Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 3.57 Kb.

бет2/10
Дата22.04.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Г.Тұрдалиева. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту 
әдістемесі. Астана, «Фолиант», 2007. 
2. А.Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы. А., «Ана тілі»,1992.
3.  Н.Оралбаева,К.Жақсылықова.  Орыс  мектептерінде 
қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., «Ана тілі»,1996. 
4. 
Қ.Молдабеков, 
М.Ермекбаев, 
Б.Нарқұлова, 
К.Базарбаева.  Бастауыш  мектептің  қазақ  тілі  сабағында 
дамытушы ойындарды қолдану әдістемесі. А., 2003.
   
   
 
Баян ЕСЕНГЕЛДІҚЫЗЫ,
Қызылорда қаласындағы
№173 Ә.Молдағұлова атындағы 
жалпы білім беретін орта мектептің 
қазақ тілі пәнінің мұғалімі. 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ 
ОЙЫННЫҢ РӨЛІ
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық 
үлгісі  қалыптасуда.  Бұл  процесс  білім  парадигмасының 
өзгеруімен  қатар  жүреді.  Білім  берудегі  ескі  мазмұнның 
орнына  жаңасы  келуде.  Я.А.Коменскийдің,  И.Гербарттың 
дәстүрлі объект- субъектілі педагогикасының орнын басқасы 
басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі 

14
өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін - өзі жүзеге асыру-
ға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай 
жағдайда  педагогикалық  процестің  маңызды  құрамы  оқу 
ісіндегі  субъектілер  –  оқытушы  мен  оқушының  тұлғалық 
бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында 
оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп 
нұсқалық  қағидасы  бекітілген,  бұл  білім  мекемелерінің 
мұғалімдеріне,  педагогтарына  өзіне  оңтайлы  нұсқаны 
қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті, 
авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. 
Дәстүрлі сыныптық  сабақ жүйесінің барлық элементте-
рін  және  сабақты  құрастыру  технологияларын  қолданумен 
қатар,  мұғалім  келесі  педагогикалық  технологияларды 
пайдалана  алады:  ойын  технологиялары,  проблемаларды 
оқыту,  оқу  зерттеуін  ұйымдастыру  технологиясы,  жобалау 
әдісі,  ақпараттық  –  комуникациялық  технологиялар.  Олар-
дың ішінде ойын технологиясы туралы айтпақшымын.
Өзге ұлт балалары оқитын мектептерде жұмыс істейтін 
ұстаздар қауымының басты мақсаты – өзге ұлттың баласын 
мемлекеттік тілде сөйлету, сұрақтарға жауап қайтара білуге 
үйрету.  Қазақ  сөзінің  құдіреттілігін,  сырын  сезіндіру,  тіл 
үйренуге ынталандыру. Шәкірт талабын шыңдау қазақ тілі 
мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімдеріне  үлкен  жауапкершілік 
жүктейді.  Осы  орайда  сабақтарда  түрлі  әдіс-тәсілдерді 
пайдалану    мақсатқа  қол  жеткізудің  бастамасы  болып 
саналады. 
Қазақ  тілі  сабағында  өзге  ұлтты  балаларға  сабақ 
қызықты да тартымды өту үшін ойынның рөлі өте жоғары. 
Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін то-
лық пайдалану, оларды оқу үдерісінде үздіксіз дамытып оты-
ру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде, яғни, 
сабақ  барысында  жаттығу  орындауда  қолдану  дағдыларын 

15
қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны 
бөлек.
Оқушылар сабаққа қарағанда ойынды ұнататыны белгілі. 
Ойын оқушылар сабақта зерігіп, шаршаған кездерінде сергіту 
мақсатында  ғана  емес,  оларға  негізгі  ұғым,  түсініктерді 
толық меңгерту мақсатында  да жүргізіледі. Ойын  арқылы 
оқушы  өздігінен  қорытынды  жасай  білуге  машықтанады. 
Ойынның негізгі мақсаты- баланы қызықтыра отырып, өткен 
тақырыпты  берік  меңгерту,  саналарында  сақталып  қалуға 
жұмыс жасау. Яғни, ойынның пәндік мазмұны басты назарда 
болуы  керек.  Тек  сол  жағдайда  ғана  ойын  оқушылардың 
ойлау  қабілетін  дамытып,  білімдік,  тәрбиелік  мақсаттарға 
жетуге септігін тигізеді. 
Ойындарға  қойылатын  талаптардың  өз  алдына  жеке 
мақсаттары бар.
Олар: 
- ойынның мақсаты нақты  әрі керекті көрнекіліктер мен 
материалдар күн ілгері дайындалып қойылу керек;
-  ойын  ережелері  оқушылардың  түсінуіне  оңай, 
қарапайым  әрі шағын болуы тиіс;
- ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету 
қажет;
- ойын барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын 
қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай 
алуларына, ойлана білулеріне жол көрсетуі қажет.
Оқытудың ең басты әрі негізгі мақсаты- білімнің сапалы, 
нақты, толық болуында.
Сабақтың формалары мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, 
оны  танымдық,  білімдік,  тәрбиелік  жағынан  сапалық 
жаңа  деңгейге  көтеру,  оқытудың  тәрбиелік  қызметі  мен 
тәжірибелік бағытын нығайту осы ойынға қойылған мақсат- 
міндеттерден туындайды.
Сабақта  ойын  элементтерін  пайдалану  –  сабақтың 

16
формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің 
маңызды  бір  бөлшегі.  Ойын  элементтерін  оқу  үдерісін 
пысықтау,  жаңа  сабақты  қорытындылау  кезеңдерінде, 
қайталау  сабақтарында  пайдаланған  өте  тиімді.  Ойын 
элементтерінің  материалдары  сабақтың  тақырыбы  мен 
мазмұнына сәйкес таңдалынып алынса, оның берер пайдасы 
мол,  танымдық,  тәрбиелік  маңызын  күшейте  түсері  анық. 
Оны  тиімді  қолдану  мен  іске  асыру  сабақтың  әсерлілігін, 
тартымдылығын  дамытып,  оқушылардың  сабаққа  деген 
қызығушылықтарын арттырады. 
Грамматикалық  ойындар  еркін  шығармашылық  іс- 
әрекет ретінде оқушы ойын, қиялын дамытып, сөздік қорын 
молайтып, өз бетімен ізденуге, еңбектенуге дағдыландырады 
және  оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылықтарын, 
белсенділіктерін  арттырып,  ойлау  қабілетін  дамытып, 
ұжымшылдыққа  тәрбиелейді  және  тапқырлық  пен 
алғырлыққа,  жылдамдыққа  баулиды.  Оның  үстіне  оқушы 
іскерлік  пен  түрлі  дағдыны  меңгеріп,  бекітуді,  қорытынды 
жасауды үйренеді. 
Сабақта  әр  түрлі  әдістерді  пайдалану  оқушыларды 
жалығудан  алшақтатады,  сөздік  қорының  баюына  ықпал 
етеді. 
Сабақ  берудің  жаңа  технологияларын  меңгере 
отырып,  әр  түрлі  әдістерді  пайдаланып,  білім  сапасын 
арттыруға  тырысамыз.  Жаңа  әдістердің  ерекшелігі  –  жеке 
тұлғаны  қалыптастыруда,  өз  бетімен  жұмыс  істей  алуда, 
шығармашылыққа баулуда ерекше рөл атқарады.
Сондықтан  қазақ  тілі  мен  қазақ  әдебиеті  пәндерінде, 
әсіресе,  өзге  ұлт  балалары  оқитын  мектептерде  сабақтың 
формаларын  ауыстырып,  балалардың  тақырыпты  тез 
меңгеруіне  қол  жеткізу  мақсатында  ойын  элементтерін 
пайдаланып  сабақ  өткізу  арқылы  мұғалім  тіл  үйретуде 
біршама жетістіктерге қол жеткізері анық. 

17
    
Қаламқас ТОҒАСБАЕВА,
Алматы қаласындағы
№27 гимназияның 
    қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ 
ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
Мақал-мәтелдер – халық даналығының бір көрінісі. Олар 
аз сөзбен көп мағына береді. 
Халық  өмірден  көрген-білгенін  келесі  ұрпаққа  мақал-
мәтел арқылы жеткізіп отырған. 
Қазақ халқы «Сөздің көркі – мақал» деген, өйткені мақал-
мәтелдер сөзді ажарландырып, сөйлеушінің ойын басқаларға 
айқын да айшықты түрде жеткізеді. 
Мақал-мәтелдер  әр  алуан  тақырыптарға  айтылған. 
Олар:  Отанын  сүюге,  адамгершілікке,  ынтымақ-бірлікке, 
мейірімділікке, әдептілікке шақырады. 
Кез  келген  тілдің  сөздік  қорының  мазмұнды  да  мәнді 
бөлігін құрайтын – мақал-мәтелдер. 
Ғалым  В.А.Маслова:  «Ғаламның  тілдік  бейне-
көріністері  әр  тілдің  өзіне  тән  ерекшелігіне,  өзінше 
бейнелеп  атауына  байланысты  тіл-тілде  өзгеше  болып 
келеді»  десе,  Г.Ж.Снасапова  «Дүниенің  тілдік  бейнесі 
тұрақты тіркестерден, идиома, фразеологизмдерден, мақал-
мәтелдерден анық көрінеді» деген ой айтады. 
Ә.Қайдардың  «Тіл  –  Этнос  –  Таным»  мәселелерінің 
сабақтастығын  танытатын  ғылыми  идеялары  қазіргі  тіл 
білімі  ғылымын  жаңа  белеске  көтеріп,  теориялық  өзегін 
құрап отыр. 
Мәселен, А.Байтұрсынұлы «Тіл – құрал» деген ұстанымы 
арқылы тіл мен адамның біртұтастығы жайлы ойын «Тіл – 

18
адамның адамдық белгісінің зоры» деп түйіндейді. 
Ә.Қайдар  мақал-мәтелдер  туралы  былай  дейді:  «Қазақ 
мақал-мәтелдерінің  бүгінгі  болмысын  танып-білуде 
дүниетанымдық,  логикалық  жағынан  мәні  өте  зор.  Себебі: 
дүниеде,  қоғамда,  табиғатта  қалыптасқан  құбылыстардың 
бәріне мақал-мәтелдердің қатысы бар».
Қазақ  мақал-мәтелдерін  ғылыми  тұрғыдан  зерттеуге 
әдебиетші  және  тілші  мамандар  атсалысып  келеді. 
Мәселен, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, 
З.Қабдолов,  С.Қасқабасов,  т.б.  әдебиетші  ғалымдар 
зерттеуінде қазақ мақал-мәтелдерінің әдеби табиғаты арна-
йы сөз етілген болса, Р.Сәрсенбаев,  Ө.Айтбаев, Қ.Бейсенов, 
т.б.  тілші-мамандар  зерттеулері  мақал-мәтелдердің  тілдік 
ерекшеліктерін айқындауға бағытталады. Б.Шалабаев 1948 
жылы Алматыда жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» 
атты очеркінде алғашқылардың бірі болып мақал-мәтелдерді 
арнайы қарастырып, оларды малшылық, аңшылық, егіншілік 
жөніндегі мақал-мәтелдер деп негізгі үш мағыналық топқа 
бөліп,  олардың  жанрлық  ерекшеліктерін  анықтайды  және 
мақал  мен  мәтелге  байланысты  өзіндік  пайымдауларын 
ұсынады. 
С.Нұрышев  «Қазақтың  халық  мақалдарының  даму 
тарихынан»  атты  1959  жылы  басылып  шыққан  еңбегінде 
малшылық  жайлы  мақалдарды  «Россияға  қосылғанға 
дейінгі»,  егіншілік  жайлы  мақалдарды    «Россияға 
қосылғаннан кейінгі» деп екі топқа бөліп, мақалдардың даму 
тарихы жайлы өз пікірін білдіреді. Кеңес үкіметі дәуірінде 
мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің ерекше поэтикалық жанры 
ретінде  зерттеліп,  бірқыдыру  проблемалық  тың  пікірлер 
көтерілді. 
Мақал-мәтелдердің  лингвистикалық  табиғаты  академик 
С.К.Кеңесбаевтың  «Қазақ  фразеологиясы  жайындағы» 
еңбектерінде  сөз  етіледі.  Ол  мақалдар  мен  мәтелдерді 

19
жалпы  фразеологиялық  бірліктер  қатарына  қоса  келіп, 
олардың  ара-жігін  саралап,  фразеологизмдердің  басты 
айырмашылықтарына  тоқталды.
Қазақ мақал-мәтелдеріне қатысты орны бар зерттеулердің 
бірі  –  Р.Сәрсенбаевтың  «Қазақ  мақал-мәтелдерінің 
лексика-семантикалық  ерекшеліктері»  атты  кандидаттық 
диссертациясы.  Зерттеудің  тілдік  материалы  ретінде 
ғалым  Қазан  революциясынан  бұрын  басы  болып  шыққан 
жинақтарды,  атап  айтқанда,  В.Катаринскийдің  1899 
жылы  Орынбор  қаласында  басылып  шыққан  «Сборник 
киргизских  пословиц»  атты  еңбегін,  1988  жылы  Семейде 
«Туркестанские  ведомости»  газетінде  жарық  көрген 
Ә.Диваевтың «Киргизские пословицы» атты еңбегі мен 1906, 
1952,  1959  жылдарда  жарияланған  қазақ  мақал-мәтелдер 
жинақтарын пайдалана отырып, Р.Сәрсенбаев қазақ мақал-
мәтелдерінің жасалу жолдары, түрлері мен мазмұны, өзара 
сабақтас  жанрлар  мен  ара-қатынасы  мәселелерін  арнайы 
қарастырады. Ол орыс мақал-мәтелдерін қазақ тіліне аудару 
тәсілдеріне қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салады. 
Сондай-ақ,    М.Әлімбаев  1960  жылы  мақал-мәтелдер 
жинағын оқырман игілігіне ұсынады. 
Ғ.Тұрабаеваның  зерттеуінде  мақалдардың  өзгерістері   
мен қолданылуы, мағыналық топтары, варианттары, олардың 
құрылымдық-семантикалық  модификациясы,  стильдік, 
контекстік  варианттары  қарастырылса,  А.Нұрмахановтың 
көзқарастарында  «В.В.Радлов  еңбектеріндегі  түркі  мақал-
мәтелдерінің  лексика-грамматикалық  құрылымы  зерттеліп, 
кейбір  семантикалық  даму  ерекшеліктері  айқындалады». 
Ал, Э.Мұқышева неміс және қазақ тілдеріндегі сөздіктерден, 
мақал-мәтелдер  жинақтарынан  екі  мыңнан  астам  мақал-
мәтелдерді теріп алып, олардың құрамындағы ұлттық мәдени 
компоненттерді мәдениет аралық контексте салыстырады. 

20
Құрылым тұрғысынан әрі зерттеу, әрі мақал-мәтелдердің 
түсіндірме сөздігі түрінде жазылған «Халық даналығының» 
көздеген  мүддесі  «зердемізді  ашып,  ұлттық  санамызды 
саралау,  ментальдық  қасиетіміз  бен  ғасырлық  салт-дәстүр, 
әдет-ғұрпымызды терең біліп, дүниетанымымызды кеңейте 
түсу» деп көрсеткен Ә.Т.Қайдар  мақал-мәтелдерді «халық 
даналығының қоры» деп бағалап, ол қорды көненің көзіндей 
«ескі  дүниелер»  мен  «замана  талабына    сай    жаңғыратын, 
жаңа  ұғым-түсініктермен  толығып,  толысып  отыратын  екі 
жақты тілдік  процестің «ұйытқысы» ретінде айқындайды». 
Адам  дүниені  тану  барысында  ғаламды  немесе  өмірді 
біртұтас  бірлікте  алғанымен,  оларды  тікелей  танымдық 
талқыға  салмай,  оның  әр  түрлі  элементтерін  жеке-жеке 
бөліп қарастырады. Әлемдегі әрбір нәрсені тану барысында 
көптеген  танымдық  әдістер  қолданылады.  Сол  танымдық 
әдістердің  бірі  ретінде  ойлаудың  негізінде  тіл,  оның 
ішінде  мақал-мәтелдер  арқылы  дүниенің  құпия-сырлары 
ашылып, сарапталады. Тіл, оның ауыз әдебиетінің бір түрі 
– жұмбақтар, ертегілер, мақал-мәтелдер болғанымен, оның 
генетикалық,  типологиялық,  т.б.  ерекшелігіне  байланысты 
онда ұлттық сипат басым болады. 
Тілдік 
қауымдастық 
мүшелерінің 
әлеуметтік 
психологиясы, қоғамдық өмірдің сан қилы жақтары мен қым-
қиғаш  қайшылықтары,  жеке  адам  мен  ұжым  арасындағы 
қатынастар,  халық  менталитеті  және  рухани  мәдениеттің 
ұлттық  нышандары,  т.б.  әлеуметтік  мәдени  таңбаларға 
тікелей  қатысты  болып  келетін  ұлттық  мәдени  мағыналар 
фольклордың  мазмұндық  құрылымындағы  негізгі  мәселе 
болып саналады. 
Фольклордың  дүние  бейнесінің  этностың  тілдік  дүние 
бейнесінен  айырмашылығы  сол,  моральдық  нормалар 
жиынтығы,  этномәдени  құндылықтар  жүйесі  тұтастай 
енбейді,  олардың  ішінен  адам  өмірі  үшін  ең  басты,  ең 

21
маңызды дегендері қамтылады. Мысалы: 
•   Отан –  біздің ортақ үйіміз.
       Родина – наш общий дом.
•  Отансыз адам – ормансыз бұлбұл. 
       Человек без Родины –  соловей без леса. 
•  Жері байдың – елі бай. 
       Земля богата, народ – богат. 
Халықтың  тұрмыс-тіршілігінің,  салт-дәстүр,  әдет-
ғұрпының,  рухани  және  заттық  мәдениетінің  сан  алуан 
қырына  қатысты  типтік  жағдайлардың  тілдік  таңбасы, 
образды сипаттамасы және бейнелі атауы  саналатын мақал-
мәтелдер  жиынтығы  тілде  дүниенің  паралелиологиялық 
бейнесін  сомдайды.  Дүниенің  паралелиологиялық  бейнесі 
–  «тіл-мәдениет»    тұтастығында  екшеліп,  мәдени-ұлттық 
құндылықтар  деңгейіне  көтеріліп,  рухани  іс-әрекеттерінің  
нәтижесі,  танымдық,  тағылымдық  және  практикалық 
тәжірибесі  бекитін,  сақталатын  тілдік  дүние  бейнесінің 
құрамдас бөлігі. 
Дүние  суретінде  адам  факторы    бірінен-бірі  туындап, 
бірімен-бірі  сабақтасып  келіп,  «адам  және  оның  ортасы», 
«адам  және  ақиқат  шындық»  арасындағы  күрделі  қарым-
қатынастарды  реттеуші тілдік тетік қызметінде жұмсалып 
қана  қоймайды,  ұлттық  мәдениетінің  төл  тума  болмысына 
қатысты  құнды  мәлімет  беретін  этномәдени  ақпараттар 
қоймасы  –  концептілік  аяның  қалыптасуына  да  негіз 
болады. Бұл концептілік  ая  ауқымына енген әрбір мақал-
мәтел  өз  бойына  ғалам  бейнесінің  бірнеше  фрагменттерін 
тоғыстырып,  тілдік  дүние  бейнесін  қазақ  ұлтының  мәдени 
дүние бейнесімен ұштастырады. 
Тіл  –  қоғамдағы  қарым-қатынас  құралы  болуымен 
қатар,  ұлттық  өмірінен,  оның  тарихы  мен  мәдениетінен, 
менталитетінен ақпарат беретін әрі қоғамды дамытушы күш 
ретінде қызмет атқарады. 

22
Ұлттық ділдің тілдегі ерекше бір жарқын, мәнді де маңызды 
тірегі болып саналатын мақал-мәтел – халық даналығының 
қазына байлығы, халық жадына сіңіскен философиялық ой-
толғаныстардың, ғасыр тезінде  ұшталатын ұлттық сананың 
айшықты  айғағы,  ұрпақтан-ұрпаққа  тіл  арқылы  жалғасар 
халықтың  эстетикалық  талғам  мен  этникалық  тағылым-
тәсілімінің мектебі. Халық даналығының сарқылмас көзі –  
мақал-мәтелдер  бір-бірімен  үзіліссіз  қатыстылықта,  тығыз 
қарым-қатынаста, өзара байланыста болып келетін дүниенің 
мәдени  бейнесі  мен  дүниенің  тілдік  бейнесі  тарамдалатын 
реалды дүние суретіне барып  саятындығымен маңызды. 
Жұмыстың 
негізгі 
тақырыбы 
мақал-мәтелдер 
болғандықтан,  оның  зерттеу  барысына  соқпай  өту  мүмкін 
емес. 
Кластер:
 І.                              Асыл қазына                    
     Тұрақты ұйқас                                  Фольклор 
                  
                                                                    
                                                                           Ұжымдық  
                                                                            шығарма
                                                      
                                                                       
          Қалыптасқан                                Түрлері 
                 сөздер      Көп нұсқалы
 
Қазақ халық 
ауыз әдебиеті 

23
 тұрмыс-салт         ауыз әдебиеті          эпостық
    жырлары                                             жырлар     
жұмбақтар                                                                    мақал 
 
  жаңылтпаштар                                                       мәтел
 
                                                         тарихи жырлар
        айтыс өлеңдер
                                    ертегілер        
Мысалы,  мен  өзімнің  педагогикалық  тәжірибемде 
ұдайы  әдебиет  сабақтарында  ұлттық  ойын  элементтерін 
пайдаланамын. 
Қыстың  суығы  кетіп,  көктемнің  келуі  адамдарға  үлкен 
қуаныш сыйлаған. Оны шығыс елдері жыл басы – Наурыз, 
ұлыстың  ұлы  күні  ретінде  қарсы  алып,  тойлайтын  болған. 
Қазақ  халқы  да  наурыз  айының  22-сі  күнін  жыл  басы 
санаған. Бұл күні күн мен түн теңеледі, әрбір үй жеті түрлі 
дәмнен наурыз  көже жасап, бір-бірін шақыратын дәстүрді 
қалыптастырған.  Мысалы:  наурыз    көже  әкеліп,  дәмін 
татыру.  Бұл  тағамның  аса  қасиетті  екенін,  міндетті  түрде 
ауыз  тиіп  қана  қоймай,  толығымен  тауысып  ішу  керектігі 
қадағаланып айтылады. 
Тұсау  кесу.  Баланың  аяғын  ала  жіппен  байлап,  өткір 
қайшымен  кесіп,  жүйрік  адамдарға  жүгірту.  Мұндағы  ала 
жіптің мағынасы өте  зор. Көздеген мұраты – біреудің ала 
жібін аттамау, ұрлық қылмау. Мұндағы мақсат – адалдыққа 
тәрбиелеу. Сәби қаз тұра бастағанда, тез жүріп кетсін деп, 
ал  жіпті  есісіп,  екі  аяғын  тұсап,  сүрінбей  жүретін  адамға 
тұсауын кестіреді. 
 
фольклор 

24
Бесікке  салу.  Халқымызда  бесік  –  қасиетті,  құтты 
мүлік,  сәбидің  алтын  ұясы  болып  есептеледі.  Бесікке  салу 
жолы  жасы  үлкен  немесе  елдің  құрметті,  өнегелі  адамына 
жүктеледі. Бесікке салған адамға кәде беріледі. Мысалы: 5
А
 
сыныптың  әдебиетінде  осы  көріністі  көрсеттік.  Қатысқан 
оқушылар:  Бондарчук  София,  Емцова  Карина,  Гребнева 
Мария, Бехтеев Артем. 
Үйлену  тойы  туралы.  Қазіргі  заманда  жастардың 
үйлену  тойы  жүйелі  бір  тәртіппен  өтеді.  Алдымен  күйеу 
жігіттің әке-шешесі болашақ келіннің үйіне келіп, қыз ата-
анасының ризалығын алып, құда болысып, тойдың барысы 
жайлы  келіседі.  Осы  үрдістің  элементтерін  5
В
  сыныбымен 
көрсеттік.  Барсегян  Арютюн  күйеу  жігіт  болса,  Миронова 
Валерия қалыңдықтың рөлін ойнады. 
Қазақ  халқының  бай  ауыз  әдебиетімен  және  ақын-
жазушылардың шығармаларымен таныстық. Ауыз әдебиеті 
арқылы қазақ халқының рухын, болмысын таныдық.
Оқулықтағы  әдебиет  үлгілері  оқушыларды  қазақ  тілін 
үйренуге,  мәтін  мазмұнын  түсініп,  ауызша  айтуға,  дұрыс 
оқып, сауатты жазуға үйретеді. 
Жалпы, қазақ әдебиетінің есігін Халық ауыз әдебиетімен 
ашып, ертегілер әлемімен, тұрмыс-салт жырларымен, аңыз 
кейіпкерлерімен танысамыз. 
Кең  байтақ  Қазақстанды  мекендейтін  өзге  ұлт 
диаспоралары  қазақ  халқының  мәдениетін,  өнерін  танып-
біліп  қана  қоймай,  мемлекеттік  тілді  меңгеріп,  қазақ 
тілінде  халық  ауыз  әдебиетімен,  ақын-жазушылардың 
шығармаларымен танысады. 
Құрметті  қазақ  тілінің  жанашырлары!  Халық  ауыз 
әдебиеті  арқылы  оқушылардың  ауызша  сөйлеу  тілдерін, 
жазба  жұмыстарындағы  деңгейлерін  жетілдіріп,  қазақ 
әдебиеті  шығармаларын  төл  тілінде  меңгеруге  мүмкіндік 
алуларына көмектесіп, қолдау көрсете беріңіздер. 

25
Халық  даналығының  сарқылмас  көзі  –  мақал-мәтелдер, 
жұмбақтар, жаңылпаштар, т.б. бір-бірімен тығыз байланыста 
болып  келетін  дүниенің  мәдени  бейнесі  тарамдалатын 
реалды дүние суретіне барып ұласатындығымен маңызды.
Қорыта  айтқанда,  халықтың  тұрмыс-тіршілігінің,  салт-
дәстүр,  әдет-ғұрпының,  рухани  және  заттық  мәдениетінің 
сан алуан  қорына қатысты типтік жағдайлар тілдік таңбасын, 
образды сипаттамасын сомдайды. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы. А., «Ана тілі», 1992.
2. Ә.Т.Қайдаров. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. А., «Ана 
тілі», 1998.
3. Ә.Т.Қайдар. Халық даналығы. А., «Толағай», 2004.
4. Б.Шалабаев. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1948.
5. М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., 1958.
6.  С.Нұрышев.  Қазақ  халқының  мақалдарының  даму 
тарихынан. А., 1959.
7. С.Кеңесбаев. Қазақ тілі фразеологиясы. А., 1961.
8.  М.Әлімбаев.  Өрнекті  сөз  –  ортақ  қазына.  А., 
«Қазақстан», 1967.
9.  Г.Турабаева.  Окказиональные  преобразования  посло-
виц и поговорок в казахском языке. А., 1989.
10. Э.Мукушева. Национально-специфические элементы 
семантических  фразеологизмов  современного  немецкого  и 
казахского языков. А., 1998. 
11. Ә.Т.Қайдаров. Этнолингвистика. Білім және еңбек. А., 
1985. №10. 18-22-б.
12. Р.К.Атаханова. Туыс емес тілдердегі мақал-мәтелдер-
дің этнолингвистикалық сипаты. А., 2005.  
13.  М.Ескеева.  Орхон  ескерткіштері  тіліндегі  «Қоғам» 
концептісінің  тілдік  модельдері.  Көкейкесті  әдебиеттану. 
Азаттық идеясының қазақ әдебиетіндегі көрінісі. Әдіснама, 

26
таным, көркемдік. Халықаралық конференцияның материал-
дары. Астана, 2006. 
14. Н.Д.Арутюнова. Истина: фон и коннотации. Логичес-
кий анализ языка. Культурные концепцы. М., «Наука», 1991. 
15. В.А.Маслова. Лингвокультурология. М., «Academia», 
2001.
16.  Г.Ж.Снасапова,  Ғ.Мүсіреповтің  «Ұлпан»  повесіндгі 
лингвомәдени бірліктер. А., 2003. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал