тілін  осы  күнгі  қазақтың  жалғызы  білмейді.  Егер  қазақ 
тілін  білсе,  дін  де  –  осында,  ғылым-білім  де  –  осында, 
әулиелік  те  –  осында...»  деп  қазіргі  жастарымызға,  өз  ана 
тілін  менсінбейтін  шала  қазақтарға  арнап  айтқан  сияқты 
(М.Көпеев,  «Қазақ  тілі  туралы»,  «Мұсылман  күнтізбесі», 
2006-2007 жыл, 14 желтоқсан).
Ғылыми-техникалық прогрестің жедел қарқынмен дамуы 
әр  түрлі  техникалардың  пайда  болуына  әкеліп  соқтырды. 
Әсіресе,  байланыс  техникаларының  түрі  көбейді.  Көзді 
ашып-жұмғанша  сіздің  ұялы  телефоныңыздың  қоңырауы 
миллиондаған шақырым жерде тұрған танысыңыздың ұялы 
телефонына жете алады. 
Қазіргі таңда ұялы телефонды күнделікті тұрмысымызда 
пайдалану жедел қарқынмен дамып келеді. Ұялы телефонның 
көбейгені соншалық әрбір отбасында төрт-бес телефоннан, 
адам саны көп отбасында одан да көп ұялы телефондар пайда 
болды.  Тіпті,  кейбір  адамдар  үш  бірдей  ұялы  телефонды 
тұтынатын болды. Ұялы телефон  тұрмысымызға өте қажет. 
Оның  тұрмысымызға  енуі  ана  тіліміздің  шұбарлануына 
әкеліп соқтырғаны да жасырын емес. «Ұялы телефон» деп 

34
айтудың  орнына  «сотка»,  «сотовый»  деп  айтатын  болдық. 
Сонымен бірге «сообщение жібер», «гудок жібер», «скидвит 
ет», т.б. шұбар сөздерді араластырып сөйлеу әдетке айналып 
барады. 
Осы ұялы телефонның басқару һәм пайдалану тетіктерін 
(түймешіктерін) неге қазақшаламаймыз? 
Егер өз халқымның адал перзенті боламын десең, ақ сүт 
берген анамның тілін қорламаймын десең, Отанымның күш-
қуаты мен өркендеуіне сүбелі үлес қосамын десең –  ұялы 
телефоныңды  қазақшала.  Бұл  –  тек  жастарға  ғана  емес, 
үлкендерге  де,    ел  тұтқасын  ұстап  отырған  әкімдерге  де 
айтар өтініш-тілегім.
Мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілі  болса,  біз  мемлекеттік 
тілде  сөйлеуді  үрдіске  айналдыратын  болсақ,  онда 
ұялы  телефонымызды  да  қазақшалауымыз  қажет.  Ұялы 
телефонды сатып алған соң құрылғымен танысып, пайдалана 
бастағаннан-ақ  барлық  тетіктерді  басқаруды  қазақшалап 
қойған дұрыс. Ұялы телефонның түймешіктері мен қосалқы 
бөлшектерін, атап айтқанда: құлақаспап, дисплей, сол және 
оң жақ таңдау түймешіктері, қоңырау шалу, пернетақта, 
микрофон,  аяқтау  пернесі,  жарық  сенсоры,  қуат  пернесі, 
дауыс  зорайтқыш,  дауыс  көбейту  пернесі,  дауыс  азайту 
пернесі,  камера  линзасы,  камера  жарқылы,  зарядтағыш 
ұясы,  т.б.  құрылғыларын  біліп  алып,  басқару  тетіктерінің 
(түймешіктерінің) аттарын қазақша әріптермен жазып қою 
қажет.
Ұялы  телефонды  қызметке  қосқан  кезде  құрылғы 
жайында  толық  мәлімет  алып,  желі  қызметтерін,  рұқсат 
кодтарын,  негізгі  экранды,  мәзірлер  бойынша  жылжуды, 
пернелерді  құлыптауды,  ұшу  режимін  толық  меңгеріп  алу 
қажет.
Ұялы  телефондарда  мынадай  басқару  жүйелерін 
қазақшалап  жазып  қоюға  болады:  «құлыпты  ашу»,  «мәзір 

35
таңдаулар»,  «көру»,  «опциялар»,  «саралау»,  «сақтау», 
«аты»,  «шығу»,  «орындалды»,  «таңдаулылар»,  «жаңа 
хабарлама», «оқылған жоба», «бос», «іздеу», «хабарлама»,  
«жобалар»,  «шығыс  жәшігі»,  «жіберілді»,  «артқа», 
«жалпы»,  «үнсіз»,  «қоңырау»,  «сыртқы»,  «кіру  жәшігі», 
«дауыс  поштасы»,  «құлақаспапты  жалғаңыз»,  «мәтін 
және  хабарлар»,  «қоңырау  шалу»,  «хат»,  «лездік  хабар 
алмасу», «жалғау», «сурет және бейне», «музыка тыңдау», 
«ойындар», «бағдарламалар», «реттеу», т.б.
Ұялы  телефондардағы  түймешіктерді  қазақшалау  үшін 
ұялы телефонда қазақша әріп таңбалары болуы шарт. Кейбір 
ұялы  телефондарда  қазақша  әріп  таңбалары  жоқ.  Бойында 
ұлттық  намыс  пен  патриоттық  сезімі  бар  қазақтар  ұялы 
телефон сатып аларда бірінші қазақша әріп таңбалары бар 
ұялы  телефондарды  іздейді.  Мен  ұялы  телефондарының 
түймешіктерін  қазақшалаған  кейбір  азаматтардың  қазақша 
жазуын оқығанымда  адам есімдерінің, басқару тетіктерінің 
аттарын қате жазып қойғанын көріп қынжылдым. Мысалы: 
«Айгүл» деген қыз есімін «Айгуль», «Нұрланды» «Нурлан», 
«Талғатты»  «Талгат»,  «Өмірбайды»  «Умербай»  («Умер- 
орысша  «өлді»,  сонда  -  «Өлдібай»),  «Қажымұқанды»  
«Кажымукан»,  «Сұлтанды»  «Султан»,  «Құрманғазыны» 
«Курмангазы»,  «Күлтегінді»  «Культегин»,  «Тоныкөкті» 
«Тонукок»,  «Нұрлықызды»  «Нурлыкыз»,  «Айнұрды»  
«Айнур»,  «Сандуғашты»  «Сандугаш»,  «Болатты»  «Булат»,  
«Толқынды»  «Толкын»,  «Темірбайды»  «Темирбай»,  т.б. 
Басқару  түймешіктерінің  аттарын  да  қате  жазу  әдетке 
айналған.  Мысалы:  «құлыптау»-«кулыптау»,  «қоңырау 
шалу»-«конырау  шалу»,  «жалғау»-«жалгау»,  «музыка 
тыңдау»-«музыка  тындау»,  «таңдаулылар»-«тандаулылар», 
«сақтау»-«сактау»,  «шығу»-«шыгу»,  т.б.  Мұндай  шала 
сөздер  тіл  шұбарлығының  күшейіп,  тіліміздің  бұзылуына 
әкеліп соқтыратыны сөзсіз.   Әрине, мұның өзі ана тіліміздің 

36
өсіп-өркендеуіне  кедергі  келтіретін  бір  тосқауыл  болып 
тұрғаны рас.
Әрбір  қазақ  азаматы  ұялы  телефонды  сатып  аларда  тек 
қазақша әріп таңбасы бар ұялы телефонды сатып алса, ұялы 
телефондарды жасап шығаратын фирмалар мен компаниялар 
өз өнімдеріне қазақша әріп таңбасын салуға мәжбүр болар 
еді.  Біз  қазақша  әріп  таңбалары  бар  ұялы  телефондарды 
сатып алу арқылы мемлекеттік тілдің мәдениетінің жетілуіне 
үлес қосар едік.  
ӨКІНІШ
Ағылшын, орыс тілін тез үйреніп,
Мемлекет тілін қазақ жауыр қылды.
Басқа ұлттың өкілдері өзі игеріп,
Сөзінен қазағымды жаңылдырды.
Өлсең де бұған іштей намыстанып,
Қарайтын жан табылмас қабағыңа.
Билікте қаракөздер табыс бағып,
Көшіпті өмір сүру амалына...
   
   
 
   
   
 

37
Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
Гүлнәр ЖОТАБАЕВА,
Астана қаласындағы
№62 мектеп-лицейдің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИ. 
«ҚАЗАҚТАРДЫ ШЕТЕЛДІК 
ҚОНАҚТАРҒА ТАНЫСТЫРУ»
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  Қадыр  Мырза  Әли
өмірі  мен  шығармашылығынан  мағлұмат  беру,  бай 
шығармашылық  мұрасымен  таныстыру.  Жас  буынды 
поэзия  нәрімен  сусындату;  дамытушылық  –  оқушының 
сөйлеу  тілін  дамыту,  өз  ойын  еркін,  жатық  жеткізе  білуге 
дағдыландыру,  логикалық  ойлау  және  шығармашылық 
қабілетін  дамыту,  балалардың  поэзияға,  қазақ  әдебиетіне 
деген  қызығушылығын  арттыру;  тәрбиелік  –  ақын 
жырларынан үлгі алып, өз Отанын сүюге, халқын құрметтеп, 
адамгершілік,  қонақжайлылық,  сыйластық,  мейірімділік 
қасиеттерін бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.
Түрі:  жаңа  материалды  меңгерту.  Әдісі:  СТО,  талдау, 
сұрақ-жауап,  жинақтау.  Пәнаралық  байланыс:  тарих, 
орыс тілі. Көрнекілік: интерактивті тақта, буклеттер, ақын 
портреті, ақын кітаптары. 
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
3.  Психологиялық  кезең  (оқушыларға  бәйтерек  суреті 
салынған қағаз кеспесі таратылады. Оқушылар таратылған 
қағазға бір-біріне тілектер жазып, тақтадағы білім ағашына 

38
іледі).
II.  Үй  тапсырмасын  тексеру.  Интерактивті  тақтада 
сұрақтар жазылған.
1.  О.Сүлейменов  кім?  Ол  шығармаларын  қай  тілде 
жазған?
2.  О.Сүлейменов  қандай  халықаралық  қозғалысты 
басқарды? Бұл қозғалыс қандай нәтижеге жетті?
3. Ол – ақын ғана емес, өз халқының тағдырын ойлаған 
адам. Бұндай адамды кім деп атауға болады?
4. «Адамға табын, Жер, енді!» поэмасын кімге арнады? 
Ақынның ұлттық рухын қандай өлеңдерінен көреміз?
5. «Арғымақ» өлеңін жатқа оқу. 
III.  Жаңа  сабақ.  Мұғалім  сабақтың  мақсатымен 
таныстырады.  Жаңа  тақырыпқа  көшу  үнтаспадағы 
Құрманғазының «Адай» күйін тыңдаудан басталады. Күйді 
тыңдағанда  «Көз  алдарыңа  не  елестейді?»  деген  сұрақ 
қоямын.
Күтілетін  жауаптар:  жайлау,  кең  дала,  жарыс,  той, 
қуаныш, ұлттық ойындар, т.б.
-  Иә,  балалар,  қазақ  халқының  ұлттық  салт-дәстүрлері 
ешқашан  ұмытылған  емес.  Қазақ  халқының  өнерін, 
дәстүрін,   кеңпейілділігін жырламаған бірде-бір ақын жоқ 
шығар. Солардың бірі – Қадыр Мырза Әли ақын ағамызбен 
танысамыз.
-  Қазақ  поэзиясындағы  аса  көрнекті  ақындарымыздың 
бірі  –  Қазақстанның  халық  жазушысы  Қадыр  Мырза  Әли, 
бұрынғы  ҚР  Әнұранының  сөзін  жазған  авторлардың  бірі. 
Қадыр  Мырза  Әли  Орал  облысында  туған.  Интерактивті 
тақтадағы  мынадай  тірек-сызба  арқылы  ақын  жайында 
мағлұмат беру.

39
Қызметі:
Жыр жинақтары:                            
   Драмасы:                Әндері:                 Аудармалары:
 
Г.Гейне, 
М.Лермонтов, 
С.Есенин, 
Р.Гамзатов, 
О.Сүлейменов-
тың жыр 
жинақтарын 
қазақ тіліне 
аударған. 
 
«Қасқыр 
қақпан», 
«Сақалдың 
саудасы». 
 
Махамбеттің 
соңғы күнде-
ріне арналған 
«Жаралы 
жолбарыс» 
атты драмасы 
бар. 
 
Оның 200-
дей өлеңіне 
ән жазылған. 
«Атамекен», 
«Өз елім», 
«Әже туралы 
ән», «Цыган 
серенадасы», 
«Тамаша» 
әндері халық 
арасында кең 
таралып жүр. 
 
ҚазҰУ-ды бітірген соң «Балдырған» 
жұрналының бас редакторы. «Жұлдыз» 
жұрналының редакторы. «Жазушы» 
баспасында поэзия редакциясының 
меңгерушісі.  
 
Тұңғыш өлеңдер жинағы – «Көктем», 
«Домбыра» 1971 ж, «Дала дидары» 1966 ж, 
«Бұлбұл бағы» 1967 ж, «Қорамсақ» 1980 ж, 
«Көкпар» 1981 ж. Балаларға арналған 
кітаптары: «Кішкене Қожанасырлар», 
«Ноян-Қоян», «Алуан палуан», «Сабақ». 
Бастауыш сынып балаларына арналған 
жұмбақ, ертегі, жаңылтпаштар жинағы бар. 

40
-  Қазақтың  ұлттық  рухы,  дәстүрі,  туған  жерге  деген 
сүйіспеншілігі,  халқын  шексіз  сүйетіндігі  «Қазақтарды 
шетелдік  қонақтарға  таныстыру»  атты  өлеңінде  ерекше 
байқалады.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу.
2. Сөздік жұмысын жүргізу: 
сәйгүліктің жал-құйрығы – раскошный хвост скакуна;
көкпар тарту – кокпар (козлодрание);
аңғал-саңғал – нерасторопный;
ағыл-тегіл – в достатке;
жібек шапан жабады – подарит шелковый чапан;
құдайындай сыйлайтын – уважать как бога.
3.  Өлеңнің  мәтініне  сүйене  отырып,  қазақ  халқының 
бейнесін топтастыру.
 
Қазақ халқы 
Тойшыл, әнші 
халық, сый-құрмет 
көрсетеді, күйші 
халық. 
Кеңпейіл, қонақжай, 
батыр, ашық-
жарқын. 
Ұлттық дәстүрді 
ұмытпайды, 
құрметтейді. Тойда 
көкпар, қыз қуу 
ойындары 
ойналады. 
Достықты сүйеді, 
тілін құрметтейді. 

41
   
   
 
4. I топ. «Қазақстан – бірлік пен ынтымақ елі» атты ой-
толғау жаздыру.
5. II топ. Венн диаграммасы.
О.Сүлейменов         Ұқсастығы      Қадыр Мырза Әли
6. «Өз елім», «Атамекен» әндері тыңдалады.
7. Сабақты қорытындылау.
Үйге тапсырма:
1. Қадыр Мырза Әли өмірбаяны мен шығармашылығын 
баяндап беру.
2. Өлеңнен үзінді жаттау.
3. Қонақжайлылық жайлы мақалдар жазып келу.
 
Ақын, 
қоғам 
қайраткері, 
елін 
сүйеді, 
отаншыл 
азамат. 
Көптеген 
өлеңдері 
шет 
тілдерге 
аударыл-
ған.  
 
Редактор, 
өлеңдеріне ән 
жазылған, ау-
дармашы. Ба-
лаларға арнал-
ған кітаптары 
бар. Махамбет 
туралы драма-
сы бар. Жазу-
шылар ода-
ғының
 
мүшесі. 
О.Сүлейменов
 
шығармаларын 
қазақ тіліне 
аударған. 
 
Елші, «Невада-
Семей» қозға-
лысының жетек-
шісі, орыс 
тілінде жазады, 
мамандығы – 
геолог. «Арғы-
мақ» өлеңдер 
жинағы, «Аз и 
Я» кітабы, 
«Адамға табын, 
Жер, енді!» 
поэмасы.  

42
Салтанат ЖАНҒАЛИҚЫЗЫ, 
«Жаңақала» жалпы білім 
беретін орта мектебінің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы, 
Жаңақала ауданы,
Жаңақала ауылы.
«КӨКСЕРЕК» ӘҢГІМЕСІНІҢ    
ОЙ-ТҮЙІНІ
Сабақтың  мақсаты:  оқушыларға  жазушы  әңгімесінің 
маңызын, көркемдік идеясын ашу арқылы табиғатты аялауға, 
оның заңдылығын бұзуға  жол бермеуге,  қасқырлар әлемі 
мен адамдар ісінің қайшылығын ажыратуға үйрету. Зерттеу, 
салыстыру, талқылау барысында өз тұжырымын басқалармен 
салыстыруда  ой-толғау,  іскерлік  дағдысын  қалыптастыру, 
өз  ойын  еркін  айту  арқылы  таным  мүмкіндігін  таныту. 
Қоршаған  ортаны  құрметтеуге  және  оның  заңдылығының 
бұзылуына жол бермеу, адамгершілікке тәрбиелеу.
Түрі: қорыту сабағы. Әдісі: пікірталас, зерттеу, жүйелеу. 
Көрнекілігі:  «Көксерек»  фильмінің  бейнетаспасы, 
қасқырдың апаны, теледидар, мультипроектор.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Сабақтың мақсатын айту.
3.  Үй  тапсырмасы.  Шығарма  барысында  зерттеу 
жұмыстарын жүргізу.
Мұғалімнің  кіріспе  сөзі:  -  Балалар,    өткен  сабақта 
заманымыздың  заңғар  жазушысы  Мұхтар  Әуезовтің 
балаларға арналған «Көксерек» әңгімесімен таныстық.
Осы әңгімені оқу барысында  жоспар құрып, оқулықпен 
салыстырып,  кейіпкерлерге  мінездеме  беріп,  тараулар 
бойынша  баяндадық.  Ал,  бүгінгі  сабағымызда  ой 

43
қорытпақшымыз. «Көксерек» - дала тағысы, жыртқыш.
«Көксерек»  -  бөрі,  итқұс,  жаманауыз  деп  жатамыз. 
Қасқырдың  атын  атауға  да  бұрынғы  ата-бабаларымыз 
тыйым салған. Атын атаса жер-бетін жайлап, адамға, малға 
маза бермейді деп ойлаған. Сондықтан «ит-құс, жаманауыз, 
бөрі шапты» дейді.
Түркі  халқы  да  қасқыр  бейнесін  желбіреген    туға 
бейнелеп,  тектілікті,  қайсарлықты  мақсат  еткен.  Осы 
жөнінде  толық  мағлұмат  алу  үшін  сабағымызды  тарих 
пәнімен байланыстырып отырмыз.
Тарих пәнінің мұғаліміне сөз беріледі.
- Міне, көкбөрі жөнінде бірнеше мағлұмат алдық. Енді, 
қасқырдың  құрылысына  тоқталсақ.  Ит  пен  қасқыр  ұқсас. 
Бірақ қасқырдың  одан  айырмашылығы бар. Соны анықтау 
мақсатында биология пәнінің мұғаліміне сауал жолдағымыз 
келіп    тұр.  (Ит  пен  қасқырдың  айырмашылығы  туралы 
мәліметтер беріледі.)
- Балалар, сабағымызды кішкене көрініспен жалғайық.
Көрініс:  апанның  ауызы,  қызыл-ала  болған  күшіктер. 
Аман қалған бір ғана күшік. Құрмаш оны өзіне дос етпекші. 
Асырап, бағып, ит сияқты өсірмекші. Оған «Көксерек» деп 
ат  қойды.  Бауырын  жаңа  көтерген,  көзін  жаңа  ғана  ашқан 
күшікті  өзінің  жабайы  ортасынан  бөліп,  жүрегінде  кек, 
өшпенділік қалдырды.
Құрмаш: - Мен сені бағып – күтемін, асыраймын, өзімнің 
аялы алақаныма салып тәрбиелеймін. Екеуміз дос боламыз, 
барлық  қиындықтарды  бірге  шешеміз  (сыныптан  шығып 
кетеді).
Пікірталас: - Бүгінгі сабағымызда «Адамзат», «Көксерек» 
тобы  болып  бөлініп,  барлық  іс-әрекетке,  шығармаға  ой 
бөлісіп, сөз жарыстырамыз. Әңгімеде Құрмаш оны асырап-
баққанымен, соңында Көксеректің құрбаны болды.

44
Жақтаушы  «Көксерек»  тобы:  -  Көксеректің  адамға 
бағынбауы,  үйреніспеуі  –  табиғи  нәрсе.  Өйткені  оның 
жүрегінде  адамзат  баласына  деген  ерімес  мұз,  ұмытылмас 
кек  бар.  Оқиға  басына  сәл  шегініс  жасайық.  Естеріңізде 
болса,  қасқырдың  апанын  бұзып,  жазықсыз  күшіктерін 
қызыл қан қылып, тілерсегін қиып, өлтіріп кеткен кімдер? 
Әрине,  адамдар.  Өзінің  тыныш  өмірін  бұзып,  бауырларын  
аямай қорлаған адамдар жауыздығын  Көксерек неге ұмытуы 
тиіс? Бұл жерде Көксеректікі дұрыс деп ойлаймын.
Даттаушы  «Адамзат» тобы: - Егер Көксерек ата-анасы: 
аталық  арлан  мен  аналық  Аққасқыр  адамдардың  малына 
қайта-қайта  шауып,  көп  шығынға  ұшыратпаса,  адамдар  да 
олардың апанына тимес еді. Бұл жерде кінә  – қасқырдан.
Жақтаушы «Көксерек» тобы: - Ата-анасының мұндай 
істерінен Көксерек  бейхабар, ол кезде әлі көзін де ашпаған 
күшік еді ғой. Оның не жазығы бар еді? Оның есінде тек қана 
адамдардың қатыгездігі қалып қойған. Оның жүрегіндегі мұз  
жібімеді. Құрмаштың өзіне деген жылы қарым-қатынасына 
да  көнбеді,  себебі:  қасқыр  –  тумысынан  кекшіл  әрі  өте 
саналы хайуан.
Даттаушы  «Адамзат»  тобы:  -  Қасқыр  саналы  болса, 
неге  ол  кекті  махаббатқа  жеңгізе  білмеді?  Мәселе  – 
оның  саналығында  емес,  оның  адамзатты  мойындағысы 
келмейтіндігінде,  рақымсыз  қатыгездігінде.  Сіз  қасқырды 
жақтап  отырсыз.  Ал,  өмірде  сан  алуан  оқиға  аңыздардан 
сіздің осы пікірге дәлеліңіз бар ма?
Жақтаушы  «Көксерек»  тобы:  -  Әрине,  бар  (бір  аңыз 
айтады). Ал, сіздің қасқырға қарсы қандай айғағыңыз бар?
Даттаушы  «Адамзат»  тобы:  -  Қасқыр  қашан  да 
қасқырлығын  жасайды.  Бүгінгі  өмірден  дәлел  келтірейік. 
Қазір мына көршілес Бөкейорда ауданындағы және өзіміздің 
өңірдегі малшылар қыстағы да  қасқырдан көп зардап шегеді. 
Тіпті,  жақында  Бөкейорданың  бір  азаматы  қасқырдың  мал 

45
түгіл адамға шауып, күн көрсетпей  жатқандығын, тікұшақ 
шығарып, қасқырды аулап азайтуын өтініп, облыстық газетке 
мақала  жазды.  Мысалы,  Теректі  ауданының  бір  ауылына 
қасқырлар  емін-еркін  кіріп,  адамдарды  аяусыз  талап,  12 
адамды  өлімші халге жеткізді. Сол адамдардың  қасқырға 
тиісуі мүмкін бе? Ендеше, мұны қасқырдың қатігездігі демей 
қалай айтамыз?
Бейнетаспадан көрініс көрсету.
Көксеректің  біраз  уақыт  жоғалып,  қарыны  ашқан  соң 
ауылға  қайтып  келгенде,  Құрмаштың    қуануы,  мойнына 
қарғысын саламын дегендегі Көксеректің оны жаралауы. 
- Осы іс-әрекетке сендер қандай жауап берер едіңдер?
Оқушылар пікірі:
- Оңбаған, мен сені өлтіремін.
- Тән жарасы жазылады.
- Жақсылықты түсінбейтін қатыгез  екенсің.
Психолог пікірі тыңдалады.
Автор  ойының  орындылығы.  Авторға  оқушылар 
сұрақтар қояды: 
- Осы әңгімені жазуға не себеп болды?
- Әңгіменің  аяғында Құрмаш неге Көксеректің құрбаны 
болды?
Автор  жауабы:  -  Адам  баласының  басқа  жан  иесінен 
артықшылығы – ақыл-ес пен еркіндігінде. Ал, қасқыр – түз 
тағысы.  Адамдар  өздерінің  артықшылығын    пайдаланып, 
бөлтірікті үйге әкеліп асырайды. Өскен сайын өз болмысына 
тартып  келе  жатқанын  байқайды.  Қасқырдың  ит  бола 
алмайтыны  белгілі.  Көксерек  ауылда  жүргенде  ашулы, 
үйіріне  қосылса,  жадырап,  семіріп,  күш  алады.    Мен  «әр  
жан иесін өз ортасынан, тіршілігінен бөліп алуға болмайды» 
дегенге  көңіл  бөлдім.  Егер  табиғат  заңдылығы  бұзылса, 
үлкен апат болады. Сондықтан Көксерек өз болмысы үшін 
әрекет жасады.

46
-  Көксерек  –  дала  жыртқышы.  Оның  жүрегінде 
бауырларының  өлгені,  оны  сабап-соғуы,  тағы  басқа 
жағымсыз әрекеттер қалды. Қасқыр – кекшіл аң. Сондықтан 
ол адамзатты кешіре алмады. Кінәлі қасқыр ма, адамдар ма? 
Жұмбағын шешу – өз еншілеріңізде.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал