Жүсіп баласағҰНИ



жүктеу 3.57 Kb.

бет10/10
Дата22.04.2017
өлшемі3.57 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2-жүргізуші: - Жырым, сырым екеуі – егіздерім,
                          Екеуін екі бөлек емізбедім.
                          Жатсам-тұрсам мұң шағып дәптеріме,
                          Жабырқаған жаныма сені іздедім.
1-жүргізуші: - Тигендей төбем тұнық бұлтты көкке,
                           Көрінеді көлденең бел сонау шетте.
                           Солдаттай сапқа тұрған қарағайлар
                           Мелшиіп қара тастар жатыр текке,- 
дейді жас ақын. Соғыс салған жараны Мұқағали да арқалады, 
әкесі  сұм  соғыстан  оралмады.  Жоқшылықтың  етек  алып, 
қысқа жіптің күрмеуге келмейтін кезінде де намысшыл, сер-
гек те сезімтал күйінде қалды. Майшамның жарығымен-ақ 
білім теңізінен сусындауға ұмтылды. 
Оқушы «Туған жерім» өлеңін оқиды.
2-жүргізуші: - Бұл өлең шумақтарынан біз ақынның ұлы 
ордасын жастық шағында-ақ Мекке тұтқандығын аңғарамыз. 
Қара жардай қабырғалы ақынның қай өлеңін алсақ та, әнге 
сұранып тұратыны шындық. «Сәби болғым келеді» деп ата-
латын жыр шоғыры биік жан дүниеңді шымырлатары анық.  
М.Мақатаев  сөзіне  жазылған  «Сәби  болғым  келеді»  әнін 
тамашалаңыздар.
1-жүргізуші: - М.Мақатаев бір күні түс көреді. Түсінде 
шешесі басында ақ жаулығы бар Абай атамыздың қасынан 
қуана  басып,  Мұқағалиға  қарай  күліп  келе  жатыр  екен. 
Оянса, түсі екен. Мұқағали өзі түсін: «Шешем бақытты бо-
лады  екен»  деп  жорып,  ұзақ  толғаныстан  соң  «Шеше,  сен 
бақыттысың» өлеңі дүниеге келіпті.
Оқушы «Шеше, сен бақыттысың» өлеңін жатқа оқиды.

138
2-жүргізуші: - Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
                          Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
                          Достық деген – адамның көрігі екен,
                          Достық деген – адамның серігі екен, - 
деп Мұқағали ақын бар сырын досы Шәмілге айтқан екен.
2-жүргізуші:  -  Ақын  айтқандай,  адам  өміріндегі  ең 
бақытты  кез  –  балалық  шақ.  Бүгін,  міне,  жас  өркен  ақын 
өлеңдерін оқып, әндерін жырлап, талантына тағы да бас иеді. 
1-жүргізуші:  -  Мұқағали  әр  күні,  әр  сағатта  халықпен 
бірге  жүрді.  Халықтан  үйренді,  халқын  сүйді.  Оның  әрбір 
сөзін  алтынға  бағалады.  Халқына  арнаған  «Үш  бақытым» 
өлеңін тыңдаңыздар.
2-жүргізуші: - М.Мақатаев – өмірдің рахатын мейлінше 
сезініп кеткен аса бақытты ақын. «Жазылар естеліктер мен 
туралы»  деп  ақынның  өзі  жайдан-жай  айтпаған  ғой.  Олай 
болса, ақын туралы естеліктерге кезек берсек...
Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.
         Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,
         Қылығымды ұнатқан жұлынуды.
         Жақсы көрген дер мүмкін жылынуды,
         Әйтеуір қазбас былық-шылығымды.
Жоқ жанды қиған емес жамандауға,
Сол үшін рахмет адамдарға!
Білемін, әйтеуір бір замандарда
Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға...
          Қулары таудың қызыл түлкісі дер,
          Момындар біздің үйдің кірпіші дер.
          Мәңгілікке өзіңнен ала кеткен
          Менің нәзік жанымды кім түсінер?!

139
1-жүргізуші: - Құрметті оқырмандар, қонақтар!
                          Көп адам дүниеге бой алдырған,
                          Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
                          Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы
                          Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?! -
деп  Абай  атамыз  жырлағандай,  45  жыл  ғана  қысқа  ғұмыр 
ішінде  халқына  өшпес  мұра  қалдырған  ғасыр  ақыны 
Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық. Әрине, 
ақынның  мол,  таусылмас  мұрасын  бір  күнде,  бір  сағатта 
оқып  білу  мүмкін  емес.  Ақын  шығармалары  ұрпақтан-
ұрпаққа тарап, жалғасын таба береді. 
Қорытынды сөз: 
-   Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім.
    Жыр жазсам, оған, жұртым, елеңдестің,
    Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
    Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім! -
деп  ақын  ағамыз  өзі  айтқандай,  М.Мақатаев  мұралары 
ешқашан өлмек емес. Бүгінгі «Жазылар естеліктер мен ту-
ралы»  атты  әдеби  кешімізді  аяқтай  отырып,  ұрпақтары 
Мақатаевты ешқашан да ұмытпақ емес, кереметтей көркем 
өлеңдері мәңгі жасай бермек.
МҰҚАҒАЛИ
Бұл есімде қасиет бар киелі,
Сондықтан да халқы басын иеді.
Бір кездері күңкілдеген сыртынан
Еш ұялмай досы едім деп сүйеді.
   
   
 

140
Педагог пайымы
Қарлығаш ӘБУТАЕВА,
Алматы қаласындағы 
М.Бегалин атындағы №120 гимназияның 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ 
ТІЛІНІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН 
АРТТЫРУ
Оқыту  әдістері  –  бұл  оқытушы  мен  тіл  үйренушінің 
оқу-тәрбие  жұмысының  міндеттерін  ойдағыдай  шешуге 
бағытталған  іс-әрекеттің  тәсілдері.  Әрбір  мұғалімнің 
басты  мақсаты  –  оқушының  өзіндік  ойлау  қабілеті  мен 
жауапкершілік  міндеттерін  дамыту.  Сондықтан  да  әрбір 
сабақ оқушылардың ойлау қабілетіне құрылуы тиіс.  Біздің 
міндетіміз – тек репродуктивті жағынан ғана емес, сондай-
ақ шығармашылық қабілетін де дамыту.
Қазіргі  таңда  оқу  барысында  оқушылардың  ойлау 
қабілеттерінің белсенділігін арттыру мәселесі дидактикалық 
және  қоғамдық  проблема  болып  отыр.  Бұл  –  актуальды 
мәселе.
Осы  мәселелерді  шешу  үшін  мен  алдыма  мынадай 
міндеттерді қойдым:
-  дәстүрлі  оқыту  жүйесіне  дәстүрлі  емес  әдістеме 
элементтерін енгізу;
-  оқушылардың  мүмкіндіктері  мен  талаптарын  ескере 
отырып оқытудың мазмұнын нақтылау;
- оқыту барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану.
Қазақ  тілін  үйретуде  баланың  қызығушылығын  ояту 
әр  мұғалімге  оңай  тимейді.  Сондықтан  да,  ең  алдымен, 
өз  пәніңді,  педагогикалық  шеберлікті  терең  игеріп,  оқу 
процесін  қызықты етіп жасай білу қажет.
Менің өз тәжірибемнен білгенім, әр түрлі әдіс-тәсілдердің 
бірігуінен оқушылардың ойлау қабілеттерінің белсенділігін 

141
артыру үшін мынадай қадамдар жасауға болады.
Бірінші  қадам  –  жаңа  технологиялар  мен  алдыңғы 
қатарлы  мұғалімдердің  тәжірибелерін  үйрене  отырып,  әр 
сабақты биік деңгейде құра білу. Яғни, оқушылардың сөйлеу 
тілінің  белсенділігін  арттыру,  ойлау  қабілеттерін  дамыту 
және әр кезеңді бір-бірімен байланыстыру болып табылады.  
Әр  сабақты  жоспарлағанда  оқушылардың  қазақ  тілінде 
еркін  сөйлесе  алуын  қамтамасыз  ету  мақсатында  әр  түрлі 
сабақтан бір жаңа сабақ үлгісін құрып, оны өмірмен және 
қоғамдық  ортамен  байланыстыра  отырып,  әр  баланың 
қабілетіне  қарай  жеке  тапсырмалар  беремін.  Ең  алдымен, 
оқушылардың  талпынысына  қарай  өзіндік  жұмыстарына, 
яғни, жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс істеуіне көп көңіл 
бөлемін. 
Екінші  қадам  -  әр  сынып  оқушыларына  бейімделген 
сабақ үлгілерін құру.
Өлшемі – оқушылардың оқу мүмкіндіктері.
Құралдары – мына төмендегідей болып келеді:
1-5-сыныптарда
А.  Білім:    өтілген  мәтін  бойынша  лексикалық  ойлау 
қабілеттерін белсендіре  отырып,  грамматика  жағына  көңіл 
аудару. 
Білік: оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, белгілі 
бір  нәрсемен  байланыстыра  алуға,  өз  ойын  жинақтауға, 
сауатты жеткізе білу мен  қорытындылауға баулу.  Диалогтік 
сөйлесуге көңіл бөлу.
Дағды:  дәстүрлі  емес  жағдайда  өзінің  біліктілігін 
пайдалана отырып, өзіндік жұмыс жасай алуы.
Б. Оқу бағдарламасының талаптарын орындау.
 6-9-сыныптарда
А. Білім:  елтану мәтіндері бойынша грамматиканы терең 
игерту. 
Білік: оқыған материалдарына сүйене отырып, логикалық 
ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында  білімдерін кеңейту. 
Дағды:  дәстүрлі  емес  жағдайда  өзінің  біліктілігін 
пайдалана отырып, өзіндік жұмыс жасай алуы.

142
Б. Оқу бағдарламасының талаптарын орындау.
10-11-сыныптарда
А.  Білім:  қосымша  әдебиеттерді  пайдалана  отырып, 
қазіргі өмір жағдайларымен кеңінен танысу. 
Білік:  көп  нұсқалы  тапсырмаларды  орындау  арқылы 
білімдерін  кеңейту  және  логикалық  ойлау  қабілеттерін 
дамыту.
Дағды:  дәстүрлі  емес  жағдайда  өзінің  біліктілігін 
пайдалана отырып, өзіндік жұмыс жасай алуы.
Б. Оқу бағдарламасының талаптарын орындау.
Үшінші қадам – жіктеп оқыту негізінде оқу талаптары-
ның әр түрлі деңгейін орындау.
А.  Қосымша  әдебиеттермен  және  оқулықпен  өзіндік 
жұмыс жасау. Оларға: кеңес беру сабағы, телекөпір сабағы, 
конференция  сабағы,  саяхат  сабағы,  т.б.  сабақ  түрлері 
жатады.
Б. Оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес әр сабақта 
көңіл күй жаттығуларын қолдану. Сондай-ақ үлгерімі нашар 
оқушыларға да көңіл бөлу. 
Өз тәжірибем бойынша, ең дұрысы, дәстүрлі емес сабақ 
түрлері  мен  әдіс-тәсілдері  болып  табылады.  Олар  көбіне 
іс-әрекетке байланысты, яғни,  оқушылар сабаққа белсенді 
түрде қатысады, оқу материалын тез, оңай игеріп алады, ең 
бастысы – білгендерін еркін қолдана алады.
Дәстүрлі емес сабақ түрі мен оның жекелеген кезеңдері 
іс-әрекет  барысында  қалай  көрінеді?  Мұғалім  мен 
оқушылардың уақыты тығыз болғандықтан, оқу үдерісінің 
әр сәті алынған тақырыпқа, сыныпқа, тіпті, мұғалімнің өзіне 
ыңғайлы, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдауды талап етеді. 
Оқушылардың  ауызекі  сөйлеу  тілін  дамытатын  тиімді 
әдіс-тәсілдің  бір  түрі  –  топтық  жұмыс  болып  табылады.  
Яғни,  олардың  шығармашылық  белсенділіктері  мен  тілдік 
машықтануын  едәуір  дамытады.  Топпен  жұмыс  істеу 
үшін  жаттығулар,  оқулықтағы  мәтіндер  немесе  сөйлесу 
әрекетіне  қатысты  өзім  құрастырған  мәтіндер  қажет.  Ең 
алдымен, міндетті түрде берілген жағдаятпен қысқаша түрде 

143
   
   
 
оқушыларды таныстыру керек.  
Сондай-ақ,  өз  тәжірибемнен  білгенім,  оқушылардың 
өздері  жасаған  көрнекі  құралдардың  да  пайдасы  өте  зор. 
Өйткені  ол  ауызекі  сөйлеу  тіліне  кәдімгідей  тірек  болады. 
Өздері  жасаған  көрнекі  құралдар  көзге  анық  көрінетіндей 
ашық  түсті,  мәтіннің  мазмұнына  сай  жасалады.  Бұл  оқу 
әдісі өте тиімді және ыңғайлы. Мұндай әдіс-тәсіл сабақты 
жандандырып,  әр  оқушының  белсенділігіне  ықпал  етеді. 
Мысалы,  бастауыш  сыныптарда  «Қане,  табайық!»  атты 
ойынды  ұйымдастыруға  болады.  Сабақ  барысында 
оқушылардың  тапсырманы  орындауға  деген  құлшынысы 
артады. Бір жағынан алғанда, бұл рөлдік ойынға да ұқсайды. 
Сол  себепті,  мұғалім  балалардың  ауызекі  сөйлеу  тілін 
белсенді  түрде  дамыта  отырып,  шығармашылыққа  баулу 
мақсатында балалармен бірге өзара қарым-қатынасқа түсіп, 
олармен  бірге  жүріп,  әрқайсысының  жан-дүниесін  түсіне 
білуі қажет. Сонда ғана сабақ өз дәрежесінде жақсы өтеді. 
Мен  өз  сабағымда  балалар  қуанса  –  қуанамын,  жаңа 
бір  нәрсеге  таң  қалса  –  мен  де  таң  қаламын.  Сабақта  біз 
–  біртұтаспыз,  яғни,  қызығушылықпен,  бар  ынтамызбен 
алдымыздағы  тапсырмаларды  шешуге  тырысамыз.  Ол 
тапсырмаларды  шешу  де  дәстүрлі  түрде  емес,  өйткені  біз 
өзіміз кейбір авторлардың еңбектерінен тапсырмаларымызға 
ең  негізгісін,  ең  қызықтысын  алып  енгіземіз.  Мысалы, 
тапсырманың орындалу шартын өзгертеміз.
Осылайша  оқулықтағы  негізгі  материалды  игеру 
барысында біздің жаттығуымыз, тапсырмаларымыз топпен, 
жұппен немесе ұжыммен істейтін  рөлдік ойынға айналып 
кетеді. Сабақта осы әдіс-тәсілді жиі қолданамын. Бірақ бір 
әдісті  ұзақ  уақыт  қолдану  мүмкін  емес,  өйткені  балалар 
тез  жалығып  кетеді.  Сондықтан  да  әр  кезде  әр  түрлі  әдіс-
тәсілдерді қолданған жөн.  

144
Бас редакторы - Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –
Казахский язык и литература в русской школе”  –
ай сайын шығатын республикалық 
ғылыми-педагогикалық жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: 
“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
    Жауапты редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.  
    Корректоры - Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.
    Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы
ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 
қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.
Басуға 24.08.2011ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68. 
Таралымы – 1511. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 
Гайдар көшесі, 123-үй.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 
бөлімдер.........................256-06-46.
Факс................................256-13-41.   
Электрондық пошта: 
КazUlagat@mail.ru
Басылатын жері – «Хай Текнолоджи» полиграфиялық 
кешені. Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 43. 
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ
 ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ
 ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”
© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -
Казахский язык и литература в русской школе»,
 №8, 2011 ж., 144 бет, Алматы.


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал